Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі




Скачать 328.1 Kb.
НазваниеЖумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер328.1 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/zhumaeva.doc
  1   2


ӘОЖ 004:37.016:802.0 Қолжазба құқығында


ЖУМАЕВА эЛЬМИРА сЕРАШОВНА


Ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды

пайдаланудың тиімділігі


6M011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша

педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

«Роман-герман тілдер» кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының докторы,

профессор Е.Н. Нұрахметов


Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент С.Т.Нышанова


Диссертацияны қорғау «___»____________20__ж. сағат____Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан, 40, №1 оқу ғимараты, филология факультеті) өтеді.


Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Соңғы онжылдықта ақпараттық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа ақпараттық технологиялар болып табылады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың ақпараттық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында [1], Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында [2], Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында [3] ерекше атап көрсетілген.

Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және ақпараттық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше ақпараттық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналуға тиісті. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.

Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану мәселесі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылған.

Мысалы, ақпараттық технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың психологиялық негіздері В.В. Давыдов, Е.И. Машбиц еңбектерінде қарастырылған. Ақпарат құралдарын қолданудың жалпы педагогикалық негіздері С.И. Архангельский, В.П. Беспалько, Н.Д. Хмель, В.М. Монахов, Г.В. Габай, В.В. Давыдов, В.Я. Ляудис, В.В. Рубцовтардың т.б. ғалымдардың еңбектерінде жүйеленген.

Сонымен қатар ақпараттық білім берудің қажеттілігі, оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану қажеттілігіне Б.С. Гершунский, М.С. Малибекова, С.Б. Нұрмағамбетов, т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде назар аударылған.

Диссертациялық жұмыста ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін анықтау мәселесі қарастырылған. Ал, шетел тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері О.М. Астраханкина, Н.А. Ахметова, М.Ю. Ухаркина, И.Н. Галыцина, В.П. Демкина, Е.И. Дмитриева, Ю.В. Иловайская, Т.В. Карамышева, Н.М. Коптюг, А.Л. Назаренко, Е.С. Полат, Н.В. Сокольская, т.б. зерттеушілердің ғылыми зерттеулерінде қарастырылған.

Алайда, бүгінгі күнге дейін ақпараттану үдерісінің орта білім берудің мақсаты мен мазмұнының өзгеруіне әсері оқу орындарында жанамалы түрде жүріп жатқандығы сезіледі. Жаңа заман педагогтары нақты бір пәнді оқытудың мазмұны мен мақсатына толығымен сәйкес келетін және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін технологияларды сауатты таңдай отырып, пайдалана білу талабы қойылып отыр. Сонымен, ақпараттық технологиялардың оқу үдерісіне ену мәселесінің (оның ішінде ағылшын тілін оқытуда) маңыздылығы және оларды ауыл мектебі жағдайында тиімді пайдалану мәселесінің әлі де болса жеткілікті дәрежеде өңделмеуі себепті бізге зерттеу жұмысымыздың мәселесін айқындауға және тақырыпты «Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігі» деп тандауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үдерісі.

Зерттеудің пәні. жаңа ақпараттық технологиялар оқытудың уәждемелігін қалыптастыру құралы ретінде.

Зерттеудің мақсаты: ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.

2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.

  1. Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге  үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.

  2. Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда тиімді пайдаланса, онда ол оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, шет тілінің жасанды ортасын құра отырып, олардың білімі мен мәдениетін жетілдіруге, оқуға тұрақты уәждемелігін қалыптастыруға, қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін және білім беру сапасын арттыруына мүмкіндік береді.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; оқу-әдістемелік құжаттарды (шетел тілі пәні мұғалімін даярлаудағы оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын) талдау; мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты мамандарымен және осы оқу-тәрбие мекемесінің студенттерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау; оқу үдерісінің мақсатына сай тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу, оның нәтижесін математикалық талдау арқылы өндеу және қорытындылау.

Зерттеудің көздері. Білім беру саласындағы ресми материалдар мен құжаттар, зерттеу проблемасы бойынша педагог, психолог ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы; Жаңа шет тілдік білім беру тұжырымдамасына басқа да білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар, оқу әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқу құралдары және т.б.); жеке ғалымдар диссертациялары.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

  1. Жалпы білім беретін орта мектептердің ағылшын тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақыттарда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды.

  2. Оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың дидактикалық – әдістемелік шарттары белгіленді.

3. Білім беру үдерісінің  сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың жаңа нұсқаларын жасау.

4. Жалпы білім беретін орта мектептерде ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәні. Аталған мәселе бойынша педагогикалық тәжірибе талданып, жинақталды; ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технология құралдарының көмегімен жасалған бейнефильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық презентациялар мен интернет желісі сөйлеуге үйрету үдерісінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді.

Зерттеудің жетекші идеясы ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды жүйелі пайдалану арқылы жасанды тілдік орта құру оқушылардың тіл меңгеру қабілеттілігін, оқуға тұрақты қызығушылығын арттырады.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылындағы № 143 орта мектепте жүргізілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар.

1. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық тұрғыда негіздеу жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің қажеттілігін арттырып, сөйлесу қарым-қатынасын байытуға септігін тигізеді.

2. Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемелік негізі оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылықтарын арттыруға, жасанды тілдік ортаны құрып, пәнге тұрақты уәждемелігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

3. Жалпы білім беретін орта мектепте ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері мен ұсыныстары ағылшын тілін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі. Диссертациялық жұмыстың теориялық, ғылыми-әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, зерттеу әдістерінің кешенді қолданылуымен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелерді өндеу және олардың тиімділігін тексеріп, пайдалану қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және диссертациялық тақырып бойынша университет тарапынан ұйымдастырылған «Студенттердің және жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсы», «Студенттердің ғылыми-инновациялық шығармашылығы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» атты ғылыми конференциясында баяндама ретінде тыңдалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: өзектілігі, мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, әдістері, зерттеудің ғылыми болжамы көрсетіліп, диссертацияның практикалық мәнділігі, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалды.

«Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда қазіргі білім беру саласындағы жаңа педагогикалық технологиялар түсінігі, анықтамасы, олардың оқу үдерісіндегі маңызы, ерекшеліктері мен артықшылықтары, сонымен қатар жаңа ақпараттық технологиялардың оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырудағы педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану мәселелері қарастырылды.

«Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемелік жүйесі» атты екінші тарауда зерттеу жұмысының тақырыбына сәйкес жаңа ақпараттық технологиялар негізіндегі оқыту әдістемелері берілді, ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін зерттеу мәселесінің мақсаты, міндеттері, мазмұны мен шарттарын тәжірибеден өткізу мақсатында оқушылармен педагогикалық эксперимент жұмыстары жүргізілді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақтар, сабақтан тыс жұмыстар өткізу, сабақ барысында интерактивті оқыту әдістері, компьютерлік оқыту бағдарламалары, мультимедиалық презентациялардың мүмкіндіктері мен әдістемелері сарапқа салынды; тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері көрсетілді.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері талданып тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі, мәселенің болашақта зерттелу бағыттары көрсетіледі.

Қосымшаларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ұйымдастырылған ағылшын тілі сабағының тиімділігін анықтау мақсатындағы сауалнамалар, тапсырмалар, нұсқаулар ұсынылады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Бірінші тарау «Оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері» деп аталады.

ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамыту жолындағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның жедел ақпараттану үдерісі мен қарқынды дамуы білім беру саласына қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру үрдісіндегі үйренушілердің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан өз дамуында жаңа серпілістер жасауды қажет етеді, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп ерекше атап көрсетті [4].

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Осы ретте зерттеу тақырыбымызға байланысты біріншіден педагогикалық технология ұғымына анықтама бере кетелік. Қазіргі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық технология ұғымы кеңінен қолданылып жүр. Дегенмен, оның мағынасы туралы алуан түрлі пікірлер бар. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде: «Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы» деген анықтама берілген.

М.В.Клариннің анықтамасы бойынша: «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі».

Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастыру барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Педагогикалық технология – алға қойылған дидактикалық мақсатқа қол жеткізу үдерісіндегі оқытушы мен оқушының біріккен өзара әрекеттерінің мақсаттылық және бірізділік сипаттамасы. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық технологиялар қазіргі түсінік бойынша, оқытудың жете өңделген әдістері мен ұйымдастыру формалары болып табылады.

Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді [5].

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:

  • ойын арқылы оқыту технологиясы;

  • проблемалық оқыту технологиясы;

  • деңгейлеп саралап оқыту;

  • оқытудың компьютерлік технологиясы;

  • дамыта оқыту технологиясы;

  • модульдік оқыту.

Оқытудың жаңа технологияларының мақсаты – оқытуды ізгілендіру, яғни

оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алуында.

Зерттеу жұмысының тірек ұғымы «ақпараттық технология» ұғымы. Осы орайда О.С. Степанова [6] өзінің зерттеу жұмысында «Ақпараттық технология» ұғымы ақпараттарды өңдеу, ұйымдастыру-басқарушылық концепция, түрлі ақпараттық техникалардың жиынтығы деп қарастырса, осы мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында зерттеушілер «ақпараттық технология» ұғымын әр түрлі мазмұнда қарастыратынына көз жеткізуге болады. Ж.А. Қараевтың берген анықтамасында «Оқытудың ақпараттық технологиялары» - оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту және оқу танымдық іс-әрекеттерді белсенді ету, оқу мерзімін барынша қысқарту, сондай-ақ оқу пәнін терең түсінуде жетістіктерге жету секілді дидактикалық нәтижелердің жаңа түрлеріне жетуге бағытталған, оқыту үдерісінде компьютерлер мен аудиовизуалды құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалануды көрсетеді.

Көптеген зерттеушілер оқушының компьютермен жұмыс істей отырып, сұрақтың мәніне тереңінен үңіліп, пәнге деген қызығушылығының артуына, оқу және техникалық әдебиеттермен белсенді жұмыс істеуге дағдыландырады деп түйіндеген. Компьютер оқушыны ұқыптылыққа, нақтылыққа, қойылған мәселеге назар аудара білуге үйретеді. Графикалық құралдар, музыкалық үзінділер оқушының шаршағанын басып, оның әуестігінің дамуын қамтамасыз етеді. Компьютермен жұмыс істеу оқушының өз іс-әрекетін жоспарлай білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Шетел тілін оқытуда мультимедиалық, гипермәтіндік, желілік және коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мәтіндік құжаттарға, графикалық суреттер, дыбыс және бейне көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді. Мұның барлығы өз кезегінде оқыту уәждемелігінің, тілдік құралдарды меңгеру жылдамдығының жоғарылауына мүмкіндік туғызады. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедианың ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады [7]:

  • оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу

мүмкіндігіне ие болған оқушыларға тілді үйренуде табиғи ортаны құру;

  • әр түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін (тыңдау,

сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері;

  • ақпараттың қолжетімділігі, яғни аз ғана уақыт ішінде бір оқу ақпаратынан

келесісіне өту мүмкіндігінің болуы, себебі бағдарламамен жұмыс жасау барысында оқушылар өткен материалдар және тапсырмаларды еске түсірмеуі мүмкін емес;

  • берілген тапсырмаға берілетін уақыт және мазмұн кеңістігінің шексіздігі:

оқушылар тапсырма орындау қарқынын таңдап алады, яғни орындау барысында олар кез-келген анықтамалық ақпаратты пайдалануға мысалы, қажетті лексиканы немесе дыбысталудың бағытын дұрыстау секілді әрекеттерге мүмкіндік алу.

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ағылшын тілін коммуникативті оқытудың негізгі қағидаларына мыналар жатады [7]:

  • сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлеріне баса назар аудару;

  • грамматиканы оқыту кезінде визуалдық құралдарыда пайдалану;

  • дайын жобаларды емес, оқушылардың өз шығармашылық жобаларын

немесе мәтіндерін пайдалануға назар қою;

  • бағалаудың дәстүрлі жүйесін жою (дұрыс/дұрыс емес), жауаптың бірнеше

нұсқалы болу мүмкіндігі;

  • оқыту үдерісінде шет тілінің көп мөлшерде қолданылуы;

  • өзара әрекеттестік: оқушы – компьютер, оқушы – оқушы.

Оқыту үдерісінде оқушылардың ойлау іс-әркеттерінің белсенділігін көтеру,

оқытудың әдіс-тәсілдерінің формаларын жаңарту, дағды мен іскерлікті қалыптастыру ақпараттық технологияны пайдалану барысында ерекше назар аударылатын мәселелер болып табылады.

Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада ағылшын тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, ағылшын тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғаруға болады. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету құралдары, дизайн, көркемдік және бейнелік, т.б шешімдердің үйлесім табуы ағылшын тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушылардың барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілеттерін арттырып, бейнелік қабылдауын, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдау және тануына негіз болатындығын байқауға болады. Мультимедиа оқушылардың берілген ақпаратты қабылдау кезіндегі көру және есту бейнелерін өзара үйлестіріп, салыстырмалы мәнерлігін құрайды.

Диссертацияның екінші тарауы «Ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемелік жүйесі» деп аталады.

Жоғарыда айтылған теориялық материалды негізге алып, зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттеріне сәйкес Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылы, №143 орта мектептің 5-сыныптарында тәжірибелік эксперимент жұмысын жүргіздік. Педагогикалық эксперимент жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді. Олар: айқындау, қалыптастыру, қорытынды кезеңдері. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысындағы оқушылар саны 29 адамды құрады. Оның ішінде эксперименттік топта 15, бақылау тобына 14 оқушы қатысты. Айқындау кезеңінің басында жаңа ақпараттық технологиялардың оқу үдерісінде пайдаланылу аясын анықтау мақсатында оқушылар және мұғалімдерден сауалнамалар алынды.

Алынған сауалнамалардың нәтижесі бойынша, мынадай қорытынды жасалды: оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс жасау сауаттылығы орта деңгейде, өзіне қажетті ақпарат түрлерін таңдай алмайтын, оқу үдерісінде орындалатын тапсырмалардың мақсатын жете түсінбейтін, тек оқудың жеңіл түрлеріне ғана жүгініп, оқытушының нұсқауымен берілетін тапсырмалармен шектелетіндігін және оқушылардың білім,білік, дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктердің бірі өзіндік жұмыс жасау қабілеттерінің төмендігін байқатты. Айқындау эксперименті кезеңінде жүргізілген зерттеулердің қорытындысы мынадай болды: оқушылардың 52%-ның оқуға қызығушылығы төмен, 46% өз пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған, 39% өз білімін іс жүзінде пайдалана алмайды, 48%-ы жеңіл тақырыптарға сөйлей алмайды, ал 50% ақпараттық технология құралы – компьютермен жұмыс жасау қабілеті жоқ.

Кесте 2

Айқындау кезеңіндегі оқушылардың білім деңгейлері



Мектебі



Оқушылар саны


Эксперименттік сынып


Жоғары деңгей


Орта деңгей

Төменгі деңгей


Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылы, №143 орта мектебі, 5-сыныптар


15

4

32%

7

36%

4

32%



14


Бақылау сыныбы


4

30%

5

34%

5

36%


Айқындау эксперименті кезінде 5-сынып оқушыларының білім деңгейлері және оған әсер ететін негізгі факторларды анықтадық. Эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейлерінің төменгі дәрежесі 32%, орташа деңгейі 36%, ал төменгі деңгей 32% , ал бақылау сыныбының көрсеткіштері жоғары деңгей 30%, орта деңгей 34%, ал төменгі деңгейдегі оқушылар 36% құрайтындығы анықталды.

Эксперименттік зерттеу жұмыстарының негізіне мынадай болжам жасалынды: егер ағылшын тілін оқыту үдерісінде ақпараттық технология құралдары пайдаланылса, мына мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады:

  • оқушылардың коммуникативті қабілеттілігінің артуына;

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен тұрақты

мотивациясының қалыптасуына;

  • сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауға.

Содан кейінгі кезеңдерде эксперименттік топ оқушыларына барлық сабақтар жаңа ақпараттық технология құралдары болып табылатын мультимедиалық презентациялар, электронды оқулықтар, интерактивті тақтаны және интернет желісін пайдалану арқылы жүргізілді.

Жоғарыда келтірілген зерттеулер нәтижесі ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың тәсілдерін, формаларын, нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді. Осыған байланысты шығармашылық сипаттағы сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізілді. Оқушыларға өз бетімен компьютерлік технология көмегімен орындауға арналған ағылшын тіліндегі тілдік әрекеттерді (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау) дамытатын тапсырмалар мен өзін-өзі бақылау және бағалауға арналған бағдарламалық құралдар пайдаланылды. Айта кетерлік бір жағдай, ағылшын тілі сабағында ғана емес, жалпы оқу үдерісінде ақпараттық технология құралдарының мүмкіндігін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушылармен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылармен де жұмыс жүргізу олардың белсенділіктерін оятуға мүмкіндік береді. Бұл ретте оқушылардың белсенділігін дамытудың қажетті шарты – оқу үдерісін дараландыру.

Аталған барлық бағыттарды зерттеу негізінде оқушылардың мынадай дағдылары талданды:

  • оқу құралымен жұмыс жасау;

  • ақпараттық оқыту құралдарымен сауатты жұмыс жасау;

  • түрлі анықтамалық әдебиеттерден ақпарат ала білу;

  • жаңа ақпараттық оқыту құралдарын пайдалану арқылы

өз білімдерін тереңдету.

Эксперимент жұмысының нәтижесі бойынша эскперименттен кейінгі көрсеткіштерді де үш деңгейге бөлдік. Төменгі деңгейдегі оқушылардың ақпараттық технология құралдарын пайдалануға қызығушылығы төмен, дайын ақпаратты ғана қабылдайды, оны түрлендіріп, өз әрекетіне сәйкес қолдану дағдысы жоқ. Оқушы өз игерген білімін практикада қолдана алмайды, тек оқудың жеңіл түрлерін ғана меңгеруге қабілетті. Орта деңгейде оқушы өз қажеттілігіне қарай ақпараттық технология түрлерін қолдана алады, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, керекті ақпаратты іздеп табуға, оны оқу үдерісінде тиімді пайдалана алуға қабілетті. Ал жоғарғы деңгейге ие болған оқушы қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Олар әр түрлі тапсырмаларды орындауда, теориялық материалды игеру кезінде белсенділік пен ынталылық танытады. Бұл деңгейдегі оқушылардың жеке қабілеті жоғары, ақпараттық технология арқылы керек мәліметті тауып, өңдеп, оларды өз шығармашылық деңгейіне сәйкес құрастырып, оны ағылшын тілін үйренуде қолдана алады.

Мектептегі экспериментке алынған 5-сынып оқушыларының жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы тиімділігін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде мынадай болды.

Кесте 3

Қалыптастыру экспериментінің салыстырмалы көрсеткіштері



Мектебі



Оқушылар саны


Эксперименттік сынып


Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төменгі деңгей

Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетов ауылы, №143 орта мектебі

5 «а, б» сыныптары


15


38%

6


44%

7


18%

2


14

Бақылау сыныбы


32%

4

36%

6

32%

4



Кестеден байқағанымыздай, эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейлерінің төменгі дәрежесі 18%, орташа дәрежесі 44%, ал жоғарғысы 38% көрсеткішке өзгерген, ал дәстүрлі оқыту әдісерімен жүргізілген бақылау сынып оқушыларының төменгі дәрежесі 32%, орта деңгей 36% ал жоғарғы деңгейі 32%-ді құрады.

Осы көрсеткіштерді салыстыра келе, ағылшын тілін оқыту үдерісінде жүйелі түрде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы төмен деңгейдегі оқушылар санын біршама азайтып, олардың заман талабына сай ақпараттық сауатты тұлға болып қалыптасуына және ең бастысы оқуға деген тұрақты қызығушылықтың болуын қамтамасыз ететіндігін баса айтқым келеді. Эксперименттік жұмыс жүргізу барысындағы оқушылардың әр сабақтағы іс-әрекеттері жіті бақылауда болды.

Алайда, тек ақпараттық құралдардың мүмкіндіктерімен шектеліп қана қоймай, оларды жаңа педагогикалық технологиялармен тығыз байланыстыра отырып пайдалану оқыту тиімділігін арттырып, пән мұғалімінің де беделін өсіреді.

Эксперименттік жұмыстың нәтижесі бойынша кезеңнен кезеңге өту барысында оқушылардың білім сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Оқушылардың өз бетімен білім көтеру сапасы 15%-ға өсті, тұрақты сабаққа дайындалатындар саны 8%-ға, өздерінің әрекеттеріне мақсат қоя білетіндер саны артты, қосымша ақпарат көздерін пайдалануы, жауапкершіліктері, өздерінің, сыныптастарының шығармашылық жұмыстарын талдау, бағалау, тұжырым жасауға деген ынта, әр түрлі жағдаяттардан жол тауып шығу сияқты қасиеттер пайда болды.

Зерттеудің соңғы кезеңдеріндегі алынған нәтижелерді талдау барысында экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде жүргізілген тәжірибелік эксперимент жұмысы ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқушылардың жан жақты дамуына тиімді ықпал етеді деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Алынған нәтижелерді талдай келе, оқушылардың білім сапасы эксперимент жұмыстарын жүргізуден кейін төменгі деңгей 14%-ға төмендесе, орташа деңгей 8%- ға артты, ал жоғары деңгей 6%-ға жоғарылағанын байқадық.

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тиімділігін анықтау мәселесі сатылы түрде кешенді дамып отыруы қажет, әрбір оқушының танымдық әрекеті, шығармашылық белсенділігі, ізденімпаздық қасиеті қоғамдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экономикалық үдерістерді қалыптастырып дамуының факторы болып табылады.

Сонымен тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарынан алынған нәтижелерді талдау арқылы мынадай қорытынды жасауға болады:

  • Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үш кезеңде жүзеге асты:

айқындау, қалыптастыру, нәтижелерді талдау және жинақтау. Эксперимент барысында сауалнама, тестілеу, бақылау және әңгімелесу әдістері пайдаланылды.

  • Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды

пайдалану тиімділігін тек айқын мақсатты арнайы ұйымдастырылған жұмыстар нәтижесінде ғана көру мүмкін болады;

  • Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың оқу-танымдық

белсенділігін қалыптастыруда ақпараттық технология және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды;

  • Оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын жетілдіреді, оларды әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргідей жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге бейімдейді.

  • Қалыптастыру экспериментінің нәтижелері бойынша оқушыларда

әлі де болса коммуникативтік қабілеттердің жетік болмауы зерттеу тақырыбының өзектілігін айғақтайды.

  • Экперименттік жұмыстың екінші кезеңінде оқушылардың

ақпараттық біліктіліктерін, коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Бұл кезеңдегі сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда жаңа ақпараттық технология құралдары кеңінен қолданыс тапты.

  • Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында зерттеу болжамы

дәлелденді. Ағылшын тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі мұғалімнің оқыту үдерісін оқушылардың оқу-танымдық әрекетін дамыту, тапсырмаларды жас ерекшеліктерін ескере отырып, таңдау және басқа да педагогикалық технологиялармен ынтымақтастықта байланыстырғанда ғана көруге болатындығы анықталды.

Қалыптастыру эксперименті барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларының қалыптасуының деңгейін ескере отырып, ақпараттық технологияның көмегімен шеше алатын тапсырмаларды іріктеп алу, проблемалық оқыту әдісін, оқытудың белсенді әдістерін және бағдарламалық құралдар жиынтығын қолдану олардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, әрбір оқушының шығармашылық бастамасын, логикалық-құрылымдық ойлау жүйесін дамытуға септігін тигізді. Сондықтан оқыту үдерісінде ақпараттық технология құралдарын пайдалану оқушылардың тіл үйрену деңгейінің өсуіне себепші болатын тиімді жолы болып табылады.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін талдай келе, ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқытушының аталған технология құралдарын сабақ өту барысында оқытылатын материал кезеңдеріне байланысты сауатты таңдай білу, оқушылардың жас деңгейі мен жеке дара қабілеттерін басты назарға ұстау арқылы жүргізген жағдайда ғана көруге болатындығы айқындалды.

  1   2

Похожие:

Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconҚазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде»деген Жолдауында үш тілді меңгеру өмір талабы екенін атап өтті. Онда Қазақстан дүние жүзінде халқы
Онда Қазақстан дүние жүзінде халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел болып танылу үшін, қазақ тілін –мемлекеттік тіл ретінде,орыс...
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconҚазақ тілі сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі зейнелова Қ. Т. Астана қаласы, «№63 ом» мм
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттігі туды
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconҚ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы
Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану...
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі icon«Archinect» басылымы «big seeks Russian-speaking Project Manager for Kazakhstan Presidential Library»
«Біз Қазақстандағы Астанада жаңа Президенттік Кітапхананы тұрғызу міндеті жүктелетін big тобына қосылатын жоба менеджерін іздеп жатырмыз»....
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2012 жылғы 4 маусымдағы
Тұжырымдама республикадағы сот органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың ұйымдастырушылық, әдіснамалық және...
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconШет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі
Мақсаты: Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconЖОҒары оқу орындарында «Қазақстан тарихы» ПӘнін оқытуда көрнекі қҰралдарды пайдаланудың маңызы мен тиімділігі

Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconДиплом жұмысы
Тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
Жумаева эльмира серашовна ағылшын тілін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі iconХ. С. Омарова, Н. Ж. Майтина, А. К. Аипова АҒылшын тілі
Тіл маманынан басқа мамандық студенттеріне жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты олардың өзге тілдегі дерек көздерінен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница