2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп




Название2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
страница7/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.syrdarya.gov.kz/upload/userfiles/files/2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының
1   2   3   4   5   6   7   8

Білім

Аудан бойынша 17 мектептің 16-сы типтік, 1-уі ыңғайластырылған мектеп (№210 мектеп). Мектеп ғимараттарының жобалық қуаты 9314 оқушы орны. Аудан мектептерінде 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ. Оқушы орнының тапшылығы Шаған, Шіркейлі ауылындағы мектептер мен №210 орта мектепте байқалады.

Шаған ауылындағы №37 орта мектебіне 900 орындық жаңа мектеп құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталып, 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мектептің жобалық сметалық құны 1193000,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші бас мердігер-«Сұңқар ССК» ЖШС-гі. Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектепке 600 орындық жаңа мектеп ғимараттарын салу жұмыстары 2014 жылдың сәуір айында басталды. Жобалық-сметалық құны 888 556,0 мың теңге. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші бас мердігер – «Айдана» ЖШС-гі.

2014 жылы облыстық бюджеттен қаралған 17700,0 мың теңге қаржыға №35 мектеп-лицейіне 60, №36 мектеп-лицейіне -132, №131 орта мектебіне -62, №130 орта мектебіне -100, барлық жиыны- 354 «Эрисман» парталарын алу жоспарланды, қазіргі күні №35,131, 130 мектептерге алынды.

Ауданда үш ауысымда оқитын және апатты жағдайда тұрған мектеп жоқ.2014-2015 оқу жылында 6962 оқушы болды. Аудан мектептерінде 1102 педагог кадрлар жұмыс жасауда. Олардың 1025 жоғары білімді, 77 арнаулы орта білімді мамандар. Педагог кадрлардың 47-ы жоғары, 556-і бірінші, 327-ы екінші санатты (172-нің санаты жоқ) мамандар.

2014 жылы Алматы қаласында 7 педагог қызметкер, Қызылорда қаласында 85 педагог қызметкер, барлығы 92 педагог қызметкерлер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мұғалімдердің үздіксіз біліктілігін арттыру мақсатында 2013-2014 оқу жылында 1114 мұғалімнің 437-ы, яғни 39 пайызы білім сатысы курсынан өтті. Олардың 2-уі Алматы қаласындағы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта, 273 облыстық бюджеттік, 158-і ақылы біліктілік арттыру курстарынан пән бойынша білім сатыларында өз білімдерін жетілдірді.

Деңгейлік бағдарлама бойынша І озық деңгейден – 22 мұғалім, ІІ негізгі деңгейден–15 мұғалім, ІІІ деңгейден - 53 мұғалім білім жетілдіру курстарынан өтті. Деңгейлік бағдарлама бойынша Алматы қаласында мектеп басшыларының 3 айлық біліктілік арттыру курсынан 5 директор білім сатысы курстарынан өтті.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге аудан бойынша 17 мектептен 297 оқушы қатысты. 50 шақырымнан қашық елді мекендерден 220 оқушы 2014 жылдың 3 маусымы күні тасымалданып, «Қызылорда» қонақ үйіне орналасты. Сол күні кешке «Ақниет» мейрамханасынан тамақтанды. 50 шақырымнан жақын елді мекендерден 2014 жылдың 4 маусымы күні 77 мектеп бітіруші тасымалданып, таңғы астарын «Ақниет» мейрамханасынан ішті. Барлық 297 бала 2014 жылдың 4 маусымы күні сағат 7:30-да Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің №5-оқу ғимаратында орналасқан тестілеу пунктіне жеткізілді. Оқушылардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі шараларына мектеп мұғалімдері, психологтары, медбикелері, полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Сырдария аудандық емханасының 1 дәрігері, 1 медбикесі кезекшілікте болды. 2014 жылдың 03-04 маусым күндері аралығында 12 бала науқастанып шағымданды. Олардың 5-і мұрыннан қан кету диагнозымен, 7-і НЦД қаралғандар.

2014 жылдың 4 маусымында 411 мектеп бітірушінің 297-і ҰБТ-ге қатысты, бұл мектеп бітірушілердің 72,2 пайызын құрады. Олардың орташа балы 69,91 болды. 2013 жылғы орташа балл 74,31 құраған болатын. Бұл былтырғы жылғы орташа балмен салыстырғанда -4,4 балға төмен.

Денсаулық

Сырдария аудандық денсаулық сақтау саласында аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері, оның ішінде аудандық орталық аурухана 120 төсек орын, аудандық емхана, аудандық туберкулезге қарсы диспансер 50 төсек орын, Шаған ауылдық аурухана 30 төсек орын, Амангелді ауылдық ауруханасы 10 төсек орын. Тереңөзек кенті 10 төсек орында, Ақжарма, Інкардария, Н.Ильясов, Шіркейлі, Бесарық, Айдарлы, А.Тоқмағанбетов, Шаған Амангелді, Қоғалыкөл елді мекендерінде 5 төсек орыннан. Барлығы 60 төсек орында күндізгі стационаржұмыс істейді. Қалжан ахун, О.Мәлібаев, С.Сейфуллин фельдшерлік акушерлік бекет, Жетікөл медициналық бекеті. 37204 халыққа қызмет көрсетеді (оның ішінде ересектер саны 21781, жасөспірімдер саны 2382, балалар саны 13041, және туу жасындағы әйелдер саны 8219).

Сырдария аудандық денсаулық сақтау саласының емдеу алдын-алу мекемелеріне 2013 жылдың 12 айында 162817 тұрғын дәрігерлердің қабылдауында болса, оның ішінде ауырып келгендер саны 51943, профилактикалық байқаудан өтуге келгендер саны 110874, 2014 жылдың 12 айында 148888 тұрғын дәрігердің қабылдауында болды, оның ішінде ауырып келгендер саны 54366, профилактикалық байқаудан өтуге келгендер саны 94522.

Денсаулық саласы бойынша ауданда 2014 жылы 12 айында дүниеге келген бала саны 812, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57 бала артық туған. Шетінеген бала саны 14 болды, былтырғы жылмен 2 балаға төмендеген. Сонымен қатар, жалпы өлгендер саны 237 адам болса, былтырғы жылмен салыстырғанда 8 адамға артып отыр. Туберкулезбен ауырған 23 адам тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 11 адамға кеміп отыр.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Ауданда 40055 халық тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны-22690, өзін-өзі жұмыспен қамтығаны-3750, жалдамалы жұмыскерлер-18940 адамды құрайды.

2014 жылы ауданда жұмыссыздар саны-1169, жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеді.

Себебі: 2014 жылы аудан бойынша өңірлік бағдарлама бойынша 660 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген болса, 2014 жылдың 12 айында 875 жаңа жұмыс орындары ашылды.(ашылған тұрақты жаңа жұмыс орны 665) Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында -370 жаңа жұмыс орны, құрылыс саласында -100 жаңа жұмыс орны, көлік қоймалау саласында- 37, көтерме бөлшек сауда саласында – 24, білім беру саласында -9, денсаулық саласында – 12, экономиканың басқа түрлері бойынша -113, уақытша маусымдық жұмыс орындарына – 220 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар «Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы барысында бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен бөлінген 163544,0 мың теңге толығымен игерілді, жұмысқа орналастырылған адам саны - 16. Бағдарламаның «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты аясында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 222 000,0 мың теңге қаржы жоспарланып,барлық ауылдық округтер бойынша несие алуға ниет білдірген 230 адамның құжаттары қабылданған . Республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 122 000,0 мың теңгесі ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 65 адамға толығымен таратылып болды , қалған 100 000,0 мың теңгесін уәкілетті өңірлік ұйым «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жариялаған конкурсына қатысқан «Бай-Нұр» НС ЖШС гі 5 адамға -15000,0 мың теңге, «Шамшырақ » НС ЖШС 3 адамға-9000,0 мың теңге , «Орда-Финанс» НС ЖШС 5 адамға -15000,0 теңге, «Жетіқазына-Бесарық» НС ЖШС 14 адамға - 40000.0 мың теңге, «Рита» МКҰ ЖШС 9 адамға- 21000,0 мың теңгені таратты. Бүгінгі күнге бөлінген 222000.0 мың теңге 101 адамға таратылып, толығымен игерілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқуға жоспарланған 100 адам «Казагромаркетинг» АҚ Қызылорда облысындағы филиалының ұйымдастыруымен оқып сертификат алды.

2014 жылдың 12 айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барлығы 2552 адам хабарласып, оның ішінде 660-ы «Жұмыспен қамту -2020 жол катасына» қатысушылар.

Бөлім арқылы 967 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 380-і жастар. Жұмысқа орналасқандардың 248 -і тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 12 –і, жұмысқа жарамды 35 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы қоғамдық жұмыспен 700 жұмыссызды жұмыспен қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 40270,0мың.теңге қаржы бөлінген. 2014 жылдың 12 айында 847 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, 40270,0 мың теңге қаржы игерілді. Ауданда бөлімінің ұйымдастыруымен 15 рет Тереңөзек кенті мәдениет үйінде, бөлімде жұмыссыз азаматтар үшін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге барлығы 569 жұмыс іздеуші адам қатысты, оның ішінде 296 әйел азаматтар.Аудан көлеміндегі 166 мекемеден 245 бос жұмыс орнына сұраныстар түсті. Жәрмеңкенің қорытындысымен 244 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жастары 178 адам. Қоғамдық жұмысқа 42 адам, консултация алуға 464 адам қатысты.

10.02.2014 жылы 1-рет, 6 наурызда 1 рет мүгедектер жәрмеңкесі өткізілді.

2014 жылдың 12 айында мүмкіндігі шектеулі 35 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде жазасын өтеп келген және шартты түрде сотты болған 11 жұмыссыз азаматтар хабарласты. 4-і тұрақты жұмысқа, 5 өз бетінше жұмысқа және 1-і әлеуметтік жұмысқа тартылды,. Есепті кезеңнің аяғына 2 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрады.Аудан бойынша 2 оралман жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеліп, 1 оралман ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 1 оралман тұрақты жұмысқа орналасты. Есепті кезеңнің аяғына 1 оралман бала күтіміне байланысты тіркеуден шығарылды. 2015 жылдың 1 қаңтарына 115 адам жұмыс іздеуші ретінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызды құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы.

Халықтың аз қамтылған бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №46-ІІ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес отбасылардың тұрмыс жағдайына зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кент және ауылдық округтерде учаскелік комиссиялар құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. 2014 жылға атаулы әлеуметтік көмекке нақтыланған республикалық бюджеттен 5966,0 мың теңге бөлініп. 2014 жылдың 12 айында 46 отбасына (242 отбасы мүшелері) 2242,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы.

2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға арналған жәрдемақы төлеуге нақтыланған бюджет бойынша 2014 жылға 42206,0 мың теңге қаржы қаралған. 2014 жылдың 12 айында 718 отбасына (оның ішінде бала саны-2414) 35502,1 мың теңге тағайындалып,төленді.

Тұрғын үй көмегі туралы.

Аудан бойынша 2014 жылға тұрғын үй көмегіне нақтыланған бюджет бойынша барлығы 16605,0 мың теңге қаржы қаралған болса, 2014 жылдың 12 айында 263 отбасы (жанұя мүшелері 1455 адам) 7044,3 мың теңге тағайындалып, төленді. Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуде 2014 жылдың 12 айында 30 мүгедекке таяқ, 9 мүгедекке балдақ, 28 мүгедекке кресло-қорап, 2 мүгедекке диктофон, 3 мүгедекке тифломагнитола, 3 мүгедекке плеер, 7 мүгедекке жетек арба (ходунок), 7 мүгедекке видеокомпьютер, 5 мүгедекке соқырлар таяғы,3 мүгедекке несеп құралдары, 5 мүгедекке есту аппараты, 3 мүгедекке нәжіс құралдары, 39 мүгедекке оңалту орталығына жолдама барілді. 127 мүгедекке жөргек (памперс) таратылып берілді. 84 мүгедекке жеке көмекші тағайндалды.

Мәдениет және тілдерді дамыту

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 35 мәдениет мекемелері мәдени қызмет көрсетуде. Олар: аудандық мәдениет үйі, кент мәдениет үйі, 5 ауылдық мәдениет үйлері, 9 ауылдық клубтар, 1 мәдени-демалыс кешені, аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханалар және аудандық тарихи-өлкетану музейі. Аудан мәдениет үйлері мен клубтарында 2014 жылы 935 мәдени шара өткізіліп, 161000 көрермен қатысты.

Есепті кезеңде 30 аудандық байқау ұйымдастырылды.

- Іңкәрдария ауылдық клубы құрылысына облыстық құрылыс басқармасы арқылы жүргізілген ашық конкурс жеңімпазы «Алып Құрылыс» ЖШС-і. Қаржысы 179552,0 мың теңге.

- С.Сейфуллин ауылдық клубы құрылысына облыстық құрылыс басқармасы арқылы жүргізілген ашық конкурс жеңімпазы «Орион ЛТД» ЖШС-і. Қаржысы 172488,0 мың теңге.

- Аудандық орталық кітапханаға ЖБ-тен 73,0 миллион теңге қаржы бөлініп аудан орталығында бірнеше жыл бос тұрған ғимаратты қайта бейімдеп салу жұмыстары жүргізілуде. МСА жұмыстары аудандық құрылыс бөлімі арқылы жүргізілді.

  • Шаған ауылдық мәдениет үйінің бу қазандығы сыртқа шығарылды, қаржысы 18329,0 мың теңге. Аудандық құрылыс бөлімі арқылы жүргізілген ашық конкурс жеңімпазы «Ақпарат Қызылорда» ЖШС-і. Құрылыс аумағы 6х12 шм. Екі бөлмелі жылу беру ғимараты салынып, жаңа бу қазандығы орнатылды.

  • Қалжан ахун ауылдық клубының бу қазандығы сыртқа шығарылды, қаржысы 17591,0 мың теңге. Құрылыс аумағы 6х12 шм. Аудандық құрылыс бөлімі арқылы жүргізілген ашық конкурс жеңімпазы «Автономный отопительный система» ЖШС-і.

  • Аудандық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 19923,0 т қаржы бөлініп, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Мердігері «Ақпарат - Қызылорда» ЖШС-і

  • Бесарық ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмысын «Регион Спец Строй Сервис» Фирмасы жүргізді. Қаржысы (жергілікті бюджет) 8653,0 мың теңге. Ашық электронды конкурс Бесарық ауылдық округі әкімдігі арқылы жүргізілді.

  • Шіркейлі ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысына 39597,0 мың теңге қаржы қаралды. Жол картасы арқылы РБ-тен 90 пайызы, ОБ-тен 10 пайызы қаржыландырылды. Мердігері «Қасиет –Ал» ЖШС-і

  • Ақжарма ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 35055,8 мың теңге қаржы қаралып, жұмыс жүргізілді. Мердігері «Интегрострой» ЖШС-і

  • Тереңөзек кенті клубына (бұрынғы О.Мәлібаев) жәй жөндеу жұмысына ЖБ-тен 500мың теңге (пешке жөндеу) бөлініп, игерілді.

  • Аудандық тарихи өлкетану музейінің археолгоя және этнография залына реэкспозиция жұмыстары жүргізілді, қаржысы 1789,3 мың теңге.

Аудандық тарихи-өлкетану музейі қорында 8500 экспонат болса, оның 206-сы 2014 жыл көлемінде жиналған. Жаңадан келіп түскен экспонаттарға тиісті құжаттары толтырылып, есепке алынып, сапасына қарай 108-і негізгі қорға, 98-і көмекші қорға алынды. «Музеолог» бағдарламасы бойынша 308 экспонат электронды жүйеге енгізілді. Музей көрмелерімен 4760 көрермен танысты.

Есепті мерзімде жоспарға сәйкес тақырыптық көрмелер, танымдық лекциялар, кездесулер, экскурсиялар жүргізіліп отырды. Қорға алынған экспонаттар дер кезінде тіркеуге алынып, тиісті құжаттары толтырылып отырылды. Жыл басынан музейде 41 көшпелі, 29 экспозициялық көрме, 19 кездесу, 486 экскурсия ұйымдастырылып, 64 лекция оқылды.

Спорт

2014 жылы аудандық спорт бөлімі арқылы бекітілген кестеге сәйкес 170 спорттық шара өткізіліп, оған 17802 спортшылар мен мектеп оқушылары қатыстырылды. Елбасы өз Жолдауында бұқаралық спортты дамытуды атап көрсеткен болатын. Бұл түптеп келгенде дені сау ұрпақ тәрбиелеудің негізгі тетігі. Бүгінгі таңда ауданның 9208 тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысып, бұл жалпы тұрғындардың 23,03 пайызын құрады.

Ішкі саясат

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы Сырдария ауданы бойынша Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын насихаттау негізінде мемлекеттік мекемелер, кент және ауыл округ әкімдіктеріне 100 дана Жолдау мәтіні мен ережесі басылған кітапша таратылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар Жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын Сырдария ауданы бойынша насихаттық жұмыстар жарияланған күннен бастап жүргізіліп келеді. 2014 жылғы 14 қарашадағы №424 аудан әкімінің өкімімен Сырдария ауданы бойынша ақпараттық-насихаттық топтардың қызметін ұйымдастыру бойынша ақпараттық-насихаттық топтың құрамы, елді мекендерге бөлінісі, жүру кестесі, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сырдария ауданы бойынша 14 елді мекенге ақпараттық-насихаттық топ үшке бөлінді. Аудандық АНТ-дың құрамында азаматтық қоғам өкілдері, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің редакторы мен жауапты қызметкерлері, мәслихат депутаттары, серіктестік, шаруа қожалығы төрағалары бар. 2014 жылдың 18 қараша күні аудандық мәдениет үйінде Жолдауды ақпараттық-насихаттық түсіндіру мақсатында аудандық актив жиыны өткізілді.

Сырдария ауданы бойынша заңды тіркелген 18 қоғамдық ұйым бар. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 6 ұйымға артып отыр. Оның белсенді жұмыс жасайтыны 12 үкіметтік емес. Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы 2014 жылы 14 әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ҮЕҰ-дар саны мен жобаларды үйлестіру бойынша облыс бойыншаСырдария ауданы алдыңғы қатарда.

Аудандық бюджеттен 2014 жылға 14 әлеуметтік жобаларға 22 011 572 теңге бөлінді.

Ауданымыздағы ҮЕҰ-дар мен жергілікті атқаршы органдардың бірлескен 30 дөңгелек стол, 40 семинар-кеңестер, 5 форум, 15 байқау, 46 кездесу, 35 ақпараттық-насихаттық жұмыс, барлығы 186 түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.

Діни ахуал. Сырдария ауданы бойынша діни ахуал қазіргі таңда тұрақты. Сырдария ауданы әкімдігінің 2013 жылы 24 мамырында «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңесті құру туралы» №196 қаулысымен кеңес құрылып,бекітілген.

Сырдария ауданында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» филиалы ретінде 13-мұсылман мешіті тіркелген. Қазіргі таңда аудан көлемінде Тереңөзек кентінде, Нағи Ілиясов, Шіркейлі ауылында жаңадан мешіттер салынуда. Бұл бағытта да тиісті органдармен жұмыстар жасалуда.

Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың 2013 жылдың 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №306-Ө өкіміне сәйкес Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен тоқсанына 2 рет комиссия отырысы өткізіледі.

2014 жылы әлеуметтік тапсырысы аясында «Терроризмге қарсы әрекеттің және экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру» жобасына 1 785 714.00 теңге қаржы қаралған.

Діни бірлестіктер мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен аудан көлемінде дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында 2 байқау, 7 оқу-семинары, 7 дөңгелек стол, 1 конференция, 1 форум өткізілді. Аудандық «Иман-2013» қоғамдық қорының ұйымдастырумен барлық іс-шараларда методикалық-әдістемелік құралдар қатысушыларға таратылып, үн-парақшалар үйлестірілді.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу.

2013 жылдың 25 желтоқсанда аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновпен «Сырдария ауданы бойынша 2014 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі» бас медиа жоспары бекітілді. Жоспар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Жоспардың басты бағыты мемлекеттік ақпаратты жүргізу болса, оның ішінде Елбасы Жолдауы негізінде атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау жұмыстары аудандық «Тіршілік тынысы» газеті арқылы жасалуда. Теріс, негативті мақалалар жарияланған жоқ.

Қоғамдық қауіпсіздік

2014 жылы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімімен ауданның криминогендік жағдайдың тұрақтануына, қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың жолын кесуге, анықтауға бағытталған жұмыстар атқарылды.

2014 жылы аудан көлемінде 360 қылмыс тіркеліп, ашылу пайызы 19,5 % құрап, өткен жылдың есепті мерзімінде 366 қылмыс тіркеліп оның 25,2 % ашылған. Ауданда қазір түрлі қылмыстардың белең алып отырғаны байқалады. Мал ұрлығы, тұрғын үйге ұрлыққа түсу тағы басқа қылмыстардың қайталануы жағдайын аудандық ішкі істер бөлімі қатаң бақылауға алып отыр.

Құрылыс

Шаған ауылындағы № 37 орта мекетебіне 900 орындық жаңа мектеп құрылысына, жалпы сметалық құны – 1265,9 млн. теңге бөлінді. Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектепке 600 орындық мектеп ғимараты құрылысын салуға 2014 жылы республикалық бюджеттен 295,0 млн.теңге бөлінді. Жобаның жалпы сметалық құны – 888,6 млн.теңге. Нысан 2015 жылға өтпелі. Тереңөзек кентіндегі ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысын аяқтау үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен 673,5 млн.теңге қаржы бөлініп игерілді. Жобаның жалпы сметалық құны- 1452,8 млн теңге. Шіркейлі ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысына жалпы сметалық құны – 76,09 млн теңге құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Сырдария ауданына қарасты тірек елді мекен Ақжарма ауылының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында:

  • ауылдан ашық спорт алаңын салу құрылысына көктемде аудандық бюджеттен 11,195 млн теңге және биотермиялық шұңқыр құрылысына аудандық бюджеттен 8,4 млн теңге бөлініп нысан пайдалануға берілді.

Шаған ауылындағы спорт кешені құрылысы және Тереңөзек кентіндегі орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылды. Өткен мерзімде Шаған ауылындағы нысаннан 22,98 млн теңге, кенттегі нысаннан 3,9 млн теңге игеріліп, екі нысан да пайдалануға берілді.

Есептік мерзімде жаңадан басталатын кенттегі шағын ауданның көшелерінің инфрақұрылымының құрылысы нысанынан облыстық бюджет қаржысынан 8,514 млн теңге, республикалық бюджеттен 88,370 млн теңге игеріліп, нысан пайдалануға берілді. Сонымен бірге облыстық құрылыс басқармасы арқылы тендері өткізіліп, Ақжарма, Аманкелді, Бесарық және О.Мәлібаев ауылдарының сумен қамту жүйелерін кеңейту және қайта құрылымдау жұмыстарының құрылыстары жүргізілуде.О.Мәлібаев ауылындағы ауыз су жүйесі пайдалануға қабылданды.

Биылғы жылы Ақжарма ауылындағы нысаннан республикалық бюджеттен 180,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 17,515 млн теңге, О.Мәлібаев ауылындағы нысаннан республикалық бюджеттен 250,439 млн теңге, облыстық бюджеттен 24,456 млн теңге Аманкелді ауылындағы нысаннан республикалық бюджеттен 220,0 млн. теңге , облыстық бюджеттен 21,405 млн. теңге. Бесарық ауылындағы нысаннан республикалық бюджеттен 180,000 млн. теңге , облыстық бюджеттен 17,541 млн .теңге игерілді.

№36 орта мектептің ескі ғимаратын қайта жаңғыртудан 78,101 млн. теңге Шаған ауылындағы мәдениет үйі жылу қазандығынан 18,33 млн .теңге, Ақжарма ауылындағы биотермиялық шұңқыр құрылысынан 8,23 млн.теңге Ақжарма ауылындағы әмбебап ашық спорт алаңы құрылысының 10,502 млн.теңге, Айдарлы ауылындағы №139 орта мектептің шағын тәрбиелеу орталығынын қайта жаңғыртудан 16,764 млн. теңге. Тереңөзек және Жетікөл елді мекеніндегі мал тоғытатын ванналар құрылысынан 4,81 млн.теңге, А.Тоқмағамбетов және Н.Ильясов ауылдарындағы биотермиялық шұңқыр құрылыстарынан 16,530 млн.теңге Іңкәрдария ауыл әкімі аппараты ғимаратынан 28,704 млн.теңге Қалжан-Ахун ауылындағы №126 мектептің жылу қазандығынан 30,01млн.теңге, Қалжан-Ахун ауылындағымәдениет үйінің жылу қазандығынан 17,423 млн.теңге, Бесарық, Қоғалыкөл, Жетікөл, Сейфуллин, Іңкәрдария елді мекеніндеріндегі биотермиялық шұңқыр құрылыстарынан 41,03 млн.теңге игеріліп, нысандар пайдалануға берілді. Тереңөзек кентіндегі ескі моншаны кітапханаға лайықтандыруға қайта жаңғыртудан 53,19 млн.теңге «Жалын» лагерінің жылу жүйесін қайта жаңғыртудан 52,31 млн.теңге, игерілді. Бұл нысандардан қалған қаржы бөлініп, 2015 жылдың I тоқсанында пайдалануға беріледі.

Бөлім арқылы алдағы салынатын О.Мәлібаев ауылындағы 20 үйге, кенттегі шағын ауданның инфрақұрылымына, ескі моншаны кітапханаға лайықтандырып қайта жаңғыртуға, Ақжарма ауылындағы ашық спорт алаңына, Қалжан-Ахун ауылындағы №126 мектептің жылу қазандығына, Шаған Шіркейлі, Н.Ильясов, Қоғалыкөл, Айдарлы елді мекендеріндегі тұтынушы тұрғын үйлеріне су желісін жеткізуге, Айдарлы, Іңкәрдария, Бесарық ауыл әкімі аппараттарының ғимараттарына, Н.Ильясов ауылындағы «Балдырған» балабақшасының жылу қазандығына, Қоғалыкөл ауылындағы 140 орындық балабақшаны қайта жаңғыртуға, С.Сейфуллин ауылына салынатын 90 орындық балабақша құрылысына аудандық мәдениет үйінің жылу қазандығының қайта жаңғыртуға, А.Тоқмағанбетов ауыл әкімі аппаратының ғимаратының бу қазандығы құрылысына жобалық сметалық құжаттар жасалды.

Нысандар құрылысына техникалық- қадағалау жұмысына мемлекеттік сатып алулар жарияланып, жеңімпаздар анықталып жұмыс жасалды. Мәслихаттың қазан айындағы соңғы сессиясында бөлінген қаржыларды игеруге жұмыстар жасалды. Атап айтқанда Н.Ильясов ауылындағы «Балдырған» балабақшасының жылу қазандығынан 18,672 млн.тенге, Айдарлы ауыл әкімі аппраты ғимаратынан 27,138 млн.теңге, Қоғалыкөл ауылындағы 3 бөлмелі тұрғын үй құрылысынан 10,427 млн.теңге игеріліп, пайдалануға берілді.

Тереңөзек кентінен 24 және 18 пәтерлі үйлерге, Қоғалыкөл ауылындағы мәдениет үйінің көмір қоймасына, Айдарлы ауылындағы «Нұр-саби» балабақшасына асхана салуға, кенттегі орталық кітапхана ғимаратын бөбекжай етіп ашуға лайықтандыруға, Қалжан-ахун ауылындағы әкімшілік ғимаратты балабақшаға лайықтандыруға қайта жаңғыртуға, С.Сейфуллин ауылындағы №137 мектепке акт залы мен кітапхана салуға, ауданның елді мекендерінен салынатын 3 бөлмелі 35 тұрғын үйге, Тереңөзек кентіндегі орталық кітапхана ғимаратын бөбекжай ашуға лайықтандыруға, Н.Ильясов ауыл әкімі аппараты ғимаратына, аудан әкімдігі ғимаратына қосымша құрылыс салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

Сырдария ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 421,4 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 47,0 шақырым (Қызылорда - Жалағаш а/ж 16-63км), облыстық маңызы бар жол 18 шақырым (Шымкент – Самара – Тереңөзек а/ж 0 – 18 км), аудандық маңызы бар жол 148,5 шақырым. Қазіргі танда жергілікті маңызы бар 148,5 шақырым автомобиль жолдары 100 % қара жабындысымен жабдықталған. Алайда осы жолдардың 20 шақырымы Жақсы жағдайда (13%), 86 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда (58%), 42,5 шақырымы (29%) қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Кент пен ауылішілік автомобиль жолдар 206,46 шақырымды құрайды. Бұл жолдардың 66,78 шақырымы жақсы жағдайда (32%), 39,7 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда (19%), 98,11 шақырымы (49%) қанағаттанарлықсыз жағдайда. 2014 жылы аудандық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 27700,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС-гі арқылы жұмыстар толығымен атқарылды. Сонымен қатар Тереңөзек кентінің 14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 100 000,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 91738,0 мың теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда облыстық бюджеттен қаржыландырылатың 9 көшелерді жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-мен толығымен аяқталып, қабылдау комиссиясымен қабылданды. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатың 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясыменен қабылданды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша:

Аудандық бюджеттен 2826,0 мың теңге қаржы бөлініп алдағы,мердігер мекеме «Бағдаршам Сервис» ЖШС-гі арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар республикалық бюджеттен 942,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 235,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тереңөзек кентінде мүгетектер жиі жүретін орындардың жол өткелдеріне 2 дана синхронды дыбысы бар және жарықтық құрылысы бар арнаулы бағдаршам және Амангелді, Алиакбаров көшелеріне 14 дана жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды. Аудандық маслихаттың 2014 жылғы 23 маусымдағы кезектен тыс ХХХ сессиясының №238 шешімімен Тереңөзек, Амангелді, Бесарық, Қалжан Ахун, Іңкәрдария, Шаған елді мекендерінде жол қауіпсіздігің қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 6113,0 мың теңге қаржы қаралып,қазіргі таңда жол белгілері мен жасанды ойлы-қырылылықтарды орнату жұмыстары мердігер мекеме «Бағдаршам Сервис» ЖШС-гі арқылы орнатылып, пайдалануға берілді.

Жолаушы тасымалдау бойынша:

Сырдария ауданы бойынша жолаушылар тасымалдау жұмыстары «Сыр-тұлпары», «Қатынас» ЖШС-рі және ЖК-«Ахметов» мекемелері арқылы жүргізілуде, қазіргі танда аудан бойынша 30 жолаушылар автокөлігі тіркелген, оның ішінде кіші автобустар (Газель) саны-22, автобустар саны-8, барлығының да техникалық жағдайы жақсы. Қызылорда бағытына 12 маршрут бойынша күніге 24 рейс, аудан орталығы мен елді мекендер аралығында 8 маршрут бойынша 19 рейс жүргізілуде. 2013 жылы аудандық бюджет есебінен 4,2 млн. теңге субсидия ретінде қаржы қаралып, кентішілік екі бағытта маршрут белгіленді, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру беріліп, конкурс нәтижесінде ауданда жолаушы тасымалымен айналысатын «Сыр-Тұлпары» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда «Сыр-Тұлпары» ЖШС-нің автокөліктері І және ІІ маршрут бойынша жүргізілуде. Осы бағытта 2013 жылы аудандық бюджеттен 3189,0 мың теңге қаржы бөлініп Тереңөзек кентінде 3 жерден аялдама орнатылды. Сонымен қатар аудан орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатың «Сыр Тұлпары» ЖШС-не қарасты Тереңөзек кентінде орналасқан автостанция ғимараты барлық стандарттарға сәйкес келмейтінің ескере отырып алдағы уақытта Тереңөзек кентінді 1 автостанция салу қажет етеді.Жолаушы тасмалдау көлігімен 3982,8 адам тасымалданды немесе 2012 жылдың осы кезенінмен салыстырғанда 107,5 % құрайды.

Электр желісі бойынша: Сырдария ауданы бойынша барлығы 712,3 км электр желілері аудан көлеміндегі барлық мәдени – әлеуметтік, өндіріс, ауыл шаруашылығы нысандарды және тұрғындардыэлектр қуатымен қамтамасыз етеді.

Оның ішінде: - ВЛ-35 кВ ауа электр желісі - 271,1 км;

- ВЛ-10 кВ ауа электр желісі - 225,7 км;

- ВЛ-0,4 кВ ауа электр желісі - 215,5 км және 35/10 кВ қосалқы трансформатор қондырғылардың саны – 9 дана, 10/0,4 кВ ТП, КТП, КТПН саны-121 дана. Бұл нысандардың көпшілігі өткен ғасырдың 70-80 жылдары құрылысы салынғандықтан 70 пайызға дейін тозығы жетіп, күрделі жөндеу немесе қайта құрылымдау жұмыстарын қажет етеді. 2014-2016 жылдардың субвенция кұрамындағы күрделі шығындардың көлемі 6,5 пайызға дейін ұлғаюына байланысты, аталмыш мәселені аудан бюджет есебінен шешілгені дұрыс делінген. Осыған байланысты Сырдария ауданының электр энергетика жүйесін 2014 – 2017 жылдарға арналған дамыту жоспарына сәйкес 2014 жылы Сырдария ауданы Бесарық, Ақжарма елді мекендерін электрмен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмыстарының ЖСҚ-рын әзірлеуге аудандық бюджет есебінен 13 636,0 мың теңеге қаржы бөлініп жобалаушы мекеме «Энерголюкс» ЖШС-гі тарапынан тиісті жұмыстары жүргізіліп ЖСҚ-ры әзірленді. Аудандық бюджеттен Аманкелді елді мекенінде 0,4 кв және 10 кв электр желісінің трансформатор поддстанциясымен құрылысына 22673,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме «Элком» ЖШС-гі арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы Самара-Шымкент автотрассасының Шаған елді мекені тұсын жарықтандыруға аудандық бюджеттен 3849,0 мың теңге бөлініп. Қазіргі таңда «Қымбат и К» ЖШС-гі мекемесі арқылы 3182,0 мың теңгеге тиісті жұмыстар 100 пайыз аяқталды.

Жер қатынастары.

2015 жылдың 1 қаңтарына 137 арыз-өтініштер тіркелді. Оның 121-і жеке тұлғалар, 16-і заңды тұлға. Тіркелген арыз-өтініштерден 223 арыздар қолданыстағы Жер кодексі талаптарына сәйкес өз мерзімінде шешімін тапты. Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» 48- бабының талаптарына сәйкес, 2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін 3 сауда – аттық (аукцион ) өткізілді. Атап айтқанда: аукцион арқылы жалпы көлемі – 5616,0 (ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік мақсатта ) гектарды құрайтын жалпы саны – 56 жер учаскесі сатылды. Барлық сомасы – 9 774 226 теңгені құрады.

Мемлекеттік қызмет.

Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 770 өтініштер келіп түссе, өтініштердің тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 7,3 пайызға немесе 56 өтінішке көбейген (2013 ж. 714 өтініш). Тіркелген өтініштердің барлығы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының №1-ТӨ есептік – нысанына енгізіліп, қаралу нәтижелері жөнінде тиісті белгілер қойылған.

Әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:

2014 жыл

  1. мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою - 434 бала кезекке қойылды;

  2. адамдарға жұмыспен қамтуға жәжрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру – 1014;

  3. жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу - «Рынок труда» ақпараттық жүйесіне аудандық ХҚКО арқылы-1064, мекеме арқылы-1988, электронды үкімет порталы арқылы-0;

  4. 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау-ИЖЖ ХҚКО (ИИС ЦОН) ақпараттық жүйесі арқылы 122, мемлекеттік орган арқылы 1775 отбасына қызмет көрсетілді;

  5. жалпы бiлiм беретiн мектептердегi бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн тамақтандыру үшiн құжаттар қабылдау–мемлекеттік орган арқылы 1054 бала қамтылды. Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерін 100 пайыз электрондық қалыпқа аудару жалпы республикалық деңгейдегі ақпараттық жүйе құрылғаннан кейін аудандық деңгейде жүзеге асырылатын болады.

Байланыс.

Қазіргі кезде ауылдық жерлерді жаңа технологиядағы сымсыз телефонмен қамту барысында CDMA-450 базалық станциялары арқылы аудан бойынша барлық елді мекендер толығымен телефондандырылған.

2014 жылы аудандағы 4817 телефон нүктесі толық (100 пайыз) сандық форматында болып келеді. Ауданның ауылдық округтері желіге АТС және оған қосымша СDMA 450 технологиясы арқылы желіге қосылып отыр.

2014 жылы аудан бойынша 1750 абонент мегалайн қызметі арқылы интернет жүйесіне қосылып отыр. 2011-2015 жылдары телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту шеңберінде үй қожалықтарын телефон байланысы және Интернет желісіне кең ауқымды қол жеткізу қызметтерімен толық қамту қамтамасыз етілген. Сырдария ауданында 1000 адамнан артық тұрғыны бар барлық елді мекендер 100% мобильдік байланыспен қамтылған.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп iconМемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Алматы облысының қаржы басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және іс-шараларды орындау
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп iconҚазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Арал ауданы әкімдігі бойынша 2012 жылдың 12 айында іске асырылуы туралы ақпарат
Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Арал ауданы әкімдігі бойынша...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2013-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджетік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат
Зырян ауданының бюджеті «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13/2-v шешіміне өзгерістер...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны
Бүгінгі күнгі жағдайға талдау Аймақтың позитивті және негативті тараптарына баға беру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница