Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы




Скачать 77.99 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы
Дата конвертации07.02.2016
Размер77.99 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.maslihat_uko.shym.kz/doc/4sh15.doc
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы N 11/127-ІІ шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2001 жылғы 27 маусымда N 326 тіркелді





      Ескерту. Тақырыпқа және преамбулаға өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес облыс әкімияты
енгізген ұсынысын қарап, облыстық мәслихат шешті.
      1. Жер телімдерін жекеменшікке беру кезінде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен жалға өткізу кезінде олардың кадастрлық (бағалық) құнын анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалалардағы жер телімдері мен аймақтық шекаралары үшін төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Шешім 2 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы 

      Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының
2001 жылғы 27 маусымдағы
N 11/127-11 шешіміне
1 қосымша

   Жер телімдерін жеке меншікке беру кезінде, мемлекетпен немесе мемлекеттік жер пайдаланушылармен жалға өткізу кезінде олардың кадастрлық (бағалық) құнын анықтау үшін Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларының аймақтық шекаралары
"Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларының жер учаскелерін мемлекеттен жеке меншікке немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға жалға берген кезде қолданылатын кадастрлық (бағалық) құнын анықтаудағы аймақтық шекарасы".

      Шымкент қаласы бойынша: 
      N 1-аймақ: қала орталығында орналасқан көшелер Әйтеке би, Базар, Володарская, Рашидов, Громов, Павлов, Гагарин, Интернациональная, Ш.Қалдаяқов, Хамза, Гагарин көшелерімен, Қарасу өзені бойымен, Темірлан тас жолы, Тельман мөлтек ауданы, Момышұлы көшесі, Қошқар ата өзені бойымен, Арғынбеков, Рысқұлов, Сайрам, Бекет Батыр, Орынбай ақын, Түркістан, Адырбеков, Төлеби көшелерімен шектелген жер учаскелері.
      N 2-аймақ: қала орталығында орналасқан көшелер Ташкент-Алматы айналма тас жолы, Сайрам ауданының шекарасымен, Заславский, Попова, Анарова көшелері, темір жол бойымен Рашидов көшесіне дейін шектелген жер учаскелері.
      N 3-аймақ: қала орталығында орналасқан көшелер Ташкент тас жолы, Бадам өзенінің арнасымен, Қарасу каналы, Мамина-Сибиряка өткелінен Гагарин көшесіне дейін, темір жол бойымен, Сайрам ауданының шекарасымен, Ленгір тас жолы, Клара Цеткина көшесі.
      N 4-аймақ: Сайрам ауданының шекарасымен Бадам өзенінің арнасымен Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округінің Қарабастау ауылының шекарасымен, Энергетиктер көшесі, Орман шаруашылығының аумағы, Ташкент-Алматы трассасының бойымен, "Сайрам Астық" ӨК-нің жерлері, Орман шаруашылығының шекарасымен, Сайрам ауданы Бадам және Жаңа талап ауыл округтерінің және құс фабрикасы шекарасымен, "Қызыл жар" ӨК шекарасымен, Қарасу каналы бойымен, "Ынтымақ" поселкесінің жерлерімен, Тұрлан экспедициясының жерлерімен, Қабыл қазақ каналы бойымен, "Дехкан" шаруа қожалығының шекарасымен, "Ақниет" ӨК шекарасымен, "Ташкент-Алматы" тас жолының бойымен, Достық мөлтек ауданы, "Ташкент-Алматы" тасжол бойымен темір жолға дейін, Азат мөлтек ауданы, Сайрам ауданы шекарасымен, Жиделі мөлтек ауданымен шектелген жер учаскелері.
      N 5-аймақ: Қайнар бұлақ саяжайлары, "Ташкент-Алматы" автожолының бойымен, Бозарық саяжайлары.
      Ескерту: "Шымкент қаласы бойынша" бөлімі жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      Түркістан қаласы бойынша:
      1. Аймақ "Қазақ темір жолы аумағы", "Алтын-дән" акционерлік қоғамының жері, Абылайхан көшесі, депоның мұнай қоймасы, Тәуке-хан даңғылы, қала құрылысы, бұрын салынған арық арнасы, Университет қалашығының жер учаскелері;
      2. Аймақ И.Юлдашев, Төлеби көшелері, Ш.Ниязов, Абылайхан көшелері, Тауке-хан даңғылы мен автобаза аумағына орналасқан жер учаскелері;
      3. Аймақ Ерубаев, Әбубәкір Төлеби, Кенесары, С.Қожанов, Төреқұлов, Уәлиханов, Б.Байтасов көшелері, Тауке хан даңғылы, Автобаза аумағы, N 20 және N 21 кварталға орналасқан жер учаскелері;
      4. Аймақ С.Қожанова, Бокин, Н.Төреқұлов, Әбдірахманов, Әл-Фараби, Хакназар хан, Тастақ, Әйтеке-би, Байбұл ата, Қазыбек-би, Еділбаев, Жансүгіров, Абылайхан көшелері, Арыс-Түркістан каналына орналасқан жер учаскелері, ВУЗ қалашығының жерлері қаланы айналмалы жолындағы жер учаскелері;
      5. Аймақ Кентау темір жолы маңайы, Спатаев, С.Ерубаев, Әбдірахманов, С.Қожанов, Хақназар хан, Толстой, Әл-Фараби, Әйтеке-би, Тастақ, Қазыбек-би, Г.Мұратбаев, М.Жалил, Ж.Едилбайев, Жансүгіров көшелеріндегі жер учаскелері;
      6. Аймақ Жарылқапов, Т.Нышанов, С.Ерубаев, Кенесары, Әбубәкір қажы, Алтынсарин, Төле би, Абылай хан көшелері, Тәуке хан даңғылына орналасқан жер учаскелері, "Қазақ темір жолы" кәсіпорнының және "Алтын дән" акционерлік қоғамының жер учаскелері;
      7. Аймақ депо мұнай қоймасы аумағы Абылай хан, Ибрахим ата, Ж.Қыдыров, Төле би, И.Юлдашев, Ерубаев, Б.Майлин, Т.Рысқұлов көшелері, "Қазақ темір жолы" Кентау темір жолының маңындағы жер учаскелері;
      8. Аймақ "Қазақ темір жолы" аумағы, Жароков көшесі, "Тұрғын үй-91" айдарымен қала салуға бөлінген жер учаскелері;
      9. Аймақ Т.Жароков, Луганская көшелері, "Қазақстан темір жолы" кәсіпорнының жер учаскелері.

      Арыс қаласы бойынша:
      N 1-аймақ: Орталық базар маңында, Салықбаев, Майлықожа, Қазыбек би көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
      N 2-аймақ: Төлеби, Салықбаев, Қазыбек би, Әділбек би, Тәжібаев көшелерінде және Қабылсай жырасына дейін орналасқан жер учаскелері;
      N 3-аймақ: Ахымбеков, Әл-Фараби көшелеріндегі және С.Қожанов атындағы орта мектептің маңында және қалаға кіре берістегі жолдағы жер учаскелері;
      N 4-аймақ: Стадион, ШПЗ, Почтовый, Ледзавод, Мехколонна мөлтек аудандарында және балалар үйі маңында орналасқан жер учаскелері;
      N 5-аймақ: "Арыс-Шымкент" бағытындағы темір жолдан Әл-Фараби көшесімен Қабылсай жырасына дейін және Тәжібаев, Төлеби көшелерімен "Арыс-Ташкент" бағытындағы темір жолға дейінгі жер учаскелері;
      N 6-аймақ: Самал мөлтек ауданында, ПМС, "Арыс-Шымкент" автокөлік трассасы, саяжай учаскелері маңында орналасқан, Арыс өзені бойымен Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің шекарасына дейінгі жер учаскелері;
      N 7-аймақ: Қалаға жақын орналасқан және Көктем мөлтек ауданымен, әскери бөлімімен, "Сараптау-аграрлық компаниясы" ЖШС-нің жерлерімен, Көктем-2 мөлтек ауданымен, "Арыс-Шымкент" темір жолының бойындағы жерлермен, әскери бөлімімен, Наурыз мөлтек ауданымен, Задария ауылдық округінің жерлерімен, теміржол көпіріне дейінгі жерлермен, "Шымкент-Шардара" айналма трассасымен, "Арыс-Шардара" автокөлік трассасымен, Отырар мөлтек ауданымен, "Арыс-Шардара" автокөлік трассасымен, Задария мемлекеттік (ботаникалық) қаумалымен, "Клиника-Ақниет" ЖШС-нің жерлерімен, Талдықұдық мөлтек ауданымен, "Арыс-Монтайтас" автокөлік трассасымен, "Ташкент-Арыс" темір жолы бойындағы жерлермен, "Умай-Маркет" ЖШС, "Комбинат-Заря" мемлекеттік кәсіпорнының жерлерімен, Оңтүстік, Стадион мөлтек аудандарымен, "Арыс-Ташкент" темір жолымен, Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің жерлерімен, қалалық зиратпен, Қабылсай жырасымен, мал базарымен және К.Омаров көшесімен шектесетін жер учаскелері.
      Ескерту. "Арыс қаласы бойынша" бөлімі жаңа редакцияда 12.12.2008 N 12/163-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.     

      Кентау қаласы бойынша:
      1. Аймақ Абай, Қонаев даңғылдары, Алтынсарин көшесі;
      2. Аймақ Б.Момышұлы, Төлеби, Абылайхан көшелері, Горняк даңғылы;
      3. Аймақ А.Яссави, Панфилов, Логунов, Төле би, Жамбыл, Пушкин,
Тохтаров, Әл-Фараби көшелері;
      4. Аймақ Құралбаев, Әл-Фараби, Төле би, Алтынсарин, Жамбыл, Әуезов, Құрманғазы, Навои, Амангелді, Абай, Ерназаров, Панфилов, М.Шоқай, Горький,Сейфуллин көшелері;
      5. Аймақ Кентау қаласының басқа бөлігіне орналасқан жер учаскелері;

Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының
2001 жылғы 27 маусымдағы
N 11/127-11 шешіміне
2 қосымша

      Мемлекеттен жеке меншікке немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға жалға берген кезде қолданылатын кадастрлық (бағалық) құнын анықтауда аймақтарының шекаралары және жерге ақы төлеудің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. Шешімнің 2 қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV; "Арыс қаласы үшін" бөлімі жаңа редакцияда 12.12.2008 N 12/163-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.

      Шымкент қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2,0

2

1,5

3

1,0

4

0,6

5

0,5

       Арыс қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,7

3

1,5

4

1,2

5

1,0

6

0,7

7

0,5

      Түркістан қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,8

3

1,6

4

1,4

5

1,2

6

1

7

0,8

8

0,7

9

0,5

      Кентау қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

1

2

2

1,5

3

1

4

0,75

5

0,5

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы (облыстық мәслихаттың 2012. 12. 07 №9/77-v шешімімен күші жойылды)

Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconОңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2008 жылға қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 27 наурыздағы n 5/71-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconБатыс Қазақстан облысының Орал қаласы бойынша облыстық сайлау округтерінің шекаралары туралы
Жезқазған көшесi, 1, №8 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconТүркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы n 41/401-iv шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы icon6 Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
Р-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына,...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында аймақтардың шекаралары мен жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы icon1. Нарық жағдайында еңбек ақыны төлеудің теориялық негіздері
Жшс “ПолимерМеталл-Т” кәсіпорындағы еңбекті мөлшерлеу мен еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница