Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер




НазваниеӘрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер
страница5/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://referaty.kz/files/pushkin_zhne_kazak_debieti.doc
1   2   3   4   5   6   7

Жүргізуші: Отызыншы жылдары қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, сүйікті ақын Қасым Аманжолов А.С.Пушкинге арнап «Ақынның ескерткіші» өлеңін жазды. Бұл өлең «Социалистик Қазақстан» газетінің 1937 жылғы ақпан санында басылды.


2 оқушы ақын өлеңін оқиды.


Ақынның ескерткіші

(Пушкиннің өлгеніне жүз жыл толуына)


Өмір бақша, жеміс мол, қызыл гүлі жайнаған,

Жан иесі бейне бұлбұл, гүлге қонып сайраған.

Сол бақшаны мен келемін тамашалап, аралап

Гүлдің сырын, бұлбұл үнін жырға тізіп,саралап.


Гүлдің сыры, бұлбұл үні тербетеді жанымды,

Балқытады жас тәнімді, қайнатады қанымды.


Ұлы мұхит толқынындай тасқындайды көңілім.

Май айының бақшасындай құлпырады өмірім.


Нұрын төгіп, мейірленіп, күн қарайды күлімдеп,

Бақша ішінде музыкадан күй төгіледі дірілдеп.

Шаттық жыры жүрегімді, көкірегімді кернейді,

Көңіл құсы шарықтайды, күнге қарай өрлейді.


Аралаймын гүл бақшаны, тамашаға тоймаймын,

Толқындаймын, тасқындаймын, толғанамын,

ойлаймын.

Ой шыңынан құлдырайды асыл сөздің бұлағы,

Жыр тыңдайды, түріледі бар әлемнің құлағы.


Жырлаймын да, шырқатамын шаттық жырын

өмірдің,

Еркіндеймін, орындаймын бар тілегін көңілдің.

Іркілмеймін, бақша ішінде тамашалап келемін,

Бақша ішінде, көз алдымда бір ескерткіш көремін.


Мрамордан орнатылған ескерткішке келемін,

Иілемін тәжім етіп, жырмен сәлем беремін.

Жыр тәңірінің, ұлы ақынның ескерткіші еді бұл,

Дақ түспеген, өтсе-дағы талай жыл.


Бұйра шашы толқындаған, кең маңдайы керілген,

Тапжылмастан ұлы ақын тұр, терең ойға

көмілген,

Ескерткішке кірпік қақпай қадаламын, қараймын

Ескерткішін ұлы ақынның дәл өзіне балаймын.


Қараймын да ескерткішке, терең ойға бата

Сырымды айтам, шынымды айтам, ақынға тіл

қатамын:

Шіркін, жалған, опасы жоқ, әттең сұмырай,

зар заман,

Не көрсетпеді, не қылмады, не қылмады ол саған!


Ақын едің, күн боп едің, мезгіл жетпей сөндің сен,

Сонда-дағы борышыңды адамзатқа бердің сен.

Ақын едің, жалын едің, желмен ойнап өрт

болдың,

Ақын едің, соққы жедің, сұм жалғаннан мерт

болдың.

Бірақ сені жоя алмады, құрта алмады сұм

жалған,

Мәңгі сақтар, жүрек жаттар сенен асыл жыр

қалған.


Сені қысқан сұм замана, болды міне күл-талқан,

Сен аңсаған, құмарланған атты міне, атар таң,

Жаңа заман сені бүгін жүрегіне бөледі,

Жаттап жырын, ақтап атын, сені тірі көреді…


Деймін-дағы, ескерткішке қайта-қайта

қараймын,

Ескерткішін ұлы ақынның дәл өзіне балаймын.

Қарсы алдында ескерткіштің кетем жырлап

тағы да,

Жырлаймын да, гүл орнатам ескерткіштің


маңына.


Жүргізуші: А.С.Пушкиннің екі томдық таңдамалы шығармаларының 1975 жылғы қазақша басылымының бірінші томы «Өлеңдер мен поэмалар» әйгілі «Ескерткіш орнаттым мен…» өлеңімен ашылады. «Ескерткішті» қазақ тіліне аударған Ғали Орманов оның желісімен өзінің «Ақын ескерткіші» атты лирикалық өлеңін жазды.


Оқысам ұлы ақынның өлеңдерін

Өмірі көз алдыма келер менің,

Ол әлі отанымның өңірінде

Оқытып келеді жас өрендерін, -


деп басталатын өлең жолдарында сендерді осынау бір ғажап туындыға терең бойлай түсуге шақырады.


1 оқушы ақын өлеңін мәнерлеп оқиды.

Оқысам ұлы ақынның өлеңдерін

Өмірі көз алдыма келер менің,

Ол әлі отанымның өңірінде

Оқытып келеді жас өрендерін, -


Жылдардың жылжып ұзақ өтсе жүзі,

Жоғалып не заманның кетсе де ізі;

Дүниенің сірә сөнбес шырағындай,

Жайнап тұр данышпанның сөздері ізгі.


Депті ақын: «Жаным тірі өлеңімде», -

Сезіммен сені қарап келер күнге.

Күллі жұрт осы сөзді қасиеттеп,

Құйыпты жүрегінің тереңіне.


Ұлы ақын өлеңінде қалды тірі,

Өле ме елдің ондай мәңгі жыры!

Аяулы сырларындай сақтады оны

Орыстың ойлы орманы, қазақ қыры.


Таныды түкпірдегі «тағы» тұңғыс;

Таңдады қатпар таулы кәрі Шыңғыс;

Абайдың ауылынан әнін естіп,

Сахара талай сергіп алды тыныс…

Орнатқан өз тұсында ұлы Пушкин,

Ойласақ «қолдан келмес ескерткішін»,

Ол оны жан күйімен өрген екен,

Сан буын келер ұрпақ, өрен үшін!…


Жүргізуші: Кейінгі буын ақындар да Пушкинге арнап өлеңдер шығарды. Ақындар Төлеген Айбергеновтің, Шөмішбай Сариевтің, Мұқағали Мақатаевтың, Мылтықбай Ерімбетовтің, Дихан Әбіловтің, Жанұзақ Қожабергеновтің, Қапан Сатыбалдиннің жырларында әдемі кестелер кездеседі.


(Оқушылар аталған және т.б. ақындардың жырларынан үзінділер оқиды.

Шараны Мұқағали Мақатаевтың «Пушкинмен қоштасу» өлеңімен аяқтауға болады)


Ал енді қоштасайық, сардар аға,

Мен ертең кетем ұшып сар далама,

Қыранның қырандығы-кең далада,

Қыранның қырандығы-тауда ғана.

Мен ертең кетем ұшып сар далама.

Қош боп тұр, қош –есен бол, сардар аға!

Сөкпей де өкпелемей қал балаңа.

Ақынның ақындығы –атақта емес,

Ақынның ақындығы-арда ғана.

Айтатын арызым бар, аға, саған,

Көңіл-кермек, бой-күйез тамашадан.

Ақымақпын, кей-кейде арыма мен

Өз қолыммен күйені жаға салам.

Сен болған шақ бұлыңғыр, тұнжыр маған,

Әйтсе де аямапты құрғыр заман.

Болат Пушкин тіріліп кете ме деп,

Тұғырыңды болатпен шынжырлаған.

Қарадым сенің қола мүсініңе,

Қоланы да болады түсінуге.

Мені тәңірім жаратқан табынуға,

Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге.

Ортасына сауықшыл түсіп көптің,

Мастандым да, масайрап ісіп кеттім.

Мұң шаға келіп едім-ұш!-дедің сен,

Өзің ұш деп тұрған соң ұшып кеттім.

Ұшып кеттім тауларға бұлт басқан,

Төңкеріліп теңізге тұныпты аспан.

Теңіз бенен аспанның тыныштығын,

Долы дауыл барады жұлып, қашқан.

Қош бол, аға, әлемді тамсандырған,

«Тас мейманға» табиғи жан салдырған.

Меніменен сайрандар жел жоқ, бірақ

Алатауым күтіп тұр қарсы алдымнан…

* * *

Тұтас алғанда, қазақ ақындарының Пушкин туралы өлеңдері – поэзия әлемінің құнды да маңызды бір қыры, ұлы ақын мұрасын игеруге қосылған елеулі үлес, игі дәстүр. Осы дәстүрді жыр кешінде кітапхана оқырмандары жалғастырса құба-құп болар еді. Өз оқырмандарыңыздың алғашқы жыр шумақтары ұлы ақынға арналып төгілуі әбден мүмкін ғой. Сондықтан олардың жырларына да сөз кезегін ұсынған жөн.


Армысың, Пушкин!

Жедел сұрақ – жауап ойыны


  1. Орал өңіріне сапарында ақын қазақ эпосының інжу-маржаны қатарында саналатын қандай ғашықтық жырын жаздырып алған?

(«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»)

  1. Оралда А.С.Пушкин қазақтың қандай ақынымен кездескен дейді?

(Махамбет Өтемісұлы)

  1. 1887 жыл неліктен Абай поэзиясындағы «Пушкин жылы» деп аталады?

(Бұл жылы Абай Пушкиннің

поэзиясын алғаш рет қазақ

сахарасына таныстырды)

  1. Қазақтардың тұрмыс-салт, тарихымен А.С.Пушкин кімнің еңбегі арқылы алғаш танысты (Левшин А.И. «Қырғыз-қайсақ

немесе қырғыз-қазақ ордалары

мен далаларының сипаттамасы

1924ж.)

  1. А.С.Пушкиннің Орынбор сапарының мақсаты?

(Е.Пугачев көтерілісі өткен

жерлерге саяхат жасау, ол

жөнінде кітап жазу)

  1. Ақын шығармаларын қазақ тіліне аударған ақын-жазушыларды атаңдар? («Пушкин шығармаларын

аударушылар» атты қосымша)

  1. Қазақстанда басылып шыққан Пушкин шығармаларының суреттерін кімдер салды? (Гурьев, Тетенко, Сидоров)

  2. «Пушкин Орынбор даласында» атты суреттің авторы кім?

(Қ.Қожықов)

  1. «Пушкин ертегілері» бойынша салынған суреттердің авторы ше?

(Б.Табылдиев)

  1. «Оны қазақтың Пушкині деп атаған, Байронмен және Шекспирмен салыстырған, бет-әлпеті Сергей Есенинге келеді дейтін…» қазақ ақыны? (М.Жұмабаев)

  2. Жамбылдың Пушкинге арнаған «Асқан бұлбұл» өлеңіне ән шығарған қазақ композиторы? (Р.Елебаев)

  3. Қазақстандағы қандай жоғарғы оқу орны А.С.Пушкин есімімен аталады? (Орал педагогикалық институты)

  4. Абай аударған орыс классиктері – Пушкин…Жалғастыр.

(Лермонтов, Крылов)

  1. «Амал жоқ қайттім білдірмей…» Әннің аты, авторы және қазіргі орындаушылары. («Татьянаның хаты». Абай Құнанбаев.

Хадиша Бөкеева, Әмина Нұғыманова)

  1. Ақынның «Евгений Онегин поэмасын» толығымен қазақшаға аударған ақын? (Қ.Шаңғытбаев)

16.Абай Пушкиннен неше өлең аударған? (50 шақты)

17. Қазақ қызының Тәтіш аты ақынның қай кейіпкерінің құрметіне қойылған? (Татьяна Ларина,

«Евгений Онегин»)

18. Қазақ халқын атап өткен ақын (қолжазба нұсқасында) өлеңі?

(Ескерткіш орнаттым

мен қолдан келмес)


Сен Пушкинді білесің бе?

Жоғары сынып оқушыларына арналған бәйге сайысы


  1. А.С.Пушкиннің кейіпкерлеріне аты берілмеген шығармасын атаңыз? («Балықшы мен балық туралы ертегі» - (Шал мен кемпір)




  1. А.С.Пушкиннің және оның көптеген кейіпкерлерінің қаласы

(Петербург)


  1. Ақын «Бала жігіт» (Ересек бала) өлеңін арнаған орыс оқымыстысы?

(М.В.Ломоносов)


  1. «Өлі» ханшаның күйеу жігіті? (Ханзада Елисей)




  1. А.С.Пушкин жақсы көретін жыл мезгілі? (Күз)




  1. «Жеңімпаз-оқушыға жеңілген оқытушысынан» деген жазуы бар өзінің суретін сыйлаған ақын? (В.А.Жуковский)




  1. Ақынның айдауда болған жері? (Кавказ, Михайлавск селосы)




  1. Пушкиннің көптеген кейіпкерлеріне берілген есім? (Маша)




  1. Пушкиннің достарын атаңыздар? (Пущин, Дельвиг, Чаадаев, Рылеев, Нащокин, Жуковский, Раевский)




  1. «Өлген ханша мен жеті батыр» туралы ертегісінде қай жыл мезгілі туралы айтылады? (Қыс)



Өлең -жырдың өзегі - Пушкин

Жоғары сынып оқушыларына арналған көкпар ойыны


Ойынның шарты: Бір бөлігінде Пушкин өлең жолдары не ақын шығармасының аты жазылған карточкалар ойыншыларға таратылып беріледі. Қарсыластар жүргізуші сөзін шапшаңдықпен жалғастырып әкетулері керек. Ең көп «өлең жолын» немесе шығарма атын атаған ойыншы жеңіске жетеді.


  1. Ғашықтың тілі-тілсіз тіл

Көзбен көр де ішпен біл...


2. Тіл біткен жүрер менің атымды атап...


3. Сақта мені, бойтұмар,

Сақта мені тар күннен...


4. Достарым, ғажап сұлу біздің одақ!


5.Мұңлы зар ма махаббат жыршысының

Естіп пе едің орманнан түнгі үнін?

Қыр мүлгіп таң алдында демалғанда,

Зарлы үнін талмаураған сыбызғының,

Естіп пе едің?


6. Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес.


7. Шаруа қызы.


8. Бахшасарай фонтаны.


9. Теңіздің жағасында жасыл емен;

Тағулы сол еменге алтын шынжыр...


10.Тәңірі қосқан жар едің сен,

Жар ете алмай кетіп ең;

Ол кезімде бала едім мен,

Аямасқа бекіп ең.


11.Әрі аяз, әрі шуақ күн тамаша!


12.Отырмын дымқыл, қараңғы үйде терезесі торлаулы...

13. Мыс салт атты.


14.«Сәулем, айнам, жарқыным,

Айтшы, кәне, айт шынын-

Мен бе сұлу әлемде,

Бар ма сұлу менен де?»


15. Деді Балда: «Қашанда әуес болма арзанға!».


16.Евгений Онегин.


17.Борис Годунов.


18.Руслан мен Людмила.


19. Капитан қызы.


20.Моцарт және Сальери.

Баспахана

Пушкин шығармашылығы бойынша іскерлік ойын


Дайындық кезеңі: Шара өткізерден екі-үш ай бұрын оқырмандар үшін хабарландыру ілінеді. Бұл шараның ерекшелігі сол, балалар ұлы ақынның еңбектерімен терең танысып қана қоймай, өзінің шығармашылық қабілетін, ой-қиялын, алғырлығын таныта алады.

Ойын шарты:

1.Шараға қатысатын әрбір оқырман ақынның өзіне ұнаған өлең, ертегі, поэма, повестерін оқып шығулары шарт.

2. Оқырман ақын еңбектері бойынша шығарма, өлең жазып, ұнаған кейіпкерлерінің суреттерін және салулары керек. Бұл кезеңде оқырман өзінің шығармашылық қабілетін көрсетеді.

3. Әрбір оқырман өзінің шығармашылық жұмыстарынан және ақын өлеңдерінен тұратын «кітап басып» шығарулары керек. Ол үшін бүгінгі озық технологиялар көмегін (ксерокөшірме, компьютер, сканерлеу және т.б.) пайдалануға болады. Үшінші кезеңде ойыншы өзінің ұшқыр ойын, қиял жетістіктерін көрсете алады.

4. Ойынның ең шешуші кезеңі: әрбір оқырман өзі «басып шығарған» кітабының тұсаукесерін өткізеді.

Өзінің қиял ұшқырлығымен, ерекше талантымен көзге түскен оқырман жеңімпаз атанып, арнайы мақтау қағазымен немесе дипломмен марапатталады.

Ескерту: Бұл шараны кітапхана қабырғасында, әдеби үйірмелік кештерде мектептерде өткізуге болады.
1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған Қазақ
Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистиканың дамуындағы үлкен бір...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Еліміздегі «мәдени-мұра» бағдарламасының жүзеге асырылғандығының өзі осының дәлелі. Мұның өзі тілімізді сәлде болса ілгерілетті....
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconКредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconУа халайық мында кейбір жерлерінде қателер бар  бал ұ ста ұ лы есбай
«тілі» де өзгелер үшін бар бол мысы мен ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт өкілінің мүлде басқаша...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті Халық ауыз əдебиеті
Хviii ғасырдың басы қазақ халқының тағдырында қасіретті із қалдырған, қаралы кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының қайғылы...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Р мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділер мәдени мұрасы институты «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» халықаралық...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін өзі қамтамасыз ететін...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconФ кгму 4/3-07/03 пп кгму 4/03
Х ғ Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың ерекше орын алуы. Ағарту ісі...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconТұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Міне, тағы бір жыл өтіп кетті. Қиындықтарға қарамастан біз әрқайсымыздың жеке өмірімізде және мемлекетіміздің өмірінде болған ең...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница