Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы
страница12/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер2.26 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/103~1.doc
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Аспаптар бойынша ұшу және визуалды ұшу қағидалары бойынша ұшудың белгіленген өзіндік қауіпсіз биіктігі



Ұшу жылдамдығы (өзіндік), км/с

Ұшудың қауіпсіз биіктігі

(өзіндік), м.

Аспаптар бойынша ұшу қағидасы

Визуалды ұшу қағидалары

Ұшу және қону аймағында:


300 км/с аз (айналымы бойынша)

300 км/с (айналымы бойынша)


әуе трассасы, МВЛ және белгіленген бағыттар бойынша келу ауданында:


а) жазық немесе қыратты жерлерде, су кеңістігінің бетінде

300 км/с және аз

301-дан 450 км/с дейін

450 км/с көп


б) таулы жерлерде 450 км/с және аз,

450 км/с көп


в) ҚҰҚ бойынша түнде



300

300


600

600

600


900

900


-



100

200


100

200

-


300

-


400


________________________

Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидаларына

6-қосымша

Әуе кеме қозғалысын реттеу сигналдары

1. Әуеайлақтық диспетчер қызметімен берілетін сигналдар


Тиісті ӘК бағытталған қызыл ракета, осының алдында берілген кез-келген сигналға қарамастан қазіргі уақытта ұшақтың қонуына рұқсат етілмейтіндігін білдіреді.

Сигналды ракеталар, шектеулі, тыйым салынған немесе ұшуды қауіпті аймақтарда орындайтын, сондай-ақ осындай аймақтардың бірінің жолында тұрған рұқсаты жоқ ӘК ескерту үшін қолданылады:

Күндіз немесе түнде –10 секунд интервалмен шығарылатын және жарылу кезінде қызыл, жасыл оттардың немесе жұлдыздарды шығарып, осы бойынша ӘК өз ұшуын осындай аймақтар шегінде өтуі үшін қажетті шараларды қабылдау қажеттігін білдіретін ракеталар сериясы,

2. ӘК экипажының сигналдарды қабылдауын растау


1) ұшуда: күндіз – қанаттарын қозғалту (бұл дабылды үшінші және төртінші бұрылыстарда және қону алдындағы тік участкілерде беруге болмайды);

2) түнде: – қону фарын екі мәрте жыпылықтату немесе фарлар орнатылмаған жағдайда аэронавигациялық оттарды екі мәрте қосу және өшіру;

3) жерде: күндіз – элерондардың немесе бұрылыс рулінің қозғалысы;

4) түнде – қону фарларын екі мәрте жыпылықтату немесе фарлары орнатылмаған жағдайда аэронавигациялық оттарды екі мәрте қосу және өшіру;


3. Сүйемелдеуші автомобильдермен берілетін сигналдар


1) Жасыл түс – маған қарай бұрыңыз (менің соңымнан));

2) Қызыл түс – бұруды тоқтатыңыз (тоқта);

3) Үзіп-үзіп жыпылықтату – бұру жылдамдығын азайтыңыз (аса назар аудару).


4. Әуеайлақ қызметінің сигнал берушілері беретін сигналдар


Сигналшы сигнал беруші ашық түсті қолғаптарда немесе таяқтардың, жалаулардың және электро қалташамдардың көмегімен береді.

Сигнал беру кезінде сигнал беруші әуе кемесінің командиріне жақсы көрінетін жерде тұруы тиіс. Қозғалтқыштар сигнал берушінің ӘК қарап тұрған жағдайында оңнан солға нөмірленген.

Тежегіштер:

1) тежегіштер қосылған саусақтарды саусақтарды жая отырып қолды беттің деңгейін дейін көтеру және қолды жұмыдырыққа түю. Қолды түю тежегішті өшіру;

2) Тежегіштерді жіберу: саусақтарды жая отырып қолды беттің деңгейін дейін көтеру және саусақтарды жазу. Саусақтарды жазу тежегішті жіберу;

Қалып:

1) қалыпты орнату: қолды, алақанды сырт бетімен жоғары көтере отырып, бет алдында айқастыру;

2) қалыпты алу: бет алдында сыртқа айқастырылған алақанды көрсетілген қолды екі жаққа ажырату.

Қозғалтқышты іске қосу дайындығы:

Іске қосылатын қозғалтқыштың нөміріне сәйкес келетін қолдағы саусақтар санын созу.


5. Жер үсті визуалды дабылдар


1. Тыйым салынған қонулар

Сигнал алаңында берілетін сары диагональ сызықтарымен қызыл түсті көлденеңді төртбұрышты дабылды ен (1.2- сурет) қонуға тыйым салынғандығын және тыйым салудың ұзақ болатындығын білдіреді.



1.2- сурет

2. Қонуға ену немесе қону кезінде ерекше ұқыптылық сақтау қажеттілігі

Сигнал алаңында берілетін бір сары диагональды сызықпен қызыл түсті көлденеңді төртбұрышты дабылды ен (1.3 сурет), маневрлеу алаңының қанағаттанғысыз күйде болуына немесе басқа да себептерге байланысты қонуға ену немесе қону кезінде ерекше ұқыптылықты қажеттілігін білдіреді.



1.3- сурет

3. Ұшу-қону жолағын және жермен жүру жолдардын пайдалану.

Сигнал алаңында берілетін ақ түсті гантель түріндегі көлдененді белгі (1.4-сурет) әуе кемелеріне ұшу мен бұрылуды ҰШЖ және БЖ ғана жасау керектігін білдіреді.



1.4- сурет

3.1. Сигнал алаңында берілетін осындай ақ түсті гантель түріндегі, әрбір дөңгелек бөлігінде келтірілген тік қара жолақты көлденеңді белгі (1.5-сурет) әуе кемелердің қону және ұшу ҰҚЖ-да орындалады, ал басқа маневрлердің орындалуы ҰШЖ және БЖ шегінде шектелмейді.




1.5 сурет

4. Жабық ҰШЖ немесе жермен жүру жолдары

Сары немесе ақ, бір түстес крест түріндегі көлденеңді белгілер (1.6 сурет), ҰҚЖ және жермен жүру жолдарында немесе олардың бөлігінде берілетін әуе кемелер үшін жарамсыз аймақ екендігін білдіреді.



1.6 -сурет

5. Қону немесе ұшу бағыты

Көлденеңді ақ немесе "Т" қызғылт сары қону белгісі (1.7 сурет) "Т" әрпінің параллельді ұзындыгы бойына және оныңкөлденең бөлігі жағында орындалатын әуе кемелердің қону және ұшу бағытын білдіреді,

"Т" қону белгісін түнгі уақытта пайдалану кезінде жарық түсіреді немесе жиектері ақ оттармен көмкеріледі.

1.7- сурет


Әуеайлақтық командалық-диспечерлік пунктте немесе оның жанында көлденеңнен берілетін екі саннан құралған қосынды (1.8-сурет), маневрлеу алаңында орналасқан ӘК, магниттік компастың 10 жуыққа дөңгелектелген ондық градуста білдірілген ұшу бағытын көрсетеді.



1.8 -сурет

6. Ұшудың оң айналымы

Дабыл алаңында немесе ҰҚЖ аяғында көлденеңнен орналастырылған не оңға иілген жебе түріндегі ұшу алаңында ашық түсте пайдаланатын белгі (1.9 сурет), әуе кемесінің қону алдында немесе ұшып көтерілуден кейін оңға бұру дегенді білдіреді.



1.9-сурет

7. Әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаны жинақтау пункті.

Сары түсті фонға тігінен орналасқан "С" қара түсті әрпі (1.10-сурет) әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысты хабарламаны жинақтау пунктінің орналасқан орнын білдіреді.



1.10-сурет

8. Планерлердің ұшулары орындалады

Дабыл алаңында тігінен орналастырылған ақ түсті екі крест түріндегі белгі (1.11 сурет), әуеайлақ қазіргі уақытта планерлердің ұшу үшін пайдаланатынын және осындай ұшуларды білдіреді.



1.11-сурет


6. Жерде әуе кемелерінің қозғалысын реттейтін сигналдар

ӘК сигнал берушісі беретін сигналдар қолмен беруге арналған .Егер пилот сигналды түсінуін жеңілдетуіне қажет болатын болса оларға жарық түсірілуі мүмкін, және сигнал беруші ӘК бетінен қарап тұрса және ол:

қанаттары бекітілген әуе кемелер үшін – пилоттың көру өрісінде сол қанаттың алдында;

тікұшақтар үшін пилот оны жақсы көре алатын жерде тұрады.

Тиісті дабылдардың мәні жарық беретін дабылды жалауларды (дөңгелек «күрек») таяқшалар мен электрлі қолшамдарды пайдалану барысында өзгерусіз қалады.

Әуе кемелерінің қозғалтқышы дабыл берушінің ӘК алдына қарап тұрган жағдайда оңнан солға қарай нөмірленеді (борттағы сол жақтан санағанда соңындағы № 1 қозғалтқыш).

Жұлдызшамен белігіленген дабылдар аспанда тұрған тікұшақтар үшін арналған.

Дабыл беруші төмендегі дабылдарды қолданар алдында ол онымен қақтығыс жасап қалмаулары үшін ӘК маневр жасайтын алаңның объектілерден бос екендігіне көз жеткізеді.

Көптеген әуе кемелерінің құрылымы ӘК жер бетінде маневр жасау барысында қанат ұшының, қозғалтқыштың және басқа да бөліктердің қозғалыс траекториясын визуалды түрде бақылай алатындай жасалған.

Берілген дабылға сәйкес әрекет ету. Егер әуеайлақта қозғалыс талаптары талап етілсе, дабыл беруші ұшқыштың әрекетіне басшылық жасайды.

1) Сүйемелдеуші немесе бағыттаушы

Таяқшаны оң қолына алып басынан тігінен көтеру, ал сол қолындағы таяқшаны дене бағыты бойынша қозғалту.

Ескерпе: Әуе кемесі қанатының ұшында тұрған адам беретін, бұл кеменің сигнал пилотқа (пилотқа), перрон диспетчеріне, ӘК кеме басшысына ӘК тұрақ орнына/тұрақ орнынан кеменің артқы жағынан кедергісіз қозғалыс мүмкіндігін білдіреді.



2) Тұрақ орнын көрсету

Таяқшаларды тігінен ұстай отырып, алға созылған қолды бастан жоғары қарай көтеру керек.




3) Келесі дабыл берушіге немесе ӘҚҰ органының және (немесе) жерүсті қозғалыс тапсырмасына сәйкес жеткізу

екі қолымен жоғары бағытты белгілеу; жазылған қолды денеге қарай бұру және таяқшалармен келесі дабыл берушінің немесе басқару аймағына қарай бағыт беруді көрсету.



4) Алға жылжу

Екі жаққа жазылған қол шынтақтарын бүгіп, кеуде деңгейінен басқа қарай бағытта таяқшамен жоғары төмен қарай қозғалыс жасайды.




5) Солға бұру (әуе кемесінен көрініс)

Кеудеге 90º бұрыш жаққа қарай жазылған оң қолды жазу арқылы таяқшамен сол қолмен «Алға жылжу» деген дабыл беруі, дабыл беру қолының қозғалысы қарқындылығы пилотқа ӘК бұру жылдамдығын көрсетеді.




6) Оңға бұру (әуе кемесінен көрініс)

Кеудеге 90º бұрыш жаққа қарай жазылған оң қолды жазу арқылы таяқшамен оң қолмен «Алға жылжу» деген сигнал беруі, дабыл беру қолының қозғалысы қарқындылығы пилотқа ӘК бұру жылдамдығын көрсетеді.




7) Әдеттегі аялдама

Кеудеге 90º бұрышпен екі жаққа қарай таяқшалармен қолды созу және таяқшалардың қиылысуына дейін бастан жоғары көтеру керек.





8) Шұғыл аялдама

Қолды шұғыл бастан жоғары көтеру және таяқшаларды қиылыстыру



9) Тежегішті қосу

Ашық алақанды иық деңгейінен сәл жоғары көтеру.

Экипажпен визуалды байланысына көз жеткізгеннен кейін саусақтарын жұдырыққа жұмылдыру керек. ӘК экипажынан қолдың үлкен саусағын көтеру арқылы хабар алғанға дейін қозғалмау.




10) Тежегішті жіберу

Саусақтары жұдырыққа жұмылдырылған қол буынын иық деңгейінен сәл жоғары көтеру. Экипажбен көзбе-көз байланысқа түскендігіне көз жеткізгеннен кейін жұдырығын ашады. ӘК экипажынан қолдың үлкен саусағын көтеру арқылы растау алғанға дейін қозғалмау.



11) Қалыптар орнатылған

Ішке қарай бағытталған таяқшалармен созылған қолды бастан жоғары көтеру, таяқшаларды олардың жанасуына дейін шұғыл жылжыту. ӘК экипажының растау алғанына көз жеткізу.





12) Қалыптарды алып тастау

Сыртқа бағытталған таяқшалармен бастан жоғары тік көтерілген таяқшаларды екі жаққа қарай шұғыл ажыратыңыз. ӘК экипажының рұқсатын алғанға дейін қалыптарды алмау.



13) Қозғалтқыш(тар) ды іске қосу.

Таяқшамен жоғары бағытталған оң қолды бастың деңгейіне дейін көтеру, бұл ретте бастан жоғары көтерілген оң қолмен бір уақытта іске қосуға жататын қозғалтқышты көрсету.




14) Қозғалтқышты өшіру

Таяқша ұстаған қолды иық деңгейіне дейін алдыға созу, таяқшамен сол иыққа дейін, содан кейін оң иыққа дейін тамаққа қарай қимылдату.




15) Жылдамдықты азайту

Таяқшалармен белден тізеге дейін жоғары-төмен қимылдата отырып, «қаққылау» қимылымен созылған қолды төмен қарай түсіру.



16) Көрсетілген жақтағы қозғалтқыш айналымын азайту

Қол төмен түсірілген қол алақандары жерге қарайды, содан қозғалтқыш айналымын тиісінше оң не сол жаққа қарай азайту керектігін білдіретін оң не сол қолмен жоғары-төмен қимылдары жасалады.





17) Артқа жылжу

Қолды кеуде алдында бел деңгейінде ұстап, қолдарын алға қарай айналдыру.

Қозғалысты тоқтату үшін 7 немесе 8 дабылдары пайдаланылады.



18) Артқа қарай қозғалыс кезіндегі бұрылыстар (артымен оңға)

Таяқшасы бар сол қол төмен қарай бағытталған; Басқа дейін көтерілген оң қол қөлденеңнен алға және тігінен артқа қарай қайталамалы қимылдар жасайды.




19) Артқа қарай қозғалыс кезіндегі бұрылыстар (артымен солға)

Таяқшалар оң қол төмен бағытталған; бастан жоғары көтерілген оң қол қөлденеңнен алға және тігінен артқа қарай қайталамалы қимылдар жасайды.




20) Бекітілген жауап/жол ашық

Жоғары қарай бағытталған таяқшалары бар оң қолды бастан жоғары көтеру, үлкен саусағы жоғары көтерілген қол буынын көрсету, бұл ретте сол қол төмен түсірілген және тізеге жапсырылған




21) Қалықтау

Кеудеге қарай 90º бұрышта қолдарды жазу



22) Жоғары қарай көтеру

Кеудеге қарай 90º бұрыштағы жаққа таяқшалары бар қолдарды жазу, алақандармен жоғары және олармен жоғары қарай қимылдар жасайды. Қолдардың қимыл қарқындылығы биіктіктің жылдамдық алуын білдіреді.




23) Төменге қарай түсіру

Кеудеге қарай 90º бұрышқа қолдарды жазу, алақандарды тқмен түсіріп, олармен жоғарыға қарай қимылдар жасайды. Қолдардың қимыл қарқыны жоғара қарай жылдамдық алу қарқынын білдіреді.




24) Көлденеңнен солға қарай (ұшқыштың, пилоттың жағынан)

Кеудеге қарай 90º бұрышқа оң қолды көлденеңнен жазады, келесі қолмен, осы бағытқа қарай қимыл жасайды.




25) Оңға қарай көлденеңнен қозғалту (ұшқыштың, пилоттың жағынан)

Кеудеге қарай 90º бұрышқа сол қолды көлденеңнен жазады, келесі қолмен, осы бағытқа қарай қимыл жасайды.




26) Қону

Алға қарай төмен түсірліген қолдарды айқастырады.



7. Төтенше жағдайларда қолмен берілетін стандартты сигналдар


Төменде келтірілген қолмен берілетін сигналдар, инцидент болған авариялық-құтқару мен өртке қарсы қызметтері және ӘК экипажы арасында төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимылдар жасау үшін қажет.

Төтенше жағдайлар кезінде ұшу экипажымен өзара қарым-қатынас орнату үшін қол сигналдарыавариялық-құтқару және өртке қарсы қызметімен ӘК алдыңғы жағының сол жағынан берілуі тиіс.

Ескертпе: Қол берілетін сигналдар төтенше жағдайларда ӘК экипажымен өзара тиімді іс-қимылдар жасаулары үшін авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтің персоналымен басқа орыннан берілуі мүмкін.


1) "көшу" командасы

Авариялық-құтқару мен өртке қарсы қызмет және жедел топтың басшы сыртқы жағдайға берілген берілген баға негізінде көшу ұсынылады.

Шынтағы бүгілген қол алға қарай жазылған, қол саусақтары көз деңгейінде.

Бүгілген қолмен артқа қарай қимылы жасалады, ал келесі қол кеуде бойына қарай тартылады.

Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалынады.




2) "Тоқта" командасы

Көшуді, ӘК қозғалысын немесе басқа да жүргізіліп жатқан басқа да іс-шараларды тоқтатуды ұсынады.

Қол жоғары көтеріліп, бас алдында білікке дейін айқастырылған .

Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалынады.




3) Төтенше жағдай оқшауландырылды

Қауіпті жағдайдың сыртқы белгілерінің болмауы немесе "тоқтату".

Қол екі жаққа қарай созылады және 45°бұрышқа дейін түсірілген. Қолдар бір уақытта белден төмен деңгейде шынтаққа дейін айқастырылады, ал содан кейін бастапқы қалпындағы жағдайға келтіреді (бейсбол арбитрінің дабылы "база қалпында").

Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалынады.




4) Өрт

Оң қолмен иықтан тізеге дейін түрлі қимылдарды жасайды және бір уақытта сол қолымен өрт орнын көрсетеді.

Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалынады.




________________________


Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидасына

7-қосымша


Әуе кемелерінің күту аймағы үшін жылдамдықтары



Биіктігі/эшелон, м.

Қалыпты жағдайлар

Турбуленттік жағдайлар

4200 метрге дейін қоса алғанда

А және В

санаттағы әуе кемелері үшін 320 км/сағат

С және Д санаттағы

әуе кемелері

үшін 430 км/сағат

А және В санаттағы әуе кемелері үшін

315 км/сағат

520 км/сағат (1)

4200-ден жоғары 6100 метрге дейін қоса алғанда

450 км/сағат (2)

520 км/сағат немесе 0.8М аз болуына байланысты (1)

6100-ден жоғары 10100 метрге дейін

қоса алғанда

490 км/сағат (2)




10100 метрден жоғары


0.83 М (МАХ саны)



Ескертпе:

(1) Турбуленттік жағдайларға байланысты 520 км/сағат немесе 0.8 М жылдамдық ұшу үшін күту аймағында тек алдын ала ӘҚҚК органының рұқсатынан кейін ғана пайдаланылады.

(2) Маршруттардың құрылымымен байланысты күту схемасы үшін 520 км/сағат ұшу жылдамдығы пайдаланылады.

________________________


Қазақстан Республикасы

әуе кеңістігінде ұшуды

ұйымдастыру қағидаларына

8 -қосымша

Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қолданатын сигналдар

1. Визуалдық сигнал

Сигналдар мөлшерi мүмкiндiгiнше ұзындығы бойынша 2,5 м-ден кем болмауы керек және оларды барынша байқалатын дәрежеде жасау қажет.

Көзбен көрiнетiн сигналдар ретiнде мата, парашют материалы, ағаш кесектерiнен, тастардан, қаптардан, флюориттен (плавиктiк шпат), күлден және басқа материалдардан (заттардан) жасалған белгiлер көрнектi жерге қойылады. Жоғарыда аталған сигналдарға назарды радионың, жарық сигнал ракеталарының, шағылысқан жарықтың, түтiннiң және тағы басқалардың көмегiмен аударуға болады.

2. Құтқару әуе кемелерінің экипаждары әуеден беретін, визуалдық сигналдар


Жерден берiлетiн сигнал түсiнiктi болғанын бiлдiретiн әуе кемесiнiң экипажы беретiн сигналдар:

күндiз - әуе кемесiнiң бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқалуы;

түнде - қону фарларын екi рет жағу немесе әуе кемесi олармен жабдықталмаса, онда АНО-ны екi рет сөндiру.

Егер әуе кемесi мұндай сигналдарды бермейтiн болса, бұл экипаждың жерден берiлген сигналды түсiнбегенiн бiлдiредi.

3. Іздестіру әуе кемелерінің су үстіндегі кемелерге беретін сигналдары


Іздестiру ӘК экипажы су үстіндегі кеменi апатқа ұшыраған әуе немесе теңiз (өзен) кемесiне бағыттай отырып, мынадай маневрлер жасайды:

1) су үстi кемесiнiң үстiнде тым болмағанда, бiр айналым жасайды;

2) шағын биiктiкте бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, су үстi кемесiнiң бағдарын қиып өтедi;

3) су үстi кемесi оның соңынан iлесетiн бағдарға шығады.

Егер iздестiру ӘК бұл маневрлердi қайталайтын болса, олардың мәнi өзгермейдi.

Iздестiру әуе кемесiнiң маневрi сигнал арналған су үстi кемесiне ендi көмек қажет емес екенiн бiлдiредi;

4) бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, шағын биiктiкте су үстi кемесiнiң ұстаған бағытын қиып өтiп, оның арт жақ бөлiгiне жақын ұшып өту.


4. Су үсті кемелерінің жауап сигналдары


3-тармақта көрсетiлген сигналдарға жауап ретiнде сигналдар қабылданғанын растау үшiн су үстi кемесiнен мынадай сигналдар берiлуi мүмкін:

кодтық вымпел (тiк ақ және қызыл жолақтар) аяғына дейiн жоғары көтерiледi;

Морзе коды бойынша T әрпiн сигнал шамымен бiрнеше рет беру;

бағдар және әуе кемесінің соңынан ілесу өзгертіледі.

Берілген нұсқауларды мүмкін еместігі туралы:

«№» халықаралық жалауының көтерілуі (шахмат тақтасы түріндегі көк және ақ квадраттар);

________________________

Қазақстан Республикасының

әуе кеңістігінде ұшудың

негізгі қағидаларына

9-қосымша

Әуе кемелердің апат, шұғылдық сигналдары және жедел және ұстау сигналдары


1. Апат сигналдары

1. Бiр уақытта не жеке-жеке берiлетiн апат сигналдары әуе кемесiне елеулi, тiкелей қауiп төнгенiн және оның шұғыл көмекке мұқтаж екенiн білдiредi.

2. Ұшу кезіндегі апат туралы хабар ашық мәтiнмен, бiрiншi кезекте:

1) радиотелефонмен:

апатқа ұшыраудамын - 3 рет (халықаралық ұшуда «МЕЙДЕЙ»);

мен - бiр рет;

апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң шақыру белгiсi - 3 рет;

апат болған жердiң координаттары - 3 рет берiледi.

2) радиотелеграфпен:

радиотелеграфпен берiлетiн сигнал 3 рет қайталанатын «SOS» (... - - - ...) тобынан, 1 рет «ДЕШ» (-..) үйлесiмiнен тұрады

this is (вис из) (халықаралық ұшу кезiнде);

апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң шақыру белгiсi - 3 рет;

апат болған жердiң координаты - 3 рет берiледi.

қысқа уақыт аралығында бiр-бiрден жiберiлетiн қызыл түстi жарқыл ракеталармен берiледi.

3) радиотелефонмен және радиотелеграфпен:

ұшу бағдары;

ұшу жылдамдығы;

ұшу биiктiгi;

апаттың сипаты мен қажеттi көмек;

экипаж командирiнiң шешiмi және iздестiру мен құтқаруға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер берiледi.

«SOS» немесе «Апатқа ұшыраудамын» сигналы берiлумен бiр уақытта қайталама радиолокация жүйесiнiң танып-анықтау аппаратурасының «Апат» сигналы мен борттағы ӘҚБ жауап бергiшіндегі «Авария» сигналы қосылады. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс ұшу кезiнде жауап бергiште 7700 «Апат» коды орнатылады.

3.Егер жағдай мүмкiндiк берсе, апат белгiсiнен кейiн:

1) жердiң ендiгi - 2 рет;

2)жердiң бойлығы - 2 рет;

3)орта-еуропалық уақыт (UTC) - 2 рет;

4) зақымданулар мен қажеттi көмек түрi - 1 рет;

5) ұшқыш қабылдаған шешiм және іздестіру мен құтқаруға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер - 1 рет.

6) «Қабылдаймын» сөзi берiле отырып, апат туралы хабар берiлуi мүмкiн.

Апат туралы хабарды бергеннен кейiн радиоэфирдi тыңдау үшiн 1-2 минутке қабылдауға көшу керек.

4. Авариялық-құтқару ӨЖЖ радиостанциялармен жұмыс iстегенде апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң экипажы қонғаннан кейiн КОСПАС және CAPCAT спутник жүйесiнiң пеленгациялауын қамтамасыз ету үшiн радиостанцияны дереу тональдық жөнелтумен беру режимiне («Маяк» режимi) қосу керек.

5. Апатқа ұшыраған ӘК «Комар» үлгiсіндегі автоматты радиомаягы болса, парашютпен қонғаннан кейiн, оның таратқышының жұмысы тональдық жөнелтулерiн тыңдау арқылы тексерiледi. Таратқыштың бұл режимдегi жұмысы 3 сағат бойы жалғасады. Одан кейiн қабылдағыш-таратқышты радиомаяктың үрленбелi баллонынан алып, антеннасын орнату және қабылдау режимiне қосу керек.

6. Жерге қонғаннан кейiн алғашқы тәулiктердiң әр сағатының бастапқы кезiнде әр хабардың берілуiнен кейiн 3 минуттен қабылдау режимiне көше отырып, апат туралы үш дүркін хабар жөнелту жүргiзiледі.Қалған уақытта радиостанция қабылдау режимiнде болуы тиiс. Кейiнгi тәулiктерде әр сағаттың бастапқы кезiнде әр хабардың берiлуiнен кейiн 3 минуттен қабылдау режимiне көше отырып, апат туралы үш дүркiн хабар жөнелту жүргiзiледi, қалған уақытта радиостанция сөндiрiледi.

7. Жерге қонғаннан кейiн берiлетiн хабар апат туралы әуеде берiлетiн хабарға ұқсас болады. Iздестiру-құтқару ұшағының (тiкұшағының) дыбысы естіле бастағанда немесе оны көзбен көрiп байқағанда апат туралы хабар беру және онымен екi жақты байланыс орнату керек; егер екi жақты байланыс орнатудың орайы келмесе, апат туралы хабарды сүйемелдеп отыруға арналған сигналмен («Маяк» режимi) 1.5-2 минут iшiнде кезектестiру керек; ұшақ (тiкұшақ) экипажымен екi жақты радиобайланыс орнатылған кезде радиостанциямен одан кейiнгi жұмыс тәртібін ӘК iздестiру-құтқару командирi белгiлейдi.

8. Өзара радиобөгеттердi болдырмау үшiн апатқа ұшыраған ӘК командирі (экипажы) бiрнеше авариялық-құтқару ӨЖЖ радиостанцияларын хабардар ету үшiн бiр жерде қосуға тыйым салынады.

Апатқа ұшыраушы әуе кемесiне оның иелiгіндегі кез-келген құралмен назар аударту үшiн өзiнiң қай жерде және қандай көмек қажет екенi туралы хабар жөнелтуiне осы бөлiмнiң бiрде-бiр ережесi тыйым салмайды.

Апат және шұғылдық сигналдарды электрбайланысы арналарымен берудiң егжей-тегжейлi қағидалары «Авиациялық электр байланысы» Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенциясының 10-қосымшасында көрсетілген.

Шұғылдық сигналдары

9. Шұғылдық сигналдары ӘК экипажы оның қонуға мәжбүр етiп отырған қиындықтарды басынан кешiп отырғанын, бiрақ шұғыл көмек керек емес екенiн бiлдiредi және былай берiледi:

1) қону шамдарын қайталап қосу және сөндiру;

2)импульстiк аэронавигациялық оттардың жыпылықтауынан ерекшеленетiн аэронавигациялық оттарды қайталап қосып және сөндiрiп отыру.

10. ӘК мен ондағы жолаушыларға және экипажға қауiп төнуi ықтимал болған жағдайда берiлетiн халықаралық шұғылдық сигналы:

1) радиотелеграфпен - «666» (немесе ХХХ тобы);

2) радителефонмен - «ПАН» (PAN) белгiсiмен берiледi.

11. ӘК үшін ыөтимал қауіппі бар және оларда жолаушылар мен экипаж орналасқан жағдайларда халықаралық шұғылдық сигналдар:

1) Радиотелеграфпен немесе сигнал берудiң басқа әдiсiнiң көмегiмен берілетiн және ХХХ-тер тобынан тұратын сигнал;

2) «ПАН ПАН» (PAN PAN) радиотелефондық шұғылдық сигналы;

3) мәлiметтердi беру желісімен жөнелтілетiн және PAN, PAN сөздерiнiң мәнiн беретiн шұғылдық хабарлары су бетіндегі кеменiң, әуе кемесiнiң немесе қандай да бiр басқа қозғалыс құралының қауiпсiздiгiне, борттағы немесе көзге түсетiн жердегi адамның қауiпсiздiгiне қатысты әуе кемесiнiң беретiн төтенше шұғыл хабары барын бiлдiредi.

3. Азаматтық әуе кемелерін ұстау


12. Қазақстан Республикасының әуe кеңiстiгiнде азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мынадай қағидаттар қолданылады:

1) азаматтық әуе кемелерiн ұстау тек соңғы шара ретiнде қолданылады;

2) егер:

оны берiлген жол желісіне қайтарудың қажеттілігi болмаса;

оны мемлекет әуе кеңiстiгiнiң шегiнен шығарып жiберсе;

тыйым салынған аймақтан, ұшуларды шектеу аймағынан немесе қауiптi аймақтан басқа жаққа бағыттаса; немесе осы әуе кемесiне көрсетiлген әуеайлаққа қонуға бұйрық берiлсе ұстау, оны жүзеге асырған жағдайда ӘК танумен шектеледi.

13. Азаматтық әуе кемелерiн оқу-жаттығу мақсаттарында ұстауға тыйым салынады.

14. Радиобайланысты орнату мүмкiн болғанда, ұсталатын азаматтық әуе кемесiне радиотелефонмен ұшу бағытына қатысты нұсқау мен қажеттi мәлiметтер берiледi.

15. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда Заңның 28-бабының 4 және 5 тармақтарына және мемлекеттік авиация саласында өкілетті органмен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің әуе бұзып өтуші - әуе кемелер бойынша қару және әскери техникаларды қолдану қағидаларына сәйкес әрекет ету керек.

16. Ұстап қалуға байланысты қауіпті салдарды жою және азайту үшін экипаж және ӘҚҚ тиісті органдары арасында әрекеттерді үйлестірудің барлық шаралары:

1) ұшу экипажының мүшелеріне ұстап қалу кезіндегі әрекет ету тәртібін білу;

2) әуе кемелердің командирлері ӘК ұстап қалушымен 121,5 МГц тазалығында байланыс орнатады және ұстап қалу ережесіне сәйкес әрекет ету;

3) ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының диспетчерлері басқа әуе кемелердің қауіпсіз ұшуларын қамтамасыз етуде орындалатын әрекет ету тәртібін білу;

4) мемлекеттік авиацияның әуе кемелерін ұстап қалатын ұшқыштар азаматтық әуе кемелердің жазғы-техникалық сипаттамаларының жалпы шектеулерін білу және техникалық қиындықтарға және заңсыз киілуге байланысты ұстап қалған азаматтық ӘК бортында апаттық және төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі;

5) ұстап қалуды орындауға әлеуетті мүмкіндігі бар ұстап қалуды басқару органына және әуе кеменің командиріне ұстап қалу маневрі, ұстап қалатын әуе кеменің бағыты, визуальды дабылдар бойынша ұстап қалатын азаматтық әуе кемелерге қатынасты әрекеттер, радиобайланысты орнату, қару қолданбау бойынша нақты және анық тапсырмалар беріледі;

6) мемлекеттік авиацияның ӘК ұстап қалу және тосқауылшы ӘҚБ (басқару пункті) органдары ұстап қалуы мүмкін аудандарда азаматтық әуе кемелерді ұстап қалуды басқару органдарымен тану мақсатымен ВОРЛ құралдарымен, 121,5 МГц апаттық жиілікте ұстап қалынатын әуе кемелермен байланыс жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін радиотелефон жабдықтарымен хабарлайды. Мұндай жабдықтар «А» режиміндегі № 7500, 7600 және 7700 дискретті төртсанды кодтарды тануды қамтамасыз етеді.

17. Айрықша жағдайларда, ұстап қалынушы азаматтық ӘК-ден ұшып бара жатқан аумаққа қону талап етеді және мына талаптарды орындау қажет:

1) көрсетілген әуежай аталған түрдегі ӘК қауіпсіз қонуы үшін жарамды, әсіресе, әуежай азаматтық әуе кемелермен пайданылмайтын жағдайларда;

2) әуеайлақ аймағын қоршаған жер айналым бойынша ұшу, өону және екінші айналымға кетуге жарамды;

3) ұстап қалынатын ӘК отынның қалған қоры (қалдығы) әуеайлаққа қону үшін жеткілікті;

4) көрсетілген әуеайлақ аэронавигациялық ақпараттық жинақта көрсетілген;

5) қонуға және ұстап қалынатын ӘК қонуға қауіпсіз енуі үшін қажетті барлық ақпараттар қол жетімді каналдардың барлық радиобайланыстарынан бортқа беріледі.

18. ӘКБ (ӘКБ) органымен ӘК ұстап қалу жауапкершілігінің оның ауданында жүзеге асырылғандығы ақпаратын алу кезінде, аталған талаптардан төмендегі шараларды қабылдайды.

1) егер байланыс орнатылмаған жағдайда, апаттық 121,5 МГц радиожиілікті қосқанда, қолдағы барлық құралдарды пайдалана отырып, ұстап қалынатын ӘК екіжақты байланыс орнатуға талпыныс жасайды;

2) ұстап қалатын ӘК экипажын ұстап қалуы туралы хабарлайды;

3) ұстап қалатын ӘК-мен екіжақты байланысты ұстап тұратын және ұстап қалатын ӘК туралы қолдағы ақпаратпен қамтамасыз ететін ұстап қалуды басқару органымен (басқару пункті) байланыс орнатады.

4) ұстап қалатын немесе ӘК ұстап қалушы мен ұстап қалынатын ӘҚБ (басқару пункті) органы арасында қажеттілігіне қарай хабарламаны ретрансляция жасайды.

5) ұстап қалу ӘҚБ органымен тығыз өзара қарым-қатынас барысында ұстап қалынатын ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданады.

19. Ұстап қалынатын ӘК командирі:

1) ұстап қалатын ӘК нұсқауына құлақ қою керек визуальды дабылдардың мәнін түсіндіп, ұстап қалушының талаптарына сәйкес оларға жауап береді;

2) мүмкіндік болған жағдайда ӘҚБ (ӘҚҚ) тиісті органдарын хабардар етеді;

3) 121,5 МГц және 123.1МГц (ӘК ұстап қалу кезіндегі жиілік) апаттық жиілікте ұстап қалынатын ӘК немесе ұстап қалу ӘҚБ (ӘҚҚ) тиісті органдарымен радиобайланыс орнатады;

4) өзінің шақыру белгілерін атайды;

5) ұшудың мақсатын хабарлайды;

6) егер байланыс орнатылмаған жағдайда, 243 МГц жиілігіндегі радиотелефондық режимінде қайта шақыру жолымен талпыныс жасайды;

7) радиотелефондық режимде 500 кГц немесе 2182 жиілікте және 8364 кГц теңіз қызметтерінен көмек сұрау кезінде;

8) егер ӘҚБ (ӘҚҚ) тиісті органының тарапынан басқа да мәліметтер берілмесе, бортта ҚШРЛ қабылдағышының болған жағдайында «А» режимінде 7700 кодын тереді,

20. радиодан немесе басқа да кез-келген көздерден алынған нұсқаулар визуальды дабылдардың көмегімен берілетін ұстап қалынатын ӘК нұсқауына қарама-қарсы келетін болса, ұстап қалатын ӘК-мен ұстап қалушымен визуальды берілетін нұсқауларды орындай отырып, шұғыл түрде түсіндіру сұрайды.

21. ӘК ұстап қалатын және ұстап қалынатын экипаждардың визуалды дабылдардың 0а5идаларын қатаң сақтағандары қажет. Ұстап қалатын ӘК берілетін, олардың апаттық жағдай екендіктерін білдіретін кез-келген дабылдарды түсініп, оларға ерекше көңіл бөлгендері дұрыс.

22. Ұстап қалушымен байланыс орнатылып, ол байланысты ортақ тілде түсіну мүмкін болмаған жағдайда, негізгі ақпаратты жеткізуге талпыныс жасалынады және қабылдағандықтарын екі рет қайталанатын мына сөйлемдерді аталған жолмен растайды.

Ұстап алушымен қолданатын сөздер


Ұсталатын ӘК

қолданатын сөздер

Сөз

Мағынасы

Сөз

Мағынасы

Callsign (Кол сайн)

Сіздің шақыру белгіңізді хабарлауыңызды өтінемін

Callsign (Кол сайн)

Менің шақыру белгім (шақыру белгісі)


Follow (Фоллоу)


Маған ілесіңіз

Wilco (Вил коу)

Сізді түсіндім, орындаймын

Cannot (кэн нот)

Орындау мүмкін емес

Descend (Дисэнд)


Қонуды орындау үшін төмендеңіз

Repeat (Рипит)

Қайталаңыз

Am lost

(Эм лост)

Бағытты жоғалттым

You land (Юлэнд)



Осы әуеайлаққа қоныңыз

Mayday (Мэйдэй)

Апатқа ұшыраудамын

Hi jack (Хай джэк)

Кепілге алыну

Proceed (Просид)



Өз бағдарыңызбен жүре беріңіз

Land (place name) (Лэнд)

Қонуды талап етемін

Descend (Дисенд)

Төмендеуді талап етемін
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 23 шілде 2015 жылғы №578 Қаулысы
Республикасы Үкіметінің «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» 19 қаңтар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы
«Арнайы су пайдалануға рұқсат беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы №56 қаулысына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2013 жылғы 19 маусым №627 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы №33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2012 ж., №22, 316-құжат) мынадай...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №1415 қаулысы
РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы №556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы icon4. негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 Қаулысы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница