Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница2/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(ағылшын тілінде - Manoeuvring area) – әуе кемесінің ұшып көтерілуі, қонуы және онымен байланысты қозғалысы үшін пайдаланылатын әуеайлақтың бір бөлігі;);

87) міндетті хабарлау пункті – пилот (ұшқыш) міндетті түрде әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органына ұшу туралы хабарлайтын әуе трассасындағы, маршрутындағы немесе дәлізіндегі географиялық (геодезиялық) нүкте (бағдар) немесе радионавигациялық нүкте;

НОТАМ - кез-келген аэронавигациялық жабдықтардың жағдайы немесе ондағы өзгерістер, қызмет көрсету және қауіпсіздік туралы ережені немесе ақпаратты қолданысқа енгізу, ұшуды орындауға байланысты персонал үшін аса маңызды болып табылатын, уақытылы ескертілетін электробайланыс құралдары арқылы таратылатын хабарлама (ағылшын тілінде - Notice to airmen (бұдан әрі - NOTAM);

88) Қарлы НОТАМ (SNOWTAM) - әуеайлақтың жұмыс аумағында қардан, мұздан, лайдан немесе тоспа судан туындаған қауіпті жағдайлардың пайда болуы немесе жойылуы туралы арнайы сериялы, ұшуды орындауға байланысты персоналға уақтылы білуі маңызды болып табылатын хабарлама (бұдан әрі - SNOWTAM);

ASHTAM – NOTAM – жанартау қызметінің өзгеруі, жанартаудың немесе аспандағы жанартау күлдерінің атылуы туралы ақпаратымен, әуе кемелерінің ұшу өндірісі үшін аса маңызды, арнайы сериялы хабарлама.

89) отынның аэронавигациялық қоры – бекітілген бағдардың ауытқу, қарсы соққан жел жылдамдығының күшеюі немесе басқа да жағдайлардың салдарынан қосалқы әуеайлаққа (ұшу алаңы) қонуға қажеттіліктің туындауына байланысты ұшу жоспары өзгерген жағдайда қажетті, ұшып шыққан әуеайлақтан (қону алаңы) бекітілген әуеайлаққа (қону алаңы) дейін ұшуға отыннан тыс отынның резерві.

90) өту биіктігі – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласы берілген эшелонды алу кезінде 760 мм. сын. бағ. (1013,25 мбар/гПа) қысым мәніне ауыстыру үшін әуеайлақ ауданында белгіленген салыстырмалы (абсолютті) биіктік;

91) өту эшелоны – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шкаласын 760 мм. сын. бағ. (1013,25 мбар/гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең аз қысымға ауыстыру үшін белгіленген эшелон. Өту эшелоны әуеайлақтағы (аэротораптағы) ұшудың төменгі қауіпсіз эшелоны болып табылады;

92) өтпелі қабат – өту биіктігі мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңістігі, көлденең ұшу режиміндегі әуе кемелерінің өтпелі қабатта ұшуына тыйым салынады;

93) ВҰҚ бойынша арнайы ұшу – әуе қозғалысына қызмет көрсету органымен (әуе қозғалысын басқару) ВҰҚ бойынша ұшудың төменгі жағдайына қарағанда, аса қолайлы метеорологиялық жағдайларда диспетчерлік аймақта рұқсат етілген ұшу.

94) рұқсат беру шекарасы - (ағылшын тілінде- Clearance limit) - әуе кемесіне диспетчерлермен рұқсат берілген орын;

95) радиолокациялық бақылау – әуе кемелеріндегі экипаждарға, оларға әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдары белгілеген жағдайлардан ауытқуды қоса алғанда, ұшу тракториясынан елеулі ауытқу туралы ақпараттар мен хабарламаларды беру мақсатында радиолокаторды пайдалану;

96) СИТА ақпараты (француз тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы SITAі, (бұдан әрі - SITA) – пайдаланушының аэронавигациялық ақпараттық ұйымдармен уағдаластығы негізінде, ұшу тапсырмасын (әуе тасымалдау) орындау үшін әуе кемесінің экипажына берілетін ұшудың аэронавигациялық, есептік, жұмыс жоспары.

SITA – Халықаралық авиациялық электр байланыс қоғамы (француз тіліндегі бастапқы мағынасы - Société Internationale de Télécommunications Aéronautiques) - авиация саласында телекоммуникациялық және IT қызметін ұсынатын швейцариялық көпұлтты ақпараттық ұйым.

97) таңбаланған меже – перпендикулярлы әуе трассасында тік жазықтықта әуе кеңестігіндегі шекара (ұшу маршруты немесе дәлізі), орналасу орнын РНТ немесе жеке жетек радиостанцияны жергілікті орнатудан (ЖЖРС) немесе таңбалық шамшырақтан бұрыш - алыс өлшеуіш жүйесі бойынша анықталады;

98) таулы жер – 25 км радиусте бедерлі қималары мен қатысты биіктеу 200-ден 500 м қырқасы бар жер.

99) тігінен эшелондау – әуе кемелерінің белгіленген аралықтардағы биіктік бойынша бытырауы;

100) үлгілік ең аз жабдықтар тізімі (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббреватурасы - Minimum Equipment List, (бұдан әрі - MMEL)) жекелеген жағдайда әуе кеме жабдықтарының жұмыс жасамай қалуымен, оның ұшуда пайдалану қағидаларын реттейтін пайдаланушы конструкторлық құжат. Сонымен бірге, жұмыс жасамай қалған жабдықтар типтік құрылымның бір бөлігі болып табылады және уақытша жұмыс жасай алмау кезінде пайдаланудың белгілі жағдайларында, оның ұшу жарамдылығымен белгіленген нормаларымен әуе кемесінің қауіпсіздік деңгейін төмендетпей, әуе кемесінің ұшуына рұқсат берілген жағдайда, тізбеге әуе кемесінің құрамдас бөліктерін қосады.

Тізбеге қосымша рәсімдер мен ұшулардың тоқтап қалып жұмыс жасауын және пайдалануға рұқсат берілген мерзім бойынша әуе кемесінің ұшуы мен техникалық пайдалану саласындағы шектеуді анықтайды.

101) тік көрінім –жер бетіндегі объектілердің тігінен төмен көрінетін деңгейден жер бетіне дейін ең жоғарғы рұқсат етілген қашықтық;

102) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (Reducе Vertical Separation Minimum – ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы RVSM (бұдан әрі – RVSM) – RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кешелерін эшелондау үшін 8850 м (FL290) және 12500м (FL 410) аралығындағы ауқымда қолданылатын тік эшелондау аралығы;

103) тоқтатылған ұшудың жүру қашықтығы (бұдан әрі - ТҰЖҚ) – егер қарастырылған жағдайда, тежеудің соңғы жолағының екпіні мен ұзындығының жүру қашықтығының сомасы;

104) тексеруші – ұшу командасының, инспекторлық және инструкторлық құрамның, аталған түрдегі әуе кемесінде инструкторлық және (немесе) емтихандық ұшуға рұқсаты бар және экипажға ұшу құрамын немесе олардың жаттығуларын тексеру мақсатында енетін лауазымды тұлға;

105) ұшу кедергісінің абсолюттік (салыстырмалы) биіктігі – ҰҚЖ тиісті шектен асыруының немесе кейбір жағдайларда ұшу кедергісінің тиісті өлшемдерін ұстануын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын әуеайлақтардан асырудың төменгі абсолюттік немесе төменгі салыстырмалы биіктігі;

106) ұшулардың әуеайлақтық шеңбері – ұшудан кейінгі биіктікті, қондыруға ену үшін төмендетуді алу, қондыруды күту, әуеайлақтың үстінен (ұшу алаңы) ұшуды орындауға арналған әуеайлақтың ауданында белгіленген бағдар (немесе оның жартысы).

107) ұшу қауiпсiздiгi – ұшудың қауiпсiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн шаралар кешенi, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;

108) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені (бұдан әрі - ҰАҚ) – аэронавигациялық ақпарат қызметінің (бұдан әрі - ААҚ) маңызды пайдалану мәні бар хабарламасы, ескерту парағы қоса берілген ұшу алдында дайындалған ағымдағы ақпарат;

109) ұшу дистанциясы – ажырау нүктесінде ҰҚЖ шекті деңгейіне қатысты мәре нүктесінен 10 м. биіктік нүктесіне дейін әуе кемесі өтетін көлденең бойынша қашықтық;

110) ұшу – қону жолағы - әуе кемелердің қонуына және ұшып көтерілуіне арналған құрғақ жолды әуеайлақтың ұшу жолағының белгілі тікбұрышты телім;

111) ұшу биіктігі – бастау қабылданған деңгейден бастап әуе кемесіне дейінгі тік арақашықтық;

112) ұшуға тапсырма (ұшу парағы) – әуе кемесі туралы тиісті мәліметті қамтитын және ұшудың (ұшулардың) бағыты мен мақсатын айқындайтын белгіленген нысандағы құжат;

113) ұшып көтерілу және қону аймағы – әуеайлақ деңгейінен бастап, ұшу және қонуға ену кезінде әуе кемелерінің маневр жасауын қамтамасыз ететін шекараларында белгіленген биіктікке дейінгі (күту аймағының екінші эшелонын қоса есептегенде) әуе кеңістігі;

114) ұшу алаңы – әуеайлақтың бір немесе бірнеше ұшу жолағы, жермен жүру жолы, перрондар мен арнайы мақсаттағы алаңдар орналасқан бөлігі;

115) ұшу-қону жолағын, қауіпсіздіктің іргелес және соңғы аймақтарын қоса алғандағы әуеайлақтың ұшу алаңының учаскесі;

116) ұшу эшелоны – қысымның 760 мм. сын. бағ. (1013,25 мбар/гПа) белгіленген шамасына жатқызылған және қысымның белгіленген аралығы шамасындағы басқа да мұндай биіктіктен кейін қалатын тұрақты атмосфералық қысым беті;

117) ұшу экипажының мүшесі – авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар авиациялық персоналға жататын тұлға, оған ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты лауазымдық міндеттемелер жүктеледі;

118) ұшу жоспары немесе флайт жоспары - (ағылшын тілінде - Flight plan, FPL) - ӘҚҚО органына ұсынылатын әуе кемесінің жоспарланған ұшуы немесе ұшу бөлігі туралы белгілі мәліметтерден тұратын белгіленген нысандағы құжат;

119) ұшу-қону жолағының табалдырығы – әуе кемелерінің қонуы үшін пайдаланылатын ұшу-қону жолағы уаскелерінің басы;

120) ұшудың жұмыс жоспары (навигациялық есеп) - пайдаланушы аталған бағдарда және тиісті әуеайлақтарда әуе кемесінің ұшу-техникалық сипатын, пайдалану шегін және болжалды жағдайларды ескере отырып, ұшуды қауіпсіз орындау үшін құрастырған ұшу жоспары немесе навигациялық есебі;

121) ҰПН - әуе кемелерін өндірушілер шығаратын «Әуе кемелерін ұшуда пайдалану бойынша нұсқаулық» атты экипаждар мен қызмет көрсету персоналдарына арналған әуе кемесін пайдалану қағидаларының қысқарған атауы;

122) халықаралық әуежай – кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылау ұйымдастырылатын, халықаралық әуекемелермен қамтамасыз ететін әуежай;

123) халықаралық әуе трассасы (бұдан әрі –ХӘТ) – халықаралық ұшуларға ашық әуе трассасы;

124) эшелондау – әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін белгіленген аралықтардағы әуе кеңістігінде әуе кемелерінің тігінен, бойлап немесе бүйірге қарай бытырауын білдіретін жалпы термин;

125) шешім қабылдау биіктігі (бұдан әрі – ШҚБ) – ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленген биіктік;

Егер осы биіктікке қол жеткізгенге дейін әуе кемесінің командирі немесе пилот қонуға бет алу үшін бағдарлармен қажетті визуалды байланыс орната алмаған;

әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайы немесе оның қозғалысының параметрлері қауіпсіз қонуды қамтамасыз ете алмаған жағдайларда екінші айналымға кетуге маневр жасау туралы шешім қабылдау қажет.

126) шешім қабылдау жылдамдығы –қозғалтқыш істен шыққан жағдайда ұшып көтерілуді қауіпсіз тоқтатуға не қауіпсіз ұшып көтерілуді жалғастыруға болатын ұшақ екпінінің ең жоғарғы жылдамдығы.

127) іздестіру және құтқару ауданы – өз шегінде іздестіру-құтқару операцияларын қамтамасыз ететін, іздестіру және құтқарудың үйлестіру орталығымен байланысты белгілі көлемдегі аймақ;

2. Азаматтық әуе кемелерінің жіктеуіші

6. Әр ӘК мемлекеттік және айырылым тіркеу белгісі (борт нөмірі) беріледі.

Мемлекеттік және азаматтық авиация саласындағы әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу айырылым және қосымша белгілерді уәкілетті орган (бұдан әрі – авиация саласындағы өкілетті орган) анықтайды.

7. Азаматтық ӘК мынадай кеме құжаттары болуы тиіс.

1) пайдаланушы сертификатының немесе ӘК осы түріне жататын өзге баламалы құжаттың ресми куәландырылған көшірмесі және жалпы пайдаланымдағы авиация мақсатында жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінде ұшуларды қоспағанда берілген сертификат. Егер сертификат немесе өзге баламалы құжат және онымен байланысты пайдалану сипаттамасы ағылшын тілінде берілмеген жағдайда, оның ағылшын тіліндегі аудармасы қоса беріледі.

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті сақтандыру түрлерінің полис көшірмелері, ал халықаралық ұшуларды орындау кезінде – Қазақстан Республикасында жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қажетті құжаттар;

3) ӘК мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

4) ұшу жарамдылығының сертификаты;

5) ӘК борт журналы;

6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы мемлекеттік орган беретін ӘК санитарлық журналы және құжаттары;

7) борттық радиостанцияларға рұқсат (лицензия) (егер ӘК радиоаппаратурамен жабдықталса);

8) төңіректегі шуыл бойынша ӘК сертификаты;

9) ӘК ұшуда пайдалану бойынша басшылық (бұдан әрі - ҰПБ);

10) пайдаланушының ұшуды орындауы бойынша басшылық (бұдан әрі - ҰОБ) немесе ұшу тапсырмасын орындауда экипаждың міндеті сипатталған бекітілген ҰОБ қолданыстағы бөлігі;

11) ИКАО талаптарында көзделген аэронавигациялық және ұшуға қажетті құжаттар;

Осы Қағидалардың 7–тармағы 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болуы аса жеңіл авиацияның әуе кемелері үшін міндетті емес.

8. Азаматтық әуе кемесінің ұшуды орындауы үшін талап етілетін қосымша құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларымен көзделеді.

9. Аса жеңіл авиацияның ӘК әуеайлақ (қону алаңы) ауданында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде міндетті түрде мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) ӘК мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;

2) ұшу жарамдылық сертификатының көшірмесі;

3) дайындалған карталар, схемалар және ұшудағы кез-келген өзгерістер ескерілмеген болжамды ұшу жоспарын қамтитын басқа да құжаттар немесе тиісті мәліметтер;

4) бақылау тексерісінің картасы;

5) әуе кемесінің ҰПН.

10. Жолаушыларды коммерциялық әуе тасымалдау жағдайында азаматтық әуе кемелерінің ұшулары, егер олардың аспаптары мен жабдықтары:

1) ұшу жарамдылығын анықтайтын жалпытехникалық стандарттар және пайдалану-техникалық құжаттамаларды қоса есептегенде, оларға қолданатын талаптарға сәйкес орнатылған;

2) MEL көзделген жағдайларды есептемегенде ұшудың жоспарланған түріне қатысты жұмысқа қабілетті болған жағдайда ғана орындалады.

Коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруда азаматтық әуе кемелерін аспаптар және жабдықтармен жабдықтауға қойылатын талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылық нормаларына және Азаматтық авиацияда ұшуды орындау қағидаларына сәйкес белгіленеді.

11. Әуе кемелері ең жоғары (сертификатталған) ұшу массасына қарай 1-кестеге сәйкес жіктеледі.

1-кесте

Жіктеме

Мәні

Барынша жоғары ұшып көтерілу салмағы, кг

Ұшақтар

Тікұшақтар

ауыр

1 класс

136 000 жоғары

10000 жоғары

орташа

ІІ класс

5700-ден 136 000-ға дейін

3180-нен 10000-ға дейін

жеңіл

ІІІ класс

2250-ден 5700-ге дейін

2250-ден 3180-ге дейін

Аса жеңіл

ІҮ класс

750-ден 2250-ге дейін

750-ден 2250-ге дейін




Ү класс

750-ден кем

750-ден кем


12. Азаматтық әуе кемелер ұшу қашықтығы бойынша мыналарға бөлінеді:

1) магистральдық қашықтық – 6000км және одан астам;

2) магистральдық орта – 2500-нан 6000км дейін;

3) магистральдық жақын – 1000-нан 2500км дейін;

4) ұшу қашықтығы 1000 км дейін әуе кемелері.

13. Іздегі турбуленттілік санаты бойынша және ұшып көтерілудің ең көп сертификатталған массасына сәйкес әуе кемелері мыналарға бөлінеді:

1) ауыр (Н) – салмағы 136 тонна немесе одан астам әуе кемелерінің барлық үлгілері;

2) орта (М) – салмағы 136 тоннадан аз, бірақ 7 тоннадан көбірек әуе кемелерінің үлгілері;

3) жеңіл (L) – салмағы 7 тоннадан аспайтын әуе кемелерінің үлгілері.

Турбуленттілік санаты әуе кемелеріне қатысы бойынша ауыр әуе кемелеріне тән, мұндай әуе кемелері мен ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары арасында ұшып шығу немесе ұшып келу алдында бастапқы радиотелефон байланысын орнату кезінде ӘК шақырымына «ауыр» деген сөз қосылады.

14. Тікұшақтар ұшу-техникалық сипаттамасы бойынша мыналарға бөлінеді:

1) 1-класты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтар, сындарлы қуат қондырғысы жұмыс істемей қалған жағдайда оларға ұшып көтерілу аймағында қонуды орындауға немесе ақаулық қашан болғанына қарай жерге қонудың тиісті аймағына дейін ұшуды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік береді;

2) 2-класты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтар, ақаулық ұшып көтерілуден соң сипатты нүктеге жеткенге дейін немесе мәжбүрлі қонуды орындау талап етілетін қонуға дейін сипатты нүктеден соң орын алған жағдайларды қоспағанда, сындарлы қуат қондырғысы жұмыс істемей қалған жағдайда оларға ұшуды қауіпсіз жалғастыруға мүмкіндік береді;

3) 3-класты ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтар, ұшу траекториясының кез-келген нүктесінде қуат қондырғысы жұмыс істемей қалған жағдайда оларға мәжбүрлі қонуды орындауға мүмкіндік береді.

15. Мемлекеттік авиация әуе кемелерінің жіктеуіші мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік авиацияның ұшуын орындау ережесімен анықталады.

16. Түнгі ұшу жүргізілетін әуе кемелері мұндай ұшуға арналған арнайы жабдықтармен жарақталады.

17. Олардың болуы конструкцияда көзделмеген әуе кемелерін қоспағанда, әуе кемелері ұшу параметрлерін тіркеуге арналған аппаратурамен міндетті түрде жабдықталады.

18. Бортында 19-дан астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етілген азаматтық әуе кемелері кем дегенде «КОСПАС-САРСАТ» автоматты авариялық радиомаяк жүйесімен жарақталады.

19. Әуеайлақ әуе кемелерінің минимумдары мен схемаларын есептеу үшін барынша көп сертификатталған қону салмағы кезінде жалтару жылдамдығынан (жіктелген жылдамдық) 1,3 есе астам жылдамдықты айқындауға негізделген ИКАО санаттары бойынша азаматтық әуе кемелерін жіктеу пайдаланылады, 2 -кестеде:

2
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница