Кодексінің 62-бабына




НазваниеКодексінің 62-бабына
страница1/14
Дата конвертации06.02.2016
Размер3.12 Mb.
ТипКодекс
источникhttp://www.iiikt.narod.ru/osnov/mat3/virus/2.rtf
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.03.2013 12:53:52


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 183 Қаулысы

(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 25 ақпандағы

№ 183 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

Мазмұны

 

1. Миссия және пайымдау

2. Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдістерін талдау

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

 

 

1-бөлім. Миссия және пайымдау

 

Миссия

 

Мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

 

Пайымдау

 

Халықтың қажеттілігіне сай келетін тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.12. № 1744 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1803 Қаулысымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлім өзгертілді

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және денсаулық сақтау саласының даму үрдістерін талдау

 

1. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі параметрлері

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде халық денсаулығын сипаттайтын медициналық-демографиялық жағдай мен көрсеткіштерде мынадай оң серпін байқалды:

халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 жыл) 22,45-ке (2009 жыл) дейін артуы;

өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы - 8,97 (2005 жыл - 10,37);

халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1 000 адамға шаққанда 13,48-ге дейін артуы (2005 жыл - 8,05).

Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 816,8 мың адамға артты және 2010 жылдың басында 16 036,1 мың адамды құрады.

2009 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты және 68,6 жасты құрады (2005 жыл - 65,9 жас). Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерімен салыстырғанда бұл көрсеткіштің ең төмен деңгейі Қазақстанда және Ресей Федерациясында - 66, 67 жас. Одан басқа Еуропа одағы елдеріндегі - 79,1 жаспен салыстырғанда Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай төмен.

Әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі сақталып отыр. Ұрпақты болу денсаулығы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр, некеге тұрғандардың 16 пайызға дейіні ұрпақсыз.

Ана өлім-жітімінің деңгейі 2005 жылмен салыстырғанда (40,2) төмендеді және 2009 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 36,8-ді құрады.

Бұл ретте ана өлім-жітімінің ең жоғары деңгейі Атырау (57,0), Маңғыстау (48,9), Қарағанды (42,6), Қызылорда (42,5) облыстарында тіркелген. Ана өлім-жітімі Қостанай (15,5) және Ақтөбе (17,9) облыстарында орташа республикалық деңгейден төмен.

2005 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1-ді құрады. 2008 жылдан тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізгеннен бастап нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 20,7-ні құрады және 2009 жылы бұл көрсеткіш 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 18,23 дейін төмендеу үрдісі байқалды. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебіперинаталды кезеңде пайда болатын жай-күй болып табылады (60,4 %).

Нәресте өлім-жітімінің ең жоғары деңгейі Қызылорда (24,96), Шығыс Қазақстан (22,72), Оңтүстік Қазақстан (20,98) және Маңғыстау (20,44) облыстарында байқалады. Нәресте өлім-жітімінің ең төменгі деңгейі: Алматы (13,64) және Солтүстік Қазақстан (13,91) облыстарында.

Соңғы бес жылда көп таралған және әлеуметтік мәні бар аурулар таралуының және одан халықтың өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.

Республика халқы өлім-жітімнің негізгі себебі жүрек-қан тамыры аурулары болып табылады. Скринингілік зерттеулер жүргізуге байланысты қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 10 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 2255,7-ден 2009 жылы 2273,1-ге дейін жетті. Ауруларды ерте анықтау, науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т.б. бойынша жүргізілген жұмыс тиімділігінің көрсеткіші қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 2009 жылы тиісінше 535,5-тен 416,4-ке дейін азаюы болып табылады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің біршама төмендеуі (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) байқалып отыр. Бұл ретте аталған көрсеткіштің ең жоғарғы деңгейі өнеркәсіп дамыған өңірлерде: Павлодар (271,5), Солтүстік Қазақстан (264,7) және Шығыс Қазақстан (264,5) облыстарында болып отыр.

Республика халқының өлім-жітімі құрылымында онкологиялық аурулар екінші орынға ие болып отыр. Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар (скринингілік зерттеулер) химиялық препараттармен қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 122,6-дан 2009 жылы 111,76-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қазіргі заманда жарақаттану Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да көптеген елдерінде маңызды әлеуметтік-медициналық проблемалардың бірі болып отыр. Жарақаттану Қазақстан халқының сырқаттанушылық, уақытша еңбекке жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында, сондай-ақ мүгедектікке алғаш шығу бойынша үшінші орын алады. Жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім-жітім санын азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдау жазатайым оқиғалардан және жарақаттардан болатын өлім-жітім санын 100 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 147,3-тен 2009 жылы 108,37-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Туберкулезбен сырқаттанушылықтың және туберкулезден өлім-жітімнің азайғанына қарамастан (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,3-ке дейін және 20,8-ден 12,9-ке дейін), туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингінде (бұдан әрі - БҚЖИ) Қазақстан туберкулез бойынша 94-орынды алып отыр (2007 жыл бойынша көрсеткіш 130,0) және туберкулездің бизнеске әсері бойынша 111-позицияда тұр. ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстан туберкулез бойынша Молдова (135,79) мен Қырғыз Республикасынан (109,6) кейін үшінші орынға ие болып отыр.

Республика өңірлері бөлінісінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгей Астана қаласында (191,8) және Ақмола облысында (158,2), ал ең төменгі деңгей - Алматы қаласында (75,4) және Оңтүстік Қазақстан облысында (78,1) байқалған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырлану сатысында (әлемдік орташа көрсеткіштің 1,1 %-ына халықтың 0,2 %-ы) тұр. Өткен 2009 жылы ең жоғары көрсеткіш Алматы қаласында - 0,326, Павлодар - 0,264 және Қарағанды - 0,223 облыстарында тіркелген. БҚЖИ рейтингі бойынша Қазақстан АИТВ таралуы бойынша 23-позицияда және АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске әсер етуі бойынша 95-позицияда.

Қазіргі уақытта республиканың денсаулық сақтау саласының алдында тұрған өзекті міндеттердің бірі елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту және оны одан әрі тұрақтандыру, қоғамдық саулықты жақсарту бойынша шараларды іске асыру болып табылады.

Мемлекет қабылдаған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйінің жағымды серпіні байқалады. Көптеген елеулі инфекциялық аурулар (вирусты гепатиттер, аса қауіпті инфекциялар, сүзек паратиф аурулары) бойынша сырқаттанушылықтың іс жүзінде азайғаны байқалады, вакцинамен басқарылатын бірқатар инфекциялар (полиомиелит) бойынша еліміздің аумағында оларды толық жоюға қол жеткізілді немесе оларды элиминациялау және жою міндеті қойылуда (қызылша, дифтерия, сіреспе).

Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының ұйымдық құрылымын жетілдіру бойынша шаралар қабылданды, басқару вертикалы және қаржыландыруды орталықтандыру қалпына келтірілді, бұл қызметтің жеделдігін арттыруға және қызметті басқарудың тиімділігіне алып келді. Жүргізілген жаңғырту нәтижесінде қызметтің зертханалық базасының материалдық-техникалық базасы күшейтілді, зертханалар қазіргі заманғы жабдықтармен және аспап паркімен жарақтандырылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысында тәуекел жүйесін бағалауға негізделген қадағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері енгізілуде, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық базаны кезең-кезеңмен үйлестіру жүзеге асырылуда. Нәтижесі эпидемиялық маңызды және басқа да қадағалау объектілерінің санитариялық-техникалық жағдайын жақсарту, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары шығаратын және қоғамдық тамақтану және азық-түлік сауда объектілері өткізетін стандартты емес өнімнің үлес салмағын азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта дәрігерлерді даярлауды 6 медицина университеті және 1 мемлекеттік емес ЖОО, көп бейінді университеттердің 3 медициналық факультеті жүзеге асырады. Біліктілікті жоғарылату Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің, медицина университеттерінің, 16 ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми орталықтардың базасында жүргізіледі.

Медициналық көмекті 60 мыңнан астам дәрігер және 139 мыңға жуық орта медицина қызметкері көрсетеді. Халықты барлық мамандықтағы дәрігер кадрлармен қамтамасыз етуді ұлғайтуға қарамастан (10000 адамға шаққанда 2005 жылғы 36,5-тен 2009 жылы 37,8-ге дейін), практикалық бейінді дәрігерлермен қамтамасыз ету бірнеше жыл бойы бір деңгейде қалып отыр. 2009 жылы бұл көрсеткіш 10 мың адамға шаққанда 86,4-ті құрады. Халықты орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету бұған ұқсас.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлаудың сапасына қолжеткізу бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап білікті әдістемеге және үздік дүниежүзілік тәжірибеге негізделген жоғары медициналық білім берудің жаңа білім беру бағдарламалары іске асырылуда. Соңғы он жылдың ішінде барлық мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы оқу-клиникалық және зертханалық жабдықтарды сатып алды, медициналық жоғары оқу орындарының 85%-ы үлкен дербестікті ала отырып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ауысты. Инновациялық білім беру технологияларын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 400-ден астам оқытушы шетелде және 500-ден астамы алдыңғы қатарлы шетел мамандарын тарта отырып, Қазақстанда қайта даярлаудан өтті. Құрылған оқу-клиникалық орталықтар студенттер мен интерндердің клиникалық даярлығына серпін беруге ықпал етті. Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негізделген базалық медициналық білім берудің институционалдық аккредиттеуінің ұлттық стандарттары әзірленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының Аккредиттеу кеңесінің шешімімен «Астана медицина университеті» АҚ аккредиттелді. Тағы 3 мемлекеттік медицина университетінде институционалдық аккредиттеу жүргізу басталды.

Кадр әлеуетін реттейтін нормативтік құқықтық база күшейтілді, номенклатура оңтайландырылды және медициналық және фармацевтикалық мамандықтар мен денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары жетілдірілді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде шетелде медицина кадрларының біліктілігін жоғарылатуға, шетелдің алдыңғы қатарлы мамандарын тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға үлкен көңіл бөлінді.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекітілген Медицина ғылымын реформалаудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда, медицина ғылымы менеджерлерін даярлау жұмысы басталды.

 

 

Негізгі проблемаларды талдау

 

Медициналық демографиялық көрсеткіштердің оң серпініне қарамастан, күтілетін өмір сүру ұзақтығы төмен деңгейде қалып отыр. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша Қазақстанда бұрынғыдай гендерлік теңсіздік бар. Айырмашылық 10-нан артық жылды құрайды.

Халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға денсаулық сақтау жүйесінің ықпал ететін ұлғайтылған күтулері қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріндегі сектораралық және ведомствоаралық әріптестіктің тиімсіздігі халық денсаулығының төмен деңгейінен көрінеді.

Ана мен нәресте өлім-жітімінің себептерін талдау қайтыс болған әр үшінші әйелдің өлімінің себепшісі болған акушериялық қан кету мен ауыр гестоздардың туындауына әкелетін ұйымдастыру-тактикалық қателіктер, сепсистік жағдайлар (Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары), амбулаториялық деңгейде жүкті әйелдерді сапасыз қадағалау, перинаталдық көмекті өңірлендірудің және диагностика мен емдеу стандарттарының қағидаттарын сақтамау, отбасын жоспарлау бойынша жүйелі жұмыстың, жоғары тәуекел тобындағы әйелдердің қазіргі контрацепцияға қол жетімділігінің болмауы; перинаталдық көмек қағидаттарын сақтамау, туа біткен даму кемістіктерін пренаталдық диагностикалау сапасының, атап айтқанда Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында төмендігі, жаңа туған нәрестелердің бір тәулікке дейін шетінеуінің артуына әкелетін бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі - БМСК) сапалы көрсетудің жеткіліксіздігі бар екенін көрсетіп отыр.

Денсаулықтың төмен деңгейінің себептері халықтың саламатты өмір салтын ұстану мен аурулардың профилактикасы мәселелеріндегі хабардар болуының, сауаттылығының және уәждемесінің жеткіліксіздігі, қоршаған ортаның, суды тұтыну мен тамақтанудың қолайсыз жағдайларының сақталуы, халықтың әлеуметтік осал санаттарының әлеуметтік-экономикалық жағымсыз жағдайы. Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің нашарлығы, яғни аурудың алдын алуға емес, оны емдеуге бағдарлану сақталып отыр.

Сонымен қатар, туберкулезді емдеудің «DOTS-плюс» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды құрылысқа қарамастан, туберкулездің таралуын эпидемиологиялық бақылау мәселелері, дәріге тұрақтылықтың дамуы және туберкулез салдарынан болатын өлім-жітім себебі өзекті мәселе болып отыр. Сонымен бірге Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі ТМД елдерімен салыстырғанда ең жоғары.

Қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен болатын экологиялық жағдайдың нашарлауы сырқаттанушылық көрсеткіштері (тыныс алу мүшелерінің аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және т.б.) деңгейінің артуына әкеліп отыр.

Дүние жүзінде мүгедектіктің және мерзімнен бұрын өлімнің маңызды себебі болып табылатын, күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштеріне маңызды әсер ететін, ең алдымен елдердің әлеуметтік-экономикалық саламаттылығының өсуімен, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына, онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізуге байланысты инфекциялық емес созылмалы аурулармен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.

ДДҰ болжамдары бойынша қатерлі ісіктерден сырқаттанушылық және өлім 2020 жылға дейін дүние жүзінде 1,5 - 2 есеге ұлғаяды. Обырмен сырқаттанушылықтың өсуі саламаттылықтың және халықтың өмір сүру ұзақтықтығының ұлғаюын ескере отырып, сондай-ақ ерте диагностикалау бағдарламаларын енгізе отырып, қатерлі ісіктерді анықтау деңгейінің өсуін ескере отырып, қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың өсуінің ұқсас үрдісі Қазақстан Республикасына да тән.

Осылайша, халықтың денсаулығын жақсартуды талап ететін мәселелер тек медициналық көмек көрсету жүйелерін толық жетілдіруді ғана емес, сонымен қатар осы мәселелерде сектораралық және ведомствоаралық іс-қимылдың тиімділігін арттыруды қажет етеді.

Қазіргі уақытқа дейін қоғамдық саулықты сақтаудағы қызметтің, оның ішінде инфекциялық емес аурулармен сырқаттанушылық профилактикасы мен оны төмендету бойынша рөлін нығайту мәселелері шешілмей отыр.

Жұмыс істейтін халықтың жыл сайын өсу үрдісі бар кәсіптік сырқаттанушылық деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Осы мәселе қабылданған индустриялық-инновациялық бағдарламалар шеңберінде өнеркәсіптің айтарлықтай дамуы ескеріле отырып ерекше өзектілікке ие болды.

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру бойынша іс-шараларды жалғастыру - көліктегі және аумақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары жүргізетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігі халықаралық стандарттарға толық көлемде сай келмейді, аккредиттеу жүйесі әлсіз дамыған, зертханалық зерттеулердің халықаралық стандарттары және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының тәуекелдерін бағалау жеткіліксіз енгізілуде. Қазіргі уақытқа дейін уытты заттардың бірқатарына, жаңа пестицидтерге сыртқы орта объектілерін бірқатар өзекті зерттеулер, генетикалық түрлендірілген өнімдерді және басқаларды анықтау бойынша зерттеулер жүргізілмейді, бұл қоршаған орта факторларына және олардың халықтың денсаулық жағдайына әсеріне объективті баға беруге мүмкіндік бермейді. Өнім мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін қазіргі бар кедергілерді азайту және жою мақсатында болжау, бағалау және тәуекелдерді басқару жүйесін, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.

Республиканың Кеден одағына және алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіруі шеңберінде қысқа мерзімде қызметтің нормативтік құқықтық базасын одан әрі үйлестіру, оны Кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес келтіру керек. Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың азаюына және жойылуына қарамастан, пневмококк инфекциясына қарсы иммундауды қоса отырып Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесін одан әрі кеңейту қажет.

Қызметтің аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың зертханалық диагностикасы бойынша, сондай-ақ қоршаған орта объектілерін және факторларын зерттеу бойынша нақты міндеттерді шешуге бағытталған зертханаларын одан әрі өңірлік мамандандыру қажет.

Қазақстанмен тіке көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулер тіркелген аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың (қалыптан тыс пневмония, құс тұмауы, 71 типті энтеровирусты инфекция және басқалары) әкеліну қаупіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың шиеленісу қаупі сақталуда.

Жыл сайынғы даярланған медицина кадрлары түлектерінің ұлғаюына қарамастан кадр тапшылығы проблемасы әр жыл сайын өсуде.

МСАК көрсететін персоналдың тапшылығы, ірі қалаларда медицина қызметкерлерінің шамадан тыс шоғырлануы, жоғары және орта кәсіптік медициналық білімі бар медицина қызметкерлері санының теңсіздігі орын алып отыр. Осылайша, 2009 жылдың қорытындысы бойынша қала халқыныкі дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға шаққанда 58,3-ті, ал ауыл халқыныкі - барлығы 14,1-ді құрады. Бұл жағдай өңірлер бөлінісінде үлкен сәйкессіздікті көрсетеді: Қарағанды облысының ауыл халқына дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 20,1-ді құрайды, Солтүстік Қазақстан облысында 10 мың ауыл халқынын шаққанда барлығы 9,6-ны құрайды.

Салаға жас мамандардың келу ағынының ұлғаюына қарамастан, кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. Олардың үлесі жеткіліксіз күйінде қалып отыр және жалпы дәрігерлер санының 4 %-дан аспайтын бөлігін құрайды.

Бұдан басқа денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысқа деген уәжделген ынталары жоқ және олар әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қорғалған. Медицина қызметкерлері жалақысының деңгейі әлі де төмен, сондай-ақ жұмысының түпкі нәтижелеріне негізделген еңбекақыға сараланған тәсіл жоқ.

Ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы және инновациялық жетістіктердің болмауы орын алып отыр.

Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінде кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейі негізгі проблема болып отыр.

 

 
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Кодексінің 62-бабына iconЖоба шалқар ауданының 2015-2017
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Кодексінің 62-бабына iconКодексінің 62-бабына
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Кодексінің 62-бабына iconКодексінің 62-бабына
Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Кодексінің 62-бабына iconКодексінің 62-бабына
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Кодексінің 62-бабына iconКодексінің 36-бабына
...
Кодексінің 62-бабына iconСтратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың
...
Кодексінің 62-бабына iconҚалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
Тан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының...
Кодексінің 62-бабына icon2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Кодексінің 62-бабына iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница