Скачать 305.97 Kb.
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым: 1) Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитет (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63; 2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда почта бойынша не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі. Шағымда: жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі; заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не Комитеттің, Министрліктің және ЖАО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қараулады. 13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар. 16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. 17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші __________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________ (ДК атауы, ДК куәлігінің № және берілген күні (бар болған жағдайда) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________________ (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лерінің) толық атауын көрсету) жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы __________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) Электрондық поштасы ______________________________________________ Факсы ____________________________________________________________ Банктік шоты_______________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Жеке тұлға __________ __________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда) Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ________ «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiші __________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________________ (қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лерінің) толық атауын көрсету) __________________________________________________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште ______ (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________ (пошталық индексі, елі (шетелдік заңды тұлға үшін), облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық поштасы ______________________________________________ Телефондары ______________________________________________________ Факсы ____________________________________________________________ Банктік шоты _____________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Басшы ______________ ______________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________ «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Ветеринариялық бағыттағы препараттарды өндіру бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін мәліметтің үлгісі 1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы берген ветеринариялық талаптармен және технологиялық құрал-жабдықтарын жинақтау нормативтерімен сәкестігі туралы ветеринариялық санитариялық қорытынды туралы мәлімет: Бірдейлендіру нөмірі __________________________________________ 2. Өндірілетін ветеринариялық препараттың техникалық шарттарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге арналған технологиялық, өлшеу және сынау жабдықтары; өндiрiлетiн ветеринариялық препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшiн құрал-жабдықтармен жабдықталған аккредиттелген зертханалар немесе көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың сынау жұмысын орындау (қызмет көрсету) туралы шарттар: 1) әзірлеуші зауыттардың құрал-жабдықтарға пайдалану куәлігінің деректері: куәліктің нөмірі _________________________________________________ берілген күні ____________________________________________________ куәлікті берген орган ______________________________________________ құрал-жабдықтың қолдануы ________________________________________ 2) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тексеруден және/немесе калибрлеуден өту туралы растауы: нөмір ___________________________________________________________ берілген күні ____________________________________________________ сертификатты берген орган _________________________________________ сертификаттың жарамдылық мерзімі _________________ __________ дейін; 3) зертхананың акредитациядан өткені немесе акредиттелген зертханамен жасасқан шарт туралы мәлімет: нөмір ___________________________________________________________ берілген күні ____________________________________________________ акредитация туралы берген орган ____________________________________ құжаттың жарамдылық мерзімі ____________________ ____________ дейін; келісім-шарттың нөмірі ____________________________________________ қорытындының күні ______________________________________________ келісім-шарттың жарамдылық мерзімі _______________________________ 3. Ветеринариялық препараттарды өндіруді регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманың болуы: 1) ветеринариялық препарат өндіру бойынша мекеменің стандарты, өндіруші басшымен бекітілген өндірілетін ветеринариялық препаратқа техникалық жағдай (иә/жоқ); 2) мекеме басшысымен бекітілген, ветеринариялық препаратты қолдану (іске асыру) бойынша басшылық (иә/жоқ); 3) өндірістік және бақылау микроорганизм штамдарына куәлік: штамның қолданылуы ___________________________________________ штаммның нөмірі ______________________________________________ шартты көрсету _______________________________________________ штамм кіммен алынды __________________________________________ алынған күні _________________________________________________ штамм қайсы жануардан алынды _________________________________ штамм қайсы мекемеден алынды _________________________________ материалдың мінездемесі________________________________________ ________________________________________________________________ (тұрақтаудың түрі, бөлшектеп өлшеуі, әдісі) ____________________________ серологиялық қасиеті _________________________________________ титрлеу нәтижесі _____________________________________________ 4. Заңды тұлғалар үшін: басшылар мен мамандардың білікті құрамы: тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білімі және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білімі бар мамандар (кемінде бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер); тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын және өндірістік бақылау бөлімшелерінде, биотехнологиялық, химиялық немесе биологиялық жоғары немесе орташа білімі бар мамандар; тікелей ветеринариялық препаратты өндірумен айналысатын бөлімшелер басшыларының және/немесе өндірістік бақылау бөлімшесі қызметкерінің мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері. Жеке тұлғалар үшін: «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi білім және (немесе) «ветеринария» мамандығы бойынша техникалық және кәсiптік (колледж) білім; мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі, соңғы 5 жылда мамандануы немесе біліктілігін жетілдіруі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері: 1) техникалық басшылар және мамандар құрамының біліктілігі туралы мәлімет: жоғарғы оқу орнының атауы_______________________________________ мамандық және біліктілік _____________________________________ жоғары/орта білімі туралы және қызмет түрінің лицензиялау профилі бойынша дипломның нөмірі ___________________________________ дипломның берілген күні ______________________________________ 2) маманданудан/біліктілігін жоғарылатудан өткені туралы куәлік: мамандану/біліктілігін жоғарылату өткен мекеменің атауы ________________________________________________________________ тәртіп _______________________________________________________ сертификаттың нөмірі _________________________________________ сертификаттың берілген күні _______________________________________ «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
![]() | «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»... | ![]() | «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) |
![]() | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі... | ![]() | "Өрнек xxi" АҚ облигациялар шығарылымының проспектісі Асар-аудит жшс жүргізеді, 2003 жылғы 22 қаңтардағы мемлекеттік лицензия №266, Директор Михайленко Л. И., 1998 жылғы 21 ақпандағы... |
![]() | Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру Ылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін... | ![]() | «Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) |
![]() | Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік)... | ![]() | «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт... |
![]() | «Үлескерлердің а қшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке... | ![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) |