Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер




НазваниеӘрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер
страница1/7
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.71 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://referaty.kz/files/pushkin_zhne_kazak_debieti.doc
  1   2   3   4   5   6   7
.


Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең – дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер болады. Сондай тұлға, әлем әдебиетіндегі аса ғажайып орыс ақыны - Александр Сергеевич Пушкин. Бүкіл әлем мойындаған тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі атанған «поэзия падишаһының» шығармашылығы қазақ жерінде тағы бір рет аталып өтпекші. Биыл Ресей елінде қазақ халқының данышпан ұлы «Абай жылы» деп жарияланса, біздің елімізде орыс халқының аса дарынды тұлғасының құрметіне 2006 жыл «Қазақстандағы Пушкин жылы» деп жарияланды. Осыған орай жыл бойы елімізде мәдени, тәрбиелік түрлі шаралар атқарылмақ.

Академик З.Ахметов: «Александр Сергеевич Пушкин-орыстың классикалық жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын әрі кемел суреткер жазушысы. Оның өмірі мен шығармашылық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирикалық өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, поэма, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те шығарма-міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол шындығына терең бойлап, тың көркемдік шешімдер таба алды» десе, орыс халқының жазушысы В.Г.Белинский «Пушкин барлық уақыттың және барлық халықтардың ақыны» дегені белгілі.

Пушкин мұрасы қазақ халқының да рухани қазынасы төрінен орын алуда. Біз, қазақ халқы Пушкин десек Абай дейміз. Әр дәуірде өмір сүрген, көрші екі елдің маңдайына біткен қос алыптың өзара рухани туыстығы мен шығармашылық рухының біте қайнасқан сәттері де ұрпақтарының жадынан өшпейтіні ақиқат. Осыдан бір ғасырдан аса уақыт бұрын ұлы Абай негізін салған Пушкин мұрасымен танысу өз жалғасын тауып келеді және таба да бермек. Қазақ халқының Пушкин есімімен танысуы туралы алғашқы дерек «Туркестанские ведомости» газеті 1899 жылы май айындағы санында жарық көрді.

Міне, содан бері ғасырдан аса уақыт өтті. Прогресс биігінде тұрған әрбір қазақ Пушкиннің есімімен ғана емес, оның шығармаларымен де таныс.

Ақын поэма - өлеңдері, ертегілері, оның сюжеттеріне жазылған опералар мен балеттердің үзінділері, өлеңдеріне жазылған романстар, ертегілері бойынша түсірілген мультфильмдер, шығармашылығы туралы әдебиеттер Пушкин шығармашылығына арналған шаралардың алтын қазығына айналмақ.

Пушкин өзін «балалар жазушысы» деп есептемегенімен, оның ертегілері тіпті де кішкентайларға арналып жазылмағанымен тағдырдың жазуымен бұл шығармалар Ресейдің ұлы кемеңгері мен балалар арасын жалғайтын көпірге айналды.

Қазақ жерінде ақын есімін алғаш рет қашан естігенін, оның суретін алғаш рет қашан көргенін есіне түсіре алатын бір қазақ баласы табыла қоймас, сірә.

Бірақ біз әрқашан бес жасар қаракөз сәбилеріміздің «алтын балық», «алтын әтеш», «Салтан патша» деп былдырлап, кішкентай саусақтарымен кітап мұқабасындағы ақын суретіне созылып «Пускин аға» деп көрсеткендеріне куә боламыз.

Биыл Қазақстандағы Пушкин жылы. Міне, нақ осы күндері қазақ балаларының көпшілігі ақын есімімен, оның ертегілерімен алғаш рет танысуы мүмкін. Таныстық дәнекері өздеріңіз болыңыздар, әріптестер.

Көпшілік назарына ұсынылып отырған құралда ақын өмірі мен шығармашылығы, оның Қазақстанмен байланысы туралы материалдар жинақталған. Аталған тақырып қазақ ғылымында едәуір зерттелгенімен, бір жинаққа топтастырылмаған. Сондықтан құралда ақынның қазақ даласына сапары, оның мұраларының ана тілімізге аударылуы, ақын бейнесін қазақ поэзиясында сомдау туралы материалдар деректемелік баяндама, әңгіме, шолу, сайыс ретінде батыл енгізіліп отыр. Жинақ әдебиеттер тізімімен толықтырылған. Сондай-ақ жинаққа ақынның танымал өлеңдерінің толық мәтіндері берілген.

2006 жыл - Қазақстан халқы үшін орыс ақынының өлмес рухына тағзым етілетін үлкен де салтанатты күндер болып тарихта қалары сөзсіз. Әрбір балалар кітапханасы өз қорында бар Пушкин мұрасын пайдалана отырып, ақын шығармашылығын оқырмандар арасында кеңінен насихаттап өз деңгейінде өткізері анық. Бұл күндері кітапхана шаңырағы астында Пушкиннің мәңгі өлмес мұрасы шексіз қанат қағып балғын оқырмандарымыздың жүрегіне жол табары сөзсіз.


Тіл біткен жүрер менің атымды атап…

Суретті-кітап көрмесі


Поэзия-сәулелі ұлы Күндей,

Ұлы әлем жүрегінің діріліндей.

Ш. Сәриев


А.С.Пушкин Қазақстандағы (әлемдегі) ең көп оқылатын және үлкен құрметке бөленген орыс ақындарының бірі және солай болып қала да береді. Оның аса танымал екендігін куәландыратын деректер өте мол. Пушкин шығармаларының аудармалары (соңғы деректер бойынша 1917 жылдан бастап жүзден аса шет ел тілінде басылып шыққан), басылымдары, ол туралы мақалалар мен монографиялар, спектакльдер, концерттер, кинофильмдер, теле және радиохабарлар, әдеби кештер, өлең оқушылар сайысы, мұражай экспонаттары, картиналар, сувенирлер… Міне, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.


Дәйек сөз: «Мен Россияның алыс түкпірінен келген өкіл ретінде сіздердің көпшілігіңізге әлі мәлім емес жаңа бір жайды айтқым келеді. Осы залда тұрып көрегендікпен болжаған Пушкиннің өз сөзімен айтқанда оның «даңқы бүкіл орыс жеріне жайылады және ол барлық тілде сөйлейтін болады».


П.Располов: Орынбор интеллигенциясының өкілі.

1880 жылы 7 шілде күні А.С.Пушкиннің ескерткішін ашуға арналған салтанатты кеште сөйлеген сөзінен.


Көрме мынадай бөлімдерден тұруы мүмкін:


І. Орыс поэзиясының жарық Жұлдызы

Дәйек сөз: «Ұлы орыс халқының ұлттық мәдениетінің мақтанышы, бүкіл адам баласы бас иген данышпандардың бірі...» Қ. Жармағамбетов


ІІ. Өлең-жырдың өзегі - Пушкин

Дәйек сөз: ...Сен, Пушкин, қалың жұрттың туысқаны,

Сен-біздің бұл ғасырдың өлең, әні.

Өлеңің жаңа атқан таң, жайнаған гүл,

Жұпары, інжу-маржан, өмір сәні...

Бұл бөлімдер ақынның өмірі мен шығармашылығына арналады.


ІІІ. «…Ақын кетті даланың досы болып…»


Дәйек сөз: …Жыр қылып Пугачевтің басқан

ізін,

Атақты ақын Пушкин келіп кеткен. Жамбыл.


Бөлімге қойылатын әдебиеттер «Пушкин – Қазақстанда» тақырыбын қамтымақ. Бұл тарихи құжаттар, мәліметтер, сирек фотосуреттер, ақын жазбалары, Оралдың қазіргі өзгерістері.


ІV. «Ақын үніне сахара мүлгіді».

Дәйексөз: «Тіл біткен жүрер менің атымды атап...»

Пушкин

Сонау 1887 жылдың қысында орыстың данасы Пушкиннің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп кеп қазақтың кең сахарасына ең алғаш қадам бастырған Абайдан бастап ақын шығармаларын қазақ оқушысына өз тілінде таныстырып келе жатқан сөз сүлейлерінің жинақтары осы бөлімде шоғырланады. Әдебиеттер тізімін құрал соңында берілген «Пушкин аудармалары» қосымшасынан қараңыз.


V. «Сен – біздің бұл ғасырдың өлең, әні!».

Дәйексөз: «Көпшілікке кең тараған «Жолдастар», «Жас қазақ» әндерінің авторы, өмірден мезгілсіз кеткен, партизан композитор Рамазан Елебаевтың Жамбылдың «Асқан бұлбұл» өлеңіне жазған бұл әні 30-ші жылдарда шыққан тамаша әуендердің, әндердің үлгісіне жатады».

Ө.Байділдаев.


Пушкиниананың бұл бөліміне поэзияда, музыкада, балетте, бейнелеу өнерінде, кино мен театрда бірдей аты шыққан ақын бейнесі мен оның шығармаларының қазақстандық сомдалуының озық үлгілері қойылады.


* * *


Көрменің үлкен табыспен өтуін сондай-ақ әрбір бөлімнің суретті материалдармен, альбом-буклеттермен, кітап іші суреттерімен, фото-көшірмелер және сурет өнері қайраткерлерінің картиналарының репродукцияларымен безендірілуі қамтамасыз етеді.


Орыс поэзиясының жарық Жұлдызы

Әңгіме сағаты


Дайындық кезеңі: А.С.Пушкиннің балалық шағы, ақын кезіндегі суреттері, оның ертегілеріне байланысты салынған суреттері дайындалып, шара өткізілетін күні балаларға экраннан көрсетіледі. Пушкин ертегілері бойынша қазақ және орыс тілінде шыққан ақын кітаптарынан көрме ұйымдастырылады.

Әлемде не жарық? Күн жарық. Адамда не жарқын? Даналық. Бұларсыз дүние қараң. Бұл екеуінің жарығы мен жылуы, шапағаты мен шарапаты дүние жүзіндегі барша адамзатқа аян, ортақ, өлшеусіз ұзақ. Күннің көзін бұлтпенен, данышпанның көзін зар заман қиыншылығымен бүркеуге болады, бірақ мүлдем сөндіру, өшіру мүмкін емес.

Орыс халқының ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі де соған дәлел. Оның өлеңдері мен әлемде тең келмес шығармалары міне, екі ғасырға жуық поэзия сахнасысының төрінен орын алуда.

Пушкин есімі мен оның шығармалары қазақ оқырмандарына ертеден таныс. Шығыс халықтарының ішінде ең алғашқылардың бірі болып Абай оның өлеңдерін, «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударып, оның кейбір сөздеріне ән шығарған. Абай салып берген бұл дәстүрді Қазақ жазушылары ілгері жалғастырып, Пушкин шығармашылығына айналып соқпаған, одан үлгі алмағаны жоқ десек қателеспейміз. Бүгінде қазақ балалары Пушкин ертегілерін, өлеңдерін, роман-поэмаларын орыс тілімен қатар, өз ана тілімізде де оқи алады. Ақынның тамаша тілмен жазылған өлеңдері мен сан қилы кейіпкерлерге толы ертегілерін оқыған оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.

«Ханның қызын кет алып,

Таста орманға апарып.

Таң, еменге байлап кет,

Өлсін қор боп қасқыр жеп»... ,- (ауд.Ә.Тәжібаев) дейтін залым өгей шешені және патша әйелін, кішіпейіл де мейірбан хан қызын, айлакер Балданы, қатігез Дадон патшаны, астау тойымсыз жанындағы кемпірді кім білмейді. Мүмкін сендер

«Теңіздің жағасында жасыл емен,

Тағулы сол еменге алтын шынжыр:

Түн демей, білгір мысық күндіз демей

Шынжырмен шыр көбелек айналып жүр.

Жүрсе ол оңға айналып-өлеңдетер,

Айналса солына егер-ертек шертер»- (ауд. Ә.Тәжібаев) деп басталатын ғажайып «Руслан мен Людмила», ондағы оқымысты білгір мысық туралы, зұлымдық пен қиянатқа қарсы күрескен жаны жайсаң, жаужүрек жігіт жайлы жазылған «Дубровский» немесе шаруалар көтерілісінің басшысы Пугачевпен кездесіп, дос болған жас офицер Гринев туралы естіген боларсыңдар. Ақынның

«Толқынданған тұманнан

Ай бұлқынып шығады.

Төңірекке мұңайған

Мұңды сәуле құяды»-деп басталатын (ауд. Ғ.Орманов) «Қысқы жол», немесе

«Әрі аяз шуақ күн тамаша!

Маужырап жатпақшысың, досым, қанша,-

Сұлуым, оянатын уақыт болды,

Ләззәтпен жұмған назды көзіңді аша...»- деп қысқы таңды тамаша суреттейтін (ауд. Т.Жароков) «Қысқы таң» және бала кезіндегі тәрбиешісіне арнаған «Менің ауыр күндерімнің сырласы» сияқты өте танымал өлеңдері сендерге таныс.

Ертегі, өлең, повесть, поэма... бұлардың барлығы Пушкин жазған телегей –теңіз мол дүниенің болмашы бір тамшысы ғана. Ақынның поэма, драма, романдары қаншама.

Әрине, біз Пушкинді тек жақсы әңгімелері үшін ғана жақсы көрмейміз... Пушкин шығармаларында әртүрлі оқиғалар, адам өмірінің түрлі тағдыры және әртүрлі елдер туралы керемет шеберлікпен, қызықты етіп жаза білген. Ол Кавказ жерінің таулары мен асау өзендері, Қара теңіз, Қырым, Одесса, Мәскеу, Петербург қалалары, орыс деревнясының тыныс-тіршілігі туралы және сол кезде өмір сүрген адамдар үшін бейтаныс Италия, Испания, Франция, Англия сияқты алыс елдер туралы жазған. Пушкин бұл жерлер туралы жаза отырып, бала мен ересек, әйел мен ер адам, жас пен кәрі, шаруа мен мырза, генерал, патша және қайырымды, адал адамдармен қатар қатыгез, жауыз кейіпкерлердің іс-әркеттері көз алдымыздан керемет жанды бейне түрінде өтіп жатады.

Пушкин өзінің шығармаларында сол кездегі адамдар мен оқиғалар туралы әңгімелеп қоймай, өткен өмір туралы да қалам тербеген. «Руслан мен Людмила», «Борис Годунов» сияқты шығармаларында алыста өткен өмір , орыс князьдері мен батырлары туралы жазады.

Пушкиннің көптеген өлеңдері музыкаға салынып, оның ірі шығармалары: «Руслан мен Людмила», «Салтан патша туралы », «Алтын әтеш», «Евгений Онегин», «Русалка», «Дубровский», «Борис Годуновқа» опера жазылған.

Пушкиннің өмірі өзінің поэзиясы сияқты өте қызық болды. Ақынның өмірге келуі де өзгеше еді...

...Александр Сергеевич 1799 жылы Мәскеу қаласында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Оның шешесі жағынан арғы атасы Африка жерінен келген Ибрагим атты бұйра, қара шашты эфиоп еді. Оны өз елінен ұрлап шығып, Түркия еліне әкеліп, орыс патшасы Бірінші Петрге сыйға тартады. Бала Ресей жеріне келгеннен кейін, оған Ганнибал деген ата-тек беріледі. Пушкиннің шешесі Надежда Осиповна Ганнибал осы «Ұлы Петр арабының» немересі еді. Болашақ ақынның әкесі Сергей Львович әдебиетке әуес, тіпті өзі өлең шығаратын кісі болған. Ал оның інісі, Василий Львович, кезінде белгілі ақын атанған. Пушкиннің үйіне сол кездегі көрнекті ақындар жиі- жиі келіп тұрады екен. Поэзия жайындағы әңгімелер, өлең оқу, әкесінің бай кітапханасы зерек, алғыр балаға үлкен әсер етіп, оның ақындық талантының оянуына себепкер болған. Пушкиннің бала күндегі досы тәрбиеші әйел Арина Родионовна еді. Қарапайым шаруа қызы болашақ ақынның халық поэзиясына құштарлығын оятуда зор әсер еткен. Пушкин өзінің әжесі Мария Алексеевнаны да өте жақсы көрген. Әжесі мен тәрбиеші әйел кішкене Сашаға халық ертегілерін, әндері мен әңгімелерді майын тамызып айтып беріп отырған. Кейіннен Пушкин естіген халық ертегілері бойынша өзінің тамаша шығармаларын жазған.

Ақын балалық шағында-ақ орыс әдебиетінің сол кездегі тамаша туындыларымен, батыс Еуропаның алдыңғы қатарлы ақын-жазушыларының еңбектерімен танысып үлгерген.

Лицейде оқып жүрген кезінің өзінде-ақ белгілі ақындарды таң қалдыратын өлеңдер жазған. Көп кешікпей ол Ресейдің ең атақты ақынына айналады. Дегенмен, оның өмірі толассыз еңбек пен күреске толы өте ауыр қиындықпен өтеді.

Бостандықты аңсаған өлеңдері және декабристермен жақын достығы үшін Ресей патшасы оны әр түрлі жерлерге айдауға (Михайловск селосы, Кавказ, Молдавия ) жібереді. Дегенмен, Пушкиннің аса дарындылығына көз жеткізген жаңа патша оны сарай ақыны етуді көздейді. Бірақ, қашанда ақиқатты бәрінен де жоғары бағалаған ақын өз жүрек қалауындағы дүниелерді ғана жазады.

Ақынның айдауда Михайловское селосында, қалың орман саясында әдебиетпен айналысуы бекер емес. Ақындық бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы екенін ұғынған ақын сөйтіп орыс әдебиетін биіктетіп, ұлттық мүдденің аспандауына қызмет қылды.

Өзінің ата-тегін мақтан тұтқан екі жүзді ақсүйектер мен су жүрек қорқақтар оны сол үшін жек көріп, дарыны мен ақылын, батылдығы мен әділдігін іштері күйе күндеп, шығармаларын бастыртпай тастайды. Пушкиннің өмірі мен ісіне қиянат жасауға дейін барды.

1837 жылдың қысында ақынға тіл тигізгендердің бірі, орыс әскерінде қызмет етуші Дантес деген француз бен Пушкин арасында дуэль болды. Бұл дуэльде ақын қатты жарақаттанып 10 ақпан күні қайтыс болады. Ол кезде ақын 38 жасқа да толмаған еді...

Сол күндері бүкіл Ресей халқы күңіреніп, «орыс поэзиясының күні батты» деген сөздерді қайталап, сұмдық қазаға қатты қайғырды.

Пушкиннің ғұмыры өте қысқа болды. Бірақ ол өмірінде сан ғұмырға тұрарлық ғаламат іс тындырды. Пушкин шығармашылығы арқасында орыс әдебиеті дүние жүзінің аса үлкен әдебиеттерінің біріне айналды.

Пушкин бүгінде орыс халқының ғана емес, барлық халықтарға ортақ ақын. Қазақ халқының Абай бастаған барлық ұлы ақын-жазушылары, суретші, композиторлары, көптеген ғалымдарымыз Пушкинді оқып, тіпті оны қайталап оқып, мәңгі ұстаз тұтты және ол жалғасын тауып келеді.

Шынында Пушкиннің жазғандары ғажайып бір сиқырлы дүниеге ұқсайды:

Қара боран көкті жапты

Қарлы құйын қуалай.

Кейде ұлыған аң сияқты,

Кейде жылайды баладай.

Небәрі он төрт-ақ сөзден тұратын шап-шағын осы шумақта қаншама ғажап көрініс қамтылған десеңші: түнерген аспан, долданған боран, қарлы құйын... Оның бірде гуілдеп, бірде ысқырған ұнамсыз үні расында аш қасқырдың ұлығаны мен жас баланың жылағанын еріксіз еске түсіреді.

Бұл өлең табиғаттың көңілсіз көрінісі туралы болғанымен, ол әсемдікке толы. Пушкин шығармалары табиғат сұлулығына, әсемдік әлеміне арналады.


Ашылмай жиі күн көзі,

Торлайды көкті күз кезі,

Күндер де қысқа күздегі,

Қаңқылдап қаздар тізбегі

Күнгейге қарай жөнеді,

Даланы тұман қаптады,

Түнеріп сая бақтағы

Жапырағын жадау төгеді;

Таусылды кездер тамаша;

Қайрылды қайта қараша,-деп төгілген өлең жолдарынан ақынның көңіл күйін түсінеміз.

Ақынның жақсы көретін жыл мезгілі – күз. Ақын жыл сайын өзінің сүйікті жыл мезгіліне арнап бірнеше өлең арнаған.

Ертегі әрқашан қалай аяқталады? Әрине, ақиқат зұлымдықты, өсек-өтірікті, тойымсыздықты, көрсеқызарлықты да жеңіп шығады. Пушкин шығармалары да солай. Мысалы,

«...Бар ма, қартым, қуатым, қалауың?»

Шал иіліп-бүгілді:

«Кешірім ет, қарағым,

Кемпір тағы бүлінді.

Болам теңіз тәңірі,

Көк теңізге кетемін.

Анау алтын балығың

Болсын,-дейді-нөкерім!»

Не десін қу қақбасқа,

Жалт етті де құйрығы

Бір ауыз тіл қатпастан,

Көк теңізге сүңгіді.

Қайтты батып шал мұңға,

Жер үй жатыр құмы ұшып.

Сынған астау алдында,

Кемпірі отыр бүрісіп» - деп аяқталатын «Балықшы мен балық туралы ертегіні» (ауд.С.Жиенбаев) еске түсіріп көрейік. Мұнда ақыр аяғында кімнің соры қайнайды? Әрине, жарық астаудың жанында зарлап қалған кемпірдің соры қайнайды. Оған кім кінәлі? Әрине, оның мейірімсіздігі мен түпсіз тойымсыздығы кінәлі. Бұл ертегі арқылы Пушкин кім зұлымдық істесе, кім өз қара басының ғана қамын ойласа, ерте ме, кеш пе ол өз түбіне өзі жететінін, жамандықтың ешқашан да жақсылық пен шындықты жеңе алмайтындығын көрсетеді.

А.С.Пушкиннің «Белкиннің повестері», «Капитан қызы», «Ұлы Петрдің арабы» атты прозалық шығармалары, өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романдары да бейнелі тілмен жазылған.

Пушкин шығармалары өте мөлдір, сондай таза, түсінікті. Тұп-тұнық көлдің суына көз салғандарың бар ма? Қол созсаң түбіне тиердей айнадай жарқырап жатпай ма? Ал шынына келгенде ол тұңғиық, терең. Пушкин де дәл солай. Оның қарапайым сөздерінде қаншама даналық жатыр десеңші! Мұны біз біртіндеп, жылдар өткізіп барып түсінеміз. Сондықтан да Пушкинді қайта-қайта оқуға болады және оқыған сайын жаңалық тауып, рахатқа батасың.

Пушкинді оқу- зор бақыт және қуаныш.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған Қазақ
Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистиканың дамуындағы үлкен бір...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Еліміздегі «мәдени-мұра» бағдарламасының жүзеге асырылғандығының өзі осының дәлелі. Мұның өзі тілімізді сәлде болса ілгерілетті....
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconКредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті
Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды....
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconУа халайық мында кейбір жерлерінде қателер бар  бал ұ ста ұ лы есбай
«тілі» де өзгелер үшін бар бол мысы мен ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт өкілінің мүлде басқаша...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті Халық ауыз əдебиеті
Хviii ғасырдың басы қазақ халқының тағдырында қасіретті із қалдырған, қаралы кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының қайғылы...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Р мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділер мәдени мұрасы институты «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» халықаралық...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін өзі қамтамасыз ететін...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconФ кгму 4/3-07/03 пп кгму 4/03
Х ғ Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлихановтың ерекше орын алуы. Ағарту ісі...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconТұрғысын селолық округінің әкімі Вячеслав Евгеньевич Клиновицкийдің ауылдың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Міне, тағы бір жыл өтіп кетті. Қиындықтарға қарамастан біз әрқайсымыздың жеке өмірімізде және мемлекетіміздің өмірінде болған ең...
Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер iconҚазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жеке адам өміріне қатысты құжаттар. Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница