Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер




НазваниеҚызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер
страница1/5
Дата конвертации07.02.2016
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/putevod.doc
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





Білім алушы үшін бағдар

сілтеуші кітапша


Қызылорда, 2012


Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер


1.1. Университет туралы қысқаша ақпарат

Толық атауы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті республикалық қазынашылық кәсіпорны

Мемлекеттік лицензиясы: № 0137434 от 03.02.2010 ж.(шектеусіз мерзімге берілген)


Негізі 1937 жылы қаланған, 75 жыл тарихы бар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Арал өңірі мен Қазақстанның Оңтүстік-Батыс аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі салалары үшін білікті мамандар даярлайтын ежелгі Сыр жеріндегі іргелі жоғары оқу орны.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурызындағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.





Университет бакалавриаттың 57 мамандығы, магистратураның 30 мамандығы бойынша мамандар даярлайды.

Үздіксіз білім беруді қамтамасыз ету мақсатында университет жанындағы колледжде орта кәсіптік білімнің 30 мамандығы бойынша мамандар даярлайды.

Университет жанында жалпы орта білімнің 7-11 сыныптарын қамтитын Қазақ-түрік лицейі қызмет етеді.

Университетте білім беру қызметі 5 институт, 1 факультетте және 35 кафедрада ұйымдастырылады. 2 мамандық бойынша мамандар даярлайтын әскери кафедра жұмыс жасайды.

Университет мамандықтары толығымен білікті профессор-оқытушылармен қамтамасыз етілген. Университет кафедраларында 667 профессор-оқытушы бар. Оның 30-ы ғылым докторы, 285-і ғылым кандидаттары, 91-і магистрлер. 36 оқытушы Білім және ғылым министрлігінің жариялаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 10 оқу ғимаратынан, 944 орынға арналған 3 жатақханадан, 7 студенттік асханадан, спорттық сауықтыру кешені мен бірнеше спорт залдарынан тұратын материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Университетте кітап қоры 3 млн. дананы құрайды. Білім алушыларға 920 орындық 7 оқу залы, 2 электрондық зал, 5 абонемент, 2 кітап беру бөлімдері қызмет көрсетеді. Корпоративті желіге университеттегі компьютерлердің барлығы да қосылған. Білім беру үдерісінде қазіргі заманғы ІТ-технологиялары қолданылады.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Еуразия-тынықмұхит университеттері желісінің, Еуропа жоғары оқу орындарының ассоциациясының және Болон процесінің негізін қалаушы Университеттердің Ұлы Хартиясынның, Еуразиялық Университеттер Ассоциациясының толыққанды мүшесі.

Университетте халықаралық жобалар мен бағдарламалар аясында студентер мен профессор-оқытушылар алмасу, қос дипломды бағдарламамен оқыту және магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамасы Канада, Жапония, Малайзия, Корея және Ресейде сәтті жүргізіліп жатыр.



Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында түрлі халықаралық қорлар және орталықтармен, сондай-ақ Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Египет, Оңтүстік Корея, Италия, Қытай, Ресей мен басқа алыс және жақын шетелдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуда.

Халықаралық қатынастарды дамыту аясында университет Еуропа, Азия және Америка елдерінің 60-тан астам жетекші жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар жасаған: Ресей Федерациясының университеттері, атап айтқанда К.А. Тимирязев атындағы МАА, Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы РҒА этнология және антропология институты, Губкин атындағы Санкт-Петербург мұнай-газ университеті, Новосібір мемлекеттік университеті, Омбы мемлекеттік аграрлы университеті, Ухта мемлекеттік техникалық университеті, Украина мемлекетінен Тарас Шевченко атындағы Киев университеті, Корея Республикасынан Андон ұлттық университеті, Каннам университеті, Кангвон университеті, Туркия Республикасынан Ататүрік университеті, Эрзинджан университеті, Түркі әлемін зерттеу Қоры. Екі жақты келісім-шарттардың негізінде магистранттар Ресей Федерациясы, Туркия Республикасы және басқа да мемлекеттерде ғылыми тағылымдамадан өтіп отырады. Корея Республикасының Каннам университеті, Кангвон университеттерімен қос диплом бағдарламасы бойынша студенттер білім алуда.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әр түрлі халықаралық қорлармен және ұйымдармен серіктестік қатынас орнатқан: Еуропалық одақтың «Темпус», «Эразмус Мундус» бағдарламалары, Америкалық халықаралық білім беру кеңестері (Accels), «Білім-орталық Азия» халықаралық зерттеулер және алмасу жөніндегі кеңесі (IREX), Франция елшілігі жанындағы Француз орталығы, «Неміс орталығының Гете институты» өкілдігі, жастардың білім беру Қоры, Білім беру мекемелерінің Ассоциациясы – ЕdNet, Академиялық алмасу жөніндегі DAAD неміс қызметі, Ағылшын тілі мұғалімдері ұйымының ақпараттық орталығы (ETO), Британ кеңесі (British Council).

Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары мен силлабустар оқытушылар мен студенттердің оқу үдерісінде пайдалануларына қолайлы болуы үшін университеттің мәліметтер базасы жинақталған сервері мен білім беру порталына орналастырылған. Университеттің корпоративті желісі арқылы әрбір оқу ғимаратында орналасқан электрондық оқу залдарынан, кітапханалардан, компьютерлік сыныптардан жоғарыда аталған қажетті құжаттарды студенттердің, оқытушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік жасалынған.

Студенттер біліміне ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жүргізу университеттің компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімінің жасаған «Тіркеуші офисі» автоматтандырылған жұмыс орны кешенді бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. «Тіркеуші офисі» автоматтандырылған жұмыс орны кешенді бағдарламасын пайдалану студенттер білімін бағалауда біржақты көзқарас пен сыртқы ықпалдарды болдырмауға барынша мүмкіндік береді.

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың нәтижелерін, ақылы негізде оқитын студенттердің оқу ақысының төленуі жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ, оқу семестрі мен оқу жылының қорытындысы бойынша шығарылған бұйрықтарды әрбір студент және оның ата-аналары университеттің білім беру порталынан немесе оқу ғимараттарында орналасқан «Компьютерлік киосктерден» кез келген уақытта таныса алады.

Университетте студенттердің бос уақыттарындағы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін Студенттер сарайы, 6 спорт залы, 2 тренажерлық зал, студенттер жатақханалары жанындағы студенттер қалашығы, спорт алаңдары қызмет етеді.

Университет профессор-оқытушылары мен білім алушыларының спортқа ден қоюына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасалған. Жалпы ауданы 3294,86 ш.м. болатын заманауи спорттық сауықтыру кешені бар. 21 спорт секциялары үздіксіз жұмыс істейді

Студенттік еңбек жасақтары жазғы демалыс айларында облыс көлемінде құрылыс жұмыстарына, көгалдандыруға белсене ат салысып, жылына студентік құрылыс және «Жасыл Ел» жасақтарына 1000-ға жуық студент өз үлестерін қосып отыр.

Университет студенттері мен оқытушыларынан құрылған «Дидар» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 2008 жылы өткен ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Халық аспаптар ансамблі» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да жалпы құны 200 млн. тұратын «физико-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының іске қосылуы университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыруға мүмкіндік туғызып отыр. Университеттің ғылыми зерттеулері негізінен іргелі және қолданбалы бағытта жүргізіп келеді. Аймақтың экономикалық, мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерін барынша ескеретін зерттеулер де жүзеге асырылуда.

Біздің мекен-жай: ҚазақстанРеспубликасы, 100008, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 «А» 8 (7242) 26-15-46 , факс: 8 (7242) 26-27-14, E-mail: www.korkyt.kz


1.2. Университет кітапханасы


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы - гуманитарлық университет, политехникалық институт, облыстық ғылыми-техникалық кітапханалары қорларынан құралған.

Кітапхана қорында 2 106 667 дананы құрайтын педагогикалық, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, арнайы құжаттар, ағылшын тіліндегі кітаптардың түп нұсқалары, сирек кездесетін әдебиеттер және мерзімді басылымдар бар. Оның: 800 181 данасы кітаптар, мерзімді басылымдар – 261 169, арнайы басылымдар (мөлшерлік-техникалық) – 932 760 және т.б.





Кітапхана гуманитарлық, ғылыми, техникалық және т.б. салалар бойынша 500-ге жуық атау қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдарды жаздырып алады.

Университеттің оқу ғимараттарында, екі жатақханасында - ғылыми-техникалық кітапхананың 700 орындық 7 оқу залы, 5 абонемент, 3 ақпараттық-анықтама бөлімі, 2 электронды зал оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетеді.

Кітапхананың электрондық ресурстары 55 000-нан аса дана СD-ROM дискілер, аудиокассеталардан тұрады. Оптикалық дискілерде электрондық шығармалардың қоры - бұл мультимедиалық үйретуші бағдарламалар, заңға сүйенген деректер қорлары, экономика, тарих, философия, тіл білімі және басқа электронды оқулықтардың жинағы.

Кітапхана РМЭБ (www.rmeb.kz), КазНЭБ (www.kazneb.kz), анықтамалықтар, (www.polpred.com), Британдық академиялық энциклопедия (www.britannica.com) және т.б. электронды кітапханалар базасын пайдалана алады. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап ELSEVIER. (www.elsevier.com) электронды ресурстар базасын пайдалану құқығына ие болды.

Кітапхана түрлі техникамен жабдықталған: компьютерлер, принтерлер, сканер, мультимедиа, аудио-бейне, DVD-аппараттары, телевизор, көшірме аппараттары.

Пайдаланушылардың Интернетке еркін кіру мүмкіндігі бар.

Кітапхананың компьютерлік паркі 55 дананы құрайды.

«РАБИС» бағдарламасы негізінде автоматтандырылған жұмыс орындары арқылы кітапханалық-библиографиялық процестер оңай атқарылады. Екі электронды залда пайдаланушыларға 35 орын толығымен жасақталған.

Кітапхананың негізгі және алға қойған міндеттері:

  • ҚР білім және ғылым министрлігінен келген құжаттарды негізге алып, университеттің ақпараттық қажеттілігін есепке ала отырып, анықтама-ақпараттық қорды толықтыру;

  • университеттің бейініне және кафедралардың ғылыми көзқарасына байланысты басылымдарды насихаттау жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру;

  • оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

  • кітапханалық маркетингті кеңінен енгізу;

  • қорды сақтауды қамтамасыз ету;

  • кітапхана кадрларын дайындауға және біліктілік деңгейін көтеруге ықпал ету;

  • кітапханалық – ақпараттық инновациялық жұмысты жетілдіру.

Кітапхана мәдениет пен рухани байлықтың ошағы болғандықтан университетте сала мамандарын дайындауда, студенттерді патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеуде ғылыми-техникалық кітапханасы үлкен рөл атқарады. Бұл тұрғыда университетте өткізілетін көпшілік іс-шараларға кітапхана қызметкерлері белсене ат салысып отырады.

Кітапханашылар жұмыс тәсілінің әр түрлі формасын басшылыққа ала отырып, университет оқытушы-профессорларымен бірге әртүрлі кештер, конференциялар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған.





Кітапхананы пайдаланудың жалпы ережелері :

Кітапхананы университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері пайдалануға құқығы бар.

Кітапхананың негізгі түрлері ақысыз қызмет көрсетіледі. Университет ректоры бекіткен тізбектер мен прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетіледі. Ақылы қызметтерге мыналар жатады: құжаттар көшірмесі, әдебиеттерді түнге алу, компьютерлік теру, Интернетке шығу.

Әдебиет үйге абонементтерде беріледі. Соңғы немесе бір ғана дана, сондай-ақ «міндетті дана» белгісі бар дана үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залында әдебиетті залдан шығару құқығынсыз пайдалануға болады.

Оқырмандарды кітапханаға жазу үшін төмендегідей құжат қажет:

  • қызметкерлерге – жұмыс орнынан анықтама немесе төлқұжаты;

  • оқушыларға – университетте оқитынын дәлелдейтін құжат немесе анықтама.

Оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай оқырман билеті, оқырман формулярлары толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман оның қағидаларымен танысып, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюымен растайды.

Оқырман билетінің қолданылу мерзімі – бір жыл. Кітапхана жыл сайын өзі белгілеген мерзімде оқырмандарды оларға жазылған әдебиетінің бәрін көрсетуімен қайта тіркеуден өткізіп, оқырман билетін ұзартады. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады.

Кітаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандай да бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кезекші кітапханашыға мәлімдейді. Олай болмаған жағдайда кітапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.

Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарда, кітапхана жарғысы мен оны пайдалану қағидасында көзделген нысанда әкімшілік, заттық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Кітапхана қорынан алынған кітаптарды, басқа да баспасөз туындылары мен материалдарды жоғалтқан немесе оған орны толмас зиян келтірген кәмелетке толмаған оқырмандар үшін жауапкершілікті оны қадағалаушы ата-анасы, асыраушысы тартады.

Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман оны дәл сондай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе кітапхана құны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтейді.





Абонементті пайдалану ережесі:

Абонементте әдебиетті үйге міндетті түрде оқырман билеті арқылы береді.

Әдебиет үйге мына мерзімге беріледі:

    • қоғамдық ғылымдар жөніндегі әдебиет кітап санын шектеусіз бір оқу жылына;

    • оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуден өткізіліп тиісті пәнді оқу мерзіміне;

    • ғылыми және арнаулы әдебиет – 2-3 кітаптан – 30 күнге;

    • көркем әдебиет – 2-3 кітаптан – 20 күнге.

Пайдалану мерзімі егер материалға оқырмандар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы, немесе басылым тек бір дана, немесе сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін.

Оқырман алынған әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.

Сырттай оқитын оқушылар қажетті әдебиетпен сессияаралық кезеңде қамтамасыз етіледі.

Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші оқушысының қол қоюымен тіркеу журналына жазылады. Топ сабағына алынған әдебиет үшін оқытушы жауап береді.




  1   2   3   4   5

Похожие:

Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconІс қАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәні бойынша
Мысалы, тегі, туған күні, туған жері, қызмет орны, жалақысы, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, оқу орны және тағы басқалар туралы мәліметтер....
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер icon6М020100 «Философия» мамандығы бойынша оқуға қабылдау емтиханының бағдарламасы Павлодар
Бағдарлама 2012 жылдың 23 тамызындағы №1080 бұйрығына және мбб сәйкес жоғарғы (жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім беру ммбс көрсетілген...
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер icon2014 Дәріс Тақырып Кіріспе. Қалдық туралы жалпы мәліметтер, олардың құрылымы, классификациясы
...
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconРеферат ы қызылорда, 2012 ж Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
ОҚУ Үдерісінде болашақ МҰҒалімдердің педагогикалық МӘдениетін қалыптастыру (жаратылыстану пәндері негізінде)
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconКурсы 3 Оқу семестрі 6
Жоо студенттеріне құрастырылды, Қр мд оқу-әдістемелік секциясында пән бойынша жоғарғы және жоғарғы оқу орынынан кейінгі білімі «29»...
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconНҰрпейісова эльмира серікбайқызы кіші медицина мамандарын даярлаудағЫ Қызылорда медициналық колледжінің орны
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысы тақырыбы-ның қамтылған уақыты ХХ ғасырдың басы мен ХХІ ғасырдың бас кезі. Ха-...
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconДиссертация 2012 жылдың күні сағат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде мекен-жайы: 120014, Қызылорда қ, Төлеби көшесі, №36, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық»
Төлеби көшесі, №36, 7 оқу ғимараты, «Музыка-педагогикалық» факультеті, 4 қабат, дәрісхана қорғалады
Қызылорда, 2012 Жоғарғы оқу орны туралы жалпы мәліметтер iconПОӘк- авторлары туралы мәліметтер поәК авторлары туралы мәліметтер
В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттеріне арналған. ПоәК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница