Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі




НазваниеЖерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі
страница7/36
Дата конвертации05.02.2016
Размер4.28 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kguti.kz/ru/docs/vestnik/vestnik1(27)2011.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

8 бөлімше. Химиялық компоненттер негізіндегі ерітінділермен жұмыс жүргізу


1 тарау. Қыртысты инъекциялық бекіту


363. Қыртысты инъекциялық жұмыстар арқылы жасанды бекіту ҰЖЖ сәйкес жүргізіледі. ҰЖЖ қарастырылады: құюдың рұқсат етілетін қысымы, инъекциялық ерітінділер шығыны мөлшері, пайдаланылатын химиялық реагенттерді қолданғандағы қауіпсіздік ережелері, қоршаған ортаның жағдайын бақылау және басқа жұмыстармен біріктіріп жүргізілуі.

Химиялық реагенттерді пайдаланғандағы ҰЖЖ жергілікті санитарлық қадағалау органдарымен келісіледі.

364. Қабаттарды химиялық жолмен қатайтуға байланысты жұмыстар, осы жұмыстарды жүргізуге тәжірибесі және рұқсаты бар тұлғалар басшылығымен жүргізіледі.

365. Жұмыс басталар алдында инъекциялық қондырғылар және коммуникациялар ең жоғарғы құю қысымынан 1,5 есеге артық қысымға сыналады, бірақ 0,5 МПа кем болмауы керек, және жұмыс жүргізуші ұйымның техникалық жетекшісі жетекшілігімен комиссия арқылы, акт рәсімдеу арқылы қабылданады.

366. Инъекциялық ерітінділерге арналған өткізгіш құбырларға есептік қысымға реттелген, лақтырылуы жиналғыш құрылғысы бар сақтандырғыш клапандар орнатылады.

367. Инъекциялық жұмыстар жүргізгенде:

1) саңылауы бар сорушы және айдаушы инъекциялық жүйелерін, сораптарды, ыдыстар және дозаторларды пайдалануға болмайды;

2) шайыр, сұйық шыны, қышқылдар және басқа химиялық реагенттер тасымалдау және сақтау нығыз жабылатын қақпағы бар саңылаусыз темір ыдыстар арқылы жүргізіледі. Барлық қолданылатын ыдыстарға химиялық реагенттер атауы жазылған белгілер соғылады;

3) инъекциялық ерітінді дайындайтын тау қазбаларындағы орындарда бір реттік қыртысты химиялық бекітуге арналған химреагенттер мөлшерінен артық емес запасы сақталады;

4) инъекциялық ерітіндіні дайындауға пайдаланылатын агрегаттар тығыз жабылатын люкпен жабдықталады. Қақпағы ашық ыдыстарда ерітіндіні дайындауға болмайды;

5) ерітіндіні құюға арналған қондырғылар (сораптар, құбыршектер, инъекторлар) жұмыс кезінде және ол аяқталғанда жуылып тұрады. Жуылған өнімдер және гелдік ерітінді қалдықтары тығыз жабылатын ыдысқа жиналады және залалсыздандыру үшін жоғарыға шығарылады;

6) ерітінді дайындау орындарында (араластыру жүйесі) механизмдерді басқару реттілігі, қосылып – ажырауы көрсетілген плакаттар ілінеді.

368. Қыртысты инъекциялық бекіту жұмыстарын орындау кезіндегі жерасты қазбаларындағы басқа жұмыстар ҰЖЖ көрсетілгендей қауіпті аймақтан тыс жерлерде жүргізіледі.

369. Химиялық реагенттермен жұмыс жасау кезінде жұмыс орындарда улы заттар құрамының, нормалық құжаттармен орнатылған рұқсаттықшектік құрамынан артып кетуіне рұқсат етілмейді. Жұмыс орындарда таза су, 10 % ас тұзды ерітіндісі және ҰЖЖ сай жұмысшыларға қорғаныш құралдары, материалдарға жасаушы – зауыттар нұсқаулары болады.

370. Қыртыстар бекіту орындары және араластыру жүйесі өзара телефон байланысымен және екі жақты дабыл белгілермен (жарықтық және дыбыстық) қамтамасыз етіледі және пайдаланылатын дыбыстар мағынасы бекітіледі.

371. Сұйық шыныны дайындауға және химиялық ерітінділерді қайнатуға және қыздыруға арналған қондырғылар жиі тексеріледі және гидравликалық сынамаларға тартылады.

372. Жер бетінде жұмыс жүргізгендегі улы ерітінділердің сыртқа шығуы мүмкіндігінің алдын алу үшін жер бетінде 1 – 1,5 м қалыңдықта қыртыс қалдырады немесе инъектор салуға арналған диаметрі 5 см болатын тексіктері бар қалыңдығы 10 см кем емес бетон қабаты құйылады.

Инъекциялық жұмыстарды орындау үшін жасаушы – зауыт материалдары және қондырғыларына арналған және санитарлық нормалар талаптарын ескеретін технологиялық регламенттер жасалады.

373. Тампонаждық ерітінділерін дайындауға арналған химиялық реагенттерді бағана қазу жобасына сай пайдаланылады және химиялық реагент аты жазылған құлыпқа жабылатын жәшіктерде сақталады.

374. Химиялық компонеттер негізіндегі ерітінділірмен жұмысты керекті жеке қорғану құралдарын қолданатын екіден кем емес жұмысшылармен жүргізіледі. Су ағу кранына немесе суы бар ыдысқа жақын жерлердегі жұмыс орындарында ас тұзды және борлық қышқылдық (5 – 10 %) ерітінділер дайындалады, бинттер және дәрі дәрмек қораптары орналастырылады. Дәрі – дәрмектер пайдаланылған сайын және пайдалану мерзімі өтіп кеткен сайын ауыстырылып тұрады.

375. Тампонаждауға арналған шайырлар, қышқылдар және басқа химиялық материалдар жұмыс орындарына саңылаусыз жабық ыдыстармен жеткізіледі.

376. Ыдыста саңылаулар пайда болғанда химиялық материалдар зақымданбаған ыдысқа құйылады және нығыздап жабылады.

377. Химиялық тампонаждық ерітінді дайындалатын жұмыс бөлмелерінде немесе қазбаларда жұмысқа керекті химиялық материалдардың тәуліктік запасы ғана сақталады. Химиялық реагенттерді сақтайтын, тиелетін және түсіретін орындарда төгілген немесе шашылған химиялық реагенттерді залалсыздандыруға керекті заттардың қажетті мөлшері болуын ұсынады.

378. Шайырлар сақтау ыдыстарынан ерітінді араластырғыштарға сорап көмегімен құйылады. Шайырлар 200 – 250 л ыдыстармен әкелінгенде оларды сақтау ыдыстарына жүк көтергіш құралдар (шығыршықтар, талдік құралдар және басқа) көмегімен құйылады.

379. Концентрациялық қышқыл негізіндегі химиялық ерітінділер дайындау үшін дененің ашық орындарын қорғау шаралары қолданылады (арнайы киім және аяқ киім, қолды және демалу органдарын қорғаудың құралдары).

380. Жұмысшы концентрациялық тампонаждық ерітінді дайындау, араластыру кезінде ерітіндінің шашырауын болдырмайтын жабық түрлі ерітінді араластырғыштарда жүргізіледі.

381. Ерітінді қоспалары сақталатын немесе ерітінді дайындайтын орындарға жақын жерлерде ас қабылдауға тыйым салынады.


2 тарау. Тампондалған қыртыстарда бағана жасау


382. Тампондалған қыртыстарды игеру амалдары бағана қазу жобасымен анықталады.

383. Бағана су тесіп шығуын алдын алу үшін забойдың жобалық сақтандырғыш тұтастықтың жоғарғы нүктесіне жеткенде, алдын – ала сулы горизонт төбесінен 1 м тереңге екі – үш барлау ұңғылары қазылады.

Қазу кезінде ұңғы үсті тығыздамалармен жабдықталады.

384. Егер жобалық белгіде сулы горизонт кездеспесе, одан әрі қазу одан толықтай өтіп кеткенше алдын – алушы барлау ұңғылары арқылы және жобалық сақтандырғыш тұтастықты сақтап жүргізіледі.

385. Егер жоба бойынша тампонаждық төсеніш орнату көзделсе, су горизонты төбесімен оның су кедергісі қалыңдығы 1 м кем болмайды.

386. Шахта бағанасын тюбингті бекітпемен қатайтқанда осы Талаптар сақталады.


9 бөлімше. Қоршау бекітпелерін

және қалқандарын қолданып бағана қазу


1 тарау. Жіберу және толтыру бекітпесі қоршалуы


387. Шаблондарды, көтергіштерді, солқылдатқыштарды немесе солқылдатқыш балғаларды жинау және құру жұмыстары, толтыру және жіберу бекітпелерін жинау және түсіру жұмыстары бақылау тұлғасы басшылығымен жүргізіледі.

388. Бағана үстіндегі солқылдатқыштың электрлік кабелін жинау, бағанаға құрал – жабдықтар, материалдар және қондырғылар түсіру жұмыстары, қоршау жөндеу және сатыларды жылжыту жұмыстары мықты негізге бекітілген (бағана үстіндегі қоршау конструкциясына немесе өту сөрелеріне) сақтандыр белдіктер пайдаланып жүргізіледі.

389. Бағана забойын сулы қыртыстармен толуының алдын алу үшін, олардың қоршалану бекітпесі астынан өтіп кетуін болдырмау үшін бағана үстінде және бағананың сақтандырғыш сөрелерінде топырақ немесе саздық қаптардың апаттық запасы және апаттарды жою жоспарында көрсетілгендей қатыру материалдарының апаттық запасы сақталады.

390. Ағынды судың бағана забойына өтіп кетуінің алдын алу мақсатында шпунт қағу, жіберу бекітпесін батыру ағынды су деңгейінен 0,5 м жоғары шамадан биік белгіден басталады.

Толтыру және түсірудің қоршалану бекітпесінің жоғарғы деңгейі ағынды су деңгейінен 0,5 м жоғары болады.

391. Шпунттарды қағу мықты және ұстамды көпірлерде, ал түсіру бекітпесін жинау (құрастыру) ілінбелі сөреден жүргізіледі.

392. Қағу және түсіру бекімелерінің элементтері бағанаға түсіру кезінде олардың шайқалуын және айналып кетуін болдырмайтын жұмсақ кергіштермен керіледі.

393. Толтыру бекітпесін батыру кезінде солқылдатқыштар шпунтқа мықтап қатайтылады. Солқылдатқышпен және солқылдатқыш балғамен жұмыс жасаушы жұмысшылар бағана забойының қарама – қарсы бетінде орналасады.

Толтыру бекімесінің бағыттауыш рамасы болмаған кездегі шпун батырылғанда солқылдатқышпен жұмыс жасауға болмайды, сонымен қоса солқылдатқыш немесе солқылдатқаш балға жұмысы кезінде шпунт төбесіндегі қиманы және бұрандаларды қатайтуға болмайды.

394. Жіберу бекітпесін түсіру кезінде жұмысшылар бағана ортасында немесе бағананың басқа да қауіпсіз бөлігінде орналасады.

Адамдардың түсіру бекімесінің башмагы пышағы астында орналасуына болмайды.

395. Түсіру бекімесінің табаны пышағының астынан тикстропты ерітіндінің забойға тесіп шығуының алдын – алу үшін биіктігі 0,6 м кем емес тығыздама орнатылады және түсіру бекітпесінің сыртқы қабырғасы мен тығыздама арасындағы кеңістік сазбен толтырылады.

396. Сулы горизонттан төмен жатқан сутепкіш қыртыстарда қазу тереңдігі ағаш шпунттарға 0,3 м, ал түсіру бекімесі шпунты темір болғанда 0,5 м кем болмайды.

Ығысуы мүмкін тұрақсыз қыртыстарда қазу жұмыстарын су тепкішке дейін қоршалану бекітпелері тереңдетілгенше жүргізуге болмайды.

397. Шпунттық қоршау арасындағы «терезелер» екінші қатары шпунттар арқылы бітеледі.

398. Темір шпунтты, бағанада тұрақты бекітпе орнатылған соң шығарып алуға болмайды.

399. Ағаш шпунттардың төменгі ұштары забойдың төменгі нүктесінен 0,3 м кем емес қылып тереңдетіліп, темір шпунттар, түсіру бекітпесінің табан пышақтары 0,5 м кем емес тереңдікке енгізіледі.

400. Су тепкіш қыртысты қазған кезде ағаш шпунттар шетінде ені 0,25 м кем емес кеңістік қалдырылады, ал темір шпунттар және түсіру бекітпесінің табаны пышағы үшін ол 0,75 м кем болмайды.

Бағанаға керекті кеңейту бағана қазу жобасымен қарастырылады.

401. Бағана үсті айналасы опырылғанда немесе бекітпе бұзылғанда, апатты жағдай жойылғанға дейін бағананы әрі қарай қазуға болмайды.


2 тарау. Қалқанды тәсіл


402. Тік қалқандағы машинистің жұмыс орны қалқанды кешенінің барлық механизмдерімен дыбысты – жарықты дабылдармен байланысады.

403. Қалқанды жылжыту кезінде демократты басқаруға арнайы оқу оқымаған тұлғаны жіберуге болмайды.

404. Тік қалқандарды жылжыту кабелі, әуе және су өткізгіш құбыршектер, бетонөткізгіштердің үзілуінің алдын алу, сонымен қоса қалқанды сөре қуыстырына шахтаның ілінбелі қондырғыларының қысылып қалуының алдын алу шаралары орындалған соң жүргізіледі.

405. Алдын ала тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізілмеген қалқанды кешенді пайдалануға тыйым салынады.

406. Қалқанды кешенді механизмдерін немесе басқа забойлық механизмдерді жөндеу және тексеру, сонымен қоса кескіштерді ауыстырғанда электрлік қозғалтқыштар қуаттан ажыратылады. Қосқыштарға «Қоспа – адамдар жұмыс жасауда !» деген белгілер ілінеді.

Тексеру және жөндеу операциялары аяқталған соң қалқанды механизмдерді қосу бақылау тұлғасы өкімімен жүргізіледі.

407. Бағана забойының сулы қыртыстарымен толуының алдын алу үшін, қалқанды кешеннің пышағы астынан су тесіп шығуының алдын алу үшін бағана бетінде және сақтандырғыш сөрелерде құм және саз салынған қаптардың апаттық көлемі және апатты жою жоспарына сай қатайту материалдарының апаттық запасы қамтамасыз етіледі.

408. Бағана забойына су ағыны өтіп кетуінің алдын алу үшін қалқанның пышағы тереңдеу нүктесі ағып су деңгейінен 0,5 м кем емес жоғары орнатылады.

409. Қалқанды кешенді орнату ілінбелі сөрелер арқылы жүргізіледі.

410. Қалқанды кешен элементтері бағанаға түсіру кезінде шайқалып және айналып кетпеуі үшін жұмсақ кергіштермен керіледі.

411. Сулы горизонттан төмен жатқан су тепкіш қыртыстарға қалқанды кешеннің енуі 0,5 м кем болмайды.

412. Қыртысты қазу, қалқанды кешеннің төменгі шеті забойдың төменгі нүктесінен 0,5 м кем емес тереңдікте орналасатындай қылып жүргізіледі.


10 бөлімше. Жасанды түрде су төмендету


413. Су төмендетуге арналған бұрғылау жұмыстары ҰЖЖ сәйкес жүргізіледі.

414. Су төмендеткіш қондырғылар сорап күшін және вакуум өлшемін анықтайтын жарамды приборлармен жабдықталады.

415. Эжектрлік инефильтрлермен жұмыс кезінде әрбір инефильтірлер ағындық және төгілу жақтарынан тығыздық крандармен жабдықталады.

Коллектрлерге және инефильтрлерге құбыршектер қысқыштар арқылы бекітіледі.

416. Ағындық және төгілу құбырөткізгіштеріне олардың арналуы жөнінде белгілер соғылады.

417. Инефильтрлерді түсіріп – шығару кезінде, бұл жұмысқа қатысты жоқ адамдар құбыр тізбегінің бір жарым ұзындығына тең қашықтықтан кем емес жерге алыстатылады. Инефильтрлер инефильтржұлғыш арқылы шығарылады.

418. Инефильтрлер осі (жеңіл және эжекторлық) жер қазу шетіне 0,5 м жақын емес және жұмыстар жабық тәсілдермен жүргізілгенде жасанды контіры шетіне 1 м – ден жақын емес жерде болады.

419. Су төмендеткіш қондырғыларды жер астында орналасқан су жинағыштарға жақын жерде, осы су жинағышты пайдаланушы ұйыммен келісілмей, пайдалануға болмайды.

420. Гидравликалық тереңдету, инефильтрлерді қағуға болмайды, егер осы жұмыстар пайдаланылып жатқан ғимараттар және коммуникацияларға зиян тигізетін болса.

421. Инвентарлық коллекторларды биіктікте бұзу кезінде шешілетін бөлік маңында орналасуға және флянецтері шешіліп жатқан құбырларға қарсы тұруға болмайды.

422. Су төмендету құрылғыларының жұмыс уақыттары ҰЖЖ көрсетіледі. Бұл уақыттарда қыртыстық су деңгейін бақылау жүргізіледі және осы бақылаулар нәтижесі «су төмендету кезіндегі қыртыстық су деңгейі өзгерісін бақылау Журналына» жазылады (5 – қосымша) және маркшейдермен келісілген, ҰЖЖ сай су төмендетудің әсер ету аймағында орналасқан ғимараттар және құрылыстарды құрал – жабдықтар арқылы маркшейдерлік бақылау жүргізіледі.


11 бөлімше. Оқшаулау жұмыстары және коррозияға қарсы өңдеу


423. От шығуы мүмкін және зиянды заттар бөлініп шығуы мүмкін материалдар пайдаланылып жүргізілетін оқшаулау жұмыстары құрылыс нормалары, осы Талап және ҰЖЖ талаптарына сай орындалады.

424. Битум қайнатқыш ғимараттар тұрғылықты, әкімшілік – тұрмыстық және қоймалық ғимараттардан 50 м жақын емес, ал оқпан және апан шеттерінен 15 м жақын емес жерлерге орналастырылады.

Битумды 3000 С жоғарыға қыздыруға болмайды, қазандықтар термометрмен жабдықталады.

Жандыру отындарын, битум қайнату қазандықтарынан 10 м жақын емес жерлерге жинайды. Жинау орындары өртке қарсы құралдармен жабдықталады.

425. Битум құрамынан ылғал шығармай, қазандық іші кептірілмей, оған битумды салуға болмайды.

426. Қазандықтарға битум салып қыздырғанда қазандықтың жоғарғы шетіне 8 см жетпейтіндей қылып битум салынады.

Қыздыру кезінде қазандық қақпақпен жабылады.

427. Битумды қыздыру жүргізілетін орындарда, қажетті өртке қарсы құралдар орналастырылады.

428. Оңай тұтанатын материалдарды (бензин, керосин, мұнай, мазут және басқалар) қазандыққа 10 м жақын жерге сақтауға болмайды.

429. Ұңғыға битум құю, қондырғылар орналастырылу сапасын және бақылау - өлшеу приборларын тексерген соң және мүмкін болатын жарамсыздықтар жойылған соң жүргізіледі.

430. Битумды ұңғыға құю кезіндегі битум өткізгіш беті қабықшалар арқылы жабылады.

431. Бағанаға немесе апандарға ыстық битум жабық, саңылаусыз ыдыстармен түсіріледі.

432. Қабырғаларды тегістеу үшін оңай тұтанатын заттар пайдаланылғанда жұмыс аумағында ашық оттың, ұшқынның пайда болуының алдын алудың аса жоғары шаралары сақталады. Жұмыстар бекітілген бақылау тұлғасының қатысуымен орындалады.

433. Коррозияға қарсы жұмыстар жүргізу кезінде, осы Талаптардан басқа, осы жұмыстарға арналған нормалық құжаттар талаптары да сақталады.

434. Жер асты жағдайларында полимерлік материалдарды пайдаланып жұмыс жасаушы ұйымдар бас мердігерге жұмыс басталар алдында зиянды немесе оңай тұтанғыш заттармен жұмыс жүргізетіні жөнінде жазбаша түрде хабарлайды.

Осындай жұмыстарға және битум немесе полимерлік материалдар қолданылатын жұмыстарға, ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілетін ҰЖЖ жасалынады.

435. Битумды немесе полимерлік материалдар дайындалатын жұмыс орындары кіріс – шығыс желдеткіштермен жабдықталады. Ауа құрамын бақылау тәртібі, полимерлік материал қолданушы ұйымның техникалық жетекшісімен бекітілген ҰЖЖ анықталады.

Жұмыс орындарында битум қыздыру тығыз жабылатын қақпағы бар электрлік битумқыздырғыштар арқылы жүргізіледі. Ашық алауы приборлар пайдалануға болмайды.

436. Полимерлік материалдар дайындау және пайдалану жұмыстары, бекітілген бақылау тұлғасының тікелей басшылығымен жүргізіледі.

437. Сүрту материалдары пайдаланылған соң жиналып арнайы ыдысқа салынады, жоғарыға шығарылып, залалсыздандырылады. Пайдаланылған сүрту материалдарын өртеуге рұқсат етілмейді.

438. Полимерлік материалдарын және ыдыстарын сақтауға арналған жер үсті қойма аталған материалдарға арналған талаптарға сай келеді.

439. Полимерлік қаптамалар жағылып болған соң бағанада (апанда) жұмыстарды жалғастыруға және адамдарды жіберуге, жұмыс аймақтарынан зиянды немесе жарылыс – жану қаупі бар заттар толық шығарылып, ауа ортасы керекті жағдайға келтіріліп, анализдермен бекітілген соң ғана болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36

Похожие:

Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconЖерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына
Осындай жүйелердің сенімділігін арттыру және максимальді тиімділік алу мақсатында олар шахталарды олардың құрылысы және жобалау сатысында,...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconМұнай және газ ұңғыларын жерасты жөндеуі кезіндегі
...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconАуыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі

Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconҰңғымаларды роторлы және турбиналық тәсілмен жүргізу кезіндегі әдістемелік ұсынымдар
...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconАнкета -сауал-сұрақ, сауалнама
Бүгінгі таңда облыс кітапханаларында мемлекеттік тілді дамытып, қолдану аясын кеңейтуде түрлі жұмыстар жүргізіліп, іс-қағаздарды...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі icon«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізу, барлауға немесе өндіруге байланысты емес құрылыс және (немесе) жерасты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі icon1 Курстық жұмысты орындау әдістемесі
Курстық жұмыстар оқытушының студенттерге жеке тапсырмасы нәтижесінде орындалады. Студентке сұрақты толық, терең қарастыру үшін, тақырып...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconМұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі
Осы Талап мұнай операцияларын жүргізу кезінде мұнай, газ және газконденсатты кен орындары (әрі қарай – мгк) объектілерін жобалау,...
Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі iconТеңізде мұнай газ өндіру кезіндегі
Осы Талаптар теңіз мұнай газ құрылыстарын (әрі қарай тмгқ) жобалау, салу, пайдалану, қайта құру және жою кезінде және мұнай операцияларын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница