Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы




Скачать 11.42 Mb.
НазваниеҚазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
страница74/80
Дата конвертации06.02.2016
Размер11.42 Mb.
ТипКодекс
источникhttp://boroduliha.vko.gov.kz/kz/files/tax.doc
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
22-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін осы бапқа сәйкес айқындай отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 65-бабының қолданылуы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мына санаттарының әрқайсысы үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшаларымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

5) осы тармақта көрсетілмеген, декларация толтыру және тапсыру жөніндегі міндет белгіленген өзге де корпоративтік табыс салығын төлеушілер үшін декларацияның нысандарын бекітеді.

2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация жылдық жиынтық табысқа енгізілген кірістерді, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетулерін, салық салынатын табысты (шығынды), салық салынатын табыс азайтылатын кірістер мен шығыстарды, ауыстырылатын шығындарды, салық кезеңіне есептелген салық сомасын және салық кезеңіне есептелген салықтың сомасын азайтатын салық сомаларын корпоративтік табыс салығын төлеушілердің декларациялауына арналған.

Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты:

1) құн өсімінен түсетін кірістер (залалдар) жөніндегі;

2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша міндеттемелер мен талаптарды есептен шығару бойынша, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бөлігінде, түсетін кірістер мен шығыстар жөніндегі;

3) сыйақылар бойынша кірістер мен шығыстар жөніндегі. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;

4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлігінде белгіленуі мүмкін;

5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны контрагенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;

6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;

7) инвестициялық салықтық преференциялар жөніндегі;

8) салық салынатын табысты азайтатын кірістер мен шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;

9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге арналған шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;

10) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар алған пайда сомалары немесе пайда сомасының бір бөлігі жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есепке жатқызу сомасы жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлігінде белгіленуі мүмкін;

11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемелерін есептеу жөніндегі;

12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын кірістер жөніндегі;

13) кірістер мен шығыстар туралы есепті корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен салыстыра тексеруді;

14) своптар жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;

15) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен, салық міндеттемесімен байланысты объектілер туралы мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлік басқарудан туындаған өзге де жағдайларда пайда алушылардың бөлігінде;

16) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан резиденттің тұрақты мекемелерінің шегерімдеріне жатқызылатын резиденттің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша қамтуы мүмкін.

3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар нысандары мынадай ақпаратты:

1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:

Кен орындарын өндірудің зардаптарын жою қорына аударымдар жөніндегі;

таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберілген таза табыс жөніндегі;

салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың әрқайсысы бойынша жеке-жеке корпоративтік табыс салығын есептеу жөніндегі;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-бабында көзделген салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;

табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, барлау және дайындау жұмыстары бойынша шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі;

2) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ осындай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:

тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету түрлері бөлінісінде тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабына сәйкес жасалған провизиялардың (резервтердің) көлемін азайтудан түсетін табыстар және шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін провизиялар (резервтер) жасау бойынша шығыстары жөніндегі;

жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жарналары жөніндегі;

3) коммерциялық емес ұйымдар үшін:

өтеусіз алынған (берілген) мүліктер бойынша кірістері мен шығыстары жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлік берген және алған немесе кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

коммерциялық емес ұйымды ұстауға арналған шығыстар жөніндегі;

іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

4. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшаның нысандары мынадай:

1) ақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін кірістер жөніндегі;

2) өзге де қызметтен түсетін кірістер жөніндегі;

3)туынды қаржы құралдары бар кірістер (залалдар) жөніндегі;

4) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерден алынған кірістер жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есептеу сомасы жөніндегі. Бұл қосымша олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;

5) резиденттер болып табылмайтын тұлғаларға төленетін, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

5. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомалары есеп айырысудың мынадай нысандарын бекітеді:

1) декларация тапсыруға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;

2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;

3) төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;

4) төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;

5)корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы.

6.Осы баптың 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысу ағымдағы салық кезеңіне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу үшін арналған және оларды осы Кодексте өздеріне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу және төлеу жөнінде міндеттеме белгіленген салық төлеушілер тапсырады.

7. Осы баптың 5-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысуларды салық агенттері салық бақылауының мақсаттары үшін пайдаланылатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.

Төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есеп айырысуына қосымшаның нысанында табыстарды алушылар бөлігінде мынадай:

1)  төленетін табыс сомасы туралы;

2)  төленген табыс сомасы туралы;

3)  корпоративтік табыс салығының ставкасы туралы;

4)  төлем көзінен ұсталған салық сомасы туралы;

5)  іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасының есеп айырысуына қосымша нысанында табыстарды алушылар бөлігінде мынадай:

1)  салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;

2)  салық салу объектілері туралы, оның ішінде халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес салық салудан босатылған объектілер туралы;

3) салық ставкасы туралы;

4) халықаралық шарттарды (келісімдерді) қолдану туралы;

5) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру кезеңі туралы;

6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген есеп-қисапты:

жинақтық емес сақтандыру, қайта сақтандыру;

аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтық сақтандыру, қайта сақтандыру;

аннуитеттік сақтандыру;

аффилиирлендірілген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру;

өзара сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түрінде кірістер жөніндегі ақпаратты көрсету үшін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары табыс етеді.

 

23-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде салық салудың осы бапта белгіленген тәртібі қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 83-бабының, 85-бабы 1-тармағы 7) тармақшасының, 90-бабы 3-тармағының, 106-бабы 2-тармағының, 109-бабы 3-тармағының қолданылуы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін олардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметтерін жүзеге асыруы бөлігінде 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының өздерінің сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру бөлігінде салық салынатын табысы мынадай тәртіппен айқындалады:

сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйақылары, қосу

сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша алынуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылары, алу

сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бұзылған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақылары, алу

қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақылары, алу

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті жарналар.

2. Сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:

1) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;

2) инвестициялық кірістер;

3) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағамдық айырма бойынша кірістер;

4) сақтандыру, қайта сақтандыру шартымен байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау бойынша бағамдық айырма;

5) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;

6) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жүзеге асыратын мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының өтемақы төлемдері;

7) эмитенттің өзі шығарған акцияларын орналастырудан алған ақшаларының сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының салық салу объектілері болып табылмайды.

3. Сақтандыру, қайта сақтандыру үйымдарының өзге қызметтен алған салық салынатын табыстары осы тармақ ережелері ескеріле отырып «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 83-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.

Сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын бұзған кезде қайтарылған сақтандыру сыйлықақыларын, сондай-ақ қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының шығыстардың жалпы сомасындағы өзге қызметтен алынған шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен айқындалады.

4. Сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын кірістері мен шығыстары бойынша және өзге қызметтен алынатын кірістері мен шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

5. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша корпоративтік табыс салығын мынадай ставкалар бойынша:

1) жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғалардың сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы емес сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 4 процентін;

2) аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша - аннуитеттік сақтандыру, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметін қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 2 процентін;

3) аннуитеттік сақтандыру бойынша - аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру қызметін қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 процентін;

4) аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша – аффилиирленген тұлғаларды сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 8 процентін;

5) өзара сақтандыру бойынша - өзара сақтандыру қызметінен түсетін салық салынатын табыс сомасының 1 процентін төлейді.

Осы тармақтың мақсаты үшін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын аффилиирленген тұлға аффилиирленген тұлға болып танылады.

6. Осы баптың 3-тармағында аталған сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) кірістерге мынадай ставкалар бойынша корпоративтік табыс салығын салуға жатады:

1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 20 процент;

2) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 17,5 процент;

3) 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 15 процент.

7.  Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен алынатын кірістері бойынша орналасқан жеріндегі салық органына есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей бір айға есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп айырысуын табыс етеді.

8.  Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінен түсетін салық салынатын кірістері бойынша корпоративтік табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін төлейді.

9. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары орналасқан жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей барлық табыстар жөнінде декларация табыс етуге міндетті.

10. Корпоративтік табыс салығын төлеу декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей салық кезеңінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

11. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары салық кезеңі ішінде есептеп шығарылған корпоративтік табыс салығының есебіне жатқызылмайды.

12. Осы баптың мақсатында, сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының қызметі өзге қызмет болып табылады.

 

1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80

Похожие:

Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы
Кодексiнде (Салық кодексi) белгіленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетін импортталатын тауарлардың тiзбесiн және оны қалыптастыру...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы Қр премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы №282-ө Өкімін қараңыз
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconҚазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу, енгiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөнiндегi...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
«төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды», «тәртіппен міндетті...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің,...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconҚазақстан Республикасы салық жүйесі: қалыптасуы мен даму кезеңдері
Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconIi мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер төлемақыларды есептеу және рәсімдеу әдістері
Кіріспе
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconСалықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
«Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды...
Қазақстан республикасының кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы iconАстана қаласының Экономика және бюджеттік
Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн теңге
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница