1. Бағдарламаның паспорты 3




Название1. Бағдарламаның паспорты 3
страница15/34
Дата конвертации21.02.2016
Размер5.01 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.econom.kostanay.gov.kz/downloads/kz/prt11-15k.doc
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

Денсаулық сақтау

2015 жылдың басында Қостанай облысының аумағында тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсететiн 535 дәрiгерлiк ұйым жұмыс iстейдi (2012ж. – 580, 2013ж. – 566, 2014ж. - 535). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2012-2014 жылдары 45 бiрлiкке қысқарды.

Қостанай облысы азаматтарының туған кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2013 жылы 69,59 жасты құрады және 2012 жылмен салыстырғанда (68,46 жыл) 1,13 жылға ұлғайды (2012ж. - 68,46, 2013ж. – 69,59).

2015 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 881,452 мың адам құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 1511 адамға артық (Статистика департамент деректері бойынша).

Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде облыста табиғи оң өсiм (2012 жыл – +3,33; 2013 жыл – +3,27; 2014 жыл - +3,9) байқалып отыр. Осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (2012 жыл – +14,18; 2013 жыл – 14,75; 2014 жыл – мәліметтер жоқ).

Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2014 жылдың қорытындылары бойынша (10,69), 2012 жылмен салыстырғанда (11,6) 8,5%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 2,56 жағдай) азайды, 2012 жылы-11,6, 2013 жылы-10,8.

Облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2012 жылы көрсеткіштің төмендеуі – 14,9, 2013 ж.-11,9; 2014 ж.-11,2 (ҚР: 2012 жылы – 13,6, 2013ж. – 11,5; 2014ж. -10,0 ) байқалып отыр. 2007 жылдан 2011 жылға дейiнгі мерзімде орташа облыстық көрсеткiш тұрақты орташа республикалық көрсеткіштен аз болды, ал 2013 жылы көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 3,5%-ға, 2014 жылы 12%-ға артты. Облыста нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жеке жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады.

Бала өлімін төмендету және тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қолданылды: Қостанай перинатальдық орталығы ашылды; 15 неонатолог, реаниматолог дәрігер Белоруссия медициналық академиясының көшпелі циклінде; Астана қаласының Ғылыми аналық және балалық орталығының циклы бойынша біліктіліктерін арттырды, онда 26 педиатр оқытылған; 37 акушер-гинеколог Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқытушыларымен оқытылды; дәрігерлерді жетілдіру республикалық институттарында 24 акушер-гинеколог, 13 педиатр біліктілігін жоғарылатып, оқу курстарынан өтті; бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ететін 2 өңірлік орталық жұмысының шеңберінде балалар дәрігері мен орта медициналық қызметшілердің 50%-дан астамы оқытылды, тиімді перинатальдық көмек және емшекпен емізуді қолдау орталығы амбулаторлық және стационарлық бөлім медициналық қызметшілерінің 48%-ын оқумен қамтып отыр, бала тууды өңірлендіру және перинаталдық көмек бойынша жұмысты нығайту шеңберінде бала көтеруге мүлдем болмайтын және аурулары асқынған жүкті әйелдердің 64 %-ы және бір жасқа дейінгі ауру балалардың 80%-ы облыстық медициналық ұйымдарға жолдама алды.

Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайына қызметтiк тексеру өткiзу және қарау нәтижелерi бойынша нақты шаралар қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi (2012 жылы 5 мәжiлiс өткiзiлді). Әрбір ана өлiмінiң және 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг пен талдау жүргiзiледi. Балалардың, оның iшiнде 500-999 грамм салмақпен туылғандардың барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жинақталады, сонымен бiрге «Мединформға» «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптастырылады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыста жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлендіру қағидалары сақталады. Ана өлiмін және ауыр жағдайларды жасырын түрде тексеру енгiзілді.

2014 жылы:

Қостанай қаласындағы перинатальдық орталықта

Аналық өлiм-жiтiмінiң көрсеткiшi (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) соңғы 3 жылдары бойынша тұрақсыз болып қалады, бірақ қалыпты төмендеу үрдісі бар (2012 жылы – ана өлімі тіркелген жоқ; 2013 жылы – 15,3; 2014 жылы-7,86) (ҚР 2012ж.-13,5; 2013ж.-12,6; орташа республикалық көрсеткіштің 21%-ға артық; 2014ж.-7,9, орташа республикалығының 31,3%-ға (11,5) төмен).

Бұл жүкті әйелдердің мониторингін өткізу нәтижесінде қауіпсіз аналық, бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ету (бұдан әрі – БЖАИЖ) бағдарламасын енгізуге қол жеткізілді. Сондай-ақ аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде перинаталдық көмекті өңірлендіру толық жетілдірілді. Облыстық аурухана базасында санитарлық авиация бойынша жұмыс ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан: акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург бригадалары қалыптастырылды.

2012-2014 жылдары ана өлiм-жiтiмінiң 3 жағдайы тiркелді, 2012 жылы тіркелген жоқ, 2013-2 жағдай, 2014 жылы-1 жағдай.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.

Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауыруды және аурулардан қайтыс болуды төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ертерек анықтау үшін тұрғындарды алдын ала тексеру жүргiзiледi. Жасалған жұмыс нәтижесінде 100 000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы-289,2, 2013 жылы-231,1 құрады.

Қостанай облысының статистика басқармасының деректері бойынша 2014 жылы ҚЖА-дан қайтқандардың саны 1636 адамды құрады, бұл 2012 жылға қарағанда (2544 адам) 2013 жылы-2033 адам, 1,6 есе аз. Қазіргі таңда 2012-2013 жылдарға арналған Қостанай облысында кардиологиялық, интервенциондық, кардиохирургиялық және неврологиялық көмекті әрі қарай дамыту жол картасы әзірленді.

Облыста 23 кардиологиялық профиль мамандары жұмыс істейді, мамандармен жинақталу 90% құрайды.

Медициналық қызметкерлер білімінің деңгейін жоғарылату мақсатында ауру белгілерімен түскен емделушілер санының көптігін, популяцияның әртектігін және жағымсыз жағдайлардың жоғары мүмкіндігін ескергенде, алдын-ала диагностика мен емделудің айқын стратегиясының маңызы өте зор деп айтуға болады. 2014 жылы республикалық клиникалардың негізінде 53 дәрігер оқытылды.

Дәрігерлер (645 адам) және бастауыш бөлімінің медициналық қызметшілер (1121 адам)

2012 жылдың қараша айынан бастап облыста кардиологиялық және инсультті орталық ашылды. 2013 жылдың мамыр айынан бастап, халыққа көрсететін жедел жәрдемді шоғырландыруға мүмкіндік беретін (халықтың жалпы саны 255208 адам болатын екі қала және төрт аудан), Рудный қаласында облыстағы екінші ангиографиялық зертхана іске қосылды. Ауруларды кардиоорталықтарына жедел жеткізу мақсатында, «алтын» уақыт принципі негізінде, бар реанимобильдер ЖМСЖ ұйымдарына бекітілген. Нәтижесінде облыста ҚЖА-дан өлімі 19,5%-ға төмендеді (2013 ж. 230,9-дан 2014 ж. 185,8-ге дейін).

Жыл сайын облыста қайғылы жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан қайтыс болу көрсеткiшiнің жоғарылауы байқалып отыр. Себептердiң бiрi облыс аумағындағы төмен сапалы автомобиль жолдарының болуы (жоғары жол-көлiк жарақаттанушылығы), автомашиналар паркінің айтарлықтай ұлғаюы, оның iшiнде жоғары жылдамдықпен жүретін, дайындалу сапасы жеткіліксіз жүргiзушiлердiң болуы болып табылады. 2014 жылы аталған көрсеткіш 132,4, 2013 жылы 126,0, 2012 129,3 құрады. «Жол картасы» дамытыған, Әулиекөл, Федоров аудандарында ауданаралық травматалогиялық бөлімдер жұмыс істейді. 2014 жылдың қараша айынан бастап Арқалықтағы аумақтық ауруханада травматалогиялық бөлімінің 20 төсек барының негізінде ауданаралық травматалогиялық бөлімі (Республика маңызы бар Астана-Ақтөбе-Атырау трассасында) құрылды.

Облыста соңғы 3 жылдары (2012-2014 жылдар) қатерлi ісіктермен ауыру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда), бұл жоғары радиациялық фонның болуына байланысты, олардың пайда болу көздері Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының аумағындағы кенiштер болуы мүмкін.

Қатерлі ісіктермен ауырудың көрсеткіші тұрақсыз (2012 жылы – 291,9, 2013ж.-277,9, 2014ж.-293,7), Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жабдықтау, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.

Өткен 3 жылдары облыс бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр (2012 жылы–103,1; 2013ж.-87,0; 2014ж.-74,5). Облыс көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр. Қостанай облысы туберкулезбен ауыру бойынша республикада 5 орынды алады. Туберкулезді таратуды, дәрілік тұрақтылықты және туберкулезден қайтыс болуды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті болып қала беруде.

2012 жыл мен 2014 жыл аралығында туберкулезден қайтыс болу 2 есе (2012 жылы 10,7-тен 2014 жылы 5,3 дейін, 2013 жылы-7,2) төмендеді.

Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру - әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді. Алайда, жоғары көрсеткіш болып Денисов, Әулиекөл, Амангельды аудандарында және Арқалық қаласында сақталады.

2015 жылдың 1 қантарына облыстың деңсаулық сақтаудың мемлекеттік секторына 535 медициналық объект кіреді (01.01.2013 жылы-566). 474 стационарлық ұйымдар және 478 амбулаторлық-емханалық ұйымдар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері халыққа емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді (01.01.2014 жылына-45 және 508 тиісінше).

Облыс бойынша 743 фармацевтикалық объект халықты дәрілермен жабдықтау және медициналық ұйымдар іске асырайды.

Облыста 1755 дәрігер (01.01.2014 жылына-1913) және орта медицина қызметшілер (01.01.2014 жылына-6465) жұмыс істеіді.

2014 жылдың 1 қантарына халықтың 10 мың адам санына дәрігерлермен қамтамасыз ету 19,9 құрады (01.01.2014 жылына 21,8), орта медицина қызметшілермен-69,9 (01.01.2014 жылына-73,4).

Дәрігер кадрларын керектігі 268 дәрігер, соның ішінде ауылда 79 дәрігер құрайды.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша кумулятивдік АҚТҚ жұқтырған 1435 адам тіркелді, олардың саны жыл сайын 12-13%-ға өсуде (2012 жылы-1240 адам, 2013 жылы-1384 адам). Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы АҚТҚ инфекциясын тарату жағынан 5 орынды алады. АҚТҚ инфекциясының эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

ҚР Президенді Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығы бойынша 2010 жылдан бастап Қазақстанда жаңа бағыт – көлік медицинасы енгізілді.

Облыста үш жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді, олар 32523 астам адамды қарап шықты. 9000 диагностикалық зерттеулер өткізілді. Санитарлық авиацияның жұмысы ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан бригада қалыптастырылды. Есептік кезең аралығында 389 көлікпен шығу (2012 ж. - 418), самолетпен ұшу – 54 (2013 ж. – 41) жүзеге асты, 490 (2012 ж. – 450) ауруға қызмет көрсетілді.

Жоғары білікті мамандарымен 1638-ден астам (2013 ж. - 449) кеңес өткізілген 15 медұйымдар, телемедициналық торға қосылған.

2010 жылдың басында 8416 медицина қызметкерлері облыс халқына медициналық, оның ішінде 1936 дәрігер және 6480 орташа медицина қызметкерлері көмек көрсетті. 2012 жылы 1932 дәрігер және 6504 орташа медицина қызметкері, 2013 жылы 1913 дәрігер және 6465 орташа медицина қызметкері, 2014 жылы 1755 дәрігер және 6157орташа медицина қызметкері.

2012 жылдың басында кадрлардың жетіспеушілігі 360 дәрігер, 2013 жылы-265, 2014 жылы кадрлардың жетіспеушілігі бұрынғы деңгейде қалды-268 маман.

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде медицина мамандығы бойынша оқуға әлеуметтік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жігіне жататын жастардың өтініші тоқсан алдыңдағы тоқсан үшін Қостанай облысы бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жанбасына орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2012 жылы - 113, 2013 жылы - 97, 2014 жылы - 71 студентке көмек көрсетілді.

Облыста жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақылар төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын үй бөлу мәселелері шешілуде. Бірқатар аудандарда 100-200 мың теңге мөлшерінде көтерме төлемдер төленіп, басқа да әлеуметтік пакеттер ұсынылды. 2006-2014 жылдар кезеңі ішінде облысқа 434 жас дәрігер келді.

Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін әкімдіктер үнемі бақылауда.

Медициналық көмек сапасына облыста төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы әсер етеді.

2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде облыста денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 2012 жылы 55,8%, 2013 жылы – 56,48%, 2014 жылы – 65,73% құрады. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш: 2012 жылы – 57,78%, 2013 жылы – 63,16% көрсетіп отыр. Ауылдық ұйымдардың жарақтандырылуы 31,3%-ға ұлғайды (2007 жылғы – 35,9%-дан 2014 жылы – 67,2%-ға дейін) құрады. 2015 жылдың басында облыстық ұйымдардың жарықтандырылуы 58,85%; ұлғаю – 22,15% (2007 жылғы 36,7%-дан 2014 жылы 58,85%-ға дейін) құрады. Қалалық медициналық ұйымдардың жарықтандырылуы 2014 жылдың басында 64,3%; ұлғаю – 27,7% (2007 жылғы 36,6%-дан 2014 жылы 64,3%) құрады.

2014 жылдың аяғына қарай облыс бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 33,4% құрады.

«100 мектеп және 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысы 5 денсаулық сақтау обектісінің құрылысына (Қостанай және Рудный қалаларында 2 емхана және 2 аурухана, Қостанай қаласында Қан орталығы), іске асыру 2008-2014 кезеңімен, 16,1 млрд. теңге бөлініп, оның ішінен игерілгені: 2008 жылы – 1,3 млрд. теңге, 2009 жылы – 2,3 млрд. теңге, 2010 жылы – 8,0 млрд. теңге, 2011 жылы – 2,9 млрд. теңге, 2012 жылы 0,3 млрд. теңге.

2013-2014 жылдары «350 дәрігерлік амбулаторлық, фельдшерлік-акушерлік пуктері және емханалары құрылысы» бағдарламасы шеңберінде 1 606,2 млн. теңге құрайтын 25 келушілерге арналған 13 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды (Амангелді ауданының Амантоғай селосында, Әулиекөл ауданының Диевка селосында, Қарабалық ауданының Смирновка селосында, Ұзынкөл ауданының Троебратский селосында, Қарабалық ауданының Боскөл селосында, Амангелді ауданының Үрпек селосында, Сарыкөл ауданының Комсомольское селосында, Әулиекөл аудынының Новонежинка селосында, Алтынсарин ауданының Щербаково селосында, Қостанай ауданының Жамбыл селосында, Таран ауданының Майское селосында, Арқалық қаласының Родина селосында, Қостанай ауданының Мичурино селосында).

Күшті жақтары

Медициналық қызметтерді көрсетуде бәсекелестіктің дамуы.

Салауатты өмір салты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан БМСК ұйымдары желісінің кеңеюі.

Соңғы 3 жылдың ішінде жас мамандардың келуі.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалар

1. Толық тамақтанбау.

2. Медициналық көмекке кеш жүгіну.

3. Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдердің үнемі қаралуға деген ынталарының жеткіліксіздігі.

4. Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа тиетін әсері туралы жеткіліксіз ақпараттандырылу.

5. Денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын жүргізудің төмен басымдылығы.

6. Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына себеп болатын тамақтану үлесіне әдет.

7. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату мәселелеріне жеткілікті назар аудармайды.

8. Әлеуметтік проблемалар халықтың елеулі бөлігіне өз денсаулықтарын сақтау мен қарауына мүмкіндік бермейді.

9. Мінез-құлықтың жоғары қауіп-қатерлері (темекі шегу, алкоголь, есірткі).

10. Салауатты өмір салты қызметінде қызметкерлердің жетіспеуі.

11. Аудандарда көп дәрігерлердің жетіспеушілігі.

12. БМСК ұйымдарын жеткіліксіз қаржыландыру.

13. Халықтың төмен санитарлық білімі, медициналық қызметкерлердің халықпен жұмыс жасауы толық тиімді емес.

14. Консультатциялық қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану.

15. Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту.

Халықты ұлттық скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту.

Аурулардың күні-түні болу стационарларын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.

Даму үрдісі:

Дәрігерлерге іс жүзінде үлкен салмақ түсуіне байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;

Салауатты өмір салты бойынша дайындалған мамандардың жетіспеушілігіне байланысты алдын-алу іс-шараларының жеткіліксіз тиімділігі.

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

Похожие:

1. Бағдарламаның паспорты 3 iconМазмұны бағдарламаның паспорты
Кіріспе
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon1. Бағдарламаның паспорты
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
1. Бағдарламаның паспорты 3 iconБағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның мақсаты: тыңдаушыларға электронды кестелерді пайдалану мүмкіндігі мен пайдасын, Microsoft Excel бағдарламасымен жұмыстың...
1. Бағдарламаның паспорты 3 icon«Мойылдинцы» атты балалар ұжымының паспорты
Форма организации работы до: штаб «Лидер», штаб «Тимуровец», клуб «Вожатенок», центр «Радуга»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница