Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі




НазваниеАқпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі
страница1/9
Дата конвертации06.02.2016
Размер1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/8b0/Metodika.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрінің

2011 жылғы « 20 » желтоқсандағы

№ 409 бұйрығымен

бекітілген


Ақпараттық технологияларды қолдану

тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі


1. Жалпы ереже


  1. Осы Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру іске асыру мақсатында әзірленген.

  2. Әдістеме мемлекеттік орган қызметінің айқындығын арттыру және үрдістерін оңтайландыру үшін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – мемлекеттік оргадар) ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау жөніндегі рәсімдердің жиынтығын анықтау үшін арналған.

  3. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;

2) ақпараттық технологиялар – ақпартты жинауды, құруды, сақтауды, толтыруды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, тапсыруды және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешендерді біріктіретін әдістердің, өндірістік үрдістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

3) электрондық түрде ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымы – бұл қағаз тасығышта қайталаусыз, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың - мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 5 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат форматында электрондық құжат айналымы жүйесінің (ЭҚЖ) қатысушысында – мемлекеттік орган қызметінде пайда болатын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы.

4) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

5) тек қана электрондық түрдегі ішкі құжат айналымы – ол қағаз тасығыштарда қайталаусыз бір мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі - - мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысы арасындағы 5 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат нысанында мемлекетті орган – электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысының қызметінде туындайтын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істер номенклатурасының тізбесінің құрамына енетін электрондық құжаттармен алмасу;

6) мемлекеттік органдардың Интранет-порталы – мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылатын және ұжымдық жұмыс құралдарымен, қажетті ақпараттық ресурстармен, ұйымдық міндеттердің және ақпарат алмасу шешімімен мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету үшін арналған ведомствоаралық корпоративтік ақпараттық жүйе;

7) электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі - ЭҚЖ) – электрондық құжаттармен алмасу жүйесі, қатысушылар арасындағы қарым-қатынас «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және «Электрондық құжат айналымының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен реттеледі;







  1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесінің шеңберіндегі бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптамалық қорытындыны қалыптастыру жөніндегі Сараптамалық комиссиясы жұмыс органының кіші тобы болап табылатын лауазымды тұлғалардың санынан Жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады.

Министрліктің ақпараттық технологияларды бағалауы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен жүзеге асырылады.

  1. Бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізудің кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік органдар ақпараттық технологияларды қолдану туралы қызметі туралы есепті осы Әдістеменің 1 қосымшасындағы нысан бойынша (бұдан әрі – 1 қосымша) және электрондық құжат айналымы жүйесі жөніндегі есепті 2 қосымшадағы нысан бойынша (бұдан әрі – 2 қосымша) бойынша Министрлікке, және Министрлік Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынады.

  3. Жұмыс тобы Министрлікпен жүргізілген тексерулердің нәтижелерін пайдалану және электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен салыстыру арқылы, олардың нақтылық мәніне, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтердің талдауын жүргізеді.

  4. Миинистрлікпен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен даярланған мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау нәтижелері туралы қорытынды Әдістеменің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынылады.

  5. Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесі критериялар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарланған іс-шаралар сапасы;

2) Ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік орган қызметін институциялық нығайту дәрежесі;

3) Интернет-ресурстың тиімділігі;

4) Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану;

5) Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру;

6) Ақпараттық жүйелерді енгізудің сапасы;

7) Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі.

  1. Әрбір критерий бойынша көрсеткіштер анықталады, оған сәйкес тиісті балл қойылады. Баллдар осы Әдістеменің 4 қосымшасындағы Ақпараттық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн бағалаудың критериялары мен көрсеткіштеріне (бұдан әрі – 4 қосымша) сәйкес қойылады.

Баллдар ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі критериялардың маңыздылығы дәрежесін ескерумен қойылған. Атап айтқанда:

1) «Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі іс-шаралар» критериясы бойынша жоспарланған іс-шаралар сапасы» мемлекеттік орган өзінің ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі іс-шараларын анықтау мен бекітуі, сондай-ақ оларды іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс екендігін ескерумен, 10-ға тең балл қойылды;

2) «Ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік орган қызметін институциялық нығайту дәрежесі» критериясы бойынша мемлекеттік органның инновациялық қызметін дамытуға жәрдемдесетін факторларды айқындауға бағытталған осы критерияны ескерумен 5-ке тең балл қойылды;

3) «Интернет-ресурсы тиімділігі» критериясы бойынша қоғамның алдында мемлекеттік органдардың айқындылығын және бағыныстылығын қамтамасыз етуге бағытталған осы критериядан шыға отырып 20-ға тең балл қойылды;

4) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша қағаз құжат айналымы үлестерін азайту, құжатты жасаудың, өңдеудің және жөнелтудің уақытын азайту, құжаттармен жұмыс жасаған кезде жеделдікті арттыру, мемлекеттік орган қызметін оңтайландыруға бағытталған осы критерияны ескерумен 25-ке тең балл қойылды;

5) «Мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыру» критериясы бойынша мемлекеттік органмен халық пен бизнестің тікелей байланысын және әкімшілік кедергілерді қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер көрсеткен кезде мемлекеттік орган функцияларын автоматтандыруға бағытталуы тиіс бірінші кезекте ақпараттық технологияларды қолдануды ескерумен 40-қа тең баллдардың ең көп саны қойылды;

6) «Ақпараттық жүйелерді енгізудің сапасы» критериясы бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы қолданыстағы стандарттарға ақпараттық жүйелерді құру кезеңдерінің сәйкессіздігін сипаттайтын көрсеткіштер анықталды, ол өзімен бірге баллдардың азаюына әкеледі. Әдістемедегі 4 қосымшасының кестесімен сәйкестікке баллдарды шегеру, 15 балл сомасын құрайды және 100 баллға тең баллдардың барынша көп санынан жүргізіледі.

7) «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі» критериясы бойынша Әдістеменің 5 қосымшасындағы Бағалауға жататын ақпараттық жүйелер тiзiмінде (бұдан әрі – 5 қосымша) көрcетiлген ақпараттық жүйелерді пайдаланудың тиімсіздігін ашқан кезде баллдардың азаюы жүргізіледі. 10 балл мөлшерінде баллдарды шегеру 100 баллға тең баллдардың барынша көп санынан жүргізіледі.

Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесі формула бойынша Әдістемедегі 4 қосымшаның кестесінде көрсетілген белгілі бір салмақты баллдармен сәйкес критериялар мағынасы сомасы ретінде анықталады:


N= P1 + P2 + P3 + P4567


бұнда N – мемлекеттік орган ақпараттық технологияларды қолдануды бағалаудың жалпы баллы, P – критерияның мағынасы.

  1. Критериялар мағынасының есебі келесі формула бойынша Әдістемедегі 4 қосымшаның кестесінде көрсетілген баллдардың көрсеткішімен сәйкес осы критерияның барлық көрсеткіштер сомасынан шыға отырып жүзеге асырылады:


P = (Сi*Vi) + (Сi+1*Vi+1) + (Сi+2*Vi+2) + …


P бар жерде – критерияның мағынасы, C – көрсеткіштің мағынасы, V – көрсеткіштің баллы, i – осы критерия үшін 1-ден бастап көрсеткіштердің санына дейін интервалы.


2. «Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарланған іс-шаралар сапасы» критериясы бойынша бағалау


  1. Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың сапасын бағалау деп мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған министрмен, жауапты хатшымен, вице-министрмен, комитет басшысымен, әкіммен, аппарат басшысымен және аппарат басшысының орынбасарымен бекітілген стратегиялық жоспарларда және операциялық жоспарларда, даму бағдарламалында және басқадай жоспарларда бар болуымен түсіндіріледі, атап айтқанда:

- мемлекеттік органдардың Интранет-порталын тиімді пайдалануға (пайдаланушылардың санын арттыру, жарияланған ақпаратты өзектілеу) ;

- электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесін тиімді пайдалануға (қағаз тасығышта хат-хабардың қайталануын болдырмау, жұмыс орындарының санын арттыру);

- интернет-ресурстар қолжетімділік және ашықтық деңгейін арттыруға (пайдаланушылардың санын арттыру, ақпаратты өзектілеу);

- ведомстволық ақпараттық жүйелерді депозиттеуге және тіркеуге, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамасының депозитариясында ведомстволық ақпараттық жүйелер жөніндегі ақпаратты өзектілеуге (бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамаларды өзектілеу);

- ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне ведомстволық ақпараттық жүйелердің аттестациясын жүргізуге бағытталған.

  1. Көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Министрлікпен және Министрлікке берілетін есептілік нысанының
    1 жолындағы 3 бағанында көрсетілген ақпарат болып табылады.

  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі және Министрлік осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік орган қызметін бағалау барысында есептілікте көрсетілген мемлекеттік органға тікелей шығу жолымен мемлекеттік орган ақпаратын тексереді.

  3. Ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі іс-шаралардың сапасы үшін барынша көп балл 10 баллды құрайды және Әдістемедегі 6 қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік органда ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі жоспарланған іс-шаралар сапасы» критериясы бойынша бағалауда (бұдан әрі – 6 қосымша) көрсетілген бағыттардың салмақты мағынасын сомалау жолымен анықталады. Ведомстволық ақпараттық жүйелерді депозиттеу және тіркеу, ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттамасының депозитариясында ведомстволық ақпараттық жүйелер жөніндегі ақпаратты өзектілеу немесе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке ведомстволық ақпараттық жүйелердің аттестациясын жүргізу қажеттілігі болмаған кезде осы бағыт бойынша барынша көп мағына беріледі.



3. «Ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің институциялды нығайту дәрежесі» критерия бойынша


  1. Осы критериямен ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің, ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жиынтықтылығы мен біліктілік деңгейі мемлекеттік органда бар болуымен бағаланады.

  2. Көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі Әдістеменің 1 қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Министрлікпен және Министрлікке берілетін есептілік нысанының
    2 жолындағы 3 бағанында көрсетілген ақпарат болып табылады.

  3. «Ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің институциялды нығайту дәрежесі» критерисы үшін барынша балл 5 баллды құрайды және төменде тізбектелген көрсеткіштердің мағынасын көбейту нәтижесін кейіннен 5-ке көбейту жолымен анықталады.

1) ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің бар болуы;

2) Ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің жиынтықтылығы;

3) ақпараттық технологиялар бойынша біліктілік деңгейі.

  1. «Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің бар болуы» көрсеткіші бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімше орталық мемлекеттік органда бар болған кезде оған 1 балл, жоқ болған кезде – 0 балл беріледі.

«Ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің бар болуы» көрсеткіші бойынша бағалау жергілікті атқарушы органдар үшін келесі формула бойынша есептеледі.


X = (Xаппарат+Xупр)


Xаппарат – әкім аппаратында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшесінің бар болуы (бар болған кезде, оған 0,5 балл, жоқ болған кезде 0 балл беріледі);

Xупр – Әкімдіктің басқармасында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшесінің немесе қызметкерлердің бар болуы. Әкімдіктің барлық басқармаларының құрылымдық бөлімшелері немесе қызметкерлері болған кезде 0,5 балл (жекелеген басқармалар болмаған кезде, осы мән әрбір басқарманың тиісті сандық мәнінің мәнімен есептеледі), болмаған кезде 0 балл беріледі.

Әкімдіктің әрбір басқармасының салмақтық мағынасы келесі формула бойынша есептеледі:


N=0,5/Nупр


Nупр – Әкімдік басқармаларының саны.

«Ақпараттық технологиялар бойынша құрылымдық бөлімшенің жиынтықтылығы» көрсеткіші бойынша бағалау келесі формула бойынша есептеледі:

Y = 1-(a+b)/c


a – бос қызмет орындарының бар болуы есебінен, оның ішінде ұзақ оқуға немесе декретті демалысқа қызметкердің кету себебі бойынша пайда болған адам күні саны (бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру шыққаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде конкурстық негізде бос емес орындардан, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – ҚР МҚІА) сұранысты жөнелткеннен кейін 11 жұмыс күні ішінде ауыстыру тәртібінде бос емес орындардан басқа);

b – қызметкерлердің науқастығы және басқадай себептері бойынша бос болған лауазым бойына адам күні саны (ақысыз демалы, жұмыстан босату). Осы санға жыл сайынғы еңбек демалысында, іссапарда болған жұмыскердің жағдайы кірмейді;

с – жалпы адам күні саны.

Жалпы адам күні саны (c) келесі формула бойынша анықталады:


c = d×e


d – құрылымдық бөлімшенің орташа штаттық саны;

e – жылына жұмыс күнінің саны.

Орташа штаттық сан біріншіден бастап төртінші тоқсан бойынша қоса алғанда құрылымдық бөлімшенің штаттық саны сомасының орташа мағынасы ретінде анықталады (бұдан әрі мәтін бойынша - орташа штаттық сан).

«Ақпараттық технологиялар бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейі» көрсеткіші бойынша бағалау келесі формула бойынша есептеледі:


Z = a/b


a – арнаулы білімі немесе біліктілігін арттыру туралы куәлігі бар мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшедегі қызметкерлердің саны;

b – мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін дамыту, құру және сүйемелдеу үшін жауапты құрылымдық бөлімшедегі қызметкерлердің жалпы саны.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconШет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі
Мақсаты: Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconЖұмыс оқу жоспарларымен бағдарламалар комитетінің төрағасы
Игеруі тиіс: Ақпараттар теориясы, цифрлы автоматтар, алгоритмдер және т с с тараулардың фундаментальды ұғымдарымен білу; алгоритмдердiң...
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconҚазақ тілі сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі зейнелова Қ. Т. Астана қаласы, «№63 ом» мм
Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттігі туды
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconБілім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы
Бүгінгі күні білім беру үдерісіндегі басты мақсатымыз инновациялық технологияларды енгізу. Білім беру үдерісінде нновациялық технологияларды...
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconАҚпараттық-білімдік порталдар жағдайындағы модераторлық ­іс-әрекет әдістемесі
Нұрғалиева Г. К., Ахметова Г. Б. Ақпараттық-білімдік порталдар модераторы іс-әрекетінің әдістемесі. – ҰАО, Алматы. – 52 б
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconҚазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша бағдарламаны орындау жөніндегі 2010 жылға анықтама
Стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген...
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconЖаратылыстану-математикалық факультетінде оқу-тәрбие және ғылыми зерттеу жұмыстарында инновациялық технологияларды қолдану жөніндегі есеп

Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconЖұмыс орны, оқыту тілі (мектеп, балабақшасы)
Курстың негізгі тақырыбы Инновациялық технологияларды оқытуда мультимедиалық әдістемелерді қолдану
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconАқпаратттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпаратандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Ал барлық арнайы ақпараттық-техникалық...
Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі iconШет тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница