Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының




Скачать 237.78 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының
Дата конвертации06.02.2016
Размер237.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kazcosmos.gov.kz/doc/files/str_plan/otch_fiir_kz.doc


01.07.2010 ж №100 ЭДСМ бұйрығына 3-қосымша

.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының

2010-2014 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

«Болашақ экономикасы» секторларын дамыту: Ғарыш қызметі


Есеп кезеңі


2011 жыл

Іске асыру кезеңдері


2010-2014 жылдар

Мекеме


Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарын дамытудың Стратегиялық бағыты




жоқ

1. Мақсатқа жету

Атауы

Өлшем бірлігі


Ақпарат көзі



2011 жылғы

жоспары


2011 жылғы

дерегі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

Негізгі бағыты: «Болашақ экономикасы» секторларын дамыту: Ғарыш қызметі


Мақсаты: Республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жылдамдатуға, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылымның және жоғары технологиялардың дамуына ықпал ететін экономиканың ғылымды қажетсінетін және жоғарытехнологиялық секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыру.

Нысаналы индикатор
















2015 жылға қарай ЖҚҚ кемінде 85,0 млрд. теңге өседі

млрд. теңге

ҚРҮИИМ бойынша ҚР СА бюллетені



-

4,8




Бекітілген спутниктік байланыс арналарына деген еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі

- 80 %,



%


«РҒБО» АҚ есебі



30



30







1-бөлiм. Салалық даму бағдарламалары

11

ҚР-да ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны әзiрлеу

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

ҰҒА

2010 жылғы
15 қыркүйек

Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 Қаулысымен бекітілді.

24

Мемлекеттiк органдардың 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларына Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламада бекiтiлген индикаторларды қосу бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу

ҚР Үкiметiнiң қаулысы

Мүдделi мемлекеттiк органдар

2010 жылғы маусым

Қазғарыштың стратегиялық жоспарға өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 ақпандағы № 151 Қаулысымен бекітілді.


3-бөлiм. Институционалдық қайта құру

3.2 Ұйымдастырушылық өзгерiстер

52

Ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды, оның iшiнде ӘКК-нi, ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып дамытудың стратегиясын әзiрлеу

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ, ИЖТМ, АШМ, БҒМ, Қаржыминi, МГМ, Мәдениетминi, БАМ, ҰҒА, ұлттық басқарушы холдингтер ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар (келiсiм бойынша), облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкiмдiктерi

2010 жылғы қыркүйек

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы N 1277 Қаулысымен бекітілді.



53

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды, оның iшiнде ӘКК-нi, ҚР-ның стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып дамытудың жоспарларын әзiрлеу

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭДСМ, ИЖТМ, Қаржыминi, АШМ, БҒМ, МГМ, Мәдениетминi, БАМ, ҰҒА, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар (келiсiм бойынша), облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкiмдiктерi

2010 жылғы желтоқсан

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының 2011 - 2015 жылдарға арналған дамытудың Жоспары Директорлар Кеңесі 2011 жылғы 14 қаңтар дағы №1 шешімімен бекітілді.


3. Ведомстоаралық өзара қарым-қатынасты талдау

Атауы

Қарым-қатынасты талдау

1

2

Нысаналы индикаторлар, нәтиже көрсеткіштері, орындаушы-мекеме





Тіркелген спутниктік байланыс арналарындағы еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі - 80 %

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі

2011 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі мен Ресей Федерациясының Бұқаралық коммуникация байланысы министрлігінің арасында 86.5º ш.б. орбиталық позициясындағы жиіліктік ресурсты пайдалану бойынша Келісімге қол қойылды.

2011 жылы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KazSat-2» ғарыш аппаратын ұшырылды. Ғарыш аппараты Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінің Тізбесіне 2011 жылы 02 желтоқсанда № 2011- 02 тіркелді.

Қазіргі уақытта оны белгіленген 86,5 градус шығыс бойлығында ұстау қамтамасыз етілуде және пайдалы жүктемені жүктеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҒА ұшыру бекітілген спутниктік байланыс арналарындағы қажеттілікті 32 % қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

Тұтынушыларға берілетін ғарыш деректерінің қазақстандық ЖҚЗ ҒА деректерінің үлесі - 50 %.

ҚР байланыс және ақпарат министрлігі

«ҚҒС» ҰК» АҚ «Spot Infoterra Group» компаниясымен бірлесіп ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ауылшаруашылық министрлігі және ҚР Мұнай және газ министрлігі өкілдерінің қатысуымен кездесулерге қатысты, онда Қазақстан Республикасының аумағындағы нысандардың ғарыш мониторингі және картаға түсіру үшін Formоsat-2 ЖҚЗ ғарыш түсірілімдерін ұсыну бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.

Есептік жылы ғарыш түсірілімдерін тұтынушылардың деректер базасы жаңартылды. 53 мемлекеттік органдар мен ұйымдардан 12 мәліметтен жаңартылды.

Сонымен бірге, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің S-диапазонының 2240.125 МГц және 2226.666 МГц жиіліктерінен басқа S, X диапазондарында радиожиілікті спектрді қолдануға ресми рұқсат келді. Аталған жиіліктер «Алма ТВ» АҚ эфирлік-кабельді телевизия операторының арналарымен бос емес. Қазіргі таңда ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі және «Алма ТВ» ЖШС бірлесіп ЖҚЗ ҒЖ пайдалану үшін қажетті жиілік диапазонды босату жұмыстарын жүргізіп жатыр.


4. Сыртқы қарым-қатынасты талдау

Сыртқы қарым-қатынас факторлары және олардың қол жеткізген көрсеткіштерге әсері

Қабылданған шаралар


  1. Жерүсті инфрақұрылым объектілерін құру және дамыту




Қазақстанда ҒА жасауға мүмкіншілік болмағандықтан, жерүсті ғарыш инфроқұрылымының тиімділігін үлкейтуге мүмкіндік бермейді.

ҚҒС»ҰК» АҚ, Инновациялар және технологиялар трансферті орталығы мен Қазақстан-Франция Технологиялар Трансферті Орталығы арасында 2010 жылы 27 қазанда Парижде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Францияға ресми сапарының кезінде «Дәл механика» және «кабельдеу» өнімінің өндірісін ұйымдастыру жөніндегі өзара түсіністік пен келісім туралы меморандумға қол қойылды.


2.Техникалық регламенттерді енгізу

Бірыңғай Кеден Одағын құру


Кеден Одағын құруға байланысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө. Шөкеевтің төрағалығымен өткен Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия отырысының нәтижесі бойынша 2010 жылғы 20 тамыздағы № 17-59/005-1801, 05-124 хаттамалық тапсырмамен жаңа техникалық регламенттерді әзірлеу тоқтатылған. БКО қатысушы-елдер үшін, сондай-ақ ғарыш саласы бойынша да үлгілі техникалық регламенттерді әзірлеу жорамалдануда.

5.Қаржы қаражаттарын игеру

Қаржыландыру

көзі

Жоспар,

мың. теңге

Дерек,

мың. теңге

Пайдаланбау себебі

1

2

3

4



Республикалық бюджет


39 537 674

39 378 146,8

159 527,2 м.т. пайдаланылмады, оның ішінде:

0,7 м.т.- еңбек ақы қоры мен мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнем;

6 585,0 т.т.- ЖСҚ дайындауға шығындардың болмауына байланысты қаражатқа қажеттілік жоқ;

152 941,5 т.т.- «Kazsat-2» спутнигін штатты пайдалануды қамтамасыз ету шартын кеш жасау себебі бойынша – 2011 жылдың желтоқсаны.

6. Талдамалық жазба

2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациалық дамуының бағдарламамен (бұдан әрі – Бағдарлама) ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық экономика секторында, республиканың индустриалды – иновациалық дамуының тездетуіне, ұлттық қауіпсіздікке және қорғанысқа бекітілуіне, ғылым және жоғары технологиялардың дамуына үлесін қосатынын ғарыш саласының бірінші кезеңінде құндылығын құру жүзеге асыруы қарастырылған .

Қойылған міндеттер мен мақсаттар аясында мынадай нысаналы индикаторлар бағдарламамен анықталынды:

1. 2015 жылға ЖҚҚ өсуі 85,0 млрд. тенге шамасынан кем болмайды.

2. 2015 жылға экспорттың өсуі 15,0 млрд. тенге шамасынан кем болмайды.

3. Белгіленген спутниктік байланыс каналдарда - 80%, жоғарғы айыру қабілеті бар спутниктік навигация қызметтерінде (Қазақстан аумағын қамту %) мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі

4. ҒА ЖҚЗ қазақстандық деректер үлесінен, ғарыш деректерінің жалпы саны, тұтынушыларға ұсынатын - 50 %.

Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: 2010-2014 жылдар.

Жоғарыда аталған индикаторларына жету мақсатында Қазғарышпен Бағдарламада қарастырылған негізігі бағыттар дамиды:

  • Мақсатты ғарыш жүйелерін құру және дамыту, және оларды пайдалану;

  • Жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;

  • Мамандырылған кадрлар ресурстарымен қамтамасыз ету;

  • Әкімшілік тосқауылдарды алып тастау;

  • Техникалық регламенттерін енгізу;

  • Инновациалардың дамуы және технологиялық жаңғыртуға үлесін тигізу.

2010 жылғы қазанда Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2010-2014 жылдарға арналған Ғарыш қызметін дамыту бойынша салалық бағдарламасы қабылданған (бұдан әрі - Салалық бағдарлама).

Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарына сәйкес Қазғарышпен және оның қарамағыдағы кәсіпорындарымен мынадай инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда:

- «KazSat» байланыс және тарату спутниктік жүйені құру («KazSat - 2, » «KazSat - 3», резервтік жерүсті басқару кешені (РЖБК));

- «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру;

- Ғарыш аппараттарының құрастыру – сынау кешенін құру;

- Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру;

- Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигациясының жерүсті инфрақұрылымын құру;

- «Байқоңыр» ғарыш айлағында қолданыстағы «Зенит» және «Днепр» ғарыш зымыран кешендерін коммерциялық пайдалану жобаларында қатысу.

Қазғарыш 2011 жылдың қорытындысы бойынша мыналар өткізілді.


1. «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру

«KazSat-2» ғарыш аппаратын (ҒА) құру жобасы бойынша.

2011 жылы 16 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ҒА ұшырылды және геостационарлық орбитаға шығарылды. Спутниктік байланыстың қазақстандық операторларының қатысуымен ҒА ұшу-конструкторлық және есеп сынауларынан өтті. 2011 жылы 25 қарашада "KazSat-2" ҒА штатты пайдалануға қабылданды. ҒА Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінің Тізбесіне 2011 жылы 02 желтоқсанда № 2011- 02 тіркелді.

ҒА белгіленген 86,5 градус шығыс бойлығында тұр. Оны белгіленген дәлдікпен ұстау қамтамасыз етілуде. Қазіргі уақытта 120 МГц көлеміндегі ҒА транспондерлерінің сыйымдылығын жалға беруге спутниктік байланыс операторларымен шарт жасалды. ҒА ұшыру бекітілген спутниктік байланыс арналарындағы қажеттілікті 32 % қанағаттандыруға мүмкіндік берді.

«KazSat-3» ғарыш аппараты (ҒА) құру жобасы бойынша.

«KazSat-3» байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшыру бойынша конкурстар өтпеді деп мойындалуына байланысты, 2011 жылы мамырда бір көзден сатып алу тәсілімен «Академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ Компаниясы (бұдан әрі – АСЖ) жеңімпаз болып анықталды.

2011 жылы 20 маусымда Ле Бурже (Париж, Франция) авиасалонының барысында АСЖ мен РҒБО арасында «KazSat-3» телекоммуникациялық спутнигін жасау шартына қол қойылды.

2011 жылы шілдеден бері «KazSat-3» ғарыштық жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта нобайлық жобаны жасау шартына сәйкес жұмыстардың 1 кезеңінің шеңберіндегі іс-шаралар аяқталды.

Ғарыш аппараттарын резервті жер үсті басқару кешенін (РЖБК) құру жобасы бойынша.

2011 жылы сәуірде РҒБО мен бас мердігер «Көңіл жол лизинг» ЖШС арасында РЖБК құруға шарт жасалды.

Қазіргі уақытта РЖБК объектісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Объектіні пайдалануға енгізу 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында қамтамасыз етілетін болады, соған байланысты қосымша ақша қаражаттары 2011 жылдың соңында бөлінді. РЖБК пайдалануға енгізу мерзімін ауыстыру бойынша тиісті түзетулер 2011-2015 жылдарға арналған Қазғарыштың Стратегиялық жоспарына енгізілді.


2. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру (ЖҚЗ ҒЖ)

«ҚҒС» ҰК» АҚ және «ЕАDS «Astrium» компаниясы арасындағы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін жеткізу жұмыстарын орындау келісімшартының шеңберінде 2011 жылы келесілер аяқталды:

айыру қабілеті жоғары SРDR НR және айыру қабілеті орта (SРDR MR) ғарыш жүйесінің аджын ала (нобайлық) жобасының кезеңі;

айыру қабілеті жоғары (GS CDR HR) ЖҚЗ ҒЖ жерүсті сегментін нақты жобалау (жұмыс жобасы) кезеңі;

айыру қабілеті орта (CDR MR) ғарыш жүйесінің нақты жобасы бойынша кезең.

ЖҚЗ ҒЖ жерүсті сегментінің ғимараты құрылысының жұмыс жобасы әзірленді және бекітілді (ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 156-ПИР бұйрығымен бекітілді).

ҚР ЖҚЗ ҒЖ жерүсті сегменті ғимаратының құрылысы бойынша жұмыстарды ашық тендердің жеңімпазы – «Құлагер» құрылыс корпорациясы» ЖШС жүргізуде (2011 жылғы 12 тамыздағы № 05-90 шарт).

Жобаны іске асыру шеңберінде 24 адамнан тұратын жобалаушылар тобы Тулуза қ. (Франция) ЖҚЗ оптикалық ҒА жобалау жөніндегі базалық және академиядық (тереңдетілген) оқу курсын аяқтады. Сонымен бірге, ЖҚЗ ҒЖ пайдалану бойынша топқа оқу үшін үміткерлер іріктелді, ол Мердігер - ЕАDS Astrium аумағында 2012 жылы өтетін болады.

Сондай-ақ, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің S-диапазонының 2240.125 МГц және 2226.666 МГц жиіліктерінен басқа S, X диапазондарында радиожиілікті спектрді қолдануға ресми рұқсат келді. Аталған жиіліктер «Алма ТВ» АҚ эфирлік-кабельді телевизия операторының арналарымен бос емес. Қазіргі таңда ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі және «Алма ТВ» ЖШС бірлесіп ЖҚЗ ҒЖ пайдалану үшін қажетті жиілік диапазонды босату жұмыстарын жүргізіп жатыр.


3. Ғарыш ғылымы мен технологияларын дамыту міндеттерін шешу үшін ғылыми мақсаттағы ғарыш жүйесін құру

Есепті жылы «Ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыш жүйесін құру» жобасы бойынша ТЭН (әрі қарай – ҒТБ ҒЖ ТЭН) әзірлеуге инвестициялық ұсыныстар дайындалды.Бұл инвестициялық ұсыныстар Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тарапынан қолдау тапты. «2011-2013 жылдардағы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы аясында бюджеттік қаражаттар бөлінді. Ғылыми-технологиялық бағыттағы ғарыш жүйесін құруға ТЭН жасалды.


4. Ұлттық ғарыштық мониторинг жүйесін дамыту (ҰҒМЖ)

Бұл жоба бойынша 2011 жылы төмендегі жұмыстар орындалды:

- 2011 жылы Қазақстан аумағының ғарыштық радиолокациялық және оптикалық-здектронды суреттерін Астана және Алматы қалаларының жерүсті станцияларына синхронды қабылдау бағдарламасы әзірленді және жүзеге асырылды.

- Алматы қаласындағы ЖҚБ деректерін қабылдау станциясы жетілдірілді. ЖҚБ деректері бойынша Қазақстанның, жекелеген облыстардың, ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың мозаикалық жабындыларын қалыптастыру технологиясы әзірленді.

  • Геопорталдағы мозаикаларды үнемі жаңартып тұру Web-ГАЖ технологиясы әзірленді.

  • Спектрдің көрініп тұратын аумақтарында ЖҚБ бортты аспаптарының датчиктерін калибрлеу үшін тестілеу телімдерін таңдаудың негізгі талаптары мен қағидалары анықталды.

  • Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстары аумағындағы жайылым өсімдіктерін спутниктік бақылау бағдарламасы әзірленді және өткізілді.

  • NOAA (1шм), MODIS (500 м), Landsat (30 м) деректері бойынша құрылған вегетациялық индекстердің ақпараттық талдауы жасалды.

  • Жерүсті және жер серігі деректері бойынша жайылымдардың кескінді жабындысына салыстырмалы талдау жүргізілді. Қарағанды облысының Шет ауданы мен Алматы облысының Жамбыл ауданы жайылымдарының маусымдық өнімділігі картасы құрылды.

  • Қазақстан аумағында құғақшылық болуының жиілігіне баға берілді. Вегетация шарттары индексін VCI) декадаға бөлу бойынша құрғақшылық аумақтарын алдын ала танып білу, анықтаудың технологиясы мен критерийлері әзірленді. Вегетациялық индекстердің көпжылдық қатарлары негізінде ауыл шаруашылығы жерлерінің тұрақты өнімділігі аймақтарын карталау алгоритмдері технологиялық кешені әзірленді. Аса маңызды нысандар (АМН) үшін қуаты мен болашақ зиянын есепке алып, қауіптілігі дәрежесі бойынша белсенді өрт ошақтарын (БӨО) маңыздылығына қарай бөлу критерийлері ұсынылды және алгоритмдері әзірленді. Геопорталда өрттер мен құрғақшылықтың ғарыштық мониторингі нәтижелерін көрсететін технологиялар мен сервистер әзірленді.

– Қазақстан аумағының оптикалық-электронды және радарлық суреттерін лингвистикалық каталогпен қамтамасыз ету жетілдірілді және мемлекеттік тілде интерактивті интерфейстер әзірленді.

– Мұрағаталды жұмыстары орындалды, 2011 жылғы мұрағат және ЖҚБ деректерінің каталогтары маңызына қарай жіктелді.

  • ЖҚБ мұрағаттық деректері базасында жылулық сәулелердің старционар көздерінің мониторингі дайындалды.

  • SRTM-2 радарлы деректерінің фрагменттері және ASTGTM оптикалық-электронды деректері негізінде ArcGIS 9.1 ортасында Ертіс өзенінің Қазақстан бөлігі бассейні ЖСМ тірек мозаикалары құрылды.

Тарханка ауылы маңы телімдері және Бұқтарма мен Өскемен су қоймалары орналасқан аудандар кіретін, Ертіс өзені бассейнінің ауыспалы жерлері үшін ALOS PRISM, IRS P5 стереоғарышсуреттері негізінде ірі масштабты РСМ қалыптастырылды. Ертіс өзені бассейнінің ауыспалы жерлерінің ірі масштабты ЖСМ қалыптастырылды. Қазақстан, Тәжікстан және Қызғызстанның ірі су қоймаларының толуы динамикасы туралы ғарыштық мониторингі деректерін Интернет-геопорталға шағыру әдістемесі әзірленді.


5. «Байқоңыр» ғарыш айлағында экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ҒЗК құру

Осы жобаны іске асыру бойынша жұмыс жалғастыруда. Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін жобаның стратегиялық маңызы бар, бірақ оны сапалы және уақытында іске асыруында күрделі мәселелер бар.

Сонымен, есеп жылда жоба шеңберінде

- «Бәйтерек» ҒЗК құруының қаржы-экономикалық негіздеме материалдарына ескертулер бар экономикалық сараптаманың қорытындысы алынды, қазіргі уақытта кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізуде;

- тепе-теңдік негізінде жақтардың тең құқықты қаржы қатысуын және тәуекелдердің тиісті тең таралуын қарастыратын Үкіметаралық келісіміне өзгерістер мен толықтырулар бойынша ұсыныстар әзірленді;

- «Бәйтерек» ҒЗК тактика-техникалық тапсырмасы келісілді және бекітілді;

- қоршаған ортаға әсер тигізу (ҚОӘТ) материалдарына ескертулер бар экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды, кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚЭН материалдарына сәйкес «Бәйтерек» ҒЗК жобаның бағасы өсті. Қазіргі уақытта жаңа баға бойынша жобаны әрі іске асыру мақсаттылығы туралы мәселені шешу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осыған байланысты «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану бойынша ынтымақтастықты жеделдету бойынша ұсыныстарды дайындау үшін Қазақстан және Ресеймен бірлескен жұмыс тобы құрылды

А. ж. 1 қарашада Мәскеу қаласында Қазғарыш пен Роскосмостың бірінші басшылардың кездесуі өтті, оның нәтижесі бойынша Ресғарыш «Бәйтерек» ҒЗК құрастыру жобасын ресей жағымен біріккен қаржыландыру бойынша ұсыныстар және «Анкара-Бәйтерек» бағдарлама үшін қаржы шығындардың жүйелі талдау нәтижелерін қазақстан жағына ұсыну керек.

2011 жылғы 20 желтоқсанында Байқоңыр қаласындағы Қазғарыш және Роскосмос өкілдер арасындағы өткен кездесуде «Бәйтерек» ҒЗК құру жобаны іске асыру жайында бірнеше шешімдер қабылданды. Бірлескен жұмыс тобына 2012 жылғы қаңтар айының сонына дейін «Бәйтерек» ҒЗК жобасы бойынша ұйымдастыру жұмыстары мәселесін шешуі бойынша ұсыныстар дайындауға тапырма беілді. Қазіргі уақытта Роскосмоста жобаны бірлесіп қаржыландыру есебімен түзетілген «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру туралы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы үкіметаралық келісіміне өзгертулер мен толықтырулар туралы хаттаманың жобасы келісуде.

Сонымен, «Бәйтерек» ҒЗК жобаны жаңа баға бойынша әрі іске асыру мақсаттылығын белгіленуі жоғарыдағы іс шаралардың аяқтау нәтижесі бойынша мүмкін.


6. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру (ҚҰсҚ ҒА)

ҒА ҚұСК нобайлық жобасы (PDR) әзірленді, онда ҒА ҚұСК сынау учаскелерінің және ғимараттың алдын ала габаритті өлшемдері, сынау учаскелерінің жабдығы (TFE) бойынша алдын ала техникалық айрықшалау, ҒА ҚұСК ғимаратының орналасқан жері және интерфейстері ұсынылған.

2011 жылғы мамырдан бастап Астана қ. «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында 30 га жер телімінде Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы (ҒТ АКТБ) ғимаратының құрылысы басталды. Қазіргі таңда құрылыс жалғасуда, ҒТ АКТБ іргетасы және негізгі қаңқасы салынған.Тұрақты негізде стратегиялық әріптес - EADS Astrium француз компаниясының өкілдерімен ҒА ҚұСК тұратын нобайлық және техникалық жобаларды қарау және талқылау жөнінде кездесулер өткізіледі.


7. Қазақстан Республикасы жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру (ЖСНЖ)

Жоба шеңберінде келесі жұмыстар орындалды:

- қазақстандық мазмұнды ұлғайтуды ескере отырып ҚР ЖСНЖ құру жөніндегі техникалық тапсырма нақтыланды;

- спутниктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау жөніндегі зертхананы (СБЗ) құруға ТҚ әзірленді және бекітілді;

  • ДС және арнайы бағдарламалық қамтамсыз етуді (АБҚ) әзірлеу жөнінде тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындауға арналған (ТКЖ) ТТ әзірленді және бекітілді. ДС және АБҚ әзірлеу бойынша «ҰҒЗТО» АҚ келісімшарт жасасу жөнінде жұмыстар жүргізілуде;

  • ТТ әзірленді және тендерлік құжаттамалар талаптарына тендерге қатысушылардың техникалық ұсыныстарының сәйкес келмеу себептері бойынша (2011 жылғы 27 желтоқсандағы хаттама қорытындысы) ТЖДС құруға арналған ашық тендер өткізілді;

  • Жоба бойынша ҚЭН әзірленді, экономикалық сараптама жүргізу үшін енгізілді.

  • Ақмола және Алматы облыстарының аумағында 10 дифференциалдық станциялардың (ДС) және ұтқырлы дифференциалды станцияларды (ҰДС), сонымен қатар Астана қаласындағы Аймақтық орталықты іске қосу аяқталды, АДС және ҰДС кешенді сынамаларының бағдарламасы мен әдістемесі әзірленді және бекітілді, алдын ала сынамалар аяқталды.

  • ЖСНЖ Орталығын ғимаратының құрылысына арналған жұмыс жобасы әзірленді, оған 2011 жылғы 31 тамызда № 01-319/11 оң қорытындысы алынды.


8. «Байқоңыр» ғарыш айлағында бар саудалық пайдалану жобаларында «Зенит» және «Днепр» ғарыш зымыран кешендерінде қатысу

Жобалардың іске асырылуын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (бұдан әрі – «ҚҒС» ҰК» АҚ) жүргізіп жатыр.

«Днепр» жобасы бойынша.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық бағынысты компаниясы «Космотрас» ХҒК» ЖАҚ 10%-на ие. Есептік жылы 2010 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша 9 482 197,08 теңге дивиденттер алынды.

«Космотрас» ХҒК» ЖАҚ 23,3 % акцияларын қосымша сатып алу туралы мәселелері пысықталуда және осы жобадағы қазақстанның үлесін басымдық 33,3 % -ға дейін жеткізу. «Космотрас» ХҒК» ЖАҚ жарғы капиталында «ҚҒС» ҰК» АҚ үлесі» жобасының ҚЭН әзірленді, ол экономикалық сараптама үстінде.

«Зенит» жобасы бойынша.

Есептік жылдың ішінде Қазғарыш және Ресей ғарыш басшыларының кездесулері өткізілді, оның нәтижесінде «Байқоңыр» кешенін пайдалану жөніндегі бірлескен жұмыстардың жоспарын (бағдарламасын) әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобын қалыптастыру туралы, оған ғарыш инфрақұрылымдарының бар және жаңа объектілерін құру бірлескен жобаларды әзірлеу кіретін келісушілікке қол жеткізілді.

2011 жылғы қарашада Қазақстан және Украина ғарыш агенттіктері басшыларының кездесулері өткізілді. Осы келіссөздер барысында «Жерүсті старт» жобасына қазақстандық тараптың қатысу мәселесі қарастырылды. Астана қаласында ғарыш қызметі саласындағы екіжақты ынтымақтастықмәселесі бойынша Қазақстан және Украина ғарыш агенттіктері басшыларының кездесулері өткізілді.кездесу барысында Қазақстан және Украина Премьер-Министрлерінің Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В. Путинге «Днепр» және «Зенит» зымыран-тасығыштарын пайдалана отырып ресей-украина ғарыш жобаларында Қазақстанның қатысу мәселелерін шешуді жеделдету жөнінде бірлескен үндеу жоспары дайындалды. 2011 жылғы 20-22 желтоқсанда «Байқоңыр» кешенінде «Южное» КБ және «Энергия» РКК, ЦЭНКИ өкілдерімен жоспарды талқылау жөнінде жұмыстар жүргізілді.


9. Білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету

Бұл міндеттер аясында есепті кезеңде 16 семинар өткізілді, Қазғарыш және оған бағынышты ұйымдардың басшылық, ғылыми және инженерлік-техникалық кадрлары ішінен 240 адам біліктілігін арттыру және қайта дайындаудан өтті.

Президеттің «Болашақ» бағдарламасы аясында ғарыштық мамандықтар бойынша Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Канада және Қытайда оқулар жалғасуда. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ деректері бойынша 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасының 9 ғарыштық мамандығы бойынша 58 адам оқып жатыр. «Восход» филиалында 205 адам оқиды.


10. Әкімшілік кедергілерді жою

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Ғарыш қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобалары әзірленген (бұдан әрі – заң жобалары).

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Сенаты осы заң жобалар 2011 жыл бойы қарастырылды.

Парламент Мәжіліс және Сенатының депутаттарымен қаралып көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, олар баптардың-редакцияларын жақсартуға, құқықтық нормаларды нақтылау және оларды заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған.

14 желтоқсанда заңжобалар Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатымен пленарлық отырысында қабылданған болатын.

2012 жылы 6 қаңтарда заң жобаларына Елбасшысымен қол-қойлды.


11. Техникалық регламенттерді енгізу

Кеден одағын құруға байланысты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө. Шөкеевтің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 17-59/005-1801, 05-124 хаттамалық тапсырмасында техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі Комиссия мәжілісінде техникалық регламенттерді әзірлеу тоқтатылды.


12. Инновацияны және технологияны жандандыруға ықпал ету

2011 жылғы «Ғарыш саласындағы қолданбалы зерттеулер» 002 бюджетті бағдарламаның 22 ғылыми жобасы бойынша қорытынды есептерін ҚР ҰҒА Ғылыми-техникалық кеңесі мақұлдады (2011 жыл 13 желтоқсандағы № 03-5/4-НТС хаттамасы)

«Ғарыш саласындағы қолданбалы зерттеулер» 002 бюджетті бағдарлама бойынша ғылыми жобаларды орындау аясында тәжірибеге төмендегі әзірлемелер енгізілді:

- «ҰҒА порталы» ААЖ базасында ҚР ғарыштық техниканының дамуын бағдарламалы-мақсатты жоспарлауды бағдарламалы қамтамасыз етудің экспериментті үлгісіне, сондай-ақ «Геогипропроект» ЖШС-те GPS-дабылдары дифференциалды коррекциясының оқшауланған жүйесіне сынақ пайдалану өткізілді.

«ҰҒЗТО» АҚ Ионосфера институтында, Сейсмология институтында және РҒА Н.В. Пушков атындағы Жер магнетизмі, ионосферасы және радиотолқындардың таралуы институтында (РФ) ионосфераның жер серігі және электромагнитті өлшемдері мен параметрлерін өңдеу бағдарламалық кешені;

-«А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-де өсімдіктердің жағдайын карталау және құрғақшылықтың белгілерін алдын ала болжау үшін жер серігі деректерін өңдеудің технологиялық кешені;

- «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингтің «География институты» ЖШС-де ауылшаруашылығы бағытындағы жерлердің өнімділігін бағалау үшін жер серігі деректерін өңдеу технологиялық кешені;

- Астана қаласы аумағы жер қыртысы жоғарғы жиегі телімдерінің кернеулі жағдайының жерүсті-ғарыштық мониторингі жүйесінің пилотты жобасы және ЖҚБ және GPS деректері негізінде көмірсутекті шикізат өндіру нысанының геомеханикалық моделін құру әдістемесі әзірленді.

- «Оулу» жоғары ендікті станциясы деректерін пайдаланып, жер төңірегі кеңістігі радиациялық мониторингігің кеңейтілген жүйесі іске қосылды.

- Спектрдің УК диапазонында жұтылу линиялары бойынша жұлдыздар төңірегінде кометалық белсенділікті іздеу әдістемесі жасалды. П.К.Штернберг атындағы Мемлекеттік астрономия институтыннан (РФ), Дж. Фурье Университетінің Астрофизикалық институтынан (Гренобль, Франция) әдістемелікке дұрыс пікірлер алынды.

- «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымырандары қызметі нәтижесінде әсерге ұшыраған аумақтардың экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайының атлас макеті дайындалды.

- топырақтағы диметилформамидтің (ДМФА) ПДК жобасы дайындалды. Ол Санитарлық-эпидемиялық ғылыми-тәжірибелік сараптама орталығында алдын ала сараптамадан өтті және ҚР ДСМ бекітуіне ұсынылды.

- Масс-селективті детектирлеумен тиімділігі жоғары газды хромотография әдісімен топырақта симметриялы емес диметилгидразиннің (НДМГ) жалпы концентрациясын өлшеу әдістемесінің жобасы әзірленді. Әдістеме жобасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «ҚазИнМетр» РМК-на метрологиялық аттестаттау мен есепке тіркеуге жіберілді.

Ғарыш саласының ғылыми-және ғылыми-технологиялық базасын жетілдіру үшін қосымша бюджеттік қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ҚР Үкіметіне ұсынысын есепке ала отырып, төрт ҚЭН дайындалды және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынылды, олар төмендегідей бағытта:

- Қазақстан Республикасы экспериментті астрономиялық кешенін жетілдіру;

- Жақын ғарыш, ионосфера және литосфераның геофизикалық жағдайының жерүсті-ғарыштық мониторингі орталығын құру;

- ғарыштық техника мен технологияларды әзірлеу және сынау ғылыми-экспериментті зертханаларын құру;

- Қазақстан Республикасы аумағының Жерді қашықтықтан барлау деректерін қабылдау, өңдеу және мұрағаттау технологиялық кешендерін жетілдіру.

- астрономиялық бақылаулардың қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық базасын қалыптастыру және «Әлемдік ғарыштық обсерватория – Ультракүлгін» (ӘҒО-УК) халықаралық ғарыштық жобаға қатысу үшін «УК- диапазонындағы астрофизикалық нысандарды зерттеу әдістерін әзірлеу» ТЭН дайындалды


Төраға Т. А. Мұсабаев

Похожие:

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconҚазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconОтандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconИндустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconИндустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 24-бабының...
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының iconҚазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница