Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх




Скачать 113.68 Kb.
НазваниеҚмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх
Дата конвертации20.02.2016
Размер113.68 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/MPD/1 kurs/EUR/kaz/lec/8.doc
ҚММУ Ф 4/3-04/01

ҚММУ БЕ 4/02

2007ж. 14 маусымдағы қаз ММА

жанындағы ОӘК №6 НХ




Қарағанды мемелекеттік медицина университеті

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы




ДӘРІС


Тақырыбы: «Тұрақты даму концепциясы. Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және тұрақты даму.».


Пән: «Экология және тұрақты даму»

Мамандығы: 5 В 110400 «Медико-профилактикалық ісі»

Курс: бірінші

Уақыты: 1 сағат (50 минут)


Құрастырған: ___________ Жакетаева Н. Т.


Қарағанды 2012

Жалпы гигиена, экология курсының

отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № 11, 01.06.2012ж.


Жалпы гигиена, экологияға жауапты _______ Калишев М.Г.



  • Тақырыбы «Тұрақты даму концепциясы. Қазіргі кездегі экологиялық проблемалар және тұрақты даму»

  • Мақсаты: Тұрақты даму концепциясын және қазіргі кездегі жаһандық әлеуметтік экологиялық мәселелерді түсіндіру

  • Дәріс жоспары

  1. Жаһандық экологиялық проблемалардың қалыптасуы.

  2. Жаһандық экологиялық проблемалардың шешілу жолдары.

  3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қалыптасқан әлеуметтік- экологиялық мәселелер.

  4. Демографиялық мәселелер және оның салдары.

  5. Экологиялық мониторинг.

  6. «Тұрақты даму» концепциясы.



Қазіргі кезде соғыс қауіпінен кем түспейтін проблеманың бірі – экология. Адамзат экологиялық апаттың құзар шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Сондықтан бүгінгі таңда паналап отырған планетамызды ажалдан арашалап қалу адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз. Бүгінде жер бетінің бірі шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға әсер етеді.

Соның ішінде Арал проблемасы ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнге 20 мың шаршы шақырымға жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданға таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі мұздықттарды да еріте бастады.Бұдан келіп сол таулардың құзар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң тозаң болады.

Жалпы деректер бойынша жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде экология әсерінен болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір әлемде жүрек талмасы, ми-қан айналымының бұзылуынан, ақыл-естен айырлатын аурулардың саны өршей түсті.

Күні кеше осы Арал проблемасын елбасымыз Н.Назарбаев тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мәселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мұның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан “Арал тағдыры-әлем тағдыры” деуге де артық емес.

Қоршаған ортаның жағдайы жөнінен Шығыс Қазақстан республикасының ең ластанған аймақтарының бірі және ол қазір де сол күйінде қалып отыр. Осыған орай “Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы”, “Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясында” және облыс әкімінің үстем-сіздігі жылдың ақпан айындағы шешімінде көзделген міндеттерді жү-зеге асыру деңгейінде облыс экологтары қоршаған ортаның ластануын азайту, осының арқасында жағдайды бірте-бірте тұрақтандырып, жақсартуға алып келетін өте маңызды экологиялық жұмыстарды жүзеге асыруда.
Шығыс Қазақстан обылысының табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және қорғаудың 2001-2005 жылдардарға арналған аймақтық экологиялық бағдарламасын жасау жолында атқарылып жатқан шаралар - сол жұмыстардың бірі ғана. Осы мақсатта обылыстық қоршаған ортаны қорғау қоры бағдарламны жасаумен тікелей шұғыл-данатын мекемені таңдауда мақсатында тендер өткізді. Осы беәсекеге қатысқан бірнеше үміткер мекемелердің ішінде ВНИИ цветмет ғылыми зерттеу институтының ұсынған жобалары басқаларынан озық деп танылып, аталған бағдарламаны жасау құқығына ие болды. Ал бұл инститтың тау-кен өндірісі және түсті металлургия проблемаларымен көп жылдардан бері табысты шұғылданып келе жат-қандағы көпшіліке белгілі .

Жер-Ананың қазіргі жағдайы, оның түкпір-түкпіріндегі экологиялық өзекті мәселелер адамзаттың қатты алаңдатуда . Атмосфераның ластануда термині батыс елдерінде өткен ғасырда-ақ пайда болған. Қазір бұл түсінік бүкіл әлемді шаралап кетті. Күн сайын жер бетінен жануардың бір түрі , өсімдіктің бір түрі келмеске кететінін айтудың өзі өте қорқынышты. Дүниежүзі бойынша орман аумағы азайып , шөлге айналу қаупі ұлғаюда өзен, көл, мұхит өндіріс қалдықтармен ластануда, ғаламдық экологияляық апатты адам өз қолымен жасауда. Біріккен Ұлттар Ұйымының экологиялық бағдарламасында : Жер-Ананы аялау–бүкіл адамзат борышы.

Табиғатқа деген мұндай сұраныс еш уақытта болған емес ,- деп айтылуы тегін емес .

Туған жерімізде де экологиялық проблемалары бар аймақтар жетерлік : қалалар ауасы, топырағы, көлі, тағы басқалары. Өзіміз өмір

Сүріп ауасын жұтып отырған сәулетті Алматы қаласының ауа бассейінінің экологиялық жағдайы да түйінді шешімді қажет ететін өткір де өзекті мәселе . Қалада ауа құрамындағы улы газдардың 80 процентті автокөлік үлесіне тиеді, оның 30 проценті қала топырағына сіңеді.

Әсіресе, жас балалар, сәбилер үшін таза ауа тапшылығы жанға батады.

Еліміз егеменді алғалы әр түрлі салаларда енген өзгерістерімен қатар, оқу процесінде де көптеген өзгерістер болады. Орта білім жүйесін-де де экологиялық пәндерді тереңдетіп оқытатын мектеп , лицей, гимна-зиялар ашылып жұмыс істеп жатыр, мұның өзі қазіргі жағдай сұранысынан туған қажеттілік себебі экологиялық мәдениетті білу эко-логиялық сауатты болу ең өзекті мәселенің бірі. Қоршаған орта- табиғат Екінші ана, адамға пана тербететін бесік. “Табиғат- тал бесігің “- дейді халық даналығы . Кез келген ақын жазушы немесе суретші ешқашанда табиғаттан жырақ кеткен емес. Олар табиғатқа етене жақын, одан нәр алып, өз шығармаларына арқау еткен. Табиғат олардың серігі , досы, жұбанышы, сырласы іспетті. Бір кезде Италияның ұлы суретшісі Леонардо до Винчи де “Ұстаздардың ұстазы- табиғатты өзіме тәлімгер тұттым’’- деген. Сол себепті менің ойымша , экологиялық тәрбиені бала ес біле бастағаннан бастау керек. Мысалы : ағаш жапырағын, гүлді жұлма, талды сындырма тағы басқа сияқты, суды ластама- дегенді күн

Де айтып , сонда әр бала жүрегінде қоршаған ортаға, айналаға деген сүйіспеншілік , жаны ашушылық сезімдер ұялап өседі. Адамзат егер экологиялық сауаттырақ болғанда, ерте ойлағанда Арал қазіргі күйге түспеген болар еді, Каспий, Балқаш мәселелері адамзатты алаңдатпас еді. Қоршаған ортаны аялау, қорғау, сүю сезімдері әр адамзаттың борышы.

Жануарлар жайлы экологиялық халықтық қағидалар.

Әрбір халықтың тұрмысы тіршілігі, өмір салты және жалпы дүниетанымды тікелей табиғатпен өзектес әрі тамырлас болып келеді.

Қазақ халқының ежелден-ақ табиғаттың аясында өскені тарихтан белгілі, сондықтан да халқымыздың ет жүрегі елжіреп Жер-Ана, Отан- Ана, Табиғат- Ана деген сөздерді тебірене айтуында да терең ұғым жатыр. Өзін табиғаттың төл баласы сезінген халқымыз Табиғат-Ана алдындағы перзенттік парызына аса бір жауапкершілік сезіммен қарап табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиетін ұрпақтан- ұрпаққа өсиет сөздері арқылы қалдырып отырды. Табиғатты аялау , оған көздің қарашығындай қарап үнемі қамқорлық жасап келуі халықтың санасына сіңіп қалған экологиялық асыл мұралардан айқын көрініс тапқан. Осындай асыл мұралардың бір саласы байтақ жерімізді мекендеп тіршілік еткен жабайы түз тағдыры жайлы екендігін айрықша атап өтті.

Жалпы адам баласы өзінің ең алғашқы тіршілік еткен күнінен бастап аң аулаумен айналысқаны баршаға мәлім. Байтақ өлкеміздің көгілдір көк айдында өзен- көлдер , ну тоғайлы жасыл желекті ормандарында, жазиралы жазық далалы аймағында, асқақ та асқар зеңгер тауларында сан алуан қаншама түрлі баға жетпес байлық көзі саналатын жан- жануарлар мекен етіп, ұрпақ өргізіп, жайлы қонысы мен бейбіт өрісінде таныс- тіршілігін жалғастырып өз ырыс-несібесін адамдармен бөлісіп жатқандығын халықтық экологиялық қағидаларын айқын көруге болады.

Жануарларға байланысты халықтық экологиялық қағидалардың бір тобы - жануарларға қажетті табиғи орта жағдайының өзгеруі сол жануарға қауіпті екендігін де айқын ұғымдар арқылы дәл айтқанын көруге болады.

Халықтың экологиялық қағидаларға ғылыми тұрғыдан зер салып зерделей білсек, әрбір ұғымның өзінде танымдық терең мағына мән жатыр. “Төрт аяқты жануар- жер бетінің жарығы”- деген ұғымдар жер бетіндегі жануардың да өз орны барлығына , табиғаттың бөлінбес бір құрамды бөлігі екендігіне мысал бола алады.

Қала экологиясы.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологилық жүйегі түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп, келеді. Яғни өзімдің еліміздің ішінде ос «урбандалу» жағы өте күрделене түседе. Осы термин кейінгі жылдары көптеу қолданұда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. Урбанизм немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процессінің күшейуіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салұ мен тын және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны,оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 есе ден артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы , Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 тан аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрире бүгінгі проблемалардың біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техника бет бұрұда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда.Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды.Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнер шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанар-жағар майлармен жүруі атмос-ферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күиіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады.Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады.

Экологиялық мониторинг.

Мониторинг- “monitor” латын тілінен аударғанда еске салушы, алдын ала ескерту деген мағына білдіреді . Биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың комплексті жүйесі .

Қазақстан Республикасының табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде жаңа бөлім экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингінде мемлекеттік басқару жұмыстарын жүргізіледі. Біздің республиканың пайдалы қазбаларының мемлекеттік кадастрлары жасала бастады. Зиянды заттар , радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген. Экологиялық мониторинг жүргізу үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:

1.Атмосфераны ластаушы көздердің кадастры.

2.Суды ластаушы көздердің кадастры.

3 . Шайынды суларды ағызу жіберу кадастры.

4. Зиянды заттарды көму кадастры.

5. Қазақстан Республикасының бір тұтас жиындық кадастры.

Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударылатын мәселелер:

1. Мұнай өндірудің нәтижесінде мұнаймен ластану.

2. Магистралды су жүйелерінің :Ертіс, Нұра, Оралдың суларының ластануы.

Экологиялық мониторинг өзінің негізгі мақсаты қоршаған ортаның жалпы күйін бақылаумен және қадағалаумен қоса , жергілікті мақсатта да қызмет етеді.

Қалалардағы атмосфера ауасының мониторинг жүйесіне байқаудың үш түрі бар.

  1. Стационарлық

  2. Маршруттық.

  3. Жылжымалы күзет орындары.

Стационарлық күзет орындарын арнайы павильондармен жабдықтайды.

Маршруттық күзет орындары ауадан сынама үлгі алуға және метеорологиялық бақылауға арналған.

Жылжымалы күзет орындары өнеркәсіп қоқыстары тасталатын аймақта, ластайтын заттардың концентрациясын бір рет байқау үшін қызмет етеді.

Тұрақты даму туралы түсінік.

«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруда қауіпке қоймайтын даму түрі.

1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-Де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықты.

Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.



    • Көрнекті құралдар: кестелер, слайдтар.




    • Әдебиеттер:

Негізгі:
  1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: Учебник для медицинских ВУЗов и колледжей. Алматы , 2002. – 260 с.

  2. Медицинская экология: Учеб. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений / А.А.Королев, М.В.Богданов, Ал. А.Королев и др.; Под ред. А.А.Королева. – М.: Издательский центр «Академия», 2003 – 192 с.

  3. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

  4. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

  5. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

  6. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

  7. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

  8. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

  9. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

  10. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.



Қосымша:

  1. Барлыбаев Х.А. Пути человечества: самоуничтожение или устойчивое развитие // Устойчивое развитие. - 2003. - № 2. - С. 3-5.

  2. Гирусов Э.В. Экология и экономика природопользования. М., 2000, 293с.

  3. Демина Т. А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды: Пособие. - М.: Аспект Пресс, 1998.

  4. Закон об охране атмосферного воздуха (2002).

  5. Закон РК «Об охране окружающей природной среды» (1997).

  6. Закон об экологической экспертизе (1997).

  7. Миллер, Т. Жизнь в окружающей среде: Пер. с англ. В 3 т. Т. II. / Т. Миллер; Под ред. Г.А. Ягодина. - М.: Прогресс-Пангея, 1994.

  8. Никаноров А.М. Глобальная экология. Учеб. пособие / А.М. Никаноров. Т.А. Хоружая. - М.: ПРИОР, 2000, 286с.

  9. Никитин А.Ф., Жоголев Д.Т., Печенев В.Н. Основы общей экологии, экология человека. - С-Пб. - 1997. - 68с.

  10. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Учеб. пособие для вузов - М., Агентство «ФАИР», 1998, 320с.

  11. Платонов Г.В. Диалектика взаимодействия общества и природы. - М.: МГУ, 1989.

  12. Реймерс, Н.Ф. Охрана природы и окружающей человека среды: Словарь-справочник. / Н.Ф. Реймерс. – М.: Просвещение, 1992, 320с.

  13. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. - Алма-Ата, 1991, гл. 3.




    • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Жаһандық экологиялық проблемалардың қалыптасуы.

  2. Жаһандық экологиялық проблемалардың шешілу жолдары.

  3. Қазіргі кездегі Қазақстанның әртүрлі аймақтарында қалыптасқан әлеуметтік- экологиялық мәселелер.

  4. Демографиялық мәселелер және оның салдары.

  5. Экологиялық мониторинг.

  6. «Тұрақты даму» концепциясы.

Похожие:

Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconҚмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх
Тақырыбы: «Топырақты ластаушы көздері және ластану сипаты. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтары»
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconБарлығы – 135 сағат Орал
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Органикалық химияның теориялық негіздері» типтік оқу бағдарлама негізінде. 5В011200 «Химия» мамандығы...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх icon2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Ракалды жағдайды анықтаған бетте науқасты дереу онкологқа бағыттау керек. Қатерлі ісіктерді неғұрлым ерте анықтап, оған дер кезінде...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconБарлығы – 87 сағат Орал
Пәннің оқу әдістемелік кешені 050508 Есеп және аудит мамандығының мббс және 04. 07. 2007ж. БҚму-ң ОӘК-ң шешімімен бекітілген және...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconАЛҒЫСӨЗ
Сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған тәжірибелік оқу құралы ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот академиясы...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх icon«Қош келдің, Наурыз!» байқауы
«Ақ шағала» шағын орталығы, Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы жанындағы «Балапан» шағын орталығы, «Мейірбике» медициналық...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconҚмму өӘК төрағасы м.ғ. д., профессор В. Б. Молотов-Лучанский
Молотов-Лучанский Вилен Борисович – м.ғ. д., ҚМму оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх icon1. 2 Менеджмент және маркетинг кафедрасы
ОӘК экономикалық мамандықтар бойынша дайындалатын студенттерге арналған. ОӘК оқу уақытын тақырыптар мен оқу сабақтарын, студенттердің...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconПедагогикалық Қызметкерлердің ҚЫСҚа мерзімді біліктілікті арттыру курсының ОӘк дайындау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Осы Талаптар біліктілікті арттыру курстарының ОӘК дайындау мен рәсімдеуге қойылатын бірыңғай амал тұрғысынан келуді қамтамасыз ету...
Қмму бе 4/02 2007ж. 14 маусымдағы қаз мма жанындағы ОӘК №6 нх iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк терминология комиссиясы туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница