Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница4/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Әуе трассалары, жергілікті әуе желілері

мен белгіленген бағыттар

63. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшулары әуе трассалары, жергілікті әуе желілері бойынша, белгіленген маршруттар бойынша және олардан тыс жүргізіледі.

64. Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін «Әуе трассаларын және жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №422 бұйрығымен бекітілген Әуе трассаларын және жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына сәйкес пайдалануға рұқсат беріледі.

65. Әуе трассалары Қазақстан Республикасының Әуе трассалары тізбесіне енгізіледі, онда әрбір трассаға арнап үшін ұшу үшін бөлінген эшелондар мен трасса ені белгіленеді. Қолда бар радионавигациялық жабдыққа қарай әуе трассасының ені 10-нан 25 км-ге дейін белгіленеді.

66. Әуе кемелерінің ұшуына арналған жергілікті әуе желілерінің ені визуалды ұшу қағидалары бойынша 4 км-нен аспайтын мөлшерде белгіленеді және Қазақстан Республикасының жергілікті әуе желілері тізбесінде көрсетіледі.

Әуеайлақтар

67. Әуеайлақтардың мынадай түрлері бар:

1) ҰҚЖ бетінің түрі бойынша – жасанды жамылғысы бар, топырақты гидроайлақтар, қарлы, мұзды әуеайлақтар (тікұшақ айлағы) және, сондай-ақ жүзбелі баржалардағы, кемелер мен басқа да құрылыстардағы (ғимараттардың шатырларында, бұрғылау мұнараларында, жасанды аралдар мен жабдықтарда);

2) оларды пайдалану түріне қарай: күндізгі, түнгі және тәулік бойы жұмыс істейтін тұрақты, уақытша;

3) мақсаты бойынша: трассалық, зауыттық, оқу, авиациялық жұмыстарды орындау; әскери және арнайы міндеттерді орындауға арналған әуеайлақтар;

4) орналасуы бойынша: базалық, аралық, ұшып шығу, мақсатты және қосалқы;

5) теңіз деңгейінен биіктігі және бедерінің сипаттамасы бойынша: таулы, жазықтағы гидроайлақтар;

6) ӘК қонуға арналған минимумдар бойынша пайдалануға рұқсат етуі бойынша санатталған және санатталмаған;

7) тиістілігіне қарай: азаматтық авиация, эксперементтік авиация, мемлекеттік авиация әуе айлақатарына (тікұшақ айлақтары) жатады.

68. Жасанды ҰҚЖ мөлшеріне және жабындының салмақ түсіруіне қарай әуеайлақтар:

1) азаматтық авиацияда – Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін азаматтық авиацияның әуеайлақты пайдалану жарамдылық нормасына сәйкес А, Б, В, Г, Д және Е класстарына;

2) мемлекеттік авиацияда – болып мемлекеттік авиацияның өкілетті органымен бекітілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациядағы әуеайлақтарға (тікұшақ алаңы) қойылатын Әуеайлақтарды, автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалану жарамдылығының нормаларына және тактика-техникалық талаптарына сәйкес Ι, ΙΙ и ΙΙΙ класстарына бөлінеді.

69. Сыныпталған әуеайлақтарда (А-Е сыныбы) әуе кемелерінің ұшып көтерілуі мен қонуы үшін тұрақты пайдалану дайындығында ұсталатын қосалқы топырақты ҰҚЖ болуы ұсынылады.

70. ҰҚЖ аз көлемімен азаматтық әуеайлақтар Е класындағы әуеайлақтармен (ҰҚЖ ұзындығы 500 метрден кем емес) салыстырғанда сыныпталмаған әуеайлақтарға жатады.

71. Әуеайлақтарынан басқа ұшуды орындау үшін мөлшері тиісті үлгідегі ӘК-нің қауіпсіз ұшып көтерілуі мен қонуын қамтамасыз ететін қону алаңдары пайдаланылуы мүмкін.

72. Азаматтық әуеайлақтар (тікұшақ алаңы) уақытша әуеайлақтарды, «Жіктелмеген және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының пайдаланушыларын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес пайдаланушыны тіркеуге жататын авиациялық жұмыстарды және қону алаңдарын қамтамасыз етуге арналған әуеайлақтарды есептемегенде Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтарының мемлекеттік тізілімінде тіркеуге жатады.

Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары Әуеайлақ, мемлекеттік авиацияның автомобиль жолдарының әуеайлақ учаскелерінің тізілімінде тіркеуге жатады.

73. «Бірлесіп орналастыру және бірлесіп пайдалану әуеайлақтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 356 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірінің 2010 жылғы 5 қыркүйектегі №627 бірлескен бұйрығымен бекітілген Бірлесіп орналастыру және бірлесіп пайдалану әуеайлақтарының тізбесіне енгізілген азаматтық және мемлекеттік авиацияның әуе кемелерін бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану тәртібі, «Қазақстан Республикасы азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыратын әуеайлақтарын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналастыратын әуеайлақтарын пайдалану ережесімен белгіленеді.

74. Азаматтық әуеайлақтар олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан әуе кемелері үшін қосалқы әуеайлақтары ретінде пайдаланылады.

75. Әуеден іріктелген және пайдаланудың жергілікті ерекшеліктері мен қолданыстағы шектеулерді ескеретін уақытшаларынан басқа, әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) мен қону алаңдарында ұшуды орындау тәртібі әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - ҰОН) немесе әуеайлақтың (аэротораптың) аэронавигациялық паспортында айқындалады. Бұл құжаттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әзірленеді және авиация саласындағы тиісті уәкілетті орган бекітуі тиіс.

76. ҰОН (аэронавигациялық төлқұжат) бекітілмеген әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтары) және қону алаңдарында (ауадан келеген және уақытшаларды есептемегенде) ұшулар жүргізілмейді.

77. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында ҰОН (аэронавигациялық төлқұжат) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес кезеңдік тексерілуге жатады. Тексеруді мемлекеттік және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органдар бес жылдан бір реттен жиі емес жүргізеді.

78. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) немесе аэроторап ауданында ұшуды және ӘҚҚ (ӘҚБ) орындау үшін қажетті мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

Ұшуды қамтамасыз ету тәртібі


79. Ұшуды қамтамасыз ету тәртібі мемлекеттік және азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:

1) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету;

2) метеорологиялық қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік авиация ұшуын штурмандық қамтамасыз ету;

4) инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету;

5) азаматтық авиация ұшуларын жер бетінде қамтамасыз ету;

6) азаматтық авиация ұшуларын әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету ;

7) радиотехникалық қамтамасыз ету;

8) азаматтық авиация ұшуларын электржарық-техникалық қамтамасыз ету;

9) орнитологиялық қамтамасыз ету;

10) медициналық қамтамасыз ету;

11) авариялық және іздестіру-құтқарушылық қамтамасыз ету;

12) метрологиялық қамтамасыз ету.

80. Азаматтық авиация үшін қосымша қамтамасыз ету түрлері көзделген:

1) өндірістік қызметті шұғыл басқару;

2) экологиялық қамтамасыз ету;

3) коммерциялық қамтамасыз ету;

4) режимдік қорғаумен қамтамасыз ету.

81. Ұшуды дайындау және орындау кезінде аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін құралдар мен қызметтерге қатысты мынадай аэронавигациялық ақпаратты ұсынуды көздейді:

1) әуе кеңістігіне кіру (шығу) және транзит қағидалары;

2) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) деректері;

3) навигациялық құралдардың деректері;

4) байланыс бойынша деректер және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері, сондай-ақ онымен байланысты рәсімдер мен қағидалар.

82. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.

83. Ұсынылған материалдар аэронавигациялық ақпараттың жинақталған түрінде жарияланады.

1) аэронавигациялық ақпарат жинағы - Қазақстан Республикасының АИП (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – AIP);

2) авиациялық хабарлама – NOTAM (SNOWTAM, ASHTAM);

3) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – PIB);

4) аэронавигациялық ақпараттың циркулярі – АИК (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – AIС).

84. ӘК экипажы ұшу алдында қолданыстағы аэронавигациялық құжаттың бортта болуын тексереді.

85. Ұшуды Аэронавигациялық құжатсыз орындауға тыйым салынады. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері үшін бортта аэронавигациялық ақпараттың анықтама мәліметтерінсіз әуе трассаларынан тыс жерлерде ұшуына рұқсат беріледі.

86. Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушыға, ұшу экипажының мүшелеріне, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына, іздестіру-құтқару қызметтеріне, әуеайлақ әкімшілігіне және халықаралық аэронавигацияны жүзеге асырумен немесе дамытумен байланысты басқа органдарға олардың функцияларын орындау үшін қажетті сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтиды.

87. Азаматтық авиация ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация минисрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 435 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Респбликасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазанда № 6600 тіркелген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.

Мемлекеттік авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету «Мемлекеттік авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы №192 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

88. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын тікелей метеорологиялық қамтамасыз ету метеорологиялық уәкілетті орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органдары (авиациялық метеорологиялық орталық - АМО, авиациялық метеорологиялық (азаматтық) станция - АМАС) жүзеге асырады.

89. Әуеайлақтың метеорологиялық органдары жоқ, жұмыс режимі әуеайлақтың метеорологиялық органдарының жұмыс режимімен сәйкес келмейтін әуеайлақтар үшін:

1) метеорологиялық өкілетті орган қажет жағдайда метеорологиялық ақпаратты ұсыну үшін бір немесе бірнеше әуеайлақтың метеорологиялық органдарын тағайындайды;

2) метеорологиялық өкілетті орган және аэронавигациялық ұйым тиісті әуеайлақтарды, ӘҚҚ органдарын метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету қабілеттігін айқындайды.

90. Метеорологиялық органы жоқ жергілікті әуеайлақтарының әуеайлақтарындағы метеороглогиялық қамтамасыз ету мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) метеорологиялық бақылауды арнайы дайындықтан өткен және осындай бақылауларға жіберілген авиациялық персонал жүргізеді;

2) болжамдар, алдын алуларды және өзге ақпаратты метеорологиялық уәкілетті орган мен осы әуеайлақтың меторологиялық ақпаратын пайдаланушысы арасындағы келісім бойынша жақын маңдағы әуеайлақтық метеорологиялық орган береді.

91. Экипаждың әуе кемелердің ұшып кетуге, ұшып көтерілуіне және қонуына шешім қабылдау үшін әуеайлақтарда нақты ауа-райы туралы ресми мәліметтер АМО, АМАС алынған қадағалау деректері болып табылады.

92. Әрбір нақты әуеайлақ үшін ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету метеорологиялық уәкілетті орган бекітетін және ӘҚҚ органы мен әуежай әкімшілігімен келісілген Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта нақтыланады.

93. Әуе кемелерінің экипаждары ұшар алдында және ұшу кезінде метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Бұл ақпарат ұшу уақытына, биіктігіне және бағытына (ауданына) сәйкес келеді.

Ұшу алдындағы дайындық кезеңінде әуе кемелері экипаждары мыналармен:

1) метеорологиялық консультациямен;

2) нақты ауа райы және ұшу, қону және қосымша әуеайлақтар бойынша болжамдар туралы деректермен;

3) ұшу бағыттары мен аудандары бойынша болжамдармен және алдын алумен және СИГМЕТ (ағылшын тілінен қысқартылған аббревиатурасы SIGMET) – ұшу бағыты бойынша ерекше метеоқұбылыстардың болуы немесе күтілуі туралы ) ақпаратымен;

4) жел және қауіпті табиғи құбылыстар биіктігі мен болжамдары бойынша температура болжамдарымен

5) Жер метеорологиялық серігінің суреттерімен және жер үсті метеорологиялық радиолокаторлар көмегімен алынған ақпаратпен (олар болған кезде) қамтамасыз етіледі.

94. Қону пунктінде және қосалқы әуеайлақтар бойынша болжамдардың қолданыс мерзімі қону әуеайлақтарына дейін қону уақытымен және қосымша 30 минутпен қамтамасыз етеді.

95. Ұшып көтерілу, бағыт бойынша ұшу және қонғаннан кейін процесінде әуе кемелерінің экипаждарынан алынған нақты метеожағдайлар туралы мәліметтер әуеайлақтық метеорологиялық органдар жедел жұмыста пайдаланады.

96. Егер БТШБ және/немесе қону алаңына еніп келе жатқан ӘК экипажының хабарлауы бойынша көрініс қашықтығы туралы деректер әуеайлақтық метеорологиялық органнан алынған ресми деректерден ерекшеленсе, бұл жағдайда ұшу басшысының немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органының диспетчерінің сұрауы бойынша ресми болып табылатын БТШБ және/немесе көрінім қашықтығын (бақылау өлшеуіш) кезектен тыс қадағалау жүргізіледі.

97. Қадағалау деректері сұрау салудан кейін екі минуттан кешіктірмй хабарланады және авиация саласындағы метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес құжаттамалық түрде белгіленеді.

98. Ұшып бара жатқан әуе кемелерінің экипаждары ӘҚҚ (ӘҚБ) органы және радиохабарлама арқылы және борттық байланыс құралдарымен метеорологиялық орган ұсынған метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.

99. Әуеайлақта метеорологиялық жағдайды анықтау үшін метеорологиялық өкілетті орган тағайындаған метеорологиялық орган болмаған кезде авиациялық (ұшу) бөлімшесі басшысының шешімі бойынша экипаж құрамына даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен ұшу (ұшу парағында) мекемесінде рәсімделген қадағалауды жасауға рұқсат алған авиациялық пайдаланушы маманды тарта отырып, бортта жолаушыларсыз әуе кемесінде ауа райын әуелік шолуды жасайды.

100. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету:

1) авиация саласындағы тиісті уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ақаулы жай-күйдегі әуе кемесінің ұсталуын;

2) әуе кемелерінің жұмыс істемей қалуы және ақаулық себептерін талдау, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды енгізілуін;

3) авиация персоналының және жер бетіндегі авиациялық қызмет көрсетудің әуе кемелерінің техникалық пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауын;

4) әуе кемелерін пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және әуе кемелерін арнайы қарауды, әуе кемелеріне және олардың қозғалтқыштарына, жүйелеріне, агрегаттарына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілуін жоспарлауын;

5) кәсіби даярлықты жүргізу, әуе кемелері мен жабдықтарды техникалық пайдалану және қызмет көрсету мәселелері бойынша авиациялық персоналдың техникалық білімін және тәжірибелік дағдыларын жетілдіруін қамтиды.

101. Әуе кемелерінің инженерлік-техникалық құрамы жоқ, ӘК экипажы жоқ жердегі әуеайлақтарына (тікұшақ айлағына) және қону алаңдарына әуе кемелерінің ұшуды орындау кезінде осы ӘК ҰПН-де белгіленген көлемде ӘК қарау жүргізіледі. Қарау және ақаулықты жою кезінде орындалған жұмыстар нәтижелері борт журналына жазылады.

102. Әуеайлақта осы үлгінің ӘК-ге техникалық қызмет көрсетуге рұқсаты жоқ инженерлік-техникалық құрамның адамдары болған жағдайда ұшуға даярлықты оларды экипаждың басшылығы нұсқауымен және бақылауының қол астында ұйымдастырылады.

103. Егер олар ұшудың қауіпсіздігіне әсер етпесе және ҰПН-нің арнайы тізбесінде және ВС – MEL арнайы тізбесінде көзделсе, ӘК ұшуға, оның ішінде істен шығу немесе дұрыс істемеген жағдайда негізгі әуеайлаққа дейін ұшуға шығарылады. Ұшуға шешімді ӘКК қабылдайды.

104. Азаматтық ӘК бортында планердің формуляры, қозғалтқыштар агрегаттар паспорты мынадай жағдайларда болуы міндетті:

1) басқа пайдаланушыға беру үшін немесе техникалық қызметтің мерзімдік түрлерін орындау үшін ӘК айдап әкелу;

2) жөндеуге, қайта жабдықтауға немесе пысықтауға және тұрақты тұру орнына кері айдап келу;

3) тұрақты тұру орнынан тыс авиациялық арнайы жұмыстарды орындау үшін айдап әкелу және тұрақты тұру орнына кері.

105. Ұшуды жер бетінде қамтамасыз ету құралына:

1) әуеайлақтарды ұшуға дайындау құралы;

2) отынмен, маймен, арнайы сұйықтықтармен, тығыздалған және төмендетілген газдармен;

3) әуе кемелерін электрмен қамтамасыз ету құралдары;

4) жылу техникалық құралдары;

5) үрлеуіш құралдары;

6) сүйреп тарту тартқышы және көтергіш көлік құралдары;

7) әуе кемелерінің тазартқыш және арнайы өңдеу құралдары енеді.

106. Азаматтық авиация ұшуларын әуеайлақтық техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына және «Әуеайлақтар» халықаралық азаматтық авиация туралы тұжырымдамаға 14-қосымшаға сәйкес тұрақты пайдалану дайындықта болуын әуеайлақ объектілерін күтіп ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын енгізеді.

107. Мемлекеттік авиацияның ұшуларын әуеайлақтық техникалық қамтамасыз ету мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органы бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтары) пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

108. Ұшуға даярлық және ұшу жолағының жай-күйін бақылауды, қазіргі заманғы жөндеуді, ҰҚЖН-ға тіркелу коэффицентін айқындауды және әуеайлақтың жарамдығы туралы шешім қабылдауды, әуеайлақтың жай-күйіне байланысты әуе кемелерінің ұшуын тоқтату, жаңарту немесе шектеу туралы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына ақпаратты хабарлауды әуеайлақ қызметі жүргізеді.

109. Адамдардың және көлік құралдарының жермен жүру жолдарында және ҰҚЖ әуеайлақ ауданның диспетчерлік пунктінің рұқсатынсыз барлық жағдайда орын алуына рұқсат етілмейді.

110. Маневр жасау алаңында жұмыстарды орындайтын көлік құралдары ұшқын сөндіргішпен, өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен, сүйрегіш құралдарымен, ӘҚҚ органымен екіжақты радиобайланысты қамтамасыз ететін радиоқұралдармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік уақытына байланысты емес қосылған габаритті және жалт оттарымен жабдықталуы тиіс.

111. Қызметтің жауапты адамының машинасы «экипаж-диспетчер» радио айналымын қайта тыңдау үшін радиостанциясы қосымша жабдықталады. Маневр жасау алаңдарына радиофицияланған көлік құралдарын тартқан жағдайда, осы көлік құралдарының қозғалысын және жұмыстарды орындауды жұмыс жасайтын қызметтің жауапты тұлғасы сүйемелдейді.

Маневр жасау алаңында жұмыстарды орындайтын көлік құралдарымен радиобайланыс болмаған жағдайда оны босатуға команда беру үшін болжам белгілерді пайдалану мүмкін.

112. Ұшу жолағында жұмыстарды аяқтау уақыты туралы ақпарат әуе кемесінің басқа әуеайлақтардан, жұмыс аяқталудың көрсетілген уақытынан бұрын емес осы әуеайлаққа қону уақытын есептей отырып, ұшуы үшін негіз болып табылады.

113. Әуе кемесінің осындай үлгідегі ұсынылған ҰБН-нан кем емес жасанды ҰҚЖ ілесу коэффицентінің мәндерінде (тежеу тиімділігі) ұшып көтерілу немесе қону туралы шешімді ӘКК қабылдайды.

114. Ұшуды электржарықтық-техникалық қамтамасыз ету мыналарды көздейді:

1) әуеайлақтың ұшу алаңындағы электржарықтық-техникалық құралдарды дұрыс күйде ұстау;

2) жарық белгісі жыбдығына күн сайынғы техникалық қызмет көрсету және экипаждың әуе кемелерін бақылау;

3) электржарықтық-техникалық құралдарды пайдалануды, олардың техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді немесе ауыстыруды жоспарлау;

4) электржарықтық-техникалық құралдардың істен шығуы мен жөнсіздігін есепке алу және талдау, олардың сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;

5) электржарықтық-техникалық құралдары істен шыққан жағдайында сенімді резервтерді қамтамасыз ету.

115. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық радиобайланыстардың жер бетіндегі құралдары ұшуларды басқару (басшылық) әуе навигация, метеорологиялық жағдайлардың түрлі кезеңдерінде әуе кемелердің ұшып көтерілуі мен қонуы және әуе жағдайына радиолокациялық бақылау және әуе кеңістігінде әуе кемелердің орналасқан орны.

116. Ұшулар мен байланыстарды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарына:

1) радиожарықтехникалық құралдары;

2) радиолокациялық құралдары;

3) авиациялық радиоқұралдары.

Радиожарықтехникалық құралдарға:

1) радионавигациялық қамтамасыз ету құралдары;

2) әуе кемелерінің қонуларын қамтамасыз ету құралдары;

3) әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету құралдары енеді.

Радиолокациялық құралдарына:

1) басқару тобынан жұмыс орындарының жабдық құралы;

2) әуе кеңістігін шолу және бақылау құралдары енеді;

Авиациялық радиобайланыс құралдарына:

1) радиостанция;

2) жеткізуші жабдықтар;

3) қабылдағыш құрылғылар енеді.

117. Азаматтық авиация саласында ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету мыналарды көздейді:

1) ӘҚҚ (ӘҚБ) органының қажетті радиотехникалық құралдармен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және әуе кемесінің қозғалысын бақылау;

2) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын және байланыс құралдарын дұрыс жағдайда ұстау;

3) радиотехникалық құралдарды және байланыс құралдарын техникалық қызмет көрсетуге және/немесе жөндеуге үзіліспен пайдалануды жоспарлау;

4) радиотехникалық құралдардың, байланыс құралдарының істен шығуын және ақаулықтарын есепке алу және талдау, осы құралдардың сенімді жұмысын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;

5) радиотехникалық жабдықты және байланыс құралдарын пайдалану қызметінің инженерлік-техникалық құрамын даярлау және радиотехникалық құралдарды техникалық пайдалануға рұқсат беру.

118. Мемлекеттік авиацияның ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету үшін әуе қозғалысын, трассалық, әуеайлақтық-трассалық және әуеайлақтың радиолокаторларын, навигацияның радиотехникалық жүйесін, қонудың радиомактық жүйесін, қонудың жабдықталған жүйесін, радиопеленгаторлар, әуе және жер үсті электр байланыс құралдарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланады.

119. РТҚ және байланыс құралдарын ұшуды қамтамасыз ету үшін пайдалану азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген жарамдылық куәлігін алғаннан кейін (ҰҚБ және жерүсті байланысты қоспағанда ) рұқсат етіледі.

120. Ұшуды РТҚ ӘҚҚ (ӘҚБ) органының нұсқауы бойынша қосылады:

1) әуеайлақ ауданының құралдары (әуеайлақтық шолу радиолокаторы, барлық бағыттағы АЖЖ-радиомаягы, ұзақ қашықтыққа арналған жабдық, жақын навигацияның радиотехникалық жүйесі, алыстағы және жақындағы радиомаяктары) - ӘК қону (үстінен ұшып өту) есептік уақытына дейін 30 минут ішінде;

2) қондыру жүйесі (қонудың радиомаяктік жүйесі, қонудың жабдықталған жүйесі) - қону есептік уақытына дейін 30 минут ішінде.

Қонудың қарама қарсы бағытына ауысқаннан кейін және жабдықтың дұрыс жұмысы туралы сигнал беруден кейін радиотехникалық құралдарды және байланыс құралдарын пайдалану қызметінің кезекші ауысымының басшысы ӘҚҚ (ӘҚБ) органына олардың қонудың жаңа бағытымен жұмысқа дайындығы туралы хабарлайды.

121. Ұшуды байланыс құралдарымен және РТҚ қамтамасыз ету ӘҚҚ (ӘҚБ) органының нұсқауы бойынша сөндіріледі.

122. ӘҚҚ (ӘҚБ) органы және әуе кемелері экипаждары арасындағы радиотелефондық алмасу, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының өзара әрекеттесуші лауазымды адамдардың келіссөздері, сондай-ақ метеорологиялық хабарлау радио арналары бойынша берілетін ақпарат автоматты дыбыс жазу аппаратурасында міндетті тіркеуге жатады. Дыбыс жазу және бейне жазу материалдарын сақтау мерзімін (әуе жағдайындағы радиолокациялық ақпараттың бейне жазу аппаратурасы болған кезде) Қазақстан Республикасының авиация саласындағы уәкілетті органы айқындайды.

123. Ведомстволық жабдыққа қарамастан әуеайлақтың жарық дабылды жабдығы, мынадай түрде пайдаланады:

1) түнгі ұшу кезінде – күннің батуына 15 минут қалғанға дейін немесе әуе кемелернің есеп уақытына қарай, ұшу кезінде – ӘК (сүйреу) қосуына экипаждың рұқсат сұрағанынан кейін;

2) күндізгі жағдайда – 2000 м. және одан коп көрінімде;

3) басқа жағдайларда – ұшуды басшысының нұсқауы немесе ӘК экипажының (ұшқышы) талабы бойынша енеді.

4) күннің шығуымен;

5) күндізгі уақытта – 2000 м. аса көрінімде;

6) түнгі ұшуларда – ӘК әуеайлақ ауданынан шығуынан кейін немесе тұраққа келген ӘК басқарудан кейін;

7) әуе кемелерінің келуі (ұшуы) болмаған кезде ӘҚО (ӘҚБ) органының нұсқауы бойынша сөнеді.

124. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету әуе кемелерінің құстармен қақтығысын болдырмауға бағытталған және мыналарды көздейді:

1) әуеайлақтағы (әуеайлақ ауданында), бағыттарда және ұшу ауданында орнитологиялық қауіптіліктің туындауы туралы уақтылы ескерту;

2) әуе кемелерін құстарды (құс тобы) белсенді үркіту және олардың қонуға ұшып көтерілу және қону секторларында шоғырлануына жол бермеу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу.

125. Ұшуды медициналық қамтамасыз ету ұшуды орындаумен және қамтамасыз етумен байланысты авиациялық персоналдың және мамандардың денсаулығын сақтауға, жұмыс қабілеттілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесін білдіреді.

126. Мемлекеттік авиацияның авиация персоналын қызметтік функцияларды орындауға рұқсаттаманы мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Азаматтық авиацияның авиациялық персоналына ұшуға рұқсат Заңның 54-баптың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырады.

127. ӘК экипаж мүшелері және әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе козғалысының персоналдары ұшу алдындағы (аусым алдындағы), тұрақты медициналық қараудан өтпей қызмет функцияларын орындауға жіберілмейді.

128. Базадан тыс әуеайлақтан (тікұшақ айлағынан) ұшу кезінде қандай да бір себептерге байланысты медициналық тексерістен өту мүмкін болмаған жағдайда, ӘКК экипаж мүшелерінің денсаулықтары туралы ауызша сұрау салу (баяндама) негізінде, ұшу тапсырмасын орындауға (жол парағы) экипаждың дайындығы туралы тиісті жазба жүргізеді.

129. Әуе кемелер борттық және авариялық апаттық дәріханашықтармен жабдықталады. Экипаж мүшелері алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дағдыларды иелену керек.

130. Мемлекеттік авиациядағы радиотехникалық, байланыстық, аэронавигациялық жер бетіндегі және борттық жабдықтарға, ұшуды қамтамасыз етудің метеорологиялық құралдарына, бақылау тексергіш аппаратуралары мен арнайы құралдарына өлшеуіш техникалар зертханасында тексеріс жүргізіледі.

Өлшеуіш техникаларының ведомстволық зертханаларда метрологиялық зерттеулер және аталған жабдыққа жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, аталған жұмыстар жасасқан қызмет көрсету шарты негізінде бөгде ұйымдарда жасалынады.

131. Азаматтық авиацияда ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету өзінде барлық радиотехникалық, байланыс, аэронавигациялық жер үсті және борттық жабдықты метрологиялық тексеруді қамтиды. Бақылау-өлшеу аппаратурасын және жабдығын метеорологиялық тексеруді және жөндеуді мамандандырылған базалық тексеру-жөндеу метрологиялық зертханасы жүргізеді.

132. Ұшуды экологиялық қамтамасыз ету әуеайлақ аймағында және оның аумағына тиесілі аймақта қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кешенді іс-шараларды білдіреді.

133. Ұшуды экологиялық қамтамасыз ету мынадай іс-шаралар жүргізуді қамтиды:

1) әуежайларды, әуеайлақтарды, атмосфераға жеке объектілерді жобалау және салу кезінде қоршаған ортаны өнеркәсіптік шығарындыларын және сарқырама суларды ластаудан қорғау;

2) аса жоғары жиілікті сәуле түсіру әсерінен қорғау;

3) елді мекендерді әуеайлақ жанындағы қоныстану аймақтарын әуе кемелерін ұшып көтерілу және қону кезінде авиақозғалтқыштар шуылы әсерінен және эмиссиядан қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізуді көздейді.

134. Өндіріс қызметін шұғыл басқару ұшу қауіпсіздігін, тиімділігін және жиілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

135. Ұшуды қамтамасыз ету кезінде өндіріс қызметін жедел басқару:

1) ұшулардың тәуліктік жоспары мен ұшып келулері туралы ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау;

2) рейстердің кешігуіне және ауысуына байланысты тасымалдаудың тәуліктік жоспарын қамтамасыз етулеріне және орындалуын, жөнелтімнің тұрақтылығын іркіліс жағдайларды болдырмау үшін басқару;

3) әуе кемелерін ұшуға дайындығын жетіспеушілік талдауы және технологиялық кестенің бұзушылығы, әуе кемелеріне ұшып келгеннен кейін қызмет көрсету;

4) азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшелерін жедел басқару, реттеу және үйлестіру;

5) авиациялық тасымалдауларды қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жою және жолаушыларға қызмет көрсетуде алғыр технологияларды қолдануды көздейді.

136. Ұшуларды коммерциялық қамтамасыз етуді тасымалдау қызметінің жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетінің жоғары деңгейінде тасымалдау қауіпсіздігінің белгіленген нормалары мен қағидаларын бұзбай, әуе кемелерін ең жоғары коммерциялық жүктеуді (жүк көтеруді) пайдалануға бағытталған

137. Ұшудың коммерциялық қамтамасыз етуі жолаушылар тасымалдауына, пошта багажы мен жүктерге қызмет көрсету кезінде кешенді технологиялық ресімдердің орындалуын ендіреді.

138. Азаматтық авиацияда ұшуды режимдік-қорғаумен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 507қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік ережесіне және 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 қбп Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқауға (бағдарлама) сәйкес жүзеге асырылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница