Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты




Скачать 241.75 Kb.
НазваниеҰлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты
Дата конвертации06.02.2016
Размер241.75 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://moodle.nci.kz/doc/025/1.doc
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ


Физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты

(қазақ тіліндегі)


Алматы, 2010


Баспаға Ұлттық ақпараттандыру орталығының

Ғылыми кеңесі ұсынған


Пікір айтушылар:

Мусин Қ.С., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Мұхамбетжанова С.Т., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты

(қазақ тіліндегі). – ҰАО, Алматы. – 16 б.


Құралда педагогика ғылымының оқу процесіндегі жетістіктерінің заңдылықтары мен қағидалары және физика мен математика ғылымы саласындағы мектептің оқу пәні ретіндегі физика мен математиканың өзіне тән ерекшеліктері ескеріліп, жалпы орта білім беруде физика-математика бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарттау талаптарының сыры ашылады.


Кіріспе


Стандарт (ағылшынша standard — норма, үлгі, өлшем) сөздің кең мағынасында — онымен басқа объектілерді салыстыру үшін алғашқы ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель; стандарттау бойынша білікті орган бекіткен және стандарттау объектісіне нормалардың, ережелер мен талаптардың кешенін тағайындайтын нормативтік техникалық құжат [Үлкен энциклопедиялық сөздік]. Стандарттардың негізгі міндеті – бұл жаңа дайындамалар үшін біртұтас әдіснамалық негіздерді құру және өнімдердің сапасын бағалаудың қазіргі әрекет ететін жүйелерін жетілдіру.

Біздің көзқарас бойынша, жалпы орта білім беру үшін электрондық оқулықтарды әзірлеу стандартының негізіне қойылатын педагогикалық және техникалық талаптардың үйлесімдігін ескеретін қағидалар, тиімді ақпараттық білімдік орта дайындау мақсатымен басып озатын және кешенді стандарттау әдістері жататын болуы тиіс. Стандарттаудың басып озатын қағидасы, болжам бойынша, келешек уақытта оңтайлы болатын стандарттау объектісіне көтеріңкі (практикада қол жеткізген деңгейге қатысы бойынша) нормалар мен талаптар тағайындауға саяды. Кешенді стандарттау қағидасына стандарттау объектісіне қойылатын талаптар жүйесінің үйлесімі жатады. Бірегей білімдік өнім ретінде бағдарламалық өнімді дайындаудың барлық тарабын енгізе отырып, кешенді стандарттау білімдік процесс субъектілерінің мұқтаждықтарын аса толық және оңтайлы қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Стандарт өзі психологиялық-педагогикалық ғылымдар мен ақпараттық-қатынастық технологиялардың соңғы жетістіктерін ескеріп, бағдарламалық өнімдердің қажетті сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптарды жиынтығы болып табылуы тиіс.

Пәндік ақпараттық білімдік ортаны әзірлеу көзқарасы тұрғысынан электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар мұғалімге оларды педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі кезеңінде жаңа материалды жаппай түсіндіру, тұлғалық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, оқу материалын бекіту мен қайталау мүмкіндігін, оқушыға ЭО-ты мұғалімнің басшалығымен сабақта да, үйде де, өзіндік жұмыс кезінде де пайдалану мүмкіндігін, ата-аналарға баланы оқыту мақсатын, оның оқу траекториясын көру және оқу жетістіктерін қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Стандарт құлшыныстық-мақсатты, мағыналы, операциялық іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік құрамдас бөлікке жалпы педагогикалық талаптарды енгізуі тиіс.

Сана-сезімнің әр түрлі көріністерінің даму, жұмыс істеу объективтік заңдарын, мысалы, оқу материалын есте сақтау немесе ұмыту, психологтар тағайындаған. Егерде электрондық оқулықтарды құрастыру осы заңдарға сәйкес келетін болса, онда оларды пайдалану тиімді болады. Электрондық оқулықтар негізінде оқыту процесіндегі білімдерді қалыптастыруда барлық оқушылар үшін білмеуден білуге, толық емес, үстірт, үзінді білімнен аса толық, терең түсінген, жүйеленген және әрекетті білімге жетудің бірқатар ортақ негізгі кезеңдерін бөліп алуға болады. Осыдан шығатын түйін, қолданбалы бағдарламалық өнімдерді дайындау стандартының мағыналық ядросы білімдерді игеру: қабылдау, ұғыну, түсіну, қорыту, бекіту және практикада қолдану процесінің психологиялық және педагогикалық сипаттамасын дайындайды. Электрондық оқулықтарды құрастыру кезінде осы кезеңдерді жүзеге асыру, еске сақтаудың беріктілігін ғана емес және де жад қызметінің табысты дамуын қамтамасыз етеді. Қолданбалы бағдарламалық өнімдерді дайындау кезінде авторлар-дайындаушылар оларды дайындаудың психологиялық және педагогикалық ережелерін неғұрлым жіті бақылайтын болса, мектеп солғұрлым жақсы және тым қаныққан ақпараттық білімдік орта алатын болады.


Жалпы орта білім берудің физика-математика бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты


1. Қолдану саласы

Осы стандарт жалпы орта білім берудің физика-математика бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастыруға қойылатын педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, әдістемелік, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын, сондай-ақ олардың басылымдық мәліметтері мен құжаттамаларына қойылатын талаптарды ұсынады.

Стандарт электрондық басылымдарды өндіру үшін арналған және білімдік мекемелер үшін дайындалынатын барлық электрондық оқулықтар үшін қолданылады..


2. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

МСТ 7.82-2001. СИБИД. Библиографиялық жазба. Электрондық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері.

МСТ 7.83-2001. СИБИД. Электрондық басылымдар. Негізгі түрлері және басылымдық мәліметтер.

МСТ 7.4-95. СИБИД. Басылымдар. Басылымдық мәліметтер.

МСТ 7.9-95 (ИСО 214-76). СИБИД. Реферат және түсініктеме. Жалпы талаптар.

МТ РҚ 1087-2002. Бағдарламалық құжаттаманың біртұтас жүйесі. Пайдаланушының басшылығы. Құрамына, мазмүнына және әзірлеуіне талаптар.

МТ РҚ 1.5-2004 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың дайындалуына, баяндалуына, безендірілуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС РК 2.003-2002 Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беру Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
3. Анықтамалар

3.1. Осы стандартта МСТ 7.83-2001-ге сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.

3.2. Осы стандартта оған толықтыруға келесі анықтамаға сәйкес терминдер пайдаланылады.

3.2.1. Электрондық оқулық – оқыту процесінің заңдылықтарын және құрамдас бөліктерінің құрамын ескеріп білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтық өзара әрекеттестігі ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасын қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнім.


4. Қысқартулар

МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты

АБО – ақпараттық білімдік орта

ЭО – электрондық оқулық


5. Жалпы талаптар

5.2. Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;

5.2. Электрондық оқулықты дайындау технологиясының ғылыми негізделген педагогикалық тұжырымдамасының бар болуы;

5.3. Оқу процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;

5.4. Физика мен математика саласындағы педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;

5.5. Мектеп пәндері ретінде Физика мен математиканың өзіндік ерекшеліктерін есепке алу.


6. Техникалық талаптар

6.1. Инсталляция мен деинсталляцияның қарапайымдылығы, сенімділігі мен толықтығы, іске қосудың жеңілдігі;

6.2. Windows 98/NT/2000/XP операциялық жүйелеріндегі жұмыс істеудің әдептілігі;

6.3. Электродық оқулық құрылымындағы оңай бағдарлануға мүмкіндік беретін бағыттаудың қарапайымдылығы;

6.4. ЭО-дың барлық мәлім етілген қызметтері мен мүмкіндіктерінің жұмыстық қабілеттерінің сенімділігі мен орнықтылығы;

6.5. Гетерогендігі (әр түрлі компьютерлердегі жұмыс істеудің орнықтылығы);

6.6. Техникалық құрамдас бөліктердің, сүйемелдейтін құралдардың (қажетті жүйелік бағдарламалардың, қаріптердің, плагиндердің, плеерлердің және басқалардың бар болуы) жеткіліктілігі;

6.8. Пайдаланушыларды рұқсат етілмеген әрекеттерден қорғаныстың бар болуы.


7. Электрондық оқулықтарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптар


7.1. Ғылымилық қағиданы қамтамасыз ету:

7.1.1. Оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы.

7.1.2. Оқу материалын баяндаудың қайшылықсыздығы.

7.1.3. Пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі.

7.1.4. Оқу материалын баяндаудың толықтығы, теориялық ұғымдарды оқушылардың түсінуі үшін жеткіліктілігі және олардың дәлелдемесінің айқындылығы.

7.1.5. Ғылыми танымның негізгі әдістерін есепке алу (салыстыру, бақылау, абстракциялау, қорыту, нақтылау, аналогия, индукция және дедукция, талдау және жинақтау, эксперимент және т.б.)

7.1.6 Математикалық және физикалық сөздерге сауатты жаттығу мақсатымен есептерді шешудің дыбысталған және анимацияланған үлгілерінің бар болуы.


7.2. Ұғымдылық қағидасын қамтамасыз ету:

7.2.1. Оқу материалын оқып білудің теориялық күрделілігі мен тереңдігін оқушылардың нақты жасы мен жеке ерекшеліктеріне үйлесімді ұсыну.

7.2.2. Оқу материалын оқушылдардың танымдық тәжірибесіне сүйеніп баяндау.

7.2.3. Деңгейлік саралау мүмкіндігі.

7.2.4. Оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.


7.3. Көрнекілік қағидасын қамтамасыз ету:

7.3.1. Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;

7.3.2. Оқу материалын барынша көрінерлік ету, оның ішінде:

  • объективтік ақиқат заттардың және т.б. табиғи көрнекілігі;

  • экспериментік көрнекілік: тәжірибелердің, эксперименттердің және т.б. демонстрациясы;

  • көлемдік көрнекіліктер: макеттер, фигуралар және т.б.;

  • бейнелік көрнекіліктер: картиналар, фотографиялар, суреттер және т.б.;

  • дыбыстық көрнекіліктер: әуен, дыбыстық фон, және т.б.;

  • символикалық және графикалық көрнекіліктер: графикалар, схемалар, формулалар және т.б.;

  • көркемдік көрнекіліктер және т.б.

7.3.4. көрнекілікті ойлау қабілеті дамуының жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалану.

7.3.5. Физика бойынша ЭО-та физикалық объектілер мен прроцесстердің статикалық, динамикалық демонстрациялық және динамикалық еліктететін модельдердің бар болуы, оның ішінде: шынайы табиғат объектілері мен процестерінің модельдері, «екінші» табиғат объектілерінің (машиналардың, аспаптардың, құрал-саймандардың) және технологиялық процестердің модельдері; алуан түрлі іс-әрекеттердің (эксперименттің, ғылыми деректерді жүйелеу мен қорыту; физикалық есептерді шешу; ғылыми-техникалық зерттеулер және т.б.) модельдері; жеке әрекеттер мен операциялардың модельдері (мысалы, өлшеу немесе оның жеке операцияларының әрекеттері, мысалға, аспаптың шкаласының бөліктерінің құнын анықтау сияқты).

7.3.6. Геометрия бойынша ЭО-тағы геометриялық көзқарас тұрғысынан көлемдік фигуралар болып табылатын шынайы ақиқат объектілердің (ғимаратардың, заттардың, ғарыштық денелердің және т.б,) демонстрациясын ЭО-сыз көрсету мүмкін емес.

7.3.6. Нақты бейнелік және көрнекілік-пәрменді ойлаудан абстрактылы, сөздік-логикалық ойлауға өтуді ынталандыру.


7.4. Жүйелілік қағидасын қамтамасыз ету.

7.4.1. Оқу процесінің құрылымдық құрамдас бөліктеріне сәйкестігі.

7.4.2. Ақпараттық білімдік ортаның педагогикалық архитектурасының бар болуы.

7.4.3. Тірегі бар ақпараттық білімдік ортаны айқын дидактикалық бірліктерге (модульдерге, ішкі модульдерге, бөлімдерге) ұйымдастыру.


7.5. Білімдерді игеру беріктілігі қағидасын қамтамасыз ету.

7.5.1. Оқу жетістіктерін жүйелі түрде бақылаудың, тексерудің, бағалаудың және өзін-өзі бағалаудың бар болуы;

7.5.2.Білімдерді бекітуге арналған интерактивтік тапсырмалардың қажетті санының бар болуы.


7.6. Саналылық қағидасы мен интерактивтікті қамтамасыз ету

7.6.1. Пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.

7.6.2. Оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.

7.6.3. Оқытудың өз траекториясын таңдау мүмкіндігі.

7.6.4. Оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.

7.6.5. Шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.

7.6.6. Құрастыру мен жобалаудың шығармашылық міндеттерінің бар болуы.

7.6.7. Жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлшегі ретінде математика мен физиканың құралдарымен осы пәндерге қарым-қатынасты, тұлғалық мәдениетті тәрбиелеу.


7.7. Теорияның практикамен байланыс қағидасын қамтамасыз ету.

7.7.1. Математика (алгебра, геометрия) және физика курстарын өмірлік жағдаяттарды шешу үшін әр түрлі салаларда өзіндік табысты қолдануға бағытталған мазмұнның, интерактивтік тапсырмалар мен тестілік сұрақтардың практикалық бағдарланғыштығы.

7.7.2. Пәндік ақпараттық ортаның қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.

7.7.3. Физика-математика бағыты бойынша Интернет ресурстарға сілтемелердің бар болуы.


8. Электрондық оқулықтардың ақпараттық білімдік ортасы оқу процесінің мына құрамдас бөліктерін есепке алып дайындалынады:

  • құлшыныстық мақсатты;

  • мазмұндылықты;

  • операциялық іс-әрекеттікті

  • бағалау-нәтижелікті.


9. Ақпараттық білімдік ортаның әрбір құрамдас бөлігі білімдерді игерудің негізгі процестерін – қабылдауды, ұғынуды, түсінуді, қорытуды, бекітуді практикада қолдануды – бейнелеуі тиіс.


9.1. ЭО-тың құлшыныстық-мақсатты құрамдас бөліктері:

9.1.1. Физика мен математика бойынша оқу бағдарламасын көрнекілік және көрінерлік түрде ұсыну; ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеу құралы ретінде математика туралы, математиканың идеялары мен әдістері туралы түсініктерді қалыптастыру негізінде оқыту мақсаттарының айқын түсініктерін қабылдауға


9.1.2. жергілікті, жүйелік және қызметтік білімдердің логикалық құрылымдық жиынтығы; оқып білетің заттардың, құбылыстар мен процесстердің елеулі, елеулі емес белгілері мен қасиеттерінің логикалық тобы ретінде оқыту мақсаттарын ұғынуға; табиғат заңдарын тану және физика мен математиканың жетістіктерін адамзат өркениетінің даму игілігіне пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеуге;


9.1.3. модульге дыбыстық түсініктеме беру арқылы ұйымдастырылған ақпараттық білімдік ортаның; логикалық ойлауды, кеңістік елестетуді, алгоритмдік мәдениетті дамытудың қызметтік торабы ретінде модульді түсінуге;


9.1.4. пән бойынша модульдегі базалық ұғымдарды қорытуға;

9.1.5. модульді ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға мүмкіндік туғызатын модульді бекітуге;


9.1.6. техника мен технологияның дамуына айқын ықпал ететін қоғамдық прогрес үшін математика мен физиканың маңыздылығын қайтадан шығармашылық ой елегінен өткізу, толықтыру және түсіну арқылы модулді практикалық қолдануға

бағытталатын болуы тиіс


9.2. ЭО-тың мазмұндық құрамдас бөліктері:


9.2.1. танылытын заттардың, құбылыстар мен процестердің сезілетін сыртқы қасиеттері, сапалары мен белгілері ретінде оқушылардың санасына оқу-танымдық ақпаратты беретін; ұсынылатын ережелердің дұрыстығын дәлелдейтін айқын және көз жеткізетін мысалдар мен деректердің жеткілікті санын енгізетін; оқу ақпаратының мазмұнын ашуды жетілдіру мен қолайлылығын; тек шынайы объектілердің ғана емес, және де ғылыми заңдылықтардың, теориялардың, ұғымдардың маңызды қасиеттеріне динамикалық түсініктемелерді қамтамасыз ететін гипермәтінді қабылдауға;


9.2.2. келесі операцияларды: түсініктерде тіркелген оқып білетін заттар мен құбылыстардың қабылданған қасиеттері мен белгілерін талдау, олардың маңыздылық дәрежесі бойынша осы заттар мен құбылыстардың мәнін ашу, оқып білетін заттардың, құбылыстар мен процесстердің мәнін (себеп пен салдарын) қалыптастыру үшін оқушыларды:

- конспектілеуге – оқылғанның мазмұнын қысқаша баяндауға, қысқаша жазуға (бірінші немесе үшінші адамның атынан);

- мәтіннің жай немесе күрделі жоспарын құруға;

тезирлеугеоқылғанның/тыңдалғанның және көргеннің негізгі ойларын қысқаша баяндауға;

  • дәйектеугемәтіннен сөзбе сөз үзінді келтіруге;

  • формальды логикалық модельді құруға — оқылғанды/тыңдалғанды және көргенді сөзбен схемалық бейнелеуге;

  • тақырыптық тезаурусты құруға – бөлім, тақырып және т.б. бойынша базалық ұғымдардың, түйінді сөздердің реттелген кешенін құруға тарту арқылы оқу-танымдық ақпаратты ұғынуға.


9.2.3. гипермәтінді және білім алушылардың ойлау іс-әрекетін – мәселелілік элементтері, мәселелік баяндалуы (көрсеткіштік және сұқбаттық мәселелік баяндалуы) бар хабарламалық баяндалатын оқып білетін құбылыстарды салыстыруды және талдауды – белсенді ету; оқып білетін материалдың дұрыс айқын бейнелерін жасау; анықтамаларды, сапалы сызбаларды көрінерлік көрсетуге, геометриялық объектілердің қасиеттерін және олардың байланыстарын тұрған орнында емес, динамикада демонстрациялау; геометриялық теоремалардың дәлелдеулерін әлденеше рет тыңдау мүмкіндіктерін түсінуге;


9.2.4.оқып білетін құбылыстардың маңызды және маңызды емес белгілерін ажырату; пайымдау (пікір айту), болжамдар мен теориялық қорытындылар ұсыну; алгебралық арппаратты кеңейту мен жетілдіру және оны математикалық және математикалық емес есептерді шешуге қолдану оқу ақпаратын қорытуға;

9.2.5. жаңа мәтіндік көздерге оқып білген заттарды, құбылыстар мен процестерді тасымалдау, қызметтік сауаттылықты қалыптастыру – әр түрлі форомада берілген ақпаратты қабылдай және талдай білу, көптеген шынайы байланыстардың мүмкін болатын сипатын түсіну; қоршаған әлемдегі мүмкіндік статикалық заңдылықтар туралы түсініктерді дамыту, математикалық тілді байыту арқылы парасаттық және сөздік біліктерді жетілдіру, логикалық ойлауды дамыту арқылы оқып білетін материалды бекітуге;


9.2.6. ақиқаттың нақты есептерін шешуге абстракты теориялық білімдерді қосымшалауды; оның ішінде, шынайы байланыстарды оқып білу мен сипаттау үшін функцияларды қолданудың кеңдігін көрсетуді; қолданбалы есептерді, аралас пәндерден есептерді шешу мен сипаттау үшін математикалық және физикалық моделдерді құру мен зерттеуді; алуан түрлі физикалық құбылыстармен заттардың қасиеттерін түсіндіру үшін физика бойынша алынған білімдерді; ЖАҚ-дың хабарламаларындағы, Интернеттегі, ғылыми танымал мақалалардағы бар табиғи ғылыми мазмұндағы ақпаратты өзіндік іздестіру жүргізуді және оның дұрыстығын бағалауды; қарапайым тетіктерді, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын пайдалану үшін физикалық және математикалық білімдерді қолдануды; физикалық аспаптардың және техникалық объектілердің және б. құрылысын түсіндіруді практикада қолдануға

бағытталатын болуы тиіс.


9.3. ЭО-тың операциялық іс-әрекеттік құрамдас бөліктерітмыналарға бағытталған болуы тиіс:

9.3.1. оқушылардың тапсырмаларды өз беттерімен орындау біліктерін мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған есептерді, мәселелердің мәнін, сұрақтарды, педагогикалық нұсқауларды дәл және айқын тұжырымдау; есептердің интерактивтік, динамикалық модельдерінің бар болуын, динамикалық картина түрінде есептеуге есептердің тұжырымын ұсыну арқылы интерактивтік тапсырмалардың шарттарын қабылдауға;


9.3.2. математикалық және физикалық есептерді шешудің, жаңғыртушы, ауызша, жазбаша, жаттығушылық, графикалық, мәселелік іздестірушілік жаттығуларды орындаудың, жобалық және шығармашылық тапсырмаларды жүргізудің; оқушылардың тапсырмаларды өзіндік орындау біліктерін мақсаттылық қалыптастыруға бағытталған практикалық пен зертханалық жұмыстардың анимацияланған үлгілерінің негізінде оларды орындаудың; әр түрлі үйлесімдегі геометриялық фигураларды танудың, кеңістіктік және жазықтық геометриялық формалармен және қатынастармен байланысты жағдаяттарды көре білу қабілеттілігінің, сызбаларды, графиктерді және т.б. орындаудың тәсілдерін ұғынуға;

9.3.3. жай механикалық есте сақтауды емес, жауапты құрастыруды талап ететін ойлау іс-әрекетіне бағдарланған және бақыланатын жаттығушылық әрекеттер (ауызша-жазбаша, жаңғыртылатын, жаттығышылық, жобалық, графикалық, мәселелік іздестірушілік, эвристикалық, зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар; практикалық және зертханалық және б.) мүмкіндігін ұсынатын тапсырмалардың алуан түрлі формаларының есебінен іс-әрекеттердің барынша мүмкін түрлерін енгізушілік негізінде оқу ақпаратын түсінуге;


9.3.4. есептерді шығару тәсілдерін, жаттығулар типтерін, жобалық және шығармашылық тапсырмаларды жүргізу реттерін; практикалық және зертханалық жұмыстарды шешу алгоритмін; физика және математика бойынша ақпаратты іздестіру, жүйелеу, талдау мен топтастыру біліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін алуан түрлі интерактивтік тапсырмаларды; физикалық және математикалық есептерде абстракцияның әр түрлі деңгейіндегі таңбалық модельдерді жинақтап қорытуға;

9.3.5. білімдерді ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға және игерілген оқу ақпаратын біршама үзілістен кейін жаңа жағдаятта, «жаңа негізде», жаңа мысалдарда қолдануға, оқып білетін құбылыстардың, заңдардың, заңдылықтардың, себеп-салдарлық байланыстардың, олар үшін шама жететін және маңызды оқу мәселелеріне рұқсат етуге; есептеу эксперименттеріне, жобалық-құрастырушылық іс-әрекетке, имитациялық модельдеу мүмкіндігіне бағытталған интерактивтік тапсырмалардың бар болуына; геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін анықтайтын білімдерін, біліктері мен машықтарын бекітуге есептердің бар болуына, бағдарламамен сәйкес есептеу операцияларын құруды орындауға мүмкіндік туғызатын оқып білетін материалды бекітуге;


9.3.6. практикаға: қолданбалы сипаттағы есептердің бар болуы, шығармашылық жобалардағы игерілген білімдерге, біліктер мен машықтарға шығармашылық қолдануға интерактивтік есептердің бар болуы; ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойларын айқын, дәл, сауатты баяндауды, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеме беру және дәлелдеу үшін ақпаратты әр түрлі формада (сөзбен, графиктер көмегімен, математикалық символдармен, суреттермен және құрылымдық схемалармен) ұсыну мен өңдеу талап ететін эссе жазуда білім алушы өз ниетін жүзеге асырады, өз атынан әрекет етеді; Физика бойынша ЭО-та: - оқып білетін объектілерді басқаруға және еліктетуге;

- олардың параметрлерін өзгерту кезінде процесстің динамикасын бақылауға ;

- оның моделін көзбен зерттеу кезінде объектінің орнын басқаруға ;

- объектілерді түрлендіруге (физикалық объектілер, геометриялық фигуралар және т.б.)

мүмкіндік беретін зертханалық практикумдардың бар болуы.


9.4. ЭО-тың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігі:


9.4.1. тестілеуші бағдарламаларды, қорытатын тестілерді, оқушылардың оқу жетістіктерін тәуелсіз бақылау мен бағалауды қамтамасыз ететін негізделген педагогикалық тағайындаулары мен нұсқаулары бар бақылау жұмыстарын; нәтиже, дұрыс және дұрыс емес жауаптардың саны көрсетілімін қабылдауға;


9.4.2. бақылау-түзетуші, бақылау-ескертуші, бақылау-ынталандырушы және бақылау-қорытушы сияқты; бастапқы, аралық, қорытынды сияқты; көп деңгейлік сияқты бақылаудың алуан түрі бар тестілейтін бағдарламалардың мәнін ұғынуға;


9.4.3. тестілейтін бағдарламалардың мазмұнын, олардың электрондық оқулықтың мазмұнымен сәйкестігін және тестілік материалдың білім алушы іс-әрекетінің бағаланатын деңгейімен сәйкестігін қорытуға; математикалық және физикалық тілді дамыту арқылы зияткерлік пен сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тестілерді орындау кезінде логикалық ойлауды дамытуға;


9.4.4. сұрақтарды кездейсоқ таңдау әдісімен тестілерді бағдарламалау негізінде білімдерді ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға мүмкіндік туғызатын оқып білетін материалды; математиқалық және физикалық шамаларды өлшеу біліктерін бекітуге;


9.4.5. абстрактылы теориялық білімдердің қосымшасын және болмыстың нақты практикалық есептерін шешу үшін алынған (кеңістік денелердің және т.б. қасиеттері туралы) білімдерді қолдану біліктерін қалыптастыруды; практикалық машықтар мен есептеу мәдениетін жетілдіруді практикада қолдануға

бағытталған болуы тиіс.


10. Дизайн-эргономикалық талаптар


10.1. Интерфейстің бір түрлілігі: көмек, жазбалар, анықтамалар жүйесі, электрондық оқулықтың әр түрлі құрамдас бөліктерін және физика мен математиканың ерекшеліктерін ескеретін, басқаларды айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану.

10.2. Монитор экранында түстік көзге көрінерлік ортаның қолайлылығы: пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т.б.

10.3. Бейнеқатарлардың, бейнеүзінділердің, анимацияның, безендірудердің, графикалық және фотобейнелердің, динамикалық модельдердің, қаріптік және суретті мәтіннің және т.б. жоғары сапасы.

10.4. Дыбыстық сүйемелдеудің жоғары сапасы: кадрды сүйемелдейтін мақамның (дыбыс ырғағының) сапасы, дыбыстық сүйемелдеу ырғағының жағымдылығы, дыбыстық фонның, әуеннің және т.б. сапасы.

10.5. Бағыттау жылдамдығының қолайлығы, қарапайымдылығы, біркелкілігі: бір беттен екінші бетке орын ауыстыру кезіндегі жауап уақыты, жауапқа реакция немесе басқару әрекеті 10 секундтан артық болмауы тиіс.  

10.6. Пернетақтаны, тышқанды, микрофонды, сканерді, принтерді және басқа құрылғыларды пайдаланудың мақсатқа лайықтылығы, әдептілігі және қолайлылығы.

10.7. Нұсқаулар мен көмектің бар болуы, олармен жұмыс істеудің қолайлылығы.

10.8. Қаріптер мен графикалық шешімдердің оқушылар жасына сәйкестігі: 1-4 сынып үшін ЭО-тың қарпінің кеглі 14-тен аз емес, 5-9 сынып үшін 12-ден аз емес.


11. Басылымдық мәліметтердің құрамы

11.1. ЭО-тың әр түрлі орындарында орналастырылатын сол бір мәліметтердің арасында айырмашылық болуға рұқсат етілмейді. ЭО-тың барлық нұсқалары үшін ортақ басылымдық элементтер айырмашылықсыз берілетін болуы тиіс.

11.2. ЭО-тың басылымдық мәліметтерінің негізгі элементтері болып келесі төмендегілер саналады:

  • электрондық басылымдарды әзірлеуге қатысқан авторлар және басқа жеке адамдар мен заңды адамдар туралы мәліметтер;

  • электрондық басылымның бас тақырыбы;

  • тақырып үстіндегі мәліметтер;

  • тақырып астындағы мәліметтер ;

  • басылымдық мәліметтер;

  • басып шығару мәліметтері;

  • ең аз жүйелік талаптар;

  • топтастыру көрсеткіштері (УДК және ББК);

  • халықаралық стандарттық нөмірлер (ISBN, ISSN);

  • авторлық құқықты қорғау белгісі;

  • штрих-кодтар;

  • библиография;

  • түсініктеме.

11.2.1. ЭО-тағы автордың есімі, бас тақырып, тақырып үстіндегі мәліметтер, басылымдық мәліметтер, топтастыру көрсеткіштері, халықаралық стандарттық нөмірлер, авторлық құқықты қорғау белгісі ГОСТ 7.4 анықтаған формада келтіріледі.

11.2.2. Тақырып үстіндегі мәліметтер дайындаушы ұйымның атын енгізеді.

110.2.3. Басылымдық мәліметтер шығарушы баспаның орнын, дайындаушының есімін және ЭО-тың шыққан жылын енгізеді.

11.2.3.1. ЭО-тың басылып шыққан орны дайындаушы мекеменің заңды мекен-жайы болып есептеледі.

11.2.3.2. Басылымды дайындау мен басып шығаруды жүзеге асыратын дайындаушы заңды тұлға болып саналады. Дайындаушының есімі оны тіркеу кезінде тағайындалған үлгіде келтіріледі. Бөлім немесе филиал шығарған ЭО-та дайындаушының есімі, ал содан кейін бөлімнің немесе филиалдың атауы көрсетіледі. Бірнеше дайындаушы бірлесіп шығаратын ЭО-та әрбір дайындаушы-әріптестің тұрған орны мен есімі көрсетіледі.

11.2.3.3. Басылымның шыққан жылын «жыл» немесе қысқарған «ж.» сөзінсіз араб цифрларымен белгілейді.

11.2.4. Барлық басылымдарда авторлық құқықты қорғау белгісі зияткерлік меншікті қорғау бойынша халықаралық заңға сәйкес келтіріледі. Авторлық қорғау белгісі шеңбер ішіндегі «С» әрпінен, құқық иесінің атауынан және шығарманың басылған жылынан тұрады.

11.2.5. Тақырып астындағы мәліметтер өзіне бас тақырыпты түсіндіретін мәліметтерді, негізгі ақпараттың табиғаты бойынша ЭО-тың түрі, тағайындалу мақсаты, басып шығару кезеңділігі туралы мәліметтерді, нұсқа туралы мәліметтерді енгізеді.

11.2.6. ЭО-тың басып шығару мәліметтері өзіне келесі мәліметтерді енгізеді: дайындаушының атауын, оның пошталық және электрондық адресін, телефонын; мәліметтердің Мб-тағы көлемін; дыбыстық және бейне үзінділердің минут бойынша ұзақтығын; басылымның жиынтығын (тасуыштардың саны, ілеспе құжаттаманың бар болуы және т.б.); таралымы (жергілікті электрондық басылым үшін), басып шығару қызметіне лицензия нөмірін және оны беру айы-күнін.

11.2.7. Компьютерге (типі, процессор, жиілік; қатқыл дискідегі бос жадтың көлімі, жедел жадтың көлемі); операциялық жүйеге; бейнежүйеге; акустикалық жүйеге; қажетті қосымша бағдарламалық жасақтамаға (электрондық басылымның құрамына кірмейтін) және жабдыққа барынша аз жүйелік талаптарды енгізеді.

11.2.8.Штрих-кодтар мұқабаның, түптеу жапқышының соңғы жағына, супер мұқабаның төменгі сол жақ немесе оң жақ бұрышына келтіріле алады. Штрих-кодтарды EAN стандартымен сәйкес дайындайды.

11.2.9. Библиографиялық сипаттама МСТ 7.82-мен сәйкес келтіріледі.

11.2.10. Түсініктеме МСТ 7.9-бен сәйкес дайындалынады және безендіріледі.

11.3. Егерде дайындаушы электрондық оқулықтың елеулі ерекшеліктерін бейнелейді деп есептейтін болса, онда ол электрондық оқулық туралы өзінің пікірі бойынша кез келген басқа мәліметтерді үстемелей алады.


12. Басылымдық мәліметтерді орналастыру

12.1. Басылымдың мәліметтерді орналастырудың негізгі орны электрондық оқулықтағы титуль парағының рөлін орындайтын титульдық экран. Титульдық экран өзара өтулермен байланысты бірнеше бөліктерден тұра алады.

12.2. СD-дағы электрондық оқулықтардағы басылымдық мәліметтер де ЭО-ты әзірлеудің келесі элементтерінде орналасады: электрондық тасуышта тікелей тұрған этикеткеде; алғашқы буманың бет, ішкі және артқы жақтарында, екінші ретті буманың бет, артқы және (егерде қалыңдығы мүмкіндік беретін болса) бүйір жақтарында; қағаз тасуыштағы жолдама құжаттамада. Екінші ретті бума мен жолдама құжаттама жоқ бола алады; Екінші ретті бума мен жолдама құжаттама жоқ бола алады.

12.3. Жергілікті электрондық басылдымдардағы басылымдық мәліметтер мен барынша аз жүйелік талаптар тек сыртқы дайындау элементтерінде ғана келтіруге ұқсат етеді де титульдық экранда келтірілмейді.

12.4. Электрондық оқулықтағы басылымдық мәліметтердің жеке элементтерін келтіру және оларды орналастыру міндеттілігі 1-кестеде келтірілген.

1-кесте — Басылымдық мәліметтердің элементтерін келтіру міндеттілігі

Басылымдық мәліметтердің элементтері


Орналастыру орны

Титульдық экран

Тасуыштың этикеткасы



Алғашқы қорап

Екінші ретті қорап

Жеке басылған ілеспе құжаттама

Электрондық басылымды әзірлеуге қатысқан авторлар мен басқа жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер

О

О

О

О

О

Тақырыбы

О

О

О

О

О

Тақырып үстіндегі мәліметтер

Ф

Ф

Ф

Ф

Ф

Тақырып астындағы мәліметтер

Ф

Ф

Ф

Ф

Ф

Басылымдық мәліметтер

О

О

О

О

О

Шығарылымдық мәліметтер

Ф

Н

О

О

Н

Ең аз жүйелік талаптар

Ф

Ф

О

О

О

Топтастыру көрсеткіштері, мемлекеттік тіркеу нөмірі, халықаралық стандарттық нөмірлер

Ф

Ф

Ф

Ф

Ф

Авторлық құқықты қорғау белгілері

О

О

О

О

О

Штрих-код

Н

Ф

Ф

Ф

Н

Библиографиялық сипаттама

Ф

Н

Ф

О

Ф

Түсініктеме

Ф

Н

Ф

О

Ф

Ескерту: О — элемент міндетті түрде келтірілетінін білдіреді,

Ф — факультатив түрінде, Н — элемент келтірілмейді.







Похожие:

Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты iconЖалпы орта білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты
Сіндегі жетістіктердің заңдылықтары мен қағидалары және мектептің оқу пәні ретіндегі тілді, әдебиетті, тарихты оқытудың өзіне тән...
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты icon«Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ
«Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (mms)» жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша тренингтік курстардың...
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты icon«Парасат» Ұлттық ғылыми технологиялық холдингі Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ
Мультимедиа технологиялары мен «Қазақстан тарихы, 11 сынып» электрондық оқулығының интерактивтік контентін пайдаланып
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: «Математика» пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты iconҰлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау
Сұрақ-кітапшасы Қазақ тілі, Физика, Қазақстан тарихы пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты iconҰлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау
Сұрақ кітапшасы Қазақ тілі, Физика, Қазақстан тарихы пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты iconҰлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау
Сұрақ-кітапшасы Қазақ тілі, Физика, Қазақстан тарихы пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты iconҰлттық тестілеу орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау
Сұрақ-кітапшасы Қазақ тілі, Физика, Қазақстан тарихы пәндерінің тест тапсырмаларынан тұрады
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты icon«парасат» Ұлттық Ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қОҒамы «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ»
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы мен Ұлттық ақпараттандырудың орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы бекітілген Меморандумға...
Ұлттық АҚпараттандыру орталығы физика-математика бағыты бойынша жалпы орта білім беретін электрондық оқулықтарды құрастырудың стандарты icon«Бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Тақырыбы: Физика пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдеріне арналған тест
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница