Зерттеу тақырыбының өзектілігі




Скачать 430.15 Kb.
НазваниеЗерттеу тақырыбының өзектілігі
страница3/6
Дата конвертации07.02.2016
Размер430.15 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://referaty.kz/files/ult-azattyk_koterilisteri_turaly_kytay_kazaktarynyn_tarihi_zhyrlar.doc
1   2   3   4   5   6

Жамандық ардан безіп ойлағанмен


Дүниеден өлмей тірі кетер ме едім.

Жұртым-ау, ел сасқанша жан қияйын,

Өлместей із қалдырып, сөз болайын.

Берсем егер жеріңді сұрағанда

Берсем егер малыңды тілегенге

    Абырой бұдан артық табар едім.

Мәтендер қияр жанын мен дегенде.

Қорғадым қорқаулардан байлығыңды,

Жүргіздім қайтпай қарсы билігімді.

Ел үшін өлсем шейіт боламын деп

Сақтаймын өле-өлгенше ерлігімді 29 -

деп өткен Демежанның артында қалған ұрпағы әке ерлігін мадақ тұтып, зерттеушілерге құнды мәліметтер беріп келеді.

Демежанның тарихи өмір кешкен ел азаттығы үшін өмірін қиған асыл ер екенін батырдың тұстасы, жақын жүрген досы Әсет пен Әріпжан ақындардың жоқтауларынан көруге болады. Әсет ақын: 

           Ассалаумағалейкум, беу Қарағаш,

    Саяңа шұбырған ед тамам алаш…

    …Жәйіліп төрт тарапқа даңқы кеткен

    Кешегі ер Демежан иең қайда?

    …Қарадан хан боп туған қайран Декем,

    Бір саған қас қылғанды құдай атар.

    Жарасқан ақ ордаға қайран Боздақ,

    Көшірді-ау құдайдан соң солаң қозғап.

    Ханым мен ханыша болған қатын-балаң

    Қолында әлде кімнің кетті-ау боздап…

27, 111-б.   

- деп жоқтаса, Әріпжан Жанұзақұлы жанына жара салған қайғылы қазаға өкінеді. Демежанды халықтың қалаулы азаматы ретінде жоқтайды:

             Сабазым, артық туған кемеңгерім,

             Солаңның тұмсыққа ұрған жемеңгерін.

             Көре алмай төрт үкірдай болды күндес

             Мәртебең дутыңменен теңелгенін.

             Ханзудың ерте біліп тіл мен заңын,

             Халықтың жоқтап едің мұң мен зарын.

             Түбінде маған сенен бір зауал деп

             Түбіңе жетті ақыры Мәтен залым.

             Жазықсыз дарға асып төкті ғой қан,

             Қайысты қабырғасы естіген жан.

             Ат байлап ағашыңның саясына

             Жоқтаған күңіреніп мен Әріпжан, -

деп ақын өз күйінішін білдіреді.

«Зуқа батыр» жырының бас кейіпкері Зуқа қажы да нақтылы өмірде болған адам. Тарихи деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. 3,86 б. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды. Зуха Сәбитұлы 1866 жылы шығыстағы Қалба тауының етегінде дүниеге келген. Абақ керейдің Ителі руынан шыққан ол - аталарының жолын қуып, діни дәріс алған. Атасы Нұрмұхаммед бүкіл орта жүзге таныс абыз атанған. Өз әкесі Сәбит те абақ керейдің ішінде мешіт-медресе салып, бала оқытқан, «Дамолла» деген атақ алған діни оқымысты адам болған. Солтүстік Шыңжаңның ұлан-ғайыр елінде 40 жылға жуық имамдық жолында ұстаздық еткен. Төрт ұлы - Зуха, Білжай, Дәкен, Шәкірат әкеден жастай қалып, көзі ашық, көкірегі ояу шешесі татар қызы Бәтиманың тәрбиесінде өседі. Зуха 1903 жылы Меккеге қажылыққа барып, сонда біраз жүріп, 1906 жылы 40 жасында қажылықтан оралады. Қажылықтан кейін 23 жыл өмір сүріп, 1929 жылы басы алынып  шейіт болған.

Енді Зуқа батырдың жырдағы бейнесін жыршылар:

…Ішінен бұл керейдің бір ер шықты,

Дұшпанын ерегескен жерге жастап.

...Келгенде жиырма жасқа атқа мініп,

                        Ішінен өз елінің шыққан екен, 30, 301-б. -

 деп хабарлайды.

        Жырда Зуха тек батыр ретінде ғана емес, әр қырынан көрініс береді. Мәселен, ел ішінде беделді адам екендігін:

Алтай, Боғда, Үрімжі, Жайыр, Сауыр,

                        Тұрушы ед ортасында бір асқар бел, -

 - деп сипаттайды. Оның халық қамын ойлаған, әділетсіздікке қарсы шығып, бай-шонжарлармен, билік басындағылармен үзеңгі қағыстыруларын:

             Пақырлар күліп қайтар,  жылап барып.

Шаһит қой Зуха батыр жүзі жарық.

Қорлығы өткен халықтың қас жауынан

Еліне берем  деуші ед теңдік алып, -

 - деп суреттейді.

Жырда болған оқиға бұрмаланбаған. Қайта жыр мен дерек бірін-бірі толықтырып отырады. Жырда Зуқа қажының басын денесінен бөліп алып кеткендігі турасында мынадай жолдар бар:
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық,...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі icon1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы
Д. 14. 31. 03. Диссертациялық кеңесте қорғалатын ҚҰлбарақов сәмен Оразғалиұлының 10. 01. 02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі
...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconНҰрпейісова эльмира серікбайқызы кіші медицина мамандарын даярлаудағЫ Қызылорда медициналық колледжінің орны
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысы тақырыбы-ның қамтылған уақыты ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың бас кезі. Ха-...
Зерттеу тақырыбының өзектілігі iconПсихология пәнінің зерттеу объектісі
Психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница