2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар




Скачать 39.14 Kb.
Название2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар
Дата конвертации07.02.2016
Размер39.14 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zaysan.vko.gov.kz/kz/files/county6.doc
2009 жылдың I-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар


Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2009 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 86 қатынас хат, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар жұмыстардың шаралары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды.

Округ әкімінің аппаратынан мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 73 қатынас-хат жолданды.

Округтің 2009 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының 25 бөлімнен тұратын бағдарламасы жасалынып, бекітілді.

Үстіміздегі жылдың 25 ақпан – 6 наурызда өткен Ұлттық халық санағын өткізуге барлық шаралар ұйымдастырылып, халық санағы мезгілінде аяқталды.

2009 жылдың I-ші тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына жазбаша немесе ауызша өтініштер түскен жоқ.


Ауылдық округі әкімінің аппаратында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың

2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын округке қарасты елді мекендер тұрғындарына насихаттау мен түсіндірулер бойынша атқарылған жұмыстар.


Ауылдық округі әкімінің аппаратында құрылған ақпараттық хабардар топтары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын округке қарасты елді мекендер тұрғындарына насихаттау мен түсіндірулер бойынша 11 наурызда Қуаныш және Ақарал,

13 наурызда Біржан ауылының тұрғындарымен кездесті.

Биылғы Жолдау – дағдарыс уақытында халықты біріктіретін, қиындықтан шығудың жолдарын көрсететін басты құжат атап көрсетілді. Қазіргі кезең ел тұрғындарынан үлкен жауапкершілікті талап етіп отырғандығы баса айтылды.Дағдарыс- әлсізге алапат дауыл, бітімсізге қайта-қайта оралар қиындық, жігерсізге іштен күйдірер дерт екендігі жеткізілді. Халыққа дағдарыс кезеңінде қандай көмектер көрсетілетіндігі, жұмыссыздықтың елімізде етек жаймауы Елбасымыздың басты назарында екендігі түсіндірілді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, мұқтаж адамдарға мемлекеттің көмегін арттыру, елді мекендерді абаттандыру, жетістіктерді дамыту мен тозығы жеткен дүниелерді жаңарту басты мақсат болып қалатындығы ескертілді.

Өз кезегінде округ тұрғындары да Жолдауға қатысты сұрақтарын қойып, елімізде дағдарыстың алдын-алу мақсатында алдағы атқарылар шаралар барысынан мағлұматтар алып пікірталасқа белсене қатысты.


8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін атап өтуде атқарылған шаралар.


7 наурыз 2009 жыл.

Аманкелді атындағы орта мектебінің спорт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған волейболдан қыздар командалары арасында округке қарасты елді мекендердің командаларының қатысуымен ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа Ақарал және Қуаныш ауылының, Аманкелді орта мектебінің оқушы қыздары мен Біржан ауылдық қыздар командалары қатысып, күш сынасты. Турнирді ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері тамашалады. Округтегі спорт нұсқаушысы А.Чакенова жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, табыстар тіледі. Айтулы додада I-ші орынды Ақарал ауылының командасы еншілесе, II-ші және III-ші орындарды Біржан, Қуаныш ауылының командалары бөлісіп, жүлделермен марапатталды.


8 наурыз 2009 жыл.


Ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында 8 наурыз мерекесіне орай «Па, шіркін қазақтың келіндері-ай!» атты келіндер сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараны құттықтау сөзімен ашқан ауылдық округі әкімі М.Жұманова сайысқа қатысушыларды мейрамдарымен құттықтай отырып, ақ жол тіледі. Келінде сайысына Ақарал, Қуаныш, Біржан ауылдарынан 7 келін қатысып, өнерлерін көрсетті. Мерекеге тамашалаған тұрғындар арасынан таңдап алынған сарапшылардың шығарған қорытындылары негізінде бас жүлдеге Қуаныш ауылының келіні Ғ.Нұрғазина, I-ші орынды да осы ауылдың келіні А.Раушева, II-ші орынды Біржан ауылынан Л.Әділбекова иеленсе III-ші орын Ақарал ауылынан

Н.Шайролдакелініне берілді. Ауыл тұрғындары өз тараптарынан мерекелік шараларды ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Мереке соңы ауыл жастарына арналған би кешімен аяқталды.


22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күнін» атап өтуде атқарылған шаралар.


Аманкелді атындағы орта мектебінің спорт залында 22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне арналған волейболдан ұлдар командалары арасында округке қарасты елді мекендердің командаларының қатысуымен ашық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа Қуаныш ауылының, Аманкелді орта мектебінің ұстаздарының, Біржан ауылдық ұлдар және Зайсан қаласының командалары қатысып, күш сынасты. Турнирді ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары және ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлері тамашалады. Ауылдық округі әкімі М.Жұманова, Аманкелді атындағы орта мектебінің директоры О.Мереев жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтай отырып, табыстар тіледі. Айтулы додада I-ші орынды Біржан ауылының жастар командасы еншілесе, II-ші және III-ші орындарды Аманкелді атындағы орта мектебінің ұстаздары мен Қуаныш ауылының командалары бөлісіп, жүлделермен марапатталды.

Ауылдық округі әкімі аппараты мәжіліс залында 22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне орай «Қайран біздің аналар арды ойлаған» атты әжелер сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараны құттықтау сөзімен ашқан ауылдық округі әкімі М.Жұманова сайысқа қатысушыларды мейрамдарымен құттықтай отырып, сәттілік тіледі. Мерекелік шараға Ақарал, Қуаныш, Біржан ауылдарынан 7 әже қатысып, өнерлерін көрсетті. Мерекеге тамашалаған тұрғындар арасынан таңдап алынған тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары негізінде бас жүлдеге Біржан ауылынан Г.Айтмұханбетова, I-ші орынды Қуаныш ауылынан С.Мамырбекова, II-ші орынды Біржандық А.Солохайн иеленсе III-ші орын Ақарал ауылынан келген А.Бұйрановаға

берілді. Ауыл тұрғындары өз тараптарынан мерекелік шараларды ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Мереке соңы ауыл жастарына арналған би кешімен аяқталды.


.

Похожие:

2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар icon2010 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар
Аппарат мәжілістерінде: 12 түрлі мәселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.Қабылданған қаулылар тиісті адамдарға жолданып, орындалуы...
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар icon2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар
Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар жүргізілді
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар icon2009 жылы атқарылған жұмыстар
Жоспар бойынша 2009 жылдың 13 наурызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың...
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар iconАқсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан наурыз айларында аудан
Ақсу ауданы әкімі Ә. Дүйсембаевтың және поселкелік, ауылдық округ әкімдерінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы 2012 жылдың ақпан...
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар iconҰлан ауданының әкімі С. Т. Төленбергеновтің 2011 жылдың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2012 жылға міндеттері туралы есебі Құрметті кент ауылдық
Сіздерге 2011 жылда атқарылған жұмыстар туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы бөліскім келеді
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар icon2010 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар
Округте сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар жүргізілді
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар iconАйнабұлақ ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
...
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар iconЖамбыл ауданының әкімі Н. Календеровтың халық
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес сіздердің...
2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница