Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған




НазваниеМм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған
страница1/5
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/strategy_16.doc
  1   2   3   4   5


Зайсан ауданы әкімдігінің

11 қаңтар 2010 жылғы

1016 қаулысымен бекітілген.





ММ «Шығыс Қазақстан облысы

Зайсан аудандық білім бөлімінің»


2010–2014 жылдарға арналған

Стратегиялық жоспары


Зайсан қаласы, 2009


Мазмұны



1

Зайсан ауданы білім бөлімінің миссиясы мен көрінісі




2

Ағымды жағдайға талдау











3

Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі













4

Зайсан аудандық білім бөлімінің білім беру жүйесінің қазіргі заманғы ахуалы және мүмкін болар қауіп-қатерлер













5

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттар тізімі













6

Бюджеттік бағдарламалар














1. Зайсан ауданы білім бөлімінің миссиясы мен көрінісі.



Білім бөлімінің миссиясы – білім жүйесінің өсу жолдарын қамтамасыз ету, сапалы білім алуға жағдай жасауға ықпал жасау, білім жүйесі қызметінің негіздерін жетілдіру және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Білім заңына сәйкес білім алуға қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жасау.

Білім бөлімінінің көрінісі – білім саласындағы азаматтардың бостандығы мен Конституциялық құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету; білім саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, білім мекемелерінің білім беру қызметкерлерінің сапасын әдістемелік және ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету, өткізуді ұйымдастыру, жалпы білім беретін пәндерден аудандық олимпиадалар мен ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.


2. Ағымды жағдайға талдау.



2008 жылдың 1 қазанында Зайсан ауданында 30 жалпы білім беретін мектеп, оның 4-і-бастауыш,5-і- негізгі, 21-і- орта мектептер, 3 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме болды. 2009 жылдың 1 қазанында мектеп саны 30. төртеуі- бастауыш, бесеуі- негізгі, 21-і орта мектептер, үш мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс мекеме жұмыс істейді

2009-2010 оқу жылында жалпы саны 6926 оқушыны қамтыған 30 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, олардың ішінде 4 бастауыш, 5 негізгі және 21 орта мектеп, үш мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс мекеме бар.

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру

Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту сапасын жоғарылатудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • мектепте оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды, жеке тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;

  • мемлекеттік тілді оқу, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;

  • мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтуды біртіндеп көбейту арқылы балалардың білім алуына бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі әр түрлі білім беру мекемелер жүйесін сақтау және дамыту;

  • жалпы дамыту, түзету, мектепке дейінгі құрастырылған ұйымдар, барлық түрлі және әр типті жалпы білім беретін және арнайы (тузету) мектептер; әр түрлі психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және оңалту орталықтар, мектептен тыс ұжымдар жанында нашар қамтылған отбасылар балалары үшін мектепке дейінгі мини-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру;

  • мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз ету, бұл міндеттерді шешу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру;

  • балалардың, оның ішінде психикалық дамуында кемістігі бар балалардың өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін даму ортаны құру және жеке тұлғаны қалыптастыруға жеке бағытталған мектепке дейінгі мекеме моделін іске асыру үшін жағдай жасау;

  • мектепке дейінгі және мектепте білім алудың сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі білім беруде инновациялық процестерді қарқындату;

  • аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру ахуалының мониторинг жүйесін құру.

- 2009 жылы Зайсан ауданы бойынша 1-4 жасар бала саны - 2957. - Аудан бойынша 5-6 жасар бала саны 1042. Бастауыш сыныптарда 734, мектепалды даярлыққа 559 бала тартылып отыр. Нәтижесінде 5-6 жас аралығындағы балалар 100% мектепке дейінгі білім берілуі қамтылып отыр.


- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының /МДББҰ/ жалпы саны – 3.

- МДББҰ-дағы бала саны 2009 жылы - 315, ол 1-4 жасар бала санының 11,0 пайызын құрайды. Бала-бақшаға деген сұраныс жылдан жылға көбеюде, кезекте 480 бала тұр.


- 12 жылдық мектепті енгізу үшін жағдай жасалынып жатыр. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі құрылды. Оған тәуелсіз сырттан бағалаудың бүкіл элементтері кіреді (лицензиялау, аттестаттау, рейтинг, ҰБТ, Мемлекеттік аралық бақылау, талапкерлерді кешенді тестілеу және басқалары).

Жастар саясаты белсенді іске асырылуда. Жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруды қамтамасыз етуге танылған мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылының қажетті құқықтық негізі қаланды. Жыл сайын қоғамдық іс-шаралар мен патриоттық акциялардың, «Жасыл ел» жасақтары сарбаздарының іске асырылған әлеуметтік маңызды жобалардың саны артуда.

Мектептерді компьютерлендіру жыл сайын іске асырылуда. 1 компьютерге 12,6оқушыдан, ал ауыл мектептерінде 1 компьютерге 10,2 оқушыдан келетін арақатынасқа қол жеткізілді. Мектептердің 100 пайызы интернет желісіне қосылса. Телефон желісі қала мектептеріне 100 пайыз, ауыл мектептеріне 90 пайызғы тартылды.

2009 жылдан бастап білім беру порталы тәжірибелік пайдалануға берілді. (WWW eduportal kz)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ағымдағы шығындары жергілікті бюджеттен қаржыландыруда. Ата-аналар жарнасы 1 балаға -2700тенге, ол балалардың тамағына жұмсалады.

2008-2009 жылдарда 12 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде: «Жол картасы» бағдарламасымен 2009 жылы 5 объект -59184,0 мың теңгеге, 2010 жылы 4 объект-49465,0мың теңге.

    1. Жалпы орта білім беру.

Мектептер желісі мен оқушылар контингентінің динамикасы


Мектеп саны

30

30

30

30

30

30

Оқу жылы

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Контингент

7932

8249

7797

7521

7157

6926



2005 2006 2007 2008 2009 2010

Соңғы жылдардағы демографиялық тенденцияларға, яғни ауыл халқының 17-40 жас аралығындағы тұрғындарының қалаға тартылуына байланысты, шағын комплектілі мектептердің өсуіне әкелді. Зайсан ауданы бойынша ауылдық мектептер саны-24, оның 20-сы шағын комплектілі мектептер. Бұл барлық мектептердің 67% құпайды. Шағын жинақталған мектептердің 19-ы ауыл мектептері, 1-уі қала мектебі. Жалпы бала саны- 2158; бастауыш мектептерде-65, орталау мектептерде- 326, орта мектептерде- 1767.

Қала мектебі- мектеп-интернатындағы бала саны-194. 19 ауыл мектебіндегі бала саны- 1573. Оның ішінде 1-4-сыныптарда 815, 5-9-сыныптарда 978, 10-11-сыныптарда 365 оқушы оқиды.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда шағын жинақталған мектеп саны 1-ге артты , өткен оқу жылында бала саны 1972 болса, биылғы оқу жылында бала саны 186-ға артты.

2009-2010 оқу жылында шағын жинақталған мектептердегі жалпы сыныптар саны-156, 1-4-сыныптарда- 63, 5-9-сыныптарда- 69, 10-11-сыныптарда- 24 .

Оның ішінде біріктірілген сыныптар саны- 49, 1-4-сыныптарда -12, 5-9-сыныптарда – 10; 1-4-сыныптардағы бала саны-124 , 5-9-сыныптардағы бала саны-121, барлығы-245

Біріктірілмеген сыныптар саны-41. Ондағы бала саны- 1913.


Шағын комплектілі мектептер саны

11-орта мектептер, 5-негізгі(оқушы саны-326), 4- бастауыш мектептер( оқушы саны -65)




Ауданда 5 мектепте оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Оқушылардың тұратын жерінен 3 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан мектептер саны – 9, тасымалданатын оқушылар саны - 125. Мектебі жоқ алыс елді мекен жерде тұратын Мектеп-интернатының тәрбиеленушілері – 100 бала білім алуда, ал Шілікті мектеп жанындағы интернатында – 34 бала оқиды.

Балаларға қызмет көрсететін көлік құралдарының саны – 5 бірлік және көліктер мектеп меншігінде. Ауданға мектепке балаларды тасымалдағанда қауіпсіз шаралар жасау үшін қосымша 5 автобус алу керек.

Ауданда жаңа типті 26 мектеп бар. Қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, ағылшын тілі пәндері теориялық және практикалық тұрғыдан тереңдетіп оқытылады.


Жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәліметтер.


- типтік ғимаратта орналасқан – 26.

- бейімделген ғимаратта – 4.

- 3-4 ауысымды оқитын – мектеп жоқ.

- оқушы орындарының жетіспеушілігі:

Зайсан қаласында 6 орта мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде М.Дәуленов атындағы орта мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан. Мектеп интернат 2000 жылдан бастап кәсіптік мектептің ғимаратында оқиды. Зайсан қаласы бойынша 583 оқушы орны жетіспейді.

Оқу –тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылардың білімінің шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды фактордың бірі – мектептерде пән кабинеттерінің болуы болып табылады.

Аудан мектептерінде М.Дәуленов, Октябрь орта мектептері спорт залдарымен қамтамасыз етілмеген.

Мектептердің 40 пайызында лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар. Мектеп жиhаздары 1970 жылдары сатып алынған, моральдық және табиғи тұрғыдан ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.


Мектептердің жаңа үлгідегі оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілуі.


2005 жылдан бері аудан мектептері төмендегі жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен жабдықталды. Оның ішінде:

5-химия, 6-биология, 15-физика, 12-мультимедия, 1-технология, информатика, интерактивтік, 6-дәрігерлік кабинеттер.

12 жылдық білім беру шеңберінде мектепке баратын 6 жасар балалар үшін мектептерде ойын және демалыс бөлмелерін жабдықтау, ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажет. Осы мақсатта аудан бойынша 1-4 сынып оқушыларының 78 пайызы 3-жақты жасалынған меморандум негізінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

2009 жылы 1 балаға кететін шығын мөлшері 411, 431 ерекшеліктерге бөлінген қаржыны қосып есептегенде – 103,8 мың теңге, ал ағымдағы шығындар бойынша – 97,9 мың теңгені құрайды.

2009 жылы жалақы бөлінген қаржының 68,5 пайызын құрады.

411-431-барлығы мектепке жұмсалған қаражаттан 6,7 пайызды құрайды.

22 мектепте ыстық тамақ асхана жұмысы арқылы тамақтандырса, асханасы жоқ 7 мектепте үйден тамақтану ұйымдастырылып отыр, сонда нәтижесінде аудан көлемінде 1-4 сынып оқушылары /2466 бала/ 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

-Аудан бойынша аз қамтылған отбасы балалары оқулықтармен 100 пайызға қамтамасыз етілген.

Даму мүмкіндіктері шектелген балалардың білім алуға қол жетімдігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы бала құқы” туралы Заңына сәйкес әрбір бала отбасында өмір сүріп тәрбиеленуге құқылы, өз ата-анасын білуге және олардың тәрбиесі мен қамқорлығына бөленуге құқылы делінген.Бірақта біздің қазіргі қоғамда кейде балалардың бұл құқы толық сақталмай отырғанын білеміз. Бұл ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар.Ауданымызда 2009 жылы 35 осындай бала болып отыр. Ал тұлдыр жетім балалар 2009 жылы – 32

“Әлеуметтік жетімдер” немесе ата-ана қамқорлығынан айырылғандар қатары көбейіп отыр. Ата-анасының қамқорлығынан айырылғандар негізінен ата-анасының маскүнемдікке салынып бала тәрбиесімен айналыспауынан болып отыр.




Талдауымыз көрсеткендей мектептердегі тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың көпшілігі 53 пайызы ата-анасы қайтыс болып жетім қалғандар, 2 пайызы ата-ана құқығынан айырылғандар, 1 пайызы іздестірілген ата-ана баласы, 2 пайызы ата-анасы сотталғандар, 2 пайызының ата-анасы ұзақ мерзімде емделуде, 33пайызының ата-анасы өз өтініштері бойынша баласынан бас тартқандар.


Ауданда 315 баланы қамтыған 3 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Мектепке дейінгі мекемелердің жалпы санынан: мемлекеттік - 3.

Мектепке дейінгі тәрбие беру және мектеп алдындағы даярлық жүйесін реформалау процесі мектепке дейінгі мекемелерді дифференциациялауға жол ашты: балаларды тәрбиелеуге шағын орталықтары /24 мектепте-919 бала, бұл мектепке дейінгі баланың 49,4 %-н құрайды/, «балабақша—мектеп» кешені құрылуда.

Мектепке дейінгі мекемелер типтік және түзету бағдарламалары, дамыта оқыту және балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары бойынша жұмыс істейді.

Бірақ, бұл күндері бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен қамту деңгейі төмен. Жұмыс істеп тұрған балабақшаларда жиһаздар, спорт құралдары, кітапхана қоры, ойыншықтар, көрнекі оқу құралдары жаңалауды қажет етеді.

Мектеп алды даярлықпен 1038 бала қамтылған, оның ішінде 479 мектепке дейінгі мекемелерде, 559 мектептер базасында қамтылған.

Мектеп алды даярлықтың проблемаларын шешу негізінен жалпы білім беру мектептеріне жүктеледі, ал олардың басым көпшілігінде осы уақытқа дейін материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалған жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбие беруді және мектеп алды даярлықты ұйымдастыруды жақсарту мақсатында мынадай проблемаларды шешуге назар аудару қажет:

- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жүйесін кеңейту, осындай мекемелер үйлері мен материалдық-техникалық базасы сақталған ауылдық округтерде тұрақты мектеп алды топтары мен сыныптарын құру;

- мектепке дейінгі мекемелерде мектеп алды даярлықты жүргізетін педагогтардың біліктілігін көтеру ;

- мектеп алды даярлау бағдарламасын толық көлемде қаржыландыру;

- мектепке дейін тәрбие берудің және мектеп алды даярлықтың мазмұны мен педагогикалық технологиясын жетілдіру.

Бүгінгі күні ауданда 6926 мың оқушы құрамымен 30 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Жалпы білім беру мектептер құрылымында ауыл мектептері басымды – 24 (80,0%), оның ішінде шағын комплектілі мектептер (әрі қарай - ШКМ) – 20.

Ауданда ауылдық оқушылар құрамының төмендеуіне байланысты шағын комплектілі 1 мектепке артты..

Қала мектептерінің саны – 6, ол 20,0%-ы құрайды. Ауданда 5 мектепте оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылған. Оқушылардың тұратын жерінен 3 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан мектептер саны – 9, тасымалданатын оқушылар саны - 125. Мектебі жоқ алыс елді мекен жерде тұратын Мектеп-интернатының тәрбиеленушілері – 100 бала білім алуда, ал Шілікті мектеп жанындағы интернатында – 34 бала оқиды.

Балаларға қызмет көрсететін көлік құралдарының саны – 5 бірлік және көліктер мектеп меншігінде. Ауданға мектепке балаларды тасымалдағанда қауіпсіз шаралар жасау үшін қосымша 5 автобус алу керек.

Ауданда жаңа типті 26 мектеп бар. Қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, ағылшын тілі пәндері теориялық және практикалық тұрғыдан тереңдетіп оқытылады.

2009 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның білім беру жүйесі грант бойынша облыста 7-і орынға шықты. 101-ден астам ұпай жинаған 35 аудан түлектері білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Соңғы төрт жылдың ішінде ауданда тәжірибе-эксперименталдық жұмыстарды жүргізуге жүйелік қозқарас күшейе түсті, ондағы басты мақсат - оқушылардың оқуы мен тәрбие сапасын арттыру. Жаңа буын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенін, «Өзін-өзі тану» оқу курсын, «Дін тану», «Экономика және қаржы негіздері» факультативтік курсын озық байқап көру жұмыстары одан әрі жалғасуда. 12 жылдық оқуға көшу, оқушылардың көп тілдік мәдениетін қалыптастыру, шетел тілін ерте оқыту аясында дайындық жұмыстар жүргізілуде.

Ауданда жалпы орта білім беру жүйелерін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Ауданның барлық мектептері 100% компьютерлендірілген және мектептердің 100%-ы Интернет желісіне қосылған. Электронды оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдарын қолдану процесі жандана түсуде.

Мекемелердің материалдық базасы әлі нашар болып қалуда. Мектептердегі жиһаздардың 80% астамы санитарлық нормаға сай емес, аустыруды қажет етеді. Көп жылдыр бойы білім беру ұйымдарын қаржыландырғанда жиһаздарды, шеберханалар мен лингафон кабинеттерінің құрал-жабдықтарын, спорт құралдары, физика, химия, биология кабинеттерін жаңартуға жеткілікті қаржы мүмкіншілігіне қарай бөлінуде.

Ауданның білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің Кешенді бағдарламасы, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, этномәдениеттік тәрбиелеу Тұжырымдамасы негізінде құрылған. «Шығыс Қазақстанның жалпы білім беру ұйымдарында тәрбие беру Бағдарламасы», «Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаушылық пен бақылаусыз қалудың алдын алуға арналған Бағдарламасы», «Шығыс Қазақстан облысында мектеп және жеткіншектер жасындағы балаларды, әскер алдындағы жастарды сауықтыру мен оңалтудың бірлескен Бағдарламасы» және т.б. әзірленіп, іске асырылуда.

Ауданның барлық мектептерде тәрбие жұмыстарының белгілі бір жүйесі қалыптасқан. Мектепдердің тәрбие жүйесінің моделін әзірлеу, оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалар мен жеткіншектер қоғамдық ұйымдарынның қызметін қайта өрлету бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күндері ауданымызда 24 оқушылар ұйымы жұмыс істейді, оған 5400 оқушы ұйымға мүше.

Осы ұйымдардың негізгі бөлігі 2006-2007 жылдары құрылған, сондықтан оқушылардың маңызды бастамаларын қолдауды, бастамашылық қасиеттерін қалыптастыруда көмекті қажет етеді.

Ауданның көптеген мектептерінде нақтылы мақсат, ұстанымдар мен көзқарастар, мазмұны мен формасы бар өздерінің жеке тәрбие беру жүйелері құрылған. Олардың негізінде тәрбие жұмысының бірнеше бағыттары болса да, негізгі мақсаты мынадай:

- қазіргі қоғамда өз сана-сезімін іске асыруға қабілеті бар рухани адамды тәрбиелеу;

- оқушылардың жеке басының және жас ерекшеліктерін зерттей отырып, оларды өмірге даярлау;

- жоғары санаткерлік деңгейдегі оқушылардың өзін-өзі көрсете білуі үшін жағдай жасау;

- патриоттық;

- саяси құқықтық;

- гуманизм, әлеуметтік өзара іс-қимыл жасаудың тиімділілігі принциптерінде құрылған балалар мен үлкендердің бірлескен шығармашылық жұмыстары;

- оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;

- қоршаған ортаны қорғау және көркейту, басқа мәселелер жөнінде оқу, еңбек және қоғамдық жұмыстарды сабақтастыру.

Тәрбие берудегі негізгі проблемалар қоғамның экономикалық және саяси реформалауына байланысты. Қалыптасқан отбасылық дәстүрлерді бұзуға әкеп соғатын, табыстардың дифференциациялануы, жұмыссыздық, тұрғындардың қоныс аударуы сияқты құбылыстар байқалуда. Мұның өзі баланың сыртқы әлеммен, мектеппен, ата-анасымен, қоғаммен байланыс жасауда ішкі қарама-қарсылық проблемаларын туғызады. Сырттай қарағанда тәп-тәуір болса да өз бетімен кеткен балалардың саны арта түсуде. Нашақор-жеткіншектердің, өмірден өз жолдарын таңдап ала алмай жүрген жастар қатарының көбеюі осыны дәлеледейді.

Мінеки, осындай келеңсіз көріністер тәрбие жұмысының мәртебесін арттыру қажеттілігін көрсетеді, мына төмендегідей көкейкесті проблемаларды шешуді қажет етеді:

● отбасында, мектепте, қоғамда балалардың құқықтарын қорғау;

● жеке басын дамытып, ойын, спорт, ұйымдастыру, көркем-музыкалық, шығармашылық және басқа бағыттарда әртүрлі іс-қимыл танытқанда дұрыс жол таңдауына жағдай жасау;

● балаларды маскүнемдіктен, нашақорлықтан, жезөкшеліктен қорғап, салауатты өмір салтын насихаттау;

● балалар мен жастардың өзін-өзі басқару жүйесін, соларға арналған қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерді дамыту;

● жалпы адамгершілік құндылықтар, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық идея негізінде балалардың жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Қосымша білім беру мекемелерінің жұмыстары балалардың үнемі өзгеріп отыратын жеке, әлеуметтік мәдени, білімге сұраныстарын қанағаттандыруға, жеке басын дамытуға, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан пайдалануына жағдай туғызуға бағытталған.

Соңғы жылдары қосымша білім беру мекемелерінің жүйесі арта түскендігін айта кету жөн. Аудандарда балалар шығармашылықтарының орталықтары, «Сайқан» спорттық-демалыс орталығы құрылды, қызығушылықтары бойынша құрылған мектепішілік үйірмелер саны да көбейіп келеді. Қосымша білім берумен қамтылған балалар құрамы осы кезеңде 3,4 мың адамға артқан. Дегенмен, қосымша білім беру мекемелерінің мүмкіншіліктері оқушылар саны мен олардың сұраныстарын қанағаттандыра алмауда.

Ауданның қосымша білім беру жүйесінде де шешімін таппай отырған мынадай проблемалар бар:

- баланың демалысын, бейімділігін, дарындылығын, қызығушылығын т.б. қанағаттандыруға тегін қызмет көрсететін, кеңінен пайдалануға болатын мектептен тыс ұйымдар жүйесінің қысқаруы;

- мектептен тыс мекемелерде материалдық және ақпараттық базалардың жетіспеуі;

- көп жағдайларда қосымша білім беру мекемелері қызметтерінің мазмұндары мен технологиялары балалар мен жасөспірімдердің мүдделеріне, уақыт талабына толық сәйкес келе бермеуі.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей медициналық Академиясы ғалымдарының қолдауымен оқушылардың ғылыми жобалары жөнінде облыстық жарыстар, Абай оқулары, «Дарын» өңірлік сырттай оқу мектебінің сессиялары, пәндер бойынша аудандық, қалалық, облыстық олимпиадалар, «Асыл тас», «Тұлпар», «Малахит» зерделік байқауларына қатысу дәстүрге айналған. Аудан оқушылары соңғы бірнеше жыл бойы облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Облыстық олимпиадаға ауданнан 34 оқушы қатысып, оның ішінен 15 оқушы жүлделі орындарға иеленді. Жидебай өңірінде өткен респуликалық «Абай оқуында» Көгедай мектебінің оқушысы А.Балғабаева 3 орынға ие болды.

Дарынды балаларға қолдау көрсету бағдарламаларын жүзеге асыруда шешілмей жатқан бірқатар проблемалар бар:

- балалар дарындылығының құзыретті диагностика жүйесінің жоқтығы;

- дарынды балаларды оқытып, дамыту мазмұны мен технологиясының, ұйымдастыру негізінің әзірленбеуі;

- балалардың дарындылығын дамытуда білім беру мекемелерінің қызметінде «балабақша-мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде сабақтастықтың жоқтығы;

- басқа елдердің осы бағыттағы іс-тәжірибелерін тиімді зерттеп, пайдаланудың жеткіліксіздігі.

Педагогтарды, білім беру ұйымдарының жетекшілерін ғылыми-әдістемелік даярлау, жаңаша басқару және жаңаша педагогикалық ойлауды қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды, білім беру және басқару технологияларын кеңінен қолдану, кәсіби бағдарланған шеберлік пен дағдыны қалыптастырып, жетілдіру біліктілікті көтеру жүйесінің басты мақсаты болып қала береді.

Зайсан ауданының білім беру жүйесіндегі 30 мемлекеттік мектептерде 837 педагог-қызметкерлер еңбек етеді. Мұндай санатты қызметкерлерді оқытуды облыстық біліктілікті көтеру мен қайта даярлау институттары жүзеге асырады.

Осы беталыстардың өмірге келуіне білім беру жүйесінің қарқынды дамуы, оны қайтадан құрылымдау, мазмұндардың жаңаруы, білім беру мекемелерін басқаруға жаңа көзқарастардың енгізілуі, жетекшілер мен педагогтардың кәсіби құзыретіне, зерттеу мәдениетіне қазіргі талаптарды қалыптастыру ықпал жасады.

Жыл сайын облыстық біліктілікті жоғарылату жүйесінде төрт мыңға білім беру қызметкерлері оқыды.

Педагог кадрларының біліктілігін көтерудің қалыптасқан жүйесі формасымен, әдістемесімен және мазмұнымен, курстық іс-шараларында және курс аралық кезеңде педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруға жағдай жасайды. Курстық іс-шаралардың мазмұны білім саласындағы мемлекеттік міндеттерді табысты шешу үшін педагогтарды пәрменді әдіс-тәсілдермен қаруландыруға бағытталған. Қазіргі жағдайлар, философияның және білім парадигмасының ауысуы білім беру жүйесінің қызметкерлерінің оқыту сапасы мен жеделдігін қамтитын ақпараттық және компьютерлік технологияларына негізделген үздіксіз оқуын талап етеді.

Қазіргі уақытта мектептің психологиялық қызметі біртұтас білім беру жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Білім жүйесіндегі практикалық психологияның дамуы, оқу-тәрбие процесінің психологиялық қамтамасыз етілуі, балалардың толыққанды психикалық дамуына әсер ету арқылы, білім беру сапасының жоғарылауына байланысты құрылған.

Ауданның білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- балалардың жеке ерекшеліктерін дамыту;

- мектепте балалардың дамуы үшін жағымды психологиялық ахуал құру;

- балаларға, ата-аналарға, педагогтарға уақытында психологиялық көмек және қолдау көрсету.

Аудан мектептерінде 19 психологтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні ауданның мектеп психологтарының біліктілігін арттыру жүйесі:

- мектеп психологиялық қызметінің көкейкесті проблемалары бойынша курстар мен семинарлар өткізу;

- білім берудегі практикалық психологтардың қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

- аудан мектептерінің таңдаулы психологтарының жұмыс тәжірибесін жинақтап тарату.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған iconЗайсан ауданынының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған б а ғ дарламас ы
Шығыс Қазақстан облысы. Зайсан ауданындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған iconАягөз аудандық білім бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Аудандық білім бөлімінің қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеті мен нысаналы индикаторлары
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған icon«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған icon«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Зайсан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған iconШығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі
«Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға...
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған icon2008-2011 жылдарға арналған Зайсан ауданының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы Зайсан қаласы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Мм «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім бөлімінің» 2010-2014 жылдарға арналған icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница