Курс – 3




НазваниеКурс – 3
страница4/9
Дата конвертации20.02.2016
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Дүние_жүзілік_география3.DOC
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Халықтар географиясы нені зерттейді.

Жер жүзі халқы қандай принцип бойынша топтастырылады.

Планетада қай тілдік топ бәрінен көп.

«Халықтың биіктік белдеулері бойынша бөлінуі» дегеніміз не

дамыған елдер мен дамушы елдер халықтарының жас құрылымындағы басты айырмашылық қандай

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б


6 дәріс

Тақырыбы: Дүние жүзінің еңбек ресурстары

Дәріс мазмұны:

Өмір сүру деңгейі:

А) денсаулық

Б) өмір сүрудің орташа ұзақтығы

В) білім және мамандану

Г) діндер және олардың классификациясы.

Дәріс мақсаты:Дүние жүзінің еңбек ресурстары туралы түсінік беру.

Халықтың жас құрамы оның өндіруші бөлігін – еңбек ресурстарын көптен-көп анықтайды.Бұл орайда тағы бір категория- материалдық өндіріске немесе өндірістік емес салаға нақты қатысатын адамдарды- экономикалық тұрғыдан белсенді халықты саралайды.

Халықтың, бір жағынан, еңбекке қабілетті бөлігі мен, екінші жағынан, жұмыс істемейтіндердің арасындағы арақатынасты да ескерген маңызды. Оны демографиялық үстеме деп атайды. Дүние жүзінде еңбекке қабілетті 100 адам өздерінің еңбекақысыымен 70 бала мен зейнеткерді қамтамасыз етеді. Дамушы елдерде мұндай көрсеткіш 100- ге 100 – ден келсе, Жапонияда 100-ге 41- ден, Ресейде, Беларусьте, Укринада, Балтық бойы әлемдік орташа шамамен бірдей.

Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігінің үлесі әр елде әр түрлі. Батыстың дамыған елдерінде барлық еңбек ресурстарының шамамен 70 пайызы экономикалық тұрғыдан белсенді. Мұндай жағдай ең алдымен жұмыссыздықпен байланысты. Ол кейде еңбек ресурстарының 10 және одан да көп пайызы болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Халықтың қай бөлігі экономикалық тұрғыдан белсенді деп аталады.

  2. Ауыл шаруашылығындағы халық санының азаятыны неліктен.

  3. қазіргі әлемдегі жұмыссыздықтың ауқымы қандай

Әдебиет: 1., 6


7 дәріс.

Тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция.

Дәріс мазмұны: 1. Ғылыми-техникалық прогресс және ғылыми-техникалық революция.

2. Ғылым ҒТР құрамды бөлігі.

3. ҒТР кезеңіндегі техника және технология.

Дәріс мақсаты: Ғылыми техникалық революция ерекшеліктерімен таныстыру, ғтр термині, ондағы ұқсас ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру.

1. Ғылыми-техникалық прогресс және ҒТР бір жоспардың ұқсас ұғымдары саналады.

ҒТП-тің уақыт шегі жөнінде ғылымда келісілген пікір жоқ.

КТП-тің уақыт амалымен сипаттасақ, оның алғашқы революциясы ретінде әдетте неолиттік реяолюцияны алады, ол б.э.д. мың жыл бұрын болған. Ал уақыт амалын тарылтып қарасақ осындай революциялар XVIII-XIX ғғ. өнеркәсіп революциясынан басталады, жие жағдайда оны өнеркәсіп төңкерісі деп атайды.

Өнеркәсіп революцияның маңызы қол еңбегінен машина өндірісіне ауысады. Сондықтан оны өнеркәсіп деп атайды. Өйткені ол өнеркәсіпке қатысты болды.

ҒТР бірнеше анықтамалары бар, бірақ бір-бірінен олар өте ерекшеленбейді. ҒТР дегеніміз ғылымның қоғамдық өндірістің дамуының негізгі факторына айналуының негізінде өндірістік күшретдің түгел, сапалы өзгеруі. Оның құрылымы өте күрделі, оның символдары ретінде ЭЕМ, космос кемесі, АЭС, телевизор, Интернетті санауға болады.

Ю.В.Яковец ХХ ғ екінші жартысында ҒТР-ны екіге бөлді: бірінші ҒТР дамыған елдерге қатысты; ол үш басты Ғт бағытқа бөлінеді: 1) атом қуатын игеру; 2) кванттық электроника, лазер техникасын жасау; 3) кибернетика және есептеуіш техника. Екінші ҒТР, оның ойынша ХХғ соңғы 15 жылында пайда болды – оның орталығы болып басқа үш бағыт саналады: 1) микроэлектроника; 2) биотехнология; 3) информатика.

2. ҒТР дәуіріндеғылым өндірісті, техниканы, экономиканы, саясатты, білімді тесіп өтетін адам іс-әрекетінің саласына айналды. Әсіресе ол техника және өнеркәсіппен өте тығыз байланысты. Ғылымды екі тұрғыдан талдауға болады: 1) білім жүйесі; 2) адам іс-әрекетінің, еңбегінің түрі ретінде.

Ғылым расында да күрделі білім жүйесі, оны ғылымтану атты арнайы бағыт зерттейді. Ғылымтану тұрғысынан ғылымның үш басты міндетін бөлуге болады: 1) таным-теоретикалық негізгі заңдылықтарды тану, ғылыми теорияларды ойлап табу, зерттеулер жүргізу; 3) қолданбалы міндет –«ғылым-практика» жүйе астының дамуымен көрсетілген; 3) мәдени-ағартушылық міндет, білім берумен байданысты.

Адам іс-әрекетінің түрі ретінде ғылымды екі көрсеткіш бойынша сынауға болады: еңбек жасау және көлемі

Ғылымда еңбек жасау үшін ғылыми-техникалық персонал қажет, оның ішінде 3 басты топ бөлінеді.

  1. зерттеушілер, яғни, ғалымжәне инженерлер

  2. ғылыми қызмет көрсету персоналы, техниктер, зертханашылар, программистер

  3. көмекші әкімшілік – шаруа персоналы

ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша дүние жүзінде ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне шамамен 8,2 млн адам бас қосқан, соның ішінде батыс елдерде -4,7 млн, даму үстіндегі елдерде - 1,9 млнб өтпелі экономикасы бар елдер -1,6 млн адам.

Ғылымға деген шығынның көлемі жыл сайын өсуде.

Техника сөзі – қоғамның өндірістік емес сұранысына және өндірістік үрдісті жасау үшін құралдары жиынтығы. Технология – шикізатты өңдеу үшін әдіс-амалдар жиынтығы.

Техника және технологияның пайдалану саласы әр түрлі болады. Техника және технология саласы бойынша да емес, мақсаты бойынша да бөлінеді. 1) еңбекті қорғау және сақтау міндеті; 2) ресурсты қорғау міндеті; 3) табиғатты қорғау; 4) ақпараттық міндет;.

Даму деңгейі бойынша соңғы бағыт ең алда.

Жаңа техника және технологияның маңызын дара салаларда көрсетуге болады.

Ең алдымен ол өнеркәсіпке қатысты. Өңдеу өнеркәсібінде мысал ретінде машина жасау: механикалық амалдардан (тесу, кесу) – механикалыө емес амалдарға ауысу (электромеханикалық, плазмалық, лазерлік).

Ауыл шаруашылығында топырақты өңдеудің жаңа технологиялары енуде. Сонымен қатар, жаңа техника және технологиялар көлік, өндірістік емес салағада енуде.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

Ғылыми-техникалық революция деген не

ҒТР дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымына қандай ықпал жасайды.

Ғылыми-техникалық революция дәуірінде өндірістің орналасу факторларының әрекеті қалай өзгереді.

Ғылыми техникалық прогресс және ғылыми- техникалық революция деген ұғымдардың бірінен – бірінің айырмашылығы қандай.

20 ғасырда өндіргіш күштерді орналастыруда ресурстық факторлардың рөлі қалай және неліктен өзгерді.

Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира, 1 б


11 кредит сағат

8 дәріс

Тақырыбы: Елдердің дифференциясы мен аймақтық география

1. Елдер дифференциациясы критериилері

2. Дүние жүзінің өркениетті елдері.

Дәріс мақсаты:аймақ және аймақтық география деген не сонымен ірге дүние жүзінің өркениетті елдерімен танысу

«Аймақ» деген сөз көбіне континенттерді, олардың тұтас бір бөліктерін қамтитын ұлан-ғайыр аумақтарды атау үшін қолданылады. Аймақтық география деген сөз нақ содан шыққан.Ол қазіргі дүние жүзінің алуан түрлі бейнесін аймақтық тұрғыдан, яғни дүниенің ірі-ірі құрамдас бөліктерінің даралық ерекшеліктерін ескеріп қарастырады.

Жер шарын аймақтарға әр түрлі етіп бөлуге болады.Бұлай бөлудің қандайы болса да, біздің ойлауымыздың өнімі болғандықтан, шартты сипатта болады. Осы таяуда өткен уақытта ғана бүкіл дүние жүзінің қарапайым түрде Ескі және Жаңа дүние деп бөлінгенін еске түсірсе жеткілікті.

Аймақтық географияны оқып –үйрену барысында мынандай сұрақ туындамай қоймайды.: қазіргі заманғы дүние жүзін қай аймақтар бойынша танып-білу керек-тарихи-географиялық аймақтар бойынша ма, не қоғамдық –экономикалық аймақтар бойынша ма? Планетаның жекелеген бөліктерінің табиғи ерекшелігін, сондай-ақ оларды мекендейтін халықтардың тұрмысының, дәстүрлері мен мәдениетінің ерекшеліктерін таптықмүдделер тұрғысынан танып білуге бола ма?

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

1.Қазіргі әлемді қалай танып-білген жақсы

2.Оны қандай ірі-ірі аумақтық бірліктерге бөлуге болады

3.Әр түрлі халықтар мекендейтін аумақтардың ішкі бірлігінің дәрежесі қандай факторларға байланысты.

Әдебиет:


5 апта.

13 кредит сағат.

9 дәріс.

Тақырыбы: Дүние жүзілік шаруашылық.

Дәріс мазмұны:

1. Дүние жүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы.

2. Дүние жүзілік шаруашылықтың кеңістік құрылымының моделі.

Дәріс мақсаты: Дүние жүзі шаруашылық орталықтары таныстыру, шаруашылық құрылымдары, еңбектің бөлінісі білу.

Дүние жүзілік шаруашылық

  1. Дүние жүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы.

  2. Дүние жүзілік шаруашылықтың кеңістік құрылымының моделі


1. Шаруашылықтың салалық құрылымы деп еңбектің бөліну нәтижесінде тарихи түрде пайда болған бөлшектердің жиынтығы. Оны пайыздық көрсеткіштермен есептейді.

Салалық құрылымды зерттеген кезде оның 3 деңгейін бөледі: макро-, мезо-, және микро деңгей.

Дүние жүзілік шаруашылықтың макро құрылымы - ең ірі және маңызды ішкі пропорцияларды көрсетеді. Өндірістік және өндірістік емес салалар арасында, өнеркәсіп және ауылшаруашылық арасында. Дәл осы пропорциялар ең алдымен әрбір елдің халқы аграрлы, индустриалды немесе постиндустриалды даму деңгейіне тіркей алады.

Индустриалдыдан бұрынғы деңгейде экономиканың құрылымы аграрлы болды, индустриалды кезеңде индустриалды, ал постиндустриалды кезеңде – постиндустриалды кезең болып саналады.

Шаруашылықтың макросалалық құрылымының аграрлы түрі индустриалдыдан бұрыңғы кезеңде ауыл шаруашылығы басым болды. Индустриалды кезеңде оның маңызы төмендей берді, ал постиндустриалды кезеңде оның рөлі мүлдем төмен болады.

Шаруашылықтың макросалалық құрылымының индустриалды түріне өнеркәсіп және құрылыстың үлесі зор, ал постиндустриалды түрі ҒТР кезеңінде пайда бола бастады. Оған тән қасиет өндірістік және өндірістік емес сала арасындағы сәйкессіздік, әсіресе соңғыға қарай басым болуы.

Өндірістік салаға қарағанда өндірістік емес салаға халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін қажеттііс-әрекеттер жатады: білім, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, қаржы, мемлекеттік басқару және қорғаныс.

Дүние жүзілік шаруашылықтың мезоқұрылымы - өнеркәсіп, ауылшаруашылығының қызмет көрсету салаларының ішінде пайда болатын пропорция.

Сөйтіп, дүние жүзілік өнеркәсіп құрылымында ҒТР әсерінен өндіру үлесі өңдеу үлесіне қарағанда төмендей бастады.

Қызмет көрсету -63%

Өнеркәсіп – 32%

Ауылшаруашылық 5%

Микроқұрылым ең алдымен өнеркәсіп саласында кездеседі. Бірінші қатарға машина жасау, химия өнеркәсібі шығады – электронды-есептеуіш техника, автоматизация құралдары, аэрокосмостық, лазерлік техника, атом энергетикасына жабдық және т.б. Бұлардың барлығы ҒТР «каталогтары» саналады.

2. Дүние жүзілік шаруашылықтың даму барысында оның салалық құрылымы ғана өзгеріп қана қоймай, оның кеңістік құрылымы да өзгереді.

Ғылыми әдебиетте дүние жүзілік шаруашылықтың кеңістік моделінің 3 мүшелі түрі бар.

Екі мүшелі модель экономикалық тұрғыда дамыған және дамушы елдер болып бөлінуге негізделген, яғни Солтүстік елдері және Оңтүстік елдері.

Үш мүшелі модельде негіз ретінде экономикалық тұрғыда жоғары дамыған елдер арасындағы, дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдер арасындағы қатынас.

Көп мүшелі модель көптеген елдер арасындағы қатынас.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ауқымы көбіне неге байланысты.

Шаруашылықты біртұтас организм етіп байланыстыратын не

Елдердің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы олар үшін қай тұрғыда тиімді болып шығады.

Дүние жүзілік шаруашылықтың құрылымы қандай.

Дүние жүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы дегеніміз не


Әдебиеттер: Максаковский В.П. Географическая картина мира.


10 дәріс

Тақырыбы: Европалық одақ қалыптасу тарихы мен дамуы.

Дәріс мақсаты: Европалық Одақтың қалыптасу тарихы мен дамуы мен таныстыру.


Әдебиет. 4


11 дәріс.

Тақырыбы: Дүние жүзілік ауыл шаруашылығы.

Дәріс мазмұны: 1. Ауыл шаруашылық саласына түсініктеме.

2. Дүние жүзінің өсімдік шаруашылығы.

3. Дүние жүзінің мал шаруашылығы.

Дәріс мақсаты: Ауыл шаруашылығы ерекшіліктерімен таныстыру.

1. Ауыл шаруашылық өнеркәсіптен кейін екінші орында тұр. Неолит революциясы кезеңінде пайда болған, соңғы мың жылдықтарда материалды әл-ауқаттылықты табудың негізгі түрі болып саналады. Осы уақыт арасында ол көптеген даму кезеңдерінен өтті және олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Қазіргі кездің дүние жүзілік ауыл шаруашылығының масштабы жөнінде келесі мәліметтер айтады. ХХғ. 80 жылдарының ортасында ауыл шаруашылықтың дүние жүзілік экономикалық тұрғыда белсенді халықтың еңбекке қатысуындағы үлесі 50%-дан төмен болды. Сонда да ол ең үлкен болып саналды. Осы салада еңбек ететін халықтың санымен әлі де бір де бір сала бәсекелес бола алмайды.

Ауыл шаруашылық түрлері көптеген салаларға қарағанда өте көп, ол ең алдымен:

  • специализациясына

  • тауарлық деңгейі

  • өндірістік белсенділік деңгейіне байланысты

Батыстың экономикалық тұрғыда дамыған елдерінің ауыл шаруашылығына капиталистік өндірістік қатынастар тән. Негізгі өндірістік бірлік ретінде көптен бері жанұялық ферма саналады. Оның орташа көлемі жергілікте орташа тарихи, әлеуметтік, табиғи жағдай және специализацияға байланысты. Австралияда ол 1,8 мың. Га, АҚШжәне Канадада шамамен 200 га, Батыс Еуропада 17 га, Жапонияда 2 га.

Ұсақ және орта фирмалардың сан жағынан басым болғанымен негізгі тауар өнімінің бөлшегін ірі фирмалар береді. Батыс елдері үшін тұтыну немесе тұтыну-тауар бағыты тән саналады. Сондықтан олардың ішінде тауар ауыл шаруашылығының өте дамыған және ол келесі түрлерге бөлінеді.

  1. жайылымдық мал шаруашылық (ранчо);

  2. суармалы жер шаруашылығы жайылымдық мал шаруашылығымен;

  3. тын жерлері бар экстенсивті жер шаруашылығы;

  4. тын жерлері бар экстенсивті жер шаруашылығы мал шаруашылығымен;

  5. экстенсивті жер шаруашылығы дақыл ауыстыру айналымымен;

  6. бақ, бақша;

  7. азық өсіру мал шаруашылығы

Осы жаңалықтардың барлығы агро-өнеркәсіп кешенінің пайда болуына әсер етеді. Ол өз құрамына 3 саланы енгізеді: 1) ауыл шаруашылық үшін өндіріс құралдарын өндіру (машина, химикат, дәнді-дақыл), 2) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, 3 өнім тасымалдау, өңдеу және сату.

Соңғы он жылдықтарда Батыс елдерінде агробизнес пайда болды. Олардың орталығын Транс-Ұлттық корпарациялар құрайды.

Даму үстіндегі еледрдегі ауыл шаруашылық басқа түрде берілген. Ең алдымен оған дәстүрлі және қазіргі түрі тән.

Дәстүрлі секторға даму үстіндегі елдердің көпшілігі жатады, оған қатысты: Латын Америкада 100млн адам, Африкады 300млн адам, Азияда 800 млн адам. Ауыл шаруашылығының қазіргі секторы – ірі капиталистік өндіріс. Ең алдымен ел плантациялармен көрсетілген.

2. Жер халқын азықпен қамтамасыз етудегі басты рөл әрине өсімдік жер шаруашылығы болып саналады.

Өсімдік шаруашылығында бірінші орында бидай дақылдарына тиесілі. Дүние жүзілік бидай шаруашылығының сипаттамасы 4 құрамды бөлшектен тұрады: 1) егін алқаптары, 2) валдық жинау, 3) халықаралық сауда, 4) тұтыну.

Бидай дақылдары астындағы егін алқаптары қазіргі кезде 650 млн га, яғни барлық өңдеу үстіндегі жердің 45% құрайды.

Кейбір елдерде бұл үлес одан да жоғары. Мысалы, Ресейде, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, АҚШта бидай егін алқаптарынан 50-60%, Польша, Венгрия, Румынияда 60-65%, Германия, Вьетнамда – 80%, Японияда 90% құрайды.

Егіс алқаптарының ең көптеген үлесін негізгі үш бидай дақылы алып жатыр. Бидай (215млн га), күріш (155млн) және жүгері (140 млн) га.

Бірақ бидай дақылдарының басты маңызды рөліне қарамастан өңделу үстіндегі жерлердің жартысы техникалық дақылдармен егілген. Құрамы бойынша келесі түрлерге бөлінеді: майлы, секер, тамырлы, есіртке және дәнді.

Майлы: соя, шағу, арахис, ранс, кунпут, мақта, оливки, пальма. Олардың басты өнімі – дәндері. Басты дақыл ретінде соялық дақылдар саналады. ХХғ ортасына дейін сояның ең ірі және жалғыз өндіруші елдері АҚШ және Қытай саналған, ал қазір 40 елде өңделеді. Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдері импорттайды.

Секер қамыы – жылу сүйгіш, көп жылдық дақыл. Оның басты өндіруші елдері – Бразилия, Үндістан; Куба, қытай; Мексика, АҚШ, Австралия; Тайланд, Колумбия. Секер свекласы - Украина, Ресей, Франция, АҚШ, Германия, Италия, Польша, Турция, Қытай, Ұлыбритания, Испания.

3. Мал шаруашылығы – дүние дүзілік ауыл шаруашылығының басты екінші саласы. Бұл саланың құрамында бірнеше сала астын бөлуге болады: ІҚМ өсіру, шошқа, қой, ешкі, буйвол, жылқы, түйе, бұғы, есек, түйеқұс, ара өсіру.

Басты сандық көрсеткіші ретінде – мал басын санйды. Дүние жүзінің жалпы саны - 4,5 млрд құрайды.

Мал басы үш негізгі мал түрі арасында саналады: ІҚМ, қой, шошқа.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Курс – 3 iconИнтеллектуальные системы в гуманитарной сфере
Курс рассчитан на пять семестров. Он начинается в 5 семестре (3 курс) и заканчивается в 9 семестре (5 курс). Таким образом, изучение...
Курс – 3 iconКурс лекций по макроэкономике А. А. Фридман
Особенность предлагаемого курса в том, что он соединяет в себе вводный курс и курс промежуточного уровня по степени охвата материала,...
Курс – 3 iconКурс – 3
«География» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 3-курс студенттерге арналған
Курс – 3 iconКурс – 1
«География» мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын 2-курс студенттерге арналған
Курс – 3 iconКурс – 4 Семестр –8
Курс бағдарламасы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.ҚР ғылым және білім министрлігі 11. 05. 2005 №289
Курс – 3 iconКурс – 3
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Туризм» мамандығы студенттеріне...
Курс – 3 iconПәннің оқу-әдістемелік кешені. Курс – 3 Семестр – 6 Кредит саны – 3
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Курс – 3 iconКурс – 3
Курс бағдарламасына (Sillabus) 200 / 200 оқу жылында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Курс – 3 iconКурс – 3
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекетік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес 050507 «менеджмент» мамандығы...
Курс – 3 iconКурс – 1 Семестр – 1,2 Кредит саны 2
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде (Астана қаласы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница