Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері




Скачать 212.69 Kb.
НазваниеБесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері
Дата конвертации20.02.2016
Размер212.69 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://beskaragay.vko.gov.kz/kz/files/akim2_02.doc
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері


Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында сондай-ақ «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының аясында атқарушы органдармен 2015 жылы атқарылған жұмыстар және 2016 жылға арналған міндеттер туралы мәлімдейміз.

Барлық бюджет секторларында іске асыруға бағытталған бағдарламалар орындалды, нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейге жеткізілді.

Бюджет

Аудан бюджетіне түскен жеке кірістер 96,5 пайызға немесе 273,0 миллион теңгеге орындалған, облыс бюджетіне жеке кірісіне байланысты жеке кірістер бойынша орындалмау орын алды, өткен жылмен салыстырғанда төмендеу 104,4 млн. теңгені құрайды.

2015 жылы аудан бюджетіне трансферттермен бірге субвенцияның түскен түсімі 2 млрд.739,4 млн. теңгені, жоспардың орындалуы 99,4 пайызды құрады. Аудан бюджетінің шығыс бөлігі бойынша 2015 жылға 2 млрд. 722,4 млн.теңге немесе 99,4 пайызға орындалды, 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 465,6 млн. теңге немесе 99,9 пайыз.

Бюджет саласындағы жұмысшыларға берілетін жәрдемақы мен еңбекақы төлемдері уақытылы жүргізілуде.

Ауыл шаруашылық саласы

Аудан экономикасының негізгі үлесі агроөнеркәсіп кешенінде 2015 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 10,9 млрд. теңге кұру керек, нақты көлем индексі 100,5 %, мал шаруашылығы 8,0 млрд. теңге немесе 102,3 %, өсімдік шаруашылығы 2,9 млрд. теңге немесе 95,9 %-ды құрады.

Ет өндіру 7 615,3 тонна немесе 101,0%, сүт 48 943,9 тонна немесе 100,6%, жұмыртқа 4,1 млн. дана немесе 100,3 % құрайды.

Ірі қара мал бастары 33,7 мың басты құрайды немесе 100,1 %,  қой мен ешкі 46,0  мың басты немесе 100,1 %, жылқы 9,1 мың бас немесе 112,3 %, шошқа 0,3 мың басты немесе 28,3 %, құстар 49,9 мың бас немесе 96,3 %.   
2014 жылы мал шаруашылығымен айналысатын 153 шаруа қожалығы болса, биылғы жылы олардың саны 156 шаруа қожалығына жетті. Сондай-ақ, осы шаруашылықтарда мал бастары да көбейді. Жыл басынан ауданның шаруашылықтарымен 282 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды.  
Тұқым жаңалау жұмыстарымен ауданның 40 шақты шаруа қожалығы айналысады, оларда 3 441 бас аналық малдары және 211 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас бұқалары бар.

Жыл басынан бері мал шаруашылығын дамыту үшін ауданның қожалықтарына 214,2 млн. теңге субсидия төленді. 
Ауданда 4 сүт- тауарлы фермасы жұмыс істеуде, олардың ішінде 3-уі сүт-тауарлы фермаларды ұлғайту және қайта жаңғырту облыстық бағдарламасына қатысады. «Балке» шаруа қожалығының сүт-тауарлы фермасын 500 сауылатын сиырға дейін ұлғайту және қайта жаңғырту үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мы арқылы ауыл шаруашылық техникасын және жабдықтарын келісімшарт бойынша лизингке 90,1 млн. теңгеге сатып әкелінді., бұл суармалы азықтық негіздері жердің көлемін 100 га ұлғайтты.

500 сиыр қорасын қайта қалпына келтіру бойынша «Балке» шаруа қожалығымен маусым айында силикат кірпіштерімен ферманың қабырғасын және шатырын жабу жұмыстары жасалып, құрылыс жөндеу жұмыстары 2015 жыл маусым айында «Euro Class» фирмасымен сүт сауатын аппараттарды жеткіуге 10 млн.теңгеге келісімшарттар жасалды. 2016 жылы көң шығаруға арналған транспортер алынатын болады.

«Балке» шаруа қожалығының «Инженерлік құрылыс жүйесі» жобалау сметалық құжаттары 75 млн.теңге мемлекеттік сараптамада және сүт тауарлы фермасын энергиямен, сумен және аталған ферманың аумағын жарықтандырумен қамтамасыз ету ұйымдастырылатын болады. «Қалиқанұлы» шаруа қожалығының сүт-тауарлы фермасын 350 сауылатын сиырға дейін ұлғайту және қайта жаңғырту жобасы бойынша «Сүт өткізгіш» сауылатын аппараттарын және ТСН қөң шығару транспортері орнатылды, құрал жабдықтардың жалпы құны 11 млн. теңгені құрайды. «Бекарыс» шаруа қожалығымен сүт тауарлы ферманы 100 басқа дейін сауылатын сиыр арттыру үшін,  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы 2 бірлік тасымалдайтын сүт сауатын аппараттары және 58 бас симменталь тұқымды тайыншасы сатып алынды.
Беген ауылында сүт жинау пунктін ашу үшін «Ульбинская модульная компания» ЖШС-нен сүт жинау модулі сатып алынып, Беген ауылына әкелінді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданның қожалықтарымен 93 бас ІҚМ 17,6 млн. теңгеге, оның ішінде «Дулат» шаруа қожалығымен 47 бас, «Әйгерім» шаруа қожалығымен  46 бас сатып алынды.

2015 жылы ауыл шаруашылық дақылдарын егу көлемі 42,7 мың га құрады, оның ішінде дәнді-дақылдар 17,1 мың га,  күнбағыс  2,84 мың га, картоп 0,8 мың га, көкөніс пен бақша 0,515 мың га, ағымды жылғы көп жылдық шөп- 3,097 га, өткен жылғы көп жылдық шөп- 6,2 га, бір жылдық шөп-12,257 мың га құрайды.

Егістік алқаптары 100 % ға жиналып, дәнді-дақылдардын жалпы түсімі 15300 тоннаны құрады. Егін әр гектарға шапқанда 9,0 центнер, бидай әр гектарға шапқанда 9,0 центнер, арпа әр гектарға шапқанда 9,0 центнер, сұлы әр гектарға шапқанда 9,0 центнер, күн бағыстын жалпы түсім 0,4 мың тонна, әр гектарға шапқанда 4,0 центнерді құрады. Қыстамаға аудан бойынша жоспарланған 87 000 тонна мөлшерінде қатаң мал азығы 100% дайындалды.

Ауданның 54 шаруа қожалығымен өсімдік шаруашылығына 109,8 млн. теңге субсидия алынды .
Көктемгі егістік науқанын жүргізуге ауданның «Лана» шаруа  қожалығымен «Азық-түлік келісім-шарт» корпорациясынан «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігі арқылы 13,8 млн. теңге несие алынды.
«Олжас» және «Дархан-4» шаруа қожалықтары 7,6 млн. теңге сомасында  МТЗ-82.1 маркалы тракторларын сатып алды. 

Ауыл шаруашылығын ары қарай дамытуды жақсарту мақсатында «Лана», «Әйгерім», «Бозталым» ЖШС шаруа қожалықтарының көмегімен дымқыл сақтау технологиясы қолданылып 4.5 мың га жер егілді. Сонымен қатар тамшылатып суару технолгиясының көмегімен 400 мың га оның ішінде 253,3 га өнеркәсіптік технолгияның сақталуымен егілді, оның сақталу жағдайында ғана субсидиялар төленеді, жалпы алынған субсидияның сомасы 38 млн. теңгені құрайды. Өзіндік қаражат есебіндегі жобаның жалпы құны 338,610 млн. теңгені құрайды.  Іске асыру кезеңі: 2015-2020 жылдары.


2015 жылы наурыз айында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі» құрылды. Қазіргі уақытта бөлім ауылшаруашылық жануарларының қауіпті инфекциялық аурулардың алдын- алуымен айналысуда. Бесқарағай ауданы бойынша 2015 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізуге, ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтауға, сондай-ақ егу мен серологияға 41,4 теңге бөлініп 100% игерілді.

Сібір жарасына, аусылға, құтыруға, қарасанға, ІҚМ туберкуллезіне қарсы екі ретті аллергиялық зерттеулер 75 мың басқа жүргізілді.

Ауданда 8 ветеринарлық пункттер жұмыс істейді, қажетті құрал-жабдықтармен, 8 «НИВА» автокөлігімен, 2 ДУК, мал тасымалдайтын автокөлік пен инсиниратормен қамтамасыз етілген.

2015 жылдан шаруа қожалықтарының өтінімдері бойынша мал сою алаңдарына 1 есептік нөмір беріліп, 9 есептік нөмір ұзартылды, сондай-ақ 10 ветеринариялық-санитарлық анықтамалар берілді. Ауылдық округтерде 22 мал қорымдары бар.

Аудан бойынша сарып ауруына қолайсыз 4 ошақтардың Жетіжар, Ерназар, Баскөл ауылдық округтерінде малдарды сауықтандыру жұмыстары жүргізіліп, белгіленген шектеу алынды.

Ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлер 422,7 мың гектар, оның ішінде егістік 54,6 мың гектар. Елді мекендердің жерлері- 182,2 мың гектар (16,0%); өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзгеде жерлер -3,1 мың гектар (0,3%);

Бесқарағай ауданында тұрақты түрде суарылатын суармалы жерлердің көлемі 17107 гектар, олардан: суармалы егістік 17098 га; көпжылдық екпелер 9 га.

Сонымен бірге жайылма шабындық 150 га.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы ұйымдарының пайдалануындағы суармалы жерлер 5596 га құрайды.

2015 жылы берілген жерлерден пайдаланылғаны 4206 га (егілген дәнді-дақылдар және жыртылған пар алып жатыр), олардан нақтылы суарылатыны 725 га (2014 жылмен салыстырғанда ұлғаюы 150 га), оның ішінде тамшылатып суарылатыны 460 га (2014 жылмен салыстырғанда ұлғаюы 52 га).

Шағын бизнес

Ауданда шағын және орта бизнес субъектілері 1386 бірлікті құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 110% артты, оның ішінде шағын бизнес субъектілері (заңды тұлғалар) 71 бірлік, олардың ішінде тіркелген белсенді кәсіпорындардың саны 33 бірлікті ќұрайды. 2015 жылдың 11 айы ішінде 4 жаңа кәсіпорын ашылды.

Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау бойынша 4 шағын несие ұйымдары бар олар, «Бесқарағай несие» Несие серіктестігі ЖШС, «KazMikroFinans» ЖШС, «Азиялық несие қоры» мен «Береке» ОФ КМКО.

2015 жылдың жеке тауар айналымының көлемі 3 750 млн. теңгені құрап 100,1 % ға өсті.

2015 жылы азық түлік өнеркәсіп көлемі 211,7 млн.теңгені құрады, 100,1 % ға өсті.

2015 жылы инвестиция көлемінің басты капиталы 6 750 млн.теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 4,8 ретке өсті.

Аудан аумағында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 6 мемлекеттік мекемесі орналасқан және ауданның 30 % аумағы реликтілі қарағайлы орманмен жабылған.

Ағаштардан шағын партиялармен шығаратын өнімдер дайындау бойынша шеберханалар, шағын цехтар құрылған. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  • ЖК Ихатов «Ағаш бұйымдарын өндіру бойынша құрығыларды алу» 3 млн. теңге;

  • ЖК Шаманбай (Саз аспаптарын дайындау) - шеберхананың кеңейтілуі 5 млн.теңгеге жоспарлануда.


Әлеуметтік салалар

Ақылы- қоғамдық жұмыстар

2016 жылғы 1 қаңтарға 270 адам ақылы-қоғамдық жұмыстарға қатысты, жылдық жоспардан 104 % орындалды. 18 млн теңге бөлініп, игерілді. 2014 жылға 374 адам жіберіліп, 17 млн теңге игерілді. 2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 78 адамды құрайды.

Жұмысқа орналасу

2016 жылғы 1 қаңтарға 458 адам жұмысқа орналасты немесе 83%. Жоспар 72% құрайды. 552 адам жұмысқа орналасу үшін өтініш білдірді немесе жылдық жоспардан 200 %. (жылдық жоспар 260 адамды құрайды). 2014 жылдың ұқсас мерзімде өтініш бергендердің санынан 299 адам немесе 71,9 % жұмысқа орналасты. Жұмысқа 416 адам өтініш берді.

Жастар іс-тәжірибесі

Жастар іс-тәжірибесі бойынша жылдық жоспар 6 адам. ЖОО 16 түлегі жастар іс-тәжірибесіне жіберілді немесе айлық жоспардан 266 %. 1,3 млн теңге бөлінді, 1315,4 мың теңге игерілді. Бір түлек желтоқсанның ортасында жұмысқа орналасқаннан соң 6,6 мың теңге игерілген жоқ. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 7 адам немесе 116 % жіберілді, жоспар 6 адам. 1 млн теңге бөлінді және игерілді.


Әлеуметтік жұмыс орындары

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жылдық жоспар 6 адамды құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам немесе 100% жіберілді. 410 мың теңге бөлінді және игерілді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 6 адам немесе 100% жіберілді.574 мың теңге бөлінді және игерілді.

Кәсіптік даярлау және қайта даярлау

Кәсіптік даярлауға 30 адам жіберілді, 2,9 мың теңгеге. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 30 адам жіберілді, 2,5 млн. теңге.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік төлеулер

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек»

43 отбасына, оның ішінде 195 алушыға 4,8 млн теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 50 отбасына, оның ішінде 219 алушыға 5,8 млн теңге сомада төленді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 51 отбасына, оның ішінде 224 алушыға 5,8 млн теңге сома төленді.

«18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар»

207 отбасына, оның ішінде 589 балаға 10,7 млн теңге сомада тағайындалып, төленді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 228 отбасына, оның ішінде 626 балаға 10,4 млн теңге сомада тағайындалып төленді.

«Аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі»

107 отбасына, оның ішінде 129 адамға 2,5 млн теңге сомада тағайындалып, 105 отбасына, оның ішінде 120 адамға 2,4 млн теңге сомада төленді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 88 отбасына, оның ішінде 109 адамға 2 млн теңге сомада тағайындалып төленді.

«Үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық

қамтамасыз ету»

14 отбасына, оның ішінде 14 балаға 2,9 млн теңге сомада тағайындалып, төленді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 16 отбасына, оның ішінде 16 балаға 3,2 млн. теңге сомада тағайындалып төленді.

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер»

106 адамға 1,7 млн теңге сомада жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлем көрсетілді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 115 адамға, 1,6 млн теңге сомада көмек көрсетілді.

«ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына коммуналдық қызметтер»

306 алушыға 9,2 млн теңге сомада коммуналдық қызметтер тағайындалды. 2014 жылдың ұқсас кезеңіне 288 алушыға 4,5 млн теңге сомада.

Шартты ақшалай көмекті енгізу

38 отбасыға, оның ішінде 184 балаға 10,3 млн теңге сомада тағайындалып, төленді. 2014 жылдың ұқсас мерзімде 16 отбасыға, оның ішінде оның ішінде 82 алушыға. 1,9 млн теңге сомада тағайындалып төленді.


«Азаматтық хал актілерін тіркеу»

Жыл басынан бастап АХАТ секторында 698 актісі: туу– 257; қайтыс болу -238; неке қию – 99; некені бұзу – 64; әкелікті тану – 36; тегін, атын өзгерту- 4 тіркелді.


«Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккен мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Бесқарағай аумақтық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жұмыс істейді.

2015 жылға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде 52,3 млн теңге,

2016 жылғы 1 қаңтарына дейін 272 адамға арнай әлуметтік қызметтер көрсетілген.

Барлық қызмет алушы клиенттерге кепілді көлемде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Әрбір клиентке жеке іс құрып, онда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін барлық керек құжаттары жинастырылған, жеке жұмыс жоспары олардың жасына қарай есепке тұру үшін және психо-физикалық мүмкіндіктері көрсетілді. Ай сайын қызмет алушылар деректер базасын жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Әр тоқсан сайын орталықтың мамандарымен қызмет алушы клиенттерге берілетін, мониторингтер қызметі жүргізіледі.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін қызмет алушылар демалыс аймағына «Шошқалы»көліне, «Ертіс» өзенінің жиегіне, «Святой ключ» бұлағына шығу, Абай ауданының Жидебай ауылына, Семей қаласындағы Биологиялық орталығы, Невзоров мұражайы, Краевед мұражайы, Дастан кинотеатры, балалар ойын-сауық орталығына және аквапаркке бару экскурсиясы ұйымдастырылды.


«Жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетумен 349 адам; оның ішінде 244 адам өзін өзі қамтыған, 105 адам жұмыссыз. 207 адам мемлекеттік қолдау көрсетусіз жұмысқа орналастырылған.

Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс тәжірибесін өту бойынша жұмыс берушілермен 30 келісім шарт жасалған.

«Жол картасы 2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2011- 2015 жылдар аралығында 244 қатысушы бағдарламаның екінші бағыты бойынша жалпы сомасы 541,9 млн теңге сомасында микронесие алған, сонымен қатар 485 жаңа жұмыс орны құрылған.

2015 жылы ауылда кәсіпкерлікті дамытудың ең басым бағыттарының бірі ретінде сүт-тауарлы фермасы және сүтті ірі қара мал алу болып анықталады: жоспар бойынша- 25,3 млн теңгеге 106 бас, нақты – 170 млн. теңгеге 72 бас. Қалған 34 бас 2016 жылы 7,8 млн.теңгеге алынатын болады.

2020 жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2015 жылы 50 адам оқуларын бітіріп, жұмысқа орналастырылды.


Білім беру

Ауданда 21 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 3 негізгі және 18 орта мектеп жұмыс істейді. Мектептер бойынша оқушылар контингенті -2937 құрайды. Оңтайландыру жүргізіліп, Грачи бастауыш мектебі жабылды.

Білім беру мекеме қаржысының талдау динамикасының көрсеткіші бойынша 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ауданның білім беру саласының қаржы көлемі 1,3 пайызға арттырылды және 1 384 ,2 млн теңге құрады. Жалпы орта білім беру мақсатында, сонымен қатар әлеуметтік қорғалмаған тұрғыдан шыққан балаларға білім беру үшін жағдай жасауға, халқы аз елді мекендерде тұратын балаларды тасымалдау үшін жергілікті бюджеттен ақша қаражаты бөлінеді. 288 оқушы үшін ауданның 10 мектебінде тасымалдау ұйымдастырылған.

Ауданда «Жол картасы» бойынша ағымды жөндеу екі мектепте жүргізілді. Олар: «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8,6 млн теңгеге жылу беру, 12,7 млн теңгеге есіктер мен тезелердің ағымды жөндеуі және «Глуховка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9,7 млн теңгеге терезелер мен есіктердің ағымды жөндеуі жүргізілді.«Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3,8 млн теңгеге толық күнді келумен (25 бала) шағын орталықта ағымды жөндеу жүргізілді.Ү-Владимировка орта мектебінде 2,3 млн теңгеге қазандықта ағымды жөндеу жүргізілді.

Беген және Қоянбай орта мектептерінде 1,4 млн теңге сомада жылу беру қазандықтары сатып алынды және орнатылды.

2015-2016 жылу беру мерзімінде қатты отын 6266 тонна және сұйық отын 90 тонна қажет.

Бүгінгі күні білім беру сапасының негізгі көрсеткіші- ұлттық бірыңғай тестілеу болып табылады. 2015 жылы ҰБТ-дің орташа баллы 75 балл құрады. (2014 жылы – 72,3, 2013 жылы – 62).

2015 жылы «Алтын белгі» аттестатының 6 үміткерінің 3-уі дәлелдеді. ( 2014 жылы 3 үміткердің 1-уі дәлелдеді). «Алтын белгі» аттестатын дәлелдемеген 3 үміткері үздік аттестат алды.

«Балапан» республикалық бағдарламаның шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдардың желісі кеңейтілуде. Осы мақсатта 2015 жылы «Өндіріс орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында толық күнді шағын орталық ашылды.Мемлекеттік –жеке меншік әріптестік бағдарламасының шеңберінде 2015 жылдың 4 тоқсанында екі жеке меншік бала бақша ашылды. Олар: 20 баланы қамтуымен Беген орман шаруашылығында «Аяулым-2015» және Глуховка ауылында «Алтынай» бала бақшасы.2015 жылы аудан бойынша 715 бала қамтумен 35 топ толық күнді шағын орталық жұмыс істейді. Борас орта мектеп-бақшасында 120 баланы қамтумен 6 топ, «Айналайын» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 88 бала. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 75,9 пайыз қамтылды.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап «М-Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 орынды бір топ толық күнді шағын орталық және қаңтар айында «Айналайын» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бір жастан 2 жасқа дейін қосымша бір бөбекжай тобының ашылуы жоспарланған.

Ауданның барлық мектептерінде ыстық тамақпен тамақтандыру 100 пайыз құрады. 1507 оқушы ыстық тамақтандырумен қамтылды ( 51,3 пайыз), оның ішінде 1-4 сыныптың 1290 оқушысы (100 пайыз), 5-11 сыныптың халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобынан шыққан 217 оқушысы (13 пайыз ортақ оқушылар санынан, 100 пайыз халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобынан шыққан балалар). Тамақтану рационына аптасына 600 грамм есебімен сүт пен сүт өнімдері және бір оқушыға 30 грамм есебімен бал беріледі. Барлығы жергілікті бюджет есебінен тегін тамақтандырылады.

Аудан бойынша барлығы 561 мұғалім, оның ішінде жоғары біліммен-456, орта мамандырлыған біліммен-105. 2015-2016 оқу жылы жалпы білім беретін мектептерге 27 жас мамандар келді.

Аудан оқушылары барлық облыстық, аудандық олимпиадаларға белсенді түрде қатысады және жүлделі орындарға ие болады.

2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жобалар конкурсына 6 оқушы қатысып, жүлделі үш орынға ие болды.

Жыл сайын 9- 11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізіледі. 2015 жылы 112 оқушы қатысты және жүлдеді 60 орынға ие болды.

Бүгінгі күні қамқоршылық және қорғаншылық органынның есебінде 66 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оның ішінде жетім балалар бар. Оның ішінде 48 бала қамқорлықта (қорғаншылықта) және 18 бала патронаттық        тәрбиелеуде. Аудан бойынша 3 қосымша білім беру мекемесі қызмет атқарады. Оның ішінде «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық балалар- жасөспірімдер мектебі»ММ-де 2015- 2016 оқу жылының басында 566 оқушы оқиды, «Бесқарағай аудандық балалар өнер мектебі» МКҚК-да 135 бала тәрбиеленеді, «Шығармашылық үйі» МКҚК –да 584 оқушы оқиды. Жалпы қосымша біліммен 1285 бала қамтылып, ортақ оқушылар санынан 43 пайызды құрады.

Дене шынықтыру және спортты дамыту, салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау және енгізу Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселе болып табылады. Дене шынықтыру сабағын өткізу және дене-шынықтыру – сауықтыру жұмысын ұйымдастыру үшін ауданда 109 спорттық құрылыстар бар, оның ішінде 21 спорт зал; 19-ы жалпы білім беретін мектептерде және 1 зал-Бесқарағай колледжінде; 1 зал-БЖСМ-де; 7-атқыш тир, 38 спорттық-сауықтыру құралдар, оның ішінде 25 алаң; 13 футбол алаңы бар.

2015 жылы аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде дене шынықтырумен белсенді түрде айналысатын адамдардың саны арттырылды.

Ұлттық спорт түрлерін көпшілікке тарату мақсатында Бесқарағай ауданында жыл сайын «Тұлпардың тұяғы» атты-спорт жарысы өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілер спартакиадасында аудан волейболшылары екінші орынға ие болды. Наурыз айында Өскемен қаласындағы Борис Александрович атындағы Спорт сарайында Шығыс Қазақстан облысы «Жұлдызша» шайбалы хоккей бойынша Чемпионат өтті және Бесқарағай ауданының құрама командасы облысымыздың қала және аудан арасында 3 орынға ие болды.

Спортты дамыту мақсатныда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жыл сайын ауданымыз Халық ойындарында лайықты орындарға ие болады.


Денсаулық сақтау

Бесқарағай орталық аудандық ауруханасы 79,9 пайызды құрады (ШҚО – 68,9%), 7 дәрігерлік амбулаториялар, 15 медициналық және 3 фельдшерлік – акушерлік пункттер қызмет көрсетеді. Жалпы қызметкерлер саны 252 оның ішінде 40 дәрігер, 124 орта медициналық қызметкер, 3 әлеуметтік медициналық қызметкер, 1 психолог маман, 35 кіші медициналық персонал басқа да медициналық емес персоналдар 50 адамды құрайды.

Орталық аудандық ауруханада кадрлар жетіспеушілігі жоқ. «Дипломмен ауылға » бағдарламасы бойынша 2015жылы 4 жас маман жұмысқа қабылданды. Оның ішінде 2 жалпы тәжірибедегі дәрігер, 1терапевт дәрігер, 1 хирург дәрігер.

Соңғы 6 жылда ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.

Бала өлімі 3 жағдайды құрады бала өлім жітімі 25 пайызға азайды.

Жалпы өлім – жітім 222 жағдайды құрады, көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда 10,6 (2014 жылы 234 жағдай, көрсеткіш – 11,1), өлім – жітім 5 пайызға азайды.

2015 жылы туберкулезбен алғаш ауру 2014 жылға қарағанда аудан бойынша 20 % ға азайды немесе 100 мың адамға шаққанда 70,1 % дан 57,1 % төмендеді.

Абсолюттік саны 2015 жылы 12 адамды, 2014 жылы 15 адамды құрады.

Абсолюттік сан бойынша 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда өлім 100 мың адамға шаққанда 2ден 0 ге дейін немесе 9,4 тен 0 дейін төмендеді.

Флюрографиялық зерттеу мен алдын- алу мақсатында 11455 адам қамтылып немесе 101,8 % құрады, оның ішінде қозғалмалы флюрографиядан 4073 адам өтті.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен туберкулезбен ауырғандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде қосымша тамақтандыруды және амбулаторлық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын аз қамтылғандарға қаражат көздері төленеді. Қазіргі уақытта 11 науқас адамға 220 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

2015 жылы онкологиялық аурулар мен алғаш ауру 100 мың адамға шаққанда 57 жағдайды немесе 271,28 құрады. Ауданда қатерлі ісік өлімі 2014 жылмен салыстырғанда 3,6 %ға өсті.

Құрылыс

2011-2020 жылдарға «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында 2014 жылдан бастап «ШҚО Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында су құбыры желілерін және сутартқыш ғимараттарын салу» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді, мердігер ұйым «Құрылыс» ЖШС. Құрылысты аяқтауға ағымдағы жылы 10,8 млн.теңге бөлінді, қазіргі уақытта бөлінген қаражаттар толық көлемде игерілді, 2015 жылғы 18 маусымнан мемлекеттік қабылдау комиссиясымен объект пайдалануға берілді.

«ШҚО Бесқарағай ауданы Башкөл ауылындағы 80 орынды мектеп құрылысы» нысаны 2015 жылғы 29 мамырда мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісімен пайдалануға берілді, мердігер «Фирма Азия» ЖШС, келісім –шарт бойынша құрылыстың құны 290,9 млн.теңге, сонымен қатар 2015 жылғы 13 тамызда «ШҚО Бесқарағай ауданында Мостик ауылында 80 орынды мектеп құрылысы» пайдалануға екінші мектеп берілді, мердігер ұйым «Фирма Азия» ЖШС, жобаның жалпы сомасы 273,3 млн.теңге.

2015 жылғы 1 маусымда «ШҚО Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» пайдалануға енгізілді, мердігер ұйым «Фирма Азия» ЖШС, құрылыстың құны 158,1 млн.теңге.

2015 жылғы тұрғын үйді енгізу қорытындысы бойынша 2043 шаршы метрді құрайды, жоспар 102,1% орындалды.

2015 жылға құрылыс жұмыстарының көлемі 3708,0 млн.теңге, өсу қарқыны 2014 жылмен салыстырғанда 189,6 пайыз, құрылыс-монтаждау жұмыстарының өсуі Республикалық маңызы бар «Омск –Майкапшағай» автомобиль жолдарын қайта жаңғырту есебінен жүргізіледі.


Абаттандыру және санитария

Барлық ауданның елді мекендерде санитарлық жағдайын жақсарту үшін апта сайын себіліктер және таза жұма, саябақтарды, ұйымдардың аумағын аббаттандыру және санитарлық тазалау, жұмыстары жүргізілді, көшеттер салынды, гүлзарлар отырғызылды, ауылының орталық алаңын су бұрқақпен абаттандыру» жүргізілді, жалпы сома 14,1 млн теңге. Аудан орталығына кіре берісте арка орнатылды, «0,541 шақырым ұзындығымен Шевцов көшесіне орташа жөндеу жүргізілді» жалпы құны 6,1 млн теңге және «0,675 шақырым ұзындығымен Корнева көшесіне орташа жөндеу жүргізілді» жалпы құны 7,6 млн теңге.

Сумен жабдықтау

Бесқарағай, Бозтал, Баскөл, Беген, М-Владимировка, Қарағайлы. Кривинка, Канонерка ауылдарында су бұру және сумен қамту жүйелерінің жұмыс істеуіне 18,7 млн. теңге бөлінді. Су жинағыш құдығын жөндеу, құдықтарды тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілді, өрт сөндіру гидранттары тексерілді. Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 61,6 пайызды құрайды.


Көлік

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттен 29,0 млн. теңге қаражат, оның ішінде қыста жолды тазартуға 14 млн теңге және күтіп ұстауға 14,9 млн теңге бөлінді. 2015-2016 жылдардың қысқы кезңіндегі жұмыстарға автомобиль көліктерінің тоқтаусыз және қауіпсіз қозғалуын және Бесқарағай ауданының аумағындағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын уақтылы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында суөткізгіш құбырларын тазалау, шұңқырлармен отырып қалған жерлердің өңдеу және кескіндеу, түзету бойынша жұмыстар жүргізілді. Бозтал ауылына кіре берістегі 0-18 шақырымдай автомобиль жолының шайылып кеткен жерлерінде бітеу жұмыстары жүргізілді.

Өндіріс ауылына кіре беріс автомобиль жолында 3-4 шақырым арасында су өткізгіш құбырына жайылым жүргізілді.


Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту

Мәдениет желісіне 24 мекеме кіреді, соның ішінде : аудандық Мәдениет үйі, 3 ауылдық үйірме, 19 кітапхана. Өзіндік шығармашылық ұжымның саны - 23, соның ішінде "халық" деген атақты - 1, "өнегелі" деген атақты - 1. Аудан аумағында республикалық, облыстық және аудандық мәндегі 31 мәдени тарихи ескеркіштер тіркелген. 2015 жылы өткізілген барлық мәдени іс -шаралар 2015 жылғы Қазақстан Республикасында аталып өткен 5 айтулы даталарға арналып, әр түрлі жанрлар көрсетілді.

Қазіргі таңда ауданда тіркелген бір баспа басылым – «Бесқарағай тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті. Басылым мемлекеттік және орыс тілінде аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі) күндері шығады.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Ақ жол» партиясының өкілдігі, коммунистік партия, «Ауыл» партиясы өз қызметтерін жүзеге асырады. «Нұр Отан» партиясының мүшелерінің саны 1814 адамды құрайды.

2015 жылғы мамырдың 22-23 күндері  аралығында Өскемен қаласында « Туған ел – алтын бесігім » атты облыстық кестеге сәйкес Бесқарағай ауданының Мәдени күні өткізілді. 

Канонерка және Мало-Владимировка ауылдық кітапханаларында "онлайн - орталық" халыққа қызмет атқаруда. Орталықта ауыл тұрғындарына тегін жаңа технологияны меңгеру курстары өтіп тұрады. Олармен 27 тренинг өткізілді. Аудандық орталық кітапханада кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бірге «Кәсіпкерлікті дамыту және біріңғай қолдау бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бұданда көп кәсіпкерлерге мүмкіндік ашады» тақырыбында кеңес –сабақтары өткізілді.

Бесқарағай аудандық кітапхана жүйесіне қарасты 19 кітапхана үлкендер мен қатар балалар мен жасөспірімдерге де қызмет көрсетеді. Кітап қоры – 162,4 дананы құрайды.

Аудандық Достық үйінің жұмысы ауданда тұратын барлық этностар арасында қонфессияаралық келесімді сақтау мен нығайтуға, ұлтаралалық тұрақтылық пен бірлікті сақтауға бағытталған. Ауданда келісім мен татулықта 28 ұлт өкілдері тұрады. Достық үйінде 7 этномәдени бірлестік жұмыс жасауда: «Башкуль» аудандық татар мәдени орталығы» ҚҰ, «Асыл әжелер» қазақ фольклорлық тобы, славян этномәдени бірлестігі, неміс этномәдени бірлестігі және Канонерка ауылдық округінде «Воскресение», Кіші-Владимировка ауылдық округінде «Деревенька моя» атты екі славян этномәдени бірлестіктері. Биылғы жылы ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында атаулы және маңызды жұмыстарға шағын диаспора өкілдері әзірбайжандар қосылып, орталық құрып., басқаларға жақсы үлгі бола білді.

2015 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 44 жоба жүзеге асырылып, жалпы сомасы 45,7 млн теңгені құрады.


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2015 жылы аудан аумағында 217 қылмыс тіркелді. 2014 жылы 156 тіркеліп, 39,1 % ға өсті.

Тіркелген қылмыстардың 22 ауыр қылмыстар, ашылғаны 78,6 пайызды құрады, 2014 жылы 3 қылымыс, ашылғаны 100 пайыз, төмендеуі 76,9 пайыз.

133 орташа ауыр қылмыстар, ашылғаны 72,4 пайыз. 2014 жылы 133, ашылғаны 73,5 пайыз, 2,3 пайызға өсті.

Ауыр емес қылмыстар 19, ашылғаны 88,2 пайыз, 2014 жылы 23, ашылғаны 87 пайыз.

1 аса ауыр қылмыс жасалған, ашылуы 100 пайыз.

Есептік кезеңге 37 қылмыс бойынша тергеу мерзімдері тоқтатылды (ашылмаған қылмыстар).2014 жылы 42, 11,9 пайызға төмендеді, оның ішінде ашылмаған қылмыстардың көптен бір бөлігін өзгелердің мүлігін тонау құрайды.

2015 жылы 12 қару жарақ бірлігі алынды. 2014 жылы 7 алынды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында табиғатты қорғау полициясымен 2015 жылы ағаштар мен бұтақтарды заңсыз кесу бойынша 9 қылмыстық құқық бұзушылық, балық ресурстарын заңсыз аулау фактілері бойынша 1 қылмыстық іс анықталды. Барлығы 264 әкімшілік материал 2,4 млн теңге сомасында анықталды. 2015 жылыжол көлік апаты бойынша 24 жағдай тіркелді, 2014 жылы 16 жағдайлар тіркеліп12 адам қаза тауып, 23 жарақаттанды.

Барлығы 546 құқық бұзушылық анықталып, 10,3 млн теңге сомасына айыппұл салынды.


2015 жылғы есеп кездесулерінде 20 ұсыныс пен ескертулер енгізіліп, барлығы орындалды.


2016 жылға тапсырмалар

2015 жыл халық үшін барлық экономикалық бағытында, әлеуметтік және саяси дамудың сенімді жылы болды. Тағы бір рет тәуелсіздік және оны тану жылдары шыңдардың бірі ретінде Қазақстан дүниежүзілік құрметті елге айналғанын атап өтті.

Ұзақ мерзімді жоспарланған міндеттерді, белгілі бір жұмысты жүзеге асыруды, сондай-ақ кейбір жұмысқа күш салуды талап етуі керек.

Мынадай жобаларды 2016 жылға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде ауданда іске асыру жоспарлануда:

1. Бесқарағай ауданының «Жаңбыр» агроөнеркәсіптік алаңы Гидромелиоративтік кешенінің құрылысы» жобасы бойынша инфрақұрылымын тұрғызу» жобасы  3,6 млрд.теңге. Жобаның іске асуы ауыл шаруашылық өнімдердің, суармалы жерлердің, Семей қаласының және аудан тұрғындарын көкеніспен қамтамасыз ету. .
2. «Sat-Nikel» ЖШС «Кобаль - никель өнімін алу бойынша зауытының құрылысы» инвестициялық жобасы мақұлданып енгізілді. Жобаның құны 33 млрд. теңге құрап, 600 аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Өндірістің жылдық таза кен салмағы 1,9 млн. тонна және никель -9500 тонна

3. «Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бойынша шағын консервілеу зауатының құрылысы» жобасы іске асырылуы жоспарлауда. Жобаның құны 5400 млн. теңге. ШҚО бойынша халықаралық сауда компаниясы «LONG XIN» ЖШС, жобаның басшысы Сунь Лицзюн. «АлтайАгроИнвест-2015» форумын өткізу барысында «LONG XIN» компаниясы мен Бесқарағай аудандық әкімдігі арасында ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу жөніндегі зауыттың құрылысы бойынша өзара қызмет ету туралы меморандумға қол қойылды. Осы кәсіпорын жалпы көлемі 14754 гектар, оның ішінде егестік-8779 гектар, олардан суармалы-990 гектар (жер асты көздерінен), жайылым-5943 гектар, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін төрт жер телімін жалға алу негізінде конкурс жеңімпазы болып танылды. Осы жоба суармалы жер алқаптарын ұлғайтуға, ауыл шарушалығы өнімдерін өндіруге, өнделген ауыл шаруашылығы өнімдерімен ауданның, Семей қаласының және жақын маңда орналасқан өңірлердің тұрғындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

4. Глуховка ауылдық округінің Старая Крепость ауылында «Екі-Дос» сауықтыру – емдеу кешенінің құрылысы іске асырылуда. Демалыс базасының инфрақұрылымына кіретіндер: пантоемдеу, балшықпен емдеу, 80 орынды қонақ үйінің, 300 орынды тойхананың құрылысы, демалу саябағы, атпен қыдыру, футбол және волейбол алаңдарының құрылысы, хоккей, шаңғы базасы. Жобаның құны 325 млн. теңгені құрайды, оның ішінде өзіндік қаражат -145 млн. теңге, несие қаражаты 180 млн. теңге, бұл жаңа 80 жұмыс орынын ашуға мұмкіндік береді. Келешекте кәсіпорын жұмысы агроөнеркәсіптік жұмысшылары мен аудан тұрғындарының бір жыл бойы емделуіне ықпал ететін болады..


2016 жылға арналған жергілікті бюджет есебінен қарастырылған:

  • аудандағы елді мекендерді аббаттандыру

  • қара жабыны бар жолдарды ауылдық жерлерде және ауданда жөндеу;

  • елді мекендерді көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру.


2016 жыл -тарихи жыл болғандықтан, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Еңбек кодексі» атты жаңа Заңдар қабылданды. Біз бұл жылды «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын 30%- ға, медицина қызметкерлерінің жалақыларын 28%, ұстаздардың жалақыларын 29%- ға дейін, әлеуметтік жағдайдағы қызметкерлердің жалақыларын 40%- ға дейін көтерумен бастаймыз.

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Президенттің Жолдауын іске асыруға байланысты іс-шаралар жоспарын орындау бойынша үлкен міндеттер қойды.

Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында міндеттелген барлық тапсырмаларды жүзеге асырылатынына сенімдіміз.

Азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін негізгі проблемаларды шешу саласындағы барлық күш-жігерді салу қажет. Бәріміз Бесқарағай ауданының әл ауқаты үшін қажырлы еңбек етуіміз қажет.






Похожие:

Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconДолон ауылдық округі әкімінің ауыл жиналысында тұрғындар алдында есебі
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «Округтің әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы» және өткен...
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconТезисы глуховка ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2015 жылға міндеттері туралы округ әкімінің есебі
Глуховка ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылған сын ескертпелері
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconАқтөбе облысы Ойыл ауданы әкімінің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер туралы есебінің тезистері
Елбасының 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес халықты елде жүргізіліп жатырған реформалар туралы хабардар етіп, мемлекеттік...
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconАуданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconБұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына баяндама. Кіріспе
Ауданның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «27» тамыздағы...
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconОблыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы
Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы»...
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері icon2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconАҚТӨбе облысының 2013 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму бетбұрыстары
Ақтөбе облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (әрі қарай – әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы)...
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері icon1. 2009 жылғы экономикалық даму үрдістері
Республикасының 2011 – 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Бесқарағай ауданы әкімінің халық алдында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама тезистері iconБ. М. Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында беретін есебінің тезистері
Мемлекет Басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында қаңтар – ақпан айларында аудандар мен қалалар, ауылдық округтар әкімдерінің халық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница