Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/16
Дата конвертации06.02.2016
Размер3.5 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://qz.government.kz/docs/kauly_102.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16



Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпан №102 қаулысы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 ақпандағы

№102 қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Мазмұны


1. Миссиясы мен пайымдауы

2. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері

3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері.

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар


1. Миссиясы мен пайымдауы


Миссиясы:

жаңа, жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамытуға ықпал ететін жағдай жасау.


Пайымдауы:

бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнім әзірлеуді және өндіруді қамтамасыз етуге қабілетті тиімді ұлттық инновациялық жүйе;

әлемдік стандарттарға сәйкес келетін және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін техникалық реттеудің ұлттық жүйесі;

отандық және шетелдік капиталды тартуға ықпал ететін қолайлы инвестициялық ахуал;

электр энергетика ресурстарын өндірудің жедел қарқынымен қамтамасыз етілген экономикалық даму;

жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану.


2. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері


Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау

Индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйелерді дамыту, индустриялық дамуды және техникалық реттеу мен метрология жүйесін дамытуды инвестициялық қамтамасыз ету сияқты мақсаттарға қол жеткізумен негізделген.

Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005 – 2007 жылдар) Ұлттық инновациялық қорды, Ғылым қорын, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын, 8 өңірлік технопаркті, 11 отандық және шетелдік венчурлік қорларды қамтитын қаржы және инновациялық инфрақұрылым құрылды.

Бүгінде «ҰИҚ» АҚ 563 жобаны қарады, оның ішінде: 176 инвестициялық жоба, 383 ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлеме, 4 жоба NIF$50K жыл сайынғы конкурсының жеңімпаздары. 2010 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия және медицина өнеркәсібі, машина жасау, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, ақпараттық технологиялар саласы, құрылыс, металлургия саяқты салаларда 46 ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелер мен 5 инвестициялық жоба аяқталды.

Жоспарланған кезеңде Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында төрт өңірлік технопарк, технологияларды коммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның негізгі міндеті нарықтарға отандық инновациялық әзірлемелерді енгізу мен жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық міндеттерді шешуде өнеркәсіп кәсіпорындары қажеттіліктері мен отандық зерттеушілер енгізу үшін ұсынылатын қолда бар ғылыми-техникалық әзірлемелердің деректер базасын құру және ұстау болып табылады.

Инновациялық инфрақұрылымның қосымша элементтері ретінде 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысында Металлургия орталығы, 2011-2012 жылдары ұйымдастырылатын Каспий энергетикалық хабы негізінде Мұнай-газ технологиялары орталығы құрылатын болады.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру экономиканы инновациялық дамытудың маңызды құрауышы болып табылады.

Қазақстанда шаруашылықтың барлық салаларында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру қазіргі уақытта басым міндет болып табылады, оны шешу арқылы энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешені шешілетін болады.

Энергия тиімділігі негізгі қорларды жаңғырту, басқару сапасын және өндірістік персоналдың біліктілігін арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша іс-шараларды қамтуы тиіс. Осыған орай іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық сананы пайдалану, қызметтің жаңа маманданған түрі ретінде энергия тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру болып табылады.

Энергия үнемдеу технологиялары мен жобаларды экономиканың өнеркәсіптік секторына енгізу көптеген пайдаларды алуға кепілдік береді. Жүргізілген зерттеулер энергия үнемдеу технологияларына салынған қаражат бірнеше айдан бастап 5-7 жылға дейінгі мерзімде ақталатынын көрсетіп отыр. Жаңа өндіргіш қуаттарды іске қосу кезінде бұл 2-3 есе артық уақытты қажет етеді. Сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру Қазақстанға 2011-2015 жылдар кезеңінде 20-30 млн. тонна шартты отын болатын отын-энергетикалық ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кез келген өнім құнындағы үлкен энергетикалық құрауыш оның қымбаттауына және осының салдарынан бәсекеге қабілетсіздікке, экспорттық мүмкіндіктерді азайтуға, ал егер өнім ішкі нарықта сатылса – халықтың әл-ауқатын төмендетуге әкеледі.

Электр және жылу энергиясын тиімсіз және ұтымсыз пайдалану оны ЖЭО, ГРЭС-терде өндірудің ұлғаюына және тиісінше экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі.

Көмірді, мұнайды, газды, электр энергиясы мен жылуды тиімсіз пайдалану таяу келешекте елді энергиямен қамтамасыз ету проблемасын туғызады, өйткені экономиканың электр және жылу энергиясына өспелі қажеттілігін жабу үшін қолда бар қуат өндіру, электр және жылу желілерін қайта жаңартып, ұлғайту, жаңаларын салу қажет.

Қазіргі кезде өнеркәсіптің барлық салаларында дерлік жабдықтарды жаңғыртудың үлкен қажеттілігі бар. Еліміздің энергия сыйымдылық бойынша өнеркәсіп секторы ЕО елдерінің осыған ұқсас көрсеткіштерінен бес есеге көп. Мемлекеттік мекемелердің басым бөлігі (мектептер, ауруханалар т.б.), сондай-ақ тұрғын үй ғимараттары тиімсіз энергия жүйесімен жарақталған және жаңартуды талап етеді.

Министрлік «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобаларын әзірлеуді жүзеге асыруда.

Индустриялық дамуды инвестициялық қамтамасыз ету де елдің индустриялық-инновациялық дамуына айтарлықтай әсер етеді.

Бұл бағыт шеңберінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту көзделген. 2001 жылдан бастап 6 АЭА құрылатын болады, оларды шартты түрде мына топтарға бөлуге болады: 1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Астана – жаңа қала» индустриялық қосалқы аймақ бөлігінде (ИА Астана қ.), 2) сервистік – «Бурабай», «Астана – жаңа қала» құрылыс қосалқы аймағы бөлігінде, 3) техникалық-енгізу аймағы – «Ақпараттық технологиялар паркі». Бұдан өзге, Астана және Қарағанды қалаларында 2 индустриялық аймақ құрылды, бұл ретте Астана қ. ИА «Астана – жаңа қала» АЭА құрамына қосылған.

2001 жылғы маусымда құрылған «Астана – жаңа қала» АЭА жұмыс істеуі кезінде оның аумағында бүгінде 255 объекті тіркелген. 976,6 млрд. теңге инвестициялар тартылған, оның ішінде 556,7 млрд. теңгесі – жеке инвестициялар. АЭА құрамына енгізілген индустриялық паркті дамытуға 2010 жылы 2 000 000 мың теңге бөлінген.

Қазіргі кезде Индустриялық аймақта жалпы сомасы 170 млрд. теңгеден астам 41 жоба мәлімделген. 7 500 –ден астам жұмыс орны құрылатын болады. Жыл сайын жалпы сомасы 105 млрд. теңгеге өнім өндіру жоспарлануда.

2002 жылы сәуірде құрылған «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жалпы сомасы 93 млн. АҚШ доллары инвестициясы болатын 3 жоба іске асырылуда:

Металл конструкциялар зауыты («Keppel Kazakhstan» ЖШС);

Мұнай сортаменті құбырларын шығару зауыты;

Эпоксид негізіндегі шыны талшықты құбырлар зауыты («АЗСТ» ЖШС).

Сондай-ақ, 500 млн.АҚШ долларына 3 жоба салыну үстінде:

Сұйық дәрілік нысандары мен медициналық мақсаттағы өнімдер шығару бойынша фармацевтика кешені («Ча-Кур» Қазақстан ЖШС);

Мұнай мен мұнай өнімдерін бөлу-жинақтау кешені («Хазар-Сервис» ЖШС, Қазақстан);

Металл конструкциялар зауыты «Дос Марин» ЖШС, Норвегия–Қазақстан).

5 жоба жобалау кезеңі үстінде:

ПВХ терезе пішімдерін, құбырлар мен фитингтер өндіру зауыты («Funke Kunststoffe» компаниясы, Германия);

Контейнерлерді жобалау және құрастыру кешені («T.E.S.C.O» ЖШС, Қазақстан);

Мұнай және құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу мини-зауыты («ХакоОйл» ЖШС, Қазақстан);

Аммиак-карбамид кешені («Каспий Азот» ЖШС);

Минералды тыңайтқыштар өндірісі («Caspian Contractors Trust» ЖШС).

2003 жылғы тамызда құрылған «Ақпараттық технологиялар парк» АЭА аумағында 23 жоба іске асырылуда. Аумақтың азаюымен байланысты «ИТП» АЭА ТЭН түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2005 жылғы шілдеде құрылған «Оңтүстік» АЭА-да 3 жоба – «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Oxy-Textile» ЖШС және «Ютекс-KZ» АҚ іске асырылуда, 1 жоба («Есенжол-Назар» ЖШС) ЖСҚ әзірлеу кезеңінде тұр. 400 жұмыс орны құрылған. 2010 жылы өрт сөндіру депосын салуға және электрлік қуат кабелін төсеуге 247 727 мың теңге бөлінді. Инфрақұрылымды салу таяу уақытта аяқталатын болады.

370 га алаңы бар «Бурабай» АЭА 2008 жылғы қаңтарда құрылды. Қазіргі кезде «Бурабай» туристік орталығын құрудың мастер-жоспары әзірленіп, бекітілді, оған сәйкес жобаны іске асыру жеті кезеңге бөле отырып, 2021 жылға дейін 12 жылға жоспарланған. 2010 жылға бөлінген қаражат сомасы – 19 383 тыс. теңге.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА 2007 жылғы желтоқсанда инновациялық технологиялар негізінде Қазақстанның көмірсутегі шикізатын терең қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін дамыту мақсатында 2007 жылғы желтоқсанда құрылды. Жұмыс істеу мерзімі 2032 жылға дейін. АЭА аумағы 3 475,9 га құрайды. Уәкілетті орган - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, АЭА шеңберінде іске асыруға арналған инвестициялық жобаларды пысықтауда. 2010 жылға екі бюджеттік бағдарлама бойынша 1 056 316 мың теңге бөлінген.

Қазіргі кезде Индустриялық парк аумағы екі алаңда: бірінші алаң – Теміртау қаласының аумағында, оны салу үшін ТЭН мен ЖСҚ жобаланып, пысықталған; екінші алаң – Қарағанды қ. ЖЭО-3 ауданында. Индустриялық парк жерлерін игерудің ТЭН мен ЖСҚ әзірлеуге 538 млн. теңге (40 млн. теңге – ТЭН әзірлеуге жергілікті бюджеттен және 498 млн. теңге ЖСҚ әзірлеуге республикалық бюджеттен) мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінген.

Қазіргі кезде Қарағанды қ. индустриялық парк алаңын игеру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте Теміртау қ. индустриялық алаңға оны бұл кезеңде дамытудың экономикалық орынсыздығына орай (инфрақұрылымды әкелудің қиындығы мен оның қымбаттығы) инвесторлар тартылмаған. 2010 жылға 6 208 000 тыс. теңге бөлінді. Пайдалануға беру мерзімі – 2011 жыл.

Негізгі проблемаларды талдау

Заңнамалық бөлігі

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 маусымдағы №274 Заңы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы бойынша қойылған міндеттерді, әлемдік экономикалық дағдарыс тегеурінін ескере отырып, оны елеулі түрде қайта қарауды және түзетуді талап етеді, қабылданған заң редакциясы ендігі жерде декларативті және сілтеме сипатында емес.

Атап айтқанда, Салық, Кеден, Жер кодекстеріне кезең сайын енгізілетін өзгерістер АЭА құру мен дамытудың ерекшелігін ескермейді, кейде олар АЭА тұжырымдамасына қайшы келіп жатады.

Мысалы:

Салық кодексінде инновациялық қызмет субъектілері үшін жеңілдіктер көзделмеген;

АЭА аумағында қызметтер түрінің шектеулі тізбесі индустриялық-инновациялық дамудың көптеген қазіргі заманғы және перспективалық бағыттар қатысты болмайды;

Салық кодексінің 477, 478-баптарымен жер учаскелерін уақытша қайтарымды жер пайдалану (жалға) алған заңды және жеке тұлғалар үшін жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем көзделген. Төлем ставкалары жер кодексіне сәйкес айқындалады. Сонымен қатар компания АЭА жерінің меншік иесі болмағандығына орай бағасы қымбат жерді жалдағаны үшін төлем төлеуге мәжбүр. Осыған байланысты жерге салық бойынша жеңілдіктер АЭА қатысушыларына қолданылмайтындықтан инвесторлар тарту үшін АЭА қатысушыларын жер пайдаланғаны үшін төлемнен босату қажет;

Салық кодексінде 2009 жылға дейін АЭА қатысушылары үшін көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) АЭА аумағында сату бойынша айналымдарды, сондай-ақ әкімшілік және өндірістік мақсаттағы объектілерді іске асыру бойынша, АЭА аумағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мұндай объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары айналымын ҚҚС-тан босату көзделген болатын. Алайда 2009 жылдан бастап бұл жеңілдік алынып тасталды, бұл АЭА қатысушыларының жағдайын елеулі түрде нашарлатты және ақпараттық және инновациялық технологиялар саласында инвестициялық жобаларды іске асыруды ынталандырмайды;

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңында ескірген технологиялар мен жабдықтарды әкелу және енгізу бойынша шектеулерді, сондай-ақ шетел жұмыс күшін тарту туралы тәртіпті қолдану ескерілмейді, сондай-ақ отандық кадрларды даярлау мәселелерін реттемейді.

Экономикалық бөлік

Арнайы экономикалық аймақтарды дамытумен байланысты проблемалар мен қателіктер олардың дамытудың тұжырымдық негіздері мен стратегиясын елеулі түрде қайта қарау қажет екенін көрсетеді. Аймақтарды құрудың бұрынғы тұжырымдамалар мен негіздемелерде аймақтарды дамытудың мүмкіндігін айқындайтын мынадай негізгі факторлар ескерілмеген:

экономикалық-географиялық жағдайдың тиімділігі мен аумақ мөлшерінің оңтайлылығы, ресурстық база;

өңірде қажетті өндірістік және іскерлік инфрақұрылымның және сыртқы экономикалық қызмет үшін қолайлы жағдайлардың болуы;

кадрлық әлеуеттің болуы.

Жергілікті қамтуды дамыту индустриялық дамуды инвестициялық қамтамасыз етудің және бір міндеті болып табылады, оның үдерістерін құқықтық реттеу үшін 10-нан астам нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілген.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту есебінің бірыңғай әдістемесі және қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ұйымдарының тізбесі бекітілген.

Отандық тауар өндірушілер мен жұмыстар мен қызметтерді отандық жеткізушілерді мемлекеттік қолдау шаралары айқындалған.

Барлық субъектілер үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін есептеудің оңтайлы және барынша объективті әдістесін айқындау есебі және тауардың шыққан елін айқындау, тауардың шығу тегі туралы акті жасақтау және беру әрі ресімдеу, тауардың шығу тегі туралы сертификатты куәландыру мен беру бойынша ережелер, сондай-ақ Жер қойнауын пайдалану саласында қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды нығайту жөніндегі Іс-шаралар бекітілді.

Қазақстандық өндірушілер жүргізетін Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізілімі құрылды, оның негізінде 4360 тұтынушы кәсіпорын және 364 өндіруші кәсіпорын (ШОБ субъектілерінің үлесі 95%-ды құрайды) бойынша ақпарат орналастырылған.

Отандық шығарылған тауарларды сертификаттаудың «СТ-KZ» жүйесі енгізілді, оның болуы отандық тауар өндірушілерге қосымша жеңілдіктерді көздейді.

2009 жылға жоспарланған деңгейге қол жеткізілді – жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту 60%-ды құрады.

Барлығына дерлік өңірлерде тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушілердің республикалық форумы болып өтті, олар ірі компаниялардың шағын компаниялармен ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік береді.

Осының нәтижесінде жалпы сомасы 909,2 млрд. теңгеге 960 меморандум, жалпы сомасы 747,7 млрд. теңгеге 11000 келісімшарттар жасалды.

«Қазақстандық қамту» интернет-порталы іске қосылды, онда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің мемлекеттік сатып алу жоспарлары жинақталған. 2009 жылы 4360 тұтынушы кәсіпорын және 364 өндіруші кәсіпорын бойынша ақпарат орналастырылған (ШОБ субъектілерінің үлесі 95%).

Жергілікті қамтуды дамытудың негізгі проблемалары.

Әлемдік стандарттар деңгейінде меншікті инжинирингтік базаның жоқтығы.

Әлемдік деңгейдегі қызметтер көрсетуге бейім инжинирингтік компаниялар жоққа дерлік. Талдамалық зерттеулерден, жоба алды жұмыстарынан, ТЭН және жұмыс жобалау кезеңінен бастап, технологиялық қамтамасыз ету және Қазақстан аумағында барлық ірі жобаларды технологиялық сүйемелдеу мен қабылдауға дейін шетел компаниялары қызмет көрсетеді. Соңғы аталғандары Қазақстан өндірісінің ерекшеліктерін, стандартар мен ТЖ білмегеніне орай бірден шетелдік ерекшеліктерге жүгінеді. Осы жағдайда отандық өндірушілерге арналған дайын жобалар шеңберінде сатып алуды қайта бағдарлау өте қиын.

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі жергілікті қамтуды дамытудың кідіртуші факторы болып табылады..

Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттарында бекітілген заңнаманың ерекше мәртебесі мен тұрақтылық режимі өкілетті мемлекеттік органдарға қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың нақты міндеттемелерін белгілеу бойынша тиімді саясат жүргізуге мүмкіндік бермейді.

ЕО елдерімен салыстырғанда техникалық реттеу құралы ретіндегі ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясын әзірлеу, мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алулар ұйымдастыру мемлекеттік кредит беру және міндетті сақтандыру бағдарламаларын іске асыру кезінде тиісті бағалау ала алмады.

Мемлекеттік органдар мен өндірістік кәсіпорындар тауарларды (жұмыстар, қызметтер) жеткізуге арналған шарттар мен келісімшарттардағы мемлекеттік стандарттарға сілтемелерді мүлде қолданбайды.

Кәсіпорындар мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге және қолдануға ұмтылмайды, ал оңайлатылған схема – ұйымдардың стандартын (азық-түлік шикізаты мен тамақ өнеркәсібі өнімінің шамамен 80%-ы бастапқыда-ақ оңайлатылған технологиялар қойылған, ал алынатын өнім төмен тұтыну сапаларымен ерекшеленетін ұйым стандарттары бойынша шығарылады) пайдаланады.

Техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту индустриялық-инновациялық даму үшін жағдайлар жасаудың үшінші мақсаты болып табылады.

Бүгінде техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры стандарттау жөніндегі 57 000 нормативтік құжаттарды қамтиды, олардың қатарына мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар жатады. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 2 800 бірлік стандарт қабылданған, олардың ішінде мемлекеттік талаптарымен үйлестірілгендері– 1 846 бірлік, бұл үйлестірудің 66 % жалпы пайызын құрайды.

Бұл ретте халықаралық стандарттармен үйлестіру көрсеткіштері бойынша барынша жоғары деңгей тамақ өнеркәсібі - 283 (61,1% немесе абсолютті көріністе 173) және жол-көлік және темір жол техникасы – 271 (үйлестіру деңгейі 73,8% немесе абсолютті көріністе 200 стандарт) сияқты салаларға тиесілі.

Үйлестірілген стандарттардың ең азы химия технологиясы мен лак-бояу өнеркәсібі – 77 (70,1% немесе абсолютті көріністе 54), энергетика және электр техникасы – 77 (68,8% немесе абсолютті көріністе 53) және машина жасау – 66 (80,3 % немесе абсолютті көріністе 53) саласында.

Жыл сайын шамамен 350 мемлекеттік стандарт қабылданады. Бұл белгілі бір шамада үйлестірудің жалпы деңгейін 1-2%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

2010 жылға арналған мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарында Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстанның индустрияландыру картасы жобаларын іске асыру шеңберінде экономиканың басым салаларын дамыт үшін 580 мемлекеттік стандарттарды әзірлеу көзделген.

Экономиканың әртүрлі салаларында стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу мақсатында стандарттау бойынша 48 техникалық комитет құрылды, олардың құрамына мемлекеттік органдар, өндірушілер, тұтынушылар кіреді.

Жыл сайын сертификатталған және менеджмент жүйесін енгізген, оның ішінде ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 22000 и SA 8000 халықаралық стандарттары негізінде экспортқа бағдарланған кәсіпорындар саны ұлғайып келеді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар саны 2 249-ды құрады, олардың ішінде ИСО 9001 – 2207, ИСО 14001 – 184, OHSAS 18001 – 122, ИСО 22000 – 38, SA – 1. Өнімдерін экспортқа шығаратын кәсіпорындар – 186, менеджмент жүйесін енгізу кезеңінде тұрғандар – 222.

2010 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республиканың эталон базасы 101 бірлік эталоннан және эталон жабдығынан тұрады, оның ішінде 52 бірлік мемлекеттік эталондар, 27 бірлік жұмыс эталондары және 22 бірлік эталон жабдығы.

Аккредиттелген субъектілер тізілімінде сәйкестікті растау бойынша 185 орган (бұдан әрі – СРО), 526 сынақ зертханалары (бұдан әрі – СЗ), 289 салыстырып, тексеру зертханалары (бұдан әрі - СТЗ), 25 калибрлеу зертханалары (бұдан әрі КЗ), 5 өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында техникалық реттеу жүйесін одан әрі дамыту және құқықтық база құру үшін халықаралық талаптарды, оның ішінде бірыңғай кеден одағын қалыптастыруды ескере отырып, техникалық реттеу саласындағы заңнама негізінде жетілдіру қажет.

Мемлекет пен кәсіпкерлік мүдделерін теңдестіруі тиіс техникалық регламенттерді бейімдік енгізу талап етіледі, бұл ретте

Ең маңыздысы Қазақстанның сапалы әзірленген техникалық регламенті негізге алынатын ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерін қабылдау кезінде Қазақстан мүдделерін ескеру болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда нормативтік актілерге қол жеткізу және елдің нормативтік техникалық базасын қалыптастыру проблемасы бар.

Жұмыс істеп тұрған техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры әзірленген және қабылданған техникалық регламенттер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштері, ұйымдардың стандарттары туралы ресми ақпаратты қамтамасыз етеді. Алайда ол жоғарыда көрсетілген ведомстволық нормативтік актілерді қамтымайды, бұл одан әрі ДСҰ-ға мүше елдермен СТК мен ФСЖ шараларын сәйкестендіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл кезінде елеулі кедергі болмақ.

Осыған байланысты Техникалық нормативтік құжаттардың бірыңғай қорын құру қажет, онда техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер ғана емес, экономиканың басқа да секторлары бойынша көптеген басқа техникалық нормативтік құжаттар (мысалы, авиациялық ереже, ветеринарлық, ветеринарлық-санитарлық нормалар мен ережелер, санитарлық нормалар, ережелер мен гигиеналық нормативтер, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері, құрылыс нормалары мен ережелері т.б.).

Кәсіпкерлердің менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттарын енгізуге қызығушылығы төмен (бүгінде статистика деректер бойына республикада 303 527 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде 2 249 кәсіпорын ИСО-9000, 14000, 18000, 22000, SA 8000 стандарттарын енгізіп, сертификатталған).

Іс жүзіндегі тәжірибе салалардағы мамандардың кәсіби деңгейінен өз қызметін техникалық реттеу саласында жүзеге асыратын (атап айтқанда, қызмет бағыттары бойынша сарапшы аудиторлар) мамандардың кәсіби деңгейі тым жоғары. Осыған байланысты, сынақ базасын жетілдіру үшін:

жұмыс істеп тұрған зертханаларды жаңғырту;

зертханалардың құзыреттігін тексеру үшін зертханаралық салыстырма сына мен салыстырып, тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Саудадағы техникалық кедергілерді жою үшін аккредиттеу жүйесінің, сертификаттар мен хаттамалардың, оның ішінде біріктірілген бірлестіктердің баламалығы бойынша көп жақты және екі жақты келісімдер жасасу жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Аккредиттеу жүйесін халықаралық деңгейде дамыту үшін аккредиттеу жөніндегі органның ILAC, IAF, PAC комитеттерінің жұмысына қатысуды, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі аудитор сарапшыларды, техникалық сарапшыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Сыртқы:

қабылданған және әзірленген техникалық регламенттер бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының жоқтығы;

әзірленетін техникалық регламенттер деңгейінің төмендігі;

техникалық регламенттерді әзірлеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі;

техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды енгізу бойынша мемлекеттік органдар жұмысының әлсіздігі;

әлемдік нарық талаптарын ескере отырып, қолданыстағы нормативтік базаны біріздендірудің әлсіздігі.

Ішкі:

техникалық регламенттер сараптамасы бойынша тәжірибелі мамандардың жоқтығы;

техникалық регламенттерді бейімдеу және енгізу тиісті деңгейде жүргізілмейді;

техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде ғылыми-негізделген статистикалық деректердің және олардың нәтижелерін пайдалану үшін сынақтардың жоқтығы.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінiң 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2011- 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекiту туралы
Жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconКодексінің 62-бабына
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconКодексінің 62-бабына
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница