Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07




Скачать 416.06 Kb.
НазваниеПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
страница1/4
Дата конвертации07.02.2016
Размер416.06 Kb.
ТипПрограмма дисциплины
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/24749.doc
  1   2   3   4



Программа дисциплины Форма

для студентов Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика жєне µнер факультеті


«Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған


ПЄН БАЃДАРЛАМАСЫ


Павлодар 2007




Лист утверждения Форма

к программе дисциплины Ф СО ПГУ 7.18.2/11

для студентов


БЕКІТЕМІН

ФЖи¤ факультетініњ деканы


_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2007 жыл


Құрастырушы: доцент Түсіпова Қ.Д.

Қазақ филологиясы кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПЄН БАЃДАРЛАМАСЫ


«Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пєні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығыныњ студенттері ‰шін


Студенттерге арналѓан пєн баѓдарламасы «___»_________ 2007 жылы бекіген ж±мыс баѓдарламасы негізінде дайындалды


Ќазаќ филологиясы кафедрасының « » 2007 ж. мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №


Кафедра меңгерушісі: _____________ Жүсіп Қ.П. «___» ________ 2007 ж.


Филология, журналистика және өнер факультетінің 2007 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №


ӘК төрайымы:________________ Семенова М.В.


Оқытушы туралы мәлімет :

Доцент Түсіпова Қ.Д.

Тел. (8-3182) 53-89-17

Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 10-00, ауд. №324


Пән туралы мәліметтер :


«Ежелгі дәуір және Орта ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығында 2 семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы саѓат саны-90с, дєріс-15с, тєжірибешілік-15 с, С¤ЖО-15с, С¤Ж-45с.


Пәннің қысқаша аннотациясы:

Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер , түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға жеткен. Мазмұн-мәні терең ежелгі дәуір әдебиет үлгілерін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді


Пәннің мақсаты:

  • Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны,Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер;

  • Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІ ғ «Ұлы жібек жолының» ашылуы ;

  • Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұндар ;

  • Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі,әдет-ғұрпы, діні;

  • Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы;

  • «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағандығы (766-940жж). Түрік қағанатының екіге бөлініп кетуі;

  • Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келетіндігі;

  • Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемелекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212);

  • «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кен-қалалар;

  • Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік әріптері;

  • Ежелгі түріктердің наным-сенімдері.


Қолданылатын єдебиеттер

Негізгі:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.. –А. 1986.

  2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. – А. 1989

  3. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. – А., 199б.

  5. Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. Оқулық. –А. 1986.

  6. Келімбетов Н., Канафин Ә. Түркі халықтары әдебиеті. Оқулық-хрестоматия.- А., 199 б.

  7. Қасқабасов С. Казахская волшебная сказка. –А., 1972.

  8. Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. –А., 1991

  9. Қоңыратбаев Т. Қазақ эпосы және түркология. –А., 1987.


Ќосымша:

10. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

11. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М-Л, 1979.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.

13. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –А., 1989.





Тематический план Форма

дисциплины СО ПГУ 7.18.2/07


Пәннің мазмұны


3.1 Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырып

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

С¤Ж


1

2

3

4

5

1.

Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

1

1

4

2.

«Күлтегін» жырының көркемдік ерекшелігі

1

1

4

3.

Қорқыт ата кітабы.(«Китаби дедем Коркуд»)

1

1

4

4.

Оғыз-наме(«Оғыз-қаған» эпосы)

1

1

4

5.

Әбу-Насыр әл-Фараби(870-950)

1

1

4

6.

М.Қашғари «Диуани лұғат ат- түрк(Түркі сөздерінің жинағы»)

1

1

4

7.

Ж:Баласағұн «Құтадғу біліг(Құтты білік»)

1

1

4

8.

А:Иүгінеки. «Хибатул –Хақайық»

(«Ақиқат сыйы»)

1

1

4

9.

А.Яссауи «Диуани хикмат»(«Да-

Налық кітабы»)

1

1

4

10.

Н.Рабғузи. «Рабғузи қиссалары». «Кодекс Куманикус»

1

1

4

11.

Хорезми «Мұхаббат –наме». Құтб. «Хұсрау-Шырын» дастаны

1

1

4

12.

Сайф Сараи «Гүлстан бит-түрки»

(«Түрік тіліндегі Гүлстан»). Дүрбек. «Жүсіп-Зылиха» дастаны.

1

1

4

13.

Әбілғазы. «Шежіре-и түрік» («Түркі шежіресі»). Қ.Жалайыри. «Жами-ат тауарих»

1

1

4

14.

Х.Дулати «Тарих-и Рашиди»

1

1

4

15.

Бабыр «Бабыр –наме»

1

1

4

Барлығы: сағат

15

15

60



3.2 Теориялық курс мазмұны

1-тақырып. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

Көне түркі әдебиеті. (ҮІ-ІХғ). Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны, Алтай өңірін мекен еткен ру-тайпалар, ұлыстар туралы тарихи деректер. «Ұлы жібек жолының» ашылуы . Сол кездегі Қытай,Үндістан, Греция, Иран, Сирия, Месопатамия, Вавилон, Мысыр,т.б. елдермен сауда,мәдени,рухани байланыстар. Сақтардың тайпалық бірлестіктері, аландар мен ғұндар. Есік қаласы маңынан табылған сақ көсемінің «алтын адамның» киіміндегі зергерлік өрнектердің,сақтардың «Алтын обасынан» (Оңтүстік Қазақстан) шыққан әшекей-сәндік бұйымдардың, Таңбалытас, Саймалташ жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттердің, т.б. ғылыми мәні. Сақтардың салт-дәстүрі, наным-сенімі, әдет-ғұрпы, діні, олардың ата-баба әруағына, аспан денелеріне, Күнге, Айға, Жұлдыздарға және Жер анаға табынуы. Зороастризм діні. «Авеста» кітабы-

Ежелгі діни ұғымдар мен мифтік аңыздардың жинағы. Ежелгі жазу-сызулар. Арамей, авеста, соғда, кушан, көне ұйғыр, руна жазулары. «Түрік» сөзінің мәні. Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы (552-745ж). Түрік қағандығының екіге бөлініп кетуі. Шығыс түрік қағандығы. Батыс түрік қағанаты-көне түрік қағандығының негізінде 603-ж құрылған феодалдық мемлекет. Батыс түрік қағанатынан кейін өмірге келген мемлекеттік дәрежедегі бірлестіктер. Түркеш қағанаты (704-766ж) Қарлұқ қағанаты (766-940ж). Оғыз мемлекеті (ІХ- ХІғ) Қыпшақ қоғамының ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келгендігі. Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті-Қарахан мемлекеті (940-1212ж). «Ұлы жібек жолындағы» ежелгі кент қалалары; Отырар (Фараб), Сүяб, Тараз, Құлан, Мерке, Испаджап (Сайрам), Баба-Ата, Сығанақ, Созақ, Талхиз (Талғар).

Ежелгі түрік таңбалары. Көне жазу-сызулар. Ежелгі түрік әріптері. «Орхон» немесе «руна» деп аталатын жазулар. Ежелгі түріктердің наным-сенімдері, исламға дейінгі діни ұғым-түсініктер. Табыну, Көк тәңірі, Жер тәңірі, Ұмай-ана.

Ежелгі түрік мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін батыр (684-731ж),оның ағасы елбасы Білге қаған (683-734ж) және қағанның кеңесшісі Тоныкөк туралы тасқа қашап жазылған дастандар. Орхон (руна) жазба ескерткіштерін табу, руна жазуын оқу, аударма жасау, ғылыми мәтін дайындау ісіне мол үлес қосқан орыс және Еуропа ғалымдары Н.К.Видзен, И.Т.Старленберг, Н.М.Ядринцев, В.В.Радлов, В.В.Томсен, С.Е.Малов, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, И.В.Стеблева, т.б.туралы мәлімет. Орхон жазуындағы жәдігерлікті қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан зерттеушілер С.Аманжолов,

Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев, т.б. еңбектері.

2-тақырып. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері.

М.Әуезовтың пікірі. Жырдағы кескілескен шайқастардың, соғыстағы батырлар ерлігінің, әскери жорықтардың шежіресі. Күлтегін батыр туралы жырдың авторы Иоллығ-тегіннің сөз зергері ретіндегі шеберлігі. Көне түрік жырының дыбыстық құрылысы. Мұнда үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Жырдағы бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталанып қиысуы-аллитерация. Ұйқас түрлері,соңғы бунақтағы дыбыстар үндестігі. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларында жиі қолданылатын теңеу, метафора, аллегория, гипербола, эпитет, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер туралы. Тасқа жазылған дастандардың композициялық құрылысы. Автор ойының циклдық жүйе арқылы берілуі. Ежелгі түркі позициясының өзіндік әдеби дәстүрі. «Күлтегін» жыры мен қазақ эпосы. Күлтегіннің 16 жастан бастап

47 жасқа дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істерінің эпостық сарынмен баяндалуы. Руна жазуындағы дастандардың идеялық мазмұны.Түрік елін ішкі

бірлік-ынтымаққа, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Күлтегін-тарихи тұлға, жеңілуді білмейтін батыр. «Күлтегін» жырының сюжеттік құрылысы, баяндау тәсілі, ерлікті мадақтау, батыр тұлғасын бейнелеу, көріктеу құралдарын қолдану жағынан қазақтың батырлық жырларына жақындығы. Тайпа-ұлыстық дәуірде өмірге келген «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Қобланды батыр», «Шора батыр» сияқты қазақ эпостары мен «Күлтегін» жыры арасындағы үндестік.


3-тақырып. Қорқыт ата кітабы ( «Кітабы дедем Қоркуд»)

Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз. Қорқыт атаҮІІІғ Сыр бойында өмір сүрген тарихи тұлға, аңызға айналған күйші-сазгер, мәшһүр жырау, кемеңгер философ. Қорқыт ата адамзат баласына өлмейтін өмір, мәңгілік тіршілік іздеуші. Аңыз кейіпкері. «Қорқыт ата кітабы»-оғыз-қыпшақ әдеби ескерткіші. Қорқыт атаның сиқырлы күйлері. Қорқыт атаның өсиеттері, ғибрат сөздері, мақал-мәтелдері. «Қорқыт ата кітабын» зерттеуші, тәржімелеуші Еуропа және орыс ғалымдары. Қорқыт ата мұрасын зерттеу, қазақ тіліне аудару ісіне қазақ ғалымдарының қосқан үлесі. «Қорқыт ата кітабы». Тақырыбы мазмұны, композициясы, қаһармандары, көркемдік ерекшеліктері.

Оғыз-қыпшақ дәуірінің эпикалық туындысындағы тарихи шындық пен аңызға айналған бейнелер. «Қорқыт ата кітабы» 12 жырдан тұрады.


4-тақырып. «Оғыз наме» («Оғыз-қаған» эпосы).

«Оғыз-наменің» түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін аңыздар негізінде көркем баяндайтын эпостық шығарма екендігі. «Оғыз-қаған» эпосына негіз болатын аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер. Оғыз қаған және оғыз тайпа-ұлысы туралы мәліметтер. Оғыз қаған-жазба шежіре мен аңыз шежіренің тарихи кейіпкері. «Оғыз наме» эпосының сюжеттік желісіне тән ерекшеліктері.

«Оғыз-наме» эпосының жанры, композициясы, сюжеттік желілері.

«Оғыз-наме» эпосының қаһармандары-Оғыз қаған, оның балалары, Ұлы Түрік, Алтын Қаған, Урум қаған, Урус бек, Сақлаб, Ұлы Орда бек, Қағарлық ер, Темір Қағұл Жосун ер, Көк Бөрі, т.б. «Оғыз-наме» эпосының нұсқалары. Ұйғыр әрпімен және араб әрпімен жазылған нұсқалары. «Оғыз қаған» еңбегін қазақ тілі мен әдебиеті тұрғысынан тұңғыш зерттеуші Қ.Өмірәлиевтің ғылыми еңбектері. «Оғыз-наме» эпосы мен және қазақ әдебиеті. «Оғыз қаған» эпосы мен «Қобланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер. Эпостың тілі, көркемдеу әдістері.


5-тақырып. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған әмбебап ғалым, әдебиет зерттеушісі, ақын. Әл-Фарабидің философия, этика, логика, тіл білімі, әдебиеттану, музыка,т.б. салалар бойынша жазған зерттеулері. Философиялық трактаттары; «Данышпандықтың інжу маржаны» «Ғылымдардың шығуы», «Философияны оқу үшін алдымен не білу керек.», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме»,т.б.


6-тақырып. М.Қашқари «Диуани лұғат ат- түрік»

М.Қашқари (ХІ ғ)-ұлы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, саяхатшы. «Диуани лұғат ат-түрік»-түрікше-арабша түсіндірме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ. «Түркі сөздерінің жинағының» зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары. «Сөздікті» зерттеуші түркі, Еуропа, орыс ғалымдары: А.Рифат, Басым Аталай, Броккельман, Т.А.Боровков, А.Н.Кононов, В.А.Гордлевский,т.б.

М.Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімінің тұрғысынан зерттелуі. Н.Т.Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов,

Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибырат сөздер, сажыдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.

«Сөздікте» аңшылық жайындағы өлеңдер. Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі аңшылық бейнлейтін көркемсөз үлгілері, еңбек, егін салу, мал бағу тақырыбына арналған өлең-жырлар.

«Сөздікте» батырларды көтере мадақтайтын өлең жолдары. Алып Ер Тұңғаны

(Афрасиф) мадақтау. «Сөздіктегі» тұрмыс-салт жырлары. Қадым заманда өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, кәсібін, тотемдік түсініктерін танытатын өлең-жырлар. М.Қашқари жинаған бәдік, бақсы өлеңдері, бата-тілек, бесік жыры, той бастар, жар-жар, жоқтау, естірту, т.б.жыр үлгілері. «Диуани лүғат ат-түріктегі» мақал-мәтелдер, ғибрат сөздер, афоризмдер. Қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

  1   2   3   4

Похожие:

Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07

Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/06

Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
Программа разработана на основании рабочей учебной программы, утвержденной «28» августа 2008г
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
Одобрено Учебно-методическим советом факультета химических технологий и естествознания
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Қазақ әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Әдебиет теориясы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Шешендік өнер» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Орфография, пунктуация» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07 iconПрограмма дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
«Стилистика және тіл мәдениеті» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница