Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер




НазваниеӘрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер
страница4/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://referaty.kz/files/pushkin_zhne_kazak_debieti.doc
1   2   3   4   5   6   7

Жүргізуші І: Солайша, 1887 жылдың қысында орыстың ұлы ақыны

Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан ұстап кеп, қазақ сахарасына ең алғашқы рет қадам бастырып еді. Өзі тыңдаушысын ұйытқан қадірлі ақын болды. Татьянасы қазақ жасының жүрек сезіміне бұрын қазақ сөзімен айтылып көрмеген көркем, шебер тіл бітіріп, жандай жақын туысы бола келіп еді...


Қазақ Пушкинианасының елшілері

Жыр – шашу


Шашу – қазақтың ежелден келе жатқан қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүрлерінің бірі. Зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпит, күміс теңгеден шашу шашады. Бұл дәстүрді кітапхана аясында өтетін шаралардың бір түрі ретінде қолдануға болады. Мысалы, жыр-шашу.

Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында өткізілетін көп шаралардың ішінде ақынға жырдан шашу көрнекі орын алмақ.

«…Пушкинді ұстаз тұтып, оған әрдайым өлең арнамаған ақын жоқтың қасы» – деп академик М.Қаратаев айтқандай, ұлы ақынға арнап жазылған өлеңдер көп. (Әдебиеттер тізімін қараңыз). Қазақ халқы рухани өмірінде Пушкиннің де өзіндік орны бар. Көрнекті ақын Ілияс Жансүгіров «Пушкин – қазақ халқының да ақыны» деп бекер атамаған.

Шашу өтетін жер мерекедегідей безендірілмек. Пушкин портреті, оған арнау сөздер, өлеңдерден үзінділер жазылған қабырға сөздер…

Жүргізуші: Заманында «Пушкин өзінің ұлы орыстығы үстіне, жаратылысынан данышпандық күш біткен орыс» деп бағаланған орыстың кемеңгер ақынын қазақ қауымына таныстырудың өзі артық болар. Мұнда оның шығармаларын білмейтін адам кемде кем. Ұлы ақын орнатқан ұлы ескерткіштің іргесіне қаланған қазақ ақындарының күн шұғылалы өлең жолдары асқақтай естіледі.

(Сахнаға екі оқушы шығып Пушкиннің «Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес» өлеңін екі тілде оқиды.)

Жүргізуші: А.С.Пушкиннің бұл өлеңі Оралда болып қайтқан соң үш жылдан кейін жазылған екен. «Ескерткіштің…» алғашқы қолжазба нұсқаларында «қазақ» аты аталуы символикалық құбылыс десе болғандай. Өйткені, ұлы ақынның есімін шығыс халықтарының ішінен алғаш, шығармаларын өз тіліне аударған қазақ халқы болды десек артық айтқандық емес.

Сонымен, о, жыр тәңірісі, өзіңнің лираңнан шабыттанған ақындардың арнау өлеңдерін қабыл алыңыз.

Сен өлеңнің сыр мінезі сыршысы,

Сен өлеңнің таңғажайып жыр құсы.

Саған арнап жырдан жібек кестелер

Ен даланың ерке көңіл жыршысы.


Оқушының орындауында М.Әлімбаевтың «Александр Пушкинге үш пейіл» өлеңі оқылады.


Александр Пушкинге үш пейіл.


Саған шексіз сый-құрметін көрсетіп,

Мені халқым аттандырды елші етіп.

Ал елшілер келеді ғой тіріге

Тауыспаған өмір жолын өлшетіп


Ұлылардың алды деген оңай ма?!

Кішілерді санатына санай ма?

Келгендеймін кемел Пушкин тауына

Өз атынан емес, өзге орайда.

Оған әсте шамданар да ойым жоқ,

Келгендеймін атқосшы боп Абайға.

Теңін айтсам,

Тебіреніп Пушкин де

Маған мойнын бұратындай қалайда.


Бойшаң ұлы, ойшаң құлы құдайдың.

Қарағайдан

Ақын жайын сұраймын.

Екі жүз жыл жасаған бұл қарағай

Пушкинменен сырлас өскен баладай.

Білетіндей, қарағайға аяндай

Заман мұңын толғағаны Бояндай.

Самсаған қол кернеп Сенат алаңын…

Тігеді ақын көңілінің жанарын.

Дар астында бес армандас…бес бейне…

Ақын жүрек ақ патшаға кешпейді…

Айтшы, - деймін. – Қандай еді ол өзі?

Отты ма еді? Өткір ме еді мінезі?

Дегендей боп: «Ел қамқоры! Ақ иық!..»

Тербелейді, басын ағаш сәл иіп.

М.Әлімбаев


Жүргізуші: Пушкин есімін өз жырларында алғаш атағандардың бірі- Ілияс Жансүгіров десе болар. Ол оның өмір жолының кейбір кезеңдерін, құдіретті өнерін өзінің тума туындыларына тақырып етті. Ол әйгілі «Құлагер» поэмасында мынандай әсерлі шумақтарды дүниеге келтірген І оқушы: Таба алмай тыныштықты туған елде,

Кете алмай біржолата бөтен жерге.

Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық

Төсеген талай ерлер оққа кеуде.


Жақсы боп өзден өлім талай ерге

Аз ба екен оққа ұшқандар дуэльдерде?

Өлімді жан қорлықтан жақсы көрген?

Не дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге?


Жүргізуші: Бұл кестелер сонау Пушкин көз жұмған азалы сәтте туып, ертеңінде қолжазба арқылы қолдан қолға тарап ақын қазасының себептерін ашықтан-ашық батыл айтып берген М.Лермонтовтің «Ақын ажалы» атты өлеңін еріксіз еске түсіреді.

ІІ оқушы: Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,

Кісі ме еді ақындықтан құралақан?

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас сері, дархан.

Еріксіз ерте туған ел еркесі

Жетпестен қиылатын ер желкесі

Лермонтов, Пушкин көктен атылған құс,

Түскен бе Көкшетауға көлеңкесі? –

деп ақын, ел еркесі Ақан серінің де Пушкин, Лермонтовтармен тағдырлас екенін еске салады.

Жүргізуші: 1937 жылы бүкіл дүние жүзінің прогресшіл қауымы Александр Сергеевич Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толуын еске түсірді. Осыған орай Жамбыл Жабаев ұлы ақынға «Асқан бұлбұл», «Пушкинге» деген өлеңдерін арнады.


1 оқушының орындауында «Асқан бұлбұл» өлеңі оқылады.


Орыстың өлеңінің ақын көркі,

Алмастай мың құбылған меруертті.

Дүниеге асыл сөзден төктің маржан,

Жарқырап тар заманда-ақ шықтың еркін.

Патшаның қорқау бастық жендеттерін,

Сен көрдің, таныдың сен, таулы жерін.

Қарысқан қан майданда қылыш тимей,

Қолынан қанды жендет жанды бердің.

Не керек, өмір шіркін, өзің тірі,

Алтындай жарқырайды жайнап гүлі.

Жүз жыл болды, қара жер сені алғалы,

Сен дүние ақынысың осы күні.


Қуанып көзі жайнап, мейірі қанып,

Башқұрт, түрікпен, белорус, қазақ танып.

Оқиды жазғаныңды, шаттанады,

Сөзіңнің бір де бірі өлмеуі анық.


Сен, Пушкин, қалың жұрттың туысқаны,

Сен - біздің бұл ғасырдың өлең, әні.

Өлеңің жаңа атқан таң, жайнаған гүл,

Жұпары, інжу-маржан, өмір сәні…

Бұл күнде біздің өмір жайнаған гүл,

Құлпырып барған сайын төгеді нұр.

Ән шырқап, бізбен бірге қуан, шаттан,

Мәңгі өлмес асыл сөзді асқан бұлбұл.


Жүргізуші: Қарт ақын «сен – біздің бұл ғасырдың өлең, әні» демекші сол отызыншы жылдардың өзінде-ақ талантты композитор Рамазан Елебаев «Асқан бұлбұл» өлеңіне арнайы ән шығарған болатын. «Көпшілікке кең тараған «Жолдастар», «Жас қазақ» әндерінің авторы, өмірден мезгілсіз кеткен, партизан композитор Рамазан Елебаевтың Жамбыл өлеңіне жазған бұл әні 30-шы жылдарда шыққан тамаша әуендердің, әндердің үлгісіне жатады» – деп бағалады музыка зерттеуші Өмірбек Байділдаев.

(Мүмкіндік болса осы әнді оқырмандарға тыңдатқан жөн. Ізденіс жұмыстарын жүргізу барысында құрастырушының байқағаны бұл ән Пушкинианаға қосылған бірден-бір қазақ әні болып табылады).

Жүргізуші: Ақынның «Пушкинге» деген өлеңі де «Асқан бұлбұлдың» жалғасы іспетті. Жамбыл Пушкин жырын «Хиуадағы жібек қырмызыға», тауыс құстың жайған қанатына, көз тартып құлпырған патсайыға теңейді. Мінеки, оған өздеріңіз куә болыңыздар

ІІ оқушы: «Пушкинге» өлеңінен үзінді оқиды.


Өнердің алды қызыл тіл,

Тілде жүйрік ол дүлдүл.

Ақынның мұхит теңізі –

Пушкинге бүгін бір жүз жыл.

Менің айтқан жүз жылым –

Өлім емес, өмірі!

Өмірде оның өлмейді,

Ел сүйген таза көңілі.

Әлемге шыққан аты бар,

Алтынмен жазған хаты бар,

Күн сөнбей, ол сөз сөнер ме?!

Шыңдағы шынар өмірі,

Қиядан жібек қырмызы,

Кестелеп тіксе хор қызы,

Шытырмақ шимай гүл шығып,

Тауыс құс жазса қанатын,

Көз тартып көркі алатын,

Патсайыдай құлпырып

Пушкиннің жыры дәл сондай,

Әлемнің ажар көрігі.

Шам-шырақ деген тас жатыр,

Теңіздің терең түбінде.

Сүңгіп адам соны алар,

Шам қылуға түнінде.

Май құйған шам сөнсе де,

Шам-шырақ сөнбес өмірде.

Жақсы сөз бейне шам-шырақ,

Орнаған мықтап көңілге.

Жақсы сөздің иесін,

Ұйғара алман өлімге.

Олай болса Пушкинді,

«Тірі» деу керек сенуге…


Жүргізуші: Пушкин Жамбылдың «Өмір жыры» атты көлемді өлеңінде де жырланды. Бұл өлеңді 1937 жылы 21 желтоқсан күні Тбилиси қаласында Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасының 750 жылдығына арнаған Грузия Жазушылар одағының пленумында айтқаны мәлім.

Назарларыңызға өлеңнің Пушкин туралы бөлімін ұсынамыз.

І оқушы: Жырымен тау жаңғыртып Пушкин де өткен,

Жүрегі жараланған ақын тұлға…

Пушкиннің сайрап кеткен жырын талай,

Шырқаған даланы өрлей ақын Абай,

Тамсанта Онегин мен Татьяна

Алыбын Алатаудың әнге орай.

Туысқан халқыменен құшақтасқан,

Біледі Қазақстан туғанындай…

Шота мен Абай, Тарас, Пушкин де өткен,

Халыққа құшақ жайып жыры жеткен…


Жүргізуші: Әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері жайлы әсем сазды лирикалық толғаулардың иесі Әбділда Тәжібаевтың, Хамит Ерғалиевтің Пушкинге соқпай кетулері мүмкін емес еді.

Олардың шығармаларында тарихтың әр кезеңіндегі А.С.Пушкин мұрасының тағдыры, қасиеті, мән-маңызы ашыла жырланады.

Сүйсе Гейне, анам десе

Сүйген суы Рейнесін.

Сырдың суы туған ол да

Өз ақыны – Гейнесін.

Жазса Тарас Днепрді

Жазса Пушкин Еділді

Неге маған жырламасқа

Сырда туған елімді.

Ә.Тәжібаев «Сырдария»


Ұмытпан, зәулім үйдің өртенгенін,

Орманға бейуақытта жұрт енгенін,

Алаңда Пушкин, Гейне құлап жатты

Бар менің сол бір түннен жиіркенгенім.

Х.Ерғалиев «Ұмытпан»


Жүргізуші: Қазақ ақындарының ішінде Пушкин жүрген, болған жерлерге барып, оның ұлы тұлғасына тағзым ете тұрып, бүкіл шығармашылық әлеміне бойлаған ақын Сырбай Мәуленов десе болады. Әрине, мұндай «саяхаттың» қорытындысы жыр болып төгілуі заңды да. Өлеңмен «Саяхат картасын» кестелеген ақынның жырларын таңдаңыздар.

(Төменде қазақ поэзиясында қырық жылдан аса уақыт бойы үздіксіз жемісті еңбек етіп, көркем сөз дамуына елулі үлес қосқан ақын Сырбай Мәуленовтің ұлы Пушкинге арнаған отты да ойлы, нәзік те сырлы, айшықты жырларынан топтама жарияланып отыр).


* * *

Жыр тәңірісі Пушкиннің

Аспанда ма тұрағы.

Жыр тәңірісі Пушкиннің

Асқарда ма тұрағы.


Дүние бүкіл таң қалып,

Күнде дабыл ұрады

Сол Пушкинді аударып

Талай ақын құлады.


Ол келеді ешбір де

Асуынан өткізбей,

Ол келеді ешкімге

Пушкин болып жеткізбей.

С.Мәуленов


Сороть – Пушкин өзеңі.


Өлең-жырдың өзегі-

Міне, бұл Пушкин жері,

Сороть – Пушкин өзені,

Маленец – Пушкин көлі.


Пушкиннің айбынды таулар

Пушкиннің жас қаласы.

Пушкиннің байырғы баулары,

Пушкин аспанының ауасы.


Оның қиялы толқын атып,

Осы бір өзендей ақты.

Отырды оймен ол түн қатып,

Бұйра шашын бұйра бұлттар жапты.


Русландай анау емен

Оны қорғады қалқан болып.

Таң шағындай алаң-елең,

Ол өмірге құмартты аң-таң болып.


Тар жол, тайғақ тар кешуде,

Жұтты ол таудың сусап желін,

Осында мәңгілік қалды есінде

Кездескен жас сұлумен бір сәт көрім.


Онегинмен сырласты оңашада,

Сөйлесті ме, кім білсін, дуэль жайын.

Татьяна секілді бір тасада

Тұрды тыңдап оларды жүдеу қайың.


Баяғы қарт кемпірдің

Қалғанындай

Ақынға жүрегінің мұңын ашып,

Жапырағы айғырдың жалдарындай

Тербеледі үйеңкі сыбырласып.


Тұрып алған сәулесін таң сызбай-ақ,

Жетім жаны желігіп, толқып тағат.

Жасыл орман жолымен жалғыз аяқ

Барады ол Байронды қолтықтап ап.


Пущин досын өзеннің жиегінде

Қарсы алады көк сирень гүл лақтырып,

Көз жастар домалап иегіне

Қарсы алады еңіреп жылап тұрып.


Кейде жаны қара тұман,

От пен судан жаратылған.

Кейде жаны ашық күндей,

Дос пен қасқа ғашық бірдей.


Кейде көне, кейде жаңа,

Кейде дана, кейде бала,

Кейде толқын, кейде тұнық,

Кейде шат, кейде нала.


Ақындықтың арманына,

Жететіндей алып-ұшып,

Тұрмын Пушкин ауданында,

Тұрмын Пушкин тауын құшып.


Өлең жырдың өзегі,

Армысың, Пушкин жері,

Сороть – Пушкин өзені,

Маленец – Пушкин көлі,

Пушкин қаласы,

Пушкин ауасы,

Пушкин жері,

Пушкин асқары,

Пушкин аспаны.


Жүргізуші: А.С.Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аударуға сонау 30-жылдардан өмірінің соңғы кезіне дейін араласқан және ол туралы өлеңдер жазған ақынның бірі -–Тайыр Жароков.

«Пушкинді көргенде», «Дуэль» өлеңдері 1937 жылы жазылған.

«Пушкинді көргенде» өлеңінде аталуы өзі-ақ мегзегендей Петербургте, Лицей тұрған жерде ақынның тастан құйған кейпін көргеннен алған әсері баяндалады. Ақын ескерткішіне тағзым ете отырып онымен «тілдеседі»:


Ақындық, сенің өлең шың – құзыңа,

Қандай жас үйренбеді, талпынбады,

Талпынып мен де саған келдім, ақын!

Көңілге жырларыңмен маржан тізіп

Келеді, інжуіңді тергім, ақын.


Жүргізуші: Ұлы ақын есімі еске алынып жатқан кездерде әдеби өмірге:


Жалындаған жүректен

Жарқылдаған от көрем.

Қанатымен өлеңнің

Көтерілем көкке мен! –

деп, Сұлтанмахмұтша жырлаған Қалижан Бекхожин Пушкинге арнап «Түнде ұшқан бұлбұл» атты өлең шығарып, кейінгі жылдарда Пушкинге жиі оралып, талай жыр жолдарын арнаған.

Қ.Бекхожиннің «Жайық толғауы» атты көлемді өлеңінен Пушкиннің Жайық жағалауында болғаны туралы үзінді оқылады:


…Боранды күн жағаңда,

Қандай ақын сыр шертті?

Күңіреніп заманға,

Саған қалай тілдесті?


Сел дариям, тұнығым,

Сыр ашпаған ешкімге, -

Толқыныңның түйінің,

Ағыттың ба Пушкинге?..

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған Қазақ
Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистиканың дамуындағы үлкен бір...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Еліміздегі «мәдени-мұра» бағдарламасының жүзеге асырылғандығының өзі осының дәлелі. Мұның өзі тілімізді сәлде болса ілгерілетті....
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconКредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconУа халайық мында кейбір жерлерінде қателер бар  бал ұ ста ұ лы есбай
«тілі» де өзгелер үшін бар бол мысы мен ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт өкілінің мүлде басқаша...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті Халық ауыз əдебиеті
Хviii ғасырдың басы қазақ халқының тағдырында қасіретті із қалдырған, қаралы кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының қайғылы...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Р мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділер мәдени мұрасы институты «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» халықаралық...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін өзі қамтамасыз ететін...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconФ кгму 4/3-07/03 пп кгму 4/03
Х ғ Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың ерекше орын алуы. Ағарту ісі...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconТұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Міне, тағы бір жыл өтіп кетті. Қиындықтарға қарамастан біз әрқайсымыздың жеке өмірімізде және мемлекетіміздің өмірінде болған ең...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница