Скачать 2.31 Mb.
|
«Зайсан аудандық білім бөлімі» ММ 2011-2015 жылға арналған Стратегиялық жоспары. I бөлім. Мазмұны және іске асырылуы. Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік саясатты білім саласында жүзеге асыру. Видение – нәтижелі білім беру жүйесін жасау сапалы білім беру үшін, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті және интеллектуалды тұлға қалыптастыру. 2. Бөлім. Білім берудің даму тенденциясы және қазіргі жағдайының талдамасы. Зайсан ауданының білім беру жүйесі 2010 жылдың №1016 14 қаңтарында Зайсан аудандық маслихат шешімінде бекітілген 2005-2010 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беруді дамыту Бағдарламасы негізінде жүзеге асқан. 2.1. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру. 2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мекемелері 14 топқа өсіп, 28 мекеме болды, соның ішінде 2 жеке меншік, 2 –жергілікті атқарушы органдар ашып берген, 1 ведомстволық бала – бақша және 23 мектеп негізіндегі миниорталықтар. Тұрғындардың мектеп алды даярлыққа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін 2010 жылы жұмыс істеп тұрған мини- орталықтар негізінде 10 топ ашылды, яғни, 1 топ бұрыннан жұмыс істеп тұрған, №1 «Еңілік» бала -бақшасында, 3 топ жаңадан Қаратал және Сартерек ауылында «Азамат», «Айгөлек» ашылған жеке меншік бала бақада ашылып жалпы саны 28-ге жетті. ![]() 6 жасқа дейінгі балаларды мектепалды даярлықпен қамту 63-ға жетті, ол 2009 жылға қарағанда 149,5 %135,5%-ға көп. Балаларды мектепалды даярлықпен қамту қалалық жерде 13,2%, ауылдық жерде - 50,8%-ді құрады. Облыста мектепалды даярлықпен 100% (553 бала). 37 сыныпта, 27 жалпыға білім беру мектептерінде қамтылған. Сонымен қатар, 2005 жылдан бері баланың туу тенденциясы байқалып, 2010 жылы кезекке тұруға тура пропорционалды болып жүр. 2010 жылы басында бала бақшаға кезекке тұрған балалар саны 601-ді құраса, 2010 ж. аяғына тақау ол 281 орын болды. (2009ж. қаңтарында бұл көрсепткіш 409 орынды құраған). Негізгі мәселенің талдамасы. Мектепалды даярлыққа қол жеткізу қамтамасыз етілмеген. Бала туудың өсуі балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз етуі шарт. Қалалық жерде мектепалды даярлықпен 189 баланы қамту керек немесе 2 бала бақша ашу қажет. Ауылдық жерлерде қосымша 92 баланы қамту керек немесе қосымша жұмыс істеп тұрған мини-орталықтан топтар ашу қажет. 2.2. Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беру мектептердің өзгеру динамикасы және контингенті.
Соңғы жылдарда (1994-2000 жылдар) ауылдық жерлерден кетуге байланысты, әсіресе 17 жас пен 40 жас аралықтардағы тұрғындар арасында байқалған демографиялық тенденция, аз жабдықталған мектептердің жыл сайын өсуіне әкеп соқты. Қазіргі кезде ауданда ауылдық мектептердің саны 23 бірлік, (79%), оның ішінде аз жабдықталғаны 19 (78,3%). Жалпыға білім беру мектептерде контингенттің азаюы 1 бастауыш мектептің жабылуына әкеп соқты, 1 орта мектеп негізгі мектеп болып өзгертілді. Ауданда 14 ауылдық аймақта (146 мектеп жасындағы балалар тұрады) мектеп жоқ, 2 ауылда мектеп жасындағы бала мүлдем жоқ, 12 ауылдық аймақтағы бала саны Үкімет қаулысына сәйкес ҚР 12 желтоқсан 2007 жылғы №1256 «Білім мекемелерінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативті бекіту» Ауыл аймақтарды оқумен қамту үшін, мектеп жоқ ауылдардағы 60 оқушыны 2 ауылдан 2 мектепке тасымалдайды. Тасымалдау үшін 2 автобус қолданылып жүр, олар мектептің 2 автобус қолданылып жүр, олар мектептің меншігінде (2009 жыл 1 автобус алынды). ҚР білім сапасының басты көрсеткішінің 2010 жылғы мектеп бітірушілердің білімі, 2009 жылға қарағанда едәуір жақсы екенін көрсетті. ҰБТ ның қорытындысы бойынша орта балл 85,2 құраса, былтырғыға қарағанда 13,1 балға жоғары (2009 жыл орта бал-72,1). 2009-2010 оқу жылында аудан мектептерінің 70 оқушысы 6 облыстық, 3 республикалық олимпиадаларға басқа жарыстар мен конкурстарға қатысты. Соның 30-ы орын алды. (1 орын – 6, 2 орын – 9, 3 орын – 15 оқушы). Республикалық-интеллектуалдық олимпиадаға қатысқан 28 оқушының 1-2 орын, 2-3 орынды иеленсе, құрамында 24 оқушысы бар «Жалында» ансамблі «Айгөлек» теле жобасында «Үміт» номинациясына ие болды. Жалпы білім беретін 29 мектептің 3-і бейімделген ғимараттарда отыр. Оқушылардың сапалы білім алу мақсатында жаңа мектептер салынуда. 2011-2012 жылдарда Зайсан қаласында 600 орындық мектеп-интернат салынады деп жоспарланған. «Жол картасы» жобасымен 2010 жылы 4 мектеп мекемесі 49465, 0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Жалпы білім беретін мектептердің кабинеттерін жаңа үлгімен жабдықтау (химия, биология, физика, лингофонды-мультимедиялық кабинет) 40 % құрайды. Аудандағы барлық мектептер компьютермен жабдықталған. Жалпы білім беретін мектептердің компьютерленуі 2009 жылы 1 компьютерге 12,6 оқушыны құрады (2009 жыл 12). Кең көлемді интернет желісіне мектептің 16,6 % қосылған. Аудандық мектеп аралық ақпарат беру жүйелері жұмысын бастады. Білім сапасын көтеру мақсатында 2009-2010 оқу жылынан бастап пилоттық жоба шеңберінде оқу процесіне электорнды оқулықтар енгізілді. Аудандық мектептерде 842 педагог қызметкерлер жұмыс істейді, оның 665-і немесе 78,9 % әйел қауымы. Соның ішінде ауылдық аймақтарда – 58,9 %. Жалақымен тартымдылықтың аздығынан жас мамандардың мектепке деген қызығушылығы жоқтың қасы. Білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысы оқушылардың әлеуметтік құқықтарына, жас таланттарды қолдауға, салаутты өмір салтына бейімделген. Осы салада 2010 жылы 13 даталы күндерге байланысты мерекелік шаралар ұйымдастырылды, олар: Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығы, Астана күні, Абайдың 165 жылдығы, Достық газетінің 80 жылдығына арналды. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі Қазақстанлдық патриотизмге, азаматтыққа, толеранттылыққа бейімделген. Жастардың патриоттық рухын қалыптастыруда, экологиялық даму қабілетін дамытуда, эстетикалық тәрбие, салаутты өмір салтын қалыптасыруда жұмыс жоғары деңгейде жүргізілуде. Қосымша білімнің жоғына қарамастан, балалар үнемі көптеген конкурстарда жүлделі орындар иеленуде, соның ішінде Халықаралық деңгейде. Жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдерді демалыспен, денсаулығын шынықтыру және еңбекпен жоғары деңгейде қамту (78% ). Жастарға арналған БРЭНД шараларын үнемі өткізу. Білім беру ұйымдарында гендерлік теңдік бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Негізгі мәселелерін сараптау. Білім сапасын арттыру мақсатында білім мазмұнын жаңалау қажет. Мектеп ғимараттары және материалдық-техникалық жағдай қазіргі талаптарға сай келмейді. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде аз комплектілі мектептердің өсу жағдайында оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиясын енгізу қажет. 2015 жылғы орта білім беретін мектептердегі барлық оқушыларды жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен қамтамасыз ету керек. Педагог кадрлардың жасының ұлғаюы байқалуда - әр бір 5 педагог 45 жастан асқан. Жан басына шаққанда қаржыландыру нормативінің жоқтығы білім беру ұйымдарында бюджеттің тең бөлінбеуіне әкеледі. Жастар саясатын жүргізудегі жетілдірілмеген мақсатты топтардың инфоқұрылымы толық қамтылмауда. Аймақтық деңгейде өткізу әдісінің жетілдірілмеуі, қорытынды жетістіктерін бағалауда тиімді жүйенің жоқ болуы. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс динамикасы оң болғанымен, оған бөлінген салмақ осы жылы 0,01% құрады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы мінез-құлықтың аутодеструктивті мінез-құлықты айқындау (2010 жылдың 11 айында – 1, 2009 жыл – 1 өзіне-өзі қолжұмсаумен аяқталды). Сыртқы және ішкі факторларға негізгі баға. Сыртқы факторлар: Демографиялық және миграциялық процестердің ықпалы; Ауданда ақпараттық-коммуникативтік желінің дамуының жетіспеушілігі; Халықтың шоғырлануының аздығы және аз жабдықталған мектептердің өсуі. Ішкі факторлар: Бала туылуының өсуі және зерттеулер көрсеткендей мектептердің жүктемелерінің өсуі; Мектептердің материалды-техникалық базаларының нашарлығы және қосымша білімді ұйымдастыру; ШҚМ мектептердегі мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі; Электрондық контентті жетілдіру және енгізу үшін педагог кадрлардың дайындығы нашар. 2.3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен дамыту. ҚР Білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2005-2010 ж коррекциялық кабинеттері мен білімді дамыту және ООН балаларды қорғау Конвенциясына сәйкес ҚР заңы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және дәрігерлік –педагогикалық қолдау» (№343 –ПҚРЗ, 11 шілде 2002 ж). Зайсан ауданы бойынша 2004 ж қаңтарда психология-педагогикалық коррециялық кабинет құрылды. ППКК-ң негізгі мақсаты жасөспірімдер мен балалардың сөйлеу қабілеті нашар, ой-өрісі, көру, есту, тірек-қимыл аппараты, оқу-үлгерімі, қарым-қатынас, мінез-құлқын қалыпқа келтіру үшін педагоика-спихологиялық көмек педгогика-писхологиялық коррекция арқылы жүзеге асыру. ППК кабинеті мамандандырылған білім мекемелерінің жұмысын қайталамайды, ол ең алдымен қандай да бір себептермен басқа коррекиялық мекемелерден коррекциялық көмек ала-алмаған балаларға коррекциялық көмек көрсетеді. Бұл кабинетте педагогикалық, медициналық, психологиялық көмек кешенді түрде көрсетіледі. 2005 жылы коррекциялық кабинет облыстық қаржыландыруға ауыстырылды. Техникалық және компенсаторлық қаржымен қамтамасыз ету жоспарын жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 13 мамыр 2008 ж №443 бабын бойынша 1962 мың теңге бөлінді, бұл ақша жұмысшылардың жалақысын төлеуге, кабинетті жабдықтауға, жиһаз алуға, кеңсе және шаруашылық, спорттық және техникалық тауарлар алуға жұмсалды. Алматыдағы САТР орталығынан әдістемелік құралдар алынды. Жұмыс үшін 2 компьютер алынды, балалар үшін телевизор, видеомагнитафонмен тренажор, 2 касеталы магнитафон және емдеу-денешынықтыру сабағына спортты құрал-жабдықтар алынды, барлық кабинеттер жаңа жиһаздармен жабдықталды. Кабинеттің материалдық-техникалық жағдайы орташа дәрежеде, ең бірінші мәселе ғимарат мәселесі, сонымен қатар коррециялық жұмыстар үшін жабдықтар алынған, бірақ қаржының жетіспеушілігінен аз мөлшерде алынды, мүмкіндігі шеутеулі балалармен жұмыс істеуге керекті әдістемелік құралдар жоқ (әртүрлі деңгейдегі), әдістемелік және дидактикалық құралдардың жетіспеушілігі орын алады, балаларға кітаптар, тіреу-қимыл аппараттары бұзылған балалармен жұмыс үшін қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы, негізгі себеп құрал-жабдықтардың қымбаттығы. Негізгі коррекциялық кабинеттердің жағдайы жаман емес, аз болса да арнайы тренажерлар алынды, балаллармен жұмыс үшін құрал-жабдықтар, медициналық білімі бар мамандар, кестеге байланысты емдік-денешынықтырулар өткізіледі, коррекциялық кабинет көмекпен барлық деңгейдегі балалар қамтылады, мамандардың жұмыс істеуі үшін жағдай жасалған. Кабинеттер керекті құрал-жабдықтармен жабдықталған, тексеруші мекемелер мен байланыс оңалған, мемлекеттік мекеме ретінде тіркеу жұмыстары жүргізілді. Кабинет заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті, өзінің куәлігі, мөрі, банктік гегі бар. Коррекциялық жұмыспен қатар мамандар кеңес береді, жиналыстар, спорттық жарыстар өткізеді. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру ұйымымен, мүгедектер қоғамымен, бірігіп мерекелік шаралар өткізеді. 31 бала жеке бағдарламамен үйден оқиды. Психофизиологиялық ұғымының бұзылуына байланысты және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай 3 нұсқа бойынша оқиды, ол дегеніміз арнайы оқу бағдарламасымен кітаптарды пайдалану керектігін көрсетеді, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуында танымдық дамуының деңгейіне бағытталған. Негізгі мәселелердің нәтижесі. Аудандағы ахуал дамуының бұзылуын кешенді зерттеу, ерте жүйелі коррециялық-педагогикалық қолдау көрсетуге тек мүмкіндігі шектеулі әр үшінші бала ғана енгізіледі. Мектепке дейінгі білім алу барлық бабаларды бірдей қамтамасыз ете алмайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке дейінгі білім алуы тек 34,7% (ол дені сау балалардың 51% құрайды). Мемлекеттік тілде оқытатын коррециялық білім ошағы жоқ. Негізгі сыртқы және ішкі факторларға баға: Сыртқы факторы: мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың сапалы білім алулары үшін жұмыс заңды түрде жолға қойылмаған; халыққа жеткізілуінің нашарлығынан инклюзивті білім нашар енгізілуде. Ішкі факторлар: мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан кешенді коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арнайы мекемелер жетіспейді; арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталмаған; көзі көрмейтін балаларға арналған қазақстандық қазақ және орыс тілдеріндегі бедерлі-нүктелі әріпті оқулықтар жоқ; мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу мекемелеріне кедергісіз баруларына мүмкіндіктер толық жасалмаған; 3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, тапсырмалар, жаңа индикаторлар, шаралар және қорытындылардың көрсеткіштері. 3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, тапсырмалар, жаңа индикаторлар, шаралар және қорытындылардың көрсеткіштері. Стратегиялық бағыттар. 1.Сапалы және қолжетімді білімді қамтамасыз ету. Мақсаты: 1.1. Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және оқудың бюджеттік бағдарламасының коды, осы мақсатқа жетуге бағытталған-001,009.
Мақсат 1.2. Мектеп білімінің жақсы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін бюджеттік бағдарламаларыдың кодтары -001, 003, 004, 005, 006.
|
![]() | «Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Зайсан ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мм 2011–2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары | ![]() | «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған |
![]() | «Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары «Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған | ![]() | «Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени... |
![]() | Зайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды... | ![]() | «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері |
![]() | Аягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары | ![]() | Қазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы... |
![]() | «Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары Мазмұны Мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі | ![]() | 2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы |