Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары




Скачать 148.03 Kb.
НазваниеАлюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Дата конвертации06.02.2016
Размер148.03 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://emer.kz/laws/law/nnic/0802/t4_132.doc


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «25» шілдедегі

№ 132 бұйрығымен

бекітілген


Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


1-тарау. Негізгі ережелер


1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпалар өндірісін жобалауға, салуға, пайдалануға, қайта құруға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтауға, консервациялауға, таратуға қолданылады.

2. Өндірістік процестерді ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

1) технологиялық регламенттің, өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік параметрлерін сақтау;

2) сақтандырғыш бұйымдардың, дабылдың, бұғаттағыштың дұрыстығы, сығылған ауамен және электр энергиясымен үздіксіз жабдықтау, желдету қондырғыларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) жабдық пен құбыр өткізгіштің герметикалығын, өндірістік орын-жайлардағы ауа ортасының жай-күйін жүйелі бақылау;

4) машиналар мен көтергіштердің, монтаждау жыралары мен дренаждық сыйымдылықтар жолдарының және тағы басқа жетектерінің берік орнығуы және қоршаулары мен барлық басқа да қозғалмалы және айналмалы бөліктерінің дұрыстығы;

5) электр оқшаулағыштың жай-күйін жүйелі бақылау.

3. Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын негізгі талаптар:

1) технологиялық процесті жүргізу кезіндегі газ тазарту жабдығының жұмыс режимінің технологиялық параметрлерін сақтау;

2) атмосферадағы лақтырындылар мен табиғи су айдындарындағы тастамалар мониторингі болып табылады.

4. Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өрт қауіпсіздігі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесіне (нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 4126 тіркелген) сәйкес қамтамасыз етіледі.

5. Ұйымда ұйымның техникалық басшысы бекіткен рұқсат наряды бойынша орындалатын қауіптілігі жоғары жұмыстардың (газ, жарылыс, өрт шығу қаупі бар, биікте жұмыс істеу және басқасы) тізбесі болады.

6. Әрбір ұйымда апаттарды жою жоспары құрылады.

7. Апаттарды жою жоспарлары технологиялық кесте немесе техникалық құралдардың модернизациясы оларды пайдалануға енгізгенге дейін өзгерген жағдайда қайта қаралады және бекітіледі.

8. Апаттарды жою жоспарлары персоналдың апаттық жағдайларды жою және апаттардың алдын алу, ал олар пайда болған жағдайда жануды немесе жарылыстарды шектеу, жою, зардаптардың ауырлығын барынша төмендету бойынша жедел іс - қимылдарын қарастырады.

9. Апаттарды жою жоспарларының тұлғалардың жұмыс орнына қатысты бөлімімен таныспағандар жұмысқа жіберілмейді.

10. Ұйымдардың әкімшілігі жұмысшылар мен қызметшілерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі 84 - П бұйрығына сәйкес «Арнайы киімді, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берудің салалық нормасын бекіту туралы».


2-тарау. Технологиялық бөлім


1-парагаф. Технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізудің

жалпы талаптары


11. Ұнтақтар мен опаларды алудың технологиялық процестері ұйымның техникалық басшысы бекіткен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

12. Тозаң қондырғыштар, өнімді тиеу және түсіру құрылғылары, пневмосепарациялық ұнтақтау қондырғылары (диірмендер, сепараторлар, циклондар, желдеткіштер), жылтыратылған барабандар, уатқыштар мен герметикалық қоспалауыштар.

13. Монтаждағаннан кейін, әрбір жөндеуден кейін тозаң қондырғыштардың, пневмосепарациялық ұнтақтау қондырғыларының, жылтыратылған барабандардың, уатқыштар мен герметикалық қоспалауыштардың герметикалығы пневматикалық сынақтан өтеді. Сынау кезінде қысымның 5 - тен 1 кПа дейін (500 - ден 100 мм су бағанынан дейін) төмендеуі кемінде 30 минут жалғасады.

14. Пневмосепараторлық қондырғылар мен пневмокөлік жүйесінің желдеткіштері жарылыстың болуынан қорғалған күйде қолданылады. Ұшқынданбайтын түсті металдардан немесе қорытпалардан немесе қаптардан дайындалып, көрсетілген металдармен немесе қорытпалармен футерленген роторлары бар желдеткіштерді пайдалануға болады.

15. Тозаң қондырғыштың, диірмендердің және басқа да сумен салқындатылатын аппараттардың құрылымы өнімнің сумен ылғалдануын болдырмайды.

16. Технологиялық жабдық пен ұнтақтар мен опаларды өндіру құбыр өткізгіштері статикалық электрден қорғалады.

17. Ұнтақтар мен опаларды өндіретін бөлімшелер өндірістік дауыс зорайтқыш байланысымен (бұдан әрі - ӨДБ) жабдықталады.

Азот - қышқыл станциясының азот қышқылы қоспасын тұтынатын ұнтақтар мен опаларды өндіру бөлімшелерімен телефон немесе дауыс зорайтқыш байланысы болады.


2-параграф. Алюминийді бүрку және бүріккішті себу


18. Алюминий балқымаларын бүрку азот - қышқыл қоспасымен жүргізіледі, алғашқы және екінші бүріккішті алу кезіндегі оттегінің құрамы 10% аспайтын және көп шашыранды алюминий бүріккішін және алюминий, магний қорытпаларынан бүріккіш алу кезінде 1 % құрайды.

Жұмыс істейтін тозаң қондырғыш жүйесінің азот - қышқыл қоспасындағы оттегінің құрамы бақыланады және көрсетілген мәндерден аспайды.

Қолданыстардағы цехтарда алғашқы бүріккішті алу үшін тозаң қондырғыштағы температура 180 ° С аспаған жағдайда сығылған ауаны пайдалануға болады.

19. Бүрку қондырғысы пештегі металдың температурасы мен тозаң қондырғыштағы тозаң, газ қоспасын, азот-қышқыл қоспасының шығындарын, тозаң қондырғыштағы және жүйеден шығу жолындағы оттегі құрамын тіркейтін аспаптармен және сығылған газдың форсункаға жету желісіндегі қысымын, тозаң қондырғыштағы ыдырауды немесе қысымды көрсететін аспаптармен жабдықталады.

20. Азот-қышқыл қоспасын азот - қышқыл станциясынан бүрку және бүріккіш себу бөлімшелеріне бөлу құбыр өткізгішінде азот-қышқыл қоспасындағы оттегінің құрамы осы Талаптың 18 тармағында көрсетілген мәндерден жоғары немесе төмен болғанда жұмыс істейтін жарық және дыбыс дабылды құрылғысы бар газ талдағыш орнатылады.

21. Металл балқыту пештеріне салғанға дейін кептірілген және қыздырылған болады.

22. Балқыту пештерінің тиеу терезелерінің есіктері мен қалқалағыштары болады.

23. Бүрку форсункасын қоспас бұрын балқытушы тозаң қондырғыштың жүк түсіру алаңына дабыл белгісін береді және жауап белгісін алғаннан кейін форсунканы қосады.

24. Алюминий қорытпалары бүрку қондырғыларының тозаң қондырғыш жүйелеріне іске қосу алдында азот - қышқыл қоспасымен үрленеді, алғашқы және екінші бүріккішті алу кезіндегі оттегінің құрамы 10 % аспайтын және көп шашыранды алюминий бүріккішін және алюминий, магний қорытпаларынан бүріккіш алу кезінде 1 % құрайды.

Үрлеу аяқталғаннан кейін және желдеткішті қосқаннан кейін азот - қышқыл қоспасындағы оттегінің құрамы көрсетілген мәндерден аспайды.

Алғашқы бүріккішті алу үшін сығылған ауа қолданылатын цехтарда тозаң қондырғыш жүйесін азот - қышқыл қоспасымен үрлену қажет болмайды.

25. Бүрку форсункасын оның 12 сағаттан артық тоқтағанынан кейін, қоспас бұрын құбыр өткізгіш форсункаға оның ішіндегі ылғал мен майды толығымен жойғанға дейін инертті газбен үрленеді.

26. Алюминий ұнтағын алу үшін қысымы 65 Па атмосфераға дейінгі және температурасы 700 ° С азот - қышқыл қоспасын пайдалану кезінде тозаң қондырғыштағы көрсетілген температура артқан жағдайда бүрку қондырғысына азот-қышқылын беруді қолмен тоқтатуға болады.

Көп шашыранды ұнтақтарды өндіру кезіндегі оттегінің құрамы 1 % аспайды.

Қондырғы тозаң қондырғыштағы белгіленген температура мен оттегі құрамының артуы туралы хабарлайтын жарық және дыбыс дабылымен жабдықталады.

27. Тозаң қондырғыштар су салқындатқыш қабы бар тот баспайтын болаттан жасалады. Суды салқындатуға арналған құйғыштар бақылау үшін ыңғайлы орындарға орнатылады.

28. Бүрку форсункасы жұмыс істеп тұрған кезде форсуналық қабатты, түтікше мен тозаң қондырғышты тазартуға жол берілмейді.

29. Майлы сүзгіштерді қалдықтан тазарту айына кемінде бір рет жүргізіледі; ауысымды қабылдау және тапсыру журналында тиісті жазба жазылады.

30. Жең сүзгіштеріндегі жеңдерді аршу және ауыстыру технологиялық регламентке сәйкес рұқсат наряды бойынша жүргізіледі.

31. Тозаң қондырғыш пен циклон (мультициклон) арасындағы тозаң өткізгіште тозаң қондырғышты оны тазарту кезінде тозаң ұстау жүйесінен ажырату үшін кесу шибері орнатылады.

32. Дәнекерлеу жіктері мен тозаң қондырғыш қабырғаларының жай-күйі бүрку қондырғысын күрделі жөндеу кезінде екі жылда бір рет тексеріледі. Тексеру нәтижелері актпен ресімделеді.

33. Тозаң қондырғыштар мен циклондардан ұнтақтар үздіксіз шығарылады. Циклондардан ұнтақтарды мерзімді түрде ауысымда бір рет шығаруға болады.

34. Көп шашыранды ұнтақтарды себу және жіктеу азот - қышқылы қоспасының ортасында жүргізіледі, оттегінің құрамы 8 % аспайды.

35. Қоректендіргіштің және уатқыштың электр қозғалтқыштары бұғатталады.


3-параграф. Опаны ұнтақтау және өңдеу


36. Әрбір бөлмеде екеуден аспайтын ұнтақтау - өңдеу қондырғыларын немесе екеуден аспайтын диірмендерді орнатуға жол беріледі. Бөлмедегі есіктердің ашылуы және жабылуы ұшқын шығармайды.

37. Опаны ұнтақтау және өңдеу азот-қышқыл қоспасында жүргізіледі, құрамындағы азот қышқылы 2-8 % дейін. Қоспадағы оттегі құрамы 8 % артық немесе 2 % кем болғанда қондырғы автоматты түрде тоқтатылады.

38. Пневмосепараторлық ұнтақтау қондырғылары мен өңдеу барабандары жекелей өңдеу кезінде шекті қосылымдарға жеткен кезде жұмыс істейтін дабылы бар автоматты газ талдағыштармен (азот - қышқыл қоспасындағы оттегі құрамын анықтау үшін), қысымды реттеу құралдарымен, қондырғылар мен барабандардағы тозаң, газ қоспасының температурасы мен қысымын өлшеу аспаптарымен жабдықталады.

39. Пневмосепараторлық ұнтақтау қондырғылары мен өңдеу барабандары жұмыс басталар алдында құрамында 2 - 8% дейінгі оттегі құрамы бар азот-қышқыл қоспасымен үрленеді. Үрлегеннен кейі пневмосепараторлық ұнтақтау жүйелеріндегі және өңдеу барабандарындағы оттегі құрамы 8 % аспайды.

40. Азот-қышқыл қоспасын опаны ұнтақтау және өңдеу бөлімшелеріне бөлу құбыр өткізгішінде қоспадағы оттегі құрамы 8 % астам немесе 2 % кем болғанда жұмыс істейтін жарық және дыбыс дабылы құрылғысы бар газ талдағыш орнатылады.

41. Бөлмелердегі қызмет көрсетушілердің саны аз болуы қажет. Ұнтақтау-сепараторлық қондырғысын немесе өңдеу барабанын іске қосу барысында бөлмеде болуға болмайды.

42. Желдеткіштің, диірмендердің және қоректендіргіштің электр жетектері бұғатталады.

43. Ұнтақтау - сепараторлық жүйесін іске қосу және тоқтату қондырғыдағы оттегі құрамы бойынша газ талдағыш көрсеткіштерімен бұғатталады.

44. Жүк тиеу бункерлері материалдарды тиеу кезінде олардан ауаны бөлу құрылғыларымен жабдықталады.

45. Дөңгелектерді диірмендерге тиеу бункерлері арқылы тиеуге жол берілмейді.

46. Диірменнің тиеу және түсіру қылталарындағы, қозғалтқыш білігінің қабырға арқылы өту орындарындағы тығыздамаларды жабдық тоқтағаннан кейін және диірменнің шетмойыны мен қозғалтқыштың білігі 45°С аспайтын температураға дейін салқындатқаннан кейін ауыстырылады.


4-параграф. Майды бүрку


47. Майды балқытуға және бүркуге арналған пеш температураны автоматты түрде реттеу құрылғысымен жабдықталады.

48. Бүрку майларын тұндыруға арналған есіктер жақсылап жабылады. Камера табиғи сорғы құрылғысымен жабдықталады.

49. Стеаринді жылыту қондырғылары 120 ° С астам температурада бак жылытқышын автоматты түрде өшіру құрылғысымен жабдықталады.

50. Қондырғыш камераның есіктерін жұмыс істеп тұрған кезде ашуға болмайды, тек бүрку аяқталғаннан кейін жол беріледі.

51. Майды балқытуға және бүркуге арналған пеш жергілікті сорғымен жабдықталады.


5-параграф. Алюминий - магний (бұдан әрі - АМ) қорытпасын дайындау


52. АМ қорытпасын алуға арналған тигельді электр пештері еден деңгейінен кемінде 200 мм шығып тұрады.

53. Электр пештері мен тигельдерінің корпустары жерге қосылады.

54. Тигельді пешке тигель күйген жағдайда қорытпаны шығару үшін сыйымдылығы бар авариялық жол қарастырылады. Жол гидро және термо оқшауланған, таза және құрғақ болады.

55. Шағылдырғыш пеште АМ қорытпасын алу кезінде осы пештің ваннасы қорытпаға қатысты бейтарап, отқа төзімді материалдармен футерленеді.

56. Шағылдырғыш пештің футерлегішін салу және жөндеу кезінде қорытпаның жарылыс реакциясы болуы мүмкін сұйық шыныны немесе басқа да силикаттарды қолдануға болмайды.

57. Тигельді пеште алюминий-магний қорытпасын алу кезінде ең алдымен оған магний, одан кейін алюминий салынады, шағылдырғыш пеште осы қорытпаны алған кезде ең алдымен алюминий, одан кейін магний салынады.

58. Қорытпа дайындау кезінде қорытпаның бетінде пайда бола бастаған жану ошағынан құрғақ флюс себіледі.

59. Флюстер тығыз жабылатын қақпағы бар ыдыста сақталады.

60. Салқын металл мен аспапты қорытылған металмен бірге тигельге тиеуге, ылғалды флюстарды қолдануға жол берілмейді.

61. Тигельдерді қорытылған металмен құю орнына тасымалдау және босатылған тигельдерді қайтару белгіленген маршрут бойынша жүргізіледі.

62. Қорытылған металы бар тигельдерді арбамен тасымалдау кезінде тигельдердің аударылуы мен металдың шашырауын болдырмайтын шаралар қолданылады.

63. Тигельдердегі металдың деңгейі олардың үстіңгі бетінен кемінде 150 мм төмен.

64. Тигельдерді дәнекерлеуді аттестатталған дәнекерлеуді жүргізуге жол беріледі. Тигельдерді тексеру үшін айналмалы бұйымдар қарастырылады.

65. Жөнделген жаңа тигельдерді оларды тексергеннен және таңбалағаннан кейін пайдалануға жол беріледі.

66. Дәнекерленген тигельдер әрбір балқымадан кейін тексеріледі. Тигельдерде сызаттар, қабыршақ қуыстар байқалғанда, дәнекерлеу жігі бұзылғанда, қабырға қалыңдығы 25 % және астам төмендегенде оларды пайдалануға жол берілмейді.

67. Тигельді пештің шахтасының ішкі бетінде қабыршақтардың жиналуына жол берілмейді.

68. Қорытпаны құю алдында құю конвейерінің сауытқорамдары кептіріледі және қыздырылды.

69. Кішкене науалар мен құю бұйымдары қоқыстар мен флюс қалдықтарынан тазартылады және қорытпаны құю алдында кептіріледі.

70. Құю конвейерінің сауытқорамдарын сумен салқындатуға болмайды.

71. Конвейердегі қорытпаны құю кезінде қорғану ортасы ретінде ұнтақ тәріздес күкіртті немесе күкірт газын қолдану қажет.

72. Құю конвейерлері оралады және жергілікті сорғымен жабдықталады. Жергілікті сорғылар күкірт газы баллондары бар рампалардан, қорытпа алу пештерінен және флюстерді ұнтақтау және ұсақтау қондырғыларынан қарастырылады.


6-параграф. Алюминий-магний қорытпасынан алынған ұнтақты

ұнтақтау және себу


73. АМ қорытпасынан алынған ұнтақты ұнтақтау және себу оттегі құрамы 2-5 % дейінгі оттегі бар азот - қышқыл ортасында жүргізіледі. Диірменнен шығу жолындағы тозаң, газ қоспасының температурасы 65°С аспайды.

74. Пневмосепараторлық ұнтақтау жүйесі шекті қосылымдарға жеткен кезде жұмыс істейтін дабылы бар автоматты газ талдағыштармен (азот - қышқылы қоспасындағы оттегі құрамын анықтау үшін), көрсетілген қоспаның қысымын реттеу құралдарымен, тозаң, газ қоспасының температурасы мен қысымын өлшеу аспаптарымен жабдықталады.

75. Азот - қышқыл қоспасын АМ ұнтағын себу үшін уатқыштарға бөлетін құбыр өткізгіште азот-қышқыл қоспасында шекті қосылымдарға жеткен кезде жұмыс істейтін дабылы бар автоматты газ талдағыш және манометр орнатылады.

76. Қоректендіргіш пен уатқыштың, диірмен желдеткіші мен қоректендіргішінің электр жетектері бұғатталады.

77. Ұнтақтау жүйесін іске қосу және тоқтату азот-қышқыл қоспасындағы оттегінің құрамы бойынша газ талдағыштың көрсеткіштерімен бұғатталады.

78. Алюминий - магний қорытпаларынан алынған ұнтақтарды ұнтақтау мен себу бөлімшелеріне осы Талаптың 38 - 40, 42 – 44 - тармақтары қолданылады.


7-параграф. Магний сақиналарын фрезерлеу және

магний ұнтағын себу


79. Магний сақиналарын фрезерлеу станоктарында кесу режимдері магний ұнтағының тұтану мүмкіндігін болдырмайды.

80. Ұнтаққа құйғаннан және аршығаннан кейін жай көзге көрінетін сызаттары, флюс және шлак қосындылары бар сақиналарды өңдеуге жол берілмейді.

81. Тік фрезерден басқа фрезерлік станокты ол жұмыс істеп тұрған кезде күйге келтіруге болмайды.

82. Фрезаларды ауыстыру кезінде станок жетегінің электр қозғалтқыштары ажыратылады.

83. Фрезерлік станокты апаттық жағдайлардан басқа соңғы жүрісте тоқтатады.

84. Фрезерлік станоктар өнім іске қосылған кезде жетекті ажырататын құрылғымен жабдықталады.

85. Фрезерлік станоктардағы пневмокөлік жүйесінің келте құбырлары ұнтақ жанған кезде құбыр өткізгіштерді кесіп тастауға арналған шиберлермен және кесетін аспаптың сынықтарын ұстауға арналған құрылғылармен жабдықталады.

86. Уатқыш жетектерінің электр қозғалтқыштары аспирациялық жүйемен бұғатталады. Бұғаттау уатқыштардың аспирациялық жүйесі жұмыс істемеген жағдайда іске қосылуы мен жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

87. Электр жабдығының немесе жерге қосылудың ақаулығын анықтаған жағдайда агрегатты тоқтатады немесе барлық бөлімшелерге электр энергиясын беруді тоқтатады.

88. Фрезерлік станоктардан пневмокөлік жүйесінің құбыр өткізгіштеріндегі магний ұнтағының қосылымы ауадан 25 г / м 3 аспайды.

89. Пневмокөлік жүйесінің ауа өткізгіштерінің тазалау люктері мен тозаң, ауа қоспасының сынамаларын алуға арналған штуцерлері болады. Люктер мен штуцерлерге қызмет көрсету үшін алаңдар орнатылады.

90. Фрезерлік станоктардан пневмокөлік жүйесінің құбыр өткізгіштерінен магний ұнтағы мен тозаң ауа қоспасы қосылымдарын бақылау үшін сынама алу ұйымның техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша жүргізіледі.

91. Ауа өткізгіштердің жай - күйін тексеру және оларды тазарту айына бір рет ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

92. Магний ұнтағының пневмокөлік жүйесіндегі ақаусыздықтарды анықтаған жағдайда фрезерлік станоктар тоқтатылады.

93. Май сүзгіштерде қолданылатын майдың құрамында суда ерігіш қышқылдар мен сілтілер болмауы қажет. Майдың тұтану температурасы 150 ° С төмен болмайды.

94. Өрт пайда болған жағдайда барлық бөлімше жабдығының электрмен қоректендіргішінің апаттық қашықтықтан басқарылатын ажыратқышы қарастырылады.

95. Пневмокөліктің аппараттары мен ауа өткізгіштері сақтандырғыш мембраналармен жабдықталады.

96. Магний ұнтағын өндіретін цехтар мен бөлімшелерде өртеуге арналған қалдықтар қоймалары, өндірілмеген өнімдердің ауыстырмалы қорларының қоймалары, қайта балқытуға жататын магний сақиналары мен қалдықтарын сақтау алаңдары қарастырылады.


8-параграф. Дайын өнімдердің қоймасы


97. Өнімдері бар барабандар (банкалар) бір қатарда тік күйінде қоймаларда сақталады. Барабандарды олардың арасына тақтай мен жұқа тақтайшаларды төсей отырып, екі қатарда сақтауға болады.

98. Өнім салынған барабандардың қатарлары мен қойма қабырғаларының арасындағы қашықтық кемінде 1 м, орталық өту жолындағы қатарлар арасындағы қашықтық кемінде 1,5 м болады.

99. Ұнтақтар мен опаларды тасымалдау жабық және құрғақ теміржол вагондары мен басқа да көлік құралдарымен жүргізіледі. Өнім салынған барабандар тік қалпында орнатылады.


Мазмұны


Бөлім, тарау,

параграф

Мазмұны

Беті

1-тарау

Негізгі ережелер




2-тарау

Технологиялық бөлім




1-параграф

Технологиялық процестерді қауіпсіз жүргізудің

жалпы талаптары




2-параграф

Алюминийді бүрку және бүріккішті себу




3-параграф

Опаны ұнтақтау және өңдеу




4-параграф

Майды бүрку




5-параграф

Алюминий-магний (АМ) қорытпасын дайындау




6-параграф

Алюминий-магний (АМ) қорытпасынан алынған ұнтақты ұнтақтау және себу




7-параграф

Магний сақиналарын фрезерлеу және магний ұнтағын себу




8-параграф

Дайын өнімдердің қоймасы







Мазмұны






Похожие:

Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПлавикалық қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талабы концентрациясы 70 аспайтын фторлы алюминий және жасанды криолитті (әрі қарай-плавикалық қышқылды...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары icon1-тарау. Жалпы талаптар
Бериллийді, оның қосындыларын және олардан бұйымдар өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconГаздарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Талаптар газөңдеу мен гелий өндірістеріне, табиғи және мұнай газдарын өңдеу қондырғыларына, күкірт өндірісіне, газ конденсатын...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық тәсілмен қазу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы ашық тау-кен жұмыстары объектілерін...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconӨнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconФосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Осы Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің Талаптары...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconПайдалы қазбаларды ұсақтау, сұрыптау, байыту және рудалар мен концентраттарды кесектеу кезіндегі
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылы 25 шілдеде №132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconҚара металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Бұл Талап қара металлдар сынықтар мен қалдықтарын конструкциялау және оларға құрал-жабдықтарды дайындау кезінде қайта өңдеу және...
Алюминий, магний ұнтақтары мен опаларын және олардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары iconМыс қорыту өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
Тарау. Өндірістік алаңдарға, ғимараттарға, құрылыстар мен жайларға қойылатын талаптар
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница