Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница8/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

2) төтенше жағдайларда ұшуда іс-қимылдардың тиісті ерекше тәртібін сақтай отырып, ұшуды жалғастыруы және мұндай жағдайларда әуе кемесінің экипажы іс-қимылдарының белгіленген тәртібіне сәйкес әрекет етуі керек.


306. ӘК авариялық жағдайда тұрғаны туралы хабарлау үшін (егер ол ВОРЛ қабылдағыш-жауап бергішімен жабдықталса) «А» режиміндегі мынадай арнайы кодтар пайдаланылады:

1) «7700» коды – ӘК елеулі тікелей қауіпке ұшырайтынын және экипажға жедел жәрдем талап етілетіндігін көрсетеді;

2) «7600» коды - радиобайланыстың жоғалғандығын көрсетеді;

3) «7500» коды - ӘК заңсыз араласу объектісі болып табылатынын көрсетеді.

307. Авариялық жағдай орын алған жағдайда ӘКК егер бұдан бұрын ӘҚҚ (ӘҚБ) органы басқа белгілі бір кодты пайдалану туралы нұсқау бермесе, қабылдағыш-жауап бергіште А режимінің «7700» кодын белгілейді. Бұл жағдайда ӘКК осы белгілі бір кодты ӘҚҚ (ӘҚБ) органынан басқа нұсқаулар алғанға дейін пайдаланады. ӘКК А режимінің «7700» кодын бұл іс-қимылдардың ең жақсы түрі болып табылады деп есептегенде негіздер болған жағдайларда таңдайды.

308. Егер ұшудағы ӘК заңсыз араласу объектісі болса ӘКК егер жағдай 7700 кодын пайдалануға мүмкіндік бермесе, жағдай туралы хабарлау үшін қабылдағыш-жауап бергіште А режимінің «7500» кодын белгілеу үшін барлық ықтимал әрекеттерді жасайды.

309. Егер экипаж А режимінің «7500» кодын таңдап жәнеоның салдарынан ӘҚҚ (ӘҚБ) органы оған бұл кодты растауға нұсқау берсе, ол жағдайға байланысты не кодты растайды, не мүлдем жауап бермейді.

ӘК экипажынан жауаптың болмауы ӘҚҚ (ӘҚБ) органы үшін «7500» кодын пайдалану кездейсоқ емес екендігін растайды.

Диспетчерлік қызмет көрсетуді және әуе кемелерін

эшелондау тәртібі

Әуе кеңістігін сыныптау

310. Әуе кеңістігін сыныптау әуе қозғалысында қызмет көрсету түріне, Ұшу қағидаларына (АҰҚ. ВҰҚ), ұшуға диспетчерлік рұқсаттың болу қажеттілігіне, әуе кемелерін өз араларында эшелондау, радиобайланысты енгізу бойынша талаптар, әуе кемелерінің ұшу жылдамдығы бойынша шектеулерге және тиісті метеорологиялық шарттарға байланысты жасалады.

311. ӘҚҚ әуе кеңістігі сыныпталады және мынадай түрде белгіленеді:

1) А класы. АҰҚ бойынша ұшуларға ғана рұқсат беріледі. Барлық әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетіліп, эшелондауға жатады;

2) В класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға ғана рұқсат беріледі. Барлық әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетіліп, эшелондауға жатады;

3) С класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі.. Барлық әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетуге жатады АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын өзге әуе кемелеріне қатысты эшелондауға жатады. ВҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемлері АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелеріне қатысты эшелондауға жатады және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне жатады.

4) D класы. АҰҚ бойынша орындалған ұшулар АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға орындаған басқа да әуе кемелеріне қатысты эшелондап орналастырады. ВҰҚ бойынша ұшуларды орындаған әуе кемелер АҰҚ бойынша ұшуларды орындаған әуе кемелермен салыстырғанда эшелондап орналастырылады. ВҰҚ бойынша ұшуларды орындаған әуе кемелер басқа да әуе кемелердің қозғалысына қатысты барлық ақпаратты алады.

5) Е класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі. АҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелері диспетчерлік қызмет көрсетуге жатады және АҰҚ бойынша орындайтын әуе кемелеріне қатысты диспетчерлік қызмет көрсетуге жатады.

6) F класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын барлық әуе кемелеріне әуе қозғалысының қызмет көрсету ұсынылады және барлық әуе кемелердің сұратулары бойынша барлық әуе кемелеріне ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ұсынылады.

7) G класы. АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшуларға рұқсат етіледі және сұрату бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ұсынылады.

312. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі мынадай тәртіпте жіктеледі:

1) 6100 м биіктіктен және одан асатын жоғары әуе кеңістігі және одан жоғары А класына жатады;

2) ӘҚҚ аудандары шекарасы шегінде төменгі әуе кеңістігі С класына жатады. Жер бетіне дейін биіктігі 6100 м эшелоннан бастап төменгі әуе кеңістігі және 1200 м эшелонға дейін төмен С класына жатады.

3) диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған әуеайлақтарының төменгі әуе кеңістігі С класына жатады;

4) диспетчерлік қызмет ұйымдастырылмаған төменгі әуе кеңістігі G класына жатады.

313. G класының әуе кеңістігі бақыланбайтын әуе кеңістігі болып табылады және бақыланатын әуе кеңістігі шекарасынан 300 м төмен орнатылады.

Бақыланбайтын әуе кеңістігінде диспетчерлік рұқсат талап етілмейді. Ұшуларды бақыланбайтын әуе кеңістігінде орындау кезінде радиомен хабарланатын хабарлар азаматтық авиация саласында ОВЧ диапазон жиілігінде уәкілетті орган бекіткен әуе кемелері іске асырады және қозғалыс туралы (ТІВА) ақпарат, жеткізулер және жақын маңда орналасқан басқа әуе кемелері пилоттарын мәлімдеу үшін консультативтік сипаттамасы бар тиісті қосымша ақпарат беру үшін тағайындалған. Тиісті органдарға іздестіру мен құтқару үшін хабарландыруды ұйымдастыру ӘК (ұшу аппараты) пайдаланушыға (иегеріне) жүктеледі.

314. Бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшуды ұйымдастыру, жоспарлау және орындау мәселелеріне қатысты әуе кемелерінің пайдаланушыларына (иегеріне) ұсынылатын талаптар осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.

315. Қазақстан Республикасының әуе кемелерінің белгіленген кластар шекаралары аэронавигация ақпараттың құжаттарында жарияланады.




Әуе кеңістігін ұйымдастыру


316. Әуе кемелерінің ұшуларын орындаудың және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етудің белгілі бір тәртібін орнату мақсатында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі тігінен жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.

317. Жоғары және төменгі әуе кеңістігі арасындағы шекара 760мм.рт.ст. (1013,25мбр/гПа.) атмосфералық қысымына сай келетін деңгейден 6100м биіктікте бекітіледі. Жеке жағдайларда жергілікті жағдайға байланысты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары және төменгі әуе кеңістігі арасындағы шекара басқа биіктікте орнатылады.

318. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарын, әуеайлақтар және әуетораптар аудандары, әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, әуе кемелерінің ұшуы үшін бағыттар мен арнайы аймақтар, бақыланбайтын әуе кеңістігі аудандары тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына арналған шектеу аймақтары және өзінің жиынтығында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің құрылымын құрайтын, әуе кеңістігінде қызметін жүзеге асыру үшін орнатылатын, басқа арнайы элементтер белгіленеді.

319. Жақын орналасқан әуеайлақтар оларда ұшуды үйлестіру мақсатында әуе тораптарына тез біріктіріледі.

320. Әуеайлақтар (әуе тораптар) ауданында SID– аспаптары бойынша ұшып көтерілудің стандартты бағытын, STAR (ағылшын тілінен қысқартылған аббревиатура STAR) – аспаптары бойынша келудің стандартты бағыттары немесе кіру және шығудың әуе дәліздері, сондай-ақ ұшып көтерілу және қону аймағы, күту және басқа аймақтар белгіленеді.

321. Әрбір әуеайлақ үшін көтеріліп ұшу және қону аймағы осы әуеайлақты ұшуды орындайтын әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамасын ескере отырып белгіленеді және өзінің барлық өлшемдері бойынша ұшып көтерілгеннен кейін жоғары биіктігін жинақтау үшін және қонуға отыру кезінде төмендеу үшін белгіленген маневрлерді қауіпсіз орындау маңыздылығын қамтамасыз етеді.

Ұшып көтерілу және қону аймағының жоғары шекарасы күту аймағының екінші эшелондарының биіктігінде орнатылады.

ӘҚҚ аудандарының және әуеайлақтар (әуе тораптар) ауданының әуе кеңістігіне қажет жағдайда жоспардағыдай да, биіктік бойынша да секторларға (бағыттарға) бөлінеді.

Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

322. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібін азаматтық авиация саласындағы Заң талаптарына және Әуе кеңістігін пайдалануц қағидаларына сәйкес уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының аэронавигациясының құжаттарында жарияланады.

323. Шектес мемлекеттермен шекараласатын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру ӘҚҚ шекара маңы органдарының өзара іс-қимылдың келісімді рәсімдері негізінде жүзеге асырылады.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері

324. Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің мынадай түрлері бар:

1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету, яғни бақыланатын әуе кеңістігінде мына мақсаттарда ұсынылатын қызмет көрсету:

әуе кемелері арасындағы және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болдырмау;

әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу;

2) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, оның мақсаты ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, кеңестер мен ақпарат беру болып табылады;

3) іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету болып табылатын авариялық хабардар ету.

325. Авариялық хабардар етумен мыналар қамтамасыз етіледі:

1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әуе кемелері;

2) апатқа ұшыраған, олар туралы әуе қозғалысына қызмет көрсету органына белгілі болған басқа әуе кемелері;

3) оларға қатысты, олар заңсыз араласу объектісі болып табылатыны мәлім немесе болжанатын әуе кемелері.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары (пункттер)

326. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету белгіленген жауапкершілік аймаққа байланысты мынадай түрде бөлінеді:

1) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;

2) жақындаған жерде диспетчерлік қызмет көрсету;

3) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету.

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді ӘҚҚ органдары қамтамасыз етеді, оларға мыналар жатады:

1) аудандық диспетчерлік орталық (пункт);

2) әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті).

ӘҚҚ үшін мынадай диспетчерлік пункттер ұйымдастырылады:

1) брифинг диспетчерлік пункті;

2) рульдеу диспетчерлік пункті (РДП);

3) бастапқы диспетчерлік пункт (БДП);

4) мұнара диспетчерлік пункті (МДП);

5) шеңбер диспетчерлік пункті (ШДП);

6) жақындаған жердің диспетчерлік пункті (ҚДП);

7) жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП);

8) аудандық диспетчерлік пункт (АДП).

Ұшудың аз қарқындылығы кезінде әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункттерін (РДП, БДП, МДП, ШДП, ҚДП, МДП,АДП) бірыңғай диспетчерлік пунктіне толық немесе ішінара, уақытша немесе тұрақты біріктіруді жүзеге асыруға рұқсат беріледі.

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді белгіленген жауапкершілік аймағы шегінде АДО (ӘҚАБ) диспетчері жүзеге асырады.

Жақындаған жердегі диспетчерлік қызмет көрсетуді белгіленген жауапкершілік аймағы шегінде ҚДП диспетчері қамтамасыз етеді.

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді белгіленген жауапкершілік аймағы шегінде әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті қамтамасыз етеді.

ҚДП, ЖДП диспетчерлік пункттері өздерінің жауапты аймақтарымен әуе кеңістігінің құрылымына байланысты АДО (ӘҚАБ) немесе ӘДО (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті) құрамына кіруі мүмкін.

Ұшу ақпарат орталықтары ұшу ақпаратының аудандары шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді және авариялық хабардар етуді қамтамасыз ету үшін құрылады, егер ұшу ақпаратының ауданы шегінде осындай қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік осындай жауапкершілікпен байланысты функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құралдары бар ӘҚҚ органына жүктеледі. Ұшу ақпарат орталығы функциясының бөлігі басқа ӘҚҚ (ӘҚБ) органына немесе аэроклубқа жүктелуі мүмкін.

327. Бірлескен орнықтыландыру әуеайлақтарында ӘҚҚ-ны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясының бірлескен орнықтыландыру әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

328. ӘҚҚ органы арасындағы әуе қозғалысына қызмет көрсетудің қабылдау-беру шектері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бекіткен Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес белгіленеді.

Әуе кемелерін басқару

329. Әуе қозғалысын басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

330. ӘҚБ органдары ӘҚБ орталықтарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды басқару пункттеріне бөлінеді.

ӘҚБ орталықтары әуе қозғалысын жоспарлауды және үйлестіруді, әуе кемелерінің қозғалысын тікелей басқаруды, ұшудың белгіленген режимдерін және жауапты аймақтарда әуе кеңістігін пайдалану тәртібін сақтауды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға уақытша режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді енгізуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік авиацияның ұшуды басқару пункттері арнайы жауапты аймақтарда жерде және ауада әуе кемелерін тікелей басқаруды жүзеге асырады.

331. Ерекше жағдайларда әуе қозғалысын және ӘҚБ органдарының қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, тікелей басқару тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында және Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықта белгіленген.

Бақыланатын әуе кеңістігінде тік, көлденең

және бүйірге қарай эшелондау ережелері

332. АҰҚ бойынша ұшу кезінде мынадай тігінен эшелондаудың ең аз аралықтары қолданылады:

1) 8850м (FL290) - 300м (1000 фут) төмен ұшу эшелонында;

2) 8850м (FL290) және 12500м (FL410) ұшу эшелондары арасында:

300м (1000 фут) – RVSM бар ұшуға рұқсат берілген ӘК арасында;

600м (2000 фут):

RVSM бар ұшуға рұқсат берілмеген мемлекеттік ӘК және RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын басқа да ӘК арасында;

RVSM әуе кеңістігіндегі топ құрамында ұшуды орындайтын барлық мемлекеттік ӘК мен басқа ӘК арасында;

RVSM өтудің әуе кеңістігі, RVSM бар ұшуға рұқсат берілмеген ӘК және басқа да ӘК арасында;

Екі ӘК RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындаса, істен шыққан радиобайланыспен ұшуды орындайтын ӘК және кез келген басқа да ӘК арасында;

3) 12500м (FL 410) - 600м (2000 фут) жоғары ұшу эшелондарында.

333. Төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде төменгі эшелон мен ұшу биіктігі арасындағы тік аралық кемінде 300м белгіленеді.

Төменгі эшелоннан төмен биіктіктерде 300 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен Көзбен шолып ұшу ережелері бойынша әуе кемелеріндегі ұшу 150 м арқылы, сағатына 300 км/сағаттан асатын жылдамдықпен – барлық жағдайда 300м арқылы эшелондалады.

334. Шеңбер бойынша ұшу биіктігі мен күту аймағының төменгі эшелоны арасындағы тігінен болатын қашықтық 300 м кем болмауы тиіс.

335. Әуеайлақ ауданында әуе кемелерінің арасындағы тік ара қашықтық кемінде 300 метрден кем болмауы тиіс. Төменгі эшелоннан төмен Көзбен шолып ұшу ережелері бойынша ұшуды орындайтын А санатты ұшақтар мен тікұшақтар үшін В, С, Д, Е санатты әуе кемелерінің ұшу бағыттарын кесіп өту жерлерінде радилокациялық бақылау және олардың арасындағы көлбеу қашықтық 5 км кем болмаса тігінен болатын арақашықтық кемінде 150 м белгіленеді.

336. Визуалды ұшу қағидалары мен Аспаптар жөніндегі ұшу ережелері бойынша әуе кемелерінің ұшуы үшін бір уақытта сол эшелонды (биіктікті) тағайындауға тыйым салынады.

337. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау жарты шар бойынша жүзеге асырылады:

1) 0-179° (қоса алғанда) дейінгі шынайы жол бұрыштарымен әуе тарссалары, жергілікті әуе желілері және белгіленген бағыттар бойынша мынадай ұшу эшелондары орнатылады: 900 м., 1500 м. (FL50), 2150 м. (FL70), 2750 м. (FL90), 3350 м. (FL110), 3950 м. (FL130), 4550 м. (FL150), 5200 м. (FL170), 5800 м. (FL190), 6400 м. (FL210), 7000 м. (FL230), 7600 м. (FL250), 8250 м. (FL270), 8850 м. (FL290), 9450 м. (FL310), 10050 м. (FL330), 10650 м. (FL350), 11300 м. (FL370), 11900 м. (FL390), 12500 м. (FL410), 13700 м. (FL 450), 14950 м. (FL 490);

2) 180- 359° (қоса алғанда) дейін 1200 м., 1850 м. (FL60), 2450 м. (FL80), 3050 м. (FL100), 3650 м. (FL 120), 4250 м. (FL140), 4900 м. (FL160), 5500 м. (FL180), 6100 м. (FL200), 6700 м. (FL220), 7300 м. (FL240), 7900 м. (FL260), 8550 м. (FL 280), 9150 м. (FL300), 9750 м. (FL320), 10350 м. (FL340), 10950 м. (FL360), 11600 м. (FL380), 12200 м. (FL400), 13100 м. (FL430), 14350 м. (FL 470).

338. ӘҚҰ органы ұшу эшелонын белгілеу бойынша жүзеге асырылады:

1) ауысу эшелонында (төменгі қауіпсіз эшелонда) және эшелонның нөмірінен жоғары (ӘК экипажының сұрау салуы бойынша тиісті ұшу эшелонын метрде белгілейді)

2) ауысу эшелонынан төмен (төменгі қауіпсіз эшелон) – метрде.

339. Ұшудың жалпы бағытының өзгеруіне байланысты маршруттың бұрылу пунктінде эшелонды ауыстыру кезінде жаңа эшелонға ие болу осы Ережемен белгіленген аралықты сақтай отырып, ӘҚҰ немесе ӘҚБ органдарының рұқсаты бойынша көрсетілген міндетті хабарлау пунктіне дейін 20 км ішінде орындалады.

340. Егер трассаның (бағыт) басым учаскелерінің берілген ақиқат жол бұрыштары бір шеңбердің жартылай шеңбер шегінде, ал жекелеген учаскелерде – бір шеңбердің басқа шегінде болса, онда барлық әуе трассалары (бағыты) үшін ұшудың қауіпсіздік шаралары сақтала отырып бірыңғай эшелондар белгіленеді.

341. Әуеайлақ (әуеторап) ауданында және күту аймағында тік эшелондау ұшудың белгіленген арақашықтықтарға сәйкес ұшудың берілген жол бұрыштарына тәуелсіз жүргізіледі.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница