Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница5/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ұшуларды орындау кезінде әуе кемелерінің басымдылығы


139. Ұшу кезінде мынадай әуе кемелері басымдылыққа ие:

1) мемлекет мүдделерін қорғау бойынша тапсырманы орындайтын;

2) іздестіру-құтқару, авриялық-құтқару жұмыстарын орындайтын;

3) шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалар;

4) туындаған әуе жағдайға, жергілікті шарттарға және әуе кемелерін немесе әуежайларды пайдаланумен байланысқан рәсімдерге байланысты басқа әуе кемелері.

140. Қону кезінде басымдылық мынадай әуе кемелеріне беріледі:

1) шұғыл (немесе авариялық) қонуды орындайтын;

2) санитарлық авиация немесе бортында жедел медициналық көмекке мұқтаж аурулар немесе ауыр жарақаттанғандар бар әуе кемелері;

3) іздестіру-құтқару операцияларымен айналысатын;

4) туындаған әуе жағдайға, жергілікті жағдайларға және әуе кемелерін немесе әуежайларды пайдаланумен байланысқан рәсімдерге байланысты басқа әуе кемелер.

Аспаптар бойынша ұшу қағидалары


141. Аспаптар бойынша ұшу қағидалары мыналарды:

1) пилотажды-навигациялық аспаптар бойынша әуе кемелерінің ұшуды орындауды;

2) әуе кемелері арасында эшелондаудың белгіленген интервалын ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының қамтамасыз етуді көздейді.

142. Аспаптар бойынша ұшу бойынша ұшулар:

1) жоғары әуе кеңістігінде;

2) төменгі әуе кеңістігінде;

3) перделер және басқа ұқсас қондырғыларды қолданып, ұшу кезінде қолданылады.

143. ӘК экипажы АҰҚ бойынша ұшу кезінде борттық радиотехникалық құралдар, пилотажды-навигациялық аспаптар және көріністі пайдаланып әуе және метеорологиялық жағдайды тұрақты қадағалауды жүргізеді.

144. АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын ӘКК:

1) сызбасын аэронавигациялық ақпарат құжаттарында белгіленген әуеайлақ ауданынан (ауданына) ұшып көтерілуді, кетуді (кіруді) және қонуға отыруды орындайды;

2) аэронавигациялық ақпарат құжаттарында белгіленген және әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе кемелерін басқару) органдары тағайындаған эшелондауды (биіктікті) және ұшу бағытын, траекторияны және ұшу параметрлерін ұстанады;

3) ӘҚҚ (ӘҚБ) органын, олардың ӘК орналасқан орны, ұшу биіктігі мен шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;

4) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының нұсқауларын орындайды.

145. Аспаптар бойынша ұшудан виртуалды ұшуға көшуді әуе кемелерінің экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органының келісімі бойынша жүзеге асырады. ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ӘК экипажын оның келісімінсіз көріністі ұшу қағидалары бойынша ұшуды орындауға тыйым салынады.

146. Әуе кемелерінің арасындағы интервалды реттеу мақсатында ӘҚҚ (ӘҚБ) органы векторлауды жүргізеді, сондай-ақ осы ӘК үшін түсетін және тік жылдамдық режимдерді ұстау шегі туралы нұсқаулар беріледі.

147. ӘҚҚ (ӘҚБ) жүзеге асыратын, аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша ұшуды орындайтын персонал мыналарға жауап береді:

1) ұшудың эшелондауын (биіктігін) таңдау дұрыстылығы;

2) эшелондаудың белгіленген интервалын қамтамасыз ету;

3) әуе кемесінің ұшу бағытын ұстауды, әуеайлақ ауданынан кетуі (кіруі) сызбасын, радио оқшаулау бақылауы бар кезде қонуға кіруді бақылауды жүзеге асыру;

4) әуелік, метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды туралы, радио оқшаулаудың болуы кезінде белгіленген ұшу траекториясынан ауытқу туралы ақпараттың уақыттығы және дұрыстығы;

5) әуе кемелерінің экипажына берілетін шарттарды негіздемесі.

Визуалды ұшу қағидалары


148. Визуалды ұшу қағидалары мыналарды көздейді:

1) ӘК экипажының басқа әуе кемелерінің ұшуын көріністі қадағалау жолымен әуе кемелері арасында белгіленген интервалды ұстау;

2) төменгі қауіпсіз эшелондаудан төмен биіктікте жасанды кедергілерді көріп және жақын жерде орналасқанын қадағалап, нақты қауіпсіз биіктікте ұстану;

3) визуалды бағдарлау көмегімен және бар пилотажды-навигациялық аспаптарды пайдаланып бағытты, ұшу сызбасын ұстану.

149. Визуалды ұшу қағидалары бойынша ұшу осы Қағидаларға 3-қосымшасының талаптарына сәйкес орындалады.

150. ВҰҚ бойынша ұшулар ӘК экипажының ең жоғары сақтығымен және осы Қағидаларға және авиация саласында ұшуларды орындау қағидаларына сәйкес орындалады.

151. ӘК бағыты бойынша алда және оның биіктігінен асатын, кедергіден 500 м қашықтықта оң жақтан қадағаланатын кедергілерді айналып өтуге рұқсат беріледі.

152. Алда ұшып бара жатқан ӘК бір биіктікте қуып жету оң жағынан жасалады, ал шеңбер бойынша ұшу кезінде – сыртқы жағынан қапалдан эшелондаудың интервалын сақтай отырып орындалады.

153. Визуальды ұшу кезінде сол биіктікте алда бара жатқан ӘК озу түнде тыйым салынады.

154.Әуе кемелері сол бір эшелондауда (биіктікте) қиылысатын бағытта ұшқан кезде басқа сол жақтан байқаған ӘК экипаж ұшу биіктігін биіктіктің айырмашылығы әуе кемелерін қауіпсіз айрылуына қамтамасыз ететіндей азайтады, ал оң жақтан байқағанда ұлғайтады.

Егер биіктікті өзгерту мүмкін болмаса, ӘКК (ұшқыш) өз ӘК-сін сол жақ борттардан алшақтау үшін оң жаққа бұрады. Алшақтау процесінде пилотқа (ұшқышқа) басқа ӘК-ні көзден айыруға болмайды.

155. Ұшуда тапсырмасын орындау кезінде ВҰҚ бойынша метеорологиялық жағдай белгіленген минимумнан төмен бола бастаса, бақылау ұшуы ретінде ВҰҚ бойынша ұшуды орындаушы әуе кеменің экипажы:

1) диспетчерлік рұқсат беру талап ету шегінде ұшуды ВҰҚ бойынша бағытталған пунктіне немесе қосалқы әуеайлаққа дейін немесе әуе кеңістікті тастап кетуге мүмкіндік беретін өзгертілген шешімдерді сұратуға, немесе;

2) егер тиісті тармақтың 1) тармақшасына сәйкес рұқсат алу мүмкін болмаған жағдайда әуе кемесі ВҰҚ бойынша ұшуын жалғастырады және қабылданған шешім бойынша ӘҚБ тиісті органына хабар береді, немесе тиісті әуе кеңістігін тастап кетеді, не осы жақын маңдағы әуеайлақтың қолайлы жеріне қонады;

3) егер ұшу диспетчерлік аймақ шегінде орындалса, ВҰҚ бойынша арнайы ұшуды орындауға рұқсат сұрайды, немесе

4) аспаптар бойынша ұшу қағидаларына сәйкес ұшуды орындауға рұқсат сұрайды.

156. Виртуалды ұшу қағидасы бойынша ұшуды орындайтын әуе кемесінің бақыланған әуе кеңістігінде (тікелей ӘҚБ) ӘҚҚ жүзеге асыратын персонал мыналарға:

1) ұшудың эшелондауының (биіктігін) таңдау дұрыстығына;

2) әуе кемесінің ұшып кетуі кезінде уақытша интервалды сақтауға;

3) әуе, метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы ӘК экипажына ұсынылатын ақпараттың уақыттылығы мен дұрыстығына;

4) қауіпсіз эшелонды (биіктікті) тағайындау дұрыстығына және аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша ұшуға көшу кезінде әуе кемелері арасында эшелондаудың белгіленген интервалын қамтамасыз етуге жауапты болады.

157. Ұшуларды ҰҚЖ бойынша орындауға арналған сәйкес келмейтін талаптарғ дейінгі мағыналарға дейінгі метеожағдайлар нашарлау кезінде ұшу орындалатын жауапкершілік ауданындағы ӘКҚ органының тиісті рұқсаты болса ҰҚЖ күндізгі және түнгі ұшулар бойынша арнайы ұшулар көзделеді.

158. ВҰҚ бойынша арнайы ұшулар денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ оқу мен жаттығу ұшуларын жүргізу кезінде шұғыл ұшуларды орындайды.

Олардың орындалу тәртібі Авиация түрлерінің ұшуларын орындау ережесімен, басқа да нұсқауларда анықталған (әуеайлақта ұшуды орындау нұсқаулығы, (аэроузел), аэронавигациялық төлқұжат).

159. ВҰҚ және түнде ВҰҚ бойынша арнайы ұшуға арналған кедергілерден минималды метеорологиялық жағдайлар және минималды қорлар осы Қағидаларға 3-қосымшаға келтірілген.

Әуе кемелерінің ұшу қағидалары

160. ӘКК мына негіздерде:

1) экипаждың ұшуды орындауға дайындығы;

2) ӘК ұшуға дайындығы;

3) әуеайлақ ауданында, ұшу бағыты бойынша (аиациялық жұмыс ауданында), белгіленген және қосымша, қону алаңы әуеайлақтарында метеорологиялық ақпаратты (жағдайды) талдау;

4) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарынан ұшып кету, белгілеу және қосалқы әуеайлақтар туралы, әуе жағдайы және ұшуларды қамтамасыз ету туралы ақпарат;

5) аэронавигациялық ақпаратты талдау негізде ұшып кетуге шешім қабылдайды.

161. Ұшу жоспарында көзделген ұшып кету уақытынан 30 минуттан астам кешігу кезінде ӘКК ұшуға қайта рұқсат алады. Ұшуға метеоақпаратты және қайта рұқсатты алу радио бойынша (басқа байланыс құралдармен) алуға рұқсат беріледі.

162. Осы Қағидалардың 139-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген әуе кемелердің ұшуының алдын ала жоспарысыз, одан әрі ӘҚҚ (ӘҚБ) органына ұсынумен, ұшуға рұқсат етіледі.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жаңғырту, модификация немесе әуе кемесін жинау процесіндегі сынақ ұшу немесе әуе кемесі ұшып өту орындауға шешімді жөндеу және жинақтау кәсіпорны қабылдайды. Ұшу жоспарына енгізу үшін ӘҚҚ (ӘҚБ) органына сынақ ұшу немесе ұшып өтуді орындау үшін әуе кемесінің дайындығы туралы кәсіпорынның бірінші басшысының қолы қойылған анықтама беріледі.

163. Азаматтық әуеайлақтардан мемлекеттік авиацияның ӘК ұшуы, сондай-ақ белгіленген бағыт бойынша (авиациялық жұмыстар ауданы) ұшуды орындау үшін немесе мемлекеттік авиация әуеайлағына қона отырып, азаматтық авиацияның ӘК ұшып кетуі ӘҚБ органының шешімімен жасалады.

Әуе кемелерінің ұшып көтерілуінің және қонуының

ең төменгі интервалдары

164. Әуе кемелерінің ұшып көтерілуі үшін ұшып жүрген және қонуға бет алатын әуе кемелерінің орналасқан орнын ескеріп, ең төменгі рұқсат етілген (қауіпсіз) интервал белгіленеді.

165. Қонуды орындайтын немесе қонуға қорытынды кезеңдерде тұрған ӘК әдетте сол немесе қиылысқан ҰҚЖ-дан ұшып кетуге ниеттенген ӘК-ге қатысты бірінші кезекті басымдылыққа ие.

Ұшып кетуге рұқсат әдетте әуе кемелерінің ұшып көтерілуге дайындығы тәртібінде беріледі. Ұшып кету жүйелігіне қатысты ескерілетін факторларға мыналар жатады:

1) әуе кемелерінің түрлері және олардың тиісті ұшу-техникалық сипаттамалары;

2) ұшудан кейінгі жол бағыты;

3) ұшып көтерілу арасындағы кез келген белгіленген ең төменгі интервал;

4) ізінде турбуленттік кезінде ең аз эшелондауды қолдану қажеттілігі;

5) басымдылық беруге тиесілі әуе кемелері.

Жолындағы турбуленттікті ескере отырып, ұзына бойына эшелондаудың ең аз уақытша интервалдары

166. Әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органынан алда көзге көрінетін әуе кемесінің болуы туралы хабарлаған және қонуға кіру үшін рұқсат алған кезде, келетін, қонуға визуалды енуді орындайтын әуе кемелеріне қатысты жолындағы турбуленттік кезінде эшелондауды қолдану талап етілмейді.

167. 166-тармақта көрсетілген әуе кемелеріне қатысты ӘҚҚ органы, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайда ізінде турбуленттік мүмкіндік туралы алдын ала хабарлайды. ӘКК ізінде турбуленттікті ескере отырып, аса ауыр санатқа қатысты әуе кемесінің алдындағыға эшелондау белгіленген интервалы үшін жауапты болады.

Егер эшелондау интервалын ұлғайту қажет болса, әуе кемесінің эшелондау бұл туралы ӘҚБ-ға хабарлайды.

168. Бір ҰҚЖ-ға қону кезінде ең төменгі ұшу интервалы:

1) орташа және ауыр әуе кемелеріне жеңіл әуе кемелері үшін - 3 минут;

2) ауыр әуе кемелеріне орташа және ауыр әуе кемелері үшін - 2 минут;

3) қалған жағдайларда - кемінде 1 минут белгіленеді.

Мемлекеттік авиация үшін уақытша интервалдар Мемлекеттік авиацияның ұшуларды орындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.

169. Бір ҰҚЖ-дан ұшып көтерілу кезінде ең төменгі уақыт интервалы:

1) орташа және ауыр әуе кемелеріне жеңіл әуе кемелері үшін - 3 минут;

2) ауыр әуе кемелеріне ауыр әуе кемелері үшін, сондай-ақ ауырлар соңынан бағытталған- 2 минут.

3) қалған жағдайларда - кемінде 1 минут белгіленеді

Мемлекеттік авиация үшін уақытша интервалдар Мемлекеттік авиацияның ұшуларды орындау ережелеріне сәйкес белгіленеді.

170. 3 минутқа тең эшелондаудың ең азы , егер ұшып көтерілу мынадай:

1) бір ҰҚЖ-ның орташа бөлігі;

2) біреуі екіншісінен кемінде 760 м қашықтықта орналасқан қатарлас ҰҚЖ-ның орташа бөлігі жағдайында орындалса «ауыр» әуе кемесі соңынан ұшып бара жатқан «жеңіл» немесе «орташа» әуе кемелеріне немесе «орташа» әуе кемелерінің соңынан ұшып бара жатқан «жеңіл» әуе кемелеріне қатысты қолданылады.

171. ҰҚЖ-ның жылжыған жері кезінде:

«Жеңіл» немесе «орташа» әуе кемелері және «ауыр» әуе кемелері арасында, сондай-ақ «жеңіл» әуе кемелері мен «орташа» әуе кемелері арасында мына жағдайларда:

1) «жеңіл» немесе «орташа» әуе кемесінің ұшып кетуі «ауыр» әуе кемесінің келуімен ұшып шығады және «жеңіл» әуе кемесінің «орташа» әуе кемесінің келуімен ұшып шығады;

2) «жеңіл» немесе «орташа» әуе кемесінің ұшып кетуі «ауыр» әуе кемесінің ұшып кетуімен қонады және «жеңіл» әуе кемесінің «орташа» әуе кемесінің ұшып кетуімен қонады, егер олардың траекториясын есептеу қиылысса, жылжыған жері кезінде ең төменгі эшелондауға тең 2 минут қолданылады.

Бір ҰҚЖ және қатарлас ҰҚЖ ұшуы кезінде әуе кемелерінің ұшып көтерілуі және қонуы арасында ең төменгі уақыт интервалы, осі кемінде 760 м аралығындағы қашықтықта – 1 минут.

Биіктік өлшейтін қондырғы қағидалары

172. ӘК ұшуының барометрлік биіктігін есептеу:

1) ұшудың әуеайлақтық шеңбері шегінде әуеайлақ ауданында, ҰҚЖ жұмыс шегі деңгейінде немесе теңіздің орташа деңгейінде келтірілген атмосфералық қысым мағынасы бойынша – көші биіктігі және төмендігінде;

2) төменгі эшелонның төменгі биіктігіндегі бағыт бойынша – теңіздің төменгі деңгейіне келтірілген бағытта (бағыт учаскесінде) ең төменгі атмосфералық қысым бойынша;

3) ауысу эшелоны және жоғары - 760мм.рт.ст. (1013,25мбар/гПа) стандартты атмосфералық қысым бойынша ұшу кезінде жасалады.

173. Ұшып көтерілу алдында ӘК экипажы әуеайлақтың жоғары биіктікті өлшем қысымында (теңіздің орташа деңгейінде келтірілген қысым) орнатады және жоғары биіктікті өлшем көрсеткішін әуеайлақтың теңіз деңгейінің биіктігіне қатысты жоғары өлшеу құралында және/немесе белгіде «0» нөл белгісімен салыстырады.

174. Ұшып көтерілгеннен кейін ӘК көшу биіктігінің қиылысуы кезінде стандарттық атмосфералық қысымға барометрлік биіктікті өлшеу қысымының шкаласына көшіру жасалады.

Көшу биіктігі әуеайлақ ауданында 100м еселі белгіге дейін ұлғаю жағына қарай дөңгелектеліп, әуеайлақтың қорытынды нүктесінен 50 км кем радиусте ұшудың қауіпсіз биіктігінен кем белгіленеді.

Төменгі эшелондаудан төменгі биіктікте әуеайлақтан (әуетораптан) тыс бағыт бойынша ұшу үшін ӘК экипажы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең төменгі қысым белгісін алады.

175. Ұшу биіктігін (эшелондауды) ұстау:

1) биіктікті жинақтау кезінде көші биіктігінен және ӘК төмендеуі кезінде ұшу эшелондауынан көшу эшелонына дейін – стандартты атмосфералық қысым бойынша;

2) әуеайлақ (әуеторап) ауданында ұшып көтерілуден көшу биіктігіне дейін және әуеайлақтың көшу эшелондауынан қонғанға дейін ұшу кезінде – әуеайлақтың атмосфералық қысымы немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең төменгі қысым бойынша жасалады.

176. Ауысу биіктігінен ауысу эшелонына дейін ауыспалы қабатта көлденең ұшу режимінде әуе кемесінің ұшуына тыйым салынады. Ауыспалы қабатты азайту үшін ауысу биіктігі ауысу эшелонына барынша жақын, бірақ кемінде 300м белгіленеді.

177. ӘК төменгі эшелоннан төменгі бағыт және эшелонның жаттығу қажеттілігі бойынша ұшу кезінде стандартты атмосфералық қысымда теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең аз қысыммен барометрлік биік өлшегіші қысымы шкаласының ауысуы эшелонды алу үшін биікті бағындыру кезінде жүзеге асырылады.

178. ӘК ұшу эшелонынан төменгі эшелоннан төмен төмен бағыт бойынша төмендеу кезінде теңіздің орта деңгейіне келтірілген ең аз қысымға стандарттың атмосфералық қысымына барометрлік биік өлшегіш қысымына ауысу төменгі қауіпсіз эшелонды қиып өту кезінде немесе ӘК төменгі қауіпсіз эшелондағы ұшуды орындау кезінде төменгі эшелоннан төменгі бағыт бойынша ұшу биіктігіне дейін төмендеуін бастау кезінде жүргізіледі.

Ауысу эшелоны эшелонның төменгіден төмен емес (қауіпсіз) орнатылады.

179. Әуеайлаққа қону кезінде барометрлік биік өлшегіші қысымы шкаласының ауысуы мыналармен жүргізіледі:

1) 760 мм (1013,2 мбар) стандартты атмосфералық қысымынан ауысу эшелонын қиып өту кезінде теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең аз қысымның мәніне;

2) Әуеайлаққа ҰҚЖ жұмыс шегі деңгейінде қысымға теңіздің орта деңгейіне келтірілген бағыт (теңіздің орта деңгейіне келтірілген әуеайлақ қысымы) бойынша ең аз атмосфералық қысымнан кіші эшелоннан төмен емес биіктікке жақындау кезінде – белгіленген межеде немесе ӘҚҰ (ӘҚБ) органының нұсқауы бойынша

180. Метеорологиялық қадағалауы жоқ жазықта немесе белес жерлерде орналасқан әуеайлақтан ұшу алдында теңіздің орташа деңгейіне келтірілген қысымды барометрлік биік өлшегіші қысымының шәкілі бойынша ӘК экипажы айқындайды, олардың тілі әуеайлақтың тең абсолютті биіктігіне биіктік мәнін белгілеуі қажет.

181. ҰҚЖ жолағы деңгейіндегі атмосфералық қысым кезінде тау әуеайлақтарда, барометрлік биік өлшегіші қысымының шкаласында белгіленген мынадай төменгі шекті мәні қажет:

1) ұшу алдында теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақ қысымының мәнін белгілеу. Бұл жағдайда биік өлшегіштің көрсетілімі «шартты нөл» ретінде қабылданады, оған қатысты белгіленген биіктік жиынтығы жүргізіледі;

2) ӘҚҰ (ӘҚБ) органы қону алдында ӘК экипажына теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақтың абсолюттік биіктігі және әуеайлақтың атмосфералық қысымының мәнін хабарлайды, оны ұшу экипажы биік өлшегіштер ұшудың абсолюттік биіктігін, ал жерге қону сәтінде – теңіздің орташа деңгейінен әуеайлақтың биіктігін көрсететінін есепке ала отырып, биік өлшегіштерде белгілейді және қонуға бет алу жүргізіледі.

182. Барометрлік биік өлшегіштер қысымының шкаласын ауыстыру және олардың көрсеткіштерін салыстыру дәйектілігін ӘК қонуды пайдалануға беру жөніндегі басшылығы айқындайды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница