Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы




НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница11/27
Дата конвертации21.02.2016
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt04.12.2012kaz.doc
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

Әлсіз жақтары

жалпы білім беру мектептерінде түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;

5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.

Қауіп-қатерлері

педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар);

арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктері

мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, (аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша) педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

Ұсынымдар

мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

арнайы білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;

арнайы білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жарақтандыру үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі

Облыста бүгінгі күні 3460 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар немесе жалпы жаңа туғандардан 18 жасқа дейінгі балалардан 1,6%-ы тұрады. Осы қатардан 1902 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 215 бала – қазақстан азаматтар жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 1343 бала 17 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде.

Қамқорлық тәрбиелеуді дамыту әлеуметтік жетімдіктің алдын алуды іске асыру бағыттарының бірі болып саналады. Қамқорлыққа берілген балалардың саны, облыста балалар 200-ден 215-ке дейін өсті. Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2009 жылы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 1,7% – 1209-дан 1189 балаға дейін, 2010 жылы 6,7% – 1189-дан 1109 балаға дейін қысқарды). Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады: өткен кезеңдегі құрылымның осы нысанымен 231 бала қамтылды.


Күшті жақтары

құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;

«Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны (мамандардың саны 23-тен 45 дейін (өсім 97,8%) өсті.

Әлсіз жақтары

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;

кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқықтарынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды және басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.

Мүмкіндіктері

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының құқықтық құзыретінінің деңгейін жоғарылату үшін бюджеттік қаржыландырумен қамтамасыз ету;

отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.

Қауіп-қатерлер

қамқорлыққа алушылар мен асырап алушыларды балаларды ұстауға арналған жәрдемақы төлемдері түрінде экономикалық қолдау тетігінің қабылданбауы;

мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы.

Ұсынымдар

қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдарының мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттары төңірегінде «Асырап алушы ата-аналар мектебін», отбасыларды қолдау қызметін құру.

Техникалық және кәсіби білім

2010 жылы 1 қазанында білім алушыларының жалпы саны 31804 адамды құрайтын 47 техникалық және кәсіби білім оқу орындары (бұдан әрі – ТжКБ), оның ішінде 8782 адамды құрайтын контингенті бар 17 кәсіби лицей (бұдан әрі – КЛ) және 23022 астам білім алушылары бар 30 колледж қызмет етеді.

Колледждердің жалпы санынан 19-ы мемлекеттік, 11-і мемлекеттік емес болып саналады. Сол сияқты 8 колледжде орта буын мамандарын кәсіби даярлаумен қатар жұмыс мамандықтарының мамандарын даярлау жүзеге асырылады, жұмыс мамандықтарының бөлімдері құрылды.

Кәсіби лицейлерде мамандар даярлау 59 мамандық бойынша, колледждерде – 86 мамандық бойынша жүргізіледі.

ТжКБ ұйымдары сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдарының тапсырыстары, азаматтармен шарттар бойынша курстық дайындықтарды және жұмыскер кадрларды қайта даярлауды жүзеге асырады.

2010-2011 оқу жылына КЛ-да – 3397 адам, колледждерде – 2666 адам техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды қабылдауға және дайындауға мемлекеттік тапсырыс бекітілді. Сонымен қатар, «Жол картасын» іске асыру шеңберінде 2010-2011 оқу жылына 11 сыныптардың түлектері үшін республикалық мемлекеттік тапсырыс орналастырылды: КЛ-ға 75 адам, колледждерге 150 адам. Бұдан басқа, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2010 жылдың ішінде Жол картасы бағыттарының шеңберінде 2010 жылы 1891 адам даярланды және қайта даярланды. Соңғы нәтижелер – білім алушылардың еңбек нарығына қажет мамандықтарға ие болуы, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін 6,4% шегінде ұстап тұру.

17 КЛ-дан 13-і (81,3%) үлгілік ғимараттарда, 3-і – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. 30 колледжден үлгілік ғимараттарда 17-і (60,7%) орналасқан. Облыста қауіпті жағдайда тұрған оқу ғимараттарында орналасқан оқу орындары жоқ. Барлық селолық КЛ-да және колледждерде практикалық тәжірибелер жинау және жаңа технологияларды үйрету үшін оқу шаруашылықтары ұйымдастырылған, 11496 гектар жер бар.

Облыста алыс елді мекендерде тұратын КЛ мен колледждердің білім алушыларына тұру және оқу үшін жағдайлар жасалған. 2010-2011 оқу жылының басында 23 жатақхана қызмет етеді, 19-ы мемлекеттік болып саналады. Жатақханадағы жалпы орын саны – 3090 құрайды. 2010 жылы «Торғай аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК жанында 272 орынға арналған жатақхана пайдалануға берілді (қайта жаңартуға 278 млн. теңге бөлінді), «Қостанай құрылыс колледжі» МКҚК жатақханасы күрделі жөндеуден өтті (50 млн. теңге бөлінді).

2010 жылы Қостанай қаласының УК161/2 жанында «№18 кәсіби лицей» ММ ашылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне №18 КЛ-да 140 адам оқиды.

Соңғы бес жылда колледждер мен КЛ контингенті ұлғаю қарқынына ие. 2005-2006 оқу жылымен салыстырғанда 2009-2010 оқу жылында КЛ-да оқитындардың контингенті 22,8%, колледждерде 22,1% өсті.

Қостанай облысының ТжКБ ұйымдары ISO 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыскерлердің дайындық жүйесіне жаңа тәсілдер және кәсіби оқытуды енгізуге талпынуда. Бүгінгі күні аудит өткізілгеннен кейін 10 колледж (жалпы саннан 35,7%) сәйкес келу сертификаттарын алды.

2006 жылдан бастап облыстың ТжКБ ұйымдарының түлектері ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің «Техникалық және кәсіби білімді дамыту мен біліктілікке ие болу республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» ӨМК өткізетін кәсіби дайындық сапасына тәуелсіз баға беруді кезең-кезеңімен енгізуге және біліктілігін растауға қатысады. 2010 жылы Қостанай облысы СТБ қорытындылары бойынша республикада 3 орынды алды.

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу қажет кадрлар даярлығында ТжҚБ жүйесінің беделін және имиджін көтереді, оларды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. КЛ түлектерін жұмысқа орналастыру жыл сайын шамамен 97%, колледждерде – 86% құрайды. «Түлек – 2010» базасы құрылды.

Облыс және республика деңгейіндегі білім алушылар, ұстаздар, өндірістік оқу шеберлері арасында «Мамандық үздігі» жыл сайынғы конкурстарының нәтижелері білім алушыларды дайындаудың жеткілікті деңгейін, олардың ұстаздарының кәсібилігінің жоғырылығын көрсетеді. 2009 жылғы «Техникалық және кәсіби білімнің үздік оқу орны» республикалық конкурсында «Лисаков техникалық колледжі» МКҚК 3 орын алды. 2010 жылы сәуірде «Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» МКҚК білім алушылары «Дарынды балаларға дарынды мұғалім» V республикалық педагогикалық олимпиадасында командалық 2 орынды алып, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылдың мамыр айында «Автомеханик» маманының үздігі» республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті, онда «Қостанайдың автожол колледжі» МКҚК 3-ші курс студенті Самат Сағалов 1 орынды иеленді, ол 2010 жылы Оңтүстік Кореяда осыған ұқсас конкурста Казақстанның атынан шықты.

Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2010 жылы колледждер және КЛ кәсіпорындары және ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік туралы 830-дан астам шарт жасасты. Қостанай облысының әкімдігі, «Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіп бірлестігі» АҚ, «Рудный поллитехникалық колледжі» МКҚК және Рудный қаласының КЛ арасында 2006 жылдың мамыр айында қол қойылған «Түсінушілік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумы», сонымен қатар Рудный қаласында 2008 жылы Халықаралық еңбек форумы қорытындылары бойынша қол қойылған Бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру жөніндегі ұлттық пакт іске асырылуда. 2010 жылы сәуірде Астана қаласында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Норвегия, Рогаланд округінің курстық және кәсіби даярлық орталығы, білім қоры (РКК) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Жітіқара политехникалық колледжі» МКҚК Орал мемлекеттік академиясымен (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы) тау-кен мамандығының мамандарын даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастықта. 2010 жылы «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» МКҚК Техникалық ынтымақтастық жөніндегі германиялық қоғаммен (ГТО) «Қыздардың және әйелдердің кәсіптік білімі және Қазақстандағы білім беру жүйесін қайт құру рәсіміне қолдау көрсету» жобасын іске асыруды аяқтады. «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» МКҚК 2009 жылы Челябі автокөлік техникумымен 5 жылға өзара ынтымақтастық туралы шарт жасады. Мұндай беделді ұйымдармен ынтымақтастық қазақстандық білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға көмектесетін үздік халықаралық бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Жалпы облыс бойынша ТжКБ объектілерінің желісін кеңейтуде, сонымен қатар онда оқитындардың санында көрсетілген зерттелетін сала дамуының оң қарқыны байқалып отыр. Осы саланың субъектілеріне тән келетін дамудың келешегі бар бағыттарының бірі ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайту деп айтуға болады.

Күшті жақтары

колледждердің желілерін кеңейту және колледждер мен КЛ білім алушыларының, мұғалімдерінің санын ұлғайту;

Әлсіз жақтары

4 ауылдық аумақта КЛ жоқтығы;

ТжКБ жүйесінен перманенттік азаюына байланысты КЛ мен колледждерде өндірістік оқу шеберлері санының тұрақсыз серпіні;

ТжКБ ұйымдарының көбінде жатақханалар жоқ.

Қауіп-қатерлер

ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған КЛ мен колледждерде өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер мен КЛ түлектеріне қажеттіліктермен қиындық тудырады;

бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі КЛ желісінің кеңеюін шектейді және кейбір елді мекендерде олардың жоқтығы КЛ желісінің өз кезегінде кеңеюін тұрғылықты жердің аумағындағы әлеуетті білім алушылардың оқу мүмкіндіктерін шектейді.

Мүмкіндіктері

облыста, әсіресе ауылдық жерлерде жаңа КЛ мен колледждер және жатақханалар салуды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;

КЛ және колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;

білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;

білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу;

Ұсынымдар

Жұмыс берушілермен ТЖКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;

Жұмыспен берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.


Денсаулық сақтау

2010 жылдың басында Қостанай облысының аумағында тұрғындарға емдiк-алдын алу көмегін көрсететiн 599 дәрiгерлiк ұйымдар жұмыс iстедi (2007 жыл – 615). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2007-2009 жылдары 16 бiрлiкке қысқарды.

Қостанай облысы азаматтарының туу кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2009 жылы 67, 75 жасты құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (64, 87 жылдар) 2, 88 жылға ұлғайды, бiрақ орташа республикалық көрсеткіштен аз болып қалады (ҚР – 68,6 жыл).

2010 жылдың 1 қаңтарында тұрғындар саны 886 284 адамды құрады.

Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде облыста 2008 жылдан бастап оң табиғи өсiм (2007 жыл – -0,63; 2008 жыл – +1,04; 2009 жыл – +2,4) байқалып отыр. Осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (2007 жыл – +10,57; 2008 жыл – +13,01; 2009 жыл – +13,48) Тұрғындардың табиғи қозғалысында Рудный қаласында (-3,0) Қарабалық (-1,3) және Ұзынкөл (-1,5) аудандарында өсімнің кему қарқыны білінеді. Халықтың табиғи өсiмiнiң жоғары деңгейлерi облыстың оңтүстiк өңірлерiнде: (+13,8%) Амангелдi, (+10,7) Жангелдi аудандарында (+11,6), Арқалық қаласында дәстүрлі түрде сақталып отыр.

Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2009 жылдың қорытындылары бойынша (11,64), 2007 жылмен салыстырғанда (13,25) 12,2%-ға (1000 тұрғынға 1,61 жағдай) азайды.

Облыста аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерiне теріс ықпал ететiн әйелдер денсаулығының төмен индексi (37,0%) сақталады, алайда, ол республика бойынша орташадан жоғары (30,8).

2008 жылы облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша тiрi және өлi туу өлшемдері енгізілді. Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайын қызметтiк тексеру өткiзуi және қарау нәтижелерi бойынша нақты шараларды қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi (2009 жылы 7 мәжiлiс өткiзiлді). Әрбір ана өлiмінiң және 5-жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг және талдау жүргiзiледi. Балалардың, оның iшiнде 500-999 грамм салмақпен тууының барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жиналады, сонымен бiрге «Мединформға» «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптасады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыста жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлерге бөлу қағидалары сақталады. Ана өлiмін және ауыр жағдайларын жасырын түрде тексеру енгiзілді.

Облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2007 жылғы 14,13-тен 2008 жылы 19,86-ға ұлғаюы орын алып отыр, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда оң серпіліс – 16,46 (ҚР: 2007 жылы – 14,57; 2008 жылы – 20,76; 2009 жылы – 18,23) байқалып отыр. 2007 жылдан 2009 жылға дейiнгі мерзімде орташа облыстық көрсеткiш тұрақты орташа республикалық көрсеткіштен аз. Көрсеткіштің төмендеуі неонатологтердi, бала дәрiгерлерi, акушер-гинекологтарды қайта даярлау сапасының жақсаруымен, дәрiгерлiк ұйымдардың осы заманғы дәрiгерлiк жабдықтармен жарақтандырылуымен және дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуімен негізделіп отыр. Облыста нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жекелеген жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады. Нәрестелiк өлiм-жiтiм көрсеткiшiнiң ұлғаюы Денисов, Меңдіқара, Қостанай аудандары және Арқалық қаласында байқалуда.

Аналық өлiм-жiтiмінiң көрсеткiшi (100 000 тірі туғандарға шаққанда) соңғы 3 жылда тұрақсыз болып қалады (2007 жылы – 26,0; 2008 жыл – 31,6; 2009 жылы – 15,5). Дегенмен 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ана өлiм-жiтiмінiң 26,0-ден 15,5-ке төмендеуi атап өтiледі, бұл көрсеткіш орташа республикалықтан төмен (ҚР: 2007 жыл – 46,8; 2008 жыл – 31,2; 2009 жыл – 36,8). 2007-2009 жылдары ана өлiм-жiтiмінiң 9 жағдайы тiркелген (Жангелдин, Қостанай, Қарабалық, Таран аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында). Аяғы ауыр, жас босанған әйелдер және жаңа босанған әйелдердiң арасындағы жүктілікке, босануға, босанғанннан кейiнгi мерзiмге байланысты – 77,8% жүктiлiкке және босануға байланысты емес – 11,1% және түсiкке байланысты – 11, 1% өлім себептерi бірінші орынға ие.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында, қайғылы жағдайлар, өлтiру, өздiн өзі өлтiру, тағы да басқа сыртқы жағдайлар екінші орында, қатерлi жаңа түзiлiмдер үшiншi орында тұр.

Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауруды және аурулардан өлiм-жiтiмдi төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ерте анықтау үшін тұрғындарды алдын ала қарау жүргiзiледi. 2008 жылы облыстық аурухананың базасында ашық кардиохирургиялық бөлiм ашылды. ҚЖА алдын алу және облыстың дәрiгерлiк ұйымдарындағы тұрғындар арасында бiлiмдерiн жоғарылату мақсатында жүрек-тамыр аурулары мен тамыр гипертензиясы бойынша 4 мектеп жұмыс iстейдi. Жасалған жұмыс нәтижесінде 2007 жылмен (750,7) салыстырғанда 2009 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда ҚЖА өлiм-жiтiмі 37,8%-ға азайды және 466,76 құрады.

Қостанай облысының статистика басқармасының деректері бойынша 2008 жылы ҚЖА қайтқандардың саны 6029 адамды құрады, бұл 2007 жылға қарағанда (6736 адам) 10,5% аз. 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кардиология және кардиохирургиялық көмек бағдарламасының шеңберiнде 2008 жылы «Қостанай облыстық ауруханасы» МКҚК-да 20 орынға арналған кардиохирургиялық бөлiм ашылды және жұмыс iстейді. Облыста жүрек кеселімен ауыратын, әсiресе өткiр күре тамыр синдромының кеселі бар ауруларға жүргiзу әдісін таңдауда жүрек қан тамырлары кеселінің ерте диагностика әдiсі және негiзгi дифференциалды әдiс ретiнде коронарография енгiзілді. 2008-2009 жылдары 632 коронарография, 52 стентирования және 15 АКШ орындалды.

Жыл сайын облыста қайғылы жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан қайтыс болудың жоғары көрсеткiшi байқалып отыр. Себептердiң бiрi облыс аумағындағы төмен сапалы автомобиль жолдарының болуы (жоғары жол-көлiк жарақаттанушылығы), автомашиналар паркінің айтарлықтай ұлғаюы, оның iшiнде жоғары жылдамдықпен жүретін, дайындалу сапасы жеткіліксіз жүргiзушiлердiң болуы болып табылады. Алайда халықаралық стандарттарға сай республикалық автотрассаларды қайта жаңғыртқаннан соң пайдалануға беруден кейін 2009 жылы аталған көрсеткіш 132,46 құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (164,3) осы көрсеткiш 100000 тұрғынға шаққанда 31,84-ке төмендедi.

Облыста соңғы 3 жылда (2007-2009 жылдар) қатерлi ісіктермен ауру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда), бұл жоғары радиациялық фонның болуына байланысты, олардың пайда болу көздері Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының аумағындағы кенiштер болуы мүмкін.

Қатерлі ісіктермен аурудың жыл сайын аздап төмендеуіне қарамастан (2007 жылы – 258,4; 2008 жылы – 254,0; 2009 жылы – 247,1), бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен тұрақты түрде жоғары (2007 жыл – 184,7; 2008 жыл – 180,7; 2009 жыл – 182,6). Қатерлі ісіктердің таралған формасының үлес салмағы 2009 жылы 19,9% дейін төмендегені (2007 жыл – 24,6%, 2008 жыл – 20,5%; ҚР: 2007 жыл – 16,5%; 2008 жыл – 16,2%; 2009 жыл – 16,4%) байқалып отыр. Қатерлі ісіктерден қайту жалпы жалпы қайтыс болу себептерінің құрылымында үшінші позицияға ие (11,2%). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарының ресурстық жабдықталуы, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.

Өткізілген алдын ала тексерулер, ауруды басталған кезінен ақ анықтау және медициналық ұйымдардың осы заманғы емдеу-диагностикалық мүмкіндіктерін жақсарту нәтижесінде 2009 жылы қатерлі ісіктерден қайтыс болудың көрсеткіші 2007 жылға қарағанда (2007 жыл – 144,9; 2008 жыл – 148,2; 2009 жыл – 125,59) 13,3 пайызға, яғни, 100000 тұрғынға шаққанда 19,31-ге) төмендеді.

Өткен 3 жылда облыс бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда жалпы туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр (2007 жыл – 148,8; 2008 жыл – 146,7; 2009 жыл – 115,9). Дегенмен, бұл көрсеткіш орташа республикалықтан жоғары (2007 жыл – 126,4; 2008 жыл – 125,5; 2009 жыл – 105,3). Жоғарғы көрсеткіштер Науырзым, Жангелдин аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында сақталып отыр. Облыс көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр. Республикада туберкулезбен ауру бойынша Қостанай облысы 9 орынды алады. Туберкулезді таратуды, дәрілік тұрақтылықты және туберкулезден қайтыс болуды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті болып қала беруде.

2007 жылдан 2009 жыл аралығында туберкулезден қайтыс болу 28,6%-ға (2007 жылы 21,3-тен 2009 жылы 15,2 дейін), яғни, 100 000 тұрғынға шаққанда 6,1-ге төмендеді. Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді.

Облыс бойынша туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші жыл сайын төмендеуде (2007 жыл – 21,3; 2008 жыл – 20,0; 2009 жыл – 15,2), бірақ 2007-2008 жылдары ол Республика бойынша көрсеткіштен жоғары болды (2007 жыл – 18,1; 2008 жыл – 16,9;), ал 2009 жылы орташа республикалық деңгейге жетті -15,2). Дегенмен, Алтынсарин, Жітіқара аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында көрсеткіш жоғары қалпында сақталып отыр.

2010 жылдың 1-қаңтарында облыс бойынша 842 АҚТҚ жұқтырғандар тіркелді, олардың саны жыл сайын 12-13%-ға өсуде. Республика бойынша Қостанай облысы АҚТҚ инфекциясын тарату бойынша 5-орынға ие. АҚТҚ -инфекциясы эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Облыста 2009 жылдың 4-тоқсанынан бастап телемедицина енгізілді. Қызмет көрсету үшін 16 маман дайындалған қажетті құралдармен жабдықталған 16 орталық құрылды. Облыстық медицина ұйымдарының мамандары 75 кеңес-сеанс жүргізді, сонымен қатар республикалық клиника мамандары бейнекеңестерді жүзеге асырып жатыр.

Бұл орталық аудандық және қалалық емдеу-профилактикалық ұйымдарының дәрігерлеріне облыс мамандарынан уақытында кеңестер алып, жергілікті жерлерде ауруларға қажеті көлемде медициналық көмек беруге мүмкіндік береді.

Халық денсаулығының төмен деңгейде болу себебі ол ауруларды алдын-алу бойынша ақпараттық жұмыстың жеткіліксіздігі сияқты халықтың салауатты өмір салтын сақтау мәселелеріндегі төмен уәждеме және дұрыс тамақтанудың төмендігі салдарынан болады. Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымдарының мәліметтеріне сүйенсек адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүре білуіне байланысты. Көптеген созылмалы жұқпалы аурулардың пайда болып таралуы оның өмір салтына байланысты. Жоғары деңгейде қатердің мінез-құлықтық факторларының таралуы: темекі шегу (22,2%), алкогольді ішімдікті пайдалану (35%) дене шынықтыру және спортпен халық жеткіліксіз айналысуы (23%) деуге болады. Осыған байланысты Қостанай облысының тұрғындарында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықты дене шынықтыруға баулу маңызды болып саналады. Осы мақсатпен облыста «2008-2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» салалық бағдарламасын орындау жөнінде Өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда, оның шеңберінде денсаулық сақтау бюджетінен 1%-дан 3%-ға дейін қаржыландыру ұлғайтылуда, саланың профилактикалық бағыты белсендірілуде, халықтың жекелеген санаттарының профилактикалық қараудан өтуі ұлғаюда. Азаматтардың, бірінші кезекте балалардың физикалық белсенділігі бойынша шаралар іске асып жатыр. Әлеуметтік тапсырысты орналастырудың арқасында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтіліп жатыр. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында стратегия қабылдау жоспарлануда. Салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру саласында шараларды іске асыру мүдделі органдар мен ұйымдар арасында, әсіресе алкогольді және темекі өнімдерін шығаруды шектеу, жол қозғалысының қауіпсіздігі сияқты мәселелері жөніндегі сектораралық өзара әрекетті күшейтуге әсерін тигізеді. Нәтижесінде, өмір сүрудің орташа ұзақтығының ұлғаюы, аурудың ауыртпалығы және мінез-құлықтық тәуекел факторларының азаюы күтіліп отыр.

Медициналық қызмет көрсету сапасын басқарудың жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдардың деңгейінде ішкі тексеріс енгізілді. Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінің және «Астана» медициналық университетінің базасында медициналық қызмет сапасының сараптамасы бойынша 122 дәрігер даярланды.

2010 жылы 64 медициналық ұйымды тіркеу ресімі өткізілді, ол 100% құрады.

2010 жылдың басында 8416 медицина қызметкерлері облыс халқына медициналық, оның ішінде 1936 дәрігер және 6480 орташа медицина қызметкерлері көмек көрсетті.

2006 жылдың басында кадрлардың жетіспеушілігі 394 дәрігерді, оның ішінде ауылдық жерде – 121, 2007 жылдың басында – 492 дәрігерді (ауылдық жерде – 143), 2008 жылдың басында 502 дәрігерді (ауылдық жерде – 144), 2009 жылы 526 дәрігерді (ауылдық жерде – 152) құрады. 2010 жылдың басында дәрігерлерге қажеттілік 507 маманды, оның ішінде қалалар бойынша – 343, ал ауылдық жерде – 164 маманды құрады.

Дәрігерлік кадрлардың «қартаю» қарқыны байқалып отыр. 50 жастан асқан тұлғалар 45% құрайды. 25 жылдан астам өтілі бар мамандардың үлес салмағы ұлғаюда, бұл жас кадрлар ағымының аз екендігін куәландырып отыр. Мемлекеттік білім беру гранттары есебінен білім алған жас мамандарды мемлекеттік бөлу жүйесі жоқ. Облыста жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақыларды төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын-үй бөлу мәселелері шешілуде. Бірқатар аудандарда 100-200 мың теңге мөлшерінде көтерме төлемдер төленді және басқа да әлеуметтік пакеттер ұсынылды.

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы –студенттерді медициналық академияларда гранттар және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен оқыту. Қазіргі уақытта Облыс әкімінің гранттары бойынша медициналық академияларда 86 студент, Аудан әкімдерінің гранттары бойынша – 55 және медициналық ұйымдардың бюджеттен тыс қаражаттары есебінен – 10 студент оқып жатыр. Барлығы 151 студент. Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін әкімдер әрдайым бақылайды.

Медициналық көмек сапасына облыста төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалды-техникалық базасы әсер етеді.

2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде облыста денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 27,2% (2007 жылғы 36,4%-дан 2009 жылы 50%-ға дейін) ұлғайтылды. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш: 2007 жылы – 22,4%, 2008 жылы – 35,9%; 2009 жыл – 41,8% көрсетіп отыр. 2010 жылдың басында ауылдық ұйымдардың жарақтандырылуы 44,1%; ұлғаю – 8,2% (2007 жылғы – 35,9%-дан 2009 жылы – 44,1 %-ға дейін) құрады. 2010 жылдың басында облыстық ұйымдардың жарықтандырылуы 62,2%; ұлғаю – 25,2% (2007 жылғы 36,7%-дан 2009 жылы 62,2%-ға дейін) құрады. Қалалық медициналық ұйымдарындың жарықтандырылуы 2010 жылдың басында 48,3%; ұлғаю – 11,7% (2007 жылғы 36,6%-дан 2009 жылы 48,3%) құрады. 2007-2009 жылдары облыстың медициналық ұйымдарын бекітілген нормативтерге сәйкес медициналық жабдықтармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жарақтандыру жөнінде жасалған жұмыс нәтижесінде олардың жарықтандырылу пайызы орташа республикалық көрсеткіштен тұрақты түрде жоғары болып отыр.

2009 жылдың аяғына қарай облыс бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 61,7% құрады. Елді-мекендер шегінде ғимараттар тозуының жоғары деңгейі (80%-дан 100%-ға дейін) елді-мекендердің 86%-да (Науырзым, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Таран, Федоров аудандарында және Қостанай, Лисаков, Рудный және Арқалық қалаларында) байқалады.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде іске асыру мерзімі 2008 жылдан 2012 жылға дейін қамтитын Қостанай облысы 5 денсаулық сақтау обектісінің құрылысына (Қостанай және Рудный қалаларында 2 емхана және 2 аурухана, Қостанай қаласында Қан орталығы) 16,1 млрд. теңге бөлінді, олардың ішінен 2008 жылы 1,3 млрд. игерілді. 2009 жылы бөлінген 2,3 млрд. теңге толық көлемде игерілді, оның ішінде:

Қостанай қаласында құны 6,2 млрд. теңге тұратын 300 орындық облыстық көп бейінді аурухана құрылысына 2008 жылы 550 млн. теңге, 2009 жылы 700 млн. теңге немесе бір жылға арналған жоспарға қарағанда 100% игерілді;

Қостанай қаласында құны 1,8 млрд. тенге тұратын бір ауысымда 500 келушіні қабылдайтын қалалық емхана құрылысына 2008 жылы 245,0 млн. теңге, 2009 жылы 300 млн. теңге немесе бір жылға арналған жоспарға қарағанда 100% игерілді;

Қостанай қаласындағы сметалық құны 2,98 млрд. теңге тұратын облыстық Қан орталығының құрылысына 2008 жылы 150,0 млн. теңге игерілді. 2009 жылға бөлінген 700 млн. теңге толық көлемде игерілді;

Рудный қаласындағы құны 1,7 млрд. теңге тұратын бір ауысымда 500 келушіні қабылдайтын қалалық емхананың құрылысына 2008 жылы 150,0 млн. теңге игерілді. 2009 жылы «Абырой Строй Сервис» ЖШС (Ақтөбе қаласы) мердігерінің шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты осы жобаға көзделген 300 млн. теңге сомасындағы қаражат «100 мектеп 100 аурухана құрылысы» жобасын іске асыруды тоқтатпау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қарашадағы №1736 қаулысымен Рудный қаласындағы 200 орындық көп бейінді аурухана құрылысына қайта бөлінді.

2010 жылдың аяғында Қостанай қаласында облыстық Қан орталығы мен бір ауысымда 500 келушіні қабылдайтын қалалық емхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында дәрі-дәрмек құралдары дистрибуциясының Бірыңғай жүйесі құрылды.

Халықтың дәрі-дәрмек құралдарына оңай қол жеткізуін жоғарылату үшін оларды тиімді және ұтымды пайдалану жолымен 2009 жылдан бастап 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ҚР ДСМ № 677 бұйрығымен реттелетін Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмектерінің формулярлық жүйесі енгізілді.

Облыстық деңгейде бюджетті шоғырландыру жүргізілді, денсаулық сақтауға шығыстар ұлғайтылды, ал бюджетті бөлу өңірлік коэфиценттерді ескере отырып, жан басына шаққандағы қағидат бойынша жүргізілуде. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі енгізілуде, денсаулық сақтау желілерінің жаңа мемлекеттік нормативіне көшуі жалғасуда (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысы), бұл өз кезегінде денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарының желілерін тәртіпке келтіруге, көп бейінді ауруханалар құруға, ауыл тұрғындарының ПМСП қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, медициналық ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының өзгеруі жаңа денсаулық сақтау объектілерін басқару, қаржыландыру, күрделі жөндеу және салу жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады, олардың қызметінің экономикалық деңгейін жоғарылату, сонымен қатар кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

Күшті жақтары

Бала туудың ұлғаюы;

Жастар арасында жаппай спорттың жоғары танымалдылығы;

Денсаулық сақтау қызметі нарығының болуы;

Салауатты өмір салты орталықтарының салыстырмалы үлкен ұйымдастырушылық тәжірибесі;

Орташа медициналық персоналмен жақсы қамсыздандырылу;

Жас мамандардың келуі.

Әлсіз жақтары

Толық тамақтанбау;

Медициналық көмекке кеш жүгіну;

Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдердің үнемі қаралуға деген ынталарының жеткіліксіздігі;

Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа тиетін әсері туралы жеткіліксіз ақпараттандырылу;

Денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын жүргізудің төмен басымдылығы;

Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына себеп болатын тамақтану үлесіне әдет;

Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату мәселелеріне жеткілікті назар аудармайды;

Әлеуметтік проблемалар халықтың елеулі бөлігіне өз денсаулықтарын сақтау мен қарауына мүмкіндік бермейді;

Мінез-құлықтың жоғары қауіп-қатерлері (темекі шегу, алкоголь, есірткі);

Салауатты өмір салты қызметінде қызметкерлердің жетіспеуі;

Дәрігерлердің көп жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер

Консультатциялық қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану;

Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту;

Халықты ұлттық скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту;

Аурулардың күні-түні болу стационарларын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.

Қауіп-қатерлер

Дәрігерлерге іс жүзінде жүктемелік салынуына байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

Салауатты өмір салты бойынша дайындалған мамандардың жетіспеушілігіне байланысты алдын-алу іс-шараларының жеткіліксіз тиімділігі.

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы Сессияның №8/104-v шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Туризм
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Павлодар облысы жай-күйінің оң және теріс жақтарын бағалау. Олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconТараз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы басшы және жауапты орындаушы
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарламасы

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница