Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница3/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
-кесте

ӘК санаты

Барынша аз қону жылдамдығы,

сағатына километр

А

В

С

D

Е

169-дан аз

169-223

224-260

261-306

307-390

3. Борт журналы

20. Әрбір әуе кемесінде борт журналы болады. Журналда ӘК барлық жүйелері мен агрегаттарының жағдайы, одардың техникалық ерекшеліктері, туындаған жарамсыздықтар, кеменің борт мүлігі және ұшулар туралы мәліметтер, ӘК туралы деректер, оның агрегаттары мен бөлшектерін ауыстыру, анықталған жарамсыздықтар мен оларды пайдалану кезінде оларды жөндеу, экипаждардың ауысымында ӘК қабылдау-тапсыру және сақтау беру туралы ақпараттар болады.

21. Борт журналының типтік формалары мен мазмұны осы Қағидалардың 1-қосымшасында берілген.

4.Әуе кемесі экипажы

22. Әуе кемесін, оның тиісті пайдаланылуы мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экипаж басқарады.

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен ұшуды орындау кезінде әуе кемесіне қызмет көрсету және оны басқару бойынша лауазымдық функцияларды орындау тапсырылған авиациялық персонал адамдары әуе кемесінің экипажы болып табылады.

Азаматтық әуе кемесі экипажы ұшу және кабиналық экипаждан тұрады.

23. Азаматтық әуе кемесінің ұшу экипажының ең аз құрамын әуе кемесінің үлгісі мен мақсатына, пайдалану мақсаттары мен шарттарына қарай оны әзірлеуші айқындайды және әуе кемесінің әрбір үлгісіне жеке ұшуда пайдалану жөніндегі құжаттарында көрсетіледі.

24. Эксперименттік ӘК-ге сынақ жүргізу кезеңінде ұшу экипажының ең аз құрамын ӘК әзірлеуші айқындайды.

25. Ұшу экипажының толық емес құрамымен ұшуды орындауға тыйым салынады. Экипаждың әрбір мүшесі, егер оның пікірінше ұшудың ойдағыдай аяқталуына негізді күмәні болса ұшу тапсырмасын орындаудан бас тартуға құқылы.

26. Ұшуды басқару бір пилотпен (ұшқышпен) қамтамасыз етілетін және бортта экипаждың басқа мүшелерінің болуы талап етілмейтін ӘК экипажы әуе кемесінің командирінен тұрады.

27. Белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен, пилот куәлігі (сертификаты) және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар тұлға азаматтық әуе кемесінің командирі бола алады.

Белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар адам мемлекеттік әуе кемесінің бола алады.

28. Әуе кеменің командирі (бұдан әрі - ӘКК) оның ӘК-ні басқаруды жүзеге асырмайтынына қарамастан ұшу және ӘК пайдалану қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді, ӘК-дегі тәртіпке, онда жүру-тұру қағидасының сақталуына жауап береді, сондай-ақ борттағы адамдардың қауіпсіздігін, ӘК-нің, жүк пен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. ӘКК өкімін ӘК бортындағы барлық адамдар орындайды.

ӘКК ӘК бортындағы барлық тұлғалардан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты қағидалардың мүлтіксіз орындалуын талап етеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ӘК бортындағы кез келген адамға тиісті өкім береді.

29. Азаматтық әуе кемесін басқару кезеңдерінде, ұшу, ұшып көтерілуден кейінгі биіктікке ұшуы, қону алдындағы маневрді орындау үшін төмен түсу, қонуға бет алу және қону кезінде ұшу экипажының кабинасында ұшу тапсырмасын орындауға қатысы жоқ тұлғаның, сондай-ақ ӘК басқарылуын, ӘК жүйесі мен жабдықтарды дұрыс пайдалануын шектейтін заттардың болуына рұқсат етілмейді.

Ұшудың барлық аралығында ұшу экипажының кабинасының есігі тиекті жабдықпен жабылады.

Кабинадағы экипаж мүшелері ұшу экипажының кабинасына шақыру немесе ӘКК рұқсаты бойынша кіреді.

Ұшудың қолайлы жағдайларында, ұшу кезеңдерін, қонуға енуді және қонуды есептемегенде, ӘКК шақыруы немесе рұқсаты бойынша ұшу тапсырмасын орындауға қатысы жоқ ұшу экипаж адамының кабинада болуына жол беріледі.

Ұшу экипажының мүшелері қолайлы жағдайларда ӘКК рұқсатымен өз жұмыс орындарын тастай алады.

30. ӘКК өз функцияларын орындау кезінде «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 57-бабының 5-тармағына сәйкес құқықтарды пайдаланады.

31. Ұшу тапсырмасына тексеруші ретінде қосылған пилот (ұшқыш) мамандығы бар лауазымды тұлға экипажда жетекші болып табылады және ұшу қауіпсіздігіне жауапты болады.

32. ӘКК денсаулық жағдайы немесе басқа да себептер бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жағдайда пилот (ұшқыш) мамандығы бар тексеруші немесе екінші пилот (тексеруші болмаған кезде) ӘКК функциясын орындауды өзіне алады.

33. ӘК бортындағы жолаушы ретіндегі адамдарға, оның ішінде тапсырыс берушінің өкілдеріне экипаж қызметіне араласуға және одан ұшудың бекітілген тапсырмасын және (немесе) ұшуды орындау тәртібін өзгертуді талап етуге тыйым салынады.

34. Өндірістік немесе әдістемелік ұшуды орындайтын экипаж құрамына ұшу құрамы адамдарының ішінен біреуден аспайтын тексерушіні, нұсқаушыны және бір тағылымдамадан өтушіні қосуға рұқсат етіледі.

35. Ұшуға рұқсаты бар, басқа тексерушінің бар болуына қарамастан, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ұшуға тексеруші ретінде рәсімдеумен әуе кемесі экипажының құрамына енгізіледі.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұшуға рұқсаты жоқ лауазымды адам:

1) ұшу экипажының кабинасында болу қажет авиациялық персоналдың жұмысына, ӘК жүйесі мен жабдықтарына тексерісті жүзеге асыру кезінде, ұшу экипажының кабинасында болу құқығымен және ұшу тапсырмасын ресімдеуші ретінде экипаж құрамына енеді.

2) тапсырмада қызметтік жолаушылар ретінде ресімделеді.

36. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары тексеруші ретінде мынадай жағдайларда ұшу тапсырмасын ресімдеумен:

1) ұшудың барлық кезеңдерінде экипаж кабинасында, әуе кемесін басқаруға кедергі жасамау құқығымен ұшуды ұйымдастыру және орындалуын бақылаудың барлық мәселелері бойынша әуе кемесінің аталған түріне ұшуға рұқсаттың болған жағдайында;

2) ұшудың ұйымдастырылуын бақылау, жүйелер мен жабдықтарды пайдалану және экипаждың Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиацияда ұшуды орындау қағидаларын ұстануы мәселелері бойынша әуе кемесінің аталған түріне рұқсаттың болмаған жағдайында экипаж құрамына енеді.

Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның инженер-техникалық құрамның мамандары ұшу экипажының әуе кемесінің жүйелері мен жабдықтарын пайдалануын бақылауды жүзеге асыру үшін экипаж кабинасында болу құқығымен тексеруші ретінде экипаж құрамына енеді.

37. Экипаж мүшелері қызметтік функцияларды орындау кезінде белгіленген киім нысанын сақтайды, тиесілік бойынша азаматтық немесе мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналының қолданыстағы куәлігі (сертификаты) болады.

38. Ұшу барысында апатқа ұшыраған немесе ұшырап жатқан адамдар туралы ақпарат алған ӘКК, егер бұл осы ӘК-ның, жолаушылар мен экипаждың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе бұл туралы тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органына хабарлайды, мүмкіндігінше көмек көрсетеді.

39. Мәжбүрлі қонған жағдайда ӘКК өз өкілеттіктерін іздеу және құтқару қызметінің өкілдеріне бергенге дейін ӘК бортындағы адамдардың іс-әрекетін басқарады.

40. Ұшу кезінде шұғыл медициналық көмек қажет болатын науқастар, сондай-ақ жұқпалы аурулар болуына немесе тағамнан улануға күдігі бар адамдар анықталған жағдайда ӘКК бұл туралы бірінші қонатын әуеайлақ қызметтеріне хабарлайды.

41. Апатқа ұшыраған ӘК-нің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ӘКК кемені, багажды, жүкті, поштаны тасымалдау шараларын және жағдай бойынша туындаған басқа да қажетті шараларды қабылдайды.

42. ӘК экипажының мүшелеріне алкогольдік мас күйінде немесе кез келген есірткі және психотропты заттардың әсерінен қызметтік функцияларын орындауына тыйым салынады.

5. Қазақстан Республикасының аумағынан ұшуларды орындау

Ұшуларды сыныптау

43. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшуы ұшақ жүргізу мақсатына, пилоттау жағдайына және әуе навигациясының радиотехникалық құралдарын пайдалануына (бұдан әрі - РТҚ), орындау ауданына (орнына), ұшу биіктігіне, физикалық-географиялық жағдайларына және тәулік мерзімдеріне байланысты сыныпталады.

44. Әрбір ӘК ұшуы белгіленген тәртіппен бекітілген ұшу жоспарына сәйкес орындалады. Ұшуды орындауға берілген ӘКК құқық беретін құжаттар ұшу тапсырмасы (ұшу парағы) болып табылады.

Мақсатына қарай ұшу мыналарға бөлінеді:

1) әскери – белгіленген мақсат бойынша мемлекеттік авиацияның әуе кемелерін талқандаудың авиациялық құралдарын немесе әскери қолданудың басқа да әскери тапсырмаларын орындау;

2) арнайы – төтенше жағдай немесе ерекше кезең жарияланған кезде ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің аумақтық тұтастығының, құқықтық тәртіп пен мемлекет шекарасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындау;

3) көліктік – жолаушыларды, жүктерді, пошта мен багаждарды тасымалдау;

4) авиациялық жұмыстарды орындау бойынша ұшулар;

5) іздестіру-құтқару, апаттық-құтқару және халыққа медициналық көмек көрсету (оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы зілзала кезінде)

6) оқу:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық авиациясы авиациялық (ұшу) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын үйретуге арналған ұшулар;

мемлекеттік авиацияның құрылымдық бөлімшелерінде авиация мамандарын дайындау үшін ұшулар.

7) жаттығу – ұшу құрамын жаттықтыру және біліктілігін тексеру;

8) зерттеу (ғылыми) - ғылыми зерттеулер жүргізу;

9) сынақ (бақылау-сынақ) – әуе кемелерін немесе оларға орнатылған қозғалтқыштар мен жабдықтарды сынау;

10) жер үсті радиотехникалық құралдарын ұшып тексеру - радиотехникалық құралдар шоғырын, навигация мен байланысты, жер үсті қону жүйелерін тексеру және жөнделген күйге келтіру;

11) әуе кемелерін ұшып тексеру (әуе кемелерін бақылау ұшып тексерулері) – әуе кемелерінің жерде тексерілмейтін, сондай-ақ ұзақ тұрақтан кейінгі жүйелері мен агрегаттарының және қуат қондырғыларының жұмысын ұшу кезінде тексеру;

12) айдап апару – әуе кемелерін авиажөндеу кәсіпорнына (техникалық қызмет көрсету), авиажөндеу кәсіпорнынан жаңа орналасу немесе жұмыс істеу орнына айдап апару;

13) көрнекілік – авиациялық және парашюттық техниканы көрсету, авиация жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ бұқаралық-саяси, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында;

45. Ұшу жағдайлары мен әуе навигациясының РТҚ пайдалану бойынша ұшу мыналарға бөлінеді:

1) визуалды ұшу қағидалары бойынша (бұдан әрі - ВҰҚ);

2) аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша (бұдан әрі - АҰҚ).

46. Ұшуды орындау ауданы (орны) бойынша ұшу мыналарға бөлінеді:

1) Әуеайлақ (аэроторап) ауданындағы әуеайлақтық (аэротораптық);

2) трассалық – әуе трассалары мен жергілікті әуе желілері бойынша;

3) алаңдық – авиациялық жұмыстарды орындау аймақтарында;

4) бағыттық-трассалық, бір (барлық) ұшу кезінде белгіленген бағыт пен әуе трассасы бойынша орындалады;

5) бағыттық – трассадан және жергілікті әуе желісінен тыс бағыт бойынша;

6) арнайы белгіленген аудандар мен ӘҚБ органдарының жауапты аймақтарында орындалатын басқа да ұшулар.

47. Ұшуды орындау биіктігі бойынша мыналарға бөлінеді:

1) шағын биіктік шегінде – жер бедері немесе су беті үстінен 0 м-ден 200 м (қоса алғанда) дейін;

2) шағын биіктікте – жер бедері немесе су беті үстінен 200 м жоғары және 1000м (қоса алғанда) дейін;

3) орта биіктікте – теңіз деңгейінен 1000м жоғары және 4000 м (қоса алғанда) дейін;

4) жоғары биіктікте – теңіз деңгейінен 4000м жоғары және 12000 м (қоса алғанда) дейін;

5) стратосферада – теңіз деңгейінен 12000м жоғары.

48. Физикалық-географиялық жағдайлар бойынша мынадай:

1) жазық және төбелі жерлердің үстімен;

2) таулы жерлердің үстімен;

3) елсіз шөлді (бағдарсыз) жерлердің немесе мұхиттың су бетінің үстімен;

4) Солтүстік және Оңтүстік жартышарлардың полярлық аудандарындағы ұшулар болып бөлінеді.

49. Тәулік мезгілдері бойынша ұшулар:

1) күннің шығуы мен батуы арасындағы кезеңде орындалатын күндізгі;

2) күннің батуы мен шығуы арасындағы кезеңде орындалады күндізгі;

3) ӘК ұшып көтерілуінен бастап қонғанға дейінгі кезеңде аралас, оларды орындау кезінде күндізгі ұшудан түнгі немесе керісінше ауысу орын алатын;

4) 4 және одан астам сағаттық белдеулерді қиып өтетін болып бөлінеді.

Әуеайлақ минимумдары

50. Метеорологиялық минимумдар ұшуды орындау қауіпсіздігі үшін әуеайлаққа, әуе кемесіне, әуе кемесінің командиріне, авиациялық жұмыстар түрлеріне арналып белгіленеді. Ұшуды орындау минимумдарын белгілеу кезіндегі негізгі параметрлер мыналар болып табылады: шешім қабылдау биіктігі, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (тік көрінушілік), көрінушілік (ұшып көтерілу-қону жолағындағы көрінушілік), сондай-ақ аса жеңіл авиация үшін қосымша – атмосфералық турбуленттілік (бұлтақтау) дәрежесі.

51. Ұшып көтерілуге арналған әуеайлақтың пайдалану минимумы ұшу-қону жолағындағы көрінімнің (көрінушіліктің) және қажет болған кезде осы санаттағы ӘК ұшып көтерілуге рұқсат етілетін бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің (бұдан әрі - БТШБ) ең аз рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

52. Қонуға арналған әуеайлақтың пайдалану минимумы ұшу-қону жолағындағы көрінімнің (көрінушіліктің) және осы санаттағы әуе кемесінің қонуына ең аз рұқсат етілетін шешім қабылдау биіктігінің (бұдан әрі - ШҚБ) рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

53.Ұшып көтерілуге арналған ӘК минимумы осы үлгідегі әуе кемесінің ұшып көтерілуді қауіпсіз жүргізуіне мүмкіндік беретін ұшу-қону жолағындағы (бұдан әрі - ҰКЖ) көрінімнің ең аз рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

54. Қонуға арналған ӘК минимумы осы үлгідегі ӘК ұшып көтерілуді қауіпсіз жүргізуіне мүмкіндік беретін ҰҚЖ көрінімнің және ШҚБ ең аз рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

55. Ұшып көтерілуге арналған ӘКК минимумы ҰҚЖ көрінімнің және қажет болған кезде ӘКК-нің осы санаттағы әуе кемесімен ұшып көтерілуге рұқсат етілетін БТШБ ең аз рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

56. Қонуға арналған ӘКК минимумы ҰҚЖ көрінімнің және ӘКК-нің осы үлгідегі ӘК-мен қонуды орындауына рұқсат етілетін ШҚБ ең аз рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

57. Авиациялық жұмыстар түрлерінің минимумы жұмыстардың осы түрі үшін белгіленген ұшу қағидаларын қолданатын (ВҰҚ, АҰҚ) авиациялық жұмыстардың түрін орындауға рұқсат етілетін көрінушіліктің және БТШБ ең аз рұқсат етілген мәндері бойынша белгіленеді.

58. Әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне және қонуына арналған әуеайлақтың пайдалану минимумы Мемлекеттік авиацияның ұшуды жүргізу қағидаларына және Азаматтық авиацияның ұшуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – авиация саласындағы ұшуды жүргізу қағидаларына) сәйкес есептелінеді.

Әуе кемелерінің пайдаланушыларымен есепке алынған ұшып көтерілуі және қонуға арналған әуеайлақтың пайдалану минимумдары ұшуды жүргізу басшылығында көрсетіледі.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға, соның ішінде шетелдіктерге арналған ИКАО ІІ және ІІІ санаттарының минимумы бойынша ұшуды орындауға рұқсатты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы береді.

59. Әрбір нақты жағдайда ұшып көтерілуге және қонуға арналған минимумдар әуеайлақтың, әуе кемесінің және әуе кемесі командирінің минимумдары ішінен ең жоғарысы бойынша айқындалады.

Әуеайлаққа уақтылы қайту, екінші айналымға кету немесе бағытталған әуеайлаққа дейін ұшуды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік бермейтін басқа да себептер бойынша қосалқы әуеайлаққа қону ӘКК сауатты шешімі болып танылады.

61. Азаматтық кемелерінің күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшу тиімділігін, жүйелілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық авиациядағы ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес ұшып көтерілуге және қонуға дәл енуге арналған төмендетілген минимумдарды белгілейді.

62. Әуеайлақтар, әуе кемелерінің үлгілері, әуе кемелері командирлері, авиациялық жұмыстардың түрлері үшін жел жылдамдығы бойынша шектеу белгіленеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница