Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер




НазваниеҚолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер
страница1/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.minplan.kz/upload/iblock/428/Kosimsha.doc
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы 

Экономикалық даму және сауда

министрінің

2011 жылғы

№ бұйрығымен бекітілген


Қабылданатын заң жобаларының

қолданылуының әлеуметтік-экономикалық

салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Жалпы ережелер


Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша осы әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - әдістемелік ұсыныстар) Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларына бағалау өткізу процесін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнамалық актілердің жобаларын қоспағанда, нақты айтсақ, конституциялық заңдардың жобалары, кодекстер, заңдар, заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары жатады.

Әдістемелік ұсыныстар екі бөлімнен тұрады: I-бөлім: Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобаларының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалаудың Паспортын толтыру бойынша ұсыныстар ( бұдан әрі - Паспорт). II-бөлім: Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау процесінде логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері және оны тәжірибелік пайдалану ұсыныстары (бұдан әрі - логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері). Паспорт басқа қажетті құжаттармен бірге: - Қазақстан Республикасының заң жобаларына (бұдан әрі – заң жобалары) экономикалық сараптаманы жүзеге асыратын ұйымға;

- заң жобаларын келісілу кезінде мүдделі мемлекеттік органдарға;

- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктеріне ұсынылады.

Осы әдістемелік ұсыныстарда келесі ұғымдар пайдаланады: Заң – маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген негіз құраушы принциптер мен нормаларды бекітетін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 3) тармақшасында ескерілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт;

  • Норматитвтік құқықтық актілер (НҚА) – құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша тоқтататын, референдумда не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдайтын жазбаша ресми құжат;

  • Әлеуметтік-экономикалық салдарлар – материалдық және материалдық емес ресурстарды, өндірісті таратуда және тұтынуда, тауарлар мен қызметтерді шығаруда, таратуда, ауыстыруда және тұтынуда қатынастардың жиынтығын айқындайтын салдарлар;

  • Әлеуметткі-экономикалық көрсеткіште – әлеуметтік-экономикалық салдарларды айқындайтын нақты статистикалық көрсеткіштер;

  • «Әлеуметтік-экономикалық оңтайлылық» критерийлері – қоғамдық өндірістің ғана емес, қоғамның мәдениет, денсаулық сақтау, өндірістік емес ортаның басқа да салалары сияқты «экономикалық емес» кіші жүйелерінің қызмет ету нәтижелерін айқындайтын экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да көрсеткіштер мен сипаттамалар;

  • Заң шығару саласы – ұлттық заңнама жүйесінің ішінде оқшауланған, қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық актілердің жиынтығы;

  • Экономика саласы – өндірілетін өнімнің, технологиялардың және қанағаттандыратын қажеттіліктердің ортақтығына ие кәсіпорындар мен өндірістердің жиынтығы;

  • Құқық нормасы нормативтік құқықтық актіде қалыптастырылған, бірнеше рет пайдалануға арналған және нормативтік-регламенттелген жағдайдың шеңберінде барлық тұлғаларға таратылатын әрекет етудің жалпы қабылданған ережесі;

  • Республикалық бюджет – осы Кодексте анықталған салымдар есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтанған ақша қоры;

  • Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеті, астаналар, ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;

  • Бюджеттен тыс қаржы көздері – нысаналы бағыты бар және мемлекеттік бюджетке кірмейтін мемлекеттің ақша қаражаты;

  • Ұлттық Қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында қаржылық активтер ретінде, сондай-ақ материалдық емес активтерді есепке алмағанда басқа меншік ретінде жинақталған мемлекеттің активтері. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаржылық активтерді және басқа да меншікті жинау, экономиканың мұнай секторы мен жағымсыз сыртқы факторлар әсеріне тәуелділігін азайтуды қамтамасыз етуге арналған;

  • Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады;

  • Болжамдау - болжамдарды әзірлеу процесі;

  • Болжамнысанның болашақтағы мүмкін болатын жағдайы және (немесе) жүзеге асырылудың балама жолдары мен мерзімдері туралы ғылыми негізделген талқылау;

  • Жоспарлауболашақта мақсатарды, міндеттерді және әрекеттерді қоюмен байланысты қызмет түрі;

  • Қысқа мерзімді кезеңұзақтығы бір жылдан аз қезең;

  • Орта мерзімді кезеңұзақтығы 1 жылдан астам және 5 жылға дейінгі кезең;

  • Ұзақ мерзімді кезең - ұзақтығы 5 жылдан артық кезең;

  • Табыстарэкономикалық объектілердің (жеке тұлға, отбасы, кооператив, фирма, мемлекет және т.б.) экономикалық әрекет нәтижесінде алатын ақшалай немесе заттай нысандағы қаражат;

  • Шығыстар (шығындар) – ақша қаражатының, басқа мүліктің жұмсалуы нәтижесінде экономикалық табыстарды азайту;

  • Тікелей шығыстар (шығындар) – заң жобаларын іске асырумен тікелей байланысты шығыстар;

  • Жанама шығыстар (шығындар) – заң жобасын іске асырумен тікелей байланыссыз, бірақ оны сүйемелдейтін шығыстар;

  • Тәуекел  — міндетті түрде жағымсыз салдарларының болуымен ерекшеленетін аяқталуы белгісіз жағдайдың сипаттамасы.


I-бөлім: Паспорттың құрылымы

Заң жобасын бағалау паспортын заң жобасын әзірлеуші толтырады және келесі бөлімдерден тұрады:

1. Жалпы ақпарат

1.1. Әзірлеуші

1.2. Заң жобасының атауы

1.3 Заң жобасынының мақсаты

1.4. Құқықтық реттеу нысаны

1.5. Заңнама саласы

1.6. Заң жобасының түрі

1.7. Заң жобасының қолданысы 1.8. Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі

1.9. Заң жобалары нормаларының ақпараттылық коэффициенті

1.10. Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті

2. Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

3. Әлеуметтік-экономикалық салдар

4. Пайда мен шығасыны талдау

5. Қаржыландыру көзі

6. Қорытындылар


Паспорттың 1-бөлімі: «Жалпы ақпарат». Паспорттың осы бөлімінде әзірлеушінің зерттелетін заң жобасының заңнамалық салаларын айқындау, қалыптасқан жағдайды талдау және проблемаларды анықтау, заң жобасының нысаналы тобын анықтау, болашақта қажет жағдайды ұсыну, оған қол жеткізу үшін қажетті стратегияларды таңдау бөлігінде өткізген заң жобасын талдаудың нәтижелері көрсетіледі.

1.1. «Әзірлеуші» кіші тарауында заң жобасының әзірлеушісін көрсету қажет.

1.2. «Заң жобасының атауы» кіші тарауында заң жобасының атауын көрсетіп кету қажет.

1.3. «Заң жобасының мақсаты» кіші тарауында заң жобасының мақсатын көрсету қажет.

1.4 «Құқықтық реттеу нысанысы» кіші тарауында заң жобасының құқықтық реттелу нысанын, яғни осы заң жобасымен реттелетін қоғамдық қатынастардың жиынтығын көрсету қажет.

1.5. «Заңнама саласы» кіші тарауында зерттелетін заң жобасының реттеуіне түсетін заңнама саласын көрсету қажет.

Заң жобасын заңнаманың белгілі бір саласына жатқызу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1378 қаулысымен бекітілген заңнама салаларының жіктемесін басшылыққа алу қажет. (Әдістемелік ұсыныстарға №2-қосымша).

Көрсетілген жіктемеді қандай да бір саланың (кіші саланың) болмауы жағдайында, оны қажет ақпаратпен толықтыру керек.

1.6. «Заң жобасының түрі» кіші тарауында заң жобасының мынадай өлшемдерге сәйкес түрін көрсету қажет:


Заң жобасының түрі

Сипаты

Дербес

Маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

қолданыстағы түзетудің 50%-дан астамын өзгерту қажеттілігі және т.б.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді

заңдардың атауын көрсету

Өзгерістер енгізеді

заңдардың атауын көрсету

Толықтырулар енгізеді

заңдардың атауын көрсету

Басқа заңды жоюға қояды

заңдардың атауын көрсету

1.7. «Заң жобасының қолданысы» кіші тарауында кестеде заң жобасы қолданысын уақыт, кеңістік және тұлғалар бойынша әрекетін көрсету қажет.

Заң жобасының қолданысы

Сипаты

Уақыт бойынша




Кеңістікте




Тұлғалар бойынша (нысаналы топ)






Заң жобасының уақыт бойынша қолданысы. «Сипаты» бағанында мыналарды көрсету қажет:

  • күшіне енеді;

  • пайдалануға беріледі;

  • заңды күшін жояды;

  • кері күшке ие;

  • әрекетін сақтау қажет.

Заң жобасының кеңістіктегі қолданысы.

Егер Заң жобалары нормативтік құқықтық актілердің өзінде немесе оларды пайдалануға беру актілерінде басқаша ескерілмеген жағдайда заң жобалары өзінің әрекетін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратады.

Осы кіші тарауда, сондай-ақ заң жобасын төмендегідей етіп нақтылау қажет («Сипаты» бағаны):

  • халықаралық;

  • мемлекетаралық;

  • ұлттық (ҚР барлық аумағында қолданылады);

  • өңірлік (ҚР аумағының жартысында қолданылады).

Заң жобасының тұлғалар бойынша қолданылуы (нысаналы топ).

Заң жобаларының қолданылуы Қазақстан Республикасында бекітілген заңнама актілерімен және халықаралық шарттармен ескерілген жағдайларды есепке алмағанда, азаматтар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ оның аумағында орналасқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға таратылады.

Бірақ осы кіші тарауда заң жобасының әрекеті қандай тұлғаларға (тұлғалар тобына) таратылатынын нақтылап, бір немесе бірнеше нысаналы топты көрсетіп кету қажет.

Мысалы, нысаналы топты келесі критерийлер бойынша топтастыруға болады («Сипаты» бағаны):


мемлекетке тиістілігі бойынша


  • Қазақстан Республикасының азаматтары;

  • азаматтығы жоқ тұлғалар;

  • шетел азаматтары;

  • аумақтан тыс тұлғалар (дипломаттар).

білімі бойынша


  • мектеп жасына дейінгілер;

  • оқушылар;

  • ЖОО студенттері;

  • ЖОО-нан кейінгі білім (көрсетіп кету қажет).

әлеуметтік қорғалуы бойынша


  • зейнеткерлер;

  • мүгедектер;

  • жағдайы нашар азаматтар;

  • көп балалы отбасылар;

  • басқалары.

тіркеу үлгісі бойынша


  • заңды тұлғалар;

  • жеке тұлғалар.

халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі бойынша

  • жұмыспен қамтылған халықтың саны;

  • жеке жұмысы бар халық;

  • жұмыссыздар.

көші-қон бойынша

  • сырттан көшіп қонушылар;

  • ішкі көшіп қонушылар.

тұрғын үй-коммуналдық жағдайлар бойынша

  • жеке сектор;

  • кондоминиум.

тұрғылықты жері бойынша


  • қала тұрғындары;

  • ауыл тұрғындары.

еңбек қызметі бойынша

  • еңбекке қабілетті;

  • еңбекке қабілетсіз.

еңбек қызметінің түрлері бойынша:

  • мемлекеттік сектор;

  • бизнес сектор;

  • қоғамдық сектор.

басқа критерийлер бойынша






Егер ұсынылған тізбеде заң жобасы нысаналы тобының белгілі бір түрлері көрсетілмесе, әзірлеуші әзірленетін заң жобасының әрекеті таратылатын нысаналы топтың басқа түрін көрсетуі тиіс.


1.8. «Заң жобасының заңнама мен экономиканың аралас салаларымен сәйкестігі» кіші бөлімінде зерттелетін заң жобасының заң шығару және экономиканың сабақтас салаларымен сәйкестік (байланыс пен әсерін) дәрежесін сипаттау қажет.

Мысалы, «Заңнаманың сабақтас салалары» - «Сәйкестігін сипаттау» бағанында заңнаманың барлық сабақтас салаларын көрсету қажет. Экономиканың сабақтас салаларымен жағдай ұқсас. Экономиканың сабақтас саласын таңдау үшін Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптамасын (ЭӘЖС) пайдалану қажет.


1.9. «Заң жобалары нормаларының ақпараттылық коэффициенті» кіші бөлімі заң жобасындағы нормалардың жалпы санына жаңа ақпаратты қамтитын заң жобасы нормаларының қатысы болып табылады. Заң жобасы нормаларының ақпараттылық коэффициентін есептеу үшін келесі формуланы пайдалану қажет: Кинф. = Nнов. / Nобщ., мұнда: Nнов – жаңа ақпаратты қамтитын нормалардың саны; Nобщ. – заң жобасындағы нормалардың жалпы саны. «Қолданыстағы редакция» бағанында Заңның қолда бар редакциясын көрсету қажет, «ұсынылатын редакция» бағанында – заң жобасының редакциясы ұсынылады. «Саны» бағанында нормалардың санын көрсету қажет. Норманың құрылымдық бөлігін (бөлім, тармақ, бап, тарау) әзірлеуші дербес анықтайды. Бұл ретте құрылымдық бөлім заң жобалары нормаларының белгісіздігін анықтауда есепке алынатын құрылымдық бөліммен бірдей болуы тиіс.

Қорытындыда заң жобасы нормалар ақпараттылығының сапалы сипаттамасы және қабылданатын жаңалықтар көрсетілуі тиіс.


1.10. «Заң жобалары нормаларының белгісіздік коэффициенті» кіші бөлімі реттелмеген диспозициялары, анық емес тұжырымдамалары, белгісіз терминдері, жоқ құжаттарға сілтемелердің болуы немесе қолданыстағы құжаттарға сілтемелердің болмауы, әр түрлі түсіндірілетін сөздер мен сөз орамы бар заң жобасының нормаларына қатыстылығын байқатады. Заң жобасы нормаларының белгісіздігін есептеу үшін келесі формуланы пайдалануға болады:

Кнеопр. = (Nдис. + Nнеч.форм. + Nтерм. + Nссыл. + Nпр.) / Nобщ., мұндағы: Nдис. – реттелмеген диспозициялары бар нормалардың саны; Nнеч.форм. – тұжырымдамалары анық емес нормалардың саны; Nтерм. – белгісіз терминдері бар нормалардың саны; Nссыл. - жоқ құжаттарға сілтемелердің болуы немесе қолданыстағы құжаттарға сілтемелері жоқ нормалардың саны; Nпр. - әр түрлі түсіндірілетін сөздері мен фразалары бар нормалардың саны; Nобщ. - заң жобасындағы нормалардың жалпы саны. «Қолданыстағы редакция» бағанында Заңның қолда бар редакциясын көрсету қажет, «ұсынылатын редакция» бағанында – заң жобасының редакциясы ұсынылады. «Саны» бағанында нормалардың санын көрсету қажет. Норманың құрылымдық бөлігін (бөлім, тармақ, бап, тарау) әзірлеуші өзі дербес анықтайды. Бұл ретте құрылымдық бөлім заң жобалары нормаларының белгісіздігін анықтауда есепке алынатын құрылымдық бөліммен бірдей болуы тиіс.

Қорытындыда заң жобасы нормалар ақпараттылығының сапалы сипаттамасы және көрсетілген нормалардың іс-қимылға қалай әсер ететіні сипатталуы тиіс.

2-бөлім. «Заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі» Осы тарауда зерттелетін заң жобасының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін сипаттау қажет. Нақты айтатын болсақ, олар Қазақстан Республикасының 2030 және 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Ел басының Қазақстан халқына жолдауы және уәкілетті органның стратегиялық жоспары.


3-бөлім. «Әлеуметтік-экономикалық салдар»

Осы тарау әзірленетін заң жобасына логикалық-құрылымдық талдау жасау негізінде заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарларына жүргізелген бағалаудың нәтижелері енгізілетін кестені (логикалық кестені) құрайды (бағандарды толтыру нұсқаулығы бар 1-кестені қараңыз).

Осы кестеде заң жобасын әзірлеуші заң жобасының қабылдануы нәтижесінде қандай мақсаттарға қол жеткізіледі, ол қалай іске асырылады, қажетті қаржылық қамтамасыз ету, қандай нәтижелерге қол жеткізіледі және олар қалайша өлшенетінін, қандай тәуекелдер мен қосымша жағдайлар пайда болатынын көрсетеді. «Әлеуметтк-экономикалық көрсеткіштердің болжамды тізбесі» қосымшада № 3 зерттелетін заң жобасының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау барысында пайдаланылатын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мысалдары көрсетіледі. Көрсеткіштердің ұсынылған мысалдары пайыздық, құндық және сандық мәнде берілген. Заң жобасын әзірлеуші көрсеткіштердің осы тізбесін заң жобасын реттеу нысанына қатысты толықтыра алады. Көрсеткіштерді таңдаудың әлдеқайда нақты критерийлері берілген әдістемелік ұсыныстардың «Логикалық-құрылымдық әдістің ережелері мен рәсімдері және Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау барысында оны тәжірибелік пайдалану бойынша ұсыныстар» ІІ-бөлімінде сипатталған.

«Логикалық кестенің мысалы:

Әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдау» қосымшада № 4 ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану аясында әлеуметтік-экономикалық салдарларды талдаудың логикалық кестесі ұсынылған. Берілген мысалдағы логикалық кестенің ішінде осы Әдістемелік ұсыныстарда бұрын сипатталған баламалы бағаналар тұр, бірақ зерттелетін заң жобасының стратегиялық мақсатының, міндеттері мен нәтижелерінің иерархиясы жоғарыдан төменге қарай берілген. Заң жобаны әзірлеуші орган өзінің қалауы бойынша логикалық кестені толтырудың екі баламалы нұсқасының біреуін пайдалана алады.

Шартты мысал:

Мемлекеттік орган ҚР «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын Ұлттық қордың қаражатын пайдалану тетігін ауыстыру бөлігінде және бірінші заң жобасымен бекітілетін тетік негізінде үш жылдық кезеңге Ұлттық қордан кепілді трансферттің мөлшерін белгілейтін ҚР «Ұлттық қордан ортамерзімді кезеңге кепілді трансферт туралы» Заң жобаларын әзірлейді.

1-кесте

Заң жобасының стратегиялық мақсаты: қол жеткізуге заң жобасы өз үлесін қосатын мемлекеттің стратегиялық мақсаты

Заң жобасының міндеттері

Міндеттердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелер

Нәтижелердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті іс-қимылдар мен ресурстар

Нәтіжелер бойынша тәуекелдер мен жол берулар

Заң жобасын пайдаланудың нақты нәтижесі (нысаналы топтың пайдасы)

«Мақсатқа қол жеткізгенімізді қалай білеміз?» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Саны, сапасы мен уақыты, басты мақсаты туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтижелер

«Нәтиже алынғандығын қалай білеміз?» деген сұраққа жауап беруге көмектеседі. Саны, сапасы мен уақыты, басты мақсаты туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Негізгі іс-шараларды (іс-қимылды) көрсету және заң жобасының жоспарланатын нәтижелеріне қол жеткізу ретін ұсыну

«Заң жобасының нәтижелері – заң жобасының міндеттері — стратегиялық мақсат» байланысына әсер ететін жорамалдар мен тәуекелдер (жобамен бақыланбайтын факторлар)

1-міндет

1-нәтиже

...

...

Қорытынды:

Нысаналы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер арқылы қойылған міндеттер мен нәтижелер бойынша жалпы шолу жасау

Ақпарат көздері:

Ақпарат көздері, оны жинау әдістері, есептіліктің түрі (кім ұсынады, ұсыну жиілігі)



4-бөлім: «Пайда мен шығасыны талдау». Осы тарауда зерттелетін заң жобасын қабылдау нәтижесінде белгілі бір нысаналы топтың пайда мен шығасын есептеп шығару қажет. Кең ауқымды түсінікте пайдады сандық және сапалық көріністе бағаланатын зерттелетін заң жобасын қабылдаумен байланысты белгілі басмыдықтар мен игіліктерді алу деп түсіндіруге болады (қосымша табыс, пайда, нысаналы топтың өмір сапасын жақсарту және т.б.). Кең мағынадағы пайдаға балама ретінде, шығыстар деп әр түрлі нысаналы топтарға жағымсыз әсер ететін зерттелетін заң жобасының реттеуінің салдарлары есептеледі (мемлекеттік және жеке сектор қызметтерін алу үшін шығындардың ұлғайюы, нысаналы топтың өмір сапасының нашарлауы және т.б.).

Пайдалар мен шығысындарды талдау әдісі (ПШТ) заң жобасының салдарларын жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді және «әлеуметтік-экономикалық оңтайлылық» критерийіне жауап беретін мемлекеттік саясатты әзірлеуге бағытталған. ПШТ зерттелетін заң жобасының реттеу әсерінің нәтижелерін барынша ақша бірлігінде көрсетуге арналған. Пайдалар мен шығындардың сандық бағалаулары сапалық бағалауларына қарағанда әлдеқайда жақсы болып келеді. Сонымен қатар, кейбір маңызды пайдалар мен шығындар (мысалы, тұлғаның құқығын қорғау) сандық бағалау жасау немесе ақша түріне ауыстыру үшін қиындық тудырады. Сондықтан есептелмейтін пайдалар мен шығындарға мұқият зерттеу жасап отыру қажет. Салдарларға сандық бағалау жүргізіле алмаса, осындай есептелмейтін салдарлармен бірге сапалы талдауды кеңейтіп, толықтыра алатын қол жетімді сандық ақпаратты ұсыну қажет.

Екі бірдей есептеуге жол беруге болмайды, өйткені кейбір факторлар басқа әлдеқайда сыйымды критерийлерде орналасуы мүмкін.. Мысалы, реттеу белгілі бір ауданда қоршаған ортаны жақсартуға бағытталса, осы аудандағы үйдің бағалары экологиялық қалыпты ауданда өмір сүру талабымен байланысты артатын болады. Жылжымайтын мүлік құнының артуын қоғамның жақсарған денсаулығына қатысты бағалау қайталама есептеу болып табылады, жылжымайтын мүлік құнының артуы қоғам денсаулығын көрсететін жағдайда ғана байқалады. Осы мәселеден бас тарту үшін, мүлік құнына салынған қоғамның денсаулығын жақсартатын әсерлерді алып тастау қажет. Сонымен қатар, шығындарды есептеуде өзгерістердің салдарларын ескермейтін талдау, осы реттеудің барлық спектрін қамти алмайды. ПШТ талдауын жүзеге асыруда пайда болатын тұрпатты қателерге келесілер жатады:

  • ПШТ пайдалар мен шығындарды ақша түрінде көрсетуге ұмтылғандықтан, орындауға жеңіл болатын пайдалар мен шығындарға шоғырлану талабы пайда болады. Бұл ретте ақша түрінде көрсетуге қиындық тудыратын немесе тудыру мүмкіндігі жоқ пайдалар мен шығындар ескерілмейді. Осылайша, заң жобасының жеңіл «ақшаға ауысатын» салдарлары ақшаға ауыстырылмайтын маңызды салдарларға басымдық көрсетпейтініне назар аудару қажет. Заң жобасының реттеу әсерінің әр түрлі балама әдістерін қарастырған жағдайда ақша қатынасында пайдалар мен шығындарды есептеу қиындық тудыратынына қарап қана басты баламаларды алып тастауға болмайды.

  • Екі еселенген есеп жүргізу тек қана бір пайдалар (шығындар) есептелгенде ғана жүргізіледі. Мысалы, Алматы қаласы шағын аудандарының бір тұрғыны үшін оң нәтижені метро станциясы ашылғаннан кейін уақыт қатынасында есептеуге болады (минуттар, сағаттар). Зерттелетін нысаналы топтың уақытты азайту барысында үнемдейтін уақыты, «а» пунктінен «б» пунктіне қозғалуға кеткен уақыттан аз болады. Сонымен қатар, осы шағын ауданда метро ашылғаннан кейін мүліктің әлеуетті қымбатауын да атап кетуге болады. Бұл ретте осы екі бағалауды қосуға болмайды, өйткені бұл бір ғана әсердің бағалары, бірінші бағалау – тікелей салдарлар, ал екінші бағалау – жанама салдарлар.

  • Заң жобасын қабылдағанда және қабылдағаннан кейін пайда болатын өзгерістерді ескермей, зерттелетін заң жобасын қабылдау нәтижесінде пайда болатын өзгерістерді ғана қарастыру қажет.

ПШТ зерттелетін заң жобасын реттеуге байланысты барлық пайдалар мен шығындарды есептеуде және анықтауда байқалады. Осындай әдіс кезінде реттеумен бірге жүретін жалпы пайдалар жалпы шығындармен салыстырылады және қорытынды оң болса, реттеу жүзеге асырылған болып есептеледі. Осы әдістің логикалық негіздемесі ресурстардың шектелгенінен көрінеді, олар қоғамның пайдасын асыру үшін барыншы есептелуі тиіс. Реттеу шешімдері жағымды және жағымсыз әсерге ие, осы әдіс шешімді қабылдау процесінде жалпы әлеуметтік мүдделердің назарға алынуын ескереді.

  • Нысаналы топ:

«Заң жобасының тұлғалар бойынша әрекеті (нысаналы топ)» 1.6-тарауында заң жобасы әрекетінің қандай тұлғаларға (тұлғалар тобына) таратылатынын нақтылап, бір немесе бірнеше нысаналы топты анықтау қажет.

Осы тарауда зерттелетін заң жобасын қабылдаудан пайдаларды немесе шығыстарды ала алатын нысаналы топты анықтау қажет.

Мысалы, білім беру бойынша нысаналы топ үшін (мектеп жасына дейінгілер, оқушылар, ЖОО студенттері және т.б.), тікелей пайда деп мектепке дейінгі, мектеп және студенттік орындардың артуын, оқыту төлемінің азаюын айтуға болады.

Әр түрлі нысаналы топтарға арналған заң жобалары пайдалары мен шығындарының ашық тізбесі «Заң жобаларының реттеу әсерінің пайдалары мен шығындарының мысалы» 5-қосымшада ұсынылған.

Халық:

Берілген кіші тарауда зерттелетін заң жобасының қабылдануынан жанама пайдалар мен шығыстарды алатын халықтың қалған барлық топтарын көрсету қажет.

  • Кәсіпкерлер

Кәсіпкерлер үшін пайда ретінде өндірістік және мүліктік шығындардың азаюы, заңнаманы сақтау үшін шығындарды және уақытты азайту, бизнес-ахуалды, экономикалық тұрақтылықты және бизнестің болжамданатынын жақсартуды жатқызуға болады.

Кәсіпкерлер үшін шығындарға өндірістік және мүліктік шығындардың артуы, заңнаманы сақтау үшін қаржылық шығындардың артуы, саяси және әкімшілік шығындар жатады.

6-қосымша – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жасаған «Нормативтік құқықтық актіні пайдалануға енгізумен байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының ұлғаюын және (немесе) азаюын нақтылайтын, есептеулерді жүргізу бойынша Әдістемелік ұсыныстарды» көрсетеді.

7-қосымша – жүйелік өтеудің салықтық есептеулерін алмастырған жағдайда пайдалар мен шығындардың талдау мысалын көрсетеді

5-бөлім: «Қаржылық қамтамасыз ету» Осы тарауда заң жобасын енгізуге, заң жобасының стратегиялық мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізуге, сондай-ақ жоспарланатын әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті барлық қаражат пен шығындарды (адами, материалдық, қаржылық) көрсетіп кету тиіс. Мысалы, мемлекеттік органдардың шығындарына келесі қаржылық шығындар жатады: -заңның әзірленуімен, келісілуімен және күшіне енуімен байланысты шығындар; - заңның орындалуына бақылау жүргізумен байланысты шығындар; - санкцияларды қолданумен байланысты шығындар; - нарықты зерттеу және талдаумен байланысты шығындар; - персоналды оқытуға кететін шығындар; - заңнаманы зерттеуге кететін және басқа да шығындар. Заң жобасының мақсаттарына қол жеткізумен байланысты табыстарды арттыру немесе азайтуды есептеп шығару қажет. Мысалы, бюджетке келесі салымдардың түсуін күту: салықтық, салықтық емес, негізгі капитал мен трансфертті сатудан түсетін салымдар және т.б. Осылайша, республикалық, жергілікті бюджеттердің, Ұлттық қордың және (немесе) бюджеттен тыс қаржы көздерінің әзірленетін заң жобасын әзірлеуге қажетті қаражатын есептеп, бұл есептеулер қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңге жасалуы тиіс. Егер Заң жобасын қабылдау нәтижесінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарының (ұлттық басқарушы холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар) қаражаты тартылса, Паспорттың осы тарауында осындай қаражаттың көлемін көрсетіп кету қажет.

Егер заң жобасының қабылдануы республикалық және жергілікті бюджетке, Ұлттық қорға салымдардың, мемлекеттік органдардың ақылы қызметтерді ұсынудан түсетін салымдардың азаюына алып келсе оларды заң жобаларын қолдану шығындары ретінде ескеру және осындай өзгерістер көлемін көрсету қажет.


6-бөлім: «Қорытындылар»

Осы тарау зерттелетін заң жобасын қолданудың әлеуметтік-экономикалық салдарларына жасалған бағалау бойынша талдамалық қорытындыны қамтуы тиіс.

Міндетті талап – осы тараудың барлық тармақтарының толтырылуы.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер icon«Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі ұсынымдамалар І. Жалпы ережелер
Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconҚазақстан республикасының Қабылданатын заң жобаларының Әрекетінің Әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша
Мелік қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамасы ретінде әзірленетін заңнама...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconФ кгму 1/8-21/02 му 04. 07. 2007ж «2006 жылғы мжбс сәйкес әдістемелік жұмысты ұйымдастыру»
Экономикалық қоғам жүйесіндегі жекеменшіктің мағынасы. Әлемдегі қоғамды азық түлікпен қамтамасыз етудің негізгі мәселелі жағдайларына...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconЖалпы ережелер
Басшылық Үшін сапа менеджмент жүйесінің материал жинау және қызметі жөніндегі есепті рәсімдеу тәртібі
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconӘлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық...
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер icon"астана – жаңА Қала" аэа сипаттау
Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады
Қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
Осы Ережелер меншік нысандары мен салалық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептері қызметінің тәртібін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница