2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы




Скачать 285.33 Kb.
Название2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер285.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kartofel.org/diagnostika/diagnostika1.doc
  1   2



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі


Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1584 қаулысымен бекітілген


«Сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,

қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. «Сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиалаудың» www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетеді.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді:

1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;

3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 % құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған кезде ақы төлеуді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асыруға болады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен көрсетіледі;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

лицензия алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыруға түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмесі);

5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны;

6) жоғары білімі туралы дипломында (салыстыруға түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмесі) мамандығы бойынша сот-сараптама жұмысының кемінде бес жыл өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылданған және қызметтен босатылған туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер не қызметтік тізімі;

7) Қазақстан Республикасы бойынша барлық мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар;

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;

2) жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес қызметтің түріне біліктілік талаптары туралы ақпарат қамтылған мәліметтердің нысаны;

4) жоғары білімі туралы дипломында мамандығы бойынша сот-сараптама жұмысының кемінде бес жыл өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылданған және қызметтен босатылған туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе қызметтік тізімі;

5) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.

Жеке басын куәландыратын, бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;

лицензия телнұсқасын алу үшін:

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда тиісті ақпараттық жүйлерден лицензия туралы мәліметті алуға мүмкіндік болмаған кезде ғана мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;

2) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда, тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі (түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);

5) қағаз жеткізгіште берілген жағдайда лицензияның түпнұсқасы (көрсетілетін қызмет алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияны қайтарады);

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салу;

2) тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру туралы куәліктің көшірмесі электрондық сурау салуға сканерленген түрде қоса беріледі (тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы мәліметтер 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда);

3) ЭҮТШ арқылы бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенін растайтын ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіште болған жағдайда, сұрау салуға құжаттың электрондық көшірмесі түрінде қоса беріледі.

Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық мониторинг жүйесі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылып куәландырылған электрондық құжаттар нысанында дербес алады.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылып куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды сұратуға жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі және олардың талаптары бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

10. Егер:

1) қызмет түрімен айналысуға субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынса;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;

3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беру келісім беретін көрсетілетін қызметті берушімен келісілмесе;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;

6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуына тыйым салса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады.


3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі


11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Министрлік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 кабинеттер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары бойынша беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта бойынша не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кенсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс номірі және күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қолдану үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс–орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қаралуы туралы жауап немесе қараудан бас тарту) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағым ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну құқығы бар.

  1   2

Похожие:

2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы icon2013 жылғы 31 желтоқсан №1514 Астана, Үкімет үйі Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconКөрсетілетін қызмет тер регламенттерін бекіту туралы №138/5 қаулысына
Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconӘлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы icon2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысында болған құқық қорғау мәселелері бойынша жұмыс тобы отырысының 2013 жылғы...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconКомпьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру
«Компьютер жүйелерiн бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартын...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconПсихоневрологиялық диспансерден анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі Министрлік)...
2013 жылғы 31 желтоқсан №1584 Астана, Үкімет Үйі Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы iconСот органдары мен атқарушылық iс жүргiзу органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөнiндегi мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандартын бекiту туралы
Азақстан Республикасының Бюджет кодексi 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница