«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің




Скачать 276.53 Kb.
Название«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің
страница1/2
Дата конвертации06.02.2016
Размер276.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kegoc.kz/up_files/leg_kz_kadr_pol.doc
  1   2

«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC»

акционерлік қоғамы



«KEGOC» АҚ

Директорлар кеңесінің



200__ жылғы «____» _______

___ хаттамалық шешімімен

бекітілген


«КЕGOC» АҚ КАДР САЯСАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


СТАНДАРТЫ


ст KEGOC 00-307-08


Тіркеу № _____


Көшірме № ____


1-басылым


Енгізілген күні ______


Астана


Мазмұны


  1. Қолдану саласы

3

  1. Нормативтік сілтемелер

3

  1. Терминдер мен анықтамалар

4

  1. Мәні мен қысқартулар

5

  1. Жауаптылық пен өкілеттілік

5

  1. Жалпы ережелер

5

  1. Кадр саясатының қағидаттары

  2. Кадр саясатының негізгі бағыттары

6

7

  1. Ұйымдық құрылымды жетілдіру, кадрларды жоспарлау мен орналастыру

  2. Қызметкерлерді кәсіби оқыту мен кәсіби дамыту

  3. Кадрлық резерв даярлау

  4. Қызмет нәтижелілігін басқару және қызметкерлер мотивациясы

  5. Корпоративтік мәдениет қалыптастыру

  6. Процестің МБЖ басқа процестерімен өзара әрекеті

  7. Процесті жақсарту бойынша қызмет

  8. Осы стандартпен басқару

7


8


8

9

10

10

10

10

1 –қосымша Келісу парағы

12

2-қосымша Танысу парағы

13

3 – қосымша Өзгерістерді тіркеу парағы

14

4-Мерзімді тексерістерді есепке алу парағы

15



Осы стандарт МБЖ жөніндегі басшылық өкілінің рұқсатынсыз толығымен немесе жекелеп шығарылмайды, тираждалмайды және таратылмайды.

1 Қолдану саласы


1.1 Осы стандарт филиалдарды, «KEGOC-Сервис» және «Энергоинформ» мекемелерін қоса алғанда, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ-да (бұдан әрі мәтін бойынша «KEGOC» АҚ) адами ресурстарды басқару саласындағы қағидаттар мен негізгі бағыттарды, сондай-ақ оны іске асыру талаптарын, мониторингті және бақылауды белгілейді.

1.2 Осы стандарт «КЕGOC» АҚ барлық құрылымдық бөлімшелерімен қолданылады және МБЖ құжаттамасының құрамына кіреді.

1.3 Осы стандарт «KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаты болып табылады және жалғыз акционері «Самрұқ» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-дан, менеджмент жүйелерінің сәйкестігін тексеретін сарапшылардан/аудиторлардан және рейтингтік агенттіктерден басқа тараптарға ұсынуға жатпайды.

2 Нормативтік сілтемелер


Осы стандартта Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттарына (бұдан әрі – НҚ) сілтемелер пайдаланылды:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

ISO 9000:2005 Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздік;

ISO 9001:2000 Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар ;

ISO 9004:2000 Сапа менеджментінің жүйесі. Қызметті жақсарту жөніндегі ұсынымдар;

ISO 14001:2004 Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолдану бойынша талаптер мен басшылық ету;

OHSAS 18001:2007 Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі. Талаптар;

«Самрұқ» Холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2007 ж. 15.11. № 15/07) «Самрұқ» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ кадрлық саясаты;

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ мен оның еңбек ұжымының арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған ұжымдық келісім-шарт;

«KEGOC» АҚ іскерлік этикасы кодексі;

Б СМЖ KEGOC 00-500-08 «Басшылық ету. Сапа менеджментінің жүйесі»;

Б ЭМЖ KEGOC 00-600-08 «Басшылық ету. Экологиялық менеджмент жүйесі»;

Б КҚДҚМЖ KEGOC 00-700-08 «Басшылық ету. Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджментінің жүйесі»;

СТ KEGOC 00-101-07 « Ұйым стандарты. Құжаттаманы басқару»;

СТ KEGOC 00-102-07 «Ұйым стандарты. Ұйымдық құжаттаманы басқару»;

СТ KEGOC 00-301-07 «Ұйым стандарты. Атқарушы дирекцияның қызметкерлерін басқару»;

СТ KEGOC 00-302-07 «Ұйым стандарты. Қызметкерлерді кәсіби оқыту мен кәсіби дамытуды ұйымдастыру»;

Ер KEGOC 00-303-08 «Ереже. Атқарушы дирекцияның бос әкімшілік лауазымыниеленуге конкурс өткізу»;

Ер KEGOC 00-304-08 «Ереже. «КЕGOC» АҚ қызметкерлерін аттестаттауды жүргізу;

Ер KEGOC 00-307-08 «Ереже. Кадрлық резервпен жұмысты қалыптастыру мен ұйымдастыру».


3 Терминдер мен анықтамалар


Осы стандартта Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, ISO 9000 стандартына сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады, оның ішінде тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер:

3.1 Еңбек шарты: Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, келісімге сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) орындауға, еңбек тәртібінің ережесін сақтауға, ал жұмыс беруші қызметкерге белгіленген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, ұжымдық келісім-шартпен, жұмыс берушінің актілерімен көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеуге міндеттенеді.

3.2 Қызметкер: «KEGOC» АҚ-мен (филиалдары мен мекемелерін қоса алғанда) еңбек қарым-қатынасында тұрған және еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке тұлға.

3.3 Басқарушы қызметкер: Басқару функциясын жүзеге асыратын қызметкерлер (Басқарма мүшелері) мен Ішкі аудит қызметінің басшысы.

3.4 Әкімшілік қызметкер: Басқарушы қызметкер болып табылмайтын қызметкерлер

3.6 Біліктілік: Дайындық біліктілігі, кәсіп, мамандық.

3.7 Құзыреттілік: оның кәсібилігін, мотивациялығын, адалдығын, дамуға мақсат қойғыштығын сипаттайтын мінез-құлқы шешім қабылдау қабілеті және жұмыс процесін сауатты ұйымдастыру.

3.8 Корпоративтік құндылықтар: қызметкерлердің кәсібилігі, жұмыстарының тиімділігі, бір-біріне қолғабыс етулері, бір-біріне, мүдделі адамдарға және жалпы қоғамға деген сыйластығы.

3.9 Резервист: «KEGOC» АҚ тиісті шешімімен кадрлық резервке алынған «KEGOC» АҚ қызметкері.


4 Мәні мен қысқартулар


Осы стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

«KEGOC» АҚ - филиалдарды, «KEGOC-Сервис» және «Энергоинформ» мекемелерін қоса алғанда, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» Акционерлік қоғамы;

АД – Атқарушы дирекция;

МБЖ – сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджментінің біріктірілген жүйесі;

СТ – ұйым стандарты;

«KEGOC» АҚ МБЖ жөніндегі БӨ – біріктірілген менеджмент жүйесі жөніндегі басшылықтың өкілі;

АРБД – Адами ресурстарды басқару департаменті.


5 Жауаптылық пен өкілеттілік


5.1 Осы стандарт «KEGOC» АҚ –ның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

5.2 Осы стандартта көрсетілген талаптарды енгізуге Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры жауаптылықта болады.

5.3 Осы стандарттың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 стандарттарына сәйкестігіне Корпоративтік даму басқармасының МБЖ бөлімінің бастығы жауаптылықта болады.

5.4 Осы стандарттың СТ KEGOC 00-101-07 сәйкестігіне Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры жауаптылықта болады.

5.5 Осы стандарттың нақты кезеңдерін орындауды ұйымдастыру мен үйлестіруге және соңғы нәтижелердің сапасына нақты кезеңді орындауға қатысушылар болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің басшылары жауаптылықта болады.

6 Жалпы ережелер


6.1 Кадр саясатының негізгі мақсаттары:

  1. «KEGOC» АҚ адами капиталын тиімді басқару мен дамыту;

  2. адами капиталда бәсекелестік басымдылық алу жолымен «KEGOC» АҚ бағасын арттыру.

6.2 Кадр саясатының негізгі басымдылықтары:

  1. жоғары кәсіби қызметкерлерді тарту, дамыту және ұстау;

  2. қызметкерлерді басқарудыңүздік әдістерін енгізу, «KEGOC» АҚ-да қызметкерлермен жұмыс жөніндегі тиімді бөлімшелер құру;

  3. кадрлық резервті анықтау мен басқару;

  4. «KEGOC» АҚ – да инновациялар мен өзгертулерді қолдау;

  5. Бірлескен құндылықтар, әлеуметтік нормалар және қызметкердің өзін ұстауын реттейтін нормалар құру.
  1   2

Похожие:

«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешішімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы «kegoc» акционерлік қОҒамы
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің дәрежесін, құзыретін, құрамын, жұмыс істеу және қызмет ету тәртібін,...
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің iconKegoc ақ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 24 шілдедегі №6 хаттамасымен бекітілген электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы kegoc
Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы «kegoc» акционерлік қОҒамының
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2010 жылғы 8 маусымдағы
ЖӨніндегі қазақстан компаниясы акционерлік қОҒамының корпоративтік хатшысы туралы
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«Қазпошта» АҚ директорлар кеңесінің МҮшелерімен біліктілікті жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі саясат
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«kegoc» бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2015ж. «23» сәуірдегі хаттамасы бекітемін «kegoc»
...
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» қыркүйектегі №10/08 хаттамасының шешімімен, 2009 жылғы «5» ақпандағы №02/09,...
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің icon«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница