Модульдің атауы және шифр | MDBBUB2406 Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару | Модульге жауапты | П.ғ.к., Жаздықбаева М., п.ғ.к.,доцент Кішібаева Д., п.ғ.к.,доцент Жумадуллаева А.,аға оқытушы Халилаева Э. | Модуль түрі | Базалық кәсіби модулдер. Модуль 3- Басқару | Модуль дәрежесі | Бакалавриат | Аптадағы сағат саны | 2+1+0 | Кредит/ECTS саны | 3/5 | Оқу түрі | Күндізгі | Семестр | 4 | Білім алушылардың саны | 9 | Модульдің пререквизиттері | Педагогика, Мектепке дейінгі педагогика | Модуль мазмұны | ҚР мектепке дейінгі білім беру жүйесі. Ғылыми басқарудың негізгі ұғымдары. Басқару әдіснамасы ретінде жүйелілік және жағдайаттық тұғырлар. Әлеуметтік ұжымды басқару негіздері. Педагогикалық басқарудың негізгі қызметтері. Педагогикалық басқарудың сапалық көрсеткіші. Мектепке дейінгі білімді басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық базасы және құрылымы. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің басқару еңбегінің мәні, тұлғасына қойылатын талаптар, басқару стилі. Педагогикалық үдеріске әдістемелік жетекшілік. Педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тетігі, ретке келтірілуі. Басқару әдісі. Мектепке дейінгі білім әдіскеріне қойылатын кәсіби талаптар. Педагогикалық кадрларды аттестациялау. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқару және педагогикалық жұмыстарға мамандар дайындау. | Құзыреттер және оқыту нәтижелері | 1. ЖҚ-1 - өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға және ұжымда жұмыс істеуге қабілетті; 2. ЖҚ-11 -білімін практикада қолдану қабілеттілігі; 3. КҚ-4- тұлғаның даму деңгейін және заманауи әлеуметтік мәдени жағдайларды ескере отырып білім беру процесінде жобалауға және жүзеге асыруға қабілетті; 4. КҚ-5- білім беру процесінде субьектілердің өзара жеке қарым-қатынасын орнатуға және бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті;
| Білімі: - мектепке дейінгі білімді басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерінен білімдер жүйесін қалыптастыру. Педагогикалық ұжымды басқарудағы мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің қызметін, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін білу. Білігі: - мектепке дейінгі мекемені басқаруда мектепке дейінгі мекеме қызметін жоспарлауды; кадрлар әлеуетін көтеруді, нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалануды меңгеру. Құндылық құраушылары: – мәдени-ағартушылық жұмыста нормативтік құжаттар мен пәндік саладағы білімдерін қолдануға дайын; | Қорытынды бақылау түрі | Емтихан | Кредиттерді алу шарты | Лекция, семинар сабақтар, СӨЖ, үй тапсырмасын орындау | Модульдің ұзақтығы | 1 семестр | Әдебиеттер | 1. ҚР Білім туралы заңы. Алматы 2005 2. Тотальный менеджмент качества в высшем образований. Каланова Ш.А.Бишимбаев В.К. Астана 2006 | Жаңартылған мерзімі |
|
Модульдің атауы және шифр | OTAU2407 Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру | Модульге жауапты | П.ғ.к.,доц. м.а Мелдебекова Ү., п.ғ.к.,доцент Кішібаева Д., п.ғ.к,доцент Жумадуллаева А., аға оқытушылар Рысбекова Л., Божбанбаева З., Халилаева Э.,Саурбаева Ұ., Исахова Ш., Ашықбаева Г. | Модуль түрі | Базалық кәсіби модулдер. Модуль 3- Басқару
| Модуль дәрежесі | Бакалавриат | Аптадағы сағат саны | 2+1+0 | Кредит/ECTS саны | 3/5 | Оқу түрі | Күндізгі | Семестр | 4 | Білім алушылардың саны | 9 | Модульдің пререквизиттері | Педагогика | Модуль мазмұны | Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру пәні- балалардың үйрену қабілетін дамытудың, оларды қарапайым білімдер жүйесімен қаруландырудың, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың жүйелі процесі.Мектепке дейінгі балаларды ақыл ойға тәрбиелеуде оқытуға жетекші роль беріледі.Оқыту байқағыштықты,білуге құштарлықты,талаптанушылық,зеректілік,сыншылдық сияқты қасиеттерді дамытуға жағдай жасайды Оқыту дене,адамгершілік,еңбек және эстететикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін қажет.Оқу әрекеті баланың білім,іскерлік пен дағдыны, қимыл тәсілдерін игерудегі басты әрекет.Оқыту екі жақты процесс.Ол тәрбиешінің де, балалардың да белсенді қатысуымен табысты болады. Бұл пәннен студенттер балабақшадағы дидактика, оқыту ерекшелігі, әдістері, формалары туралы білімдерін толықтырады.
| Құзыреттер және оқыту нәтижелері | 1. ЖҚ-1 - өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға және ұжымда жұмыс істеуге қабілетті; 2. КҚ-7 - білім беру процесінде субьектілердің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үшін психологиялық –педагогикалық шарттарды құруға қабілетті; 3. КҚ-15 - мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктерін жете түсінеді, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сабақтастығын жүзеге асыру құралдарын игерген;
| Білімі: - мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің психологиялық негіздерін, сәби және мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің ерекшелігін, балабақшадағы оқыту әрекетін ұйымдастыру жалпы сабақты және оның түрлерін білуі тиіс. Білігі: -оқыту әдістері, тәсілдерін, принциптерін қолдана білу, әр жас кезеңдеріне тәрбие, сабақ жоспарын құра білу, оқытудың дамыта отырып оқыту, саралап оқыту, даралап оқыту, ойын арқылы оқыту технологиясын сабақта қолдана білу. Құндылық құраушылары: - мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктерін жете түсінеді, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сабақтастығын жүзеге асыру құралдарын игеру.
| Қорытынды бақылау түрі | Емтихан | Кредиттерді алу шарты | Лекция, семинар сабақтар, СӨЖ, үй тапсырмасын орындау | Модульдің ұзақтығы | 1 семестр | Әдебиеттер | Қоянбаев Р.М. Педагогика. Оқулық. –Алматы, 2002. 2. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика.–Алматы, Дарын., 2004. 3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқулық. А.,Дарын. 2004. 4. Құрманалина Ш.Б,Мұқанова Б.Ж,Ильясова Р.К. Педагогика. Оқулық. - Астана, 2007. 5 . Байжанова А. Жалпы педагогика.-Алматы, 2010 | Жаңартылған мерзімі |
|
Модульдің атауы және шифр | TZhTMA2411 Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі | Модульге жауапты | Аға оқытушылар Рысбекова Л., Халилаева Э., Божбанбаева З., Саурбаева Ұ., Ашықбаева Г., магистр-оқытушылар Арыстанбаева А., Шынпейіс Г. | Модуль түрі | Базалық кәсіби модулдер. Модуль 5 - Тәрбие негіздері | Модуль дәрежесі | Бакалавриат | Аптадағы сағат саны | 1+1+0 | Кредит/ECTS саны | 2/3 | Оқу түрі | Күндізгі | Семестр | 4 | Білім алушылардың саны | 9 | Модульдің пререквизиттері | Педагогика | Модуль мазмұны | «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің мақсаты, міндеттері. Тәрбиенің теориялық негіздері. Тәрбие үдерісін қалыптастыру кезеңдері. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидалары. «Тәрбие теориясы мен әдістемесінің» басқа ғылымдармен байланысы. Тәрбие теориясы мен әдістемесінің негізгі ұғымдары. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі. Тәрбие жүйесін құру және дамыту міндеттері.Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің компоненттеріне сипаттама. Балалар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі. Тәрбие жүйесін қалыптастыру кезеңдері. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектілері. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие жұмысы.Оқу тәрбие процесіндегі тәрбие технологиялары. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары. Тәрбие жүйесінің тиімділігі мен нәтижесін зерттеу әдістемесі.Талантты балалармен жұмыс әдістемесі. | Құзыреттер және оқыту нәтижелері | 1. ЖҚ-2- адамгершілік нормасы мен өнегелі мінез-құлық негіздерін меңгерген өз бетінше білім алуға қабілетті; 2.КҚ-6 - мамандарды даярлаудағы білім беру үдерісін жүзеге асыру мен кәсіби-педагогикалық қызметтегі педагогикалық қарым-қатынастардың нормаларын игере алуы; 3.КҚ-7 - білім беру процесінде субьектілердің өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үшін психологиялық –педагогикалық шарттарды құруға қабілетті; 4. КҚ-15 -мектепке дейінгі білім беру ерекшеліктерін жете түсінеді, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға білім беру сабақтастығын жүзеге асыру құралдарын игерген;
| Білімі: - білім алу барысында пәннің мақсаты мен міндеттерін, тәрбиенің әдіс – тәсілдерін, формаларын, принциптері мен заңдылықтарын, тәрбие технологияларын білуі тиіс; Білігі: - тәрбиелеудің инновациялық технологияларын пайдалану; -тәрбие мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге сәйкес іс-әрекет түрлерін, формаларын, әдістерін таңдау және оны ұйымдастыра білу. Құндылық құраушылары: -оқу бағдарламасына сәйкес тәрбие теориясы мен әдістемесі пәні бойынша білімгерлердің теориялық және әдістемелік білімдерін қалыптастыру, оқуға берілген кредит саны шеңберінде оқу пәнінің пәнінің өзекті мәселелерін түпкілікті меңгерту, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету . | Қорытынды бақылау түрі | Емтихан | Кредиттерді алу шарты | Лекция, семинар сабақтар, СӨЖ, үй тапсырмасын орындау | Модульдің ұзақтығы | 1 семестр | Әдебиеттер | 1. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Оқулық. –Алматы, 2002. 2. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика.–Алматы, Дарын., 2004. 3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқулық. А.,Дарын. 2004. 4. Құрманалина Ш.Б,Мұқанова Б.Ж,Ильясова Р.К. Педагогика. Оқулық. - Астана, 2007. 5. Тәжібаева С. Тәрбие жұмысының технологиясы.-Алматы, 2011. | Жаңартылған мерзімі |
| |