Скачать 131.61 Kb.
|
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» - азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы шаруашылығы бар азаматтарға берілетін анықтама. «__________селолық (ауылдық) округі әкімі аппараты » ММ – мемлекеттік мекеме туралы Ережесі негізінде (бұдан әрі - ЖАО) қызмет атқаратын заңды тұлға. Алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға. 1.Жалпы ережелер 1.1 Мемлекеттік қызметтің нормативтік – құқықтық анықтамасы. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру». 1.2 «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»- мемлекеттік қызметі селолық(ауылдық)округі әкімдері (бұдан әрі - ЖАО) және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан ХҚКО) осы регламенттегі 1 және 2 қосымшаға сәйкес беріледі. 1.3 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 1.4.Мемлекеттік қызмет көрсету төмендегі құжаттар негізінде ұсынылады: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 “Заңды және жеке тұлғалаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет реестрлерін бекіту туралы” Қаулысы негізінде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларымен. 1.5.Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталу нысаны – жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру немесе жоқ екендігі туралы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап беру. 1.6.Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделі мемлекеттік органдар: Тұтынушының тұрғылықты жерлері бойынша ауылдық округі әкімдері. 2.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар 2.1. Мемлекеттік органдарының, олардың құрылымдық бөлімдерінің және аумақтық органдарының мекенжайлары мен жұмыс кестелері туралы мәлімет: (ЖАО, ХҚКО). ЖАО мекенжайы «жеке қосалқы бар болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 1 қосымшасында көрсетілген. ХҚКО мекенжайы «жеке қосалқы бар болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің 2 қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын көрсетiледi. ЖАО–да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 13-00-ден 14-30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ге дейiн көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.00-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн. Құжаттарды қабылдау электрондық кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар дайындау үшін (күту үшін бөлме, құжаттар толтырылатын орын стендттер және қажетті құжаттар туралы ақпараттармен толықтырылады.) ЖАО мен ХҚКО ғимараттары мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға кіруге арналған пандуспен қамтамасыз етіледі. 2.2. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет алу мәліметінің тәртібі: Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат ХҚКО интернет-ресурстарында, тiзбесi осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде орналастырылады. 2.3.Аталған мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге келесі орган қатысады: Тұрғындардың тұрғылықты жерлері бойынша ауылдық округі әкімдері. 2.4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде: 1)қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсетіледі. 2)тұтынушының мемлекеттік қызметті күту уақыты 10 минуттан аспайды. 3) мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 10 минуттан аспайды. ХҚКО өтініш білдірген кезде: 1) тұтынушы құжаттар тапсырылған күннен бастап осы регламенттің 3.1. тармағына сәйкес - екі күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2)тұтынушының мемлекеттік қызметті күту уақыты 10 минуттан аспайды. 3)мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 10 минут. 2.5.Тұтынушыға келесі жағдайлар бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетілмейді: 1) тұтынушы осы регламенттің 3.1. тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды ұсынбаған жағдайда; 2) ЖАО шаруашылық кітаптарында қосалқы шаруашылығы бар екені туралы ақпарат болмаған жағдайда. 2.6. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алуға сұраныс алынғаннан оның нәтижесі берілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі: 1) ЖАО шаруашылық кітабы негізінде анықтама жазу. 2) Жеке тұлғалардың өтініштерін тіркейтін журналға тіркеу. 3) Қызмет көрсету карточкаларын толтыру 4) Анықтама беру. 2.7 Мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың ең аз саны: бір адам. 3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет /өзара іс-қимыл/ тәртібін сипаттау 3.1. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсыну қажет: Тұтынушы ЖАО өтінішті ауызша, жеке куәлігімен ұсынады. ХҚКО өтініш жасаған жағдайда; 1) еркін нысандағы өтініш; 2) жеке куәліктің көшірмелерін тексеру үшін түпнұсқасын ұсынады; ЖАО ауызша түрде, ХҚКО өтініш жазады. ХҚКО мемлекеттік қызмет түрін алу үшін осы регламентте көрсетілген 3.1. тармаққа сәйкес тұтынушы қажетті құжаттар тапсырған соң беріледі, лауазымдық тұлғаларға мекенжайлар бойынша осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес беріледі. Тұтынушыға ХҚКО анықтама берілгенде, мемлекеттік қызмет түрі бойынша барлық қажетті құжаттар бар болғанда, ХҚКО мөрі және тұтынушыға берілген анықтаманың мерзімі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзі жеке келген жағдайда беріледі. 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге жауапты тұлға 4.1. ЖАО және ХҚКО лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетудi ЖАО және ХҚКО кеңсесiнiң лауазымды адамдары осы регламенте 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады. 4.2. ЖАО-ның және ХҚКО-ның мемлекеттiк қызметтi ұсыну нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым осы регламентке 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша аудан әкiмiнiң атына берiледi, шағым ЖАО-ға демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, ал орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн. 4.3. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым осы регламентте 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша кент, ауыл (село), селолық округ әкiмiнiң, ХҚКО директорының атына берiледi, шағым ЖАО-ға демалыс және мереке күндерiнен басқа жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18-30-ға дейiн, ал орталықтың жұмыс кестесі: жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiспен (13.00-ден 14.30-ге дейін) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн. 4.4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. 4.5. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғанын растайтын күнi мен уақыты, берiлген шағымға жауап алудың мерзiмi мен орны, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын ЖАО-ның және ХҚКО-ның лауазымды адамдарының байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi. 4.6. Қосымша ақпаратты осы регламентте 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген мекенжайлар бойынша ЖАО-дан және ХҚКО-дан алуға болады. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне 1-қосымша Теректі ауданы бойынша селолық (ауылдық) округі әкімі аппараттарының тiзбесі
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне 2-қосымша Халыққа қызмет көрсету орталықтары
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне 3-қосымша Кесте №1. СФЕ әрекетінің сипаттамалары.
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне 4-қосымша Лауазымдық әрекеттестік диаграммасы ![]() «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне 5-қосымша ҮЛГІ: АНЫҚТАМА Федоровка селолық (ауылдық) округі әкімі аппараты Азамат (ша) _______________________________________________ БҚО, Теректі ауданы _______________________ауылының тұрғынына Өзінің жеке қосалқы шаруашылығында: ___________ бас ____________ жасы ___________ түсті жеке қосалқы шаруашылығы бар екені туралы анықтама берілді. № _________ шаруашылық кітабы және _____________ дербес шоты бойынша тіркелген. Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы _______________________________________ (қолы) |
![]() | «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы бекітілген №2318 қаулысының «Жеке қосалқы шаруашылықтың... | ![]() | Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алудың мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Берілген регламентте келесі ұғымдар (терминдер мен аббревиатуралар) пайдаланылады |
![]() | "Мал басы туралы мәлімет" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты ... | ![]() | «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету... |
![]() | «Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) | ![]() | «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Берілген стандарт: «Жұмыссыз азаматарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді |
![]() | «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Жұмыссыздар өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетін еңбек қызметімен айналыспайтын жұмыс іздеп жүрген және еңбек... | ![]() | «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері |
![]() | «Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы | ![]() | «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан... |