Адилбекова забираш ашимхановна




Скачать 480.13 Kb.
НазваниеАдилбекова забираш ашимхановна
страница1/4
докторы А Т
Дата конвертации07.02.2016
Размер480.13 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.iie.kz/userfiles/999.doc
  1   2   3   4


ӘӨЖ 94(574-25) Қолжазба құқығында


АДИЛБЕКОВА ЗАБИРАШ АШИМХАНОВНА


Қазалы қаласы мен уезiнiң әлеуметтiк-экономикалық

және мәдени дамуы

(1847-1917 жж. тарихи аспектiлері)


07.00.02 - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ





Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009



Жұмыс ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінде орындалды.



Тарих ғылымдарының докторы,

профессор Қасымбаев Ж.Қ.

тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбдіров М. Ж.




Ғылыми жетекшiлері:



тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәшімбаев С.М.


тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мырзатаева З.Б.





Ресми оппоненттер:

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

Жетекші ұйым:


Диссертация 2009 жылы «26» қараша сағат 14-30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих ғылымдарының докторлық ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29


Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).


Автореферат 2009 жылы « » таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева


КIРIСПЕ



Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Қазалы қаласы мен уезінің 1847–1917 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жаңа көзқарас тұрғысында зерттеуге арналған. Аймақтың ХІХ ғ. ортасына дейінгі тарихы мен оның төменгі ағысында Хиуа мен Қоқан хандықтарының бекіністер мен қамалдар салуы, Ресейдің Сыр бойындағы әскери шебінің құрылуы, соның ішінде Қазалы қаласының тарихы жан-жақты қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдегi кез-келген өркениеттi мемлекет өз тарихын қастерлейдi. Оны елдiң ертеңi келер ұрпаққа жеткiзедi. Көк байрағы еркiн желбiреген Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып қалыптасуы республика тарихын зерттеуге мол мүмкiндiк берiп отыр.

Қазақстанның айбынын асқақтатып, дүбірін дүниеге танытқан – Тәуелсіздік ел тарихын жете зерттеуге жол ашты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясаты халықтың өткен тарихы мен рухани құндылықтарын сақтап, ұрпаққа жеткізуге бағыттайды.

Егемен елiмiздiң өткен ғасырлардағы және Кеңестiк дәуiрде құрылған қалалары туралы кең көлемде зерттеулер жүргiзiліп, ғылыми еңбектер жарық көрдi. Әлемдегi кез-келген мемлекеттiң, халықтың, ондағы қалалардың өзiнше қалыптасу, даму тарихы бар екенін жүргізілген зерттеулер мен ашылған ғылыми жаңалықтар дәлелдеуде. Қалаларда сақталған тарихи ескерткiштер, табылған материалдар, ғылымның сан-саласы бойынша құнды деректер бередi.

Түркiстанның 1500 жылдығының, Тараздың 2000 жылдығының, жаңа Астананың 10 жылдығының тойлануы қалалар тарихы да ғылымда маңызды орын алатынын бiлдiредi.

Республикамыздағы қалалар тарихын зерттеу тарих ғылымындағы бағыт алған iрi саланың бiрi. Қаланың тарихын зерттеу арқылы сол мемлекеттiң экономикалық дамуы, халықтың әлеуметтiк жағдайының өскенi, халықтың мәдени-демографиялық жетiлгенiне сараптар жасай аламыз. Қазан төңкерiсiне дейiнгi қалалар тарихын зерттеу де тарих ғылымындағы маңызды мәселелердiң бiрi. Кең байтақ қазақ елiнiң әрбiр қаласының өз орны, тарихы, даму кезеңдерi бар. Қала тарихына қатысты жазбалар, тұрғылықты халықтың мәдениетi, олардың айналысқан iстерi басқа да зерттеулердi жүргiзуге жол ашады. Қала тарихын зерттеудiң өзектілігі сонда - қала материалдық өндiрiстiң, миграциялық үрдістердiң, әлеуметтiк қатынастардың, сауда-экономикалық байланыстардың, мәдени-ағартушылық орындардың орталығы. Кеңес дәуірі кезінде қалалар тарихының бір жақты зерттелуі, саясаттың шеңберінен шықпай, көп жағдайларда шындықтың бүркемеленуі қазір қалалар тарихының көптеген мәселелеріне жаңа көзқараспен қарауды талап етіп отырған мәселе.

Сырдария шебінің бойындағы аз зерттелген қалалардың бiрi - Қазалы. Қазалы бекетінен оңтүстiкте қарай 12 шақырым жерде, Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш рет 1848 жылы Қазалы форты болып негізін қалады. 1853 жылы №1 форт деп аталатын әскери бекiнiс болып құрылды. 1867 жылдан кейін уездік қала мәртебесін алды. Оның Орынбор-Ташкент жолына орналасуы тезiрек қалаға айналуына қолайлы жағдай туғызды. Қала өзiнiң қалыптасу кезеңiнен-ақ осы аймақтың экономикалық потенциалына ауқымды үлес қоса бастаған орталық болды. 1867 жылғы әкімшілік реформадан кейiн Қазалы уездік орталық болған соң әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағартушылық үрдістердің жандануына жаңа леп бердi. Қазалы Ресейдің Орта Азия хандықтарына, Хиуа, Бұқара, Ташкенге тауарларды өткізуде транзиттік рөл атқарды.

Бiрақ, Кеңес дәуiрi кезiнде де, егемендiк алғаннан кейiн де Қазалы қаласының тарихына үңiлу Кеңестiк зерттеушiлердiң де, егеменді Қазақстан тарихшыларының да назарынан тыс қалды.

Бiр жарым ғасырлық тарихы бар Қазалы қаласына қатысты зерттеулер, еңбектер де республиканың ғылыми қорын байытуда мол үлес қосатын болады. Ол республика тарихын тереңiрек, нақтылай зерттеуде, оның түрлi аспектiлерiн, ерекшелiктерiн ашуда маңызды рөл атқарады.

Қалалар тарихына қатысты зерттеу жұмыстарынан байқалатын нәрсе Қазақстанның оңтүстiгiндегi Сырдария бойындағы қалалардың (ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы) Қазан төңкерiсiне дейiнгi тарихының зерттелмеуi. Диссертациялық зерттеулер солтүстiк, батыс және солтүстiк-шығыс аймақтардағы қалалардың тарихына қатысты жазылған. Сондықтанда Сырдария бойындағы Қазалы қаласының тарихын зерттеу кезек күттірмейтін мәселе.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Революцияға дейінгі тарихнамада Сырдария облысының 5 уезінің, оның ішінде Қазалы уезінің тарихы туралы құнды зерттеулер Н.И. Гродековтің еңбегінде келтірілген [1]. Н.И. Гродеков қырғыздар мен қарақырғыздардың тұрмысын зерттеу өте маңызды екенін, себебі Ортаазиялық облысымыздағы көшпелі тұрғындарды дұрыс басқару жүйесінде және ғылым үшін керек екенін атап өткен. Еңбекте Қазалы уезіндегі әдет-ғұрыптар, айыбтар төлеу, оның мөлшерлері жөнінде кеңінен қарастырылған.

С. Зыков еңбегінде Райым бекінісінің бастығы майор Энгман қоқандықтарды қуып, Қошқорған бекінісін жаулап алғаны туралы мәлімет келтіреді [2].

Қазалының ерте тарихы орыс ғалымдары мен саяхатшыларының атап айтсақ: А. Грен [3], Л. Костенко [4], И. Аничков [5] еңбектерінде кездеседі. Қазалы аймағын зерттеген И. Аничков Қазалы уезінің құрылуы, жалпы жағдайы, 1891 жылғы аштық туралы мол мәлімет береді. Сырдарияның төменгі ағысындағы ірі қалалардың бірі, 8 мың тұрғыны бар тек Қазалы қаласы, оның Орынбор мен Ташкенттің арасына орналасуы мәдени орталық болуға даусыз екенін атап өткен.

А.И. Макшеевтің зерттеулерінде Қазалы уезінің орналасуы, уездің тұрғындарының рулық құрамын Кіші жүздің Әлімұлынан тарайтын, яғни кішкене шекті, төртқара, қарасақал рулары құрайтынын нақты құнды мәліметтермен берген. Л. Мейер ХІХ ғ. 60-жылдарында бекіністерде соның ішінде №1 фортта мектеп ашу туралы айтылғанын, 1860 жылдан 1803 сом 50 тиын бөлініп тұрғаны, егін шаруашылығының дамуы туралы қарастырады [6].

Қазалы қаласына қатысты толықтай деректер Сырдария бойындағы қалалардың тарихын зерттеген А.И. Добросмысловтың еңбегiнде кездеседi. Қаланың географиялық орналасуы, 1867 жылғы реформадан кейiнгi уездік басқарманың құрылуы, халық саны, жер көлемi, шаруашылық басқарма жұмысы, оқу орындары, сауда, балық шаруашылығы туралы мол мағлұмат береді. Түркістан өлкесі қалаларының тарихын зерттеген М.В. Лавровтың Қазалы уезінің Қызылқұм құмдарымен шектесіп жатқандығын, көктем кезінде үлкен балық саудасының жүргізілетінін, Қазалы уезінде сауаттылар 0,95 пайызды ғана құрайтынын атап өткен [7].

Революцияға дейінгі ғалымдардың Қазалы қаласы туралы зерттеулері өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.

Кеңес дәуіріндегі Т.Өтебаевтың зерттеуінде Қазалы қаласының аталу тарихына тоқталған. Сырдарияның оң жақ жағасында дариядан бөлiнген бiр кішкене өзекше болады. Өзекшеден бiр шал балық аулап кәсiп етедi. Ол балықты жазда шанышқы, қыста қазамен аулаған. Бiрте-бiрте бұл өзекшеге қаза басушылар көбейедi. Осыдан келiп, қаза басқан өзекше «Қазалы» атанады. Түпкiлiктi қоныс көрiп жүрген Райым отрядына осы Қазалының қасы қолайлы болып, жұрт сол жерге қоныстана бастайды. Бұл жерге Бұқарадан, Хиуадан саудагер өзбектер, еврейлер, Орынбордан, Қарқаралыдан татар көпестерi келе бастайды. Сөйтiп, бұл жер сауданың үлкен пунктiне айналады. Қаланың тұрған жерiнiң төңiрегi егiн егуге, әсiресе бақша өнiмдерi үшiн қолайлы болады. Мұнда келген бұқаралық, хиуалық өзбектер бақшалықты өркендетiп, төңiрегiне ағаштар отырғызады. Сөйтiп, олар үйлер салып, кiшкене сауда пунктiн қалаға айналдырып оның атын «Қазалы» деп атайды [8].

Қазақстан ғалымдары ішінде бірінші болып қала тарихына көңіл бөлген-Әлкей Марғұлан болды [9]. Археология ғылымының негізінде Қазақстанның көне қалаларының тарихын зерттеуге қол жетті.

С.Е. Толыбеков революцияға дейінгі көшпелі қазақ ауылдарының экономикасының кейбір мәселелері туралы айта келіп, Қазалы уезінің статистикалық тексерудің материалынан мәліметтер келтірген. Біз қарастырып отырған аймаққа қатысты Сыр бойы қазақтарының 1856–1858 жылғы көтерілісінің шығу себептерін Т.Ж. Шойынбаев және В.Ф. Шахматов нақты көрсете білген [10].

Көрнекті кеңес тарихшысы С.П. Толстов өзінің еңбектерінде Сырдарияның төменгі ағысындағы Жетіасар, Шірік-Рабат, Бәбіш-молда, Баланды, Барак-там ескерткіштері осы өңірдегі тайпалардың мәдениетінің айнасы екенін атап өткен [11].

Қазан төңкерiсiне дейiнгi қалалар тарихы туралы Ж.Қ. Қасымбаевтың, Д.И. Дулатованың [12] еңбектерiнде кеңінен қарастырылса, сол кездегi қалалар халқының әлеуметтiк, ұлттық құрамы туралы Э. Герасимованың, Г.К. Кронгардтың, И.П. Орлянскийдің, Н.В. Алексеенконың еңбектерiнде кездеседi.

Шығыс Қазақстан қалаларын зерттеген Ж.Қ. Қасымбаевтың қала мен уезд туралы зерттеулері мен тұжырымдары Ресей империясының саясатын, қазақ-орыс қатынастарының жетістіктерін көрсеткен.

Отан тарихын зерттеуде жемісті еңбектерімен танымал тарихшы-ғалымдар М.Х. Асылбеков, В.З. Галиев, У.Х. Шәлекенов және тағы басқалардың еңбектері зерттеушілерге негіз болып қалған еңбектер қатарында [13].

Көрнекті ғалымдардың бірі М.Х. Асылбеков өзінің еңбектерінде ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы темір жолдардың дамуы, оның ішінде Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы Қазалыға да үлкен әсер еткенін атап өткен.

Қазіргі зерттеушілердің бірі В.З. Галиевтің еңбектерінде саяси қуғынға ұшырап, Қазақстанға жер аударылған революционерлер, жер аударылып келген дәрігерлердің жергілікті жерлердегі атқарған қызметі, дәріханалар туралы жазған. Мысалы: ХІХ ғ. 90-жылдарында Қазалыда жеке меншік дәріхананың жұмыс істегені, бірақ 1906 жылы жабылып қалғаны жөнінде айтады.

Сырдария, Амудария, Арал өңірі халықтарының тарихын зерттеген этнограф-ғалым У.Х. Шәлекеновтің еңбектерінде ХІХ ғ. басында қазақтарға қарсы Хиуа және Қоқан хандықтары жаулап алу саясатын жүргізіп, Сырдария қазақтарының екі оттың ортасында қалғанын айта келіп, Қоқан хандығы оларды басып алу үшін Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған, Қошқорған, Ақмешіт сияқты фортификациялық бекіністер салғанын, Хиуа хандығы Мұхаммед Рахим хан (1806–1825) кезінде агрессиялық саясатын күшейтіп, бірнеше іс шараларды атқарғанын атап өткен.

Қазалы қаласындағы шаруашылықтың дамуы, өлкенi басқарудағы әскери-отарлау аппараттың жұмысы, Қазалыда сауданың дамуы туралы П.Г. Галузоның зерттеулерінде келтiрiлген [14].

А.С. Елагин Қазақстан қалаларының тарихын зерттеудің міндеттеріне баса назар аударған. Қазақстан қалалар тарихын методологиялық тұрғыдан зерттеудің жолдарын Қ.С. Нұрғалымова жіктеп көрсеткен. Ф.Н. Базанованың айтуынша Қазақстанға Ресейден келген халықтар өкілі республика халқының ұлттық құрамының өзгеруіне әкелген. В.Я. Басин, Т. Керимбаев Сырдарияның төменгі ағысындағы көшпелі қазақтардың өмірі Қоқан және Хиуа хандықтарының қысымынан төмен жағдайда болғанын көрсетеді. К.А. Биржановтың зерттеуінде Қазалыдағы суармалы шаруашылықтың дамуы көрсетіледі [15].

Егемендік алғаннан кейін Ақмола қаласы мен уездік қаласының, Аякөз округі мен уезінің, Зайсан қаласы мен уезінің, Ақтөбе қаласы мен уезінің қазан төңкерiсiне дейiнгi тарихтарынан Г.А. Алпысбаева, А.Ж. Ерманов, Л.Е. Урдабаева, Р.Р. Оспанова, М.З. Утегенов, Т.А. Бекбаева зерттеулер жүргiзiп, диссертациялар қорғады.

Өзбекстан Республикасында 1960 жылдары шыққан П.А. Шмачковтың еңбектерінде Қазалы туралы материалдар бар. П.А. Шмачковтің зерттеуінде ХХ ғасырдың басында Ресейдің европалық бөлігін аграрлық толқу қамтыған кезде, патша өкіметі Түркістанға шаруаларды қоныстандыруды ерекше қолға алып, Амудария, Сырдария облысының Қазалы уезіне оралдықтарды жер аударғанын, балық шаруашылығын дамытуда олар маңызды рол атқарды деп қорытындылайды [16].

Диссертациялық зерттеу жұмысын жазуда пайдаланылған зерттеулерде қаланың Қазалы аталуы туралы деректер бар. Қазалы атауы балық аулау үшiн қолданылатын «қаза» деген құрал-жабдықтың атынан шыққан десе, басқа бір деректерде бұл жерде әділ қазылығымен халыққа жаққан бір адамға байланысты «Қазы» атанып, кейін «Қазалы» болып өзгерсе, келесі бір аңызда ерте кезде осы өлкеде шалқыған көл болған, көл беті жүзген аққу мен қаздан көрінбеген, соған орай «Қаз елі» деп атаған дейді.

Қазалы атауына байланысты мына бір болжам тіліміздің ұшында тұрады да қояды. Бұл өлкенің халқы ертеде Жанкент қаласын, оның айналасын мекен еткен. ІХ–ХІ ғасырларда өз әйелі Бегім сұлуды қызғанышпен жазықсыз кінәлап, күнәһар деп есептеген Жанкенттің билеушісі қатыгез Санжар оның бір қолын кесіп, бұрымын қырқады. Бұл қорлыққа шыдамай, ызаланған Қарабура әулие Санжар ханды қарғап, өзіңмен қоса елінді жылан сорсын деп теріс бата береді. Көп ұзамай дауыл тұрып, аспанды қара бұлт жайлап, жер мен көкті қара тұман басады, көл-көсір жаңбыр жауып, жаңбырмен бірге қаланың үстіне қаптаған қара жылан түседі. Ханнан бастап халыққа жаудай тиіскен ордалы жыланнан ешкім қашып құтыла алмайды. Жанкентті мекендеген қалың халық осылайша қырылып, қайғылы қазаға ұшырайды. Қаланың орнында – Қазалы ауданының осы күнгі «Өркендеу» ауылында ордалы жыландардың күні кешеге дейін қаптап жүргені жергілікті халықтың көз алдында. Осыдан соң көпке дейін бұл жерде ел тұрмаған. Қазалы жер деп қорыққан. Бәлкім, Қазалы атауының төркіні осы бір қайғылы оқиғаға байланысты шыққан шығар.

Қазақстанның Жетісу, Сырдария қалаларын зерттеген археолог-ғалым К.М. Байпақовтың, Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеуде қомақты үлес қосып келе жатқан тарихшы-ғалымдар С. Жолдасбаевтың және М. Елеуовтың еңбектерінде ерекше атауға болады [17].

М.С. Мұқановтың егемендіктен кейін жарияланған еңбектерінде Қазалы уезінің территориясы мен ондағы Кіші жүздің әлім ұлынан тараған: шекті, қаракесек, қарасақал, төртқара, шөмекей руларының пайыздық көрсеткішін берген [18, 68-б.].

Отан тарихын зерттеуде жемісті еңбектерімен танымал тарихшы-ғалымдар М.Ж. Әбдіров, С. Мәдуанов және М.У. Шәлекеновтың, С.М. Мәшімбаевтың қазіргі көзқараста жазылған еңбектерінің ғылыми маңызы зор [19].

Қазалының тарихын бедерлеуде жергілікті тарихшы зерттеушілердің де қосқан үлесі зор. Оған Н.Т. Мұсабаев пен А. Мұсабаеваның еңбектері дәлел. Қазалы паровоз депосының құрылуы мен даму тарихы Н.Ж. Әлмағанбетовтың еңбегінде кеңінен қарастырылған. Кейінгі кезеңде баспасөз бетінде Қазалы қаласының алғашқы кірпішін қалағандардың бірі ретінде Сердалы Бекшорин туралы материалдар көп жарияланып жүр. Осы тұрғыда зерттеуші, мұражайтанушы Ә. Меңдекенің мақаласын атап өтуге болады [20].

Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар тарихын кешенді түрде зерттеуде ҚР БҒМ ҒК Ә. Марғұлан атындағы Археология институты мемлекеттік «Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша жүргізіліп келетін зерттеулерде Жанкент туралы тың деректері маңызды рөл атқарады.

Қазалы уезінің демографиялық өсуі, шаруашылық ахуалі, егіншілік тарихы, мал шаруашылығының сипаты туралы басқа да ғалымдар мен ізденушілердің мақалалары бар.

Тарихнамалық талдауларды қортындылай келе, көптеген еңбектер мен деректерде Қазалы қаласы мен уезінің құрылуы және нақты территориялық орналасуы туралы ғана сипатталады. 1847–1917 жылдардағы Қазалы қаласы мен уезінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын кешенді зерттеу бүгінгі таңда отан тарихындағы қалалардың тарихын зерттеуді қажет етеді.
  1   2   3   4

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница