Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница6/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Әуе кемесінің ұшу биіктігінің (эшелоны) есебі


183. Әуе кемесінің ұшу биіктігінің (эшелон) есебі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Биіктікті анықтауда мыналар есептеледі:

1) әуеайлақ ауданының төменгі эшелоны (ауысу эшелоны);

2) 760мм.рт.ст. немесе 1013,25мбар (гПа) атмосфералық қысымы бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігі;

3) әуайлаққа жақындау ауданындағы ұшудың қауіпсіз биіктігі;

4) әуеайлақта шеңбер бойынша ұшудың ең аз қауіпсіз биіктігі (шеңбер биіктігі);

5) әуеайлақ ауданындағы ең аз қауіпсіз биіктігі (ЕҚБ);

6) төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде әуеайлақ ауданындағы қауіпсіз биіктік;

7) төменгі эшелоннан төмен бағыт бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігі;

8) күту алаңының төменгі эшелоны;

9) әуеайлақтағы атмосфералық қысымның барометрлік биік өлшегішіне қондыру кезіндегі ұшу биіктігі (эшелоны).

10) әуеайлақтағы атмосфералық қысымның барометрлік биік өлшегішіне қондыру кезіндегі ұшуды басқарудың әуеайлақ аймақтарында, оқу бағыттарында ұшудың ең аз қауіпсіз биіктігі.

184. Ұшу биіктігі (эшелоны) мынадай жағдайларда шектеледі:

1) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) істен шыққан жағдайда биіктік бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі;

2) ұшу ауданының әуе кеңістігі құрылымының ерекшелігіне байланысты (шектеулер аэронавигациялық ақпарат құжатында көрсетіледі);

3) кедергілерге белгіленген ең аз биіктік қорын (қауіпсіз биіктік) қамтамасыз ету қажеттілігі.

185. Ұшуды орындау кезінде экипаж белгіленген тәртіппен биік өлшегіштердің түзетулерін (аспаптық, аэродинамикалық және әдістемемелік, оның ішінде температуралық) есепке алады.

Бұл ретте сыртқы ауа температурасының белгілі бір төмендеуі кезінде ұшу қауіпсіздігінің шынайы биіктігін азайтуға ықпалын ескеру қажет.

186. Бағыт бойынша ұшудың төменгі (қауіпсіз) эшелоны стандартты атмосфералық қысым бойынша ұшуларды орындау кезінде пайдаланылады.

187. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған сектордағы ең аз биіктігі немесе минималді қауіпсіз биіктігі маневр жасаудың белгіленген схемасынан ӘК ауытқуы кезіндегі апаттық жағдайда әуеайлақ ауданындағы АҰҚ бойынша ұшулар кезінде есепке алынады.

188. Әуе трассасы, жергілікті әуе желілері, ұшу бағыты, әуеайлақ ауданында және аудандағы өту эшелонынан төмен авиациялық жұмыстар бойынша ұшуға арналған қауіпсіз биіктігі ұшуға дайындалу кезінде экипаж есептеледі және теңіздің орташа деңгейіне келтірілген қысым биік өлшегішін орналастыру кезінде пайдаланады. Егер ұшу ауданында өту эшелонының мәні белгіленбесе, онда бұл аудан үшін ұшуға дайындау кезінде өту эшелоны ретінде қолданылатын төменгі (қауіпсіз) эшелон есептеледі. Стандартты қысым бойынша қауіпсіз биіктік егер ұшу ауданында өту эшелонының мәні белгіленбеген жағдайда, төменгі (қауіпсіз) эшелонды есептеу үшін пайданылады.

189. Ұшудың қауіпсіз биіктігін айқындау және сақтау кезінде АҰҚ және ВКҚ бойынша шынайы қауіпсіз биіктік қолданылады.

1) ұшып көтерілу және қону аймағында;

2) әуе трассалары, жергілікті әуе желілері мен белгіленген бағыттар бойынша өту ауданында (жазық немесе белес жерлерде және су кеңістігі астында; таулы жерлерде, мұндағы таулар 2000м және одан кем емес; таулы жерлерде, мұндағы таулар 2000м жоғары).

190. АҰҚ және ВҰҚ бойынша шынайы қауіпсіз биіктігі мыналарға:

1) Жерлердің бедерлілігі мен ондағы жасанды кедергілердің биіктігіне, ӘК ұшу жылдамдығына, қолданылатын қағидаларға (аспаптар мен көзбен шолып ұшу бойынша ұшуға) байланысты;

2) ұшуды басқару мен әуе навигациясының дәлдігіне рұқсат етуді, биік өлшеудегі биік өлшегіштің қателерін, атмосфераның турбуленттілі шарттарында және орнитологиялық жағдайында ұшу траекторияларынан мүмкін болатын тік ауытқуларды есепке ала отырып;

3) оқу-жаттығу ұшулары, мемлекеттік авиацияның ұшулары, қорғану, мемлекеттің қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатындағы, сондай-ақ шынайы қауіпсіз биіктіктің көрсету ұшулары кезінде Қазақстан Респбликасының мемлектетік авиация ұшуларының қағидаларында белгіленеді. Авиациялық жұмыстарды орындау мақсатындағы азаматтық авиацияның ұшу кезінде шынайы қауіпсіз биіктіктер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшу қағидаларында белгіленеді.

АҰҚ және ВҰҚ бойынша ұшудың бекітілген шынайы қауіпсіз биіктік кестесі осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.

191. АҰҚ бойынша әрбір ұшу алдында мыналар:

1) әуеайлақ шеңбері (шеңбер биіктігі) бойынша ұшу биіктігі, әуеайлақ ауданындағы ең аз қауіпсіз биіктік (бұдан әрі - ЕҚБ) пен өту ауданындағы ұшудың қауіпсіз биіктігі (аэронавигациялық ақпарат құжаттары бойынша);

2) төменгі қауіпсіз эшелонының биіктігі айқындалады.

192. Әрбір әуеайлақ үшін қонуға бет алу кезінде схемадан ауытқуы кезінде апатты жағдайларда төмендегенде пайдаланылатын және жердің жоғары бедерлі нүктесінен 300 м және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасы негізделетін радионавигациялық құралдан 46 км радиуста жасанды кедергілерде ұшу биіктігінің ең аз қорын қамтамасыз ететін ең аз абсолюттік биіктік белгіленеді. Егер абсолюттік биіктіктер арасындағы айырмашылық 100 м-ден астам емес болса, әуеайлақтың бүкіл ауданы үшін бірыңғай ЕҚБ белгіленеді.

Биіктіктердің айырмашылығы үлкен болған жағдайда әуеайлақ ауданы секторларға бөлінеді және әрбір сектор үшін ЕҚБ белгіленеді. Әрбір ЕҚБ секторында 50 м есе мәніне дейін ұлғаю жағына дөңгелектенеді.

Таулы аудандарда кедергілер үстінен ұшу кезінде биіктіктің ең аз қоры 300 м ұлғаяды.

193. Өту ауданындағы ұшудың қауіпсіз биіктігі, шеңбер биіктігі мен ең аз қауіпсіз ұшу биіктігі әуеайлақтардағы (әуеайлақтардың аэронавигациялық төлқұжаттарында) ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықтарда көзделген мәліметтер негізінде аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетіледі.

194. Төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі алынған мәнді таяу ілеспе эшелон биіктігіне дейін кейіннен ұлғайта отырып, 760мм.рт.ст. (1013,25мбар/гПа) атмосфералық қысым бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу арқылы айқындалады.

195. Әрбір ұшу алдында ВҰҚ бойынша мыналар есептеледі:

1) төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде әуеайлақ ауданындағы қауіпсіз биіктігі;

2) төменгі эшелоннан төмен бағыт (авиациялық жұмыстар ауданы) бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігі;

3) төменгі қауіпсіз эшелоннның биіктігі.

196. Бағыт бойынша және әуеайлық ауданындағы төменгі эшелоннан төмен көзбен шолып ұшу қағидалары бойынша ұшулар үшін қауіпсіз биіктікті есептеу кезінде:

1) ұшу (қону) әуеайлағында нақты температураның мәні пайдаланылады;

2) егер ӘК ұшуының шынайы жылдамдығы сағатына 300 км аспаса, жазық және белесті жерлердегі жасанды кедергілердің биіктігі есепке алынбайды. Бұл ретте ӘК экипажы көзбен шолудың кемінде 500м қашықтығында жасанды кедергілерден айналып өтуді қамтамасыз етеді.

197. Жер бедерінің және ондағы жасанды кедергілердің асып кетуін есепке алу жолағының ені ұшып көтерілу және қону аймағында ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу кезінде екі жағы бағыттың осінен күндіз - 5км, түнде - 10км.

Жергілікті әуе желілері (ЖӘЖ) және белгіленген бағыттар бойынша ұшу кезінде жер бедерінің және ондағы жасанды кедергілердің асып кетуін есепке алу жолағының ені екі жағы бағыттың осінен күндіз - 5км., түнде -25км., таулы жерлерде - жергілікті әуе желілері мен белгіленген бағыт шегінде.

Қонуға кіру схемасы бойынша төртінші бұрылудан шыққанға дейінгі ұшу кезінде әуе кемелерінің барлық үлгілері үшін көрсетілген шынайы биіктік мәні қатаң сақталуы тиіс.

198. Таулы жерлердегі көзбен шолып ұшу қағидалары бойынша ұшу кезінде, сондай-ақ жазықты және белесті жерлерде күндіз нақты және болжамды көрінуі кемінде 2000 м кезінде қауіпсіз биіктікті есептеу үшін жасанды кедергілердің биіктігі ұшудың шынайы жылдамдығына қарамастан есепке алынады.

Әуеайлақ (аэроторабы) ауданындағы ұшулар

199. Әуеайлақ (әуе торабы) ауданындағы ұшулар аталған әуеайлақтың (аэроторабының) ауданында немесе әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжатымен ҰОН сәйкес орындалады, олардың талаптары осы әуеайлақта орналасқан әуе кемелерінің экипаждары, сондай-ақ әуеайлақ (әуе торабы) ауданында ұшуды ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар әуеайлақ ауданында мыналарды орындайды:

1) ұшудың белгіленген бағыты бойынша;

2) ұшудың белгіленген схемасы бойынша;

3) қонуға енудің белгіленген схемасы немесе айналымнан қонуға ену схемасының бөлігі бойынша;

4) ҰОН сәйкес (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаты) ӘҚҚ диспетчерлері беретін траекториялар бойынша;

5) қонуға визуалды ену әдісі.

200. Әуеайлақ (әуе торабы) туралы қажетті мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Әуеайлақтарда ұшуға тыйым салынған, олар туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланбаған немесе әуе кемелерінің экипажының назарына жеткізілмеген. Сондай-ақ, «Жіктелмеген және уақытша әуеайлақтар мен қону аудандарының пайдалану жарамдылығын анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы №43 бұйрығының талаптарына сәйкес олардың жарамдылықтары анықталмаған біліктіліктен өтпеген және уақытша әуеайлақтар мен қону аудандарындағы ұшуларға тыйым салынған.

201. Әуеайлақтың жай-күйінің өзгерістері туралы мәлімет енгізгенге дейін, байланыс құралдарының және ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету жұмысында, ұшу орындау тәртібіне және т.б., тұрақты сипаты бар әуеайлақ (әуеторабы) ауданындағы ұшу өндірісі бойынша нұсқаулықта немесе әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаты, сондай-ақ аэронавигациялық ақпарат құжаттарында ұшуларды орындауға тыйым салынады.

202. Егер әуеайлақта (қону алаңында) ӘҚҰ (ӘҚБ) органы көзделмеген жағдайды қоспағанда, ӘҚҰ (ӘҚБ) органының рұқсатынсыз әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне және қонуына тыйым салынады. ӘҚҰ (ӘҚБ) органымен радиобайланыс болмағанда, ӘКК осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген әуеайлақ қозғалысы үшін белгілерге сәйкес жұмыс істейді.

203. Айналым бойынша ұшу биіктігі 100м есе мәніне, бірақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес есептелген ұшу шеңберінің қауіпсіз биіктігінен төмен емес белгіленеді.

204. Әуеайлақ ауданында орындалатын міндеттерге қарамастан, қажет болған жағдайда әуеайлақ аймақтары (пилотаждар, топтық ұшулар, аспаптар бойынша ұшулар) белгіленеді, олардың көлемі оның ішіндегі орындалатын ұшу тапсырмаларына және жергілікті шарттарына, әуе кемелерінің үлгілеріне сәйкес айқындалады.

Әуеайлақ ауданында өзара орналасқан әуеайлақ аймақтары, биіктікті алудың белгіленген бағыттары, қонуға төмендеу және қонуға ену әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.

205. ӘКК әуеайлақ ауданынан ұшып шыққанға дейін осы ӘК ұшумен (басқарумен) одан әрі қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ӘҚҰ (ӘҚБ) органымен радиобайланыс орнатылады және одан ӘҚҰ ауданына шығуға және ұшу шартына (ұшу туралы ақпарат) рұқсат алады.

206. Белгіленген шекте ӘКК қону әуеайлағына жақындаған кезде әуеайлақтың ӘҚҰ (ӘҚБ) органымен радиобайланыс орнатылады, ұшу (эшелон) биіктігін, келудің есептелген уақытын және қажеттілігіне қарай өзінің орналасқан жерін және қай бағытта екендігін хабарлайды, әуеайлақ ауданына кіруге ӘҚҰ (ӘҚБ) органынан рұқсат алады.

207. Радиобайланыс үзілген жағдайды қоспағанда, егер экипаж осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жұмыс істесе, осы әуеайлақтың ӘҚҰ (ӘҚБ) органының рұқсатынсыз ӘК-ның әуеайлақтың қону ауданына кіруіне тыйым салынады.

208. Шеңбер биіктігіне қонуға арналған кіруге маневр жасауды орындау кезінде сыртқы ауадан төмен кері температура кезінде ӘК экипажы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес температуралық түзетулерді есепке ала отырып, биіктікті ұстайды.

209. ӘҚБ қонғаннан кейін әуеайлақтың ӘҚҰ (ӘҚБ) органына ҰЖҚ босату туралы хабарлайды.

Күту аймағындағы ұшулар

210. Қонуға кіру кезектілігін реттеу үшін арнайы белгіленген радионавигациялық нүкте немесе жерүсті бағдардың үстінде әуеайлақ ауданында орнатылған күту аймақтары пайдаланылады.

211. Қонуға ену үшін күту аймағындағы ұшу қағидалары мен күту аймағынан шығу тәртібі әуеайлақ (әуеторабы) ауданындағы ұшу өндірісі бойынша нұсқаулық пен әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжаты айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Күту аймағындағы ұшулар эшелондау қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Күту аймағының төменгі эшелоны эшелоны эшелоны болып табылады. Күту аймағының төменгі эшелоны (ауысу эшелоны) айналымы бойынша ұшудың биіктігінен кем дегенде 300 метрді арттырумен орнатылады. Күту аймағының (ауысу эшелоны) төменгі эшелонының биіктігі әуеайлақтағы нақты температура және қысым бойынша анықталады және маңындағы эшелонның мәніне дейін ұлғайту жағына дөңгеленеді.

212. Күту аймағында ұшу биіктігін (эшелонын) өзгерту осы ӘК ұшуға (басқаруға) қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ӘҚҰ (ӘҚБ) органының рұқсатмен жүргізіледі.

213. Егер күту аймағында тұрған ӘК-ге дереу қону қажет болса, ӘҚҰ органы осы ӘК-ге оны қамтамасыз етеді.

214. Азаматтық әуе кемелері үшін күту аймағында ұшу күту аймағы үшін жарияланған жылдамдықтан аспайтын жылдамдықта, ал егер олар жарияланбаған болса, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес мәннен аспайтын жылдамдықта орындалады:

Әуе трассалары, жергілікті әуе желілері мен

белгіленген бағыттар бойынша ұшулар

215. Әуе трассалары және белгіленген бағыттар бойынша ұшулар метеорологиялық талаптарға және әуе кемелерінің үлгілеріне қарамастан, трассаның (бағыттың) ені шегіндегі белгіленген эшелондарда (биіктіктерде) АҰҚ мен ВҰҚ бойынша орындалады.

216. Жергілікті әуе желілері және ЖДП ауданындағы белгіленген бағыттар бойынша ұшулар метеорологиялық талаптарға, рұқсат ету және әуе кемелері үлгісінің ұшу-техникалық сипаттамасына қарамастан, ЖӘЖ белгіленген ені (бағыты) шегінде белгіленген эшелондарда (биіктіктерде) ВҰҚ бойынша орындалады.

217. Қарсы бағыттағы, төменгі эшелоннан төмен биіктіктегі жергілікті әуе желілері бойынша ұшулар ажыратылған бағыттар бойынша жүргізіледі.

218. Елді мекендерден ВҰҚ бойынша ұшулар ӘК ақаулығы жағдайында осы пунктте немесе таяу әуеайлақ шегінде қонуға мүмкіндік беретін биіктікте орындау қажет.

Метеорологиялық жағдайлар тиісті биіктікті ұстап тұруға мүмкіндік бермеген жағдайда ӘКК егер басқа шолу тәртібі белгінбесе әдеттегідей оң жағынан елді мекендерді шолуды қамтамасыз етеді.

Шекара маңы жолағының әуе кеңістігіндегі ұшулар

219. Қазақстан Республикасы аумағының әуе кеңістігінде оның мемлекеттік шекарасы бойында оны пайдаланудың айрықша режимімен шекара маңы жолағы белгіленген.

Бақыланбайтын әуе кеңістігі шекарамаңы жолағында (G сыныбы) белгіленбейді.

Халықаралық ұшуларға арналған ашық әуе трассалары бойынша халықаралық ұшуларды орындау кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын ұшып өтудің әуе дәлізі Қазақстан Рсепубликасы Мелекеттік шекарасы желісімен әуе трассасымен қиылысу орнындағы әуе кеңістігінің бөлігі болып табылады.

Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік шекарасын әуе кемесімен кесіп өту орны халықаралық әуе тарссалары орындарынан тыс кесіп өту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін арнайы әуе дәлізі бойынша іске асырылады.

Олардан тыс ауытқулар ұшудың ерекше жағдайларын қоспағанда рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

220. Мемлекеттік шекараны, оның ішінде ашық теңізді кесіп өту үшін Қазақстан Республикасы авиациясының әуе кемлерінің халықаралық ұшуларын орындау кезінде: ұшу жоспары (ұшуға арналған тапсырма) және әуе кеңістігін пайдалануға шетелдік мелекет берген рұқсат негіз болып табылады.

Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік шекарасын шетелдік әуе кемелерімен кесіп өту үшін негіздеме Қазақстан Рсепубликасының «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі» туралы заңының 40-бабына сәйкес және Қазақстан рсепубликасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы №506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртібімен халықаралық ұшуларды орындауға рұқсат болып табылады.

Мұндай рұқсат болмаған кезде Қазақстан Рсепубликасының әуе кеңістігіне кіруі көрсетілген рұқсатты алу мүмкіндігін тудырмайтын барлық мәселелерді реттегенге дейін тыйым салынады.

221. ӘК экипажы 100–200 км (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты бойынша кемінде 10 минут) тиісті ӘҚҰ (ӘҚБ) органына өзінің рейс нөмірін, мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін, орналасқан орнын, ұшу эшелонын (биіктігін) және Қазақстан Республикасы шекарасын кесіп өту есептеу уақытын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасын кесіп өту шарттарын ӘҚҰ (ӘҚБ) органы және шектес мемлекеттің әуе қозғалысына қызмет көрсету органы (әуе қозғалысын басқару) арасында ғы келісім байланыстың белгіленген арналары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат (шарттар) әуе кемесінің экипажына ӘҚҰ (ӘҚБ) органы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге рұқсат (шарттарын) алған әуе кемесінің экипажы ӘҚҰ (ӘҚБ) органына қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындің нақты уақытын және ұшудың эшелонын (биіктігін хабарлайды.)

222. Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасына шектес мемлекетте қабылданған эшелондау жүйесінде айырмашылықтар болған жағдайда, эшелонды ауыстыру, егер өзгесі халықаралық шарттарда (келісімде) көзделмесе және ӘҚҰ (ӘҚБ)органының басқа нұсқаулары болмаса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін 30 км-де аяқталуы тиіс.

223. ӘКК мемлекеттік шекараны кесіп өтуге мәжбүр болған жағдайда (апат, табиғи апат, ӘК қауіп төнген, құтқарылған адамдарды жеткізген, ӘК экипажға және жолаушыларға жедел медициналық қызмет көрсеткен жағдайларда, сондай-ақ басқа төтенше жағдайларда) шұғыл ӘҚҰ (ӘҚБ) тиісті органына хабарлайды және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

224. Әуе кеңістігінде шекара маңы жолағының ұшулары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының көрсетілген сызығы бар белгіленген ауқымының аэронавигациялық картасын, шекарамаңы жолағының енін және радиоқұралдарынан шектелетін пеленгтерді пайдалана отырып, орындалады.

225. Шекара маңы жолағына мемлекет аумағында орналасқан, құрлықтағы мемлекеттік шекараға және ені 25км сыртқы теңіздің жағалау сызығына, теңіз жағалау ауданында – қосымша ені 12 теңіз милі (22,2км) аумақтық сулармен шектесетін әуе кеңістігі жатады.

226. Радиобайланыс құралдарымен жабдықталмаған әуе кемелерінің ұшулары әуе кеңістігіндегі шекара маңы жолағы рұқсат етілмейді.

Шекара маңы жолағында ұшуларды орындау кезінде белгіленген бағыттан әуе кемесінің ауытқуына рұқсат етілмейді.

227. Әуе кемелерінің экипажы осы ауданды олардың ұшу ерекшеліктерін зерделегеннен, осы ерекшеліктерді білуін тексергеннен және тасу орындалғаннан кейін рұқсат етіледі.

228. Ұшуларды шекарамаңы жолағында орындау, қызметі басталғанға дейін кемінде 5 тәулікке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің органдарымен, ӘҚҚ әскери органдарымен, әуе қозғалысын басқару органдарымен келісіледі.

229. Шекарамаңы жолағында ұшуға дайындалу үрдісінде ӘК экипажына зерделеу мен білім қажет:

1) осы аудандағы мемлекеттік шекара мен шекарамаңы жолағының көрінісі;

2) мекеннің бедері, сипаттамалық радиолокациялық және визуалдық тұспалдары;

3) байланыс және радионавигация құралдары жұмысының орналасуы және тәртібі, шектеулі пеленгтер мәні және олардың координаттары;

4) ӘҚҰ (ӘҚБ) органдарымен байланыс жүргізу тәртібі;

5) ұшу бағыты бойынша метеорологиялық жағдайлар;

6) тұспалдарды қалпына келтіру қағидалары мен тәртібі;

7) ұшуда айрықша шарттар және айрықша жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар тәртібі.

230. Шекарамаңы жолағының әуе кеңістігінде тұспалды жоғалтқан кезде ӘКК жедел мемлекеттік шекарасынан Қазақстан Республикасы аумағының түпкіріне ұшу бағыты бойынша бағыт алады және одан әрі осы Қағидалардың 281-тармағына сәйкес әрекет етеді. Шекарамаңы жолағында әуе кеңістігінің тұспалын қалпына келтіру үшін маневр жасауға рұқсат етілмейді.

ӘҚҰ (ӘҚБ) органы әуе кемесә командирінен тұспалды жоғалту туралы немесе басқа дерекет бойынша тұспаолдарды жоғалту фактісін орнатып, мынадай тәртіппен әрекет етеді:

1) Әуе кемесінің командиріне «Апат» сигналын қосу туралы нұсқау береді;

2) Радиотехникалық құралдарды пайдалана отырып, әуе кемесінің орналасқан орнын анықтау бойынша шаралар қабылдайды;

3) ӘҚҰ органына болған жағдайдың тұспалдауы жоғалған аймақ туралы, сондай-ақ әуе кемесінің шақыру белгісін, оның орналасуының көзделген орнын және ұшу биіктігін көрсетумен ӘҚҚ әскер органына хабарлайды.

4) әуе кемесі табылғаннан кейін оның экипажына тұспалдауды қалпына келтіруде және ұшуды немесе қону әуеайлағын бағытқа шығаруда көмек көрсетеді.

231. Егер радиобайланыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге экипаждың әуе кемесі шарттарын алғаннан кейін ұшуда болған жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын әуе кемесімен радиобайланыссыз кесіп өтуге тыйым салынады. Егер әуе кемесінің экипажы ұшу әуеайлағына бағыттауға шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кері бағытта сол халықаралық трасса бойынша немесе жолүсті эшелонында болумен ұшу бағыты бойынша орындалады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница