Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары




НазваниеМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
страница2/5
Дата конвертации20.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-АҚШ-пен-Жапонияның-экономикасы.doc
1   2   3   4   5

1.2 Америка – Жапон шарттары

АҚШ пен Жапония мемлекеттері арасындағы 2-дүние жүзілік соғысқа дейінгі саяси-экономикалық қарым-қатынастарды реттеген келісім шарттар. 1) Жапон-Америка «бейбітшілік пен достық туралы» келісімшарты (31.03.1854, Канагава қ.) бойынша Америка кемелеріне Симода мен Хакодатэ порттары ашылды, 215 жылға созылған Жапонияның «жабық есік» саясаты аяқталды; 2) «Жапон-Америка сауда келісімі» (29.07.1858) АҚШ-тың Жапониядағы ықпалын күшейте түсті. Бұл келісімдер «Ансэй шарттары» деген атпен белгілі; 3) «Жаңа Жапон-Америка келісімі» (22.11.1894); 4) «Тафт-Кацура Жапон-Америка келісімі» (07.1905) бойынша АҚШ Кореяны Жапонияның отары ретінде мойындады. Бұл орыс-жапон соғысын қорытындылаған Портсмут конференциясы қарсаңында Ресейге қарсы Жапон-Америка одағын дүниеге әкелді; 5) «Рут-Така-хира Жапон-Америка келісімі» (20.11.1908) бойынша Тынық мұхит аймағында статус-кво сақтау және Қытайда сауда жасауға, өнеркәсіп өнімдерін шығаруға тең мүмкіндіктер принципін сақтау, келісуші жақтардың территориялық тұтастығына қол сұқпау, оны құрметтеу міндеттелді; 6) «Лансинг-Исин келісімі» (2.11.1917) екі мемлекеттің Қытайға қарсы әрекеттерін нығайта түсті; 7) «Жапон-Америка сауда келісімі» (06.1939); 8) 1940 ж. аяғында Жапонияда Коноэ кабинеті АҚШ-пен қарым-қатынасты реттеу үшін келіссөз бастауға көшті. Бұл келіссөз нәтижесіз аяқталып, 1941 ж. Жапонияның Пирл-Харборға шабуыл жасауы Жапон-Америка соғысына әкеліп соқтырды.

1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Потсдам келісіміне орай елді Америка әскерлері басып алды. Барлық билік солардың қолына өтті.

1951 жылғы қыркүйекте Сан-Франциско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды.

АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі С.Ёсидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, америка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, алдында «полиция корпусы», кейін «ұлттық қауіпсіздік корпусы» аталған әскери күштерін құрастыра бастады.

«Елді қайта милитаризациялау және АҚШ — Жапон шартындағы америка жауынгері жапон сотына берілмейді» деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық тудырды. 1960 жылы Жапония мен АҚШ «өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік» туралы жаңа шартқа келісті. Енді қылмыс жасаган АҚШ жауынгері жапон сотына берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді. Екі ел өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы 175 млрд долларға тең (1995 ж.) келеді.

Халықаралық шарт – халықаралық шарт жасасу құқығына қабілетті халықаралық құқық субъектілері – мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық құқықпен реттелетін келісім. Жеке және заңды тұлғалармен, соның ішінде «халықаралық» тұлғалармен және ұлтаралық компаниялармен жасалынған шарттар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар және халықаралық қатынастарға өзге де қатысушылар арасында жасалынған шарттар, тіпті шарт тараптарының бір мемлекет немесе халықаралық ұйым болса да, халықаралық шартқа жатпайды. Бұл талап федерация шеңберінде федерация мен оның субъектілері немесе федерация субъектілері арасында жасалынған шарттарға да қатысты. Мұндай шарттар федерацияның ұлттық құқығымен (оның конституциясымен, федералдық заң сипатындағы өзге де актілерімен) реттелуге тиіс. Мемлекеттердің халықаралық шартқа құқықтық қабілеті олардың егемендігінен туындайды, халықаралық ұйымдардың құқықтық қабілеті олардың жарғысымен, осы ұйымдардың өзге де ережелерімен айқындалады. Мемлекеттерде халықаралық шарт жасасуға әмбебап құқықтық қабілет болады, ал халықаралық бірлестіктер арнаулы құқықтық қабілетке, яғни мүше мемлекеттер берген құқықтық қабілетке ие. Халықаралық құқықтың жалпы жүйелік институты ретівдегі халықаралық шарттың елеулі ерекшелігі оның халықаралық әдет-ғұрыппен қатар халықаралық құқықтың аса маңызды бастау көзі екенінде. Кез келген халықаралық шарт қатысушыларының мінез-құлқының жалпы ережелерін белгілейтін-белгілемейтініне немесе олардың арасындағы нақты бір қатынастарды реттейіініне қарамастан, халықаралық норма шығарушылық акт болып табылады. Халықаралық шарт жалпы жүйелік институт ретінде екі қағидатқа: қолданыстағы әрбір шартты оның қатысушылары адал ниетпен орындауға тиіс деген мағынаны білдіретін pasta sunt servanda қағидаты мен шарттық еркіндік қағидатына негізделеді. Халықаралық келісімдер ауызекі және жазбаша алықаралық шарт болып бөлінеді. Ауызекі келісімнің мазмұны әдетте бейресми құжаттарда (ескерткіш жазбаларда, меморандумдарда, т.б.) көрініс табады, оларға заңды күш берілетіні айтылмайды. Халықаралық шарттар құқығы туралы 1969 ж. Вена конвенциясына сәйкес «шарт» деген термин мемлекеттер арасында жазбаша нысанда жасалған халықаралық келісім деген мағынаны білдіреді. Мұндай келісім бір құжатта немесе бір-бірімен байланысқан екі не бірнеше құжатта баяндалғанына қарамастан, сондай-ақ оның атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттеледі. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардың құқығы туралы 1986 ж. Вена конвенциясында да шартқа осындай анықтама берілген. Демек, халықаралық шарттың болуы ақиқатын анықтау үшін бұл актінің трактат, пакт, конвенция, келісім, хаттама, меморандум деп атала ма, жоқ па, немесе басқаша атала ма жоқ па, сол сияқты бір-бірімен өзара байланысқан бірнеше құжаттан тұра ма, жоқ па, бәрібір халықаралық шарт болып есептеледі. Сондай-ақ халықаралық шарттарды мазмұнына қарай саяси, экономикалық шарттарға бөлудің де, ғылым, мәдениет, білім мәселелері бойынша әлеуметтік және басқа мәселелер бойынша жіктеудің де мәні жоқ. Халықаралық шарттарды олардың мазмұнына қарай жіктеу әдетте оларды жинақтарда жүйелеп жариялау үшін және оларды практикалық немесе ғылыми тұрғыда қорытындылау және зерттеу мақсаттары үшін қолданылады. Шарттарды қатысушылардың санына қарай екі жақты немесе көп жақты деп бөлудің, соның ішінде әмбебап деп бөлудің маңызы зор. Ақыр соңында көпжақты шарттардың қатарында, әмбебап шарт болмаса да, жалпы мемлекеттердің халықаралық қоғамдастығы үшін елеулі мәні бар шарттарды, мыс, қарусыздандыру мен бейтараптандыру туралы, ядролық қарусыз аймақтар туралы, т.б. шарттарды бөліп көрсеткен абзал.


1.3 АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастары

АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастарында көптеген күрделі кезеңдер болған. Қазіргі кезде АҚШ пен Жапонияның қарым-қатынастары дұрыс жолға қойылып, ынтымақтастық орнаған.

Жапонияда фашистік бүлік басылғаннан кейін экономиканың милитаризациялануы жалғаса берді. Жапонияның Қытаймен соғыс бастауы 1937 жылы, бір жылдан кейін Кеңес одағына әскерлерімен Хасан деген жерде кездесті. Одан кейін Монғолияға қарсы соғысты. Сонымен Жапония екінші дүниежүзілік соғыста белсенді рөл атқарғанмен, өзінің империалистік жоспарларын орындай алған жоқ. АҚШ және Кеңес одағының әскерлері 1945 жылы Жапонияны капитуляцияға әкеліп, тізе бүктірді.

АҚШ әскерлері Жапонияда орналасып, демократиялық реформалар өткізді. Жапонияны АҚШ әскерлері оккупацияға жатқызды деуге болады. Мемлекеттің жоғарғы билігі Маккартур деген АҚШ генералының қолына берілді. Ол Потсдам қаласында қабылданған декларацияның негізгі шешімдерін Жапонияда жүзеге асыруға тиісті болатын. Осы құжаттың негізінде Жапония бірнеше директивалар қабылдауға мәжбүр болады. Саяси қылмыскерлер босатылды, саяси партиялар құрылды, кәсіподақтар туралы заңдар қабылданып жатты. Әйел адамдар да енді сайлау құқығына ие болды. Жапонияның милитаризм саясаты аяқталды. Оның бір белгісі - милитаристік және шовинистік ұйымдардың таратылуы. 28 ірі әскери қылмыскер Халықаралық әскери трибуналмен сотталды. Американың оккупациялық билігі сыртқы саясатты, заң және полицейлік органдардың қызметін өз қолдарына алған болатын. Ескі мемлекеттік аппаратты таратқан жоқ, тек қана тазартты. Жапонияның милитаризацияланған экономикасының терең дағдарысқа ұшырағаны соғыстан кейін. Әскери өнеркәсіптер қызметін тоқтатып, 10 миллион адам жұмыссыз қалды. Осы өзгерістер Жапонияның саяси жүйесінің белсенді қызмет етуіне жағдай туғызды, саяси партиялар құрылып, ескі партиялар қызметін қайтадан бастады. Демократиялық қозғалыстар мен жұмысшылар ұйымдарының қызметі де белсенді болып кеңейді. Кәсіподақтар күшейе бастады. Маккартур ірі капиталистік концерндерді таратты. Олардың акцияларын алушы да негізінен сол мүшелері еді.

АҚШ генералы Маккартур аграрлық реформа өткізді. Бұл реформа бойынша мемлекет жердің 80% сатып алған болатын. Помещиктердің жерлері шаруаларға сатыла бастады. Енді шаруалардың шаруашылықтары экономикада белсенді рөл атқаратын болды. Жер учаскелері 3 те деген бөлімнен көп болмауы тиіс. Жерді жалға алғаны үшін шаруалар өнімнің бестен бірін отбасылық ретінде беруге тиісті еді. Сонымен шаруаның бостандығы бар отбасы ауыл шаруашылық экономиканың негізін салды.

Соғыстан кейінгі Жапониядағы реформаларды АҚШ-тың оккупациялық биліктері өткізді. Вашингтонда 11 мемлекеттердің өкілдерінен тұратын Қиыршығыстық комиссия құрылғанымен, Маккартур генерал басқарған штаб реформалардың көбін өзі өткізді. Жапонияның парламенті тек соның директиваларын басып шығарды.

11 қазан күні Маккартур Жапонияның Үкіметіне бірінші бес реформаның директиваларын ұсынған болатын. Ондағы көрсетілген негізгі бағыттар кәсіподақтарды құруға құқықты бекіту, оқу үрдісінің демократизациялануы, шексіз монархияны жою, әйелдер мен еркектердің құқықтарын теңестіру және экономиканы демократизациялау. 200000 қызметкер қоғамдық және саяси қызметтен шектелді. Бұл жағдай мемлекеттік аппаратты жаңартып, жаңа кадрлерді әкелуге ықпал жасағаны айқын. Осы саяси шараға қарсы шыққан оппозиция қарап қалған жоқ. Олардың мамандығы жоғары адамдарды аппараттан қусаңыздар, аппарат бұрынғыдай белсенді қызмет ете алмайды дегені мәлім. Бірақ бұл саяси шараның дұрыстығын өмір дәлелдеді. Бұл кезде Жапония өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінде соңғы орында болатын. Соғыстың алдындағы дәрежемен салыстырғанда олардың үдеу қарқыны тек 30% ғана жететін. Оккупациялық билік иелері саяси реформаны жүргізуді тоталитарлық-милитаристік режимді жоюдан бастады. Коммунистік партияның ашық түрде жұмыс істейтін партияға айналған күні 1945 жылдың 10 қазаны. Осыдан кейін коммунистердің бәрі түрмеден босатылды. Қараша айында Социалистік партия, 1946 жылдың мамыр айында Кооперативтік-демократиялық партия құрылды. Бұрынғы Либералдық және Прогрессивтік партияларымен қатар Жапонияның саяси жүйесіне жаңа сипат әкелген де осы партиялар. 1945 жылы желтоқсан айында жер реформасы өткізіліп, дін мемлекеттен бөлініп, одан кейін мемлекеттік мекемелерді және саяси ұйымдарды милитаристік режимді жақтаушылардан тазарту жүргізілгені болатын. 1947 жылы Маккартурдың штабы экономиканың реформаларына кірісті. Капиталистік монополияның Дзайбацу деген бір түрі бүкіл экономиканы өздеріне бағындырып, Жапонияның сыртқы саясатын әскери жолға қойды. Олар осы әдіспен Жапонияны ең бай және үлгілі мемлекетке айналдырғысы келгені жасырын емес. Осы дайбацудың ықпалын жою мемлекеттің экономикалық саясатының бір міндеті болып саналды.

Реформа Жапонияның халқына қандай жақсылықтар әкелді? Ең алдымен тауар шығарушылардың монополиясы жойылды. Нарықтық қарым-қатынастардың белсенділігі көтерілді. Бәсекелестік арта түсті. Әрбір адам өзінің шығармашылық бастамасын пайдалануға мүмкіндік алғаны рас. Инфляцияны жою үшін рентабелдігі жоқ өнеркәсіптерге үкіметтің субсидиялары жойылып, енді олар банктерден (кредит) несие алатын болды. Салық жүйесінің сүйенген негізі - өте прогрессивтік принциптер. Енді капитал алдымен құрылысқа, өнеркәсіпке, ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсала бастады. АҚШ көмегі де әсерін тигізгені де жасырын емес. Капитуляциядан кейін тек 6 жыл өткен соң Жапонияның экономикасы қайтадан аяқтан тұрып, соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Ұлттық табыстың өсуі бұл дәрежеден жоғары болғаны рас.

АҚШ генералы Маккартурдың сүйенген тағы бір елеулі еңбегі – Жапонияның жаңа Конституциясын дайындау. Жапонияда 1946 жылы соғыстан кейінгі бірінші сайлауы өтті, парламентте көбірек орын алғандар Либералдық, Прогрессивтік, Социалистік партиялар. 1946 жылы күзде Парламент Жапонияның жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл конституцияның күшіне енген күні – 1947 жылдың мамыры. Формальды түрде бұл Конституцияны Жапонияның парламенті қабылдап, Құпия Кеңес 1899 жылғы Конституция кіргізілген өзгеріс ретінде қабылдады. Ал шынында бұл басқа буржуазиялық демократиялық принциптерге негізделген Конституция еді. Бұл парламенттік монархияның саяси режимін бекітті. Бұрынғы жартылай шексіз монархияның парламенттен жоғары тұратын Құпия Кеңес Император сарайының министрлігін құртты. Жапонияның жаңа Конституциясының жобасын дайындаған Маккартур басқарған штаб.

Конституция Жапонияны Англияның монархиясына ұқсас етті. Жапония дуалистік монархиядан парламенттік монархияға айналды. Императордың құқықтары шектеліп қалды. Енді оны ұлт халық бірлестігінің нышаны ретінде қарайтын болды. Американдықтың ақыл-кеңесі бойынша ол өзінің «тәңірі тегінген шыққандығынан» жүрт алдында бас тартты, енді ол империяның нышаны болып саналды. Оның құқықтық жағдайы «сете тэносэй», номиналды, әлсіз формальды императорлық жүйе деп аталды. Үкіметті құрайтын парламентте көпшілік орын алған партия. Үкімет парламенттің алдында жауапты. Партияның басшысы Премьер-Министр болып сайланады. Премьер-Министрді ол парламенттің ұсынысымен тағайындай алатын. Ол жоғарғы судьяларды ұсынады, конституцияның түзетулеріне промульгация істейді, парламенттің сессияларын шақырады, төменгі палатаны тарата алады, министрлердің отставкаларына келісімін береді. Бірақ императордың құзыреті көбіне формальды түрде ғана еді, шын билік Жапония үкіметінің қолында болатын, ал оны Премьер-Министр басқарды. Конституция бойынша Премьер-Министр отставкаға кеткенде, бүкіл кабинет сонымен бірге отставкаға кетуге тиіс. Үкіметтің қолында заң шығару бастамасы бар, сондықтан үкімет бүкіл заң шығару қызметін де басқаратын бодцы. Одан басқа үкіметтің міндетіне кіретін шаруалар қабылданған заңдарды жүзеге асыру, сыртқы саясатты белгілеу, халықаралық шарттарды жасау, үкіметтің жарлықтарын шығару.

Сот билігі. Сот тек заңға және Конституцияға бағынады, сот қабылданған заңдардың Конституциямен басқа заңдарға сәйкестігін шешеді, бірақ олардың тәуелсіздігін импичмент арқылы бұзуға болады. Жоғарғы сотты Министрлер кабинеті 10 жылға тағайындайды. Ол заңдардың конституцияға сәйкестігін тексере алады.

Жапонияның парламенті екі палатадан тұрады. Төменгі өкілдер палатасы 4 жылға, жоғарғы кеңесшілер палаталары 6 жылға сайланады. Бұлардың жартысы 3 жылда қайтадан сайланады. Екі палатаның депутаттары жалпы сайлаумен құрылады, сайлауға жасы 25, жоғарғы палатаға 30-ға толған, бір жерде тұрақты тұрған азаматтар құқылы. Сайлау мажоритарлық жүйемен өтеді. Жоғарғы палатаның құқықтары төменгі палатамен салыстырғанда шектелуі, мысалы, заң жобасын жоғарғы палатасы қабылдамаса да, ол қабылдана береді. Жоғарғы палатаның ерекше құзыреті бар, ол төменгі палатаны таратқанда немесе төтенше жағдай қабылданғанда ерекше құқықтарға ие болады. Парламенттің сайлауына қатысқан саяси партиялар көп, сонымен, Жапонияда саяси плюрализм принципі нығайды.

Кабинет ағылшын жүйесімен құрылған. Парламенттің төменгі палатасында жеңген партияның басшысы премьер-министр болып сайланады, ол үкіметті өз партиясының өкілдерінен құрады. Әрі парламенттің алдында жауапты. Бірақ парламент оған сенімсіздік білдірген жағдайларда премьер-министр парламентті таратуға құқылы. Бұл премьер-министрдің құқығы парламентті шектеп, тәртіпке салады. Жапонияда партиялық тәртіп өте мықты, сондықтан үстем партияның депутаттары премьер-министрге толық бағынуға тиісті. Үкіметке тек азаматтық тұлғалар сайланады, әскери адамдар кабинеттің мүшелері бола алмайды.

Конституцияда халықтың егеменділігі жарияланған. Конституция буржуазиялық-демократиялық құқықтары мен бостандықтардың бәрін жариялап, оларға кепілдік береді. Конституцияның 29-бабында жеке меншік құқығының қасиетті екені және ешкім оған қол сұға алмайтыны туралы атап айтылған. Азаматтардың негізгі саяси құқығы ретінде олар бұқаралық тұлғаларды сайлай алады және оларды орнынан ала алады деп жарияланды. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару принципін бірінші рет бекітті. Жергілікті органдарға префектураның губернаторлары, қалалардың мэрлері және ауыл старосталары жатады. Оларды сайлайтын халық.

Осы өзгерістердің бәрі 1947 жылғы Конституцияда айқын бекітілді. 1947 жылы оқу орындарының реформалары болып өтті. 6 жастан 9 жасқа дейін мемлекет ақысыз оқытатын болды.

Жапонияның 1947 жылғы Конституциясында ерекше мәнді баптарының бірі 9-бап. Жапонияның халқы соғыстан мәңгілік бас тартып, соғыс жағдайында дербестік құқығын сақтайды, және халықаралық таластарда әскери күш қолданбайды. Жапония халықаралық дауларды реттеудің құралы ретінде соғысқа ұмтылмауға және қарулы қүштерді жақтамауға міндетті.

Сонымен, Жапония құқықтық мемлекеттің режимін құрып, конституциялық, парламентгік монархияға айналды. Халықтың құқықтарын кеңейту елдегі демократиялық күштердің үлкен жеңісі еді.

Жапонияның экономикасы енді капиталистік жолмен жедел түрде дами бастады. Мемлекеттің экономикаға араласуына тоқтағаны да осы кезең. Өнеркәсіп орындары жекешеленіп жатты. Өнеркәсіптің бостандығы және құқықтық мемлекеттің режимі Жапонияға өзінің жақсылығын алып келгені анық. Соғыстан кейін пайда болған қиыншылықтардың бәрін жойғаннан кейін Жапония қүшті, бай мемлекеттердің қатарына қосылды. Ол ғылыми-техникалық төңкерістің жетекшіліктерін дұрыс пайдаланып, экономикасын жоғары көтерген озық елдердің бірі, экономикалык, даму қарқыны жағынан басқа капиталистік елдерді басып озып, олар үшін қауіпті бәсекелеске айналды. Ең жаңа салалардың жедел дамуын ғылыми-техникалық төңкеріспен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің рөлімен де байланыстырған дұрыс. Ол концерндерге ықпал етті, керекті қарызды берді, салықты жеңілдетті, олардың арасындағы тиімді мердігеріктерді таратты. Жапониядағы өнеркәсіп өнімінің тең жартысына жуығын әлі де кішігірім кәсіпорындар өндіреді. Халқының ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтай білуі, патриоттық сезімнің күштілігі және еңбекқорлығы Жапонияны өркениетті мемлекеттердің қатарына жылдам қосты.

Мэйдзи төңкерісі болып өткеннен кейін Жапония өзінің құқық жүйесін жаңарта бастады. Үлгі ретінде Франция мемлекетінің құқығы алынды. Реформа Қылмыстық кодекстің жазуынан басталған еді. 1880 жылы Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері туралы заңдар қабылданды. Оларға 1810 жылы Францияда Наполеонның басқару кезінде қабылданған Қылмыстық кодекстің баптарының көбі енгізілген. Қылмыстық заңдарда буржуазиялық негізгі принциптерінің көбі заңда жазылмаған қылмыс емес, қылмыстық заңның кері күші жоқ деген енгізілді. Қылмыстар Францияның триадасы бойынша былай бөлінді: қылмыстар, теріс қылықтар және заң бұзушылық. Қылмыстық кодекс 430 баптан тұратын, төрт кітапқа бөлінді. Жазалар негізгі және қосымша жазалар болып жіктелген, кодексте олардың 19 түрі көрсетілген. Заңдылық жағынан қарағанда бұл кодекстің маңызы өте жоғары, мәтіні жақсы жазылған, ескі жапон қылмыстық нормалардың ықпалы болғанымен, адамды қинайтын жазалар жойылған.

Қылмыстық іс жүргізу туралы заңда Францияның қылмыстық-үрдістік кодексін үлгі ретінде қолданды. Қылмыстық істерді мемлекет қана қозғайды, қинаудың барлық түрлеріне тыйым салынды, сот прокуратурадан бөлінген, баспасөз өкілдері үрдіске ашық қатыса алатын болды, үрдісте қорғаушылар қатысады, заңның алдында жұрттың бәрі тең.

1898 жылы Жапонияда Азаматтық кодекс қабылданды. Бұл заңға Францияның, Германияның және Жапонияның ежелгі әдет-ғұрыптары әсерін тигізгені белгілі. Неке және мұрагерлік салаларда патриархалдық әдет-ғұрыптарының көбі сақталды. Отбасының басшысы (әкесі) шектелмеген құқықтарға ие болды, ол тұратын жерді, отбасының мүлігін, отбасының мүшелерінің тағдырын жеке шеше алатын.

1890 жылы Сауда кодексі қабылданды. Соғыстан кейін Жапонияның әлеуметтік заңдары да көп өзгеріске түскен еді. 8 сағаттық жұмыс уақыты, демалыс, еңбек қорғау мәселелері жақсы жолға қойылған. Оқу жүйесі де өзгерді. Енді оқу үрдісіне көп көңіл бөлетін болды. Жапонияның құқық жүйесінің қалыптасуы да қызық. Германияның Конституциясы, мемлекетгік құрылысы, азаматтық құқығы, Францияның континентальдық жүйесінің ішкі құрылысы, қылмыстық нормалар Жапонияның құқығына әсерін тигізді. Бірақ сонда да, Жапонияның құқығы бұрыннан келе жатқан ұлттық әдет-ғұрыптарын, тәрбиесін, бір сөзбен айтқанда ежелгі жапон құқығының көп нормаларын сақтай алды. Ағылшын-саксондық және континенталдық жүйесінің айырмашылығына қарамай, ол кейбір ағылшын құқықтық жүйесінің, мысалы, кабинет жүйесін және басқа да прогрессивтік тұстарын қолданды. Дін жағынан да Жапония айрықша жағдайдағы ел, онда екі дін қатар қолданылып, арасында қайшылықтың пайда болуына шек қойылған.

1   2   3   4   5

Похожие:

Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconДүние жүзі тарихы
Мемлекеттердің саяси-тарихи құрылысы. Хаммурапи заңдары, перғауындардың басқыншылық саясаты
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconI – тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Таяу Шығыс: саяси, тарихи сипаты
Кіріспе
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып №1. Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйенің функциялары. Саяси жүйе қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Туризм саласындағы маркетингтің сипаттамасы мен шетелдік тәжірибесі
Тарау. Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconГерманиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері Кіріспе і-тарау. Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А. Гитлердің үкімет басына келуі іі-тарау. П-дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің күйреуі ііі-тарау. П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер
Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconБалаубаева Бинұр Мұратқызы Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты
Республикасының сыртқы саясаты, Жапон елінің тарихы, сыртқы саясаты, саяси жүйесі, мәдениеті, білімі және ғылымы, Әлемдік интеграциялық...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары icon1. тақырып. ҚАзақстан тарихына кіріспе
«Жетісу тарихи очеркі»,«Түркістан тарихы»тарихи шығармаларының авторлары және т б
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconСон ен хун қазақстандағы аз ұлттардың қатынастары және әлеуметтік-саяси тарихы (1935-2009 жж.)
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconХх ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері
К. Эттли үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты. 1951 ж сайлау және консерваторлардың жеңісі. Г. Вильсон үкіметінің ішкі және...
Мазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары iconI-тарау. ҚАзақ халқының АҚИЫҚ АҚыны олжас сүлейменовтың Өмірі және қОҒамдық-саяси қызметі
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница