2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп




Название2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
страница6/8
Дата конвертации21.02.2016
Размер1 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.syrdarya.gov.kz/upload/userfiles/files/2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының
1   2   3   4   5   6   7   8

4 бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология


6. Талдамалық жазба.

Өнеркәсіп

2014 жылдың қорытындысы бойынша ауданда өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 120,5 пайыз құрады тартты. Өнеркәсіп өнімдеріне талдау жасағанда төмендегі мөлшерде 2014 жылы өнеркәсіп өнімдері өндірілді: өңдеу өнеркәсібі – 120,6 пайыз, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру – 114,6 пайыз, жеңіл өнеркәсіп – 122,4 пайыз, ауыз су, электрмен жабдықтау-174,9 пайыз құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы

Егін шаруашылығы.

2014 жылға аудан бойынша 30396 гектар жерге егіс дақылдары орналастырылды. Оның ішінде: 19941 гектар күріш, 230 гектар жаздық бидай, 61 га мақсары, 3100 гектар жаңа жоңышқа, 4649 гектар ескі жоңышқа, 808,5 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 906,5 гектар бақша. Жиналғаны 19901 гектар күріш, 184 гектар жаздық бидай, 61 гектар мақсары, 3100 гектар жаңа жоңышқа, 4649 гектар ескі жоңышқа, 808,5 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 906,5 гектар бақша дақылдары, барлығы 30310 гектар жиналды.


1-мақсат: Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытудың негіздерін құру, ауыл тұрғындарының өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету

1.1 Мақсатты индикатор: Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайту

%

есептілік

“ЖА ЖҚБ” ММ

-

-
















1.1.міндет: Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерді көбейту және экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау

Нәтижелер көрсеткіштері:

1.1.Атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттар шығарындылары, тонна

тонна

есептілік

“ҚО ТРжТПРБ” ММ

1888

1888
















1.2.Қоршаған ортаға эмиссия үшін алынған жергілікті бюджеттің кірістеріне экология-лық іс-шараларға бағытталған шығындардың қатынасы

%

есептілік

“ҚО ТРжТПРБ” ММ

-

-
















1,3 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің үлесі

%

есептілік

“ҚО ТРжТПРБ” ММ

-

-
















1.3 Ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемі

га

есептілік

«ЖОжЖДҚММ» КММ

700

700
















5 бағыт. Мемлекеттік қызметтер

1-мақсат: Мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша мемлекетттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту

1.Мақсатты индикатор: Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі

%

«Регион Юг-Запад» ҚБ

ЖАӘ “ЖА ӘА” КММ

75

75
















1.1.міндет: Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтік маңызы бар қызметтерін көрсету сапасымен қанағаттандыру деңгейін көтеру

Нәтижелер көрсеткіштері:

1.2 Жергілікті атқарушы органдар көрсететін қызметтер санынан электрондық форматқа көшірілген көрсетілген қызметтер санының ұлғаюы

%

есептілік

ЖАӘ “ЖА ӘА” КММ

100

100
















р/с

Дақыл түрі

Меже, гектар

Нақты егілгені, гектар

Нақты жинал-ғаны, гектар

Алынған өнім ц/га, цн

Орта

Жалпы

1

Күріш

19000

19941

19901

51,0

10115633

2

Жаздық бидай

200

230

184

7,7

1417

3

Мақсары

100

61

61

4,0

245

4

Жаңа жоңышқа

3800

3100

3100

11,4

35383

5

Ескі жоңышқа:

шөпке:

тұқымға:

4600



4649

4523

126

4649

4523

126


32,1

1,8


145101

232

6

Картоп

800

808,5

808,5

137,9

111492

7

Көкөніс

700

700

700

187,6

131320

8

Бақша

900

906,5

906,5

206,3

186999




Барлығы

30100

30396

30310





2014 жылы 29453 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырылды.Оның ішінде күріш: 20007 гектар, 7799 жоңышқа, 788 гектар бидай, 80 гектар мақсары, 30 гектар сүрлемдік жүгері, 270 гектар картоп, 172 гектар көкөніс және 307 гектар бақша дақылдарын құрады. Егілген 788 гектар жаздық бидай толық жиналып, 6754 центнер астық алынды,орта өнім әр гектарына 8,5 центнерден келді. Мал азығын дайындау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізіліп барлығы 70000 тонна шөп, оның ішінде 8147 тонна жоңышқа шөбі және 61853 тонна табиғи шөп дайындалды.

Қазіргі кезде картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары толық аяқталды. Егілген 270 гектар картоптан 5400 тонна өнім алынды, 172 гектар көкөністен 3698 тонна өнім жиналды, 307 гектар бақша дақылынан 8289 тонна өнім алынды. Бұл жетістіктердің барлығы облыс әкімі тарапынан былтырғы жылы күріштің әр гектарына жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидияның 18 мың теңгеден 25 мың теңгеге көтерілді. және биылғы жылы егінді әртараптандыру мақсатында күріштен басқа дақылдарға ескі, жаңа жоңышқа, жүгері, картоп, көкөніс, бақша дақылдарына бөлінетін субсидия көлемінің еселеп артуы өз әсерін тигізді. Келер жылы суды үнемдеу мақсатында егілетін дақыл түрлерін тамшылатып суару технологиясымен егу қолға алынбақшы.

Егін шаруашылығы саласы бойынша 2014 жылы жергілікті бюджеттен барлығы 1 215 857 734 теңге субсидия игерілді.

- Оның ішінде ауыл шаруашылығы басым дақылдарын өндіруге және күзгі

егін жинау жұмыстарының шығынын арзандатуға 708 788 816 теңге,

- минералдық тыңайтқыш құнын арзандатуға 145 217 571 теңге,

- күріш тұқымын өндіріп сатқан үшін 257 042 269 теңге,

- су жеткізіп беру қызметіне 59 557 694 теңге,

-пайдаланылған гербицид шығындарын өтеуге 45 251 384 теңге ,

2014 жылы «КазАгроФинанс»АҚ арқылы лизингіге 8 «Беларусь» тракторы, 5- «Макдон» жаткасы, 1- «Торум», 1-«КЛАСС» комбайны, 2- шөп престегіш алынды. «Жанар-Ай» мекемесі өзіне қарасты консорциумға мүше шаруашылықтарға 5- дана, «Шаған-Жер ЖШС 2-дана Белорусияның «Полессия» комбайндарын алып егін жинауға қосты. 2014 жылдың күзгі егін жинау науқанына 115 жатка, 156 комбайн, 143 тасымал көлігі, 205 трактор тіркемесі қатысты. Аудан бойынша егілген 20007 гектар күріштен 1065130 центнер астық жиналып, орта өнім 55,0 ц/га-дан келді.

Мал шаруашылығы бойынша

Статистикалық мәліметтер бойынша аудандағы барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы 27909 бас мүйізді ірі қара, 24098 бас қой мен ешкі, 9937 бас жылқы, 1162 бас түйе, 4018 бас құс өсірілуде.

Іңкәрдария ауылының тұрғыны Байманов Абдразақ несие серіктестігін құрып Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында «Байқоңыр» СПК-нан 15 млн теңге несие ұтып алып, бүгінге Ақтөбе облысынан 250 бас асыл тұқымды қой малын сатып алып, күтіп бағуда.

2011-2013 жылдар аралығында ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 850 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге барлығы 1381 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, бұл көрсеткіш 162,4 пайызға орындалды. Бүгінге 28 шаруашылық құрылымдары жұмыс жасап келеді.

2014 жылы ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге барлығы 395 бас аналық сиыр, 17 бас асыл тұқымды бұқа малдары сатып алынып, бұл көрсеткіш 158,0 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша Қоғалыкөл ауыл округіндегі «Әділбек» шаруа қожалығы төрағасы Құдабаев Бекболат 20 бас асыл тұқымды қошқар, 400 бас қой сатып алып күтіп бағуда.

Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын, сондай-ақ шаруашылық құрылымдарындағы ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде.

Аудан бойынша 2014 жылы селекциялық және асылдандыру жұмыстары жүргізілгендігі үшін 47 136 000 теңге субсидия игерілді.

Асыл тұқымды бұқа, қой малдарын сатып алу жұмыстары жүргізілгендігі үшін 14 462 000 теңге субсидия игерілді. Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруда 54 402 101,48 теңге субсидия игерілді. Бұл ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстардың бірі болып саналады. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сатып алынған 1974 бас мүйізді ірі қара малын күтіп бағуға 29 директор, 6 бухгалтер, 61 бақташы жұмыс жасауда. Аудан бойынша 1638 бас асыл тұқымды қойды күтіп бағуға 2 директор, 6 бақташы жұмыс жасауда. 186 бас асыл тұқымды жылқыны күтіп бағуға 2 директор, 2 бақташы жұмыс жасауда. Мал шаруашылығы саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер саны 108.

Шағын және орта бизнес

Аудан бойынша 2015 жылдың 1 қаңтар айына - 1498 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, олардың 76-ы заңды тұлғалар және 1422 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер. 2013 жылмен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 105,8 пайызға өскен. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 682,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, олардың қызметінен жергілікті бюджетке 179,7 млн.теңгенің салығы түсті.

Ауданда «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы 185 адам 350,0 млн.теңге несие алса, 2014 жылдың осы кезеңіне 101 адам 222,0 млн.теңге несие алды.

Бөлшек сауда қызметі 2014 жылы 625,7 млн.теңгені құрап, бөлшек сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,5 пайызға өсті.

«Ақниет» бағдарламасының орындалуы туралы

Ауылдың тұрмыстық инфрақұрылымының жақсаруына, әлеуметтік осал топ арасында халықтың жұмыспен қамтылу өсіміне және жалпы өндірістік аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ мерзімді позитивтік өзгерістердің қалыптасуына көмектесу үшін бағытталған бұл «Лукойл» мұнай компаниясы ұсынған «Ақниет» бағдарламасы. 2013-2014 жылы «Ақниет» бағдарламасы конкурсы 6 номинация : «Қоғамдық кәсіпкер», «Жаңалық», «Қолөнер», «Қамқор» (мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін), «Бастама» (ауыл жастары үшін) және «Игілік» (Көпбалалы немесе жағдайы төмен отбасының ата-аналары, жалғызбасты аналар үшін) бойынша өткізілді. Аталған бағдарламаға екі жыл мерзім ішінде 600-ге жуық аудан тұрғындары қатысты. Нәтижесінде аудан бойынша 2013 жылы 24 адам 10,2 млн.теңге грантты жеңіп алса, 2014 жылы 33 адам 17,3 млн.теңге қайтарымсыз грант иегері атанды. Осы бағдарлама арқылы 53 адам өз кәсіптерін бастаса, 3 кәсіпкер өз жұмыстарын әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды.

Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде ауданда 9 шаштараз, 7 тігін цехы, 5 наубайхана, 2 фотосалон, жиһаз цехтары, жаттықтыру залдары, ағылшын тілін үйрену орталығы, компьютер орталығы, стоматология кабинеттері және т.б. кәсіпкерлік нысандары жұмыс жасай бастады.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарламасына сәйкес индустриалдық картадан тыс 2014-2015 жылдары жалпы құны 938,1 млн.теңге болатын 4 жоба іске асырылуда. Аталған жобалардың ішінде мұнай компаниясының жобасы қамтылған. «Экотехникс» ЖШС-нің «Мұнай қалдықтарын қайта өңдеу» жобасы. Құны 200,0 млн.теңге. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары арқылы Қызылорда –Жезказған автотрассасы жанынан 10 га жер телімі табысталды.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»халықаралық транзиттік дәлізі бойында Сырдария ауданы шекарасынан өтетін бөлігінен 2 сервистік кешен салу жоспарлануда. «В» санаты бойынша жеке кәсіпкер «Жунусованың» және «Ақжарма 1» шаруа қожалығының сервистік кешендері. Әрқайсысы жылына 3,0 мың адамға дейін туристік қызмет көрсетеді, 41 жана жұмыс орындары ашылады. Екеуінің жобалық құны 682,0 млн. теңгені құрайды.

Қоғалыкөл ауылдық округінде «Арал ет» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өңдеу» цехын ашу көзделуде. Жоба құны 56,0 млн.теңге. Қуаттылығын 3 жыл мерзім ішінде 33 тоннадан 77 тоннаға дейін жеткізу межесі бар.

Құжаттары дайындалып жатырған жобалар:

Жеке кәсіпкер А.Е. Сейтмұратовтың 3 жобасы : 1.Жылыжайда қияр және қызанақ өсіру. Жоба құны 22,4 млн.теңге. Қуаттылығы жылына 86,4 тонна қияр, 72 тонна қызанақтан өнім алу.

2.Тамшылатып су ару әдісімен картоп егу. Жоба құны 34,4 млн.теңге. Қуаттылығы 240 тонна өнім алу. Құны 34,4 млн.теңге.

3. Тамшылатып су ару әдісімен алма бағын өсіру. Қуаттылығы 66 тонна өнім алу. Құны 13,8 млн.теңге.

Жобаларды іске асырған жағдайда 32 адам жұмыспен қамтылады.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында өткізілген аймақтық үйлестіру кеңесінде 1 жоба мақұлданды.

«Маханбетов» шаруа қожалығының «Сүтті мал тұқымын өсіру қызметін ұйымдастыру жобасы» , жоба құны 8000,0 мың теңге. Жоба «Банкцентркредит» АҚ-ы қаржыландырды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты – «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» қолдау тетігі бойынша Н.Ілиясов ауылындағы «Абзал және К» толық серіктестігінің астық қырманына баратын ұзындығы 2,7 шақырым жолды асфальттау мәселесі бойынша құжаттары облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына ұсынылып, жоба 2015 жылы қаржыландырылды. Жоба құны 42,0 млн.теңге.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты кәсіпкерлік әлуетті күшейту бағыты арқылы «Даму» КДҚ АҚ-ның ұйымдастыруымен жылына екі рет «Бизнес Кеңесші» бағдарламасы аясында тренинг курстар өткізіліп, 2013 жылы аталған бағдарлама ісін жаңадан басталғалы жүрген 67 адамға, 2014 жылы 47 адамға арнайы сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша аудандық бюджеттен 325,0 мың теңге бөлінді. Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге кәсіпкерлік негіздеріне оқыту облыстық кәсіпкерлер ассоциациясы арқылы а.ж. тамыз-қазан айларында 90 адам оқытылды.

2014 жылы аудан бойынша «Даму» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдігі ашылып,онда 2 адам халыққа кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңестер беруде. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау, оларға кеңестер беру т.б. кәсіпкерлік мәселелері бойынша кәсіпкерлік палатасы ашылып, өз жұмысын жасауда.

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, халықты жұмыспен қамту шаралары туралы.

Үстіміздегі жылы 3 жылға арналған кент және ауылдық округ әкімдерінің ұсыныстары негізінде шағын және орта бизнес жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарында кент және ауылдық округтер бойынша 82 жоба бекітілді. Оның ішінде наубайхана , тұрмыстық жихаздар шығару, қымыран өндіру, тігін ательесін ашу, ат әбзелдерін дайындау, омарта ашу, пластикалық терезе орнату цехын ашу, ешкі сүтін өндіру цехын ашу, жем шығару цехын ашу, күріш өндіру цехтары сияқты барлығы 39 өндірістер ашылып, жұмыс жасауда. Нәтижесімен 84 жұмыс орындары ашылды.

«Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша. Аудан әкімінің 2013 жылғы 13 тамыздағы «Тереңөзек кенті елді мекен жері санатынан индустриялық аймақ құру үшін жер учаскесін белгілеу туралы» № 339 қаулысына сәйкес Тереңөзек кенті елді мекен жері санатынан, Қызылорда-Жалағаш автожолының бойынан жалпы көлемі-20,0 гектар жер учаскесі индустриялдық аймақ болып белгіленді. Сонымен қатар, аудан әкімінің 2013 жылғы 13 тамыздағы «Инфрақұрылым объектілерін жүргізуге тапсырысшыны белгілеу туралы» № 219-ө өкімімен индустриалдық аймағына қажетті инфрақұрылым объектілерін жүргізу мақсатында жобалау іздестіру жұмыстарына және жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге «Сырдария аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырысшы болып белгіленді. Жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджет есебінен 10,0 млн.теңге бөлініп, оған мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысына сәйкес «Технастройпроект» ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. ЖСҚ-ға сәйкес инфрақұрылым жүргізудің сметалық қаржысы 162,8 млн.теңгені құрады.Бүгінгі күні аймақтық үйлестіру кеңесіне құжаттары ұсынылды.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандарын орналастыру барысы туралы.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай»халықаралық транзиттік дәлізі бойында Сырдария ауданы шекарасынан өтетін бөлігінен 2 сервистік кешен салу жоспарлануда. «В» санаты бойынша жеке кәсіпкер «Жунусованың» және «Ақжарма 1» шаруа қожалығының сервистік кешендері. Әрқайсысы жылына 3,0 мың адамға дейін туристік қызмет көрсетеді, 58 жана жұмыс орындары ашылады. Екеуінің жобалық құны 682,0 млн. теңгені құрайды.

Аудан бойынша кәсіпкерлерді несиелендірудің жайы туралы.

Ауданда қаржы-несиелік қолдау бағытында 14 несиелік серіктестіктер мен шағын несиелік ұйымдар жұмыс жасауда.(«Сырдария 1» НС, «Рита» МКҰ, «Шаған» МКҰ, «Мұхтар кредит» МКҰ, «МКЛН-Кредит» МКҰ, «Заңғар» МКҰ, «Қабылкөл» НС, «Аламан-2020» НС, «Серпін Даму Финанс» НС, «ЖетіқазынаБесарық» НС, «Орда Финанс» НС, «Байнұр» НС, «Шамшырақ» НС, Ауыл шаруашылығын қолдау қоры.)

2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының «Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту бағыты» бойынша

-«Рита» МКҰ арқылы 9 өтініш бойынша 21,0 млн.теңге;

- «Жетіқазына Бесарық» НС 14 өтініш бойынша 40,0 млн.теңге;

- «Орда Финанс» НС 5 өтініш бойынша 15,0 млн.теңге;

- «Байнұр» НС 5 өтініш бойынша 15,0 млн.теңге;

- «Шамшырақ» НС 3 өтініш бойынша 9,0 млн.теңге;

- Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры 65 өтініш иесіне 122,0 млн.теңге несие берген.

Сыбаға бағдарламасы бойынша:

Үстіміздегі жылы аталған бағдарлама аясында мал шаруашылығын дамытуда жұмыс жасап жатқан шаруа қожалықтар .

«Ерсұлтан» ш/қ 53 мал алып, несие көлемі 9,0 млн.теңгені құрайды.
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп iconМемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Алматы облысының қаржы басқармасы» мм-нің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және іс-шараларды орындау
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп iconҚазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Арал ауданы әкімдігі бойынша 2012 жылдың 12 айында іске асырылуы туралы ақпарат
Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011-2013 жылдарға арналған салалық бағдарламаның Арал ауданы әкімдігі бойынша...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2013-2015 жылдарға арналған Зырян ауданының негізгі бюджетік параметрлері бойынша қысқаша ақпарат
Зырян ауданының бюджеті «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №13/2-v шешіміне өзгерістер...
2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп icon2011-2015 жылдарға арналған Байғанин ауданының аймақтарды дамыту бағдарламасының мазмұны
Бүгінгі күнгі жағдайға талдау Аймақтың позитивті және негативті тараптарына баға беру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница