Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013




Скачать 191.16 Kb.
НазваниеКурсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013
Кусаинова К Т
Дата конвертации20.02.2016
Размер191.16 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sirius.ssmu.kz/fs/_14/02/07/52f4848a1672c.doc

G-041.07.05.23-2013


Силлабус

Бакалавриат МЖМБС

1 бас.

Бет тен





СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КафедраСЫ


Силлабус

бакалавриат МЖМБС




Пән: Медициналық биофизика

Пәннің коды: МВ 1112

Мамандығы: 5В110400- «Медициналық-

профилактикалық іс»


Оқу сағатының/кредиттің*көлемі 45 (1 кредит)

Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр


Семей 2013

Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды

Медициналық биофизика пәні бойынша Типтік оқу бағдарламасының негізінде


Автор: Кусаинова К.Т.


_____ ____________201_ кафедра отырысында талқыланды №____Хаттама


Кафедра меңгерушісі _______________ Базарбек Ж.Б.


Оқытушылар туралы мәліметтер




Т.А.Ә.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы

1

Кусаинова К.Т.

аға оқытушы

қазақ, орыс

2

Ковалева Л.В.

аға оқытушы

орыс, ағылшын

3

Токабаева Г.К.

оқытушы

қазақ, орыс


Байланыс ақпараты:

Семей қаласы, Абай Құнанбаев көш. 3, 2-қабат

232, 238, 239- оқу бөлмелері

229 - лаборанттар бөлмесі


Пән саясаты

Пән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.

Білімалушы міндетті:

  • Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды және біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.

  • Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.

  • Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.

  • Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, тыныштықты және сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тазалықты сақтау.

  • Білімалушы сабақ басталған соң (оқытушы сабақты нақты бастаған соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.

  • Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинар) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.

  • БОӨЖ (білімалушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы) қатысуға кафедраның талаптарын орындау.

  • Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форм киіп қатысу.

  • Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітаптың болуы.

  • Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті бұзған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.

  • Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  • Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.

  • Кафедра өміріне белсенді қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).

  • Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялардың жұмысына қатысу.

  • Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.

  • Емтихандарға ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефондарды, i–Phone, i-Pad еске түсіру құралы ретінде пайдаланса, ол емтиханнан шығарылады және F бағасы қойылады. Емтиханда немесе саралау сынағында білімалушы көмекші қағаздарды қолданса, автоматты түрде қорытынды «қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.

  • Кафедраларда өтемдер сабақтан тыс уақытта өткізіледі, дағдылы күндерде де жіберіледі (теориялық кафедрада кезекші оқытушы 18.00 сағатқа дейін болуы тиіс), клиникалық кафедрада өтемдерді профессорлық – оқытушылық құрамының түнгі кезекшілігі кезінде өткізуге болады.

  • Себепсіз жағдай бойынша босатылған сабақтар өтелмейді.

  • Себепті жағдай бойынша сабақтарды босатқанда білімалушы сабаққа шыққан күннен бастап деканаттан бір апта ағымында рұқсатнама алуға міндетті.

  • Білімалушы себепті жағдай бойынша сабақтарды босатса 2 ай ішінде өтеуі керек.

  • Дәрістерді босатқан кезде себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек.

  • Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда интерн, топ старостасы немесе оның туыстары бір тәулік ішінде білім ұйымын болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті (телефонмен және басқадай жолмен) және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек.

  • Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі). Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады.

  • Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.

  • Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.

  • себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі.

  • Білімалушы бір айда екі және одан да көп сабақтарды босатқан жағдайда аттесталмаған деп есептеледі.

  • Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, ЖРБ ведомостіне танысқаны туралы білімалушы өзінің қолын қояды, ал ЖРБ жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы пән бойынша аралық аттестаттауға (емтиханға/дифсынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуге міндетті.

  • Пәндердің (дәрістердің, практикалық) аудиторлік сабақтардың жалпы көлемінен 25% себепсіз жағдаймен босатқан білімалушы жеке кесте бойынша барлық өтеулерді өтеуге міндетті.

  • Деканаттан рұқсатнамалар оқу топтары журналдарында бірге сақталады.

  • Егер білімалушы себепті жағдай бойынша аралық бақылауды босатқан және оны бір ай бойы өтемеген жағдайда, «бж» орнына қағаз журналда «0» қойылады.

  • Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5,6,7 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтеді.

  • Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және біліалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болады.

  • Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/диффсынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.

  • Тестілік емтихан үлесі пәнннің қорытынды бағасындағы үлес салмағы 10% құрайды.

Ағымдағы сабақтарда және аралық бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған жағдайда білмалушылар төмен ЖРБ алады, ол өз кезегінде емтихан рұқсатнамасына әсер етеді.

Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  • ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.

  • Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

  • Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады.

  • Біліалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.

  • Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.

  • Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.

  • Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.



1. Кіріспе

Биофизика физика, химия, биология және басқа да ғылымдардың қазіргі ғылыми жетістіктерін қолдануға мүмкіндік беретін түбегейлі медициналық- биологиялық пәндердің бірі болып табылады.

Биофизика заңдарын білу өмірлік үрдістер негізін түсінуге, медициналық- профилактикалық зерттеу аумағында ғылыми талдаудың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді.

Өндіріс түрлерінің барлығында, жұмыс орындарында, өнеркәсіп объектілерінің айналасында, жергілікті аумақтарда, елді- мекендерде және қоғамдық орындарда, оқу орындарында және емдеу- профилактикалық мекемелерінде адамға иондалмаған табиғат әсерінің биофизикалық факторларының бақылануы іске асырылады.

Бағдарлама, сонымен қатар, өнімнің көптеген түрлеріне санитариялық эпидемиологиялық сараптамалар жүргізуге арналған қазіргі медициналық техникаларды қолдану кезінде студенттердің ғылыми білімдері мен практикалық біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

2. Пәннің мақсаты: адам организмдегі биофизикалық процестер, оларды аспаптық зерттеудің әдістері мен принциптері, медициналық құралдардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері туралы ұғымды қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары:

  • адам организмінде өтетін биофизикалық процестер механизмі, адам организмінің өмір сүруіне түрлі медициналық- биологиялық факторлар әсерінің нәтижелері туралы білім беру;

  • адам организмінде өтетін процестерді түсіндіру үшін физикалық- химиялық заңдарды қолдануды және түсінуді үйрету;

  • медициналық- профилактикалық зерттеулерде медициналық биофизика негіздерінің білімін қолдануды үйрету.

4. Реквизитке дейінгі: физика, биология, химия, математика пәндері

5.Реквизиттен кейінгі: физиология, молекулалық биология және генетика, биохимия.

6. Пәннің қысқаша мазмұны:

Жасушалық мембрана биофизикасы. Электорқозушы тіндер биофизикасы. Тіндер мен ағзалар биофизикасы. Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы. Организмнің өмір сүруіндегі электрлік көріністерді тіркеуге арналған техникалық құралдар.


7.Сабақтардың тақырыптық жоспары


Дәрістердің тақырыптық жоспары



Дәрістердің тақырыптарының атауы

Сағаттар саны

1

Биологиялық мембрананың құрылымы, қасиеті. Биологиялық мембрана арқылы заттар тасымалының биофизикалық механизмдері.

1

2

Электрқозушылық.Тыныштық күй және әсер потенциалдары. Қозған талшықтар бойымен нерв импульстарының таралуы.

1

3

Медициналық құралдар мен аппараттардың классификациясы.Датчиктердің конструкциясы және олардың негізгі сипаттамалары.

1

4

Медициналық аппараттардың қауіпсіздігі мен сенімділігі.

1

5

Терапиялық мақсаттағы медициналық құралдар.

1


Тәжірибелік (семинарлы) сабақтардың тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбының атауы

Сағаттар саны

1

Мембраналар құрылымын зерттеу.

1

2

Мембрананың өткізгіштік механизмі. Биологиялық мембрана арқылы заттың тасымалдануы.

1

3

Биоэлектрлік потенциалдар. Мембраналардың электрохимиялық потенциалдары және жүйке импульстарының қозған талшықтар бойымен таралуы.

1

4

Қанның реологиялық қасиеттері.

1

5

Тірі тіндердің механикалық қасиеттері.

1

6

Бұлшықет жиырылуының биофизикасы.

1

7

Биофизикалық процестерді модельдеу.

1

8

Биологиялық объектілер микроскопиясының арнайы тәсілдері.

1

9

Электромагниттік сәулеленудің заттармен өзара әсерлесуі.

1

10

Иондаушы радиацияның дозиметриясы.

1


Оқытушының жетекшілігімен cтуденттің өздік жұмысының

тақырыптық жоспары





Сабақ тақырыбының атауы

Сағаттар саны

1

Ағзалардың электрлік белсенділігі.

1

2

Биологиялық обьектілердің фотометрлік анализі. Жұтылған жарық энергиясын тіркеу.

1

3

Спектрофотометрлердің құрылысы, жұмыс істеу принципі.

1

4

Реографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі. Интегралдық және аймақтық реография.

1

5

Биожүйелердегі жарықтың поляризациясы. Оптикалық белсенді заттарды зерттеу.

1

6

Бұлшықет биомеханикасы. Бұлшықет жиырылуын модельдеу.

1

7

Биологиялық жүйелерді математикалық модельдеу.

1

8

Аралық бақылау.

1

9

Сыртқы тыныс алу функцияларын өлшеуге арналған құралдар. Құрылысы және жұмыс істеу принципі. Функционалдық зерттеулерде мәліметтерді талдау.

1

10

Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары.

1

11

Терапиялық электронды- медициналық аппараттар

(УЖЖ, АЖЖ, гальванизация).

1

12

Биологиялық және электрлік емес сигналдардың электрлік сигналдарға түрлену. Датчиктердің конструкциясы және олардың негізгі сипаттамалары.

1

13

Медициналық көрсеткіштерді тіркеу кезіндегі қателіктердің болу себептері.

1

14

Лазерлік сәулеленудің биологиялық тіндерге әсер ету механизмі.

1

15

Аралық бақылау.

1



8. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар


Студенттің өздік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастырудың жоспары




СӨЖ тақырыбы/

тақырыпшасы

СӨЖ тапсырмалары/

өткізу түрі

СӨЖ бақылау түрлері

СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі)

Сағаттар саны

1

Биологиялық мембрананың өткізгіштік механизмі.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

2 апта

1

2

Биологиялық мембрана арқылы пассивті және активті тасымалданы. Уссинг тәжірибесі.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

3 апта

2

3

Тіндер мен ағзалардың электрқозушылығының молекулалық механизмі

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

4 апта

1

4

Биологиялық тіндердің механикалық қасиеттері.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

5 апта

1

5

Дыбыс тербелістерінің биологиялық жүйелермен өзара әсерінің биофизикалық негізі. Медициналық- профилактикалық зерттеулерде қолданылуы.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

6 апта

2

6

Интроскопияда қолданылатын электромагниттік сәуле шығару типтері.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

7 апта

2

7

Жоғары қарқындылықты лазерлік сәулеленудің биологиялық тіндерге биофизикалық әсері.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

8 апта

2

8

Медициналық- профилактикалық зерттеулердегі ЯМР және ЭПР-ң қолданылуы.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

9 апта

2

9

Жасанды мүшелерді жасау. Имплантанттар.

реферат/ Power Point форматында презентация,

тестілер, глоссарий (таңдауы бойынша)

Рефератты қорғау, құрастырылған тестілер тапсырмасын тексеру

10 апта

2

9. Негізгі:

1. Көшенов Б. Медициналық биофизика. Алматы.: Қарасай, 2008-220 бет, 2010-222 бет.

Қосымша әдебиет:

1. Сәтбаева Х.К., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы.: Дәуір, 2005-663 бет.

2. Канқожа М.К. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Алматы

3. Арызханов Б. Биологиялық физика, Алматы, 1990.

10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері

  • Дәрістер: шолу-иллюстрациялы

  • Тәжірибелік сабақтар: шағын топтардағы жұмыс, теориялық сұрақтарды ауызша сұрастыру, тесттік тапсырмаларды шешу, тәжірибелік жұмысты орындау.

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ): медициналық қондырғылармен жұмыс істеу кезінде тәжірибелік сабақтарда өткен тақырыптардың кейбір сұрақтарын тереңірек оқып- зерттеу; жеке және топтық тапсырмаларды орындау нәтижелерін талқылау, оқытушымен барлық пайда болған сұрақтар жөнінде кеңесу, тәжірибелік жұмыстың мәліметтері бойынша қажетті физикалық параметрлерді есептеу, кестелерді толтыру, граификтер салу, аралық бақылауды өткізу, Power Point форматында презентация.

  • Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ): студенттердің оқулықтармен және қосымша әдебиеттермен, электрондық тасымалдаушылардағы оқулықтармен жұмыс жасау, Power Point форматында презентация дайындау, тестік тапсырмалар 20 сұрақтан (5 дұрыс жауабымен, дұрыс жауаптың көрсетілуімен) құрастыру. Глоссарий құрастыру (мағынасы айқындалған 20 термин).

11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:

Ағымдық бақылау ауызша сұрастыру, тесттік тапсырмаларды шешу, тәжірибелік жұмысты орындау, тәжірибелік жұмыстың деректері бойынша нәтижелерді өңдеу, кестелерді толтыру, граификтер салу.

Аралық бақылау- АТО-да тесттік тапсырмалар

Қорытынды бақылау- ауызша емтихан

Әрбір деңгейде білімді бағалаудың шкаласы және критерийлері


Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4.0

95-100

өте жақсы

A-

3.67

90-94

B+

3.33

85-89


жақсы

B

3.0

80-84

B-

2.67

75-79

C+

2.33

70-74



қанағаттанарлық

C

2.0

65-69

C-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Әр пән бойынша білім деңгейінің жетістіктері келесідей анықталады.

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының

( ҚБ ) 60% құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының

( ҚБ ) 40% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) академиялық кезең ағымында алған барлық бағалар жинағы орташа арифметикалық саны сияқты есептеледі.

Похожие:

Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1- курс, 1 семестр Семей, 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) информатика пәні бойынша кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 4 курс 7,8 семестр Семей 2013
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 4 курс, 7,8 семестрлар Семей 2013

Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс 1 семестр Семей 2014
Казакстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Астана 2007 ж Типтік оқу бағдарламасының негізінде
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 1 курс, 1 семестр Семей 2013ж
Пәннің Жұмыс бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау және информатика кафедрасында құрастырылды
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі: 1 курс, 1,2 семестр Семей 2014
Пәннің Жұмыс бағдарламасы тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасымен «Экология және тұрақты даму» Типтік оқу бағдарламасының негізінде...
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы құрастырды
Курсы және оқу семестрі 1 курс, 2 семестр Семей 2013 iconКурсы және оқу семестрі 2 курс, ІҮ семестр Семей 2014
Силлабусты (студенттің жұмыс бағдарламасын) Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасы құрастырды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница