Монография Павлодар 2012




НазваниеМонография Павлодар 2012
страница9/21
Дата конвертации06.02.2016
Размер3.68 Mb.
ТипМонография
источникhttp://hrm.by/docs/0000030.rtf
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

ОҚЫТУДЫҢ ЫҢҒАЙЛАНУ ЖҮЙЕСІ (ОЫЖ)


Жұптық жұмыс

Бұл - ауызша жұмыстың дұрыс ұйымдасуына тірек. Топтық жұмыстан бұның ерекшелігі студенттер кезекпен сөйлейді. Жұптық жұмыста студенттердің жалпы санынан жартысы сөйлейді. Ал қалған жартысы бақылайды. Одан кейін олар рөлдермен ауысады. Олардың қарым-қатынасы табиғи айналымда болады.

ОЫЖ-де жұптық жұмыс үш түрге бөлінеді:

1) статистикалы;

2) сырғымалы;

3) көп вариантты.

Статистикалы жұптық жұмыста қатар отырған екі студент жұмыс істейді.

Сырғымалы жұптықта кітаппен, атап айтқанда, 2 жұп, 4 студент қарым-қатынасқа түседі.

Көп варианттыда 4 студент барлық кіші топтық жұптарымен жеке-жеке әрекеттестікте болады.

Аталған соңғы екі жұптық жұмыста студенттер «өзара бақылау» тәртібінде оқуға ынталанады. Мұның бәрі «Машина талабын» орындау рәсімінде ұйымдасады.

Әр студент әр сабақта сөйлеуге, жауап беруге, дәлелдеуге, айтып беруге, тексеруге, бағалауға, түзетуге, қасындағы студенттің жауабын мазмұнға салуға, сұраққа жауап беруге дағдыланады.

Серіппелі жұптық жұмыс оқытудың ыңғайлану жүйесінің құралы, бұл А.Г. Ривиннің, В.К. Дьяченконың үнемі жұптық қатардың ауысып отыру әдістеріне сүйеніп, жаңа түсінікке ие болды. Ұжымның орта жеке жұмыстың дағдыларын ұштау әрекетіне бағдарлау көзделеді.

Әр төрттік тақтаға, не плакатқа жазылған тапсырмаларды орындайды. 4 сұрақ, 4 жоспарлық бөліктері. Бұл төрттік тек көбейсе, міндетті түрде жұп болуы керек.

Жұмыстың қорытындысы - меңгерген білімді жинақтау, жүйелеу.

Жұптық жұмыста әр студент бір-біріне ыңғайлануы, бұл -еркіндіктің белгісі.

Егер аудиторияда студент 20 болса, әрбірі бір жазбаша және 19 ауызша, көмек беретіні - 19.

Әр диалогтың жұп мәтінімен жұмысты азаттық жолға жіктеп, біреуі дауыстап оқып, әр азаттық жолға тақырып құрады.

Мәтінде меңгерту әрекетіндегі иесі оның дәптерін қасындағы студентке береді. Ол бөтен дәптерге азаттық жолдан тақырып жазады. Бұдан кейін бұл топ тарайды, әр студент өзіне сыңар іздейді. Сөйтіп, алғашқы өзінің жазбасына кезіккенше, бұл жұмыс жалғасады.

Келесі екінші таныс емес азаттық жолын тақырыпқа жіктеу үшін, ол студент өзінің алдындағы азаттық жолын тауып, оқуға, түсінуге, тыңдауға мәжбүр болады.

В.К. Дьяченко, А.Т. Ривиннің әдісімен әрбір сабақта 10 жұптық ауысу әрекеті болғанын дәлелдеген. Мәтінмен жұмыстың мұндай түрі студенттердің деңгейіне, қабылдау мүмкіндігіне ыңғайлап беруге жол ашады.

Жұптың мұндай түрі тапсырманың орындалу ырғағын шапшаңдығын анықтауға тиімді. Студенттің үдемемен (градуирование) жалқы жұмысын дамытады.

Оқытушы жұптық жұмысты жүйемен ауыстыруға студенттерді ыңғайлауы қажет. Ол үшін аталған 4-тік жұп өте орынды. Әр төрттікке оқулықтан 4 мәтін береміз. Бұл жағдайда Дьяченко әдісіндегі емес, жұптар бір-бірін іздемейді. Әр студент анықталған алгоритм талабымен әрекетке шығады. Алдымен қатарлас, одан кейін артқы сыңарға қарайды.

Үшінші айналымда әр студент бәрімен қарым-қатынаста болады.

Төрттік ауысу кезеңінде студенттердің бірігіп оқуларына, біреудің дәптеріне жазуға қолайлы жағдай туғызуы кезделеді.

Студенттердің саны 20-дан аспауы керек.

Сырғымалы жұптық жұмыста ешкімге баға қойылмайды.

Көп вариантты жұптық - ұжымдық әрекеттің бір түрі. Көп вариантты жұптық өрекеттестікте тапсырма ықпалдастықта әр түрлі материал жасалады.

Мысалы, әркім өзінің карточкадағы сұрағын даярлауды одан не есеп, мысал болуы мүмкін. Сыртында (карточканың) сұрақтарға жауаптар беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін, оқытушы әр студентке тұстас келеді. Мұнда бірде оң және сол жақтағы көршімен жұмыс істейді.

3 - ырғақта: теориясымен, әр көрші өзінің карточкасымен ауызша және жазбаша жұмыс орындайды, сөйтіп, ол жаңа көршіге қарайды.

2 - ырғақтың көрші сыңары қайтадан алдыңғы сыңарға қарайды.

3 - ырғақта өзінің бұрынғы сыңарымен жұмыс істейді, бірақ карточка өзгереді.

Бұл жұмыста әр студент қорытынды әзірлейді, тыңдайды, жоспар құрайды, мазмұндайды.

Көп вариантты жұптық жұмыстың тағы бір түрі - баяндаманы әр түрлі тақырыпқа әзірлеу. Бұған қосымша материалдар пайдаланылады. Барлық баяндамаларды тексеріп болған соң, қай тіректік түрі сөйлеуге сұрыпталады? - деген мәселе тұрады.

Бұл мүмкін толық мәтін болады, мүмкін не тезис, не жоспар, не тіректік сызба. Әр көп вариантты жұптық жұмыста өзінің баяндамасын оқиды және басқаны тыңдайды (біресе сол, біресе оң жақ). Барлық баяндамалар оқылады.

Мұндай әрекеттестік сөз сөйлеуге, тіректік ұғымды тарқатуға, жолдасының ойын пайымдауға ұмтылдырады.

Әр студентке карточкамен жұмыс істеудің техникасын үйрету керек. Жауапты қалай берудің, карточканың сыртын толтыру, ретін білудің алгоритмі түсіндіріледі.

Бірде «оқытушы», бірде «студент» рөліне түсу көзделеді. Жұмыс бағасыз жүргізіледі.

Жұптық жұмыстың бұл түрлерінде студенттердің жағдайы бірдей.


Студенттің семинар үстіндегі жеке жұмысы

Оқытудың ыңғайлану жүйесінде (ОЫЖ) жеке жұмысты ұйымдастыру процесінде өздігімен жұмысқа ерекше назар аударылады. Бұнда білім іздеу, өзекті мәселені табу, шығармашылық кызметті ұйымдастыру - басты мәселе.

Жеке жұмысқа қандай іс-шараларды жатқызамыз? Жеке жұмыс пен өздігінен жұмысты қалай біріктіреміз? Бірінен біріне қалай ауысамыз? Жеке жұмысқа қандай материал табу керек? Жеке жұмысты қалай жоспарлауға, қалай есептеуге болады? Оның нәтижелілігін қалай шығарамыз? Бұл сұрақтарға толық рецепт табу қиын. Бұған жалпы бағыттағы жауапты беруге болады.

Жеке жұмыс қанша болса, өзідігінен жұмыстың ауқымы да сондай дәрежеде болмақ. Әрине, мұның бәрі материалдың қандай мазмұнда болуына тікелей қатысты. Оқытушы студенттердің қасына келіп, жұмыс орындау стилін танып, оларға лайықты тапсырмалар орындауға бағыт алады.

Ынтамақтастық әрекеті - көмектесу, кеңес беру, әрқайсысының еңсесін көтеріп, марапаттау. Оқытушы баға қоймайды. Тек құптаушылық ырғақпен, ізгілікті ілтипатпен, олардың жұмысына жанашырлықпен сыңай білдіреді.

Бәрін аралап болған соң, оқытушы бәрінің жұмыс орындап жатқанын байқап, жаппай бақылау жүйесін қосуға әрекеттенеді.

Мұның барысында өздігінен жұмыс деңгейін, өзара бақылау, жолдастарына калай көмектесу, қаталдықтың болмау жақтарын байқастырады. Бақылау басталған соң, бірден өздігінен жұмысқа ауысу әрекеті жүзеге асады.

ОЫЖ-де жеке жұмыс ерекше сараланған материалдар бойынша ұйымдасады, студенттерді тек таңдау әрекетіне негіздейді. Студентті оқытушы үстеліне шақыруға болады.

Алғашқы кезеңде (жеке жұмыстың) оқытушы студенттің өздігінен жұмысын тексереді. Мысалы, ауызша тапсырма, жазбаша тапсырма, бұларды студенттер мен оқытушы бірге тексереді. Жеке жұмысты тексеру дағдысының негізі - әр студенттің өзінше пайымдау әрекеті. Бұл әр студентті келген жерінен әрі қарай дамуына түрткі болады.

Әр студенттің жеке жұмыста жіберілетін уақытты семестр бойына бүкіл топ студенттеріне бағдарламамен бөледі. Мысалы, өздігінен жұмыс (45 - t) - 25 минут, өздігінен жұмыс қатарынан ұйымдастырылады, олай болса, 25 минут жеке жұмыс.

Уақыттың бір бөлігі жеке жұмысты және өздігінен жұмысты қатарынан қосуға жіберіледі. Мәселен, орта есеппен әр сабақта бұған 5 минут жіберіледі, онда жеке жұмыстың өзіне 20 минут. 20 минутты семестр бойындағы сабақтың санына көбейтеміз. Мәселен, 40 * 36 640. Жеке жұмыстың жалпы сағатын студент санына бөлеміз. Мәселен, студент саны - 40. Онда әр студенттің жеке жұмысы айқындалады, 640 -ты 40-қа бөлеміз, болады - 16 минут. Әр студент жеке жұмыстың уақыты 16 минут. Бұл - семестрлік меже.

Әділдікті ұстану үшін есеп жүргізу керек.

Бұл есеп жеке жұмыстың ерекше түрлеріне қолданылады. Тиісті бақылау жүргізуге болады. Ойлау мен сөйлеу дамытылады. Тестіні өздері де құрады. Тестінің аралық, қорытынды түрлерін де құрастырады. Алдымен оңай түрлері қарастырылады.


Електі жоспар және өздігінен есептің кестесі

Електі жоспар оқу үрдісінің пішіні болып табылды, ол скі аптаның, бір айдың, семестрлік жүктемесін орындауға тиіс.

Електі жоспар тақырыптық күнтізбе жоспарының негізінде құрылады.

Бұл жоспарда тек жаңа сабақты түсіндіру ғана емес, өздігінен жұмысты орындауды, жұптық жұмысты жүргізуді (статистикалы, серіппелі, көп вариантты) кіші топтардың ішіндегі әрекеттестікті, өздігінен бақылауды қабылдау және өзара бақылау, зерттеу жүргізуді және өзекті мәселені шешуді қарастырады. Бұл жұмыстың өзіндік мәні - ненің ерекшелігін елеу екенін ескеру, түсіндіруге жіберілетін уақытты кысқарту, өздігінен жұмыстың уақытын көбейту, бұл жеке жұмыспен қатар келуін қадағалау. Бұған ақпараттық блоктар мен жинақталған білім бөліктері - қозғаушы күш. Оқулықтағы білімді толықтыру арқылы оқулықпен өздігінен жұмысты ұйымдастыруға болады.

Жүптың жұмыстар (студент + бәрі». Алдымен тапсырмалар, материалдар, жеке жұмысқа тестілер құрылады. Өздік жұмысты жеке жұмыспен үйлестіріп, үйге берілетін тапсырманы да реттеп отыру керек.

Шартты белгілер:

- оқыту

- барлық студенттердің жаппай жұмысы

- өздігінен жұмыс


Оқытушы

Студенттер

ЖЖ

25




ӨЖ 25


ӨзЖ - өздігінен жұмыс

ЖЖ - жеке жұмыс

Біздің мысал бойынша 60 минут. Өздігінен жұмысты семестрлік сабақтың санына көбейтеміз. Сөйтіп, студенттердің жалпы санына бөлеміз. Бұдан әр студенттің жеке жұмысының електі жоспары шығады. Бұндай тақырыптық жоспар жоқ, мұны қосымша ретінде енгіземіз.

Әр студент семестр бойы өздігінен не істейтінін біледі. Ол оны қалай орындау мен тексерудің амалдарын меңгереді. Мысалы: оқу, есеп шығару, тәжірибе жасау, жаттығу орындап, сұраққа жауап беру. Жұмыстың бұл түріне көбінесе ауызша жауап береді. Сөйтіп, орындау үрдісінің шапшаң болуына, келесі орындайтын тапсырманың көлемін ұлғайтуға ниеттенеді.

Әр блок тапсырманың өздігінен жұмысын құруына тірек. Блоктар өте ұсақталып келмеуі керек.

Таблицада мына графалар болады:

- өздігінен жұмыс түрлері;

- блок-тапсырмалар;

- не істеу керек;

- бақылау түрлері.

Блок-тапсырмалар шартты түрде алынады. Әр блок нөмірленеді.

Мысалы:

Міндетті түрде оқылатын әдебиеттер МТОӘ, МТОӘ...

Тапсырманы шешу ТШ1, ТШ2

Зертхана жұмысы ЗЖ, ЗЖ2

Сұраққа жауап СЖ, СЖ2

Жұптық сөйлеу ЖС (бұл блокка 4 минут, 7 минут, 10 минут).

Оқытушымен жеке жұмыс - 10 минут. (Не істеуіміз керек?) кестесінде тапсырманы тексеру, өзіне баға қою, оқу, жоспар құру, жолдасына әңгімелеу, тапсырманы ауызша орындату, сыңарына тұжырымыңды айтып беру.

«Бақылаудың түрлері» кестесінде:

Өзара бақылау - ӨБ

Өздігімен бақылау - Өзд. Бақ.

Б - оқытушының бақылауы.

Бақылау өздерінің таңдаулары бойынша ұйымдастырылады. (I, ІІ, III деңгейлер).

1.11. 2 1.3

ІІ 1 ІІ 2 II 3

ІІІ 1 ІІІ 2 III 3.

Жоспарда тестілі бақылау көзделеді. ТБ (алғашқы, аралық, қорытынды).

Екінші жоспардың алғашқы бөлімдерінде қосымша материалдармен толықтыру, анықтау, өзгерту үрдістері жүргізіледі.

Барлық тақырыптың күнтізбе жоспары електі жоспарға түсіріледі. Шеберлік шыңдалып, жұмыстың жасанды түрлері қысқарады. Шығармашылық ұлғаяды. Мұнда толық параграф, көлемі, мысалдар мен тапсырмалардың нөмірлері, беттері, жұмыстың жұптық амалдары көрсетіледі.

«Блок - тапсырмалар саны» кестесінде өзіндік ерешелігі, жетістігі бар.

Блок - тапсырма кестесі:

Анықтамалық үлгісі:

ОМӘ с 72 параграф 12, ОМӘ2 - с 81 параграф 13

ОҚӘ - 30-б.ОҚӘ2-35-б.

РО (рефер. Оқу) РО1 - 50, РО2- 50 с (3 түрлі оқу көздерінен).

Тапсырманы ыңғайлау: 1.1 - есеп N 7, 35-б., мысал 82, 83.

II.I. жаттығулар 8.9. 37-б. мәтіндер 85.

ЗЖ - нұсқау N 27, Л2 - нұсқау N 14

ЖС - 30 минут, Ж1 - 5, Ж2 - 5, Ж4 - 1 минут.

Тестілі бақылау

Нұсқау- 1, Аралық- 3, 45, Қорытынды - 6; 7; 8.

Енді електі жоспардың құрылысына назар аударайық. Електі жоспар студенттерге арналған бөлігінде олардың әрекеті, оқытушы тексерісі, режимі жіктеледі. Б. квадратпен қоршалады. Ал ОБ., Өзд.Б.

- дөңгелек сызықпен.

Реттік тәртібі стрелкамен бегіленеді.

Електі жоспарға тапсырма орындау мақсатында студентке түсінік беріледі. Мазмұны анықталады. Електі жоспар алдын-ала жүргізілетін есептен құрылады. Өздігінен жұмыс әр түрлі бақылаулар арқылы тексерістен етіп отырады. Әр студент өзіне лайықты режим таңдайды (Өзд.Б., ӨБ.Б).

Еріктілік және тәртіп, еріктілік + және катал талапкерлік.

Студент үшін 2 вариантты график, линейлі жоспар, алдын-ала өздігінен есеп әзірленеді.

Линейлі жоспарда өздігінен жұмыс рет тәртібін сақтайды.

Қызыл, сары, көк түстермен «5», «4», «3» баға деңгейі белгі ретінде келеді (пропентпен есептеледі).

Ал алдын-ала өздігінен есепте әр студент шифрмен өзін келтіреді. Мұнда табиғи рейтинг жүйесі қалыптасады.

Аталған жұмысты жүргізу барысында төмендегідей әңгіме-сұхбат ұйымдастыру көзделеді.

1 - сұхбат. Електі жоспар бойынша өздігінен жұмыс.

Електі жоспар - семестр бойы орындалатын жұмыс көлемі. Онда берілген тапсырмалардың алдын-ала өздігінен есебі жүргізіледі. Сол шифрді студенттердің қоюлары керек.


Оқытудың тиімді жолдары


И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқытудың әдістерін зерттеді. Субъектілердің танымдық ойлау қабілетін шамалай отырып, олар төмендегідей маңызды деген әдістерді ұтымды деп сараптан өткізді:

а) түсіндірмелі-иллюстративті немесе ақпаратты-қабылдау әңгімелеу, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, көрсетілімді материалдар кино бейне-, телефильмдер және т.б.;

ә) репродуктивті: қайталап айтып беру тура аудармасы -қайталаным;

б) көкейкестілігін мазмұндау, табу;

в) ізденіс, не эвристикалы әдісі;

г) зерттеу әдісі. Мұнда әр субъекті өзінің алдына танымдық міндеттер қояды. Оны өздерінің ойлау бағамымен шешеді.

Қарап отырғанымыздай, бүгінгі «жаңа оқыту» деп жүргеніміздің генезисі әртінде, тереңде жатқанын естен шығармаған дұрыс. Осы желіні ұқпаған адам бірден бүгінгі модернизациялау деңгейіне жетіле, кемелдене алмайды. «Демеуші» мен «Инновациялы» білім жалғасып, өзара байланыста болады.

Ал Ю.К. Бабанский барлық әдістерді 3 негізгі топқа жіктейді:

а) субъектінің біліми танымдық қызметін ұйымдастырушы және оны жүзеге асырушы әдіс;

ә) субъектінің біліми танымдық қызметін ынталандыру және оның мақамдарын ашу әдісі;

б) біліми танымдық қызметтің ұтымдылығын бақылау және дербестілік қалпын сақтай отырып, өзін-өзі бақылау.

Әдістердің неше бір құбылмалы жіктемесін топтамамен зерделеген М. Данилов пен Б. Есипов мынандай әдістерді тізбелейді:

а) жаңа білімді жиюдың әдістері;

ә) іскерлік, икем, дағдыны ширататын әдістер және оның тәжірибеде қолданылымын жүзеге асыратын әдістері;

б) субъектінің меңгерген білімінің сипатын айқындаудың бағалау өлшемдіктерінің әдістері.

Жоғарыда топтамамен тізбеленген әдістерді таңдаудың бірден-бір заңдылығы - оқу еңбегін тәртіптеуді ұйымдастыратын әдістерді тәсілдерге айналдыру.

И. Харламовтың әдістерді жіктеу тәртібі:

а) оқытушының материалды ауызша баяндауы және субъектілердің біліми танымдық қызметін белсенді әрекетке қосудың әдістері: әңгіме, түсіндіру, сұхбат, иллюстрация, көрсетілімді әдістер, т.б.;

ә) өтілетін материалды бекіту, жинақтау әдістері: сұхбат, оқулықпен жұмыс;

б) жаңа материалды дербестік қалпын сақтай отырып, өздігінен орындау әдістері: оқулықпен жұмыс, зертханалық жұмыс;

в) алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану әдістері;

г) іскерлік, қабілет, икем, дағдыларын бағалаудың әдістері: субъектінің, не күнделікті жұмысын байқау, фронтальді, не жиынтық материалдың алгоритмімен, балл қою, бақылау жұмысы, үй жұмысын тексеру, бағдарламалап тексеру, тестімен бақылау.

20-жылдардың басында түсіндірмелі-иллюстративті әдістің нәтижесінде субъектіге өздігінен дербес жұмыс орындату, білімді жинап алу әдісін дарыту мақсатында педагог-консультант ұғымы пайда болды (жоспар құру, бригадалық әдіс, зертханалық әдіс, т.б.). Сөйтіп, бағдарламалап оқыту әдісіне ойыстық. Б. Скиннер:

- мағлұматты қабылдау әдісіне шақтау;

- межеленген мағлұматты бақылауға алудың тапсырмаларын даярлап, бекіту;

- өзінің білімін тексеру үшін даярлаған жауаптарын күні бұрын беру;

- дұрыс жауаптың көрсеткіштерін ұсыну.

Бағдарламалап оқытудың нәтижесінде, даму үрдісінде алгоритм пайда болды. Мұның бәрі дерлік бүгінгі заманымызда жиі қолданылып жүрген ұғымымыз. Тек бағдарламалап оқыту емес, сол секілді алгоритм, кибернетика амалына тән ұғым. Алгоритм үш қырлы:

- өтілетін материалдың сарынының құбылыстары мен үрдістерінің тәртібі;

- субъектінің ойлау қабілетінің рет тәртібі;

- оқытушының оқу еңбегін ұйымдастыруының рет тәртібі. Орыс педагогы П.Ф.Каптерев (1849-1922) субъектінің біліми танымдық қызметінің ішкі мүмкіндігін 3 түрге тізбелеген:

а) догмалық (білімді даяр түрінде жияды);

ә) аналитикалық (оқытушы білімді кіші бөліктерге жіктейді, әр бөліктің мәні мен маңыздылығы айқындалады, соның бәрінің басын қосып, бір формаға келтіреді).

б) генетикалы әдіс. Мұнда шығу тамыры бернеленіп, тұжырым-түйін қорытылады. Бұдан эвристикалы әдіс туады.

Әдістерді таза сырттай зерделегенде, дидактика оған ғылыми жіктеме жасай алмайды. Кейбір авторлар оқытудың әдістерін топтастырады, шығу көздерін зерттейді, міне, осыдан олар әдістерді жіктеп бөледі. Сөйтіп, сөз әдісі, көрнекілік, тәжірибешілік деген әдістер пайда болды. Ал кейбір ғалымдар студент пен оқытушының қарым-қатынас деңгейіндегі қызметтің деңгейіне ыңғайлы әдістерді сұрыптайды. Мұның өзін, біріншіден, оқытушының материалды сұрыптау іскерлігі мен студенттің өздік жұмысының қызметтік әрекетіндегі әдістер деп қарастырады. Ал үшінші топтағылар дидактикалық міндеттердің характері мен маңызына негіздеп алатын ғалымдар. Бұл әдістің негізі - субъектінің білімді жаңадан жиюы, оны есінде, жадында тұрақталдыруы, соған орай іскерлік икемін үзіліссіз ширатуы, бағалау рейтингісін өзінің жобалап құрастыруы. Мұнымен бірге аталған дидактикалық міндеттердің маңыздысы мен студент және оқытушы арасындағы қарым-қатынас үрдісіне орай қолданылатын әдістердің біріктіріліп, қосарлана комбинаторлы қолданылуы.

Ең соңында, проблемалы оқыту әдісіне тоқталып өтелік. Проблема (гректің «қиындық» деген сөзі). Мұнда теориялық, тәжірибешілік мән көзделеді. Адам баласының қажеттілігіне қол жеткізу үшін сол желідегі қиындықтың жойылу жолдарын ізденімпаздықпен, зерттеу, зерделеумен шешу дегенді білдіреді.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Похожие:

Монография Павлодар 2012 iconМонография Павлодар 2012 ббк 74. 202 Ж е. Жұматаева Жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту. /Монография. Павлодар: «Кереку»
Ж. Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығы
Монография Павлодар 2012 iconМонография Павлодар 2011
Рекомендовано решением Ученого совета Павлодарского государственного университета им. С. Торайгырова
Монография Павлодар 2012 icon2011 жылғы «Павлодар әуежайы» Акционерлік қоғамының қызметі туралы жылдық есеп павлодар қ, 2012 жыл
«Павлодар әуежайы» АҚ дамуында жаңа кезең болып қалыптасты. Қоғам қызметі нәтижелерін сараптай келгенде, атап өтерлігі, 2011 қаржы...
Монография Павлодар 2012 iconБиблиографический указатель книг, поступивших в библиотеку
Рысбек Ахметовтың шығармашылық жолы : альбом-монография = Творчество Рысбека Ахметова : альбом-монография = Creative art of Rysbek...
Монография Павлодар 2012 iconПедагогикалық теория негіздері монография
Бабаева Сабет Балтабайұлы. Кемел адам –тұлға қалыптасуы. Педагогикалық теория негіздері. Монография., 371 бет
Монография Павлодар 2012 iconБюллетень новых поступлений литературы
Тайгашинова К. Т. Система развития управленческого учета: логистического затраты, их классификация, сервис логистических услуг :...
Монография Павлодар 2012 iconБиблиографический указатель 2012
Пму ғК кітаптарының жылнамасы 2012 : библиогр көрсеткіш / пму ғК; құраст. Г. К. Кайсина, Т. А. Макаренко; ред. Н. К. Курбатова. –...
Монография Павлодар 2012 iconМонография Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының соңғы шыққан он бір томдығы бойынша дайындалды. Зерттеу еңбекті біз негізінен үш тарауға мағыналық жағынан біршама жинақтап, топтап, бөліп беруге тырыстық. 1-тарау «Материалды мәдениет лексика»
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған
Монография Павлодар 2012 iconМонография. Ш 26
С. Торайѓыров атындаѓы пму қазақ әдебиеті кафедрасы мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ және шетел әдебиеті кафедрасында талқыланып,...
Монография Павлодар 2012 iconКоринт туристическое агентство
Даты вылета: 18. 12. 2012, 15. 01. 2012, 29. 01. 2012, 12. 02. 2012, 26. 02. 2012, 11. 03. 2012, 18. 03. 2012, 25. 03. 2012
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница