Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница7/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Отынның аэронавигациялық қорын анықтау

232. Әуе кемесінде ұшу жоспарына сәйкес ұшып көтерілуден қонуға дейін ұшуды орындау үшін қажетті отынның есепті көлемінен басқа отынның аэронавигациялық қоры (бұдан әрі - ОӘҚ) көзделеді.

233. ОАҚ көлемі белгіленген әуеайлақтың ҰҚМ-дан немесе есеп бойынша кету межесінен қосалқы әуеайлаққа дейінгі ұшуды және стандартты температура жағдайларында күту аймағында қосалқы әуеайлақ үстінен 450 м биіктікте ұшу жылдамдығымен кемінде 30 минут ішінде ұшуды, қонуға кіруді және қонуды қамтамасыз етеді.

Қосалқы әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлақсыз кету межесін есептей отырып, ұшуға шешім қабылданған жағдайда белгіленген әуеайлаққа ұшып келудің есептік уақытына азаматтық ӘК бортында қалған отын көлемі шеңбер биіктігінде кемінде 1 сағат уақытпен ұшуды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте кету межесі белгіленген әуеайлаққа ұшып келудің есептік уақытына ӘК бортында қалған отын көлемі шеңбер биіктігінде 30 минут ұшудан кем болмайтындай түрде анықталады.

234. Азаматтық әуе кемелері үшін ОАҚ ҰПБ-ға және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес есептеледі, барлық жағдайларда кемінде мынадай ұшу уақытын қамтамасыз етеді:

1) газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін 60 минут;

2) поршеньді қозғалтқыштары бар ұшақтар үшін 45 минут;

3) тікұшақтар үшін 20 минут.

235. ОАҚ көлемі туралы түпкілікті шешім белгіленген және қосалқы әуеайлақтар мен белгіленген әуеайлаққа және қосалқы әуеайлақтарға дейінгі арақашықтықтарда ұшу бағыты бойынша аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайға байланысты ӘКК қабылдайды.

236. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері үшін отынның аэронавигациялық қоры осы ӘК ҰПБ-ға сәйкес есептеледі

Ерекше жағдайларда ұшу

237. Ерекше жағдайлардағы ұшуларға мыналар жатады:

1) таулы жерлердегі ұшулар;

2) бағдарсыз және шөлді жерлердің үстінен және су бетінің үстінен ұшулар;

3) төмен биіктіктердегі және шекті-төмен биіктіктердегі ұшулар;

4) стратосферадағы ұшулар;

5) қиын орнитологиялық жағдайдағы ұшулар;

6) азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган бекіткен Ұшуларды жүргізу қағидаларында айқындалатын, басқа да ұшулар.

238. Ерекше жағдайлардағы ұшулар авиация саласындағы ұшуларды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұшудағы ерекше жағдайлар

239. Ұшудағы ерекше жағдайларға мыналар жатады:

1) әуе кемесінің қауіпті метеорологиялық құбылыстарға тап болуы;

2) қозғалтқыштың (қозғатқыштардың) істен шығуы;

3) ұшу жоспарын немесе бейінін өзгерту қажеттігіне, оның ішінде, мәжбүрлі қонуға әкеп соғатын әуе кемесі жүйелерінің істен шығуы;

4) әуе кемесіндегі өрт;

5) тұрақтылықты, басқарылуды жоғалту, беріктіктің бұзылуы;

6) радиобайланыстың жоғалуы (борттық немесе жер үсті радиобайланыс жүйелерінің істен шығуы);

7) бағдарды жоғалту;

8) экипажға немесе жолаушыларға шабуыл;

9) экипаж мүшелерінің немесе жолаушылардың жарақаттануы немесе олардың денсаулығының күрт нашарлауы;

10) әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону;

11) қону әуеайлағындағы ӘІБ радионавигациялық құралдарының немесе радиотехникалық жабдықтарының істен шығуы;

12) авариялық жағдайларда парашюттерді қолдану

240. Ерекше жағдайлардың орын алғандығы туралы ӘКК шұғыл түрде ӘІБ диспетчерлік органына хабарлайды. Негізгі арна бойынша байланыс жүргізу қиындаған кезде 121,5 МГц авариялық жиілігіне өту қажет.

241. Тану аппаратурасының апат дабылы мына жағдайларда қосылады:

1) қозғатқыштың (қозғатқыштардың) істен шығуы;

2) әуе кемесіндегі өрт;

3) тұрақтылықты, басқарылуды жоғалту, әуе кемесі беріктігінің бұзылуы;

4) радиобайланыстың істен шығуы;

5) бағдарды жоғалту;

6) экипажға (жолаушыларға) шабуыл;

7) әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону;

8) авариялық жағдайларда парашюттерді қолдану;

9) жедел төмен түсу.

242. Ұшуда ерекше жағдайлар орын алған кезде ұшуды және ӘК жүйелерін басқару осы ӘК ҰПБ талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Ерекше жағдайларда ҰПБ-ға сәйкес операцияларды орындау кезінде экипаж мүшелері өздерінің барлық іс-қимылдары туралы әуе кемесінің командиріне баяндауға міндетті.

243. Ұшуды жалғастыру экипаж бен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген жағдайларда ӘКК әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуға немесе егер, экипаж бен жолаушылар парашюттермен қамтамасыз етілген болса, әуе кемесін тастап шығуға шешім қабылдайды.

Әуе кемелерінің қауіпті метеорологиялық құбылыстарға тап болуы

244. Ұшуға қауіпті метеоқұбылыстарға мыналар жатады:

1) ұшып көтерілу және қону әуеайлағында – найзағай, бұршақ, тынымсыз ұшу, қатты жел ығысуы, мұзтайғақ, қатты мұз басу, құйын, дауыл, қатты тозаңды боран, жауын-шашынның қатты нөсерлеуі, жанартау күлі;

2) ұшу бағыты бойынша - бұршақ, найзағай, қатты мұз басу, тынымсыз ұшу, әуе кемесінің қатты электрленуі, жанартау күлі, радиоактивті бұлттар.

245. Ұшу бағыты бойынша ұшуға қауіпті метеоқұбылыстарға тап болған кезде ӘКК оларды айналып өту үшін шаралар қабылдайды. Оларды айналып өту мүмкін болмаған кезде бағытты немесе ұшу биіктігін өзгерту жолымен экипаж ұшып көтерілу әуеайлағына қайта оралады немесе жақын жердегі қосалқы әуеайлаққа қонуды жүргізеді. Тікұшақ командиріне бұл жағдайда әуеден таңдап алынған алаңға қонуды жүргізуге рұқсат етіледі.

246. ӘК ұшуына қауіпті метеорологиялық жағдайлар ауа-райы болжамдарында және қауіпті метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулерде, оның ішінде «SIGMET» ақпаратында көрсетіледі, сондай-ақ метеорологиялық қызмет ұшуды ұйымдастырып отырған адамдарға, ӘК мұндай жағдайларға тап болуын болдырмауға шаралар қабылдайтын ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына және ӘК экипаждарына жеткізеді.

247. Ұшуда қауіпті метеорологиялық құбылыстар аймағына жақындау белгілері пайда болған немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарынан тиісті ақпарат алынған кезде ӘКК осы және артқы эшелонда ӘКК-ге өз бетінше бұл туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына шұғыл түрде баяндай отырып, эшелонды өзгертуге рұқсат етілетін ұшу қауіпсіздігіне қатерлердің туындау жағдайларын қоспағанда, бағыттың немесе ұшу эшелонының (биіктігінің) өзгеру себептері туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына шұғыл түрде хабарлай отырып, қауіпті аймақты айналып өту үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) істен шығуы

248. 100 м дейінгі биіктіктерде (оның ішінде - ұшуда) бір қозғалтқышы бар ӘК-де қозғалтқыш істен шыққан кезде ӘКК дереу кедергілермен соқтығысуды болдырмай, өз алдында мәжбүрлі қонуды жүргізеді. Егер қозғалтқыштың істен шығуы 100 м астам биіктікте болса, ӘКК-ге әуе кемесінің ықтимал бұзылуын барынша төмендете отырып, мәжбүрлі қону үшін жарамды алаңды таңдауына рұқсат етіледі.

249. Бірнеше қозғалтқыштары бар ӘК-де қозғалтқыш (қозғалтқыштар) істен шыққан кезде ӘКК мыналарға:

1) ұшып көтерілу әуеайлағында қонуды жүргізуге;

2) отынның бір бөлігін төгуге немесе ұшу жағдайларын жақсарту үшін жүкті тастауға;

3) жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштардың кез келген режимін пайдалануға;

4) бағдарлы ұшуда жақын жердегі әуеайлаққа (оның ведомстволық тиістілігіне қарамастан) дейін ұшуды жалғастыруға және оған қонуды жүргізуге құқылы. ETOPS қағидалары бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелері үшін ұшуды белгіленген шекті уақыт шеңберінде орналасқан жарамды әуеайлаққа дейін жалғастыру керек.

Экипаж ұшуда істен шығу (өрттен басқа) белгілері бойынша бір қозғалтқыш өшіп қалған жағдайда үш және одан көп қозғалтқыштары бар әуе кемелерінде ӘКК-ге белгіленген әуеайлаққа дейін ұшуды жалғастыруға құқық беріледі.

250. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарда (қозғалтқышта) ұшуды жалғастыру мүмкін болмаса және ұшу қауіпсіздігіне нақты қатер туындаса ӘКК:

1) ҰПН талаптарына сәйкес қажетті іс-қимылдарды орындайды;

2) тану аппаратурасының апат дабылын қосады;

3) кез келген әуеайлаққа, оның ішінде, ұшып көтерілу әуеайлағына немесе егер нақты қалыптасқан жағдайда мұндай қону жақын жердегі әуеайлаққа дейін ұшуға қарағанда, қауіпсіздікке аз қатер төндірсе, әуеайлақтан тыс қонуды жүргізеді.

Әуе кеме жүйесінің істен шығуы

251. Ұшу жоспарын өзгерту қажеттігіне, оның ішінде мәжбүрлі қонуға әкеп соғатын ӘК жүйелері (агрегаттары) істен шыққан кезде ӘКК ӘК бұзылуын болдырмау үшін барлық ықтимал шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді және жағдайға қарай, ұшу тапсырмасын жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.

252. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы ұшу тапсырмасын өзгерту қажеттігіне, оның ішінде мәжбүрлі қонуға әкеп соғатын ӘК жүйелерінің (агрегаттарының) істен шыққаны туралы хабарды ала отырып, ӘК тұрған жерін анықтайды және оның ұшуын бақылай отырып, жағдайға және істен шығу сипатына сәйкес экипажға ықтимал көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. ӘҚҚ (ӘҚБ) органына және қону әуеайлағының іздестіру-құтқару қызметіне авариялық-құтқару құралдарын дайындау үшін орын алған жағдайлар туралы шұғыл түрде хабарланады.

253. Ұшуда ӘК-ні тоқтан ажырату кезінде экипаж ҰПБ талаптарына сәйкес әрекет етеді.

Электрмен қоректендірудің резервтік көздері жоқ болған немесе оларды пайдалану мүмкін болмаған кезде ӘКК:

1) ҰҚЖ бойынша ұшу кезінде жақын жердегі әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс қонуды жүргізеді;

2) ҰҚЖ бойынша ұшу кезінде көзбен шолып ұшуға өтуге шаралар қабылдайды;

3) визуалды ұшуға өту қауіпсіздігіне сенімділік болмағанда, бірақ ұшуды жалғастырудың техникалық мүмкіндігі болса, бұлттардың үстінен ұшу кезінде визуалды ұшуға өту немесе өзінің ұшу эшелонында (биіктігінде) тікбұрышты бағыт схемасы бойынша күту режимінде ұшуды орындау мүмкін ауданға өту керек.

254. ӘҚҚ (ӘҚБ) пунктінің диспетчері ӘК-мен байланыс тоқтатылғанын белгілей отырып және радиолокациялық құралдар көмегімен оның тұрған жерін анықтай отырып:

1) апатқа ұшырайтын ӘК басқа әуе кемелерімен жақындасу мүмкіндігін болдырмайтындай түрде қозғалысты бақылауды және басқаруды қамтамасыз етеді;

2) қонуға кіруде көмек көрсету үшін осы аудандағы басқа ӘК-мен радиобайланысты жоғалтқан ӘК озу мүмкіндігін пайдаланады.

255. Жедел құлдилауды орындауды талап ететін кабинаны герметизациялау кезінде, экипаж:

1) оттегі маскаларын қолданады;

2) эшелоннан төмен 4200м биіктікке дейін, бірақ ұшу ауданындағы қауіпсіз эшелоннан төмен биіктіктен төмен емес жағдайларда ҰПБ талаптарына сәйкес әрекет ете отырып, жедел құлдилауға кіріседі;

3) тану аппаратурасының апат дабылын қосады;

4) жолаушылардың денсаулық жағдайын тексереді және қажеттілігіне қарай оларға көмек көрсетеді;

5) белгіленген әуеайлаққа немесе жақын жердегі қонуға жарамды әуеайлаққа қону туралы шешім қабылдайды.

Әуе кемесіндегі өрт

256. Әуе кемесінде өрт пайда болған кезде ұшу экипажы:

1) жедел құлдилауға кіріседі және бір мезгілде өрт жою үшін барлық қол жетімді құралдарды қолданады;

2) апат дабылын береді (қосады) және қайталама локация жауап бергіші болған кезде оған 7700 кодын белгілейді.

257. Қалыптасқан жағдайға байланысты ӘКК шешімі бойынша ұшу экипажы жақын жердегі қонуға жарамды әуеайлаққа дейін ұшуды жалғастырады, немесе әуеайлақтан тыс қонуды жүргізеді.

258. Ұшу кезеңінде ӘК-де өрт пайда болған (ұшудан кейінгі биіктік терімі) және оны жою мүмкін болмаған кезде ӘКК өзінің қалауы бойынша:

1) ұшып көтерілу әуеайлағына, оның ішінде белгіленген пайдалану минимумынан төмен метеожағдайларда қонуға арналған ең қысқа бағдар бойынша кіруді орындайды;

2) әуеайлақ ауданында ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта көзделген алаңға жедел қонуды жүргізеді (әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен);

3) әуеден таңдап алынған алаңға қонуды жүргізеді.

Тұрақтылықты, басқаруды жоғалту, беріктіктің бұзылуы

259. Тұрақтылықты, басқарылуды жоғалту, беріктіктің бұзылуы кезінде ӘКК:

1) апат дабылын береді (қосады) және қайталама локация жауап бергіші болған кезде оған 7700 кодын белгілейді;

2) егер болған оқиғалар ҰПН-да немесе оған балама құжатта көзделсе, ҰПБ талаптарына сәйкес әрекет етеді;

3) егер болған оқиғалар ҰПН-да немесе оған балама құжатта көзделмесе, онда ӘК экипажының әрбір мүшесінің тәжірибесі мен мүмкіндігін пайдалана отырып, қалыптасқан жағдайға сәйкес әрекет етеді.

260. Радиобайланыс оның қолда бар арналарын пайдалану кезінде 5 минут ішінде олардың әрқайсысы бойынша бірнеше шақыруларға ӘК экипажы немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органы жауап бермесе жоғалды деп саналады.

Радиобайланысты жоғалту (радиобайланыстың борттық немесе жерүсті радиобайланыс жүйесінің істен шығуы)

261. Радиобайланыс оның қолда бар арналарын пайдалану кезінде 5 минут ішінде олардың әрқайсысы бойынша бірнеше шақыруларға ӘК экипажы немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органы жауап бермесе жоғалды деп саналады.

262. Радиобайланысты жоғалтқан кезде ӘК экипажы:

1) «Апат» дабылын береді (қосады) және қайталама локация жауап бергіші болған кезде оған 7600 кодын белгілейді

2) басқа әуе кемелерімен не басқа да ӘҚҚ (ӘҚБ) пункттері арқылы ӘІБ (ӘІБА) органымен байланысты қалпына келтіруге шаралар қабылдайды;

3) қажеттілігіне қарай 121,5МГц авариялық жиілікті пайдаланады;

4) оны ӘҚҚ (ӘҚБ) органының қабылдағаны туралы растауды күтпей, қабылданған шешім, ӘК тұрған жері мен ұшу биіктігі туралы ақпарат беруді жалғастырады;

5) радиобайланыс арналары арқылы және жетекті радиостанция жиілігінде, сондай-ақ VOR (DVOR) жанжақты бағытталған радиоамяк жиілігіндегінұсқаулар және ӘҚҚ (ӘҚБ) органының нұсқаулары мен ақпаратын тыңдауды жалғастырады.

263. Ұшып көтерілуден кейін радиобайланыс жоғалған кезде ӘКК белгіленген схема бойынша ұшуды орындайды және ұшу әуеайлағына қонуды жүргізеді.

Бұл жағдайда ӘКК ең төменгі шектен төмен метеорологиялық жағдайларда қонуды жүргізуге рұқсат етіледі.

264. Ұшып көтерілуден кейін ұшу әуеайлағына қонуды жүргізу мүмкін болмаған жағдайларда (метеорологиялық жағдайлар бойынша немесе ӘК массасы қону массасынан асып түссе және отынды төгу үшін жағдайлар жоқ болса), ӘКК-ге :

1) ӘҚҚ (ӘҚБ) органы берген шарттарға сәйкес белгіленген әуеайлаққа қонуға;

2) ӘҚҚ (ӘҚБ) органы берген эшелондағы қосалқы әуеайлаққа немесе жақын жердегі эшелонға (тігінен эшелондау қағидасына сәйкес), бірақ төменгі (қауіпсіз) эшелоннан төмен емес қонуға рұқсат етіледі. Ұшу төменгі (қауіпсіз) эшелонда орындалған жағдайда қосалқы әуеайлаққа ең жақын үстіңгі эшелонға қонуға рұқсат етіледі.

265. Берілген эшелонға (биіктікке) дейін биіктікке көтерілу сатысында радиобайланыс жоғалған кезде ӘКК құлдилау және қонуға кірудің белгіленген схема бойынша қонуды жүргізуге рұқсат етіледі. Ұшу әуеайлағына қонуды жүргізу мүмкін болмаған кезде ӘКК белгіленген әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлаққа қону туралы шешім қабылдайды.

266. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы берген көтерілуден кейін радиобайланыс жоғалған кезде ӘК белгіленген әуеайлаққа немесе қону жолында орналасқан қосалқы әуеайлаққа ұшуы осы эшелонда (биіктікте), ал жақын жердегі ұшу әуеайлағына қайтып оралу - төменгі эшелонда орындалады. ӘК ұшуы төменгі (қауіпсіз) эшелонда орындалған жағдайда ұшу әуеайлағына ең жақын үстіңгі эшелонда қону қажет.

267. Төмендеу сатысында радиобайланыс жоғалған кезде ӘКК бұдан бұрын ӘҚҚ (ӘҚБ) органы берген эшелонға (биіктікке) көтеріледі және кейіннен белгіленген схема бойынша қонуға кіре отырып, осы эшелонда (биіктікте) қону әуеайлағына ұшуды орындайды. Белгіленген әуеайлаққа қонуды жүргізу мүмкін болмаған кезде ӘКК-ге төменгі (қауіпсіз) эшелонда қосалқы әуеайлаққа немесе ұшу бағытына байланысты 4250м (FL140), 4550м (FL150) немесе 7300м (FL240), 7600м (FL250) ұшу үшін арнайы белгіленген радиобайланысы жоқ эшелондарда қону туралы шешім қабылдауға рұқсат етіледі.

268. Радиобайланыс жоғалған жағдайда ӘК экипажы радиобайланыс жоғалған сәтке дейін ӘҚҚ (ӘҚБ) органы берген, бірақ ұшу бағыты бойынша ең төменгі қауіпсіз эшелоннан (биіктіктен) төмен емес биіктікке көтеріледі.

269. «Ауа-жер» борт немесе жерүсті жүйесінің радиобайланыс жүйесі істен шығуынан болған радиобайланыс жоғалған кезде ӘҚҚ органы диспетчерлері ӘҚҚ диспетчерлерінің жұмыс технологиясына сәйкес әрекет етеді.

270. Ұшу әуеайлағына қайта оралған кезде немесе қонудың кері қайту жолы бағытында орналасқан қосалқы әуеайлаққа кеткен кезде ӘК ұшуы ұшу жоспарында немесе ілеспе төменгі, бірақ қауіпсізден төмен эшелонда емес радиобайланысы жоқ ұшуларға арналған ұшудың қайталанатын жоспарында мәлімделгенге жақын эшелонда орындалады.

271. АҰҚ бойынша ұшу кезінде радиобайланыс жоғалған жағдайларда ӘКК ВҰҚ бойынша ұшуға өту мүмкіндігін бағалайды және белгіленген әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлаққа (ұшуға шешім қабылданған кезде таңдап алынған) қону немесе ұшу әуеайлағына қайта оралу туралы шешім қабылдайды.

Белгіленген әуеайлаққа қонуға шешім қабылданған жағдайда:

1) ұшуды көрсетілген ұшу жоспарында немесе ұшудың қайталанатын жоспарында мәлімделгенге жақын эшелонда (биіктікте) орындау керек;

2) қонуға кіру үшін құлдилауды қонуға кіру схемасы негізделген радиотехникалық құрал ұшып өткен соң жарияланған схема бойынша бастау керек.

Қосалқы әуеайлаққа қонуға шешім қабылданған жағдайда (ӘК үлгісіне және отын қорына байланысты) ӘК ұшуын ұшу кезінде берілген эшелонда немесе ұшу үшін белгіленген байланысы жоқ ұшу бағытына байланысты биіктікте орындау керек.

272. Байланыс жоғалған кезде негізгі немесе қосалқы әуеайлақта қонуға құлдилауды және кіруді ӘКК белгіленген схема бойынша ең жоғары байқағыштықты сақтай отырып, жүргізеді.

273. Түнде радиобайланысы жоқ ұшу кезінде экипажға қону фараларын мерзімді түрде қоса отырып немесе борт шамдарын жағып-сөндіріп ӘК тұрған жерін белгілеу қажет.

274. Қону бойынша (екінші айналымға кету) үзілген кіруден кейін белгіленген әуеайлаққа қонуды жүргізу мүмкін болмаған кезде ӘКК төменгі қауіпсіз эшелонға радиобайланысы жоқ ұшуға белгіленген эшелонға төмендей отырып, шығу схемасы бойынша қосалқы әуеайлаққа қону керек.

Қосалқы әуеайлақтағы қонуға кіру үшін төмендеп қонуға ену схемасы негізделген радиотехникалық құрал ұшып өткен соң жүргізіледі.

Егер байланысты жоғалтқан ӘК ұшып келген сәтте қону әуеайлағындағы метеорологиялық жағдайлар қону үшін ең төменгі шектен төмен болса, мұндай жағдайларда ӘКК-ге қонуды жүргізуге рұқсат етіледі.

275. ВҰҚ бойынша ұшу кезінде радиобайланыс жоғалған кезде ӘКК қиын метеорологиялық жағдайларға кезігуді болдырмай осы биіктікте (эшелонда) ВҰҚ бойынша белгіленген әуеайлаққа қонады.

Егер ВҰҚ бойынша белгіленген әуеайлаққа ұшуды жалғастыру мүмкін болмаса, метеорологиялық жағдайлары Визуалды ұшу қағидалары бойынша қонуды жүргізуге мүмкіндік беретін қосалқы әуеайлаққа қону қажет.

ӘК экипажы оны ӘҚҚ (ӘҚБ) органының қабылдағаны туралы растауды күтпей ақпарат берудің қол жетімді құралдарының көмегімен ӘҚҚ (ӘҚБ органына өзінің ұшып келгендігі туралы хабарлайды.

276. Радиобайланыс орнату мүмкін болмаған кезде ӘК экипажы алдында «Байланыс істен шықты. Растаусыз жеткіземін» деген сөз шығатын белгіленген және авариялық жиіліктерде ӘК тұрған жері туралы хабарлайды.

277. Жерүсті байланыс құралдары істен шыққан кезде ӘҚҚ (ӘҚБ) органы резервтік құралдар мен арналарды пайдалана отырып, байланысты қалпына келтіру шараларын қабылдайды және басқаруды басқа ӘҚҚ (ӘҚБ) органына береді.

278. Халықаралық ұшуды орындау кезінде радиобайланыс жоғалған жағдайларда радиобайланыстың істен шығуы ӘК Қазақстан Республикасы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының тікелей басқаруында болған немесе одан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат алғаннан кейін болған жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге тыйым салынған.

279. Өзге мемлекеттің әуе кеңістігінде радиобайланыс жоғалған кезде Қазақстан Республикасының ӘК экипажы мұндай жағдайлар үшін көзделген осы мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшу қағидаларының талаптарын орындайды.

280. Әуеайлаққа қонуды қамтамасыз ететін радиотехникалық құрал істен шыққан және метеорологиялық жағдайлар бойынша қонуға визуалды кіру мүмкін болмаған кезде осы әуеайлақтың ӘҚҚ (ӘҚБ) органы ӘК-ні қосалқы әуеайлаққа жібереді.

Бағдарды жоғалту

281.Бағдарды жоғалтқан кезде экипаж:

1) апат дабылын қосады;

2) радио арқылы «Полюс» дабылын береді;

3) ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчеріне отынның қалдығы және ұшу жағдайлары туралы баяндайды;

4) ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчерінің рұқсатымен радиолокациялық құралдармен ӘК табу үшін ең ыңғайлы ұшу эшелонына (биіктігіне) шығады;

5) ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчерлік пунктінің ұсынымын пайдалана отырып, аталған жағдайларда бағдарды қалпына келтірудің барынша ұтымды әдістерін қолданады;

6) бағдарды уақтылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда отынның толық жануына жол бермей, қараңғы түскенге дейін кез келген әуеайлаққа немесе әуеден таңдап алынған алаңға қонуды жүргізеді.

282. Егер экипаж осы себепті белгіленген әуеайлаққа мәжбүрлі қонуды жүргізбесе, бағдар толық жоғалған болып есептеледі.

283. Егер ӘК-ні экипаж өз бетінше немесе кейіннен белгіленген әуеайлаққа қона отырып, берілген бағытта жерүсті РТҚ көмегімен ӘҚҚ (ӘҚБ) өздігінен диспетчер шығарса бағдар уақытша жоғалған болып есептеледі.

Экипажға немесе жолаушыларға шабуыл

284. Экипажға (жолаушыларға) шабуыл жасалған немесе шабуыл қаупі туындаған кезде ӘКК арнайы нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді.

285. Экипаж мүшелері мүмкіндігіне қарай апат дабылын береді, шабуыл туралы, өзінің шақыру хабарламасын, тұрған жерін (координаттарын), биіктігін, ұшу бағамы туралы хабарлайды.

Экипаж мүшелерінің немесе жолаушылардың

денсаулық жағдайы күрт нашарлауы немесе жарақат алулары

286.Экипаж мүшелерінің немесе жолаушының (жолаушылардың) денсаулық жағдайы күрт нашарлаған немесе олар жарақат алған жағдайда ӘКК оған (оларға) мүмкін медициналық көмек көрсетеді және жағдайға байланысты ұшуды жалғастыру немесе тоқтату туралы шешіма қабылдайды.

287. Әуе кемесінің командирі денсаулық жағдайы күрт нашарлаған кезде ол ұшуды жалғастыра алмаса, тапсырманы орындау тоқтатылады және уақытша әуеайлаққа қонуға дейін оның функцияларын пилот (ұшқыш) мамандығы бар тексеруші немесе екінші пилот (тексеруші болмаған кезде) орындайды. Егер екінші пилот ҰШН (экипаж нұсқаулығы) көзделмесе, ұшу тапсырмасының орындалуы тоқтатылады.

288. ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчерлік органы кенеттен тыс экипаж мүшесінің немесе жолаушының денсауылғы нашарлауына (жарақаттануына) байланысты ұшуды тоқтату туралы хабарлама қабылдағанда ӘК ең жақын орналасқан әуеайлаққа шығұын және кезектен тыс қонуын қамтамасыз етеді.

Әуеайлақтан тыс мәжбүрлік қону

289. Егер ұшуды жалғастыру жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген жағдайда ӘКК әуеайлақтан тыс мәжбүрлік қону туралы шешім қабылдайды. Егер жағдай мүмкін болса, ӘКК экипаж мүшелеріне және ӘҚҚ (ӘҚБ) органына өз шешімі туралы хабарлайды, соның ішінде болжанып отырған қонудың орны мен уақытын, апат дабылын береді (қосады) ал қайталама локация жауап берген кезде 7700 кодын белгілейді және жолаушыларды хабарландырады.

Штурман (екінші пилот) экипаж мүшелеріне ӘК тұрған орнын, жақын жердегі әуеайлаққа немесе елді мекенге дейінгі бағытты және арақашықтықты, ал су бетінде жағаға дейінгі бағытты және арақашықтықты хабарлайды.

290. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонудан кейін ӘКК экипажы жолаушыларға қажет көмек көрсетеді және байланыс құралдарын пайдалан отырып, жақын жердегі әуеайлаққа немесе жергілікті атқарушы органдарға мәжбүрлі қону уақыты, орны, экипаж мүшелерінің, жолаушылардың, әуе кемесінің жағдайы және қажетті көмек туралы хабарлайды.

291. Гидроұшақтың су бетіне мәжбүрлі қонуы жағаға немесе корабльге (кемеге) мүмкіндігінше жақын жүргізіледі.

292. Гидроұшақтың түнде су бетіне мәжбүрлі қонуы су бетінің жағдайын, желдің жылдамдығы мен бағытын айқындау мүмкін емес кезде, егер мүмкін болса, борттық жарық-техникалық жабдығын қолдана отырып, «ай жолы» бойынша жүргізіледі. Түнде су бетіне мәжбүрлі қонуды жасаған гидроұшақты табу үшін аэронавигациялық және жарқырағыш оттар қонудан кейін қосылған күйінде қалады.

293. Мәжбүрлі қону орнын ұшып көтерілуге мына жағдайларды орындау кезінде рұқсат етіледі:

1) ӘК бұзылуларды жою шартымен (егер олар орын алса);

2) ұшып көтерілу үшін барлық жағдайлар сәйкес келген кезде;

3) мәжбүрлі қону жағдайларын тексеретін Комиссия төрағасының ұшуға рұқсат беруі;

4) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының ұшуға рұқсат беруі.

294. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда (табиғат апаттары, жарақаттанғандарға жедел медициналық көмек көрсету қажеттігі), ӘКК ұшып көтерілу уақыты, ұшу биіктігі және бағыты туралы кейіннен ӘҚҚ (ӘҚБ) органына баяндай отырып, өздігінен ұшуға шешім қабылдайды.

295. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону орнынан ұшар алдында ӘКК төңіректі (акватория) қарайды, оның ұшуға жарамдылығын анықтайды және қажеттілігіне қарай қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдайды.

ӘҚБ радионавигациялық құралдарының немесе қону әуеайлағында радиотехникалық жабдықтардың істен шығуы

296. ӘҚҚ (ӘҚБ) диспетчерлік органынан ӘҚҚ (ӘҚБ) ауданында радиолокациялық құралдардың істен шығуы туралы хабар алған кезде осы ауданда ұшуды орындап жатқан ӘКК бағыттағы бақылау нүктелерін ұшып өткен кезде өзінің тұрған жері туралы хабарлай отырып, визуалды және борттық радиолокациялық құралдардың көмегімен берілген эшелонды, ұшу жылдамдығы мен бағыттарын ұстай отырып, ұшуды жалғастырады.

297. Қонуды қамтамасыз етудің радиолокациялық құралдары және/немесе қону әуеайлағындағы байланыс құралдары істен шыққан және метеорологиялық жағдайлар бойынша осы әуеайлақта визуалды кіруді және қонуды орындау мүмкін болмаған кезде ӘКК екінші айналымға кетеді және/немесе қосалқы әуеайлаққа қонады.

Қосалқы әуеайлаққа кету мүмкін болмаған жағдайда (отынның жетіспеуі, авиациялық техниканың бұзылуы) ӘКК қону әуеайлағының ең төменгі шегінен төмен ауа райында қонуды жүргізеді.

Авариялық жағдайларда парашюттерді қолдану

298. Парашютті десанттарды түсіруге арналған ұшуларды немесе парашютпен жүк түсіруді орындаған кезде, сондай-ақ, егер бұл оқу ұшуларына арналған тиісті нұсқаулықта көзделсе, экипаждың барлық мүшелерінің және ұшуға қатысатын басқа да адамдардың орнатылған сақтандыру аспаптары бар жеке парашюттері болуға тиіс.

Парашюттердің аспалы жүйелері барлық ұшу уақыты ішінде киілуге тиіс.

Ұшуда парашюттерді шешуге киілген парашютпен жұмысты орындау мүмкін болмаған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

299. ӘК-ден парашютпен түсер алдында авариялық жағдайларда экипаж мүмкіндігіне қарай өзінің орналасқан жерін көрсете отырып, бұл туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды, дабылын береді (қосады), сондай-ақ, (бұл мүмкін болса) автопилотты қосуға, ылдилы глиссада бойынша құлдилай отырып, аз қоныстанған аудан бағытына бағдарды белгілеуге, тану аппаратурасының кодтық құрылғысын жоюға, одан кейін ӘК тастап кетуге тиіс.

Экипаж мүшелері және борттағы басқа да адамдар ӘКК нұсқауы бойынша парашюттерде ӘК тастап шығады. Командир ӘК-ні соңғы болып тастап шығады.

300. Авариялық түсуден басқа парашютпен түсу бұл авиация саласындағы тиісті уәкілеттік орган ұйғарған жағдайларда және бұл әуе қозғалысын (әуе қозғалысын басқару) тиісті органнан алынған тиісті ақпаратта, ұсынымда және (немесе) рұқсатта көрсетілетіндей жасалған жағдайларды қоспағанда жүргізілмейді.

Ұшуға заңсыз араласу

301. Әуе кемесіне оған қатысты, ол заңсыз араласу әрекетіне тап болатыны белгілі немесе болжанатынына барынша назар аударылады және ӘҚҚ (ӘҚБ) органы тарапынан нақты жағдайларға сүйене отырып, басқа әуе кемелерімен салыстырғанда басымдық беріледі.

302. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы қажеттілігіне қарай авариялық жағдайда тұрған әуе кемелерімен радиобайланысты орнату және ұстап тұру үшін резервте тұрғандарын қос алғанда, барлық қолда бар байланыс құралдарын пайдаланады.

303. Заңсыз араласу объектісі болған әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органы әуе кемесіне қызмет көрсетудің бірінші кезектілігін қамтамасыз етуі үшін осы, оған байланысты барлық фактілер, маңызды жағдайлар және осы жағдайлар туындауына әкелген кез келген ағымдағы жоспардан ауытқулар туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлауға әрекет жасайды.

304. Әуе кемесінің бортында қалыптасқан жағдайға байланысты бұл мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, әуе кемесінің командирі берілген жол желісі бойынша және ұшудың берілген крейсерлік эшелонда (биіктікте), қалай болғанда да ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлау мүмкіндігі пайда болғанға немесе ӘК радиотехникалық станцияларының әрекет ету аймағы шеңберінде қалмаған кезге дейін ұшуды жалғастыруы керек.

305. Заңсыз араласу әрекетіне тап болған ӘК ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарымен радиотелефон байланысын орнату мүмкіндігі болмай, берілген жол немесе берілген крейсерлік эшелон желісінен ауытқуы тиіс болған кезде ӘКК мүмкіндігіне қарай:

1) ӘК бортында қалыптасқан жағдайға байланысты бұл мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, авариялық АЖЖ-радиобайланысы және басқа да тиісті жиіліктерде ескертуді жіберуге тырысуы керек. Сондай-ақ, бұл орынды және жағдай жол беретін болса, мәліметтерді беру желілері, борттық қабылдағыш-жауап бергіштер сияқты басқа да жабдықты пайдалану керек;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница