Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары




НазваниеМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
страница5/5
Дата конвертации20.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-АҚШ-пен-Жапонияның-экономикасы.doc
1   2   3   4   5
2.2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастары

Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылықтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді.

Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама-қарсы диалектикалық сипатқа ие. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.

Халықаралық экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Халықаралық экономикалық қатынастардың пәніне, бірішіден, халықаралық экономикалык қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және айналым капиталының, ғылыми-техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады.

Негізінде халықаралық экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу жолымен іске асырылады. Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да факторлар әсер етеді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, құқықтық нормалар мен құралдар (халықаралық экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.), халықаралық экономикалық ұйымдардың халықаралық экономикалық қатынастарды мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.

Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты, мемлекет аралық реттеуді талап етеді.

Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейіне халықаралық маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен оның техникасы кіреді. Халықаралық маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен сырттай ұқсастығы болғанымен, кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде басқарудың айрықша құралы ретінде көрінеді. Оның айрықша сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерің, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу әдістерінен білінеді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:

Халықаралық еңбек бөлінісі.

Тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда.

Капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы.

Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.

Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік қатынастар.

Халықаралық экономикалық интеграция.

Халықаралық экономикалық қатынастардың теориясы мен практикасын оқып үйренгенде біз әлемдік шаруашылық деген ұғымға қарсы келеміз. Әлемдік шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастардың объективті негізі бола тұра, оның теориясы мен практикасын зерттеудің арнайы объектісі болып табылмайды. Бірақ ол халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін зерттеуде басты компонент болып саналады.

Халықаралық экономикалық қатынастар (негізінен, саудалық қатынастар) әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер арасында, аймақтар шеңберінде халықаралық экономикалық қатынастар дамыған. Бұл қатынастар еларалық, тар аймақтық сипатта болды. Әлемдік шаруашылық пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп, ғалами сипатқа ие болады. Халықаралық экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады. Бірақ, халықаралық экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын дербес құбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның ішкі тетігіне айналады.

1945 жылдары Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқынын 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтап қалды.

1946-1949 жылдары аграрлық реформалар помещиктерге 3 тё жер қалдырды да, артық жер сатылды. (1 тё – 1 га-ға шамалас). Соның нәтижесінде жерге ие болған шаруалардың саны екі есе өсіп, елде фермерлік шаруашылық дамыды. АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез жетіле бастады. Әрине, бұрыннан қалыптасқан өндіріс салалары, білікті жұмысшылар мен инженерлер, жапондықтардың еңбекке деген ынтасы, тәртіптілігі ел экономикасын дамытудың қайнар көзі болды. Бұған қосымша 1950- 1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды. Сол жылдардың өзінде-ақ ел экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге көтеріліп, келесі жылдары орасан зор жетістіктерге жетті. Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони т.б. ондаған ірі өндіріс және қаржы монополиялары ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастады.

1950-1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін олар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елдерде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні – бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу т.б. әдістер кеңінен қолданылды. Жұмысшылар мен инженер-техниктерді оқытуға, сапалы жұмыс атқаруға жағдай жасауға мән берілді. Сонымен бірге жапон жұмысшыларының жалақысы басқа дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Тағы да айта кететін мәселе – үкімет өндіріс дамуына тікелей қатысып, концерндерге қаржы бөледі, жеңілдіктер туғызады, шетел рыноктарында жапон өнімдерінің өтуіне жәрдемдеседі, әлеуметтік қайшылықтарды реттеуге қатысады.

1997 жылы қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық әкелді. Соған қарамастан, Жапония алдыңғы шепте келеді.

Әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің 12%-ы Жапонияның үлесіне тиеді. Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 1999 жылдың соңында 4,5 трлн долларға жеткен. Әлемде Жапония сыртқы сауда айналымы бойынша АҚШ пен Германиядан кейінгі 3-орында. Алтын және валюта қоры жыл сайын ұлғаюда. Оның басқа елдердегі қаржы салымы 1 трлн доллардан, сыртқы сауда айналымындағы таза табысы 140 млрд доллардан асады. Жапон бизнесмендері Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қытайда, Африкада, Латын Америкасында, Еуропада, АҚШ пен Канадада - әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпшілікпен шұғылдануда.


2.3. АҚШ – тың жапония экономикасына тікелей инвестициялары.

АҚШ Жапония экономикасына тікелей инвестициялар салуда. Жапония үшін АҚШ инвестициялары неғұрлым тиімді.

Инвестиция — табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция — құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, технологиялық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондайақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция — шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономикалық жүйені жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестициялық объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестсрдің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді.

Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесінс тиеді — жалпы көлемінің 33%.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.

  2. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.

  3. Қазіргі заман тарихы. –Алматы. 2005.

  4. Мировая экономика и международные отношения. 2007, №2.

  5. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.

  6. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.

  7. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің және құқық тарихы. Алматы, 2005.

  8. Мировая экономика и международные отношения. 2007, №2.

  9. Қазіргі заман тарихы. Алматы. 2005.

  10. Қазіргі дүние жүзі тарихы. К.Қожахметұлы. Алматы, 2006.

  11. Жаңа тарих. М.Хаин, Л.Батурина. Алматы, 2003.

  12. Мировая экономика и международные отношения. 2007, №3.

  13. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 2005.

  14. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 2005.

  15. США – Канада. 2006. №3.

  16. Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.

  17. США – Канада. 2007. №4.

  18. Мировая экономика и международные отношения. 2007, №2.

  19. Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.

  20. США – Канада. 2006. №3.

  21. США – Канада. 2007. №5.

  22. Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006. №8.

  23. США – Канада. 2007. №9.

  24. Мировая экономика и международные отношения. 2007, №7.

  25. США – Канада. 2006. №2.

  26. США – Канада. 2006. №2.

  27. Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006. №3.

  28. США – Канада. 2007. №10.

  29. Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.

  30. Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.



1   2   3   4   5

Похожие:

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconДүние жүзі тарихы
Мемлекеттердің саяси-тарихи құрылысы. Хаммурапи заңдары, перғауындардың басқыншылық саясаты
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconI – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс: саяси, тарихи сипаты
Кіріспе
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып №1. Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйенің функциялары. Саяси жүйе қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
Тарау. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconГерманиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері Кіріспе і-тарау. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А. Гитлердің үкімет басына келуі іі-тарау. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің күйреуі ііі-тарау. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconБалаубаева Бинұр Мұратқызы Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты
Республикасының сыртқы саясаты, Жапон елінің тарихы, сыртқы саясаты, саяси жүйесі, мәдениеті, білімі және ғылымы, Әлемдік интеграциялық...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары icon1. тақырып. ҚАзақстан тарихына кіріспе
«Жетісу тарихи очеркі»,«Түркістан тарихы»тарихи шығармаларының авторлары және т б
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconСон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.)
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconХх ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері
К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. 1951 ж сайлау және консерваторлардың жеңісі. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconI-тарау. ҚАзақ халқының АҚИЫҚ АҚыны олжас сүлейменовтың Өмірі және қОҒамдық-саяси қызметі
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница