Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г




Скачать 181.79 Kb.
НазваниеИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дата конвертации20.02.2016
Размер181.79 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/SD/3 kurs/Osnovy rac. pitan/kaz/Lekcii/Utim.tam.teor..doc


Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы




ДӘРІС

Тақырыбы: «Ұтымды тамақтану теориясы.»


Дисциплина: Ұтымды тамақтану негізі

051101 мамандығы - «мейірбике ісі»

Курс 3

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат




Қарағанды 2011ж.

Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы отырысында бекітілген

«______» _______ 2011ж. Хаттама № ____




Кафедра меңгерушісі ________________ Терехин С.П.

● Тақырыбы: Ұтымды тамақтану теориясы.

  • Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен таныстыру.

  • Дәріс жоспары

  1. Кіріспе. Адам өмірінде тамақтанудың маңызы.

  2. Адам тамақтануының тарихы мен эволюциясы.

  3. .тамақтану эпидемиологиясы.

  4. Тамақтанудың негізгі теориялары.

  5. Тамақтану, тағам, тамақтық заттар.

  6. Сәйкестендірілген тамақтану туралы түсінік.

  7. Оптимальді, ұтымды және сәйкестендірілген тамақтану иконцепциясы.

  8. Қорытынды.

    • Дәрістің тезистері (5 беттен кем емес)

Қазіргі таңда ДДСҰ эксперттерінің бағалауы бойынша жалпы өлім көрсеткішінің (56,5 млн) шамамен 60%-ын және жалпы сырқаттылықтың 47 %-ын жұқпалы аурулар құрайды. Әлемнің көптеген елдерінде барлық сырқаттылық пен өлім көрсеткіші ішінен аса маңызды қауіпті фактор ретінде созылмалы жұқпалы емес аурулар айқын орын алады. Бұл қауіпті факторлар ішінен тамақтанудың бұзылысы мен жеткіліксіз физикалық белсенділікпен байланысты факторлар негізгі орында тұр. Тамақтанудың бұзылысы мен жеткіліксіз физикалық белсенділік негізгі жұқпалы емес аурулардың, жүрек қан-тамыр аурулары, II типтегі қант диабеті, кейбір қатерлі жаңа ісіктердің жетекші себептері болып табылады. Бұндай аурулар салдарынан сырқаттылық пен өлім көрсеткіші едәуір жоғарлауда. Тамақтанудың бұзылысы мен жеткіліксіз физикалық белсенділікпен байланысты тіс жегі (кариес) және остеопороз сияқты басқа да аурулар кең таралған және сырқаттылықтың маңызды себептері болып келеді.

Адамзат тарихында бұндай созылмалы аурулар тұрғындардың барлық жас топтарына ықпал ететін тамақтану мен тамақтық заттардың жеткіліксіздігі мәселесімен сипаталады. Алайда, қазіргі заманғы профилактикалық медицинаның маңызды міндеті кейбір тамақтық заттар және энергияны шамадан тыс артық қабылдаумен байланысты созылмалы ауруларды алдын алу болып табылады.

Сонымен, тамақтану сипаты адам денсаулығын анықтаушы маңызды фактор екні дәлелденді. Жақсы денсаулық – қазіргі заманғы адамның өмір сапасының көрсеткіші және оған ұмтылу бірінші кезектегі әлеуметтік міндет болу керек. Тұрғындар денсаулығын жақсарту, ересек жастарда созылмалы ауруларды алдын алу еңбекке қабілетсіздік салдарынан медициналық көмек көрсетумен байланысты экономикалық шығынға әкеліп соғады. Сондықтан, жақсы денсаулық тиімді әрі экономды. Экономикалық тиімділігі адамның қазіргі заманғы тамақтануымен байланысты аурулардың алдын алуда маңызды роль атқаратын дұрыс әрі сау тамақтану болып табылады.

Тамақтану ұлттық әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижесі екені дәлелденді. Мемлекеттің ең басты міндеті адамның тамақтық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттілігі мен әлеуметтік қызметін атқаруға қажетті тамақтанудың сандық және сапалық сипатын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды құрастыру болып табылады.

Тамақтану саласында мемлекет саясатының приоритетті мақсаты – энергияның жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ету мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда ересек тұрғындардың жұмысқса қабілеттігі мен қалыпты тіршілігіне, балалардың өсуі мен дамуына арналған сандық және сапалық тамақтануға қол жетімдігі болып келеді. Адам баласы әртүрлі тағамдарға қол жеткізе отырып, сау тамақтану ережесі мен принциптері біліміне сәйкес немесе дәмдік әдеттері мен дәстүрлеріне лайық әрі экономикалық қол жетімділігі ескерілген тағам ассортименттерін таңдауға ерікті.

«Байытылған» «көп көлемді» тамақтану рационына қарай тамақтанудың ығысуы көптеген дамыған елдерде егде және қарт жастағы адамдардың әртүрлі созылмалы жұқпалы емес ауруларының кең таралуына әкеледі. Әртүрлі аурулардың дамуында тамақтану факторының маңызы суретте көрсетілген. Тамақтану маңызының дәлелдемесі тұрғындар топтарын зерттеу кезінде, яғни, кең көлемді эпидемиологиялық зерттеулерді орындауда алынған. Тамақтану туралы ғылымның бір саласы – тамақтану эпидемиологиясы – қазіргі заманғы адам баласының созылмалы жұқпалы емес аурулардың даму қаупі немесе тамақтану сипаты мен тағамның жеке компоненттері арасындағы өзара байланысты зерттеу болып табылады. Ғылымның бұл саласы қарқынды дамуда және тамақтану эпидемиологиясын қорытындылау негізінде тамақтану сипаты мен алдын алу шаралары қауіпті факторы ретінде маңызды орын алатын, созылмалы жұқпалы емес ауруларды алдын алудың ұлттық және халықаралық бағдарламалар өңделуде және сау тамақтану концепциясы құрастырылуда.

Әрине, адам баласының созылмалы ауруларының көптеген себептері бар, және тамақтық фактор олардың дамуына ықпал ететін қауіпті факторлар тобының бірі ғана. Сонымен бірге, адамдар тамақтық заттардың ағзаға жеткіліксіз немесе артық түсуі қолайсыз әсер етеді.

Адам өмірінің физикалық және рухани гармониясы толық құнды тамақтанусыз мүмкін емес. Тағам ағзаны қажетті тамақтық заттар мен энергиямен қамтамасыз етуден де маңызды. Тағамды қабылдау – адамдармен араласу құралы. Тағамнан рахат алу – жағымды эмоцияларға толы өмірлік ләззатардың бірі.

Тамақтанудың қазіргі жағдайында көптеген биологиялық белсенді заттар, витаминдер, микроэлементтер, антиоксиданттар, тамақтық талшықтар, флавоноидтар, фенолды қосылыстар, майлар, аминқышқылдар және басқа да өмірлік маңызды компоненттермен ағзаның қамтамасыз ету сипаты әртүрлілігіне қарағанда көптігімен ерекшеленеді. Дәстүрлі тамақтану кезінде қоғамдық урбанизация адамдары тамақтық адекватсыздыққа ұшырайды. Ал олармен бірге әртүрлі аурулардың даму қаупін күрт жоғарлататын, қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне жауап беретін ағзаның қорғаныс қабілетсіздігі қоса жүреді. Тамақтану құрылымының бұзылыстары қоршаған ортаның айқын бұзылыстарында байқалады.

Ғалымдар көптеген ғасырлар бойы адамның тамақтануы бойынша оптимальді ұсыныстарды өңдеумен айналысуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) денсаулық жағдайының жеке өмір салты-50%, тұқымқуалаушылық-20%, қоршаған орта факторлары-20%, ал медиктер жұмысы-не бары 10%-ды ғана құрайтынын анықтады (Ревель П., Ревель Ч., 1994). Сондықтан да біздің тамақтануымыз өте маңызды роль атқарады. «Диета» сөзінің грек тілінен аудармасы «cалауатты өмір салты» деген мағынаны беруі де кездейсоқтық емес.

Ғылым тарихы тамақтану теориясының, концепциясын, диеталардың негізгі қатарларын қарастырады (Покровский А.А., 1969, Конышев В.А., 1983, Уголев А.В., 1991, Ревель П., Ревель Ч., 1994, Донченко Л.В. с соавт., 1999, Поздняковский В.М., 1999, Волгарев М.Н., 2000). Тамақтанудың антикалық теориясы Аристотель және Гален аттарымен байланысты. Осы тамақтану концепциясына сәйкес ағзаның барлық құрылымы табиғаттың белгісіз күрделі процесстері нәтижесінде асқорыту жүйесінде тамақтық заттардан үздіксіз түзілетін қан есебінен жүреді. Бауырда осы қанның тазалануы жүреді де, сосын мүшелер мен ұлпалардың қоректенуінде қолданылады. Осы теория негізінде көптеген ежелгі емдік диеталар құрастырылған.

Функциональді тамақтану концепциясы тағам токсикологиясы мен фармокологиясының жаңа метоболиттік аспектісі саласындағы мәліметтерді алумен байланысты соңғы үш онжылдықта өңделе бастады. Функциональді тамақтану концепциясы Жапонияда 1980 жылдары функциональді азық-түліктер деп аталатын, яғни, белсенді өмір салтын ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін, ағзадағы көптеген физиологиялық процесстерді жақсартатын, ауруларға қарсы тұруды жоғарлататын, адам денсаулығынапайдасын тигізетін ингредиенттерді құрайтын тамақтық азық-түліктер.

Мақсатты тамақтану концепциясы. Әртүрлі мамандармен қолданылып жүрген тамақтану нормалары орташа адамға есептелген. Алайда, табиғатта ондай адам кездеспейді. Кез келген сәйкестендірілген тамақтану формуласы осы адамның барлық тіршілік процесстері бойынша адекватты болуы мүмкін емес.

Клинико-географиялық факторлар әсерінен тұрғындар арасында басқаша тамақтануды негіздейтін зат алмасу ерекшеліктері бар. Сондықтан, әрбір ұтымды тамақтану түрін біртекті тұрғындар топтарына ғана ұсынған жөн.

Жеке тамақтану концепциясы. Адамның энергетикалық шығынын, жынысын және жасын ескере отырып, тамақтану нормасын өңдеу ұсынылған, бірақ кейбір мамандар бұндай ұсыныстар тек тамақты қабылдау нормалары ұқсас тұрғындардың аздаған топтарына тағайындалуы мүмкін. Шынында да, бірдей жастағы, жыныстағы, ұқсас өмір сүру жағдайындағы адамдардың тамақтану жиынтығы әрбір адамның жеке ерекшеліктерін ескеріп анықтаған жөн.

Вегетариандық тамақтанудың көне альтернативті териясына жатады. Бұл тағамды қабылдауда жануар текті азық-түліктерді қолдануды шектейтін немесе рационнан мүлдем алып тастайтын жүйенің жалпы атауы. «Вегетарианство» термині латынның «vegetarius»-өсімдік текті сөзінен шыққан. Таза немесе қатал және таза емес вегетариандық түрлерін ажыратады. Қатал вегетариандықтар рационнан тек қана ет пен балықты ғана емес, сүт, жұмыртқа, икраны да алып тастайды, ал таза емес вегетариандықтар сүт, жұмыртқаны қабылдайтын ,яғни, тірі жануарлардың азық-түліктерін қолданады. Қалыпты тамақтнумен салыстырғанда вегетарианды тамақтанудың артықшылығы атеросклероз ауруы қауіптілігі төмен. Вегетариандық диета артериялық қысымды қалпына келтіреді, сонымен қатар, қан тұтқырлығын төмендетеді, ішектік ісік аурулары сирек байқалады, өт бөлу және бауыр қызметі жақсарады, басқа да тиімді әсерлер байқалады.

Алайда, көптеген зерттеушілер тек қана өсімдік текті азық-түліктермен тамақтану кезінде, яғни қатал вегетарианды тамақтануда кейбір витаминдер қатарымен ағзаның қажетті қамтамасызетілуінде айқын қиыншылықтар туындайды. Қатал вегетариандық принциптерін сақтау кезінде ағзаны энергиялық қажеттілікпен қамтамасыз ететін өсімдік текті тағамдарды өте кең көлемде қолдану керек. Ұзаққа созылған қатал вегетариандық кезінде тағамды көп мөлшерде қабылдау нәтижесінде асқорыту жүйесінің бұзылыстары, дисбактериоз, типовитаминоз және белоктық жеткіліксіздік даму мүмкіндігі едәуір жоғарлайды.

Емдік ашығу – белгілі бір уақыт аралығында тамақты мүлдем қабылдамау болып саналады. Ашығу кезеңі әртүрлі болады – бір күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Бұл жүйенің негізінде ағзаны зат алмасу процестерінің соңғы өнімдерінен тазалауға ықпал ететін, ағзаның қорғанысын мобилизациялау жатыр. Бірақ, ұзаққа созылған толық ашығу қоршаған ортаның зиянды факторлар әсері жағдайында, психоэмоцияналды қүйзеліс кезінде ағзаны қиын жағдайға ұшыратады.

Ата-бабалар (предки) тамақтану концепциясы. Бұл концепция негізінде ежелгі адамдардың тамақтану ерекшелігі жатыр. Бұл бағыт адамдарының тамақтануы шикі тамақтанушылар және құрғақ тамақтанушылар деп екіге бөлінген.

Шикі тамақтанушылар сау және ауру адамның тамақтануында тиімді әсері жоғары болатын, азық-түліктердің тағамдық құндылығы сақталатын, термиялық және басқа да өңдеу түрлеріне ұшырамаған тамақтану деп түсіндіріледі. Әрине, экологиялық таза көкөністер, жеміс –жидектерді қабылдау тиімді, алайда, шикі етті, балықты және басқа да азық-түліктерді қолдану ішек инфекцияларымен (мысалы, сальмонеллез) зақымдалу мүмкіндігін шектемейді. Кулинарлық өңдеуге ұшыраған кейбір азық-түліктер (мысалы, жұмыртқа) адам ағзасында жеңіл әрі оңай сіңіріледі.

Құрғақ тамақтанушылар өз рационынан ең қажетті заттардың бірі – суды алып тастау арқылы кепкен азық-түліктерді қабылдайды. Ұзаққа созылған құрғақ тамақтану ешқандай пікір-таласқа (критика) жатпайды.

Қысқа уақытты шикі және құрғақ тамақтану белгілі бір ауруларды емдеу кезінде қазіргі заманғы медицинада қолданылады.

Ата-бабалар тамақтану концепциясы ұтымды және сәйкестендірілген тамақтанудың негізгі принциптеріне жауап бермейді және жеке адамның биологиялық және психологиялық ерекшелігіне, әдет-ғұрыпына, өмір сүру ыңғайына сәйкес келмейді.

Салыстырмалы (дифференцированный) тамақтану концепциясы тамақтық азық-түліктердің құрамы мен адамның биологиялық концепциясы (генотипі) туралы қазіргі заманғы мәліметтерге негізделген.

Осы концепцияның бір бағытының авторы тамақтық талшықтарды зерттей отырып, олардың әртүрлі қан топтарына реакциясы мен қасиетін анықтаған, кез келген адамның өзінің тамақтану типі, артық салмақпен күресу әдістері болу керек екенін ұстанған, диета рецепттеріне негіздеген, қан топтары ұғымын енгізген – П. Д'Адамо және оның әріптестері.

Авторлардың пікірі бойынша, О (I) қан тобындағы адамдар күнделікті ет тілімісіз, әсіресе, сиыр немесе кой, сондай-ақ құс етінсіз өмір сүре алмайды. Оларға ата- бабалары аңшылықпен аулаған барлық ет түрі (шошқа және қаз етінен басқа) пайдалы деп санаған. Ал, кейін пайда болған бидай өнімдеріне олпрда генетикалық бейімделу қалыптаспаған. Тек кейбір шектелген жармалар жиыны: қарақұмық, күріш және қара бидай – О (I) қан тобы адамдарына сәйкес келеді. Сүт өнімдері де бұл топтағы адамдарға арналмаған. Есесіне балық өнімдері диетаның ең басты құрамы болып табылады. Диетаны сәйкестендіруге баклажан мен картопты шектейтін көкөністі тағамдарды қосу өте маңызды.

А (II) қан тобы б.э.д. 25-15 мың жылдықта аңшылар жыртқыш жануарларды қолға үйрету кезеңінде пайда болған. А (II) тобы адамдары үшін вегетариандық тамақтану типі пайдалы.

В (III) қан тобы шамамен Гималай тауы етегінде б.э.д. 15-10 мың жылдықта пайда болған. Бұны тасымалдаушылар – көшпелі азия ұрпақтары. Олар үшін дұрыс тамақтану сәйкестендірілген, яғни, тамақтану рационында жануар және өсімдік текті азық-түліктер аралас болуы тиіс. Берілген қан тобы адамдары үшін диетаны құрастыру кезінде мүмкіндігінше рационнан зат алмасу процесстерін тежейтін, энергия шығынына кедергі жасайтын бидай, жүгері, қарақұмық және қара бидайды алып тастау керек. Күріш сұлы просо пайдалы әсер етеді.

АВ (IV) қан тобы өте жас – ол шамамен 1000 жыл бұрын пайда болды. Бұл қан тобы адамдарында, әдетте, асқазан сөлінің қышқылы төмен болады. Қышқылдылығы төмен болғандықтан бұндай адамдар ағзасы ет өнімдерін нашар сіңіреді. Кейбір жармалар – қарақұмық, бидай, жүгері зат алмасуды баяулатады, оларды күріш, қара бидай, сұлымен ауыстырған жөн. Көкөністер, жеміс-жидектер мен балық өнімдері көбілек қабылдаған абзал.

Салыстырмалы тамақтану жетістігі қоршаған орта факторлары мен зат алмасу ерекшелігімен өзара байланысы арқылы тамақтық статусты бағалау әдістеріне байланысты. Өкінішке орай, қазіргі уақытқа дейін тамақтануды бағалаудың тиімді әдістері зерттелмеген.

Бөлшектеп тамақтану концепциясы тамақтық азық-түліктердің сәйкестілігі мен сәйкессіздігіне қатал негізделген. Осы концепцияға сай белок және көмірсуқұрамды тағамдарды (етті, балықты, сүтті – нанмен, жармамен, ботқамен және т.б.) бір уақытта қабылдауға болмайды. Бұл концепцияның негізін салушы американдық диетолог Герберт Шелтон (1895—1985) –асқазандағы асқорыту ерекшеліктерімен түсіндіреді. Белоктар тек асқазанның төменгі бөлігіндегі қышқылды орта ферменттері көмегімен, ал крахмалдар сілтілі ортада сілекей ферменттері арқылы қорытылады. Асқазанның қышқылды ортасында сілекей ферменттерінің белсенділігі төмендейді және крахмалды қорыту жойылады. Автор асқорытудың биохимиясы мен физиологиясы сияқты басқа жағына мән бермейді. Асқорытудың негізгі процесі асқазанда емес, ішекте жүреді, асқорыту сөлі ферменттері көпкомпонентті корытуды қамтамасыз етеді (Маркова В.Н., 1998). Сонымен бірге, табиғатта тек қана белоктан, майдан, көмірсудан тұратын азық-түліктер кездеспейді. Олардың құрамында көптеген тамақтық заттар бар. Тамақтық заттарды әртүрлілігімен пайдалану принципін ұстанған, көпжылдық әлем халықтары тәжірибесі бөлшектеп тамақтану концепциясы пайдасыз деп есептейді.

Басты тамақтық фактор концепциясы. Бұл концепцияға сай предпочтение отдается қандай да бір тағамға немесе бірнеше тағам компонентіне беріледі. Қарастырылып жатқан концепцияның типтік ұсынушылары Жапонияда негізделген макробиотика («макробиот» грек сөзінен аударғанда «дұзақ өмір сүруші» деген мағына береді) ғылымын жақтаушылар болып табылады. Ең бастысы – рацинда калий мен натрийдің дұрыс арақатынасы және қышқыл эквиваленттерге бай азық-түліктерді шектеу арқылы сілтілі эквивалентті тағамдарды көбірек қолдану. Бұл концепцияның басқа варианты бұршақ тұқымдас азық-түліктерге предпочтение беру болып табылады.

Тамақтық құндылық индексі концепциясы тамақтық азық-түліктердің немесе тағамның химиялық құрамын сипаттайтын рационның құндылығына негізделген. Алайда, бұл толық құнды емес рационның құрылуына әкеледі, өйткені бірінші орында тамақтану сәйкестілігі емес, саналған индекс көлемі тұр.

Тамақтық құндылық индексін сипаттайтын диеталар ішінен кең таралғаны—балдық диета. Авторы – Германиялық Эрна Каризе. Балдық диета принципіне сай барлық азық-түліктер тек қана бір белгі бойынша – химиялық құрамын ескерусіз энергиялық құндылығымен бағаланады. Балдық диетада белоктар, майлар, көмірсулар және спирттер бір-бірімен өзара алмастырылатын тамақтану факторы болып батылады.

Тірі энергия концепциясы. Бұл концепцияны жақтаушылар тірі ағзада ғана кездесетін ерекше «тірі»энергия бар екеніне сенушілер. Ол энергия қандай да ббір заттар немесе құрылымдар арқылы беріледі.

Ежелгі кезеңнен бері аюрведисттер біздің тамақтануымыз барлық қолайлы тіршілік жағдайларын қалыптастыруға бағытталған деп санайды. Сәйкестендірілген тамақтану кезінде тамақтың дұрыс сіңірілуі нәтижесінде пайда болатын аюрведистер «од-жас» деп атайтын идеальді метоболизмдік процесс жүреді.Клетка ішінде «од-жас» көп өңделген сайын миға жағымды сигналдар жиі барады. Нәтижесінде адам денесінде жеңілдік сезімінтудырады., қуаныш және эйфорияны тудырады. Бұндай тамақтану жеңіл, оңай сіңірілетінжәне тыныштандыратын тамақтану болып табылады.

Абсолютті оптимальділік концепциясы. Бұл теорияны жақтаушылар тамақтық рацион құрамын және тамақтық заттар арақатынасының сәйкестілік формуласын ашуға негізделген. Басқаша айтқанда, идеальді диетаны құрастыруға шаралар жүргізілуде. Үнемі жаңа тамақтану диеталары мен бағыттары пайда болуда.

Тамақтану саласында маңызды ғылыми зерттеулердің бірі тамақтану рационына, тамақтық заттарға және энергияға физиологиялық қажеттілік нормаларын өңдеу. Бұл жаңа ғылыми мәліметтермен алынған нормалар мен рациондар әр елде әртүрлі және үнемі жаңарып отырады.

Ұтымды тамақтану негізінде негізгі екі заң жатыр. Біріншісі – энергия қабылдау мен энергиялық шығын арасындағы сәйкестілік, екіншісі – адамның алмастырылмайтын тамақтану компоненттерін қамтамасыз ететін, негізгі тамақтық заттардың (белок, май, көмірсу) физиологиялық қажеттілік бойынша қабылдау міндеті. Кез келген бұзылыс жағдайында ( тағамды немесе тамақтың жеке компоненттерін жеткіліксіз немесе артық қабылдау) тамақтық статустың қайтымсыз кері өзгерістеріне әкеледі және соның салдарынан алиментарлы тәуелді аурулар дамиды.

Ұтымды тамақтану концепциясы проф. М.Шатерников (Шатерников М.Н., 1932) арқасында құрастырылады. Берілген концепция негізінде 1930 жылы Мичиган штаты университетінің екі американдық ғалымы Л. Ньюбург және М. Джонстонның тамақтық құндылық принциптері жатыр. Бұл концепция зерттеу бағытына мықты стимул берді және 20жылдық нәтижелері макронутриенттер мен энергияға алғашқы физиологиялық қажеттілік нормаларын анықтауға көмектесті (Покровский А.А., 1977).

Сәйкестендірілген тамақтану теориясының соңғы уақыттарда диетологияда маңызы зор. Бұл теорияға сай тамақтық заттарды қабылдау мен энергия шығынына сәйкес тамақтану ұтымды тамақтану саналады. Тағам-физиологиялық маңызы бойынша әртүрлі бірнеше компоненттерден тұрады: пайдалы және зиянды, немесе токсикалық. Мұның құрамында ағзада синтезделе алмайтын, тіршілігіне аса қажетті алмастырылмайтын заттар кездеседі. Адамдарда зат алмасу диета элеметтері деп аталатын аминқышқылдардың, моносахаридтердің, май қышқылдарының, витаминдер мен минералды заттардың деңгейімен анықталады.

Сәйкестендірілген тамақтану концепциясы 1964 жылы академик А.А. Покровскииймен ғылыми негізделген. Осы концепция негізінде физикалық ауыртпалық, климаттық және басқа да жағдайлар ескерілген әртүрлі барлық тұрғын топтарына арналған әртүрлі тамақтық рациондарды өңдеу, жаңа тамақтану технологияларын құрастыру жатыр. Берілген жұмыстың басты қорытындысы тағамның сіңірілуі және сәйкестендірілу дәрежесі мен химиялық құрамы арасындағы корреляциялық байланысты бекіту.

Сәйкестендірілген тамақтану - бұл барлық тамақтану факторларының кешенін, олардың өзара алмасу процесстерін, сондай-ақ, ағзадағы жеке ферметативті және химиялық реакцияларды ескеру болып табылады. Уақыт өте келе сәйкестендірілген тамақтану теориясы қайта бағалауға ұшырады. Осының нәтижесінде асқорыту физиологиясы және тағам биохимиясы мен микробиологиясы саласында жаңа ғылыми зерттеулерге ықпал етті. Жаңа асқорыту механизмдері ашылды, қорыту және сіңірілу тек ішек қуысында ғана емес, кейбір бөлігі ішек қабырғасында және оның клетка мембраналарында жүретіні белгілі болды.

Экспериментальді және клиникалық жолмен алынған жаңа мәліметтерге сүйене отырып, адекватты тамақтану теориясы тамақтану рационының компоненттік құрамы туралы ұсыныстарды кеңейтті. Тамақтық оның ішінде ауыстырылмайтын заттар тағамның ферментативті ыдырауы кезінде мембраналық асқорытуда түзіледі. Қалыпты тамақтану тек асқазан ішек трактісіне пайдалы әсер етіп қана қоймай, ағзадағы барлық реттеуші және қоректендіруші қызметтеріне қатысады.

Тағамның қажетті компоненттеріне тек пайдалы заттар ғана емес сонымен бірге балластты заттар (тамақтық талшықтар) да жатады. Тамақтық заттардың қорытылуы мен сіңірілу процесстерінде ең маңыздысы ішкі ортаның маңызды функционалдық элементі – симбиотикалық микрофлора болып табылады. Адекватты тамақтану теориясының бұл концепциясын өңдеуге акад. А. Уголевтің (Уголев A.M., 1987, 1992) қосқан үлесі зор.

Адекватты тамақтану теориясының тәжірибелік пастулаттары тағамды ұтымды қабылдау заңдылықтары болып табылады:

  • тамақпен түсетін энергия (тамақтың құндылығы) мен ағзаның энергетикалық шығыны арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігі;

  • ағзаға түсетін белок, май, көмірсу, витамин, макро- және микроэлементтер мен балластты заттар арасындағы сәйкестілікті ұстаған жөн;

  • тамақтану тәртібі – күн ішінде тамақты оптимальді қабылдау реттілігін сақтау;

  • ағзаның жастық қажеттігін, қимыл белсенділігін, профилақтикалық бағытын ескереотырып, тамақтану рационын құрастыру;

  • адекватты тамақтану теориясы негізнде тағамды қабылдаудың әртүрлі ғылыми концепциялары өңделген.


Сонымен қатар, оптимальді тамақтану концепциясы өзіндік жеке теория болып саналмайды. Әдетте оның атауы жеке тамақтануды негіздеу кезінде ғылыми әдебиеттерде қолданылады. Жеке тамақтануды оптимизациялауға акад. А.А. Покровский (1964) үлкен ғылыми-тәжірибелік үлес қосты. Ол адамның дене салмағын, жынысын, жасын, еңбек ерекшелігін және басқа да көрсеткіштерін ескеріп, ағзаның негізгі тамақтық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттігін шамамен (ориентировочно) есептеуге мүмкіндік беретін аспапты шығарды. Алынған мәліметтер тамақтану стереотипін, қолжетімді тағамдар ассортиментін, таңдаулы тамақтану тәртібін және т.б. ескеріп нақты диетаны өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, оптимальді тамақтану концепциясы сәйкестендірілген тамақтану концепциясының туындысы болып табылады. Қазіргі заманғы дұрыс тамақтану негізінде ағзаны тек энергиямен, эссенциалды макро- және микроэлементтермен ғана емес, ағзаға қажетті тағамның минорлық биологиялық белсенді компоненттерімен толық қамтамасыз ететін оптимальді тамақтану концепциясы жатыр (Волгарев М.Н. с соавт., 1999). В.А. Тутельян (2001).

Сонымен, жоғарыда ұсынылған негіздемелерден келесідей қорытынды шығаруға болады:

  1. Тамақтану адамның салауатты өмір салтының негізгі құрамы болып табылады.

  2. Тамақтану туралы ғылым тағам және ондағы тамақтық заттардың қасиеттерін, өзара әсерін, сіңірілуін және денсаулықты нығайтуды зерттейді.

  3. Тағамның басты мақсаты – ағзаны энергия және тамақтық заттармен қамтамасыз ету болып табылады. Тамақтық заттар – бұл ұлпалар мен мүшелердің дамуы мен құрылуына, энергияны алуға арналған, тамақтық азық-түліктердің құрылымдық бөлігі мен химиялық құрамы.

  4. Ағзада тамақтық заттар қоры шектелген және тағаммен жеткіліксіз түсуі кезінде әртүрлі ауруларға немесе өлімге әкелетін дене салмағының төмендеуі немесе арықтауы байқалады.

  5. Жаңа өсімдік және жануар текті азық-түліктер көздерін тамақтануға қосып тамақтану сипатын және тамақтық азық-түліктерді өңдеу әдістерін өзгерту.



    • Иллюстративті материал (дәрістің эл.презентациясы)

    • Әдебиеттер

  1. ШармановТШ Казахстан в контексте глобальных проблем питания -Алматы ТОО "Баспа", 2000 — 224 с

  2. Медико-демографическое исследование Казахстан, 2005 -282 с

  3. ШарманА Анемия -Алматы Атамура, 2002 -168с

  4. Гигиена питания: учеб.для студентов высш. учеб. заведений/ А.А.Королев. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. –528с.

  5. Лечебное питание : Учеб.-метод. пособие /Терехин С.П., Ахметова С.В. - Караганда: Б.и., 2005. - 448с.

  6. Дрангой М.Г., Кабков М.В., Неганова А.Ю. Полный справочник диетолога/ - М. : ЭКСМО, 2006. - 544с.

  7. Доценко В. А. Болезни избыточного и недостаточного питания: Учебное пособие / В. А. Доценко. - СПб.: Фолиант, 2004. - С. 21-35.

  8. Дрангой М.Г., Кабков М.В., Неганова А.Ю. Полный справочник диетолога/ - М. : ЭКСМО, 2006. - 544с. 2экз

  9. Каганов Б.С., Сорвачева Т.Н., Сурков А.Г. Современные проблемы педиатрической диетологии // Вопросы детской диетологии. - 2008 - № 1. - С.49-55.

  10. Конь И.Я., Тутельян В.А, Самсонова М.А Значение углеводов в питании здоровых и больных людей Справочник по диетологии. – М., Медицина, 2002. С. 32-40.

  11. Хаушка РР. Учение о питании. К пониманию физиологии пищеварения и пондерабильных и импондерабильных аспектов питания - Калуга: Духовное познание, 2004. - 269с.

  12. Цой И.Г., Синявский Ю.А. Роль факторов питания в комплексном лечении различных видов патологии - Алматы: Алаш, 2006. - 88с.

  13. Шарманов Т.Ш. Алиментарные аспекты проблемы профилактики хронических неинфекционных болезней в Казахстане // Здоровье и болезнь.- 2009. - Т.78, № 2. - С. 9-11.

  14. VMAguavo, A Telly, A Toure/andL Mahy Barriers to maternal anemia control in rural Mali 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress -Lima Peru 18 November 2004-25p

  15. J Berger, P V Phu, В Salvignol, N V Hoan, N С Khan, PD Tuong, S Treche Regular consumption of complementary foods fortified with micronutnents improves iron status of Vietnamese infants 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress-LimaPeru 18 November 2004 - 3 lp

  16. FS Solon, LS Fermin,AA Bolima, С F Pastores, HC Magalang Iron and vitamin A content of fortified flour in selected flourmills m the Philippines 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress - Lima Peru 18 November 2004 -31p

  17. M V Capanzana, MC Saises, J A Vaguchay, С S Quindara, TV Fallana Effect of packaging materials on the retention of vitamin A, iron and iodine in fortified soy sauce 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress - Lima Peru 18 November 2004 -32p

  18. J Chen, J Huo The application of NaFeEDTA fortified soy sauce in the control of iron deficiency in China 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Елг1у Life Challenges and Progress -LimaPeru 18 November 2004 -33p

  19. P V Thuy, J Berger, Y Nakanishi, N С Khan, S Lynch, N T Lam Effectiveness of NaFeEDTA fortified fish sauce in controlling iron deficiency in Vietnam 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress -LimaPeru 18 November 2004 -34p

  20. E Hertrampf M Olivares, S Castillo Effect of fohc acid fortification of wheat flour on anemia prevalence in women 2004 INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress-Lima Peru 18 November 2004 -33p

  21. L Hulthen, L Hallberg Increased prevalence of iron deficiency due to with drawl of iron fortification of flour in Sweden 2004INACG Symposium Iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress - Lima Peru 18 November 2004 - 33p

  22. SMZ Hyderetal Efficacy of daily vs weekly home fortification of weaning foods with sprinkles among infants and young children in Bangladesh 2004 INACG Symposium, iron Deficiency in Early Life Challenges and Progress -LimaPeru 18 November 2004-34p



    • Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс)

      1. Ұтымды тамақтану түсінігі нені құрайды.

      2. Сіздің көзқарасыңыз бойынша тамақтанудың қандай концепциясы оптимальді болып саналады? Өзіңіздің сөйлеміңізді негіздеңіз.



Похожие:

Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді тамақтануда белок, май және көмірсудың маңызымен, олардың тамақтық және биологиялық құндылығымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму Концепциясының медициналық- әлеуметтік және экологиялық аспектілері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипатынын глобальді және региональді әсер ету мәселелерімен, алиментарлы-тәуелді...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырып: «Визуальді диагностиканың әдістері. Жақ-бет хирургиясы мен стоматологиядағы визуальді диагностиканың әртүрлі әдістерін қолдану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница