Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу




НазваниеКөлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу
страница1/7
Дата конвертации21.02.2016
Размер0.98 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/ТЕХТ.doc
  1   2   3   4   5   6   7
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты,

Шымкент қаласы.


КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда нарықтық қатынастың орнығуы кезеңінде көлік қызметтерінің нарығын қалыптастыру және жылдам дамыту үшін объективті алғы шарттар орын алды. Республиканың көлік саласы бір текті емес қайта қалыптасуларға тап болды, себебі әр саланың өзіне тән сипаты бар. Осылайша, автокөліктің (автокөлік жолдарынан тасымалдау-шылардың бөлінуі) ұйымдық-технологиялық ерекшеліктері, оны бәсекелестік ортаны қалыптастыруға мейлінше тартымды және дайын болуына жол ашты, ал қызметтің осы саласында мемлекеттің орын алуы көбінесе формальды сипат алады, автокөлік нарығына операторлардың қол жеткізуіне рұқсат беру, шындығында тіркеуге алу негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған шаралар қазіргі сәтте автокөлік қызметтеріне қатысты ұсыныстардың тапшы болуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, автокөлік тасымалдарының нарығын жылдам және іс жүзінде реттеуге келтірмей дамыту бірқатар жағымсыз кері әсер етуші жағдайларды туындатты. Себебі, автокөлік нарығының операторлары жылжымалы құрамды жаңарту, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру бойынша тиімді саясатты үнемі жүргізе алмайды, тіпті көбінесе жүргізуді қаламайды. Мұның нәтижесі жылжымалы құрамның созылмалы күймен тозуына, автокөлік шығындарының ұлғаюына, апаттың өсуіне және қоршаған ортаға жағымсыз кері әсер етуінің бірден ұлғаюына жетелейді. Әрине, бұл сектордағы орын алған бірқатар түйінді мәселелер автокөлік нарығының сапа көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған, тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу қажеттілігін сөзсіз айқындап отыр.

Теміржол тасымалдары көлік қызметтері нарығының жеткілікті деңгейдегі күрделі секторы болып табылады. Теміржол көлігі кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің еркінділігі мемлекеттік араласуды талап етпейтін және мемлекеттің рөлі нарықта «ойын» ережелерін (салықтар және жинақтар, және т.б.) белгілеумен шектелетін секторға жатпайды. Нарықта табиғи монополияның орын алуы, тасымалдаушының және жолдардың бір-бірінен бөлінбеуі, бәсекелес ортаны бірмезгілде құру қажеттілігі теміржол тасымалдары нарығының қызметін қиындатады.

Нарықты монополияға қарсы реттеудің түйінді мәселелері бұрыннан батыс ғылымының, ал жақыннан бері отандық экономика ғылымының орталық назарында, сұрақтардың басым бөлігі не теориялық, не әдіснамалық жоспар тұрғысында бір жақты шешім тапқан жоқ. Мысалы, көлік тарифтерін реттеу, көлік монополисіне тікелей және жанамалай әсер ету әдістерін өңдеу экономиканың өте кем зерттелген түйінді мәселелеріне жатады. Экономикалық дағдарыс кезеңінде, көлік тарифтерін мемлекеттік реттеудің күрделі және көп жақты болуы, бұл салада заңнаманың кемеліне сай жетілдірілмеуімен, тарифтер деңгейіне икемді әсер ету тетіктерінің тапшы болуымен тұжырымдалып отыр.

Маңыздылығына қарамастан, осы аталған түйінді мәселелер өте кем зерттелген және экономикалық әдебиетте өзіне тән барабарлық мазмұн жарияланбаған. Мұның бәрі, көлік қызметтері нарығындағы теміржол көлігінің жетекші рөлін, Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайында темір жолдардың маңыздылығын ескере отырып, курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындады.

Зерттеу мақсаты мен міндеті. Тасымалдау нарығын мемлекеттік реттеудің түйінді мәселелерін зерттеу қажеттілігі және зерттеу тақырыбын таңдау мақсаттар мен міндеттерді алдын ала анықтады. Қазақстан Республикасының көлік қызметтерінің нарығын мемлекеттік реттеуге қатысты теориялық-әдістемелік жолдардың негіздемесі және көлік саласының қызмет ету тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Мақсатты осылайша белгілеу келесідей зерттеу тапсырмаларын кезектілікпен шешу қажеттілігін алға тартады:

- экономикада көлік қызметтерінің нарығын дамыту және қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау;

- экономикаға мемлекеттің араласуының теориялық үлгісін және стратегиялық салаларды реттеу тұжырымдамасын сараптау;

- Қазақстан экономикасының дағдарыс қарсаңында дамуы жағдайында көлік қызметтерінің нарығын реттеу аясындағы мемлекеттік саясаттың қағидаларын және мақсаттарын анықтау және негіздеу;

- бәсекелес ортаны қалыптастыру үшін шарттарды қамтамасыз ету мазмұнымен көлік қызметтері нарығын мемлекеттік реттеу әдістерін және үлгілерін анықтау;

- көлік саласын мемлекеттік реттеуге қатысты шетелдің іс-тәжірибесін және Қазақстанның жағдайына оның бейімделу мүмкіндіктерін оқып зерделеу;

- Қазақстан Республикасында теміржол тасымалдары нарығының қазіргі таңдағы жай-күйіне сараптама беру;

- Қазақстан Республикасында автожол тасымалдарының нарығын дамытуды сипаттау;

- Қазақстан Республикасының авиациялық тасымалдау, сондай-ақ құбырөткізгіш және су көлігі нарығының жай-күйіне сараптама жасау;

- көлік жиынтығын дамыту салаларына сәйкес мемлекеттік реттеу құралын негіздеу;

- саланың секторлары бойынша көлік қызметтері нарығын дамытудың ынталандыру бағыттарын анықтау;

- Қазақстанда көлік саласын қамтамасыз етудің инвестициялық тетігін жетілдіру бойынша нұсқаулар мен ұсыныстарды өңдеу.


Курстық зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығы келесідей тұжырымдалады:

1. Көлік саласын реттеуге қатысты даму теориясының теориялық негіздері тереңдетілген:

- көлік қызметтері нарығының ұғымы өзіне тән бірқатар ерекшеліктер арқылы ашылды және игілік, қызмет және экономикалық қатынас - 3 деңгейлі жүйеде жүзеге асырылатын көлік қызметтерінің мазмұны негізделген;

- көлік қызметтерінің тиімділігіне әсер етуші факторлар айқындалған;

- экономикада көліктің қызметтері айқындалған: ынталандырушы, дистрибутивті, интеграциялы, комплементарлық, индикативті және қалыптастырушы;

- экономиканың мемлекеттік реттеу тұжырымдарын дамыту кезеңі сипатталған;

- көлік қызметтері нарығында қатысушылардың өзара қарым-қатынасының үлгісі сұлба түрінде ұсынылған;

- мемлекетті ұйымдастыруға екі бәсекелестік тәсіл сипатталған: орталықтандырылған және қайта орталықтандырылған тәсіл;

- экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының даму кезеңі тексерілген.


1. Көлік қызметтері нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері


Көлік аймақтардың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, әлемдік өркениетке қол жеткізуге миллиондаған адамдарды бір-бірімен араластырады, белсенді жаңалық жасаушы, экономикалық және мәдени қызметтің барысына оларды жұмылдырады. Көлік өндірісті және халықты орналастыруда, озық құрылымдық және географиялық алға жылжуға, еңбек өнімділігін, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Көлікті материалдық өндіріс саласы ретінде қарастыра отырып, оның өзіне тән бірқатар ерекшеліктерін атап өткен жөн. Экономиканың саласы ретінде көлікке тән сипат, бұл жаңа өнімді өндірмеуі болып табылады, тек өндірісті шикізатпен, материалдармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, өнімнің өзіндік құнын қамтитын көлік шығындарының мөлшеріне қарай, оның құнын арттыра отырып, тұтынушыға дайын өнімді жеткізу арқылы оны әзірлеуге қатысады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өнеркәсіптің кейбір салалары бойынша көлік шығындары айтарлықтай жоғары, мысалы, орман, мұнай өнеркәсібінде бұл 50% болуы мүмкін. Қазақстандық мамандардың бағалауы бойынша өндіріс және айналым саласында экономиканың толық көлік шығындары еліміздің жалпы қоғамдық өнімінің 10% құрайды. Көлік шығындарының тұтынушыдағы өнімнің толық құнына сомалық қатынасы көлік қосындысының коэффициенті деп аталады. Ол өндірістік күштердің аймақтық ұйымдастырылуын оңтайландыру бойынша түйінді мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Ғылыми-техникалық дамудың қазіргі кезеңінде жалпы көлік шығындарын төмендету қажеттілігі туралы дәстүрлі ұстаным шын мәнінде күмәнге ұшырайды, себебі еңбектің аймақтық бөлінуінің экономикалық пайдасы, өндірістің кең және жан-жақты мамандандырылуы көлік шығындарының ұлғаюын көбінесе жауып отырады[1].

Ел экономикасының маңызды құрамды бөлігі ретінде көлік қызметтері нарығының мәні оның қоғамдық еңбекті аймаққа бөлу рөлімен айқындалады: көлік жүйесі жоқ жерде аудандарды мамандандыру, оларды жиынтық ретінде дамыту мүмкін емес. Көлік факторы өндірісті орналастыруға әсер етеді. Оны назарға алмай, өндірістік күштерді ұтымды орналастыруға қол жеткізуге болмайды.

Өндірісті орналастыру барысында тасымалдау қажеттілігі, дайын өнім мен шығарылған материалдардың салмағы, олардың тасымалдауға жарамдылығы, көлік жолдарымен қамтамасыз етілуі, олардың өткізу қабілеттілігі және т.б. ескеріледі. Осы құрамдардың ықпал етуіне байланысты мекемелерді орналастыру нұсқалары қарастырылады. Ұтымды тасымалдау жеке мекемелер, сондай-ақ аудандар мен жалпы ел өндірісінің тиімділігіне әсер етеді. Көлік әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелерді шешу барысында да маңызды орын алады. Аймақтардың жақсы дамыған көлік жүйесімен қамтамасыз етілуі, өндіріс пен халықты жұмылдыру факторының бірі болып табылады және оның өндірістік күштерді орналастыру үшін маңыздылығы басым, шоғырланған әсер береді[2].

Ауқымы кең аймағы және орналасуы бірыңғай емес қорлары, халқы, негізгі өндірістік қорлары бар көлік факторы елімізде ерекше маңызды орын алады. Көлік жергілікті және жалпы мемлекеттік нарықты қалыптастыру үшін жағдай жасайды. Мекеме жұмысының тиімділігі бір жағынан көлік факторына тәуелді, себебі нарық жағдайында тікелей оның өмір сүру қабілетімен байланысты, ал келесі жағынан алып қарайтын болсақ, нарықтың өзі тауарлармен және қызметтермен алмасуды меңзейді, бұл өз кезегінде көліксіз, сондай-ақ нарықсыз мұны іске асыру мүмкін емес екендігін ұғындырады. Сондықтан көлік нарықтық инфрақұрылымның маңызды құрамды бөлігі болып табылады[3].

Ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму стратегиясын халыққа жария етті, мұнда мемлекеттің көлік жиынтығын басқаруда түбегейлі жаңа әдістер белгіленген. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін әлемнің алдыңғы қатарлы ең дамыған мемлекеттердің қатарына енуі көлік жиынтығын және өзіндік ерекшеліктердің қалыпты деңгейде болуын дамытуда, қолайлы аймақтық жағдайларды жүзеге асыруға негізделген[9]:

  • кеңістіктің ауқымдылығы және оның бірыңғай емес экономикалық қамтамасыз етілуі;

  • Қазақстанның кемеңгер транзиттік функциялары;

  • табиғи қорлар потенциалының елеулі жіктелуі;

  • астананың орнын ауыстыру;

  • әлеуметтік әділетсіздіктің кең ауқымды аспектісі (әлеуметтік игіліктерді жіктеуге қол жеткізу мүмкіндігі).

ҚР Президентінің алға қойған мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін Қазақстанда «Дамудың 2015 жылға дейін көлік стратегиясын» уақтылы қабылдау болып табылады. Стратегияның мақсаты көлік қызметтеріне деген экономиканың және халықтың сұранысын толық көлемде қанағаттандыруға бейім көлік-коммуникациялық жиынтықты қарқынды дамыту болып табылады.

Стратегияның міндеті – мемлекеттің тапсырмаларын, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруға және көлік шығындарын кемітуге ықпал етуші, барынша жетілген көлік жүйесін құру. Алға қойған мақсаттарды ескере отырып, мыналар көлік жүйесін дамытудың стратегиялық тапсырмаларына, мемлекеттің ұзақ мерзімдік әлеуметтік-экономикалық және геосаясаттық басымдылықтарына сәйкес болып табылады[10]:

- көлік инфрақұрылымын дамыту деңгейін, көлік қызметтерінің сыртқы нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекелестікке бейімділігін арттыру арқылы Қазақстанның көлік жүйесін әлемдік көлік жүйесімен біріктіру;

- Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттары бойынша тораптар мен жолдарды байланыстырушы меридионалдық және кең көлемде орналасқан негізгі көлік магистральдерінің түрлендірілген моделі негізінде заман талабына сай келешегі бар ұлттық көлік инфрақұрылымын құру және бірыңғай сырттай шоғырланған көлік кеңістігін қалыптастыру;

- мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, көліктің транзиттік потенциалын арттыру және тиімді жүзеге асыру арқылы ішкі, транзиттік және экспорттық-шетелдік қатынас жолдарында соңғы өнімнің құнын құрайтын көлік үлесін кеміту және көлік процестерінің барынша тиімділігіне қол жеткізу;

- аймақтық және халықаралық мекемелер аясында халықаралық заңнамалық нормалардың және стандарттардың талаптарымен ұлттық көлік заңнамаларды үйлестіру;

- бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайту және аймақаралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту және тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік тұрақтылыққа кепілдік беретін деңгейге көліктік қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- инновациялық технологиялар және инфрақұрылымның кластерлік дамуы есебінен Қазақстан көлік жүйесінің бәсекелестік қабілетін арттыру;

- көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлікте орын алатын оқиғалардың ауыртпалығын және санын кеміту;

- халықаралық нормаларға сәйкес экологиялық стандарттарды орнатуда мақсатты бағытта мемлекеттік саясатты жүргізу, олардың орындалуын бақылау арқылы энергетикалық қорларды ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- көлік секторында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.

Жоғарыда анықталған стратегиялық тапсырмаларды ескере отырып, Қазақстанның көлік жүйесін дамыту қатынасында мемлекеттік саясат келесідей маңызды қағидаларға негізделеді[11]:

1) Көлік қызметтеріне және көлік инфрақұрылымына қол жеткізу мүмкіндігі болуы тиіс. Көлік қызметтерінің құны Қазақстан азаматтарының, оның ішінде аз қамтамасыз етілген халықтың және мүгедектердің кіріс деңгейімен мөлшерленуі тиіс. Қазақстанның әрбір азаматы тұрғылықты жеріне тәуелсіз, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу кепілдігі болатындай дәрежеде көлік қатынастарымен қамтылуы тиіс.

2) Көлік өмір сүруге және денсаулыққа қауіпсіз болуы тиіс. Техногендік және экологиялық қауіптілігі жоғары бастапқы қор көзі тәрізді, көлікке әсер етуі жоққа шығарылуы тиіс. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсер етуі және көлік оқиғаларының санын және ауртпалығын төмендету бойынша іс-шаралар жиынтығын жүзеге асыру көлік жүйесін дамытудың саяси басымдылықтарының бірі болуы тиіс;

3) Көлік жалпы экономиканың және кейбір жеке салалардың шоғырланған жүйесінің аясында дамуы тиіс. Көліктің кейбір жеке салалары көлік жүйесінің біртұтас құрылымында дамуы тиіс. Көліктің және көлік инфрақұрылымының дамуы өндірістік күштерді келешекте орналастыру және аймақтық дамыту бағдарламаларымен ұштастырылуы тиіс. Аймақаралық байланыстарды дамыту бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтуға ықпал етуі тиіс;

4) Көлік қызметтері және көлік инфрақұрылымы барынша жоғары деңгейде өзін-өзі өтей алатындай болуы тиіс. Көлік инфрақұрылымын пайдаланушылардан алынатын тікелей және жанама жинақтар, транзиттік қозғалысты қоса есептегенде, оны күтіп ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығындардың орнын барынша жоғары деңгейде толықтыруы, сондай-ақ күрделі қаржы салымдарына қаржы салуы тиіс. Көлік қызметтерінің құны, тек мемлекет тарапынан көлік қызметтерінің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік берілген жағдайдан басқа кездері, толық мөлшерде тұтынушылардың есебінен жабылуы тиіс;

5) Мемлекеттің функциялары көлік саясатын өңдеуге, реттеуге және қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Мемлекеттік мекемелердің көлік қызметтерін тікелей ұсынуы мейлінше жоққа шығарылуы тиіс. Мемлекеттік мекемелердің инфрақұрылымды басқару функцияларын тапсыруы арқылы көлік саласында барлық құрылымдық реформалар аяқталуы тиіс. Көлік қызметтерін көрсету және инфрақұрылымды күтіп ұстау мәселелері жекеменшік секторының қарамағында болуы тиіс. Мемлекет тарапынан инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жекеменшік секторларды жұмылдырғаны үшін ынталандырылады.

Әлемдік қаржы дағдарысы әсер етіп отырған жағдайда, экономиканың стратегиялық салаларын реттеуге ерекше прагматизммен және сақтықпен қарау қажет. Көлік саласы ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтитын мемлекеттік реттеудің басымды объектілерінің бірі болып табылады. Осы саланың тұрақты болмауы қоғамдық дамудың әртүрлі: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, сауда-саттық, әскери және т.б. саласына жағымсыз кері әсер тигізеді, бұл мұның өзіндік ерекшелігі бар екенін көрсетеді. Сондықтан өңделіп, әзірленген Қазақстан – 2030 даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын және экономиканың нақты орын алған жағдайына сәйкес, елдің мемлекеттік реттеу тетігін және даму аясын айқындаушы өзге де ережелерін басты назарға алу қажет.

Қазіргі кезеңде экономиканы ырықтандырудың тарихи процесі көптеген елдерді қамтитын ауқымды әлемдік беталыс сипатына ие болды. Нарықтық реттеу тетігін іске қосуға жол ашылды. Мемлекет тарапының экономикаға әкімшілік үлгісінде, сондай-ақ тікелей мемлекеттік реттеу үлгісіне араласуы кеміді. Мемлекеттің негізгі қызметі шаруашылық және азаматтық заңнамаларды қабылдау, жаңа жекеменшік кәсіпорындардың мекемелерін арзандату және жеңілдету, орта және шағын бизнесті қолдау, азаматтық сот ісіне қол жеткізу мүмкіндігін күшейту және т.б. арқылы бәсекелес ортаны құру және қолдау болып табылады.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу iconЭкономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу
Мақсаты: Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін,...
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу iconЗаңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
Лік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың...
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу icon"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу icon«Қазақстан республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу iconКенжебекова меруерт бақытбекқызы мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік сала обьектілерін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру
Мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік сала обьектілерін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу icon«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу icon5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», 050713-«Көлік, көлік техникасы және технологиясы» Элективті пәндер
...
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011
Акт дамыту мақсатында көлік және коммуникация, байланыс және ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында...
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Й қорын басқару тетіктерін жетілдіруге қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан...
Көлік саласының құрылымдарында мемлекеттік реттеу тетіктерін енгізу iconНазвание курса
Есептесу қатынастарын құқықтық реттеу. Несие қатынастарының құқықтық реттеу; Бағалы қағаздармен өткізілетен операцияларды құқықтық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница