Скачать 0.54 Mb.
|
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми -техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №833 қаулысы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «19» шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 15) тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Қағидада мына ұғымдар пайдаланылады: 1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 3) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым –нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және (немесе) бағдарлама бойынша орындаушы ұйым (орындаушы) (бұдан әрі – орындаушы ұйым (орындаушы) – ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың және (немесе) бағдарламалардың бір бөлігін немесе барлығын іске асыруды жүзеге асыратын заңды (жеке) тұлға; 5) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама – болжанған ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат; 6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері; 7) ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – ҒТБ МТ) – Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің тізбесі; 8) ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімі – ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің мемлекеттік бюджет есебінен алынған ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тізбесі; 9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет есебі – ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың әрі қарай жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат; 3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептердің мемлекеттік есепке алуға берілуін бақылауды уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады. 5. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс. 6. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен баєдарламаларды және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰҒТАО» АҚ) ғылыми-техникалық аќпараттың ұлттық ресурсын һалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлуетінің қарқынын мониторингтеу (бұдан әрі – ақпараттық материал) мақсатында жүзеге асырады. «ҰҒТАО» АҚ өзі белгілеген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардың ақпараттық материалды пайдалануға тез қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 7. Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін «ҰҒТАО» АҚ анықтайды. 2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу тәртібі 8. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мемлекеттік есепке алу үшін «ҰҒТАО» АҚ-қа мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді береді. 9. Мемлекеттік есепке алу үшін түпнұсқада қағаз және электронды тасымалдағыштарда: 1) осы Қағидаға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (бұдан әрі – бағдарлама); 2) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар (бұдан әрі - жоба); 3) осы Қағидаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес бағдарламаларды орындау, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес рәсімделген ақпараттық картасы бар жобалар бойынша есептер (бұдан әрі – есеп), оның ішінде осы Қағидаға 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері. Құжаттар пакеті толық болмаған және олар тиісінше рәсімделмеген жағдайда құжаттар анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін тіркелмейді. Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. 10. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алуға байланысты шығындарды бас ұйым немесе орындаушы ұйым (орындаушы) өзі көтереді. 11. Салалық уәкілетті органдар Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, сондай-ақ жыл сайын келесі жылдың бірінші наурызына дейінгі мерзімде «ҰҒТАО» АҚ-қа ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар тізімін мәлімет үшін ұсынады. 12. Бағдарламаны мемлекеттік есепке алу үшін бас ұйым Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық жјәне бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күтізбелік отыз күннен кешіктірмей «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бағдарламаны және титулдық бетін рәсімдеп, бағдарламаға түсіндірме жазба мен ағымдағы жылы бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын бас ұйымның басшысы қол қойып, мөрімен бекітілген құжатты тапсырады. 13. «ҰҒТАО» АҚ белгіленген тәртіппен тиісті шифр беру жолымен бағдарламаны тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бас ұйымға бағдарламаның ҒТБ МТ-ға енгізілгені туралы куәлік береді. 14. Тіркелген бағдарламаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда кезекті жылға жоспарлы көрсеткіштерімен қатар бас ұйым «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бағдарламаның тапсырмалары (кезеңдері) бойынша мәлімет береді. 15. Бас ұйым есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы қаңтарынан кешіктірмей «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес жылдық есеп пен оған түсіндірме жазбаны жібереді. 16. Бас ұйым есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей тоқсан сайын «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес бағдарлама тапсырмаларының (кезеңдерінің) орындалу барысы туралы есепті береді. 17. Жобаны мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) «ҰҒТАО» АҚ-ға жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап отыз күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес тіркеу карталарын жібереді. 18. Жобаны бірнеше орындаушы ұйымдар (орындаушылар) орындаған жағдайда әрбір орындаушы ұйым (орындаушылар) «ҰҒТАО» АҚ-ға өзі дербес орындайтын жұмыстың бөлігіне тіркеу картасын жібереді. 19. «ҰҒТАО» АҚ белгіленген тјртіппен жобаны оєан тіркеу нґмірін беру жолымен тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) тіркеу картасының бір данасын жібереді. 20. Тіркелген жобаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда орындаушы-ұйым (орындаушы) күнтізбелік отыз күн ішінде «ҰҒТАО» АҚ-на жазбаша хабарлама мен осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес тіркеу картасын ұсынады. 21. Егер тіркелген жобаны орындау процесінде оны құпияландыру қажеттілігі туындаса, орындаушы ұйым (орындаушы) он күн мерзімде бұл туралы «ҰҒТАО» АҚ-ға ҒТБ МТ-ға тиісті белгі енгізу үшін жазбаша түрде хабарлайды. 22. Есепті мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) жобаның жұмыстары (кезеңдері) аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде «ҰҒТАО» АҚ-ға ілеспе хат, осы Ќағидаға 7-қосымшаға сәйкес ақпараттық карта, қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепті жібереді. Есеп МЕМСТ 7.32-2001 «Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп» мемлекетаралық стандартына сәйкес рәсімделеді. 23. «ҰҒТАО» АҚ есепті белгіленген тәртіппен оған инвентарлық нөмір беру жолымен тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) ақпараттық картаның бір данасын жібереді. 24. ҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) «ҰҒТАО» АҚ-ға құжаттарды осы Қағидаға 8, 9-қосымшаларға сәйкес жібереді. 25. ҒТҚН «ҰҒТАО» АҚ-да ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. 26. ҒТҚН-ның құқық иеленушілері өзгерген, ҒТҚН-ны орындаушы ұйым қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік есепке алу объектісін пайдалануға байланысты емес басқа да негіздер бойынша орындаушы ұйым (орындаушы) «ҰҒТАО» АҚ-ға осы өзгерістер туралы осы Қағидаға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес хабарлама жібереді. 27. ҒТҚН-ға құқық тоқтатылған жағдайда орындаушы ұйымның (орындаушының) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес хабарламаның негізінде «ҰҒТАО» АҚ ҒТҚН туралы деректерді ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастайды. «ҰҒТАО» АҚ бір ай мерзімде орындаушы ұйымды (орындаушыны) ҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алудың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасына 1-қосымша Ф1-біріздендірілген нысан __________________ жылға (жылдарға) арналған КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ Бағдарламаның шифры _____________________ Бағдарламаның атауы _______________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________ Бағдарламаны орындау негізі болған себептер __________________________________________________________________________________________________ Бағдарламаны орындау мерзімі ________________________ Қаржыландырудың көлемі ____________ жылға _________________млн. тенге
Бағдарламаның жетекшісі ___________________ ___________________ Құжатты орындаушының Т. А. Ә. және телефон нөмірі «_____» ___________________________ 20__г. М.О. Қолы Т. А. Ә. Бағдарламаны орындау үшін қажетті мамандар саны Бағдарламаның шифры _____________ Бағдарламаның атауы ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________ Бағдарламаның жетекшісі _________________ ___________________________ Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы Т.А.Ә. «_____» ___________________________ 20__ж. Бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың реквизиттері Бағдарламаның шифры _______________ Бағдарламаның атауы ______________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________ Бағдарламаның жетекшісі ______________ __________________ Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О Қолы Т.А.Ә. «_____»___________________________20__ж. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасына 2-қосымша Ф1 – біріздендірілген нысанға (Кеңейтілген бағдарламаның көрсеткіштері) титулдық бет _____________________________________________________________ (бас ұйымның ведомстволық қарастылығы) «Бекітілді» _______________________________ 20____ ж. «__» _______ № ____ Бағдарламаның шифры: ҒТАХТ коды: ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ (бағдарламаның атауы) Орындалу мерзімдері: Бас ұйымның атауы және орналасқан жері __________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ Құжаттың дайындалған қаласы, жылы_______________________________________________________ Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасына 3-қосымша Ф1-түзету нысаны __________________жылға (жылдарға) арналған КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ Бағдарламаның шифры _____________________ Бағдарламаның атауы ____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағдарламаның жетекшісі ___________________ ___________________ Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О. Қолы Т.А.Ә. «_____» ___________________________ 20__ж. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасына 4-қосымша 3-ғт (бағдарлама) нысаны ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады ҚҰЖЖ коды №3-ғт (бағдарлама) нысаны - жылдық. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 7 қаулысымен бекітілген. Бас ұйым жылдық есеп бергеннен кейін 30 қаңтардан кешіктірмей «ҰҒТАО» АҚ -ға тапсырады _________________жылғы бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы Е С Е П Бағдарламаның шифры _______________ Бағдарламаның атауы _________________________________________________________________________________ Бас ұйым _________________________________________________________________________________________________________________ Мекенжай_______________________________________________________________________________________________________________________________ Басшының Т.А.Ә., телефоны, телефаксы, электрондық мекен жайы _____________________________________________________________________ Бағдарламалар бойынша жұмыстарды қаржыландыру (млн.теңге)
|
![]() | Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну қағидасын бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының... | ![]() | Ғылыми-техникалық іс-шаралар жоспары туралы Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдарымен жоспарланған халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми-техникалық... |
![]() | М емлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 23 шілдедегі «Эксперимент тәртібінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша... | ![]() | Мектеп басшыларына! ... |
![]() | Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі Тарбағатай ауданыныњ қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ( бұдан әрі – Бөлім) бюджеттің орындалуы, аудандық коммуналдық меншік және базарларда... | ![]() | Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы |
![]() | «Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты... | ![]() | 2-тарау. Мемлекеттік органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті Мемлекеттік органдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құзыреті |
![]() | Ереж е Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік... | ![]() | Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы |