Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар




НазваниеБ.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар
страница1/8
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/transactions/568_kulenov_b.a._khappasova_g.m._hihhh_gasirlardagi_
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті


Б.Ә.Күленов

Г.М.Қаппасова


ХІХ - ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы

Оқу-әдістемелік құралы

барлық мамандықтын студенттеріне арналған


Павлодар

УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73

К93


С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кенесінде мақұлданды


Рецензенттер:

К.Ф.Загупаров – философия ғылымының кандидаты, ПМПИ профессоры.

А.А.Ақышев – философия ғылымының кандидаты, профессор, «Тарих және құқық» факультеттің деканы.

Г.Ғ.Ахметова – философия ғылымының кандидаты, доцент, «Философия, әлеуметтану және саясаттану» кафедраның меңгерушісі.


К 93 Күленов Б.Ә., Қаппасова Г.М.


ХІХ–ХХ ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы: оқу-әдістемелік құралы. – Павлодар, 2007. – 50 б.


Ұсынылған оқу-әдістемелік құралында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары қамтылған. Осы дәуір философиялық мәдениетті байытқан тамаша ойшылдарды шығарды. Студент қауым және колледж оқушылары осы оқу құралы арқылы, олармен кеңінен таныса алады.

Жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттеріне арналған.


УДК 101.1.(075.8)

ББК 87я73


© Күленов Б.Ә., Қаппасова Г.М., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007

Кіріспе


Классикалық философияның әртүрлігіне қарамастан, мақсаттары және философияның міндеттері жағынан ортақ мәселелері көп болды. Қазіргі философияда классикалық философиямен ұқсастығынан гөрі, айырмашылығы басым. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көптеген философиялық ұғымдар «нео» жалғауымен шыға бастады. Олар, біржағынан алғашқы философиялық жүйелермен генетикалық туыстығын сақтаса, екінші жағынан керісінше классикалық философиядан айырмашылығын баса көрсетеді. Тегі, барлық мәселелерді қамтитын философиялық жүйелердің уақыты өткен сияқты.

Өткен ғасырларда адамзаттың философиялық тәжірибесі ұлғайды. Қазіргі философиялық сана позитивизмнің, экзистенциализмнің, марксизмнің, герменевтиканың, неотомизмнің және т.б. философиялық ілімдердің пікір таласынан, сұхбаттасуынан құралған.

Сондықтанда, философиялық бағыттарды мазұнының ұқсастығына байланысты бір принципке біріктіру оңай емес. Тіпті, ондай классификация жоқ.

ХІХ - ХХІ ғасыр аралығында философияның классикалық схемасының бүгінгі күні жұмыс істемеуі заңды нәрсе, өйткені, адамзат алдында «табиғат-адам-қоғам» жүйесінде шешімін таппай тұрған мәселелерге әрқилы жауап іздеуге болады. Сондықтан, құбылыстарды, оқиғаларды монистік тұрғыдан түсіндірудің философиялық плюрализммен алмасуы тиімді болар.

Осыны басшылыққа ала отырып ХХ ғасырда өздерін белсенді танытқан философиялық ойдың алты бағытын қарастырайық:

Сциентистік бағыттағы философиялық мектептер.

Іс-әрекеттік бағыттағы философиялық мектептер.

Антропологиялық бағыттағы философиялық мектептер.

Діни (теологиялық) бағыттағы философиялық мектептер.

Әлеуметтік сыни бағыт.

Герменевтика және «постструктуралистік-постмодернистік кешен».




1 Сциентистік бағыт

Позитивизм – XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).

Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconКӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconЛттық ойындардың КӨмегімен жастардың белсенді өмір жағдайларын қалыптастыру барлық мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2009
Ж. А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, пмпи, Дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconӨздік жұмыстарға арналған мәтіндер барлық мамандықтар бойынша студенттерге арналған оқу құралы Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconӨздік жұмыстарға арналған мәтіндер барлық мамандықтар бойынша студенттерге арналған оқу құралы Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconДахно З. Н., Тлеуленова Г. Т., Сапенова Д. К. ҚҰрылыс үрдістерінің технологиясы құрылыс мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
Оқу құралы дәрісте берілген материалдарды терең игеру үшін арналған. Тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін мысалдар келтірілген
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconМҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconЭкономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы Павлодар
...
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconМемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар
«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау ретінде сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтарының...
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconТайжанов Шарапат Таурбайұлы Топырақтану Экология мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы іі-ші бөлім Павлодар-2004 ббк 40. 3 Я73
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
Б.Ә. Күленов Г. М.Қаппасова ХІХ хх ғасырлардағы классикалық емес еуропа философиясы Оқу-әдістемелік құралы барлық мамандықтын студенттеріне арналған Павлодар iconПавлодар мемлекеттік университеті О.Қ. Жармакин > Қ. Х. Рақымжанов л ингвистикалық ілім тарихы филологиялық мамандықтар студенттеріне арналған оқу құралы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница