Скачать 5.01 Mb.
|
Тау-кен өндірісінің негізін мынандай кәсіпорындар құрайды: «ССКӨБ» АҚ, «Варваринская» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖСШ («Ориол Минералс» ЖШС), «Өркен» ЖСШ Лисаков филиалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБРУ, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы ТБРУ және басқалар. Тау-кен өндірісі облыс экономикасының жалпы жағдайын айқындайды және облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында маңызды үлесін қамтамасыз етеді – 50% астам, тау-кен өнеркәсібінің өнімдері облыс экспортының басты бабы және валюталық түсімдердің негізгі көзі. 2014 жылы агломерацияланған темір кенін өндіру, темір кені концентраттарын, әк тас және гипс, асбест және бокситтерді өндіру ұлғайды. 12-кесте Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің серпіні
Қазақстанның тау-кен саласының ірі кәсіпорны – «ССКӨБ» АҚ. «ССКӨБ» АҚ өнімдерінің негізгі тұтынушылары Магнитогор металлургиялық комбинаты, «Миталл Стил Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорындары болып табылады. Тау-кен өндірісінің дамуы экспорттық бағыттың негізгі саласы ретінде саланың сауда балансында жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңда «ССКӨБ» АҚ-да жоғары сапалы болат түрін өндіру барысында қолданылатын құрамында 90% кем емес темірі бар металл шекемтастарын өндіру жөнінде цех салу – ірі инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында жұмыс жүргізілуде. «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы темір кені концентратын өндіру бойынша ірі кәсіпорын. Кәсіпорында «Темір кенін бөліп алу, шығару және байыту» инвестициялық жобасы іске асырылды. Бұл технологияны енгізу фосфор құрамын 0,7%-дан 0,2%-ға төмендетуге жол ашады, темір кені концентратындағы темірдің құрамын 49%-дан 60%-ға арттырады. «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Торғай және Краснооктябрь бокситтік кен басқармалары – Павлодар алюминий зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін, боксит өндіру бойынша ірі кәсіпорындар болып табылады. Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ – Қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты, оның негізгі қызметінің түрі – хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және олардың негізінде тауарлық асбест өндіру. Комбинат өнімдері әлемдік асбест нарығымен қатар ТМД елдерінің нарықтарында тұрақты сұранысқа ие. Облыста алтын, мыс, титан, никель, көмір, қорғасын-цинк кендерінің пайдалы кен орындары барланды. Сонымен қатар облыс отқа төзімді балшық, құрылыстық тас, құрылыстық құм сияқты металл емес пайдалы қазбаларға да бай. Облыс өнеркәсіп кәсіпорындары барлығы 90 астам өнім түрлерін өндіреді, үнемі ассортиментті кеңейту, заманауи технологиялар мен жабдықтарды енгізу, жаңа өндірістер ашу және қолданыстағыларын жаңашаландыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. 2013 жылы бойынша тау-кен саласында нақты көлем индексі 96,2% құрады. 2013 жылы сала кәсіпорындарымен жалпы 279,6 млрд. теңге сомасына өнімдер өндірді, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 3,8% жоғары (269,7 млрд. теңге). 2012 жылмен салыстырғанда темір кені концентраттарын өндіру 4,7%-ға, асбест - 0,9%-ға, боксит - 0,4%-ға, агломерацияланған темір кенін өндіру - 0,2%-ға ұлғайды. 2014 жылы бойынша тау-кен саласында нақты көлемі индексі 93,1% құрады. Сала кәсіпорындарымен жалпы 241,9 млрд. теңге сомасына өнімдер өндірді, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 10,3% төмен (269,7 млрд. теңге). 2013 жылмен салыстырғанда алтынды кен өндірісі 9,6%-ға өсті. Облыстың өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты шикізат бағынан кетіп, өңдеу өнеркәсібі саласының үлесін ұлғайту болып табылады. Облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде сусындар (50,9%), машина жасау (24,5%), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл өнімдерін өндіру (15,4%), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (5,0%), резина және пластмасс бұйымдарын өндіру (1,6%), жеңіл өнеркәсіп (1,3%), жиһаз жасау (0,5%), қағаз өнеркәсібі және қағаз өндірісі (0,3%). Облыстың жалпы өнеркәсіп әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2007 жылы 34,5% құрады, 2013 жылы 40,4%-ға дейін ұлғайды. Өнімдердің жаңа түрлері – «Доре» ертіндісі, жеңіл автомобильдер, астық жинайтын комбайндар және басқалары өнеркәсіп құрылымына және облыс өндірісінің көлемідеріне айтарлықтай әсер етті. 2007-2014 жылдары өңдеу өнеркәсібінде ет және ішек-қарын өндіру 4,2 есе, шұжық өнімдері 2,1 есе, өңделген сүт 2,9 есе, ұн 35,2%-ға, нан 61,7%-ға, шоколад және кондитерлік өнімдер 49,7%-ға өсті. 2014 жылы өңдеу саласының кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 249,7 млрд. теңгеге өнімдер өндірді, 2013 жылғы деңгейден 9,1 % артық. Нақты көлем индексі 109,1% құрады. 2010 жылдан бастап «АгромашХолдинг» АҚ кәсіпорнында жеңіл автомобильдерді жинау жүргізіліп жатыр, 2010 жылы олардың 77 дана, 2011 жылы – 869, 2012 жылы – 2581, 2013 жылы 6329, ал 2014 жылы - 8570 дана өндірілді. Азық-түлік өнімдерін және сусындар өндіру айтарлықтай үлес салмақты алады – 56,7%, облыстың өңдеу өнеркәсібі құрамында және 2013 жылы 127,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2012 жылдан 12,6% артық және 2007 жылмен салыстырғанда 20,4 есе артық. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдерін ұлғайтуға өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде үлесі 47,1% азық-түлік өнімдерін саласында даму үлкен әсерін тигізіп отыр. 13-кесте Өңдеу өнеркәсібінің өндіру серпіні
|
![]() | Мазмұны бағдарламаның паспорты Кіріспе | ![]() | Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты |
![]() | Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы БАҒдарламаның паспорты | ![]() | «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері |
![]() | 1. Бағдарламаның паспорты Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20 | ![]() | «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан... |
![]() | 1. бағдарламаның паспорты Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің... | ![]() | «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан... |
![]() | Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың... | ![]() | «Мойылдинцы» атты балалар ұжымының паспорты Форма организации работы до: штаб «Лидер», штаб «Тимуровец», клуб «Вожатенок», центр «Радуга» |